Материалдарды конфекционирлеу

Кіріспе

 Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңыздылығы,   тақырыпқа сай қазіргі заманауи жағдайын, сондай-ақ дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеті мен объектісі көрсетілуі керек.

 

8.2 Жобалық-композициялық бөлім

Композициялық бөлім шабыт дереккөздердің, оның бейнелі қабылдаудың, жалпылаудың және түсіндірулердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық талдау негізінде орындалады. Бұл бөлімнің басты мақсаты белгілі бір топтамада көркем бейнені табу. Сонымен қатар композицияның барлық белгілері мен қасиеттерін, амалдарын қолдана отырып, киім модельдерінің топтамалары сияқты күрделі жүйенің дұрыс құрылуы қажет.

 

8.2.1 Шығармашылық көзді зерттеу

Бұл кезеңнің мақсаты өзіндік шығармашылық топтаманы дайындау үшін қажетті бастапқы шығармашылық деректемелер туралы мәліметтерді табу. Шабыт көзі ретінде ұлттық (халық) және тарихи костюмдер, өнер мен жанрдың түрлі шығармалары, қоршаған әлемнің (бионика) түрлі заттары мен құбылыстарының бейнелік интерпретациясы.

  Мысалы, дипломдық жобаның тақырыбына сәйкес белгілі бір халықтың ұлттық костюмына талдау жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар костюмның силуэтіне, формасына, бейнелік шешіміне, конструкциясына, қолданылатын материалдарға, дайындау технологиясына, зерттелетін костюмнің композициялық-бейнелік құрылымын толықтыратын аксессуарларға назар аудару қажет.

Топтаманы дайындағанда 2-3 шығармашылық көзді қолдануға болады. Топтаманың бейнелілік қатарын шешкен кезде студент таңдалған шығармашылық көздерімен қолдану керек. Зерттеу 9-15 бетте баяндалады және текст барысында қажетті сурет салулармен, кестелермен, фотографиялармен, көшірмелермен иллюстрацияланады.

 

8.2.2 Сән бағытын талдау

Жобалауға алғашқы мәліметтердің бірі сән бағытын талдау туралы мәліметтер болып табылады. Бұл тармақта студент қазіргі сәннің дамуының жалпы тенденцияларын сипаттап талдау керек; мәтінде иллюстративті материалдарды қолданумен сәнді формаларды, басқаратын силуэттерді, форма ішінде негізгі мүшелендіруді, сәнді акценттерді сипаттау қажет. Жобаланатын топтамада ұсынылатын ассортименттік топтарға толық сипаттама беру. Материалдардағы сәнді бағыттарды талшықтық құрамы мен декорын көрсетумен бірге сипаттау. Киім модельдерін дайындаған кезде қазіргі сән бағытына сәйкес таңдалған түстік гамманы көрсету қажет. Бөлім мәтіні 3-5 бетте баяндалу керек.

8.2.3 Топтаманың көркем бейнесін дайындау

Осының алдындағы бөліктерді талдау негізінде дипломдық топтамасы жобаланып жұмысшы суреттер (А4 қағаз форматындағы бүктемелі кітапша түріндегі қара немесе түрлі-түсті 6-9 модельдер) дайындауынан басталады. Жұмысшы суреттер топтама авторының негізгі шығармашылық ойының алдын-ала суреттемесі, яғни ол болашақ модельдердің композициялық тұрғызылуы, олардың негізгі формасы, пропорциясы, негізгі түстік қатынастар мен пластикалық шешім және де фон мен негізгі суреттің құрастыруы белгіленеді.

Бүктемелі кітапшаның шығармашылық таза эскиздарын орындау бұл бөлімнің негізгі бөлігі.Олардың жұмыс эскиздарынан айырмашылығы көлемінің үлкендігі, формасы, пропорциясы, түсі, декоры, модельдердің конструктивті шешімінің толық анықталуы.

Шығармашылық эскиз – бұл қағазда иллюзорлы салынған костюмнің макеті. Жұмыс кезінде модель композициясы үлкен парақта үлкейіп қана қоймай, өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда идея сол қалпында қалу керек.

Шығармашылық эскиз бойынша жұмыс – шығармашылықтың күрделі кезеңі. Оның тағайындалуы – негізгі ойды қорсету, оны толығырақ жеткізу, матада оның іске асыруы, костюмнің адамның үстінде қалай тұратынын айту. Сондықтан да тұрған тұрысты модель мен матаның ерекшеліктерін, костюм формасын оңайлықпен көрсететін қозғалысы жағынан қалыпты, яғни жалпы күрделі емесін таңдау керек.

Үлгілердің эскиздері топтаманың композициялық шығармашылық дайындауы боп келеді. Үлгінің формасын, пропорциясын, сызықтарын, түс және пластикалық шашімдерін, конструкция сипаттамасын эскиз ашып береді. Эскиз киімдегі адамның көркемдік үлгісін кқрсетеді, сол ұшін ол айқын болуы керек.

Бөліктің негізгі мақсаты таза топтама эскиздерін жетілдіру. Графикалық бөлімге түсте шешілген модель топтамасының 6-9 эскиздары кіреді және А3 форматындағы (горизонтальді) бүктемелі кітапша түрінде ұсынылады. Эскиздар қағазда әр түрлі материалдар (қарындаш, акварель, гуашь, қағаз және матадан жасалған аппликациялар және т.б.) мен түрлі техниканы (қара және түрлі-түсті графика, коллаж, монотипия және т.б.) қолдана отырып орындалады.

Шығармашылық эскиздар түсініктеме хатқа топтаманың сипаттамасына дейін салынады.

Бөлімнің мәтіні автордың басты идеясын ашып, топтама дамуының принциптерін сипаттау мен композициялық шешімін негіздеу қажет.

Мәтін көлемі – 3-5 бет + модельдердің топтамасы.

 

8.2.4Модельдің техникалық эскизі

   Дипломдық жобада ары қарай жұмыс жасау үшін негізгі бір модельдің техникалық (конструктивті) эскизін орындау керек. Бұл кезеңде костюмнің конструктивті схемасы, яғни барлық конструктивті сызықтар мен бөлінулердің толық сипаттамасы беріледі. Техникалық эскиз сызықша қара-ақ түрде: алдыңғы көрініс – адам фигурасында, артқы көрініс – фигурасыз, А4 форматындағы бір бетте орындалады.

8.2.5Модельдің сыртқы көрінісін сипаттау

Басты кеңесші-жетекшінің мақұлдауымен ары қарай матада орындау үшін топтаманың үш негізгі үлгілердің эскиздары таңдалады.

Үлгінің сыртқы көрінісін сипаттағанда мемлекеттік стандартқа сәйкес терминологиясын қолдана отырып орындау керек. Сыртқы көріністі сипаттау мына жоспармен құрылады:

1) модельдің жалпы сипаттамасы (бұйым атауы, жастық тобы, силуэті, мата түрі, бел сызығы бойынша бөліну);

2) алдыңғы бойды сипаттау;

3) артқы бойды сипаттау;

4) жағаны сипаттау (бұйым жағасыз болса мойын ойындысының сипаттамасы);

5) жең немесе қолтық ойындысының сипаттамасы;

1) белдемше сипаттамасы (егерде бұйым бел сызығында кесілген болса);

2)  қолданылған өңдеудің сипаттамасы (сәнді тігістер, өңдеуіш матадан жасалған бөлшектер, әдемілеу түрлері).

Үлгі:

Жүн матасынан дайындалған жартылай қынамалы силуэтті бел сызығынан қиылған әйел пальтосы.

Алдыңғы бойы бір өңірлі төрт түймеге түймеленетін түймелік, жан қиықтарынан шығатын кеуде және бел бүкпелерімен. Оң алдыңғы бойында кеуде маңайында тіктөртбұрыш жапсырма қалта өңделген.

Артқы бойы тұтас, иық және бел бүкпелерімен.

Жағасы тік, бұрыштары үшкір.

Жеңі ұзын қондырмалы, бір түймеге және бір торланған ілмекке түймеленетің манжетпен өңделген.

Белдемше тік силуэтті. Алдыңғы бөлігі тұтас, бел бүкпелерімен.

Артқы бөлік орта тігіспен және бел бүкпелермен. Етегінде жарма өңделген.

Бел сызығы пряжкаға түймеленетін алынбалы белдікпен ерекшкеленеді.

Жаға, қалта, манжет шеттеріне 0,5 см сәндік тігіс бастырылған.

 

Материалдарды конфекционирлеу

   Бөлімде жобаланатын модельдердің дайындалуына қолданылатын мата ассортиментінің талдауын жасау қажет.

Алдымен матаны, оның пластикалық қасиеті, фактурасы, түсі және суреті жобаланатын коллекцияның көркем бейнесіне сәйкестігі жағынан негіздеу керек. Сонымен қатар, маталар ассортиментінің анализіэксплуатация шарттары мен тағайындалуына негізделеді.

Және де ұсынылатын маталардың конструкторлық-технологиялық қасиеттеріне (отыруы, қалыңдығы, жылжығыштығы, сетінегіштігі және т.б) толық сипаттама беру керек. Маталарды таңдау кестеде түрінде (1 кесте) көрсету керек. Кестеде негізгі матаға – 3 атау, астарлық және аралық – матаның 2 атауы. Қолданбалы маталар негізгі матаға сәйкес таңдалады.


1 кесте - _______________ арналған маталар сипаттамасы

              (бұйым атауы)

 

Атауы

Талшықтық құрамы,%

Ені,см.

Өрімі

Сызықтық тығыздығы, текс

Мата тығыздығы

Беттік тығыз-дығы, г/м2
Негіз Арқау   Негіз Арқау  
1 2 3 4 5 6 7 8 9
                 

 

Ұсынылатын маталарға техникалық сипаттама жоқ жағдайда еркін түрде сипаттама беру. Бұл жағдайда мына факторларға назар аудару қажет:

1. Тоқыма талшығының түрі(жіп) мен шикізат құрамы.

2. Материал фактурасы (тегіс, бүдір, рельефті, айналы).

3. Өрім түрі.

4. Сезім спектрі – гриф, туше.

Маталар ассортиментін таңдағаннан кейін бөлек қатты қағазда негізгі модельге конфекционды карта орындау қажет. Конфекционды карта үлгісі А Қосымшада берілген. Конфекционды карта жобаланып жатқан тігін бұйымына, таңдалған барлық материалдарды қоса (негізгі, астар, аралық материалдар,өңдеулік, жапсырма, фурнитура) түсініктеме хатқа сәйкес бөлімшеден кейін қойылады.

Қатты қағазғаұсынылған маталардың үлгілері көрсетіледі. Үлгілер маталарға берілген сипаттама реттілігімен қойылады(3,6 бөлімдерде). Үлгілер теріс жағымен желімденеді. Маталардың негізгі түрлерін вертикалды бағытта орналастырады. Астарлық маталардың үлгілері негізгі матаның үлгілерімен түстері жағынан таңдалса,оларды қатар орналастыруға болады. Бөлек бетке орналастырса да болады. Үлгілер өлшемі - 6 см х 8 см немесе 4 см х 6 см, формасы – тіктөртбұрыш.

   8.3 Конструкторлық бөлім

8.3.1 Құрастыру тәсілін таңдау және негіздеу

Ең мүлтіксіз құрастыру тәсілдердің негізінде таңдалған киімнің моделінің конструкциясы жетілдіреді. Есеп қиындығын, сызбаны мүлтіксіз тұрғызуын ескере отырып таңдалған тәсіл дәйектелінеді. Осы мақсатта, құрастыру тәсілдердің сипаттамасы, есеп қиындығы, графикалық тұрғызу, формулалардың талдауы беріледі. Талдау негізінде тәсілдердің артық жерлері және кемістіктері анықталады, және біреуінің таңдалуының негіздемесі беріледі.


8.3.2Сызбаны тұрғызу үшін керек пішіннің өлшем нышандарын таңдау және негіздеу

17-326-81 СҮЛ, 17-325-86 СҮЛ негізінде қалыпты пішінге өлшем нышандары анықталады және 2 кестеге жазылады.

 

2 кесте – __________ әйелдер,ерлер, балалар қалып пішіннің өлшем нышандарының абсолюттік көлемдері

 

Өлшемнің аталуы Шартты белгілеу МЕҮЛге сәйкес реттік саны Өлшемнің көлемі, см.
1 2 3 4 5
1 Бой Р 1 164
  және әрі қарай      

 

8.3.3 Кеңдікке берілген қосымшаларды таңдау және негіздеу

Қосымшалар үлгіге, силуэтке, киімнің түріне және оның арнауына қарай таңдалады. Техникалық және конструктивті-сәндік қосымшалардың сипаттамсын беру қажет. Таңдалған қосымшаның көлемдері 3 кестеге жазылады.

3кесте – Кеңдікке берілетін қосымшалар

 

Қосымшаның шартты белгіленуі Көлем, см.
1 2 3
1 Пг 5
  және әрі қарай  

 

8.3.4 Бұйым конструкциясының негізгі сызбасын жетілдіру

1) Сызба конструкцияның алдын-ала есептеу

2) 4 кесте –Сызба конструкцияның алдын-ала есептеу

 

Сызбаныңучаскесі Сызбадабелгіленуі Сг3 учаскебойынша болу Пгучаскебойынша болу Сг3 + Пгучаскебойынша
1 2 3 4 5 6
1 Артқыбойдыңені        
2 Алдыңғыбойдыңені        
3 Қолтықойындысыныңені        
4 Бұйымныңені        

2) Конструкция сызбасын тұрғызуын есептеу

5кесте – Сызбаларды тұрғызуын есептеу

 

Конструктивтіучаске Есепформуласы Есептер Қорытынды
1 2 3 4 5
1 Кеудедеңгейі А0 Г Впрз+Пспр+0,5хПдтс 20+2,5+0,5*0,7 23,05
  және әрі қарай      

 

3) Конструкция сызбасын тұрғызу

Үлгі М 1:7 форматында А4 қағазында, бастапқы мәліметтерге және сызбаларды тұрғызуының есептелуіне сәйкес жобаланатын бұйымның конструкциясының негізгі сызбасы жасалады.

4) Лекалдарды техникалық үлгілеудің әдісін таңдау және негіздеу, конструкцияның сызбасына үлгі ерекшеліктерін енгізу

Бөлшектердің техникалық үлгілеу тәсілі таңдалып, тәсілі негізделе отырып, конструкцияның сызбасына үлгі ерекшеліктерін енгізіп жазбаша түрде беріледі.

8.3.5 Негізгі лекал сызбаларын тұрғызу(бұйымның құрастыру сызбасы)

 

Бөлшектердің лекал сызбалары олардың құрылымын, формасы мен мөлшерін, өңдеу және пішу техникалық шарттарын анықтайтын техникалық құжат болып табылады.

Негізгі киім бөлшектердің базалық лекал сызбаларын әзірлеу үшін бастапқы деректергебұйымның модельдік құрастырмасының техникалық сызбасы, технологиялық өңдеу әдістері, жоспарлануда бұйым жасауға арналған материалдардың қасиеттері жатады.

Негізгі бөлшектердің лекалдарының сызбасы 1:4 масштабында конструкция сызбасының негізінде жасалады.

 Лекалдарды әзірлеу алдында негізгі сызықтар арқылы алдынғы және артқы бойлардың дұрыстығын тексереміз. Негізгі лекалдарды көшіреміз, бөлшектердің нұсқаларына 12807-79 «Классификация стежков, строчек, швов» ГОСТна сәйкес тігістерге, бөлшектердің етегін кайыру припусктарын береміз. Лекалдар барлық бөлшектерге және қосымша бөлшектерге дайындалады, бөлшектің таңбасы, тексеру кертпелері, негізгі жіптің бағыты салынады. Лекала үстіне тігіс сызығы, тігістердің конструктивтік және сызықтарв түседі.

Құрастыру сызбалары тораптарының конструкциясы (1-сурет) – бұл шартты қималар немесе құрылымдық схема орналасуын көрсететін бөлшектер мен жапсырма материалдардың, сондай-ақ өлшемдерінің қатынасын көрсететін бөлшектер мен олардың бөліктерінің бір-біріне қатысты.

Құрастыру схемалардың орындау ережесі:"

- сурет фигураға киілінген бұйымдағы торабының орналасуымен сәйкес, қима немесе разрез түрінде келтіріледі.

- бөлшектердің, тігіс және кант мөлшерлері, олардың тораптағы көлеміне пропорционалды болуы тиіс;

- тігіс суреттері ҚР МЖМБС 12807 бойынша жүзеге асырылады;

- көрнекілік үшін бұйымдағы ұқсас тігістерді бір-бірінен мардымсыз арада орналастыруға болады;

- операциялар орындаудың, тігіс, кант мөлшерлерін, т. б. анықтайтын техникалық шарттар өлшемдік сызықтар түрінде мөлшерлерді көрсетіп шығарылады мм.

- құрастырма сызбасында тігістердің реттік нөмірлері қойылады.

 

1-сурет. Құрастыру бұйымының сызбасы

 

8.4 Технологиялық бөлім

8.4.1 Құрал-жабдықтарды таңдау

Бұл бөлімді рәсімдеу бұйымды өңдеу кезінде пайдаланылған құрал-жабдықты таңдап және негіздеу керек.

Құрал-жабдықтар отандық және шетелдік құрал-жабдықтарды және олардыңшағын механизация  жабдықтарын есепке ала отырып таңдалады. Құрал-жабдықтардың сипаттамасы 9, 10 кесте түрінде немесе толықтай жазбаша түрде беріледі.

 

9кесте – Тігін машиналарының тізбесі және технологиялық сипаттамасы

 

Машина түрі, классы, маркасы, арнауы, әзірлеуші кәсіпорын Өңделетін мата түрі Тігістің түрі Негізі бөліктің айналу max жиілігі, мин Тігіс ұзындығы max, мм Ине түрі Жіп түрі Тігілетін мата қалындығы Матаны жылжыту механизмы Қосымша мәліметтер
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
                   

 

10кесте – ДЖӨ  жабдықтарының тізбесі және технологиялық сипаттамасы

 

Жабдық арнауы Жабдықтың маркасы, түрі, әзірлеуші кәсіпорын Үтіктеу температурасы, С Үтіктеу уақытыmax, с Жабдықтың көлемі (ұзындығы, ені, салмағы)
1 2 3 4 5

8.4.2 Өңдеу әдісін таңдау

Өңдеу әдістерін таңдау кезінде техника және технология тігін өндірісі негізгі бағыттарын ескере отырып  одан әрі жетілдірун есепке алу қажет.Өңдеу әдісі барлық құрал-жабдықтар отандық және шетелдік құрал-жабдықтарды және олардыңшағын механизация  жабдықтарын есепке ала отырып таңдалады.

Осы бөлімді рәсімдеу барысында ассортиметтің өңдеу әдісінің толық бағыты көрсетіледі.

1) Түйіндерді өңдеу

Содан кейін бұйымды түйіндеп өңдеу аңдау жүзеге асырылады, оның негізін типтік әдістер немесе технологиясы, кәсіпорында қабылданған студенттің  диплом алды іс-тәжірибесінен аралығында іске асуы қажет.

Мұнда түйіндерінің өңделуі таңдалады. Түйіндердің өңдеуі бұйымның негізгі түйіндеріне, жинауын (монтажын) қоса отырып таңдалады. Түйіндерді өңдеу, бөлшектердің атауын, тігістерді орындау реттілігін олардың параметрлерін, қолданылған құрал-жабдықтарды көрсетіп схема (сурет) түрінде орындалады. А4 қағаз форматында 1-3 түйін орналастыруға болады.

Түйіндеп өңдеуді таңдау бұйымдарды түйіндеу негізінде, жинау (монтаждау)қоса алғанда жүргізіледі. Түйін өңдеусхема түрінде (суреттер) - тегжейлерді көрсете отырып, тігістерді орындау тәртібін және олардың параметрлері мен қолданылатын жабдықтарберіледі. Бір бетте орналастыруға 1-3 сурет болады (қағаз форматы А4).

Технологиялық терминологиясына сәйкес схеманың (1 сурет) атауы түйіннің астында жазылады. Женіл ассортиментіне барлық түйіндердің схемасы беріледі. Сыртқы киімдерге, қиын 3 – 4 түйіннің схемасы дайындалады.

Негіздеу кезінде әдістерін өңдеу бойынша құрама бірліктер бұйымдар техникалық шарттар, шығындар уақыты, қолданылатын жабдықтар, шағын механикаландыру құралдары нақтыланады. Бұл одан әрі құрастыру үшін технологиялық реттілігі.

 

 

 Сурет 2 - Бұйым өңірін өңдеу
8.5 Матада үлгіні орындау

Баскеңесшіүйлестіруімен, жетекші, матада дайындалатын  коллекцияның негізгі үлгілерінің эскиздерінбекітеді. Бір таңдалған үлгінің техникалық сипаттамасы жасалады. Таңдалған модельдердің базалық конструкциясы сызылып макетте тексеріледі.

Әрбір үлгінің кешенді шешілу шартында, матада 3-5 үлгі дайындалады. Матада дайындалған үлгілер барлық техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.

ДЖ қорғаған кезде үлгілер адам пішініне, костюм қосымшаларымен киіліп көрсетіледі.

 

8.6 Экономикалық бөлім

Бөлім әдістемелік нұсқауларға сәйкес консультант "Менеджмент"кафедрасының бөлімінен беріледі

 

8.7 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережесі

Бөлім бөлімнің кеңесшісі берген ӘН сәйкес жазылады.

8.8 Қорытынды

Бұл бөлімде студентпен дипломдық жобаны орындау барысында алынған негізгі білікті нәтижелер беріледі. Студент қысқа, рет – ретімен жүргізілген жұмыстардың білікті нәтижелерін, дипломдық жоба тақырыбы мазмұнынан бастап, жеке бөлімдерді көрсетеді: жобаланатын үлгіні дайындаудың маңызды нәтижелерін, бұйымның технологиялық, конструкторлық, экономикалық көрсеткіштерін бағалау, аталған үлгіні немесе топтаманы өндіріске енгізу тұтастығын бағалау бойынша өзінің ұсыныстарын білдіреді.

Дайындалған үлгінің технологиялық тапсырмаға, сән бағытына сай келуін және экономикалық тиімділігін бағалау қажет.

8.9 Қолданылған әдебиеттер тізімі

Дипломдық жұмысты жазған кезде қолданылған әдебиеттер тізімі ДЖ безендірудің ӘН  сәйкес жазылады.

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: