double arrow

Процессуалды психология

Билет

4. Практикалық психологияның даму тарихы

Практикалық психологияның дамып қалыптаса түсуі психология ғылымының дүниеге келуімен байланысты келді. Практикалық психология психологиялық білімнің негізінде дами отырып қажеттілікке байланысты өмірге келді.Бірақ та мүның екі туылған күні бар деп есептеуге болады. Біреуі -өткен өмірден келе жатыр, екіншісі-19 ғасырдың ортасымен байланысты себебі психологияның жəне ғылым ретінде таныла бастаған кезеңнен басталады. Практикалық психологияның дамуы психологиялық білімнің практикада қолданылуы өмірдегі қажетті жағдай мəселелерге қызмет етуі, өздігінен көріне алуы,психология саласында өйдын байқалуы нəтижесінде анықталына бастады. 18 ғасырдан өзінде-ақ медицина саласында діни жəне салттарда психологиялық білім аса табысты түрде қолданыла бастады. Қазіргі заманғы практикалық психология 19-20 ғасырда дами түсті деп бағдарлап айтуға болады.Жалпы психологиядан педагогикалық,психоло-медициналық психология,инженерлік психологияның бөлінуі, практикалық

психологияның алғашқы даму кезеңі деп есептеуі болады. Бұл кезде психологияның қолданбалы саласы ғылымдармен қатар болғанмен,өздігінен дербес бола қойған жоқ.

1.Бұл даму кезең практикалық психологияның 19 ғасырдың алғынан 20 ғасырдың 40 жылдарына дейін болды.

2.40 жылдардан бастап практикалық таза психологияның белгілі салалары көрініп пайда бола бастады. Олардың ішінде аутотренинг,жекелей жəне топтық психотүзету,жанұяның психотерапия, логотерапияда қолданылды.

Практикалық психологияның тийімді əдістерің адамға психологиялық тұрғыдан жақсы əсер беруі бір даңытта медицинада қолданбалы психологияда іске асты.

3.Əсересе практикалық психология білімінің кең түрде қолданылуы 20 ғасырда байқалды, өйткені практикалық психологияның 3 кезеңі дами бастады.Яғни бұл ұйымдастырылған бағытпен байқала түсті. Көптеген елдерде, соның ішінде біздің елде қолданбалы психология институттары ашылып олар өздерінің психологиялық қызметтерін құрды.Онда арнайы білімді маман кəсіби практикалық психологтар жұмыс жасады. Соңғы жылдары əлеуметтік – психологиялық тренинг топтың жағдайда өтіліп жүр. Практикалық психологтар мектептерге келіп жетті. Олар балаларды мектепке қабылдауға қатысады психодиагностика жүргізеді.Оқушылардың мектепке

псих-ң жағыңан даярлығын анықтайды. Сонымен қатар балалардың жылдан

жылғы психологиялық дамуын зерттейуді,болашақ маман іесін таңдауға көмектеседі. Мектептің психологы мұғалімдерімен ата-аналарға ақыл-кеңес береді, балалар тағдырын шешуге қатысады. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуында. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық білімді беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады

Психоанализ

Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. Психоанализ ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған, оның негізін қалаушы белгілі психиатр және психолог Зигмунд Фрейд болды. Психоанализ көптеген психикалық феномендерді түсінуге, адам сезімінің, уайымдарының табиғатын аңғаруда және терапиялық әдіспен күнделікті өмірдегі сұрақтардан бастап терең психопато-логияға дейін әртүрлі психологиялық проблема-лары бар адамдарға көмек беруде мүлдем басқа сапалы жаңа жол болды. Басты жаңалық – “бейсананы” ашып Фрейд бейсаналық ойлардың, сезімдердің және тіпті өзінен жасырын жатқан ықыластары мен ермектерінің адам денсаулығына қандай зор ықпал ететінін көрсете білді.

Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. XX ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның «сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. 1900 жылы «Түс жору» кітабы жарық көрді. Сонымен психикалық кеңістікте саналы және бейсаналылық орын алады.

«ОЛ» - бейсаналық жүйе, оның негізінде биологиялық және эмоциялық қатардағы субъективті қажеттіліктер жатыр. «Ол» қанағаттану принципімен басқарылады, ол рахаттануға талпынады. «Мен» — саналы жүйе, ол сыртқы ортамен өзара әрекетті реттейді. «Жоғарғы Мен» — моральдық цензура, оның мазмұны тұлға қабылдаған ережелер, тиымдар, ар-намысы. «Жоғарғы менде» сана мен бейсаналылық сәйкес келеді. З. Фрейд айтқандай «»Мен» өмірде дұрыс мағына мен ақылға, ал «Ол» құмарлыққа сүйенеді. «Мен» мен «Ол» арасында ылғи қысым күйі орнайды. «Мен» және «ОЛ» екеуінің қатынасы идеалды емес. Екеуінің талапатары ылғи екі жаққа кетеді, кейде тіпті сәйкес келмейтіндей болады, «Мен» ылғи өз тапсырмасын дұрыс атқармайды. Адам «Мен» және «ол» арасындағы қысымды бастан кешеді, ол мазасыздық күйі, үрей т.б. Егер «Жоғарғы Мен» «Мен» қоғам талаптарын бұзды деп тапса, онда адам кінә сезімін бастан кешеді. Сондықтан адамның психикалық өмірінде ылғи шиеленістік жағдарлар орын алады. Именно «Я» осы шиеленісті жеңілдетіп, шеше алады.

Билет

Процессуалды психология

Процессуалды психология - қазіргі психологиядағы пәнаралық бағыт. Процедуралық жұмыста басты назар, өмірлік оқиғалардың ағымы - «процесс» туралы, сондай-ақ, ең күрделі мәселе бойынша, оның шешілу тұқымы бастапқыда жасалған деген сенімге негізделген.

Процессуалды психологияның негізгі идеяларын 1970 ж.дың соңына қарай философия докторы, психотерапевт Арнольд Минделлмен жасап шығарды. Арнольд Миндел Кембридж технологиялық университетінде физиканы зерттеді, содан кейін Цюрихтегі Швейцария Джунг Институтында психология және Юнг психологы болды. Минделлмен физика және батыс психологиясы саласындағы австралиялық шамандарды, сауықтырушылармен танысып, ежелгі рухани тәжірибелерді, соның ішінде дуосизм мен буддизмді зерттеді. Осындай әртүрлі бағыттардан процестерге бағдарланған психология пайда болды. Ол ғылымның жаңалықтарын, адам туралы ертедегі идеяларды, би мен қиялды, дененің сезімін және армандарын біріктірді.

Процессуалдық психологияның негізі Юнг талдау, психодрамма, дене-бағытталған психология, гестальт-терапия, сондай-ақ кванттық физика, Даосизм және буддизм секілді классикалық үрдістер. Дене, жеке тәжірибе, арман, симптомдар, тұлғааралық қарым-қатынастар және әлеуметтік қақтығыстар туралы жаңа түсінік пен жұмыс істеу тәсілдерін ұсынатын тұтас тәсіл.

8. Психологиялық кеңес беру қызметі

Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т.с.с.

Психологияның кеңес түрлері:

1. Жеке тұлғалық кеңес –адамның жеке түлғалық қасиеттерін шешу мәселесін қарастырады. Псих. кенеске клиент өзінің жеке тұлғасындағы қасиет жағдайын шешу бойынша сұраныс жасайды.

Жеке тұлғаның қасиетте мінез, темперамент қабілет ерік жігер күші бойынша бағыттарды қамтиды. Психолог осы мәселелер бойынша алә кеңес мазмұнында қойылған сұрақтардың негізгі мәселелеріне карай шеше алуға талпынады. Әрбір адам осындай мәселе бойынша білуге келгенде психолог жан-жақты бағдарлай отырып,адамның жан-жақтылық қасиет ерекшілігін дұрыс жолғақарай бағыттай білуі тиіс

2. Жанұялық кеңес –бұл жанұя мүшелелерің,жағдайын,әрі қажетті мәселелерін шешуге орындайды. Бұл тұрмыстың жағдайдағы жанұя мүшелерінің өзара кейбір үйлесімсіз мәселелерінің болуынан психологиялық көмекті қажет етеді. Мұндай жағдайда психолог мәселелердің негізгі себебін іздестіруге талпыныс жасайды. Ата-аналардың арасындағы өзара келіспеушілік жағдай оның жанұясында,баласына тумаларына өз әсерін тигізеді.

3. Педагогикалық психология кеңес –бұл әрбір мәселені педагогикалық псих. тұрғыдан дұрыс шеше білуді қарастырауы. Психологқа бұл мәселе бойынша тәрбие және зерттеу жақтарын қамти білуді және балаларды олардың жеке тұлғалық жағдайларын зерттеу анықтауды қарастырады.Оқушыға дер кезінде тәрбие сапаларын меңгерте отырып қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру білуге үйрету көзделінеді. Психолог психологиялық педагогикалық кеңес беруде оқушының жан-жақты дамуына дұрыс бағытты бере білуі тиіс.

4. Іскерлік кеңес –бұл әлеуметтік және тұрмыстық өмірге адамның нақтиіс-әрекетпен шұғылдануынан көрінеді.Оның іскерлігі адамның талпынысынан, қабілеттілігінен, кызығушылығынан іспен шуғылдануынан оның талпынады психолог клиентке қиындықтан шыңдық бағыт жолын нұсқау айта отырып ұсынады.

Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.

Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты – психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау (мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау).

Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты – раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы – вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе. Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда жігерлендіру. Кезеңдік (подэтап) нәтижесі — консультативті болжамдарды қалыптастыру және раппортты орналастыру.

Жұмыс кезеңі. Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу мен трансфермен жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен сәтті жұмыс істеу шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі нәтиже. Позитивті және негативті контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі тиімділік. Контртрансфермен жұмыс істеу.

Қорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері. Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру. Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.

Психологтың кеңес алушымен алғашқы кездесу кезіндегі әңгімесі.

10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес алушы адам психологқа өзі туралы, өзін мазалап жүрген мәселесі туралы толық айтуы керек. Психолог зейін қоя тыңдайды. Психологиялық кеңес адамдарға психологиялық көмек берудің ең күрделі түрі. Кеңес алушы адамға өз проблемасын психологтың көмегінсіз шеше алатындай болғанға дейін беріледі.

 

Билет.

10. Психологиядағы коучинг Коучинг - психологиялық кеңес берудің жаңа бағыты, - клиентпен бірге шешім табу үшін кеңес беру және оқыту әдісі. Коучинг клиенттің мақсаттарын түсіну үшін жүйелі айқындықты қамтамасыз етеді, сондықтан клиент өзінің ағымдағы мақсатын, басқа ұзақ мерзімді мақсаттармен және оған қол жеткізу бойынша қадамдарды түсінеді. Коучинг - автордың жағдайында тұрған клиентті психологиялық қолдау.

Коучинг терапевтік (емдік) тәсіл емес. Ол әр адам бастапқыда өзіне өзі қойған мақсаттарына жетуге қабілетті болатындығын түсіндіреді. Әркім өз мақсаттарына жауап береді, оларға қол жеткізу жолдарын таңдайды және жүзеге асырады. Тренингтің мақсаты адамға өзін-өзі дамытуға және лайықты, жарқын өмірге қол жеткізуге көмектесу болып табылады. Адам өзінің өмірін жаратушы ретінде қабылданады. Коучингте басты назар - дайын шешімдерді ұсынуға емес, жауаптарды өздігінен іздеуге, ақыл-ойды дамытуға және не болып жатқанын әдеттегі ойлауға ынталандыру.

Коучинг пен кеңес беру жалпыға бірдей, ұқсас болып келеді. Негізгі айырмашылықтар психологиялық кеңес берудің әлдеқайда көп қолданылуы болып табылады.коучингте, психологиялық кеңес беруден айырмашылығы, адам өзі көп жұмыс істеуі керек. Коучингтегі негізгі жұмыстарды клиент өзі жасайды (ол мақсат қойып, жету жолын іздейді), коуч-консултант оны осы жұмыста ғана қолдайды.

Тарихы.Коучинг - жеке және кәсіби дамудың құралы, оның қалыптасуы XX ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. Тренингтің бастауы спорттық жаттықтыруға, оң, когнитивті және ұйымдастырушылық психологияға, саналы өмір ұғымына және адамның тұрақты және мақсатты даму мүмкіндігіне байланысты.

Негізін қалаушылар\:

У.Тимоти Голвей - ішкі ойын тұжырымдамасының авторы.

Джон Уитмор (Джон Уитмор) - 1992 жылы жарық көрген «Жоғары тиімділік коучинг» кітабының авторы.

Томас Дж. Леонард – коучингтер университетінің (Coach University - www.coachu.com), Халықаралық жаттықтырушылар федерациясының, Сертификатталған тренерлердің халықаралық қауымдастығының (IAC) және CoachVille.com жобасының негізін қалаушы.

Ресейде алғаш рет өзінің коучинг жүйесін дамытты және сипаттайды - Н.И. Козлов.

11. Психодиогностика қызметінің негізгі бағыттары

Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

Психодиагностика психология ғылымының бір саласы ретінде XX ғасырда қарқынды дами бастады. Психодиагностиканың көзі эксперименталды психологиядан қалыптасты, Германияда 1879 жылы В. Вундттың ең алғашқы эксперименталды лабараториясымен тығыз байланысты. Бұл пәнге қазіргі туындап отырған қызығушылық психологиялық жұмыстың кеңейуіне және дамуынан туындап отыр.

Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж), содан кейінен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.

Жалпы Психологі төмендегідей диагностикалық қызмет атқарады:

כПсихологиялық диагностика

כПсихологиялық түзету

כПсихологиялық кеңес беру

כПсихотерапия

Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау. Сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы.Диагностика алдын алу немесе кеңес беру жұмысын тиімді жүргізудің тиімділігін бағалауға қажет.

Психотерапия бұл – адамдардың психикасына ықпал ету іс–шараларының жүйесі, психологиялық көрсету формасы сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы. Психотерапия шартты түрде психологиялық құралдармен адамдардың жүйке – психикалық және психосоматикалық аурулары мен бұзылыстарын емдеумен айналысатын дәрігерлік психотерапияға және дені сау адамға клиентке бағдарланған және оның психологиялық қиындықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес психотерапияға бөледі.

Психокоррекция адамдардың дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқуларды жоюға әкелетін көмек көрсетуге шоғарланады. Көптеген авторлар психотерапия мен психокоррекциясының арасындағы айырмашылықты байқамауға бейім болады. Кейбіреулері соңғы терминнің психологтың клиенттермен жасайтын қызметінің дәрігерлік емес сипатын ерекше көрсетудің амалы ретінде ұсынылғанына сенімді.

Психологиялық кеңес беру бұл – ұсыныстар мен кеңестерді талап ететін аса терең емес қиындықтарға қатысты шешіммен ерекшеленетін психологиялық көмектің бір түрі. Оны психолог клиенттің қиындықтарын қосымша зерттеудің және сұхбаттасудың негізінде береді.

Психопрофилактика бұл: а) жүйке – психикалық және психосоматикалық денсаулықтың әлеуметтік кикілжіңдердің бұзылыстары, тұлғаның үйлесімді дамымауы психологиялық алғы шарттары бар оқытудың, тәрбиенің, қарым-қатынастың қиындықтары сияқты әрқилы қиындықтардың алдын алуға ықпал ететін іс-шаралардың жүйесі; б) нұсқалған қиындықтар мен заңдылықтарды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы.

 

Билет

1. «Идеалды психолог» туралы түсінік

Идеалды психолог- ол әр адамға жылу шашып тұратын адам. Ол әр адамды жан дүниесімен сезінетін, әр адам өзін жайлы сезінетін, толық ашыла алатын адам. Психолог тыңдай білетін, эмоционалды адам болып келеді.

Сонымен, «идеалды» психолог:

-Өзгелерге шын жүректен және адал

-ішкі тұрақтылықты сақтай білетін

-қ-ққа жақсы түсі білетін

-жеке хабардарлықты арттыру үшін үнемі жұмыс жасайтын,

-кәсіби құзыреттілік деңгейін ұдайы арттырып отыратын маман.

Психолог түрлері медициналық психолог Клиникадағы емдеу процесіне қатысушы ретінде маман психологтың пайда болуы соңғы уақытта ғана жүзеге асты. Бүгінде психиатриялық, наркологиялық және т.б. салаларда медициналық психолог мамандары бар.

2.Әлеуметтік психологиялық тренинг қызметі

Әлеуметтік-психологиялық тренинг - адамдардағы психологиялық сипаттағы мәселелерді жою, қылықты түзеп немесе денсаулығын жақсарту үшін оларға психотерапевттік немесе психокоррекциялық әсер ету теориясы мен практикасы. ХХ ғасырдың 40 жылдарынан қолданыс таба бастаған тренингтер оған қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып мәселені әр қырынан талқылауын қамтамасыз етеді. Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»-жаттықтыру, жаттығу деген мағынаны білдіреді. Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Тренинг – басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды. Батыста білімді байыту, дағды мен машықтарды іскерлікке баулудың тиімді тәсілі ретінде танылады. Тренингтер рөлдік ойындарды қолдана отырып, топтағы жұмыс белсенділігін арттыру, теорияны практикалық тапсырмалармен байланыстыру, ақпараттар көлемін саналы меңгеру (миға шабуыл) арқылы эвристикалық әдістемеге жол ашады.

Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

§ Оқушылар бір – біріне жүзбе – жүз отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір – біріне сенімділік артып, назарға іліккен әрекеттерге қызығушылық танытады, ынталы болады);

§ тренингке қатысушылар саны 20 – 25 адамнан аспауы керек (бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);

§ тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының қатысуын қадағалау;

§ мұғалім әрбір жаттығудың кесімді уақытта жүзеге асырылуын қадағалауы керек;

§ тренингтің бастапқы сәті «танысу» жаттығуына арналып және «келісім» (топтың жұмыс ережесі) қабылданады;

§ теориялық тапсырмалар мен интерактивті жаттығулардың, сергітудің арасында сабақтастық болуы керек;

§ кез келген тренинг – сабақ басталар алдында мақсаты – міндеттері айтылады, ал соңында қорытынды пікірлер жинақталады.

Психологиялық тренинг заңы тренингте ойланудың дұрыс, ішкі топтық үдерісті бақылауға мүмкіндік береді. Тренинг заңын тиімді қолдана білу тренинг әсерін арттырып, қатысушыларға көмекші тәсіл болып табылады.

Тренингтің негізгі заңдары:

1. «00» заңы. Тренингті жүргізуші мен оған барлық қатысушылар тренинг барысында немесе үзілістен кейінгі кесілген уақыттан кешікпей келуі тиіс.

2. Микрофон заңы. Бұл заң кімнің қолында микрофон болса, сол сөйлейді қағидасын көздейді. Микрофон ретінде кез-келген ойыншық, қалам, карандаш, түрлі-түсті маркер т.б. қолдануға болады.

3. Белсенділік заңы. «Сіз қандайда бір жаттығуға қатыспауыңызға болады. Өз ойыңызды алдын ала білдіріңіз. Бірақ та бір қатысушы болсада ойыннан шығып кетсе, ол барлық топтың жұмысына әсер етуі мүмкін екенін есте ұстаңыз».

4. «Мен айтамын» заңы. Бұл заң тренингке қатысушылардың өз ойларын, көзқарасын білдіруді көздейді. Егер қатысушы топтың мүшелерінің барлығының көзқарасын, пікірін білуі мүмкін еместігін ескетіп, тек қана «мен ойлаймын», «мен айтамын», «мен сеземін», т.б. деп өзі үшін жауап беру қажеттігін білдіреді.

5. Барлық топ мүшелеріне ізгі ниет білдіру заңы. Бұл заң келесі формада беріледі: «тренингке қатысушылардың барлығының өзіндік жетістігі мен кемшілігі бар. Сондықтан басқаның ерекшелігіне сабырлықпен,шыдамдылықпен қараңыз».

6. Есім заңы. Бұл заң тренингке қатысушылар бірін- бірі танымаса немесе мүлдем тасыспаса, тренинг жүргізуші де қатысушыларды танымайтын болса қолданылады.

7. Сыпайылық заңы. Тренингке қатысушылардың барлығын әрқайсысын өзі қалаған есіммен атап, бірінің пікіріне бірі сыйластықпен қарауды көздейді.

8. «Қазір және осында» заңы. Тренинг барысында болып жатқан оқиғалар, сол жерде, сол уақытта болып жатқандығын, сол кезге тән екендігі және ол өткенмен де, болашақпенде байланысты еместігін түсіндіріп, оны сыртқа шығармау қажеттігін білдіреді.

9. Құпияны сақтау заңы. Заң бойынша тренингте айтылғандар мен болған жағдайлар тек тренинг ішінде ғана сақталады. Бұл тренингке қатысушылардың өзін қауіпсіз, еркін сезінуін қамтамыз етеді.

10. Өзінің қатысуын ұсыну заңы. Көп жағдайда қатысушылар қандайда болмасын жаттығуға қатысуға жүрексініп, жаттығуға қатысу үшін басқаларды ұсынады. Сондықтан да әрбір қатысушыға тек қана өзін ұсыну қажеттігін білдіреді.

 

Билет.

1.Педагог психологтың кабинетіне қойылатын талаптар.

Психологиялық кабинеттерде жұмыс істейтін психологтардың негізгі міндеті білім беру мекемелеріндегі психолог әрекетін ұйымдастырады, қадағалайды, сондай-ақ әдістемелік және кәсіби көмек көрсетеді, психологиялық, педагогикалық білімдерді насихаттайды. Ерекше қиын жағдайдардағы психодиагностикалық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізеді. Медициналық, психологиялық – педагогикалық комиссияның жұмысына қатысады. Сонымен қатар жеткіншектермен жұмыс жасау комиссиясына да араласады. Білім беру мекемесінің әкімшілігін басқарудың әлеуметтік – психологиялық мәселелері жөнінде педагогикалық ұжымда қолайлы әлеуметтік психологиялық ахуалды орнату жөнінде, басқа да кәсіби мәселелер жөнінде кеңестер береді.

Психолог кабинеті-арнайы мақсаттық қызметтерге негізделген психологтың жұмыс орны. Сонымен қатар дамытушы ортаның бір бөлігі болып табылады

Психолог кабинетіне қойылатын талаптар:

1-шарт: Бірінші қабатта орналасуы керек. Өйкені психолог тек оқушыларды емес, олардың ата-аналарын да қабылдайды.

2-шарт: Аумақтық және дыбыстық жағынан максималды оқшаулану керек. Музыка кабинеті немесе спорт зал сияқты шулы кабинеттерден алыс болуы міндеттері.

3-шарт: Кабинет психолог қызметі бойынша келесідей бірнеше алаңға бөлінуі керек:

*диагностикалық

*түзетушілік

*релаксациялық

*ойын немесе топтық алаң

*психологтың жұмыс алаңы

Психологтың кабинеті үшін 10-12 адам сыятындай 25-30м көлемінде арнайы сынып

беріледі.Кабинет әрі жылы, әрі ауасы таза,желдетілген болуы керек. Ол кабинет толық жабдықталған болуы керек: 2 үстел, орындық, 2 кресло, кітаптар қоятын шкаф, репродукциялар, перде, гүлдер, телефон, басатын машина, (немесе компьютер), сейф,(онда диагностикалық нұсқаулар және әртүрлі психологиялық зерттеулердің материалдары сақталады). Методикалық материалдар:ойыншықтар жиынтығы,үстел ойындары,краска,түрлі түсті қарындаштар,пластилин, желім, қайшы, қағаздар,т.б.болуы тиіс.Психологтың кабинетінде жеке психологиялық жұмыстар жүргізіледі(консультациялар, психотерапевтикалық сеанстар, әңгімелер, психодиагностикалық тексерулер және т.б.)

Топтармен психологиялық жұмыс жүргізуге арналған бөлме.-Психологтың кабинетінен басқа психологқа жеке бөлме бөлінуі тиіс. Ол көпшілікпен өткізілетін әртүрлі дәрістерге керек: оқу ойындарға, психологиялық дәрістерге, педагогикалық клубтың дәрістеріне және т.б. Ол 20-24 кв.м. кем болмауы керек. Әрине, барлық мектептерде психологтарға

ондай жағдай жасалмайды. Сондықтан мұндай кезде психолог акт залын пайдалану мүмкіншілігі бар. Бөлменің жабдықталуы төмендегідей болуы керек: 20-30 орындық, үлкен үстел, кілем, обойлар, перделер, әртүрлі репродукциялар, гүлдер. Видеотренинг өткізу үшін арнайы құралдар болуы керек(магнитофон, видеомагнитофон т.б.)..Мектеп психологының кабинетінде міндетті түрде гүл болуы керек. Олар санитарлы-гигиеналық және эстетикалық қызмет атқарады.Психолог кабинетінде болуы керек құжаттар: 1.Жылдық жоспар 2. Өткізілген жұмыстар тіркелген журнал 3. Жұмыс графигі 4.Психопрофилактикалық, диагностикалық,дамытушылық, түзетушілік, кеңес беру жұмыстары бойынша әдістемелер мен бағдарламалар 5. Жыл бойынша өткізілген жұмыстардың есебі.

2.Идеалды клиент түсінігі

Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушіге немесе клиентке байланысты. Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымының астарында кеңесшілердің, психотерапевттердің және өзгеше маманданған практикалық психологтардың қызметін пайдалану даярлығында көрінетін кәсіби іс –әрекеттің аталмыш формасының қажеттігін тиімді қоғамдық мойындау жағдайы анықталады. Жалпы бұндай тапсырыс күрделі ішкі немесе тұлғааралық мәселелерге қатысты кеңес қажет психикалық дені сау адамдардан түседі. Әрине психологқа мәселелерін өз бетінше шеше алатын, өмірін психологиялық зақымдайтын жағдайлардың пайда болуының алдын алатындай құра алатын адамдар келмейді. Алайда оның іс –әрекетіндегі немес өміріндегі экстремалды оқиғалар да кәсіби психологиялық көмекке деген қажеттілікті тудыруы мүмкін. Клиенттер және тапсырыс берушілер де психологтың қызметіне тікелей тапсырыс беретіндер болып табылады. Практикалық психологиядағы клиент бұл психологтан көмек алатын адам. Психологқа өзі, басқа адамдар немесе олармен өзара қатынастары жайлы психологиялық ақпаратты табыс ететін ересек адам немесе бала практикалық психологтың клиенті болып табылады. Ол өзін сол ақпараттың мазмұнына жауапты санайды, өйткені ол оның күйзелістері мен тиімсіз ойларының өнімі болып табылады. Сонымен бірге клиент психологиялық ақпаратты алушы да болып табылады, яғни дәл ол проблемасын психологқа артпай өзі шешуі тиіс. Балаларға қатысты мұғалімдер, балаларына қатысты ата –аналар, қызметкерлеріне қатысты ұйымдардың басшлығы, аурулардың нақты категорияларына қатысты дәрігерлер, психологиялық сараптамаға мұқтаж айыпталушыларға қатысты сот органдары психологтың қызметтеріне тапсырыс берушілерге жатады. Жарнамашылар, қоғаммен байланыстар жөніндегі құрылымдар және имиджмейкерлер де өзінше психологтың қызметіне тапсырыс береді. Олар өздерінен

тәуелсіз «клиент» – тікелей сатып алушылармен немесе дауыс берушілермен қызметке бағдарланады. Жалпы клиенттер тәжірибелеуші психологпен кездесуге кеңес алу немесе психотерапия сеанстарына өз бетінше келеді. Алайда кейбір жағдайларда (жабық мектептер, түрмелер, клиникалар) адамдарды психологқа олардың келісімінсіз бағдарлайды.

Билет

1.Психологиялық сауаттану қызметі

Қазіргі кезде жасына әлеуметтік жағдайына,білім деңгейіне,мамандығына қарамай-ақ адамдардың психология ғылымына назар аударуы қызығушылық танытуы айқын аңғарылады.Әрі психологиялық білімнің осы заман адамдарының әрқайсысы күнделікті өмірі мен іс-әрекетінде шешуші орын алатыны көпшілікке мәлім. Психология өте көп ғылыми салалардан тұрады.XX ғасырдың орта тұсында ресейлік танымал ғалым К.К.Платонов оның 100-ге тарта салаларын ажыратып,жіктеген еді.Одан бері қаншама 7-8онжылдықта бұл сан еселеп артқан шығар.Осы салалардың арасында педагогикалық психология ерекше орын алды. Себебі дәл осы педагогикалық-психология саласындағы зерттеулерге байланысты Қазақстанда ғылыми психология пайда болып,қазір қарқынды дамуда деуге болады.Ана тілімізге психологиялық ұғымдардың кірігіп,қолдануы үшін жастардың психологиялық сауатын ашып,олардың дамуын процесін жеделдету мақсатында Жүсіпбек Аймауытов,Мағжан Жұмабаев көшбасшылық танытып,жанкештілікпен зор еңбек еткені мәлім.Мәселен Жүсіпбек Аймауытов алғаш рет қазақ тіліндегі «Психология», «Жан жүйесімен өнер таңдау»кітаптарын 1926 жылы жарыққа шығарған. Оқыту әдісі-мұғалімнің бірлескен қызметі болып табылады.Студентті оқыту мақсатында қол жеткізуге бағытталған.Психологиялық сауаттандыру әдісі адамның жеке басының мәдениетінің көрсеткіші екенін,күнделікті өмірде кездесетін жағдаятты жемісті реттей отырып,жылдам өзгермелі әлемге бейімделе алуына, түрлі ақпараттық дереккөздер мен заманауи ақпаратты негіздей алуына бағытталған. Психологиялық сауықтыру - Барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және оны іске асыру, сауықтыру шараларын қолдану, мектептегі тәрбие беру және оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жағдай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты. Классификациялық әдіс-нақты жүйе негізінде обектіні жіктеу.1)Дәстүрлі классификация –дәстрлі білімді жіктеу,жалпы көрсеткіштерінің көзі.Көрсеткіштер:

-Эксперименттер практикалық әдістер,жаттығулар білім беру,тәжірбие және т.б.

-Ауызша түсіндіру,айту,сұхбат,нұсқау,дәріс,дискуссия.

-Жоспарларды құрастыру, сілтеме кітап оқу,жұмыс істеу.

2)Классификация өз кезегінде түрі мен танымдық белсенділігін болады:

-көрнекі-илюстративті әдіс

-репродуктивтік

-мәселенің бастапқы әдісі

-ішінара зерттеу әдістері

-зерттеу.

3)Бинарлы классификация оқыту әдістемесі:

-ақпараттық

-түсіндіруді-еліктіретін

-қоздыратын

4)Дидактикалық мақсаттар үшін:

Бастапқы материалдардың сіңіуіне жәрдемдеседі (сұхбат,оқыту әдістерін білім нәтижесінде жетілдіру).

Сауаттану әдістерінің процессі келесідей функциялар бар:

1)Білім беру

2)Дамыту

3)Тәрбиелеу

4)Мотивация және бақылау

Әрбір әдіс өз функциясын атқарады.(Мысалы:Дәріс басқару функциясына аз,дамытушылық және оқытуға ықпал етеді).Кейбір интенсивтілік әдістің әлсіздігі төменгі сыныптан жоғары сыныпқа өткен кезге әсер етеді.Қазіргі нақты оқыту әдістемесі кеңінен таралған.Прагмаланған оқыту әдісі оқытушыларды бақылау әдістерді еркін емес,оны келесідей факторларды таңдайды: оқыту мақсаты мен есебі;нақты ғылыммен тақырыбы мен мазмұны педагогикалық ұстанымы мен позициясы;оқыту мүмкіндіктері;уақыт;ішкі талаптық;мұғалімнің мүмкіндігі.

2.Топтық тренинг мақсат міндеттері

Топ – бұл әлеуметтік психологияның негізгі түсініктерінің бірі. Зерттеу тақырыбы және нысаны ретінде ол көптеген белгілі ғалымдардың және практиктердің назарында болған, бірақ бұл құбылысты белсенді түрде зерттеу ХХ ғасырдың екінші жартысында жүзеге асырыла бастаған еді. Дәл осы кезеңде психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында тренинг түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады.

Адамдарға психологиялық көмек көрсету тәсілі ретінде топтық тренинг алғаш рет шет ел психологиясында қолданылды. К. Левин қалыптастырған негізгі ой: «Адамдар өздерінің бойындағы барабар емес белгілерді анықтау және мінез-құлықтың жаңа түрлерін қалыптастыру үшін өздерін басқалардың көзқарасымен көре білуді үйренуі қажет» - деген мазмұнда болды [8,136].

Алғашқы тренингтік топты (Т-тобын) жаратылыс ғылымдары саласындағы бірнеше мамандар құрған, олар 1946 жылы негізгі әлеуметтік заңдарды (мысалы, жұмысқа алу заңы) зерттеу, шешімдердің оңтайлы варианттарын іздеу және оларды қолданумен байланысты әртүрлі жағдайларды «ойнату» үшін іскер адамдар мен кәсіпкерлерді жинаған. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс алу көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игерді. 1947 жылы Бетеле қаласында (Мэн штаты) тренингтің ұлттық зертханасы құрылған болатын. Алғашқы тренингтік топтар «базалық ептіліктердің тренингтік тобы» деп аталды. Т-топтың негізгі міндеттері оған қатысушыларға өзара жеке тұлғалық қатынастың негізгі заңдарын, қиын жағдайларда жетекшілік ете білу және дұрыс шешім қабылдай алуды үйрету болды. Кейінірек мұндай топтар міндеттері бойынша бөлшектене және белгілі бір категорияларға бөліне бастады:

1) икемділік топтары (жетекшілерді, іскер адамдарды дайындау);

2) өзара жеке тұлғалық қарым-қатынастар топтары (отбасы мәселелері);

3) «сенситивтілік» топтары (жеке тұлғаның өсуі және өзіндік жетілуіне, жасқаншақтықты жеңуге және т.с.с. бағытталған топтар).

Бірақ та ұзақ уақыт бойында мұндай топтар негізінде дені сау адамдарды әр түрлі рөлдік қызметтерге үйретуге бағытталған болатын:

·   басшылықпен және қол астындағы қызметкерлермен қатынас;

·   қиын жағдайларда тиімді шешімдерді өндіру;

·   ұйымдастырушылық іс-әрекетті жақсарту әдістерін іздестіру және т.с.с.

Адамдардың кез-келген тобы шынайы өмірді, қарапайым адамдардың өмірінде бар қарым-қатынастарды бейнелейді. Алайда жасанды түрде құрылған зертхана шынайы өмірден келесі белгілерімен ерекшеленеді:

·    әркім тәжірибеші және тәжірибенің нысаны бола алады;

·   шынайы өмірде шешілуі мүмкін емес міндеттерді шешу мүмкіндігі туады;

·   топтағы дәрістер «психологиялық қауіпсіздікті» ұйғарады, бұл тәжірибенің «тазалығын» қамтамасыз етеді.

Психологиялық тәжірибе саласында белгілі мамандар Т-тобының басқа түрдегі топтардан айырмашылығы қалай үйрену қажеттілігін баулуға негізделеді деп жазады. Мұнда топтың мүшелерінің барлығы жалпы өзара үйрену процесіне тартылады және сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сүйенеді. Т-тобында оқыту жетекшінің түсіндіруі және нұсқауларынан бұрын, топтың өз тәжірибесінің нәтижесі болып келеді.

Т-тобының басқа да басымды жағы:

·   өз-өзін таныстыру;

·   кері байланыс;

·   эксперименттеу   

 сияқты элементтерді шамалаған процестің сипаттамасына байланысты. [4,374].

Топтық психологиямен және «топ нәтижесін» жеке тұлғаға арнайы әсер ету құралы ретінде пайдалануға байланысты нәтижелі жұмыстар қатарына көп жағдайда А.Адлердің, К.Левиннің, Дж. Мореноның, Дж. Праттаның, К.Роджерстің еңбектері жатады.

 Топтың жеке тұлғаға кәсіби әсер ету құралы ретінде, отандық психологиялық көмек тәжірибесінде, ХХ ғасырдың басыннан бері қолданылады деп айтуға болады. Дегенменде топтық жұмыстар әдістемелеріне деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылық Ресейде тек осы ғасырдың 90 жылдарында ғана арта бастады. Ресей ғалымдарының арасынан топтық жұмыстардың мәселелерін теориялық және әдістемелік жағынан талдаған алғашқы ғалым ретінде Лариса Андреевна Петровскаяны атауға болады, оның монографиясы 1982 жылы жарық көрген [6,160]. Өзінің еңбектерінде ол тренингті (нақтырақ айтқанда, әлеуметтік-психологиялық тренинг-ӘПТ) қатынас саласындағы білімге және жеке қабілеттерге үйретудің өзіндік түрі, сондай-ақ оларды түзетудің сәйкес формасы ретінде қарастырды. Бұл формалардың алуан түрі үлкен екі класқа бөлінеді:

а) арнайы қабілеттерді дамытуға бағытталғандар;

б) қатынас жағдайында талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталғандар;

Әрине отандық тренинг мектептерінің көбі батыстан келген теориялық тұжырымдамаларға сүйенетін, әрі топтық психологиялық жұмыстардың формаларының өзі бүгінгі күнге дейін шетелдік үлгілердің өзгертулері болып табылады. Дегенменде, соңғы уақытта әлемдік деңгейдегі мамандар жетілуде, олардан шетелдік психологтардың да алар тәлімі мол.

Топтық психологиялық тренинг практикалық психологияның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын белсенді әдістерінің бірігуі болып табылады. Сонымен бірге тренингтік әдістердің клиникалық психотерапия аясында неврозды, алкоголизмді және бір қатар соматикалық ауыруларды емдеу кезінде қолданумен бірге, психикалық жағынан сау, алайда жеке басында психологиялық проблемалары бар адамдармен жұмыс істеу кезінде, оларға өзін-өзі жетілдіруде көмек көрсету мақсатында қолданылатындығында баяндайды [4,22].Тренинг міндеттері:

- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну;

- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;

- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;

- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;

 

Билет

1-сұрақ Психологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселесі

Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі. Психодиагностика – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт. Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады. Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау. Сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы.Диагностика алдын алу немесе кеңес беру жұмысын тиімді жүргізудің тиімділігін бағалауға қажет. Психодиагностикалық зерттеу ұйымының қайсыбір бөлімшесіндегі психологиялық қиындықтардың; дау-дамайлардың, еңбектегі адамгершіліктің және еңбек өнімділігінің созылмалы төмендеуінің оқушылардың үлгермеушілігі мен тәртіпсіздігінің себептерін анықтауға бағытталады. Персоналдық ұйымдастырушы мінез-құлқын, оқушылардың жеке даралық қабілеттерін жоспарлы зерттеу психологтың бірінші сыныпқа балаларды жинауға қатысуы, балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтауы да психодиагностикаға жатады. Психодиагностика бөлімінде маманданған психолог нақты адамдардың (ұйымның, топтың) қасиеттері мен күйлерін анықтау үшін зерттеудің психологиялық әдістерін қолданудың құрылымымен мүмкіндігін талдауға арқау етеді. Психологиялық диагноздың маңызды терапия (түзету, кеңес беру) мен болжаудың тиімділігі үшін бастапқы пункт болып табылатынымен оның маңыздылығы анықталады. Болжау бұл диагноздың негізінде тұлғаның немесе топтың, ерлі зайыптылардың арасындағы өзара қатынастардың басщы мен оның қоластындағылардың дамуын жорамалдау.

Практикалық психологияның эскперимент (сараптама) қызметі де психодиагностикаға жатады. Барлық деңгейлерде, сондай-ақ шешімдердің салдарын болжау мақсатында саяси деңгейде де қабылданатын басқарушы шешімдер, құрастырылған заңдар, инновациялық жобалар және т.б. психологиялық сараптамадан өтеді. Нақты міндеттерді шешуге бағынышты ақиқатты практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының бір текті амалдарының жиынтығы әдіс деп аталады. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Оның біріншісі бойынша әдістердің: зерттеу (диагностикалық); ықпал ету әдістері (кеңес беру, терапевтік, түзету, оқу) және басқа мамандармен өзара әрекеттестік сияқты ұйымдастырушы мәселелерді шешу қолданылатын. Ұйымдастырушы сияқты үш түрі бар. Топтастырудың екінші тәсілі психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, демек шешілетін міндет күрделілігінің негізінде құрылған. Кейде клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп және хал-жағдайы мен мінез-құлқын өзгертуге ішкі қорларын табуға мүмкіндік беретін жа&#


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: