Трансактілі талдау техникасы

Трансакция – адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі. қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді: бала, ата-ана және ересек адам. Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып отырады. Адамның жүріс-тұрысында үш позицияның біреуі басым болуы мүмкін.

Бала позициясында адам басқа адамға төменнен жоғары қарайды, басқа адамдардың оны жақсы көретіндігін сезгенде оларға бағынып отырады, сонымен қатар өзіне-өзі сенімсіздікті, әлсіздікті сезінеді. Бұл позиция балалық шақтың негізі болып табылады. Дегенмен, ересек адамдарда да кездеседі. Мысалы, жас әйел күйеуімен қарым-қатынасқа түскенде өзін кішкентай қыз ретінде сезінгісі келеді. Бұл кезде күйеуі ата-ана позициясында болады, яғни ол әйелін еркелетеді, қорғайды, сонымен бірге бұйрық беріп те отырады. Ал өз ата-анасымен қарым-қатынасқа түскенде ересек адамның позициясын алуға ұмтылады, яғни байсалды, сабырлы, жауапкершілігі мол болып келеді.

Ата-ана позициясының 2 түрі белгілі:

 жазалайтын – бұйрық береді, сынайды, тыңдамаған және қате жіберген кезде ұрсады;

 бағатын -қорғайды, көмектеседі, қолпаштайды, қайырымды, кешірімді болып келеді.

Бала позициясы да 2 түрге бөлінеді:

  тыңдайтын - айтқанның бәрін істейді, қарсылық білдірмейді;

 тыңдамайтын - қарсылық білдіріп, өз дегенін істеуге ұмтылады.

Бір-бірін екі бала, екі ата-ана және екі ересек адам жақсы түсіне алады. Ең тиімдісі - қарым-қатынасқа түсетін адамдардың әрқайсысының ересек адам позициясын алуы.

Ата-ана мен ересек адам қарым-қатынасы динамикалы болып табылады: не ересек адам өзінің байсалдылығы мен жауапкершілікті жүріс-тұрысымен ата-ананы өз орнына қойып, ересек адам позициясына әкеледі; не ата-ана ересек адамды өзіне бағындырып, бала позициясына қояды.

Ересек адам мен бала қарым-қатынасы да динамикалы болып келеді: не ересек адам баланы жауапкершілікке тартып, ересек адам позициясына қояды, не бала ересек адамды өзін бағатын, қамқор болатын ата-ана позициясына әкеледі.

Трансактілі талдауды жасаған американдық психиатр Берн (Berne E.) болып табылады.

Оның тұжырымдамасына сәйкес, адам өмірлік позицияларға қатысты «ерте шешімдермен» бағдарламаланған. Адам өзінің жақындарының, ең алдымен ата-анасының өте белсенді қатысуымен жазылған «сценарий» бойынша өмір сүреді, қазіргі таңда бұрын оның психологиялық тіршілігі үшін қажет болған, бірақ енді көбінесе пайдасыз таптауырындарға негізделген шешімдер қабылдайды. Психотерапиялық үрдістің негізгі мақсаты — өмірлік позицияларды қайта қараудың, қазіргі сәтке адекватты шешімдерді қабылдауға кедергі келтіретін жүріс-тұрыстың пайдасыз таптауырындарын саналаудың, өз қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің негізінде жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырудың негізінде тұлғаны реконструкциялау.

Трансактілі талдаудың құрамына мыналар енеді:

1. құрылымдық талдау — тұлға құрылымдарын талдау;

2. трансакцияларды талдау — адамдардың арасындағы вербалды және вербалды емес өзара әрекеттестіктерді талдау;

3. психологиялық ойындарды талдау — қалаған соңғы нәтижеге (жеңуге) алып келетін жасырын трансакцияларды талдау;

4. сценарийді талдау (скрипт-талдау) — адам еріксіз еріп жүретін индивидуалды өмірлік сценарийді талдау.

Тұлғаның құрылымы «Мен»-нің үш күйінің болуымен сипатталады: Ата-ана (Экстеропсихе), Бала (Археопсихе), Үлкен адам (Неопсихе).

Қиылысқан трансакциялар конфликтогенді қабілетке ие. Жасырын трансакцияларда хабарламалар әлеуметтік дұрыс стимулдармен маскіленгендіктен, олардың құрамына «Мен»-нің екіден артық күйі енеді, бірақ жауап реакция жасырын хабарламаның эффектісі тарапынан күтіледі, бұл психологиялық ойындардың мәнін құрайды.

Психологиялық ойын соңғы нәтижесі айқын анықталған және болжанатын қосымша жасырын трансакциялардың бір-бірінің артынан жүретін сериясын білдіреді. Бұл мотивациясы жасырын трансакциялар жиынтығы, құрамында қақпан, қармақтар бар жолдардың сериясы. Жеңіп алынған сыйлық ретінде ойыншы бейсаналы тұрғыда талпынатын қандай да белгілі-бір эмоциялық күй алынады.

Трансактілі талдаудағы өмірлік позициялар: Бірінші позиция: «мен о'кей — сен о'кей».

Екінші позиция: «мен о'кей емеспін — сен о'кей емессің».

Үшінші позиция: «мен о'кей емеспін — сен о'кей».

Төртінші позиция: «мен о'кей — сен о'кей емессің». Бесінші позиция: «мен о'кей — сен о'кей».

Сценарий — бұл тұлға ойнауға мәжбүр болатын қойылымды еске түсіретін өмірлік жоспар. Ол балалық шақта қабылданған позицияларға тәуелді, және ата-ана мен баланың арасында болатын трансакциялар арқылы балалық Мен-күйіне жазылады. Адамдар ойнайтын ойындар сценарийдің бөлігі болып табылады. Өз позициялары мен ойындарын саналап, тұлға өзінің өмірлік сценарийін түсіне алады. Оны талдау трансактілі талдаудың негізгі мақсаты болып табылады.

Трансактілі талдау кең ауқымды жастық диапазондағы невроздарды емдеуде қолданыла алады. Психикалық ауруларды, сондай-ақ невроздардың ауыр созылмалы формаларымен ауыратындарды емдеуде оны қолданудың тиімділігі аз болады. Трансактілі талдаудың күшті жағы пациентпен ортақ тіл табысу болып табылады, ол психотерапиялық байланысты қалыптастыруды жеңілдетеді.

Билет

1. Психолог жұмысының ережелері және жалпы принциптері.

1. Клиенттер, зерттеушілер, текесерушілер алдындағы психологтың ерекше жауапкершілігі.

2. Клиенттермен жұмыс кезінде психолог сыпайылық танытуы.

3. Практик психологтың жұмысы әр адамның тәуелсіз интеллектуалды және тұлғалық даму жолындағы шектеулерді жою бағытталған.

4. Психолог өз жұмысын тұлғаның құқығын сақтай және белсенді түрде қорғай отырып істейді.

5. Психолог психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, сонымен қатар өзінің талдаулары мен ұсыныс беруінде мұқият және ұқыпты болуы тиіс.

6. Психолог адамның дамында және бостандығына физикалық және психологиялық құқығына қол сұқпауы және шектемеуі керек.

7. Психолог өзін басқарушы тұлғаға ақпараттандырып оытруы міндетті, сонымен қатар басқа тұлғалардың адам құқығын бұзуын байқаған жағдайда өзінің профессионалды бірлестігімен мәлімдеуі керек.

8. Психолог тек өзі жетік меңгерген білімі және квалификациясы бойынша ғана өкмек көрсетуі тиіс.

9. Психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді, барлық ғылыми стандарттарға жауап беруші немесе толық апробациядан өтпеген жағдайда амалсыздан өткізу керектігін, қызығушылық танытқан тұлғаларды ескертіп және өз таңдаулары мен ұсыныстарында ерекше мұқият болуы тиіс.

10. Психолог психодиагностикалық, психокоррекциялық және психотерапиялық әдістерді компоненттілігі жоқ тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

11. Психологиялық білімі жөнінде дайындығы жоқ және осы сферада білімсіз психологияқ қызмет көрсетіп жүрген адамдарға психодиагностикалық және психологиялық әсер ету әдістерін қолдануға қарсылық танытып, оларды ескертіп, қолдануға психолог тыйым салуы қажет.

12. Психолог, клиенттің қалауы бойынша зерттеуді және кеңес беру барысында басқа адамдардың қатысуына қарсылық көрсетпеуі керек(сотық психологиялық немесе медициналық психологиялық заңды түрде анықталған экспертизалардан басқалары).

13. Психолог индивидуалды психологиялық зерттеулер нәтижелерін үшінші бір адамға беру және мәлімдеу тек клиенттердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

14. Психолог мұғалімдерге, ата- аналарға, олардың орнын басушы тұлғаларға, оқу тәрбиелеу мекемелерінің әкімшілігіне бала жайындағы мәліметтер, тек балаға олар зиян келтірмейтін болған жағдайда ғана мәлімдеуге болады.

15. Психологтар психологиялық компоненттілігі төмен адамдардан психологиялық көмектерге жүгінуде кері әсерлердің болу мүмкінділігінің болуы жайында ескертіп, профессионалды психологиялық көмектін кімнен алуы керектігін нұсқауы керек.

16. Психолог адамдарға қасырет тигізетін жұмыстары мен іс- әрекеттердегі рольдерге өзін қатыстыруға мүмкіншілік бермеуі тиіс.

17. Психологклиентке өзі қолынан келмейтін, орындай алмайтын уәделер бермеуі тиіс.

18. Егер баланың зерттелінуі немесе психологиялық әсер етулер басқа қызмет тұлғалардың талаптарымен жүзеге асырылатын болса, психолог осы жайындабаланың ата-аналарын немесе олардың орнын алмастырушы тұлғаларға мәлімдеуі тиіс.

19. Психолог өзінің жұмыс жүргізіп жүрген клиенттер жайындағы ақпараттарды құпия түрде сақтауда жауапкершіл болуы тиіс.

20. Психолог өз жұмысын ұйымдастыруда өз зерттелінушілерінің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеу принципін ұстануы керек.

21. Зерттелінушілерге жүргізілетін әдістемелерді қауіпсіздік ережелері. Психолог зерттеу әдістемелерінің,зерттелінушінің денсаулығына, көңіл –күйіне, әсер етуші жалған ақпараттар бермейтін әдістемелерді қолдана алады.

22. Зерттелінушіге қатысты адекватты емес әсер етулер жайындағы ескертулер ережелері.Психолог өз клиенттерімен келісілген шарттар бойынша өз ұсыныстарын жүйелеп, зерттеу нәтижелерін сақауды ұйымдастыруды, осы ақпараттардың таралмауына және басқа да көздеген жеке мақсаттарда қоданбауды қамтамасыз етеді. Психолог зерттелінуші жайында ақпараттарды клиентке хабарлап отыруы тек зерттелушінің келісімін алған жағдайда ғана жүзеге асырылалы.

23. Психологтың профессионалды компетенттілік ережесі, психологтан профессионалды игерген сұрақтармен жұмыс және құқықтарға сәкестелінген практикалық әдістермен жұмыс жасауы талап етіледі.

24. Психолог пен тапсырыс берушінің бірлесіп жұмыс жүргізу ережелері, тапсырыс беруші тұлғаның мазасыздандыратын сұрақтар аумағындағы психология ғылымындағы психологтың өз мүмкіндіктер шегін ақпараттандыруын талап етеді. Психолог тапсырыс беруші тұлғаға психологиялық іс - әрекеттердің ережелері мен принциптерін айтып және осы ережелерді, әдістерді қолдануда оларға жетекшілік етуге тапсырыс берушінің келісімін алуы қажет.

25. Психолог пен зерттелінушінің проссионалды қарым-қатынас ержелері психологиялық әңгімелесу әдістерін, бақылау және алға қойылған міндеттерді шешуде максималды эффективті деңгейде әсер етуді және де, психологпен қарым – қатынастан зерттелінушінің қанағаттануын, симпатия сезімі мен сенімін тудыруды талап етіледі.

26. Зерттеу нәтижелерін негіздеу ережелері психологты зерттеу нәтижелерін психология ғылымында қабылданған терминдер мен түсініктерде жүйелеп, өз қорытындыларын алғашқы зерттеу материалын көрсете отырып, математикалық – статистикалық өңделген мәліметтермен жүйелеуін талап етеді.

27. Психолог тапсырыс берушінің зерттелінушіге деген қандай да субъективті жағымсыздық сезімін танытып, оған психологтың көмегімен психологиялық кері әсер етушілігін болдырмауы қажет.

28. Психолог іс - әрекетінің конфедециалдық принципі сенімді қарым – қатынас негізінде психологтың зерттелінушімен жұмыс процесінде алынған материалдың сапалы түрде немесе кездейсоқ таралуын болдырмауы және осы мәліметтер тапсырыс берушінің, не зерттелінушінің, не психологтың, не болмаса психология ғылымына компромис жасалмайтындай етіп көрсетілуі тиіс.

29. Психологиялық сипаттағы мәліметтерді кодтау ережесі. Психологты барлық психологиялық сипаттағы мәліметтерде зерттелінушілердің аты – жөнін емес код арқылы белгілеуге міндеттейді. Документ – дешифратор бір ғана жалғыз экземплярда толтырылады және осы мәліметтер психологтың жеке кабинетінде, басқалардың қолына түспеуін қадағалау керек.

30. Психологиялық сипаттағы мәліметтердің сақтауды бақылау ережелері.Тапсырыс беруші адаммен бірге, алынған мәліметтерге басқа да адамдардың қол жеткізу тізімін, мәліметтерді сақтау шарттары, орны, мерзімі және оларды жою жөнінде алғашқы келісім бойынша қарастырылады.

31. Психологиялық сипаттағы мәліметтерді корректілеуде қолдану ережелері, психологқа тапсырыс беруші мен зерттелінушіні жарақаттайтын кездейсоқ немесе алдын ала бағытталған мәліметтерді жоюға келісім алуына қол жеткізуіне көмек береді.

32. Келісім жайында хабардар болу принципі. Психологтың, тапсырыс берушінің және зерттелінушінің психологиялық іс - әрекеттің этикалық принциптері және ережелері, мақсаты, тәсілдері жөнінде хабардар болуын және өз еріктерімен қатысуын талап етеді.

 

Принциптері

1. Жүйелілік принципі- психологтың барлық жұмыс бағытын қолдануы (профилактика, психодиагностика, психокоррекция)

2. Тұтастық принципі- баланың танымдық, мотивациялық, эмоциональды сферасына бағытталған жұмыс жүргізуі керек.

3. Мақсаттылық принципі- кез- келген психологиялық ықпал мақсатқа сай бағытталуы тиіс.

4. Себепті-шарттылық принципі- кез-келген психологиялық ықпал құбылысының себебі мен салдарына бағытталуы тиіс.

5. Мезгілдік принципі – кез-келген психологиялық ықпал жағдайдың жоғарғы тиімділігі үшін қажетті өз мезгілінде жүргізілуі тиіс.

2. Мектепке дейінгі ұйымдардағы психологиялық қызмет мазмұны

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндеттер қатарында. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың табиғатына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды танытады. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, психологиялық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен жұмыстану болып табылады.

Психологтың мектепке дейінгі ұйымдағы міндетін шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншіден, ол тұтастай білім беру үрдісіне қатысуы керек, оны «психологизацияландыру» бағытында жұмыстануы керек. Мұндағы басты назар қызметкерлер мен ата – аналармен психологиялық ағарту жұмыс жүргізу: оларға бала психологиясы, олардың жас ерекшеліктері, ересектердің балалармен қарым – қатынасын оңтайлы ұйымдастыру жолдары және әртүрлі жастағы балалардың өзара қарым – қатынасы, балалар топтарын ұйымдастыру принциптері және т.б. туралы білім беру. Әрине, психологиялық ағарту жұмыстары бала психологиясы бойынша жалпы мәліметтермен шектеліп қана қоймайды, ол балабақша мен оның ұжымының нақты ерекшеліктерін зерттеу нәтижесіне жүгінеді, жергілікті жағдайлар мен ұлттық дәстүрлерді, қызметкерлер біліктілігіне және тәрбиешілер жұмысының жеке стилін, балалар және олардың ата-аналарының ерекшелігін есепке алады.

Міндеттердің екінші тобы біршама күрделірек және әртүрлі, ол баламен жекелей жұмыстанумен байланысты және тәрбие үрдісінде баланың индивидуальды-психологиялық ерекшеліктерін есепке алу керек. Психолог бақылау және сай келетін диагностикалық әдістемелердің көмегімен балабақшаның әрбір тобын ұзақ мерзімді зерттеу үрдісінде тәрбиешінің баламен және балалардың өзара қарым – қатынас ерекшеліктерін анықтап, сонымен қатар жеке баланың индивидуальды-психологиялық сапасын, олардың ақыл – ой дамуы деңгейін бағалауы тиіс. Бұндай жұмыстың нәтижесі оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты, ал жеке

жағдайда – баламен түзету жұмыстарының тәсілдерін даярлау, тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ұсыныстар болуы қажет. Сонымен бірге психолог өз қызметінен тыс денсаулық сақтау және арнайы педагогика құзыреттілігіне жататын қызметтерді орындауға міндетті емес. Ол тек қана қажет кезінде арнайы маманға – педиатр, балалар психоневрологы, дефектолог, логопедке жүгінуге ұсыныс береді немесе өзі оларды кеңес беруге шақырады. Сонымен қатар бұл аталған топқа психологтың маңызды міндеті болып саналатын баланың мектепке дайындығын анықтау және соған сәйкес түзету жұмыстарын өткізу енеді [2]. Мектепке дейінгі ұйымдарда барлық психолог жұмысы келесідей бағыттар бойынша құрылады:

1. Психологиялық диагностика – тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерін психолого-педагогикалық тұрғыдан зерттеу. Ол педагогтардың, ата –аналардың, әкімшіліктің сұранысы бойынша диагностика немесе жоспарлы диагностика формасында жүзеге асады;

2. Психологиялық кеңес беру – ересектер мен балаларға психологиялық мәселелерді шешу және талдауға, пайда болған қиындықтарға нақты көмек көрсетуге бағытталады.

3. Психологиялық ағарту – педагогтардың және ата–аналардың психологиялық мәдениетін арттыру келесідей формалармен жүзеге асырылады: дәріс, психологиялық әдебиеттер көрмесі, әңгіме, семинарлар, Ата - ана клубтары, психологиялық газеттер.

4. Психологиялық алдын - алу – жағымды эмоциональды-психологиялық ахуалды қалыптастыру, мүмкін болатын әлеуметтік – психологиялық мәселелерді ескерту бойынша педагогтар мен психологтардың бірлескен жұмыстарының мақсатқа бағытталған жүйесі.

5. Психологиялық түзету-дамыту – психологтың балаларды түзету және дамыту бойынша жеке және топтық сабақтары, сонымен қатар балалар үшін құрастырылған ұқсас мінез- құлық мәселелері бар психологиялық тренингтер формасында мақсатқа бағытталған жұмыс жүйесі [3].

Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен психологтарының өзара әрекеттестік міндеттері:

1.Психолог мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерімен өзара әрекеттесе отырып:

-тәрбиешілерді психологиялық теориялармен және балаларды оқыту аймағындағы зерттеулермен таныстырады;

-оқытудың дидактикалық принциптеріне психологиялық негіздеме береді;

-тәрбиешілермен, дефектологтармен, логопедтермен және бейнелеу өнері, музыка, дене мамандарымен және т.б. қызмет түрлерімен біріге отырып баланы дамыта оқыту бағдарламасын құрастырады;

-оқу ортасы мен ойын әрекетіне, пәнді дамытушы психологиялық талаптарды талқылайды және тұжырымдайды;

-педагогтарды балаларға білім беру жұмысы үрдісіне кәсіби даярлайды;

-оқу үрдісінде балалардың тұлғалық өсуін, эмоциональды және ақыл – ой дамуын зерттеу үшін қажетті қарапайым диагностикалық құралдармен тәрбиешілерді қамтамасыз ету;

-инновациялық үрдіс жағдайында балалардың дамуын жобалау және диагностикалық – бақылаушы қызметін жүзеге асырады, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу мен құрастыруға қатысады;

-әкімшілік тапсырысы бойынша оқу үрдісінде педагогтардың балалармен қарым – қатынасына бақылау жүргізеді, балалармен өзара әрекеттестік дамуының индивидуалды моделін құрастырады және педагогтарды оқытады;

-педагогикалық ұжым әлеуетін оқытатын және тәрбиелейтін, дамытатын диагностика жүргізеді;

-педагогтарда балалармен шығармашылық жұмыстанудың мотивациялық негізін қалыптастырады, кәсіби және тұлғалық өсу тренингтерінің көмегімен тәрбиешілердің балабақшадағы білім беру үрдісін жүзеге асыру құзыреттілігінің жоғары деңгейін қалыптастырады;

-тәрбиешілер мен балалардың өзара әрекетін, дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, даму мақсатында педагог қызметіне оңтайлы стратегияның психологиялық негізін құрастырады;

-балаларды оқыту мен тәрбиелеу, дамудың кешенді жүйесін қамтамасыз ету үшін барлық қатысушылармен түзету – дамыту жұмысын жүзеге асырады.

2. Психолог ата – аналармен жұмыста:

-балаларды оқыту сұрақтары бойынша ағарту жұмыстарын жүзеге асырады;

-олардың сұраныстары бойынша баланың оқудағы және мектепке дайындығы барысында кездесетін жеке мәселелерін шешеді, ата–аналар үшін үй жағдайында баламен жеке жұмыстану бағдарламасын құрады;

-олардың сұраныстары бойынша баланың ақыл – ой дамуына, арнайы қабілеттеріне (мысалы, сенсомоторика, кеңістікті бағдарлау, математикалық түсініктері және т.б.) жеке диагностикалау жүргізеді;

-отбасының эмоциональдық, тәрбиелілік, терапеялық әлеуетіне диагностика жүргізеді;

-дамуында қиындықтары бар балалардың ата – аналарына және олардың туыстарына психологиялық қолдау көрсетеді;

-балалары қалыпты дамыған отбасы жағына интеграциялық үрдістерге дайындық жүргізеді;

-дамуында ауытқушылықтары бар балалар отбасыларының қоғамда әлеуметтік–психологиялық жағдайын қамтамасыз етеді.

3. Психолог балалармен:

-психологиялық бұзылыстар құрамын және балалардың психологиялық денсаулық деңгейін анықтау мақсатында дифференциальды психологиялық диагностика жүргізеді;

-өзара әрекеттестік үйлесім стратегиясын құрастыра отырып, дамуында ауытқушылықтары бар балалардың жеке ерекшеліктеріне диагностика жүргізеді;

-оқу әрекетінде бала жетістігі деңгейіне диагностика жүргізеді және соның негізінде балаға көмек жүйесін құрады;

-тәрбиеші сұранысы бойынша қандай да бір оқыту мәселесінде өзбетті шешуге қиналатын топтық және жеке дамытушы сабақтар өткізеді;

-тәрбиеші, логопед, дефектолог және т.б. сабақтарында балалардың өзін-өзі бақылау және реттеуін дамыту оқу дағдысы мен білігіне ие болуына көмек көрсетеді;

-ересек топ балаларын арнайы құрастырылған диагностикалық бағдарлама бойынша мектепке даярлайды;

-тұтастай түзету - дамыту үрдісін жүзеге асыру барысында баланың тұлғалық – әлеуметтік дамуы мен психофизикалық сенсорлық өзгеріс динамикасына диагностика жүргізеді;

-оқыту үрдісінде баланы мәжбүрлеу және қысым көрсету бағытын ұстанатын балабақша ұжым қызметкерлеріне төзбей, оқыту әрекетінде эмоционалды жағымды қатынас болуын қадағалайды, бала құқығын толықтай қорғауды бақылауға алады және бала психикасын жағымсыз әсерлерден қорғайды. Сонымен қатар психолог жұмысының табыстылығы жоғары деңгейде ұжымда алатын орнына және оның ұйым басшысы мен мектепке дейінгі мекеменің басқа да қызметкерлерімен өзара қарым – қатынасына байланысты болады.

 

Билет

1.Практикалық психологтың кәсіби этикалық кодексі

1984 жылы Мадридтегі Мадридтегі ресми қоғамның алғашқы съезінде профессор А.Ф. Бардажи конгресіне ұсынылған алдын-ала жобаға негізделген кәсіби психологтар үшін этикалық кодексті жасауға міндеттеді. Көптеген психологиялық қауымдастықтардың және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысқан 1987 жылғы қаңтарда өткен семинарда осы жобаға түрлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, содан кейін оны ғылыми қоғамдастық кеңінен талқылады.

Қазақстан Республикасының психологтарының Этикалық кодексі Кіріспе, 6 жалпы қағидалар және арнайы этикалық нормалардан тұрады.

Көптеген мемлекеттерде психологтардың арнайы кодексі бар. Бұл кодекстер психологтың іс-әрекетін реттеп, қатаң этикалық нормаларға сәйкестендіреді.

Психологтың этикалық талаптары:

- сыналушыға зерттеудің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, оның келісімін алу;

- сыналушыны дискомфорт пен зиянды әсерлерден қорғау;

- жұмыс аяқталғаннан кейін зерттеудің нәтижесі мен мазмұнын толық түсіндіру;

Жануарлармен жұмыс жүргізу барысында:

- егер зерттеудің мақсатына сәйкес болмаса, жануарға зиян келтіруге тиым салынады;

- жануарларды күтіп бағатын орынның жайлы болуын қамтамасыз ету.

Психологтардың этикалық кодекс принциптері:

А принцип – Біліктілік.

Психолог өзінің біліктілігін үнемі көтеріп отырады.

В принципі-Адалдық.

Психолог өзінің ғылыми еңбегіне адал.

С принципі – Кәсіби және ғылыми жауапкершілік.

Психолог өзінің жұмысы барысында кәсіби стандартты ұстанады және өзінің тәртібіне жауапты.

Д принципі – Адамның абройы мен құқығын құрметтеу.

Психолог адамдармен қарым-қатынаста қателік жасаудан қашуға тырысады және олардың жеке өміріне деген құқығын құрметтейді.

Е принципі – Басқа адамдардың аман саулығының қамын ойлау.

Ғ принципі - Әлеуметтік жауапкершілік.

Психологтар психологиялық білімнің барлығына танымалдығын қамтамасыз етеді.

Психологтың этикалық кодексі: 1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл. 2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа. 3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті. 4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады. 5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе. 6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба. 7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл. 8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма. 9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін. 10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан! 11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!

2.Фобия және оның түрлері

Фобия (грек тілінен «қорқыныш»), фобия - бұл белгілі бір жағдайларда немесе белгілі бір белгілі нысанның қатысуымен бақылаусыз қорқыныш немесе шамадан тыс уайымданудың тұрақты тәжірибесі.

Стандартты фобиялар I. АКРОФОБИЯ [грекше ἄκρος –жоғарғы ]– ығыр қылар биіктіктен қорқу. Жер деңгейінен минимум метр биіктікте өзін ыңғайсыз сезінетін жандардың үрейі. 500 метр. II. АНДРОФОБИЯ – Ер адамдардан қорқу патологиясы. III. ПАНАФОБИЯ [panophobia] — Барлық нәрседен қорқу. IV. МЕТИЛОФОБИЯ – алкогольді сусындардан қорқу. V. МОНОФОБИЯ – жалғыздықтан қорқу. VI. ХРОМЕТОФОБИЯ – Қаржы. Ақжа. Қаражаттардан қорқу. Хрометофобтар төлемдерді карточка арқылы жүргізеді. VII. ГИППОПОТОМОМОНСТРОСЕСКВИППЕДАЛИОФОБИЯ (Hippopotomonstrosesquippedaliophobia) — Ал Саған керек болса, аты айқайлап тұр. Бұл ҰЗЫН сөздерден қорқу. VIII. ОБЕЗОФОБИЯ – семіруден үрейі ұшатын Адам фобиясы. IX. ХОРОФОБИЯ – билеуден қорқатын пенделер. X., ГЕЛИОФОБтарға [Geliophobia] -. Олар күлуден қорқады. XI. ГАМОФОБИЯ-. Бұл жағдайда үйленуге қорқады.

абаннумофобия – тастап кетілуден, жалғыз қалудан қорқу

• аблютофобия (аблутофобия) — жуынудан, жуудан, тазалаудан қорқу

• абортивуфобия – түсік жасаудан және түсік тастаудан қорқу

• агорафобия — кеңістікен, ашық жерлерден, алаңдардан, адамдардан қорқу

• агризоофобия – жабайы аңдардан қорқу

• акрофобия — биіктіктен қорқу

• алгофобия — аурудан қорқу

• алекторофобия – әтештерден қорқу

• алкефобия – бұғылардан қорқу

• аллиумофобия – сарымсақтан қорқу

• америфобия – америкалық барлық заттардан қорқу

• демофобия (охлофобия) — тобырдан қорқу

• дентофобия (одонтофобия) —тіс дәрігерінен қорқу • дромофобия — агирофобия

• зоофобия — жануарлардан қорқу

• инсектофобия — жәндіктерден қорқу

• Канинофобия(кинофобия)– иттерден қорқу

• канцерофобия (карцинофобия, кацерофобия) —ісіктен қорқу

• пейрафобия — глоссофобия

• пирофобия —оттан, жанудан қорқу

• полициофобия – полициядан қорқу

• пнигофобия – тұншықтырулардан қорқу

• радиофобия —радиациядан қорқу

• эфебифобия — жасөспірімдерден қорқу

• ятрофобия — дәрігерлерден қорқу

 

Билет

  Кәсіби құзіреттілік принциптері:

Психология- Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде

-Ақпараттық

-коммуникативтік (қатынастық)

-әлеуметті-құқықтық құзыреттілік көрсетілген

Ақпараттық құзырет- мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.

Коммуникативтік құзырет-бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

 rәсіби адаптация-бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезеңінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады. Мамандық таңдауда қазақ жастары Ж.Аймаутовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты еңбегінен де жақсы ақыл кеңестер алуына болады. Автор «Мамандықтың жаманы жоқ» бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.

Педагог-психологтардың кәсіби деңгейіне қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы тікелей байланысты десек, онда өзгеріп жатқан қоғамға сай жеке тұлға қолдау көрсететін білікті, шығармашыл ойлайтын, бәсекеге қабілетті педагог-психолог тұлғасына сұраныс өсті.

Осы сұраныстарды негізге ала отырып, педагог-психологтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың негізгі жолдары:

Ø шығармашылық топтар мен әдістемелік бірлестіктерде жұмыс атқару;

Ø зерттеушілік қабілетінің болуы;

Ø инновациялық іс-әрекет, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру;

Ø психологиялық-педагогикалық қолдаудың әртүрлі формаларын игеру;

Ø байқауларға, мастер-кластарға, форумға, тренингтерге белсенді қатысу;

Ø жеке педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату;

Педагог-психологтың кәсіби құзіреттілігі – оның жан-жақты білімінен, зерттеу жұмыстарының жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог-психолог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Қорыта келгенде, кәсіби құзыреттіліктің даму сатылары төмендегідей:

- өзіндік талдау және қажеттілікті ұғыну;

- өзіндік дамуды жоспарлау;

- өзін-өзі көрсету, талдау, өзін-өзі түзету.

Педагог-психологтардың кәсібилігін дамытуға қажеттілігін қалыптастыру, педагогикалық қызметті оның ізгіліктік бағытталуының жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін шеберлік деңгейін арттыруға негіз болады.

 2.Денсаулық сақтау ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мазмұны

Психологиялыұ қызмет-(бұдан әрі қарай ПӘҚ) арнайы жасақталған топ мүшелерінің науқастың тұлғалық психикалық құндылықтарын қайта қалпына келтіру, әлеуметтік-психологиялық сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру және қоғамға бейімделуінде көрсететін қолдауы. Дәлірек айтсақ, қызметте науқастың жойылған психикалық дағдыларын қалпына келтіру; психикалық жағдайдағы проблемаларымен жұмыс; кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру; отбасы, туған-туыстарымен байланысты қалпына келтіруге қолдау көрсету; жойылған құжаттарын тіктеу ісін жүргізу; мүгедектікке және зейнетке шығу кезеңінде әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ, еңбекке араласуға нақты бағыттар беру секілді сауалдар шеңберінде шаралар жүргізіледі. Аталмыш психологиялық мәселелерді шешуде науқас және оның отбасына психологиялық кәсіби қолдау көрсету-қызметтің басты міндеттері саналады.

Жалпы ереже

1.1. Денсаулық сақтау мекемесінде жұмыс істейтін арнайы емдік — профилактикалық көмек көрсететін практикалық психолог — жоғары психологиялық білімі бар немесе практикалық психология факультеттерінің және кадрларды қайта даярлау курстарынан өткен медициналық білімі бар маман.

1.2. Өз жұмысында Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау заңнамасын және басқа да денсаулық сақтау нормативтік-құқықтық актілерін, осы Ереже бойынша принциптерді басшылыққа алады.

1.3. Қызмет контингенті: дәрігер нұсқаулығымен психодиагностикалық зерттеулер мен психологиялық кеңесті қажет ететін туберкулезден емделіп жатқан жұқпалы ауру бөлімі пациенттері

1.4. Мекеменің басшысы немесе оның емдеу жұмыстары бойынша орынбасарына бағынады.

1.5. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тағайындалады және жұмыстан босатылады.

2. Функциялары мен қызметі

2.1. Емдеуші дәрігер бекіткен жеке бағдарламаға орай пациенгттерді қабылдайды. Әр пациентке жеке-дара психодиагностикалық, психокоррекциялық, оңалту және психопрофилактикалық қызметті жүзеге асырады, сонымен қатар емдеу-диагностикалау кезеңінде психотерапиялық және психологиялық көмек бойынша іс-шаралар өткізуге қатысады. Қажет болған жағдайда емдеуші дәрігердің және психикалық, психологиялық (психотерапия) жұмыс жөніндегі кеңесші көмегіне жүгінуге болады.

2.2. Емдеуші дәрігермен бірге жүргізілген психологиялық, оңалту, емдеу- алдын алу шараларының тиімділігін бағалайды.

2.3. Бекітілген медициналық құжаттардың үлгісі рәсімдеуге қатысады.

2.4. Мемлекеттік лицензиясы және мемлекеттік аккредиттеу рұқсаты бар білім беру орындарында тиісті циклдары бойынша белгілі тәртіппен біліктілігін арттырады.

2.5. Қазіргі заманғы практикалық психология әдістерін тәжірибеге енгізеді.

3. Құқықтары мен мiндеттерi

3.1. Психотерапиялық көмек, клиникалық жағдайларғаталдаулар өткізетін мамандар бригадасы жұмысына, кездесулерге, семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларғақатысады.

3.2. Міндетті базалық және қосымша кәсіби көмекпен қатар басқа да ұлттық және халықаралық кәсіби ұйымдардың аясында қоғамдық аккредиттациялау және кәсіби мәртебесін алуға болады.

3.3. Түрлі қоғамдық және кәсіби ұйымдарға кіреді.

3.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациенттер мен олардың отбасыларына қатысты өз қорытындылары, қызметі және оның салдары үшін әкімшілік және құқықтық жауапкершілік алады.

Істеуге қабілетті:

— психологиялық құжаттар есебін құруға және жүргізуге;

— емдеу-профилактикалық мекеменің психологиялық іс-шаралар жоспарын құруға;

-науқастың психологиялық жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді бағалауды жүргізуге;

— жеке тұлғаның әлеуметтік дезадаптация дәрежесінің жұмыс істеуі,психикалық функцияларының бұзушылық деңгейі, құрылымы мен динамикасын жылдам бағалау және талдау жүргізуге;

 

— денсаулық жағдайын анықтайтын психологиялық факторға психологиялық бағалау жүргізуге;

— проводить психологиялық сұхбат жүргізуге, психологиялық байланыс орнатып және басқаруға, пациенттердің түрлі тәуелділіктерін зерттеуге;

— кәсіби міндеттерді орындау үшін ақпаратты жинау және оны жүйелеуге;

— кәсіби психологиялық және медициналық тілді, кәсіби терминологияны меңгерген;

— психологиялық құжаттарды рәсімдеуге;

— салауатты өмір салтын, психикалық саулығы үшін профилактикалық іс-шаралардың маңыздылығын насихаттау.

 

                      18 билет.

1.Денеге-бағытталған терапия Денелік-бағдарлы психотерапия. Адамның психикасы және денесі бір, психикалық әлемінде болып жатқанның барлығы адамның денесінен көрініс табады. Адам денесімен жұмыс істегенде, дәлірек айтсақ, онда толып жатқан психикалық қысымнан оны босаңсыту, терең талдаумен айналыспай жеке тұлғаның психологиялық мәселелерін шешу энергиясымен байланысты босаңсыттуға болады. Денеге байланысты өзінің денесін және сезімін түсіну сферасын қарапайым кеңейтудің өзі күрделі психологиялық мәселелерді шешуге мүмкін. Вильгельм Райх (1897-1957) дене психотерапиясының негізін салушы деп есептеледі, хатха-йога мен басқа да шығыс әдістерді есептемегенде, ол өзінің жұмысын «үшінші» толқынды психоаналитик ретінде бастады. Райх терапиясында бұлшықет қыртысын алып тастау үшін әдетте келесі қолданылады:

1. Терең дем алу арқылы денеде энергияны жинау;

2. Бекіген бұлшықет қысымын босаңсыту үшін оған тікелей әсер ету;

3. Арнайы қимылдар (әдетте ритмдік), мысалы кушетканы теуіп велосипедті қозғалыстардай аяқты қозғалту;

4. Бұлшықет қысымына белгілі бір әсер ету арқылы анықталған эмоционалды шектеулер мен қарсыласуды клиентпен бірге ашық қарастыру;

5. Клиенттің шығарған дыбыстар, айғайлар білгілі бір блокпен байланысты эмоционалды күйді көрсетеді;

6. Гримасничандылық немесе кейбір сезімдерді дене қылық-әрекеттері арқылы көрсету;

Қазіргі дене тераписында бұл реестрге тағы мыналар қосылған:

7. Терең дем алумен бірге арнайы қысымды дене тұрыстары;

8. Ерекше денені ұқалау (рольфинг), оның мақсаты бұлшықет қыртысын (фасции) босату.

Райх бойынша бүкіл дене бұлшықет қабаты бойынша жеті сегментке бөлінген, әрқайсысы спецификалық сезімдермен және іс-әрекет импульстарымен басылып тасталынады.

Бұлшықет қабатының әр түрлі сегменттерінен жүргізілетін жұмыстарының кейбір нұсқаларын мысал үшін келірейік ([8] бойынша):

1. Көз. Көз аймағындағы қорғаныс қыртыс, ол маңдайдың қозғалмауында және «бос» көзқарасында көрініс табады. Көзді қолдан келгенше қатты үлкен қылып ашу (қорқу сезіміндей) арқылы оны босаңсыту, маңдай мен көз үстін мобилдеу үшін эмоционалды кейіптерді жасату, сонымен қатар көзді айналдырып және бір жақтан екінші жағына қозғалту арқылы көзді әр қабырғаға тоқтату.

2. Ауыз. Оған иек, мойын, желке бұлшықеттері кіреді. Жақ қысылып тұрғандай және шынайы емес босаңсыған күйде болуы мүмкін. Бұл сегмент жылау, айқайлау, ашу, тістеу, сору, гримасалау сезімдерін білдіру күйлерін ұстап тұрып көрсетеді. Қорғаныс қысымы жылаудың имитациясы, дыбыстарды шығару, ерінді қозғайтын әрекеттер, тістеу, құсу қимылары, арқылы және бұлшықетке тікелей әсер ету арқылы босаңсытуға болады.

3. Мойын. Бұған мойын және тілдің тереңде жатқан бұлшықеттер жатады. Оған негізінен ашу, айқай, жылау кіреді. Мойынның терең жатқан бұлшықеттеріне тікелей әсер ету мүмкін емес, сондықтан маңызды тәсілдері айқай, айқайлап сөйлеу, құсу қимылдары т.с.с. болып табылады.

4. Кеуде. Оған иықтың, жауырын, жалпақ бұлшықеттері, бүкіл кеуде клеткасы және қол бұлшықеттері жатады. Бұл сегмент күлкі, ашу, қайғы, құмарлық сезімдерін бөгейді. Кез келген эмоцияны басудың маңызды тәсілдерінің бірі демді кідіртіп шығару, ол көбінесе кеуде тұсында болады. Қабат дем алу арқылы, әсіресе толық демді алу арқасында босаңсытуға болады. Қол дәл соққы жасау, жұлу, қылқындыру, ұру үшін арналған.

5. Диафрагма. Бұған күн кеуде ортасы, әр түрлі ішкі мүшелер, төменгі омыртқалар бұлшықеттері. Қорғаныс қысымы омыртқаның алдыға қарай қисаю арқылы көрініс табады. Клиент жатқан кезде, арқының төменгі тұсымен жатқан жерінің арасында кеңістік болады. Демді шығару демді алуға қарағанда қиынырақ болады. Мұндағы қабат көбінесе ашуды бөгейді. Алғашқы төрт сегментті ашып алу керек, бұл құсу рефлексімен дем алумен жұмысы арқылы жүзеге асады (мықты блогі бар адамдар құсуға қабілетсіз болуы мүмкін).

6. Іш. Арқа мен іштің жалпақ бұлшықеттері кіреді. Белдегі бұлшықеттердің қысымы қорқыныш сезімімен байланысты. Бүйірдегі қорғаныс қабаты ашу мен ұнатпаушылықпен байланысты қытықтан қорқуды тудырады. Босаңсу жеңіл өтеді, егер де жоғарғы сегменттер ашылған болса.

7. Бөксе. Оған бөксенің бүкіл бұлшықеттері және аяқ бұлшықеттері кіреді. Неғұрлым қорғаныс қыртысы болса, соұрлым бөксе артқа қарай шығып тұрады. Бөксе регидті, ол «өлі» және сексуалды емес. Бөксе қабаты қозу, ашу және қанағаттануды басып тастайды. Қозу (немесе алаңдаушылық) сексуалды ляззатты басудан туындайды. Бөксе бұлшықеттердегі ашу толығымен кетпегенше бұл аймақта толығымен ляззат сезімін бастан кешу мүмкін емес. Бұл қысымды бөксе бұлшықеттеріне қысым өрсету арқылы, содан кейін аяқты сілку және бөксемен отырған жерді ұру арқылы босаңсытуға болады.

2.психологиялық кеңес берудің негізгі түрлері.

Психологияның кеңес түрлері:

1. Жеке тұлғалық кеңес –адамның жеке түлғалық қасиеттерін шешу мәселесін қарастырады. Псих. кенеске клиент өзінің жеке тұлғасындағы қасиет жағдайын шешу бойынша сұраныс жасайды.

Жеке тұлғаның қасиетте мінез, темперамент қабілет ерік жігер күші бойынша бағыттарды қамтиды. Психолог осы мәселелер бойынша алә кеңес мазмұнында қойылған сұрақтардың негізгі мәселелеріне карай шеше алуға талпынады. Әрбір адам осындай мәселе бойынша білуге келгенде психолог жан-жақты бағдарлай отырып,адамның жан-жақтылық қасиет ерекшілігін дұрыс жолғақарай бағыттай білуі тиіс

2. Жанұялық кеңес –бұл жанұя мүшелелерің,жағдайын,әрі қажетті мәселелерін шешуге орындайды. Бұл тұрмыстың жағдайдағы жанұя мүшелерінің өзара кейбір үйлесімсіз мәселелерінің болуынан психологиялық көмекті қажет етеді. Мұндай жағдайда психолог мәселелердің негізгі себебін іздестіруге талпыныс жасайды. Ата-аналардың арасындағы өзара келіспеушілік жағдай оның жанұясында,баласына тумаларына өз әсерін тигізеді.

3. Педагогикалық психология кеңес –бұл әрбір мәселені педагогикалық псих. тұрғыдан дұрыс шеше білуді қарастырауы. Психологқа бұл мәселе бойынша тәрбие және зерттеу жақтарын қамти білуді және балаларды олардың жеке тұлғалық жағдайларын зерттеу анықтауды қарастырады.Оқушыға дер кезінде тәрбие сапаларын меңгерте отырып қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру білуге үйрету көзделінеді. Психолог психологиялық педагогикалық кеңес беруде оқушының жан-жақты дамуына дұрыс бағытты бере білуі тиіс.

4. Іскерлік кеңес –бұл әлеуметтік және тұрмыстық өмірге адамның нақтиіс-әрекетпен шұғылдануынан көрінеді.Оның іскерлігі адамның талпынысынан, қабілеттілігінен, кызығушылығынан іспен шуғылдануынан оның талпынады психолог клиентке қиындықтан шыңдық бағыт жолын нұсқау айта отырып ұсынады.

                   19-билет


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: