double arrow

Жеке коррекция жумыстарында колданылатын адистер

3

Психокоррекция – бағыты индевидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне

психологиялық әсер ету болып табылады.

Жекелік коррекция жұмыстарында қолданылатын әдістер:

Көз жеткізу әдісі -клиенттің сын көз-қарастары арқылы, фактілерді логикалық негізде қорытындыға келтіру арқылы қайта санасына әсер ету.

Сендіре білу әдісі -мәселе сипатына қарай клиентті дауы ырғағының ықпалы арқылы, дене бітімінің күйі, жағдайды есепке ала отырып сендіруді жүзеге асыру.

Сұхбаттасу әдісі: ауызша түрде әлеуметтік-психологиялық ақпарат көмегіне сүйену.

Бақылау әдісі: клиентті мұқият тыңдап (колибровка) сыртқы және ішкі сезімін бақылай отырып талдауға әкелу.

Психологиялық қолдау көрсету: эмпатияны вербалды және вербалды емес деңгейде қарастырады.

Диалог әдісі жиі қолданылатын екі адам арасындағы ұқсастану (подскойка) деңгейінде қолданылады.

Ену немесе алып кету әдісі: санада (қимыл, ым-ишара, тыныс жолын, дауыс ырғағын біртіндеп қайталау) содан бейсанада қайталау қайталау арқылы сенімге ену, артынан өзіңмен мәселеге байланысты алып кету

 2. ІІБөгі психологиялық қызмет мазмұны.

Ішкі стер органдарындағы психологиялық қызмет көрсетудің мақсаты:

- қысым-таяң жағдайда қызметкердің психологиялық денсаулығын сақтау:

-кәсіби шеберлігін жоғарлату:

-қызметкер тұлғасын дамыту:

-қызметкердің жұмысқа деген қызығушылығын, дайындығын қалыптастыру т.б.

Психологтың негізгі міндеті:

-Қызметкердің тұрмыс және кәсіби барысында мәселесін, жағдайын анықтау. Одан әрі оны шешуге көмектесу мақсатында жекелік кеңес беру, мінез ерекшеллігін түзетуді ұйымдастыру.

-жекелік өсуін, мотивациясын нығайту. Қызметкердің оңды қасиеттерін қатайту мақсатында жүргізу.

-қызметкердің өзіндік менің қалпына келтіру, өзіндік бағалауын қалыптастыру.

Билет.

43.      Психологиялық кеңес берудің кезеңдері

Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.

Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты – психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау (мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау).

Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты – раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы – вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе. Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда жігерлендіру. Кезеңдік (подэтап) нәтижесі — консультативті болжамдарды қалыптастыру және раппортты орналастыру.

Жұмыс кезеңі. Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу мен трансфермен жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен сәтті жұмыс істеу шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі нәтиже. Позитивті және негативті контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі тиімділік. Контртрансфермен жұмыс істеу. 1referat.kz

Қорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері.

Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру

Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға  ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.

Психологтың кеңес алушымен алғашқы кездесу кезіндегі әңгімесі.

10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес алушы адам психологқа өзі туралы, өзін мазалап жүрген мәселесі туралы толық айтуы керек. Психолог зейін қоя тыңдайды. Психологиялық кеңес адамдарға психологиялық көмек берудің ең күрделі түрі. Кеңес алушы адамға өз проблемасын психологтың көмегінсіз шеше алатындай болғанға дейін беріледі.

44.      Психопрофилактикалық қызмет мазмұны

   Психолог әр жастық кезеңді есепке ала отырып, әр түрлі жастағы балаларға арналған дамытушы бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Бағдарламалар білім беру мен тәрбие жұмыстарында барлық жастағы топтың балаларымен, сол сияқты тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналармен де жүргізіледі. Ең бастысы – оқушылардың барлығына практикалық іс-әрекетті өздерінің қызығушылығын, қабілеттерін анықтауға, дамытуға және өзін білімнің барлық саласында байқап көруге мүмкіндік беру. Сондықтан да әрбір баланың танымдық сферасы мен іс-әрекетінің кеңейіп, өзіне «осы уақыттағы мәдіниеттің әсерін» сезінуге мүмкіндік туғызу керек. Дамытушы бағдарламалардың да негізгі мәне осында.

Психолог жасайтын дамытушы бағдарламалардың қамту аймағы өте кең, күрделі. Мұнда психолог баланың қоршаған ортасын, оған әсер ететін барлық жағдайларды; ойынды, оқу процесін, тәрбиелік іс-шараларды, қарым-қатынасты, театрға, табиғатқа баруды, спорттық секцияларды талдайды. Мұнда бұның бәрі баланы психикалық, тұлғалық дамуына қаншалықты әсер ететіндігін анықтайды.

Психолог баланың болашақтағы интеллектуалды және тұлғалық дамуында белгілі бір пайда болатын қиындықтарды ескеріп отыра алатын психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.

Психопрафилактикалық жұмыс- практикалық психологияда үлкен қажеттілігіне және үлкен қолданысына қарамастан аз өңделген аз қарастырылған психологиялық жұмыс болып есептеледі. психологиялық профилактикаға байланысты әр түрлі мәселелер америкалық әдебиеттерде көрініс тапқан. Психипрофилактикалық қызмет 3 деңгей арқылы жүзеге асырылады:

І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады. Психолог мектептегі барлық балалармен бірдей жұмыс істейді және олардың психикалық денсаулықтарын қамқорлыққа алады. Мысалы, 10 оқушының 10-ымен де бірдей жұмыс атқарады.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша мектеп психикалық денсаулықтың профилактикасы үшін ең оптималды жүйе болып табылады және мектеп психологтары өмірге осындай алғашқы прфилактиканы әкелген негізгі мамандар болып есептелінеді.

ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл «тәуекелшіл» деп аталатын топқа, яғни мәселелері жаңадан басталған балаларға бағытталаған. Екінші профилактика балалардың оқу мен мінез-құлқында ерте пайда болған қиындықтарды зерттейді. Бұның басты міндеті – балалар әлеуметтік немесе эмоционалды басқаруға көнбейтін жағдайларға жетпей бұл қиындықтарды жеңу. Мұнда психолог шамамен 10 баланың 3-уімен жұмыс істейді және көп жағдайда ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру формасында жүргізіледі.

ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты оқуда немесе мінез-құлқында мәселесі бар баламен жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – түзету немесе күрделі психологиялық қиындықтарды жеңу. Психолог 10 баланың 1-уімен жұмыс істейді.

І деңгейден ІІІ деңгейге дейін психолог қызметі жоспарға және қызметтің қамтамасыз етілуіне қатысьы бірте-бірте белсенді бола түседі.

Психопрфилактикалық іс-әрекеттің мәні – балалар мен оқушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын қорғап, күту. Олай болса, психопрофилактика – мектеп және мектепке дейінгі барлық жастағы балалардың психологиялық денсаулығын сақтауға, қорғауға және дамытуға бағытталған балалар психологының іс-әрекетінің арнайы түрі.

Билет

45. Психодиагностиканың қолданылу салалары

Психодиагностиканың көп жылғы дамуында психологиялық әдістемелерді қолданудың өзіндік сфералары пайда болды және бұлар жалпы психодиагностиканың басқа да салаларының пайда болуына әкелді. Жеке-психологиялық ерекшеліктер туралы ғылымның қалыптасу кезеңінде интеллект пен тұлғаны зерттеу әдістемелеріне қызығушылық туындап отырған кезде білім беру психодиагностикасы мен клиникалық психодиагностика атты салалары бөлініп шықты. Білім беру психодиагностикасында әртүрлі психологиялық әдістемелер кең қолданылып, психометриялық талаптарға жауап беретін тесттер тұлғаның қабілеттері мен қасиеттерін бағалап қана қоймай, оқу материалын игерудің тиімділігін өлшеу үшін (үлгерім тесттері) де қолданылады. Клиникалық психодиагностика – науқастың психикалық және соматикалық ауруларының пайда болуы мен жүру барысына әсер ететін жеке-психологиялық ерекшеліктерді (тұлғаның құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері, ауруына деген қарым-қатынасы, психологиялық қорғаныс механизмдері, т.б.) зерттеуге бағытталады. Клиникалық және білім беру психодиагностика салалрында да кең зерттеулер жүргізілген. Бұл аталған салалардан басқа кәсіби психодиагностиканы бөліп көрсетуге болады, диагностикалық әдістемелерді пайдалану арқылы кәсіби бағдар мен кәсіби таңдау жұмыстарын жүргізуге болады. Бұл салалар жалпы психодиагностиканың принциптеріне бағына отырып, оның дамуына үлкен әсер етеді.

Психодиагностикамен байланысты психология салалары мынадай:

1.Жалпы психология.

2.Салыстырмалы психология.

3.Даму психологиясы.

4 Психология бойынша практикум.

5.Мамандық таңдау.

Психологиялық диагностиканың негізгі қарастыратын мәселелері адамның психологиялық жағдайын,қажетін және тұлғаның ерекшелігін анықтау болып табылады.Оларға біріншіден ақыл-ой дағдыларын анықтау,екіншіден танымдық іс-әрекеттің ерекшелігін анықтау,үшіншіден ішкі жағдайлардың мазмұнын анықтау,төртіншіден жеке тұлғаның ерекшелігін анықтау болып табылады

46.Психогимнастика – бұл танымдық және эмоционалды жеке аймақты дамытуға және түзетуге бағытталған арнайы сабақтардың (жатттығулар мен ойындар) курсы. Бұл курста келесілерге басым көңіл бөлінеді:

- Айқын қозғалыс техника элементтерін үйрету;

- Эмоция мен жоғары сезімдерді тәрбиелеуде айқын қозғалыстарды қолдану;

- Өзіy – өзі таныстыру дағдыларын игеру.

Бұл әдістеменіңжалпы міндеті балалардың психикалық денсаулығын сақтау және эмоционалдық бұзылудың алдын алу. Психогимнастика курсынан өткен балалар соңында, құрдастарымен қарым – қатынасқа жеңіл түседі, өзінің сезімдерін жеңіл білдіреді. Басқалардың сезімдерін жақсы түсінеді, мінездің оң қыры қалыптасады, жүйке жүйесінің көріністері ысырылады.

Психогимнастика келесі жағдайларда қолданылады:

- Балалардың бойындағы қорқынышты жою;

- Мектепке баруға қорқу;

- Кіші және үлкен дәретті ұстай алмауымен байланысты бұзылулар;

- Эмоционалдық аймақтың бұзылуы;

- Тәртіп пен мінездегі қиыншылықтар;

- Психоматориканың бұзылуы;

Сабақ барысында қолданылады:

- Әр түрлі ойын түрлері;

- Еркін және тақырыптық суреттер;

- Музыка;

-Театрландырылған іс – әрекет элементтнрі.

Психогимнастика бойынша сабақ сызбасы:

I фаза: мимикалық және пантомимикалық этюдтар.

Мақсаты:жеке эмоционалдық жағдайлардың айқын көрінуі.

II фаза: Жеке мінез қырлары мен эмоцияларды айқындауға арналған этюдтар мен ойындар.

Мақсаты: әлеуметтік орта, олардың моральдық бағалауларынан туатан сезімдерді айқындау.

III фаза: психотерапевтік бағыттағы белгілі бір балаға немесе топқа арналған этюдтар мен ойындар.

Мақсаты: баланың жеке мінез қырымен көңіл – күйін түзету.

IV фаза: психо қозғалыстық жаттығу.

Мақсаты: психоэмоционалдық қысымнан босаңсу, жақсы көңіл – күй, мінез – құлық және мәнез қырларын игеру.

                      22 билет

47.Әлеуметтік психологиялық тренингті жүргізуші және қатысушы тұлғасы

Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында ЖҮРГІЗУШІ (ТРЕНЕР)мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

– жеке тұлғаны дамыту;

– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;

–қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;

– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;

– өзін-өзі және басқаларды толық тану;

– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады

48.Мектептегі психологиялық қызмет мазмұны

 Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.

Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты және қамқорлығы – ол оқушы, өзінің психикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу, жас жағынан, жыныстық және басқа жеке ерекшеліктерінің, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынастары мәселелерімен айналысу. Психологтың міндеті – әр балаға арналған, жеке, оның мүддесін, қабілетін, өзін-өзі тербиелеу және өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіншіліктерін дамытатын тәсілдерді табу. Ең бастысы – психолог және ата-аналардың бірлескен күшімен баланың ерекшеліктерін оның өмір сүру жағдайымен, оның тәрбиелену тарихын есепке ала отырып, түсінуге тырысу және осы негізде келешек жұмыстың бағдарламасын анықтау.

Мектептік психологиялық қызметтің негізгі мақсаты -оқушылардың толыққанды психикалық және жеке тұлға ретінде дамуына ықпал жасау. Негізгі міндеттері – оқушылардың оқу және тәрбие үрдісінде кездесетін нақты психологиялық мәселелерді шешу. Мектеп психологы жүмысының негізгі қағидасы – әр балаға жеке көзқараспен қарау: оның даму жолындағы қиындықтардың себебін және оларды жеңу жолдарын анықтау; оның мүддесін, мүмкіндігін,

қабілетін одан әрі дамыту мақсатында анықтау; мектептегі оқу жылдарының барысында жеке тұлғаны қалыптастыру.

Психологиялық қызметтің ең маңызды тиімді шарттары ол: әр жастағы оқушылардың даму мүмкіншіліктерін педагогикалық ұжыммен бірге жұмыс істей отырып, жүзеге асыру; әр жас кезеңіндегі оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде жеке ерекшеліктерін дамыту; мектепте балалардың дамуына қолайлы, нәтижелі, өзара жоғары қарым-қатынаспен, баланың жөне үлкендердің (мұғалімдердің, ата-аналардың), баланың және бала ұжымының, құрдастардың жақын қоршаған ортасымен өзара мейірімді іс-қимыл жасауымен, психологтың мектептің педагогикалық үжымымен өзара кәсіби іс-қимыл жасауымен анықталатын психологиялық климат құру.

Мектеп психологының жұмысы дәстүрлі түрде келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

диагностикалық жұмыс;

түзету-дамытушылық жұмыс;

кеңес беру-ағарту жұмысы.

Бүгінде мектеп психологының диагностикалық жұмысы келесі міндеттерді қарастырады: оқушылардың әлеуметтік – психологиялық портретін жасау; оқуда, қарым – қатынаста кездесетін қиындықтарды жеңу; психикалық өзін – өзі нашар сезінетін оқушыларға көрсетілетін көмектің жолдары мен түрлерін анықтау; оқушылардың оқу және қарым – қатынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен түрлерін таңдау.

Білім беру жүйесіндегі психодиагностикалық өзіндік принциптердің ерекшеліктері бар. Өйткені көптеген зерттеулерде ғылыми-зерттеу психодиагностикасы мен ғылыми-практикалық диагностиканы бір-бірінен ажырата білу қажеттігі айтылған.

Ғылыми-практикалық диагностика қоғамдық іс-тәжірибенің түрлі міндеттеріне, оқушылардың таным процестеріне дамыту міндетіне және мұғалімдердің жеке басының ізгіліктілік бағытын зерттеуге бағытталады. Осы тұрғыда алғанда себептерді диагностикалау-оқушылардың қабілеттерін дамыту мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігін айқындау міндеті және мұғалімдердің жеке басының ізгіліктік бағытын зерттеуге бағытталады.

Білім беру мекемелеріндегі психодиагностика педагогикалық мәселелермен тығыз байланысты бола отырып, педагогикалық ықпал етудің неғұрлым тиімді амалдары мен қолайлы психологиялық жағдай тудырудың жолдарын ұсынып отыр.

Мектептегі мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттеріне оқу процесі барысында оның соңғы нәтижелерін күтпей-ақ түзету жұмыстарын енгізу қажеттіліктері туындап отырады. Сондықтан мұғалім мен оқушының дара мүмкіндігін дамытудың амалын құрастыру қажет.

Мектеп психологының кеңес беру жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: оқушыларға кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, педагогтарға кеңес беру. Психологтың кеңес беру қызметі – психологиялық кеңес беру арқылы оқу, тәрбие және даму мәселелері жөнінде оқушыларға,

олардың ата-аналарына, педагог қызметкерлерге және басқа оқу үрдісіне қатысушыларға көмек көрсету.

                       23-билет

49.К.Юнгтың аналитикалық теориясы.

Жеке тұлғаның аналитикалық теориясы классикалық психоанализ теориясына жақын. Бұл бағыттың көптеген өкілдері Фрейдтің шәкірттері болды. Дегенмен, аналитикалық теория классикалық психоанализді дамытудағы жаңа, тамаша кезең болып табылады. Карл Юнг психоаналитикалық бағыттың көрнекті өкілі.Швеция психологы, психиатры. Психоанализдің аналитикалық психология деп атаған бағытының негізін қалаушы. Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес, ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұнын архетиптер құрайды. Архетиптер бұл адамның жағдайды белгілі бір түрде қабылдап, оған әсер етуін көрсететін туғаннан бастап қалыптасатын естеліктер мен идеялар. Жеке тұлғаны дамытудың негізгі көзі, Юнг туа біткен психологиялық факторлар деп есептеді. Адам ата-анасынан мирас ретінде бастапқы идеяларды «архетиптерді» алады. Кейбір архетиптер әмбебап, мысалы, Құдайдың идеялары, жақсылық пен зұлымдық және барлық халықтарға тән.

Архетиптер бастапқыда берілген негізгі идеялар.

Ұжымдық бейсаналық барлық туа біткен архитиптердің жиынтығы.

Архетиптердің негізгі мифологиялық мотивтер бар. Адам психологиясындағы ұжымдық бейсаналы сфераға, сондай-ақ тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді. Адам өз психологиясының ең терең қабатында жеке индивид болып қалмайды. Олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат психологиясымен бірігіеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады. Архетиптер қандай- да бір образ болып көрінеді. Архетипке тән «персона» «анимус».

«Персона» (маска) – ол белгілі бір әлеуметтік рөл және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ конформдылық архетип болып табылады.

«Анимус» (рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның өзінің ер адамменәйел адамның ретіндегі түсінігі.Әйел адамда маскулеттік мазмұнға ие. Юнг бойынша әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі,ал әйел адамда ер адам ретіндегі образ бар. Бұл образ бейсаналы болған,бұл реалды өмірде өзі таңдаған ер адамға проекцияланады.

Фрейд шәкірттерінің бірі - К.Юнг ұстазымен келісімге келе алмай бөлек бағытпен кеткен болатын. Оның себебі: Фрейдтің пансексуализм идеясында. Юнг өз жүйесін “аналитикалық психология” деп атаған.

Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді:сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы роль атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға әсер етіп, туылғанынан бастап өзін өзі қалай ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден тұрады, ұлттық, нәсілдік және жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық - біздің көне ата-тегіміздің ақыл-парасаты, олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары.

Ұжымдық бейсаналық жеке адамдарда архетиптер түрінде көрініс береді. Ондай архетиптер тек түстерде емес, шынайы шығармашылықтан да табылады. Архетиптер жеке адамдарға тән болғанымен оларда ұжымдық бейсаналық бейнеленеді. Архетип болып табылатын ойдағы елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың елеулі элементі, тіпті перцептивті бейнелер де кіреді. Мысалы, ананың архетипі- өз анасына ұқсатылған сезімтал және бейнелі мазмұны бар ана идеясы. Бұл архетипті бала ата-тегінен дайын күйінде алып, оның негізінде өз анасының нақты бейнесін құрады.

Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналық та бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл-ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін. Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері – сезімдер, ойлар және естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған (мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу -билік кешені болады). Юнг мұнымен қоса “Мен” ұғымын енгізген. Ол адамның біртұтастыққа және ауыз бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-теңдік орнайды. “Мен” әртүрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді адамдарды белгілі типтерге ажыратуға болады. Өзінің практикасынан ол адамдар екі қарама-қарсы болатын топтардан турады деп ажыратқан. Бұл айырмашылықтарды интроверсия пен экстраверсия деп атады. Интроверт –саны шектелген объектілерді қарастыруға қабілетті, үнемі оңашаланып жүретін сыртқы объектілерден аумақ болатын адам. Экстраверт керісінше көп объектілерді қамтиды, әртүрлі жағдайларға жеңіл ыңғайланатын қоршаған адамдармен ештеңеден қорықпай тез тіл табысатын адам. Бұл қасиеттерден басқа ғалым қарама-қарсы ой мен сезім деп көрсетті. Кез-келген адам интроверт немесе экстраверт, ойланғыш немесе сезімге сүйенгіш, интуитивті немесе нақты білгіш деп болжады.

50..Психопрофилактикалық қызметтің түрлері

Психопрафилактикалық жұмыс- практикалық психологияда үлкен қажеттілігіне және үлкен қолданысына қарамастан аз өңделген аз қарастырылған психологиялық жұмыс болып есептеледі. психологиялық профилактикаға байланысты әр түрлі мәселелер америкалық әдебиеттерде көрініс тапқан. Психипрофилактикалық қызмет 3 деңгей арқылы жүзеге асырылады:

І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады. Психолог мектептегі барлық балалармен бірдей жұмыс істейді және олардың психикалық денсаулықтарын қамқорлыққа алады. Мысалы, 10 оқушының 10-ымен де бірдей жұмыс атқарады.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша мектеп психикалық денсаулықтың профилактикасы үшін ең оптималды жүйе болып табылады және мектеп психологтары өмірге осындай алғашқы прфилактиканы әкелген негізгі мамандар болып есептелінеді.

ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл «тәуекелшіл» деп аталатын топқа, яғни мәселелері жаңадан басталған балаларға бағытталаған. Екінші профилактика балалардың оқу мен мінез-құлқында ерте пайда болған қиындықтарды зерттейді. Бұның басты міндеті – балалар әлеуметтік немесе эмоционалды басқаруға көнбейтін жағдайларға жетпей бұл қиындықтарды жеңу. Мұнда психолог шамамен 10 баланың 3-уімен жұмыс істейді және көп жағдайда ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру формасында жүргізіледі.

ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты оқуда немесе мінез-құлқында мәселесі бар баламен жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – түзету немесе күрделі психологиялық қиындықтарды жеңу. Психолог 10 баланың 1-уімен жұмыс істейді.

І деңгейден ІІІ деңгейге дейін психолог қызметі жоспарға және қызметтің қамтамасыз етілуіне қатысьы бірте-бірте белсенді бола түседі.

Психопрфилактикалық іс-әрекеттің мәні – балалар мен оқушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын қорғап, күту. Олай болса, психопрофилактика – мектеп және мектепке дейінгі барлық жастағы балалардың психологиялық денсаулығын сақтауға, қорғауға және дамытуға бағытталған балалар психологының іс-әрекетінің арнайы түрі.

                     24-билет

51.    1.Адлердің индивидуалдық психологиясы

Адлер өз теориясына «Индивидуалды психология» деген атау берді, себебі латынша «individuum», «бөлінбейтін» - яғни бөлуге болмайтын ағзаны білдіреді. Индивидуум өзінен ми мен дене арасындағы қатынастағы, сондай-ақ психикалық өмір қатынасындағыдай бөлінбейтін бүтін ретінде көрсетеді. Адлердің пайымдауынша, индивидуалды психологияға деген басты талап бұл бірлікті әрбір индивидуумде: оның ойлауында, сезімдерінде, әрекеттерінде, тұлғаның әрбір көрінуінде дәлелдеуден тұрады. Өзара келісетін және бүтін тұлға құрылымын Адлер өмір стилі деп анықтайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  


3

Сейчас читают про: