double arrow

Индивидуалды психология: негізгі концепциялар мен принциптер.

4

Аддлер жеке тұлға теориясының басты мақсаты – терапевтер үшін үнемді және пайдалы бағыттаушы ретінде қызмет атқару деп есептеді. Ол Фрейдқа қарағанда, жеке тұлғаның өте үнемді теориясын құрды, барлық теориялық құрылымның негізінде қосымша концепциялар мен принициптердің шектеулі көлемі жатыр. Соңғыларын, 7 бөлімге бөлуге болады:

1) кемшілік пен конпенсация сезімі;

2) жетістікке ұмтылу;

3) өмір стилі;

4) әлеуметтік қызығушылық;

 5) шығармашылық «Мен»;

 6) туу реті;

Кемшілік және конпенсация сезімі.

Кемшілік комплексі және оның ағымдары. Адлер кемшілік сезімі өз бастамасын балалық шақтан алады. Ол мұны келесі жолмен түсіндіреді: бала тәуелділіктің ұзақ кезеңін өтеді, бұл кезде ол өте әлсіз және өмір сүру үшін ата-аналарға сүйенуі керек. Адлердің тұжырымдауынша, жетістікке ұмтылу адам өміріндегі негізгі мотивациялық күш пайда болады. Кемшілік сезімі әртүрлі себептермен кейбір адамдарда қатты асқынып кетеді. Нәтижесінде кемшілік комплексі - өзінің әлсіздігін асыра сілтеу сезімі пайда болады. Адлер балалық кезде сезінетін қиналудың үш түрін ажыратады: дене мүшелерінің кемшілігі, аса өбектеу және ата-аналар тарапынан теріс айналу. 1-ден, туғаннан физикалық кемшілігі бар балаларда психологиялық кемшілік сезімі дамуы мүмкін. Екінші жағынан, ата-аналары қатты еркелететін балалар өз қабілеттеріне сенімсіз болып өседі. 3-ден ата – анлардың теріс айналуынан балалрада кемшілік сезімі өзінің қажетсіз екендігінен сезіну себебінен туындайды. Көріп отырғанымыздай, балалық шақтағы әрбір қиналулардың үш түрінен ересек шақта невроздың пайда болуында маңызды роль атқаруы мүмкін.




Алайда, индивидуалды кемшілік сезімі пайда болғанға жауап ретінде, гиперконпенсация пайда болуы мүмкін және осылайша, Адлер айтқан жетістік комплексі дамиды. Бұл комплекс өзінің физикалық, интеллектуалды немесе әлеуметтік қабілеттерін асыра сілтеу тенденциясында көрінеді. Кез келген жағдайда гиперкомпенсация тәсілі өзімен тұрақты кемшілік сезімін жеңумен ұмтылуды асыра сілтеуді көрсетеді. Сәйкесінше, жетістік кемшілігіне ие адам, әдетте, мақтаншақ, еркөкірек, эгоцентритті көрінеді.

Жетістікке ұмтылу.

Адлер өмірінің соңғы жылдарында жетістікк ұмтылу адам өмірінің фундаментальды заңы болып табылады: бұл «адам өмірін онсыз елестету мүмкін емес». Адлер айтқандай, жетістікке ұмтылу туа пайда болған және бірақ біз одан бас тарта алмаймыз, себебі, бұл ұмтылу өмірдің өзі болып табылады.



Өмір стилі.

Өмір стиліне сәйкес келетін, алғашқы үш адлерлік қағидалар типі – бұл басқару, алу мен қашу. Қосымша тип (төртінші) – әлеуметтік пайдалы.

-Басқарушы тип. Өз-өзіне сенімді және қуатты адамдар. Олар белсенді, бірақ әлеуметтік жағынан емес. Жас заң бұзушылар мен нашақорлар – Адлер бойынша басқарушы типке жататын, адамдардың екі мысалы.

-Алушы тип. Аты көрсетіп тұрғандай, мұндай қағидасы бар адамдар сыртқы әлемге паразитті және өз қажеттіліктерінің көпшілігін басқаларының есебінен қанағаттандырады. Оларда әлеуметтік қызығушылық жоқ. Олардың өмірдегі басты мақсаты – басқалардан көп алу.

-Қалушы тип. Бұл адамдарда өз мәселелерін шешуге қажетті әлеуметтік қызығушылық, белсенділік те жоқ. Олардың мақсаты өмірдегі барлық проблемалардан қашу болып табылады және сондықтан да олар сәтсіздік мүмкіндіктерін болжайтынның барлығынан қашады.

-Әлеуметтік – пайдалы тип. Адамдардың бұл типі – Адлер көзқарастарының жүйесіндегі жетілу. Мұнда әлеуметтік қызығушылық пен белсенділіктің жоғарғы деңгейі біріккен көмек көрсетеді және олармен қарым- қатынас жасауға қызығады.Ол үш негізгі өмірлік міндеттеді, жұмысты, достықты және махаббатты – әлеуметтік проблемалар ретінде қабылдайды. Бұл типке жататын адам бұл өмірлік міндеттерді шешу серіктестікті, жеке қажырлықты және басқаларға көмектесуді талап ететінін сезінеді.



Әлеуметтік қызығушылық.

Адлердің индивидуалды психологияда шешуші мәнге ие тағы бір концепция – бұл әлеуметтік қызығушылық. Әлеуметтік қызығушылық концепциясы адамдардың әлеуметтік жандар екендерін сезінуді кқрсетеді және біз өзімізді терең түсінгіміз келсе, онда біздің басқа адамдармен қатынасымызды кең – әлеуметтік – мәдени контекстте қарастыруымыз керектігін бейнелейді.

Әлеуметтік қызығушылық әлеуметтік ортада дамиды. Басқа адамдар – ең алдымен ана, ал кейін отбасының басқа мүшелері оның даму процесін жетілдіреді.

Шығармашылық «Мен».

Шығармашылық «Мен» концепциясы адлерлік теорияның басты құраушы, оның персонолог ретіндегі жоғарғы жетістігі болып табылады. Адлердің айтуы бойынша, өмір стилі тұлғаның шығармашылық қабілеттері әсерінен қалыптасады. Басқаша айтқанда, әрбір адамның өзінің өмір стилін еркін құруға мүмкіндігі бар. Адамдар кім болғандарына және өздерін қалай ұстауларына өздері жауапты. Бұл шығармашылық күш адам өмірінің мақсатына жауап береді, бұл мақсатқа жету әдісін анықтайды және әлеуметтік қызығушылықтың дамуына септігін тигізеді. Осы шығармашылық күш қабылдауға, есті сақтауға, қиялға және түске әсер етеді. Ол әрбір адамдарды еркін индивидуум етеді.

Туудың реттілігі.

Адлер бойынша баланың отбасында туу реттілігі шешуші мәнге ие.

-Бірінші бала (үлкен бала). Адлерге сәйкес бірінші баланың жағдайн ол отбасында жалғыз болғанға дейіін қызығарлық деп есептеуге болады. Бірінші ата-аналарынан шексіз махаббат пен қамқорлықты алады. Бірақ бұл мәселе бала туғанға дейін ғана жалғасады. Бұл жайдай баланың жағдайын және оның өмірге деген көзқарасын күрделі өзгертеді.

-Үлкен бала кіші бауыры немесе сіңілісі ата-ананың мейірімділігіне ие болғанын көргенде, өз орнын қайтарып алғысы келеді. Бірақ бұл сәтсіздікке әкеледі, өткенді қайтаруға болмайды. Мұндай күресте бірінші бала оңаша қалуға үйренеді және жалғыз өмір сүру стратегиясын меңгереді. Адлер болжағандай, үлкен бала отбасында, әдетте, консервативті, билікке ұмтылады және жетекшілікке жақын. Сондықтанда ол отбасылық қағидалар мен моральдық ұстанымдардың сақтаушысы болады.

-Жалғыз бала. Адлердің есептеуінше, жалғыз баланың ролі ерекше. Ол көбінесе анасының бақылауында болады және басқалардан да осындай көмекті күтіп тұрады. Бұл өмір стилінің басты ерекшелігі тәуелділік пен эгоцентризім болып табылады. Мұндай бала жастайынан отбасы өмірінің негізі болады. Бірақ кейінірек ол оянады және өзінің назарда еместігін сезінеді. Жалғыз бала ешқашан өз орнымен ешкіммен сөйлеспеген және күресуге қабілетті емес. Нәтижесінде онда өз құрбыларымен қиындықтар жиі болып тұрады.

-Екінші (ортаңғы) бала.екінші балаға басынан өзінің үлкен ағасы немесе әпкесі ырғақ береді: жағдай оған үлкен сиблингтің жетістіктерінен асып түсуге итермелейді. Осының көмегімен, оның даму деігейі үлкен балаға қарағанда аса жоғары болмақ. Нәтижесінде екінші бала бәсекеге ұмтылушы болып өседі. Сонымен, ортаңғы балаға жетістікке ұмтылу тән.

52.      2.Психологиялық кеңес берушіге қойылатын талаптар

Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар:

- Психолог-кеңес беруші өзінің клиентке берген ұсыныстарына толық жауапкершілікте болуы керек.

- Психолог-кеңес берушінің практикалық қызметі моральді этикалық және заңгерлік негіздерге сүйенілуіі керек. - Психолог-кеңес беруші қызметі адамгершілік мақсаттарға және клиенттің интелектуалды және тұлғаның даму жолындағы кедергілерді жоюға, көмектесуге бағытталады.

- Психолог-кеңес беруші өзінің жұмысын клиенттің жеке тұлғасын, құндылықтарын сыйлау арқылы жүзеге асырылады. Психолог-кеңес беруші адамгершілік құқықтарды сыйлауы керек.

- Клиентпен жұмыс барысында психолог-кеңес беруші шыншылдық пен ашықтық принциптерін басшылыққа алады. Сонымен қатар ол өзінің берген ұсыныстарында өте сақ болуы қажет.

Кеңес беру психологиясы практикалық психологияның түрі ретінде алдына мынадай мақсаттар қояды:

1. Клиентте пайда болған проблемаларды оперативтік тұрғыда шешу. Адамдар көмекті қажет ететін,тығырықтан шыға алмайтын жағдайға көп түсіп жатады. Сол жағдайда клиент психолог-консультанттың алдында көп күш жұмсап, уақытын көп алуға болмайды. Жалпы ауыр проблемаларды шұғыл деп атайды. Осындай кезек күттірмес, шұғыл проблемаларға тез арада психологиялық көмек көрсету, яғни ауызша кеңес білу немесе проблемасын шешу ауыстырылмайды. Мысалы, бала мен ата-ана арасында маңызды проблеманың болуы мүмкін, сол кезде олар өзара қарым – қатынас ұйымдастыра алмайды. Бұл балаға физикалық және психологиялық жағынан да зиян болады.

2. Психолог-консультант өзінің жоғары психологиялық біліміне сүйене отырып клиенте туындаған сұрақтарғаа толықтай жауап іздеуі және өзінің проблемасына басқа адамдардың араласуына жол бермей, өзінің шығуын қамтамасыз етуі керек. Психолог тек кеңес, бағыт қана береді.

3. Клиентке көмек беру кезінде психолог-консультант клиентке ішіндегі жағымсыз эмоцияларын сыртқа шығаруға көмектесуі керек және ол тек психолог пен психотерапевт алдында ғана емес, жеке өзара іс-әрекетте де шығара білуі қажеттігін ескертеді.

4. Клиентте өзінің проблемасына деген дұрыс түсінік қалыптасқан кезде, бірақ толықтай дұрыстығына көзі жетпесе, онда психолог-консультант клиентке кәсіби және моральді көмек беріп, өзіне толықтай сенім қалыптастыру керек. 5. Клиентпен жұмыс кезінде психолог тек кеңес берудің ғана қажеттілігімен шектелмей, психокоррекциялық және психотерапиялық көмектің де жеткілікті түрде проблемесын шешуде оңтайлы көмек болатынын түсіндіруі керек.

Билет

1.Классикалық психоанализ

Зигмунд Фрейд (6 мамыр 1856 жыл, Фрайберг, Австрия — 23 қыркүйек 1939 жыл, Лондон) — Австрия психологі, психиатрі және неврологі. Психоанализ ілімінің негізін қалаушы.

Психоанализдің негізін салушы австрия психиатры З.Фрейд.Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең тараған теориялардың бірі – фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген бір қатар теориялар пайда болған. Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриердегі (Париж) атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және Нансидегі Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-жûëäûң басында Й.Брейермен біріге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору интерпретациясын, еркін туыдайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд психоанализ тәсілі деп атап, оны психотерапияның жаңа техникасына баламалаған.

Мінез-құлық мәселесін қарастыра отырып Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Қоршаған орта осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қарсылығын білдіріп, бөлектегеніне қарамастан ол екеуі сананың “цензурасынан” өтіп, символдар түрінде көрініс береді. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид (“Ол”), эго (“Мен”) және супер-эго (“Жоғарғы-мен”).

Фрейдтің ойынша түрлі іс-әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің (сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б.) бөлек жүйесі бар.

Психиканы динамикада қарастыра отырып, З.Фрейд сана, сана алды және бейсаналылықтың арасында үнемі қозғалыстар, өзара әрекеттер, конфликтілер болады деді. Санадан ыңғайсыз, қабылданбайтын тілектер, қабылданбайтын еске түсірулер ығыстырылады. Сана қоршағандар негативтің бағалаған ұмтылуларды басып тастайды, олар бейсаналыққа өтеді, санада көріну жағдайы туғанға дейін сонда өмір сүреді.

Фрейдизм жеке адамның жан төркiнiн, дамуын иррационализм (саналы дəлелi жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы əрекетке тiкелей қарсы қоюмен дəлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есi ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсiндiруге бағытталған бұл iлiм кейiн адам жөнiндегi жалпы тағлимат дəрежесiнде ұсынылды. Фрейдизм iлiмiнiң негiзгi сарыны: адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың iшiндегi ең бастысы либидо (жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау əлеуметтiк ортада тiршiлiк сақтау қажеттiгi арасындағы мəңгi өшпес келiспестiк пен арпалыста дамиды, қалыптасады.\

Австриялық дәрiгер - психиатр және психолог З.Фрейд адам өмiріндегi үлкен рөлдi балалық жылдарына пұлдады. Адамның мiнез-құлығының қалыптасуы балалық шақтағы өткен өшпейтiн ізге тікелей байланысты деп қарастырды. Балалық шақ, З.Фрейд бойынша, бiрнеше кезеңдерге жiктеледi:

 Ол алғашқы үш кезеңдер прегениальды депатады: (оральная, анальная, фаллическая) ауыз, көтеншек, фаллиялығы. Олар 5 жылдарға дейiн жаратылысты жас шамаларын қамтиды. Төртiншi, генитальды, өз дамытуындағы фаза жыныс жетілуі уақытпен дәл келедi.

З.Фрейд тұлға туралы психологиялық ілімге маңызды ықпал еткен, басқа модельді ұсынды. Онда тұлға 3 компоненттен тұрады және олар терминдермен белгіленеді деп тұжырымдалған: «Ид» (ол), «Эго»(мен) және «Супер-эго»( меннен жоғары).

Тұлғаның құрылымы З.Фрейд бойынша басқаша берілді: «Ид» төменгі инстанция, бейсаналы біріншілей қажеттіліктерді орналастырады, қанағаттану принципіне бағынады. Қанағаттану принципі психикалық өмірді реттеуші болып табылады, ол қанағаттануға ұмтылу мен қайғыларды жоюмен көрінеді.

«Ид» ─ инстинктерді тасымалдаушы: ол санадан тыс және иррационалды бола тұрып, рахаттану ұстанымына бағынады.

«Супер эго» «үстіде» орналасады, жоғарғы инстанция болып табылады, біріншілей қажеттіліктерде көрінетіндерді шектейді. «Супер эго» бейсаналық инстанция, мінез-құлық цензурасы, бастан өткен әсерлер.

 «Супер-эго» ─ рухани стандарттарды тасымалдаушы. Бұл сыншы және цензор рөлін атқаратын тұлға бөлігі.

«Эго» ─ шынайылық ұстанымына бағынады, сыртқы әлемнің ерекшеліктерін, оның қасиеттері мен қатынастарын ескереді.

«Эго» психикалық өмірдің ұғынылған жағы, реалды өмір шарттарын бағдарлануды береді, «супер эго» талабын және «ид» тілектерімен келісуге ұмтылады. «Эго» негізінде жатқан реалдылық принципі тілектерді қанағаттандыру барысындағы реалды болмысты ескеретін бағдарлануды көрсетеді.

Егер Эго Ид-ке тиімді, ал Супер-эго-ға қарсы әрекет жасаса немесе шешім қабылдаса, ол өзін кінәлі сезініп, ұялып, өзін-өзі жазалайды.

 Эго-ға қоятын әр түрлі инстанциялардың –Ид және Супер-эго ─ талаптары ұқсамайтындықтан, ол үнемі келіспеушілікте болады. Мұндай жағдай төзгісіз күштеу тудырады.

 

Бұл күштеуден Эго арнайы «қорғаныс механизмдері»─ ығыстыру, сублимация және т.б. арқылы құтылады.

2.Практикалық психологияның қолданылу аймағы.

Практикалық психология - психологиялық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өңдеу жолдарын анықтайтын психологиялық ғылымдардың бір саласы. Психологиялық қасиеттерді зерттеу өте күрделі процесс. Оның барысында көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, әр адамның психикалық қасиеттерін, күй-жағдайларын, таным процесстерін зерттеп, олардыің даму

деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге психикалық қасиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т.б. жәрдемді ұйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді.

 Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуында. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық білімді беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады..

Практикалық психологияның қолданылу аймағы:

-клиникалық психология

-сот психологиясы

-әлеуметтік психология

-мчс, -мектепке дейнгі орындардағы псхқ

-ііоргандарындағы

Билет

1: Психокоррекция қызметінің негізгі ұстанымдары

Психокоррекция – бағыты индевидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас және дара психологиялық ерекшелігіне (танымдық, эмоционалды – еріктік, қалыпты мінез-құлық және қасиеттеріне ) қарай жүретін қалыпты үрдіс.

Психологиялық коррекция – баланың әлеуетті мүмкіншілігін ынталандыру мен дамытуға бағытталған әдістер жиынтығы Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негіге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығуларын қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.

Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталды, тура аудармасы «исправление-түзету» деген мағынаны береді... Психолог жеке тұлғаның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жопарын жасап, оны жүзеге асырады. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен бірігеотырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады. Р.С. Немовтың пікірінше «психокоррекция » ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсе ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:

1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау.

2. Балада іс-әрекет түрлерін дамыту.

3. Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптасытыру.

Психокоррекцияның негізгі міндеттері:

Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлық өрістер бірге қарастырылып, субъектінің мәдени және жас ерекшелігі ескере отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.

Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелігіне сипаттама:

• психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі;

• мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстар жүргізерде, психикалық саулығы міндетті түрде ескеріледі;

• психокоррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады;

• орта мерзімде көмек беруге бағытталады (психологиялық көмек индивидті қабылдау 15-реттен аспайды);

• психологтың жұмыс жоспары индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады;

• әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.

Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты– баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.

 

Психокоррекциялық мақсат 3 бағытқа негізделеді:

1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау;

2. Балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту;

3. Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру;

Психокоррекциялық бағдарлама құрудың түрлері:

- коррекцияның жалпы моделі сабақ жүктемесін құрастыруда баланың жеке бас дамуы жағдайы, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастары ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады.

- коррекцияның типтік моделі тәжірибеге негіз етіп, түрлі жетекші іс-әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру.

- коррекцияның жеке моделі баланың жеке психикалық дамуын, қызығушылығын, білімін және мәселелелрінің түрлерін белгілеу.

- стандартты бағдарламада: қажетті құрал-жабдықтар, қатысушыларға қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар.

- еркні бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.

2.Психобилдинг туралы түсінік

 



4




Сейчас читают про: