АИВ инфекциясы кезіндегі Т4/Т8 коэфициенті

А. жоғарылайды

Б. өзгермейді

В.+ төмендейді

Г. бастапқыда төмендейді,кейінірек жоғарылайды

Д. бастапқыда жоғарылайды, кейінірек төмендейді

680. АИВ РНК тізбегі... көмегімен ДНК құрылады.                     

А. протеаза

Б.+ кері транскриптаза

В. ДНК-аза

Г. гиалуронидаза

Д. РНК

681. Балалардағы АИВ-инфекциясының патогенезінің иммунологиялық ерекшелігі сипатталады:

А.+ иммунитеттің В-жүйесінің ерте жетіспеушілігі

Б. иммунитеттің Т-жүйесінің ерте жетіспеушілігі

В. иммунитеттің Т және Вжүйесінің бірдей жетіспеушілігі

Г. нейротропты штаммдардың санының басымдылығы

Д. басымырақ тимустың зақымдануы

682. АИВ инфекцияның жасырын кезеңі... созылады.                                                 

А. 10-21 күн

Б. 1-2 жыл

В.+ 1-6 ай.

Г. 3-10 жыл

Д. 3-12 ай.

683. Жасырын кезеңдегі АИВ-ның ДНҚ-сы анықталады:                                          

А. ИФА

Б.+ ПТР

В. КБР

Г. АР

Д. ТГАР

684. ЖИТС-индикаторлы аурулардың бірінші тобындағы СД4-лимфоциттердің мөлшері:   

А.+ 1 мкл 200ден төмен

Б. 1 мкл 1000 төмен

В. 1 мкл 500ден төмен

Г. 1 мкл 2000 төмен

Д. 1 мкл 400ден төмен

685. АИВ-инфекциядағы лимфатикалық бездер:           

А. қозғалмалы, ауырады, терісі өзгермеген

Б. қозғалмайды, эластикалық, ауырады, терісі өзгермеген

В. қозғалмалы, эластикалық, ауырады, терісі қызарған

Г. қозғалмайды, ауырмайды, терісі өзгермеген

Д.+ қозғалмалы, эластикалық, ауырмайды, терісі өзгермеген

686. АИВ-инфекция кезіндегі скрининг зерттеу әдісіне жатады:                  

А. ПТР

Б.+ ИФА

В. иммуноблотинг

Г. КБР

Д. ТГАР

687. АИВ-инфекция кезіндегі «вирусты жүктеменің» анықталуы жүреді:     

А. ТГАР

Б. ИФА

В. КБР

Г.+ ПТР

Д. ТЕГАР

688. Кері транскриптаза ингибиторларының препараттары:                       

А.+ провирусты ДНҚ синтезін бұзады

Б. зақымдалған жасушалардағы вирусқа әсер етеді

В. вириондардың көбеюін тоқтатады

Г. препараттарға қоздырғыштардың резистенттілігін төмендетеді

Д. жаңа вирусты бөліктердің құрылуын тоқтатады

689. Протеаза ингибиторларының препараттары:                                                                                       

А. провирусты ДНҚ синтезін бұзады

Б. зақымдалған жасушалардағы вирусқа әсер етеді

В.+ вириондардың көбеюін тоқтатады

Г. препараттарға қоздырғыштардың резистенттілігін төмендетеді

Д. жаңа жасушалардың залалдануын тоқтатады

690. АИВ-мен залалданған балада жөтел, субфебрильды деңгейге дейін дене қызуының көтерлуі, дене салмағының төмендеуі, лимфаденопатия, тәбеттің төмендеуі дамыған жағдайда қандай аурулардың дамығаны туралы түсінуге болады:                                                        

А.+ туберкулез, пневмоцисты пневмония, токсоплазмоз

Б. кандидозды пневмония, ЦМВИ, ұшықты инфекция

В. саркома Капоши, кандидозды эзофагит

Г. кандидозды эндокардит, ЦМВИ пневмония, токсоплазмоз

Д. бейарнамалы бактериальды инфекциялар, кандидозды сепсис

691. Жұқпалы аурулар ауруханасына 4 жасар АИВ-мен залалданған бала әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының 39,0оС-қа дейін жоғарылауы, ентікпе, ұстама тәрізді жөтел шағымдармен түседі. КҚМ-нің R-графиясында: екіжақты майда ошақты көлеңкелер. Зерттеу жоспарын құрыңыз.                                           

А. вирусологиялық зерттеулер, ПТР

Б. тері-аллергиялық сынама, бактериологиялық зерттеу

В. жалпыклиникалық анализдер, ИФА

Г.+ ПТР, серологиялық зерттеу, микросопия

Д. УДЗ, ПТР, тері-аллергиялық сынама

692. Жұқпалы аурулар ауруханасына 6 жасар АИВ-мен залалданған бала әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының 39,0оС-қа дейін жоғарылауы, жұтынудың қиындауына, сүзбе тәрізді жабындылардың бөлінуімен жиі құсу шағымдармен түседі. Қандай аурудың дамығаны туралы түсінуге болады.   

А. кандидозды энтероколит

Б.+ кандидозды эзофагит

В.. кандидозды пневмония

Г. кандидозды стоматит

Д. кандидозды эндокардит

693. Жұқпалы аурулар ауруханасына 5 жасар АИВ-мен залалданған бала аурудың 8-ші күні жалпы әлсіздік, дене қызуының 39,0оС-қа дейін жоғарылауы, сұр түсті қақырықпен жөтелге, кеуде аймағының ауырсынуына шағымдармен түседі. Антибиотикотерапиядан тиімділік байқалмады. Қандай аурудың дамығаны туралы түсінуге болады.                                         

А.+ кандидозды пневмония 

Б. кандидозды энтероколит

В. кандидозды эзофагит

Г. кандидозды стоматит

Д. кандидозды эндокардит

694. 14 жасар балада ұзақ уақыт дене қызуы жоғарылаған, 2 ай бойы лимфоаденопатия, жай герпестің көріністері, 2 апта бойы нәжісі тұрақсыз, сүйық. Соңғы 1 жылда 3 рет пневмониямен ауырған. Наркодиспансерде бақылауда тұрады. Бірінші қандай лабораториялық тексеруден өткізу керек.

А. ИФА ЦМВ-қа

Б. ИФА герпестік инфекцияға

В.+ ИФА АИВ инфекцияға

Г. ИФА токсоплазмозға

Д. ИФА иерсиниозға

695. Жас өспірімде АИВ инфекциясы дәлелденген, дене салмағын тез жоғалтуда 20%, дене қызуының жоғарылауы 2 ай бойында, дессеминирленген орама герпес, соңғы 2 аптада жалпы жағдайының тез нашарлауы – әлсіздік, ұстамалы жөтелі пайда болды, ентігу. Өкпе рентгенограммасында – өкпе тінінің торлануы анықталды. Қандай ем қолданған тиімді болады.

А. Антиретровирусты терапия, пенициллин, ацикловир, тималин

Б.+ Антиретровирусты терапия, бисептол, ацикловир, цефазолин

В. Антиретровирусты терапия, пенициллин, бисептол, декарис

Г. Антиретровирусты терапия, преднизолон, ацикловир, декарис

Д. Антиретровирусты терапия, пенициллин, преднизолон

696. 13 жасар бала, Шымкент қаласының тұрғыны. Бір жыл бұрын жарақаттануына байланысты көптеген иньекция және көп мөлшерде гемотрансфузия қабылдаған. Субфебрилитет, жиі ерніндегі герпетикалық бөртпе, тершеңдік, соңғы жарты жылда дене салмағының төмендеуі. Қарап тексергенде: ауыз қуысының кандидозы, бауырының және көк бауырының үлкеюі, лимфоаденопатия. Болжам диагноз:

А. Созылмалы вирусты гепатит

Б. Дисбактериоз

В.+ Жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік синдромы

Г. Энтеровирусты инфекция

Д. Жұқпалы мононуклеоз

697. ЖИТС-пен ауыратын науқастарға тағайындалады:

А. риодоксол

Б.+ азидотимидин

В. амфотерицин

Г. фансидар

Д. сифлокс

698. АИВ-инфекциясының патогенезіндегі негізгі орын алатын вирус қасиеті:

А. инфицирленген клеткаларда пролиферативті өсуді тудыруы

Б.+ хелпер лимфоциттерін талқандауы

В. эритроциттерді талқандауы

Г. IgE секрециясын белсендіруі

Д. шартты-патогенді флораның өсуін тежеуі

699. Анамнезінде қан құю болған балада, соңғы 2 ай бойы әлсін-әлсін субфебрилитетті температура, тұрақты емес диареялық синдром болатындығы және тұрақты лимфаденопатия барлығы анықталған. Ең бірінші қандай зерттеу әдісі жүргізілуі керек:

А. РПГА - иерсиниоз диагностикумымен

Б. ИФА - лептоспироз диагностикумымен

В. ИФА - листериоз диагностикумымен

Г. РПГА - шигеллез диагностикумымен

Д.+ ИФА - АИВ диагностикумымен

700. Жүктіліктің 22 аптасында, жүкті әйелден АИВ-қа қарсы антидене табылған.Жүкті әйелге қандай кеңес берген дұрыс деп ойлайсыз?

А. жүктілікті тоқтату

Б.+ арнайы химиялық сақтандыру шараларын жүргізу керек

В. ешқандай шаралар жүргізілмейді

Г. антибактериалды терапия тағайындалады

Д. витамин терапиясы тағайындалады

701. АИТЖ инфекциясымен баланы жұқтыру жолы:

А. ауа-тамшылы

Б. тағамдар арқылы

В.+ антенатальды

Г. трансмиссивті жолмен

Д. фекальды-оральды жолмен

702. Вирусты гепатит деген диагнозбен аурханаға түскен нашақор – жасөспірімде тексеру барысында ауыз қуысының кандидозы және пневмоцистті өкпенің қабынуы табылды. Қандай алдын алу диагноз қою керек?

А. екіншілік иммуножетіспеушілік

Б. микст-инфекция: ВГ+ ауыз қуысының кандидозы

В. микст-инфекция: ВГ+ пневмоцистті өкпе қабынуы

Г.+ АИВ - инфекция

Д. ВГ, кандидозбен және пневмоцистозбен асқынған

703. Вирусты гепатит деген диагнозбен аурханаға түскен нашақор – жасөспірімде тексеру барысында ауыз қуысының кандидозы және пневмоцистті өкпенің қабынуы табылды. Ауруға ең алдымен қандай ауруға тексеру өткізу керек:

А. пневмоцистоз

Б.+ АИВ инфекцияға

В. мерезге

Г. токсоплазмозға

Д. хламидиозға

704. Жүктіліктің 5-ші айындағы әйелде АИВ-ке қарсы қанында антиденелер табылған. Әйелге қандай нұсқаулар беру керек:

А. міндетті түрде жүктілікті тоқтату

Б.+ арнайы вирусқа қарсы ем жүргізу

В. ешқандай шаралар жасалынбайды

Г. антибактериалды терапиялық курсын жүргізу

Д. витаминотерапия курсын жүргізу

705. Балаға 3 жас, дәрігерге қаралуға келді. Қарау кезінде қылыш тәрізді тізе, ерін айналасында радиальді тыртықтар, жамбас тәрізді бас, имбецилділік белгісі, паренхиматозды кератит, кереңдік, гетчинсон тістері, Диагноз қойыңыз?

А. ерте туа пайда болған мерез

Б.+ кеш туа пайда болған мерез

В. Туа пайда болған листериоз

Г. Туа пайда болған токсоплазмоз

Д. туа пайда болған қызамық

706. Балаға үш жас, Дәрігерге қаралуға келді. Қарау кезінде қылыш тәрізді тізе, ерін айналасында радиальді тыртықтар, жамбас тәрізді бас, имбецилділік белгісі, паренхиматозды кератит, кереңдік, гетчинсон тістері. Диагнозы кеш туа пайда болған мерез. Ауруды жүргізу тактикасы?

А. 1-2 емдік курс 

Б. 2-4 емдік курс 

В. 5-6 емдік курс 

Г.+ 6-8 емдік курс 

Д. 8-10 емдік курс

707. Листериозды жұғу көзіне байланысты жатқызамыз:

А. антропонозды инфекция

Б. зооантропонозды инфекция

В. зоонозды инфекция

Г. протозоозды инфекция

Д.+ сапронознды инфекция.

708. Листериоздың Казақстандағы табиғи ошағы болып табылады:

А. Солтүстік Шығыс аймақ

Б. Солтүстік аймақ

В. Оңтүстік Шығыс аймақ

Г. Орталық аймақ

Д.+ Қазақстанның барлық аймағы

709. Емшек жасындағы балаларда Листериоз көрінеді:

А.+ Гипертермиямен, пневмониямен, бөртпемен, гепатитпен, энтероколипен, менингитпен

Б. Бөртпемен, гепатитпен, жоғарғы тыныс жолдарының катарымен

В. Менингитпен, гепатитпен, пневмониямен

Г. Пневмониямен, гепатитпен, гипертермиямен

Д. Бөртпемен, менингитпен, пневмониямен, диареямен

710. Листериоздың негізгі жұғу жолдарына барлығы жатады, БІРЕУНЕН БАСҚАСЫ:

А. Контактты

Б. Фекальнді- оральды

В. Аэрогенді

Г. Транспланцетарлы

Д.+ Контаминациялық

711. Листериоздың ену қақпасы болып табылады, БІРЕУНЕН БАСҚАСЫ:

А. Ауыз қуысының шырышты қабаты

Б. Көз конъюнктивасы

В. Тері жабындысы

Г. Асқазан ішек жолдары

Д.+ Тырнақ пластинкалары.

712. Көбінесе листериоздың қай формалары тіркеледі:

А.+ Баспалы-септикалық формасы

Б. Жүйкелік

В. Көз-бездік

Г. Септико-гранулематозды

Д. Аралас

713. Листериоздың инкубациялық кезеңі:

А. 5 тен 7 күнге

Б. 3 - 10 күн

В. 1- 3күн

Г.+ 3 – 45 күн және одан көп

Д. 14 күн

714. Листериоз кезіндегі терідегі көріністер:

А.+ дақ-папула-көпіршік-пустула-жара

Б. Дақты –везикулезді

В. Везикула-жара

Г. Везикула-папула-жара

Д. Дақ-пустула-жара

715. Листериоздың баспалы формасы өтеді:

А.+ Біріншілік-ошақты форма

Б. аралас форма

В. Абдоминальды

Г. Абдоминальды, аралас

Д. жайылған форма

716. Листериоздың баспалы –септикалық формасының негізгі клиникалық көрінісі:

А. Баспа

Б.+ Лимфоаденопатия, баспа, гепатит

В. Баспа, конъюктивит

Г. Бөрпе,баспа, менингит

Д. Конъюнктивит, гепатит, менингит 

717. Листериоз кезіндегі негізгі жұғу көзі БОЛАДЫ:

А. ұсақ,ірі қара мал

Б. Мысықтар, иттер

В.+ Атжалмандар, тышқандар

Г. Адамдар

Д. Жабайы жануарлар

718. Листериоздың берілу жолдарына жатады, БІРЕУНЕН БАСҚАСЫ:

А. Қатынастық

Б. тағамдық

В. Аэрогенді

Г. Трансмиссивті

Д.+ Контаминациялық.

719. Иерсиниоздың ішектік формасының қоздырғышы

А.+ Iersinia enterocolitica

Б. Iersinia pseudotuberculesis

В. Iersinia pestis

Г. Proteus enterocolitica

Д. Esherichia coli

720. Ішек иерсиниозының инфекция көзі:

А.+ адам, жануар

Б. донорлар

В. құстар

Г. кенелер

Д. масалар

721. Ішек иерсиниозының көбінесе берілу жолдары

А. ауалы-тамшылы

Б.+ фекальді-оральды 

В. қатынастық

Г. гемоконтактты

Д. жыныстық

722. Иерсиниоздың ішектік формасында ену қақпасы:

А. тері

Б. жоғарғы тыныс жолдары

В. Төменгі тыныс жолдары

Г. Жыныс мүшелері

Д.+ асқазан ішек жолдары 

723. Иерсиниоздың ішектік формасымен жиі ауырады:

А. 0 ден 2-жасқа деінгі балалар

Б.+ мектеп жасына дейінгі балалар

В. мектеп жасындағы балалар

Г. жасөспірімдер

Д. үлкендер

724. Ішектік иерсиниоздың басты диагностикалық синдромы

А.+ қызба, асқазан ішек жолдарының зақымдалуы,бауырдың зақымдалуы, экзантема

Б. ұзақ субфебрилитет, полиадения, интоксикация, өкпе зақымдануы

В. қызба, баспа, полиадения, экзантема

Г. Басталуы жедел, қызба, экзантема, ЖЖ зақымдануы

Д. қызба, геморрагиялық синдром, бүйрек және жүрек зақымдануы

725. Ішектік иерсиниоздың жіктелуіне барлығы жатады, біреуінен басқа:

А. асқазан ішек формасы

Б. псевдоаппендикулярлы

В. гепатитті

Г. түйінді эритема

Д.+ геморрагиялық форма

726. Ішектік иерсиниоз қоздырғышының ерекшелігіне... шақыру бейімділігі жатады:

А. аутоиммунды процесс

Б. туа пайда болған иммунитет

В. пассивті иммунитет

Г. поствакцинальды иммунитет

Д. Антитоксикалық иммунитет

727. Ішектік иерсиниоз кезіндегі бөртпе сипаты:

А. қызарған фонда ұсақнүктелі бөртпе

Б. шығу этаптылығымен дақты папулезді бөртпе

В. полиморфты дақты, папула, везикула

Г.+ түйінді эритема

Д. Ішінде розеолезді

728. Ішектік иерсиниоз кезіндегі бөртпе жиі пайда болады:

А. аурудың бірінші күнінен

Б. аурудың екінші күнінен

В.+ аурудың 3-7 күні

Г. аурудың 10-14 күн

Д. кез-келген уақытта

729. Ішектік иерсиниоз қоздырғышы жатады:

А. вирустарға

Б.+ таяқшаларға

В. кокктарға

Г. қарапайымдылар

Д. плазмодиилар

730. Ішектік иерсиниоздың мезгілдік басымдылығы:

А. Қыс

Б. көктем

В. жаз

Г.+ күз

Д. жыл бойына

731. Сарып қоздарғышы тұрақты:

А. Жоғарғы температураға

Б. төменгі температураға

В.+ Күн сәулесіне

Г. Дезинфицирлеуші заттарға

Д. Қайнағанға

732. Спецификалық пневмония тән емес:

А. Микоплазмалық инфекцияға

Б. Орнитозға

В.+ Сарыпқа

Г. Ку-қызбасына

Д. Легионеллезға

733. Гепатолиеналды синдром тән:

А. Тұмауға

Б. Менингококкты инфекцияға

В. Тілмеге

Г.+ Сарыпқа

Д. Серозды менингитке.

734. Тетрациклин... емінде қолданылады:

А. Менингококкты инфекцияның

Б. Серозды менингиттердің

В. Амебиаздың

Г.+ Сарыптың

Д. Трихинеллездің

735. Сарып кезінде жұғу көзі:

А. жабайы жануарлар

Б.+ ұсақ, ірі қарамал

В. науқас адам

Г. Құстар

Д. Балықтар

736. Сарып қоздырғышы жатады:

А. Вирустарға

Б.+ Бактерияларға

В. Қарапайымдарға

Г. Риккетсияларға

Д. Саңырауқұлақтарға

737. Сарыптың жұғу жолдары:

А. Су

Б. Трансмиссивті

В. Контактты

Г.+ Тағамдық және тұрмысты - қатынастық

Д. Аэрогенді

738. Сарып кезіндегі дұрыс тұжырым, БАСҚАСЫ:

А. мал-шаруашылығымен айналысатын және мал өнімдерін өңдейтін кәсіп орындардың қызметкерлері арасында жиі тіркеледі

Б. сарып кезіндегі иммунитет қысқа уақытты және тұрақсыз

В. қоздырғыш қан арқылы таралады

Г. патогенезінде маңызды рөлді организмнің иммуноаллергиялық қайта қалыптасуы алады

Д.+ қоздырғыш ағзадан тез шығып кетеді

739. Сарып кезіндегі ауру көзіне ЖАТПАЙТЫНЫ:

А.+ Науқас адам

Б. Сиыр

В. Шошқа

Г. Қой

Д. Жабайы жануарлар

740. Сарыптың алдын-алуының негізгі бағыты:

А. Карантин.

Б. Науқасты госпитализация.

В. Дератизация.

Г.+ Инфекция көзіне байланысты эпидемияға қарсы шаралар.

Д. Дезинсекция.

741. Сарып кезіндегі жасырын кезең?

А.+ 7 – 30 күн

Б. 3– 14 күн

В. 5 – 10 күн

Г. 2 – 7 күн

Д. 10– 45 күн

742. Созылмалы сарыптың негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз:

 А.+ қызба, тершеңдік, гепатоспленомегалия, полиаденопатия, буындық синдром

Б. қызба,тершеңдік, коньюнктивит    

В. Нефрит, гепатоспленомегалия, баспа

Г. баспа, көпіршікті бөртпе, радикулит

Д. тершеңдік, гепатоспленомегалия, полиаденопатия, буындық синдром 

743. Саптың қоздырғышы:

А.+ Pseudomonas malei

Б. Pseudomonas aeruginosa

В. Pseudomonas vulgaris

Г. Pseudomonas rubrum

Д. Pseudomonas pseudo malei

744. Сап кезіндегі ең қауіпті материал болып табылады:

А. нәжіс

Б. зәр

В. қан

Г. сүт

Д.+ мәйіттің лимфа түйіндерінен алынған материал

745. Сап кезіндегі ену қақпасына ЖАТПАЙТЫНЫ:

А. көздің, мұрынның шырышты қабаты

Б. асқорыту жүйесі

В. зақымданған тері

Г. тыныс жолдары 

Д.+ ми қабаттары

746. Сап кезіндегі ең аз құнды лабораториялық зерттеу:

А. ЖҚА

Б. КБР спецификалық антиденеге титрі 1:20 және одан жоғары

В.+ Нәжісті ШПФ тексеру

Г. ИФА

Д. ПТР

747. Сап кезінде ажыратпалы диагностика жүргізілмейді:

А. фурункулезбен  

Б. пиодермиямен 

В. септикопиемиямен

Г. мелиоидозбен 

Д.+ туляремиямен

748. Сап қоздырғышына анықтама беріңіз:

А.+ грам теріс таяқша

Б. грам оң таяқша  

В. саңырауқұлақтар

Г. Спора және капсула түзеді

Д. кокктар

749. Саптың негізгі көзі: 

А. маса 

Б.+ түйе  

В. мысық

Г. иттер

Д. кеміргіштер

750. Сап кезіндегі терінің зақымдалуына жатады, МЫНАДАН БАСҚА:

А.+ дақ тәрізді бөртпе

Б. түйін тәрізді бөртпе

В. пустула тәрізді бөртпе

Г. папула тәрізді бөртпе

Д. жара 

751. Жедел сап кезіндегі симптомдарға барлығы жатады, МЫНАДАН БАСҚА:

А. жедел басталу 

Б.+ біртіндеп басталу 

В. Екі толқынды қызба  

Г. улану 

Д. бұлшықеттегі ауру сезімі

752. Сап кезінде келесі антибиотикті қолданады:

А.+ доксациклин 

Б. аугментин  

В. пенициллин

Г. амоксиклав

Д. гентамицин

753. Сап кезінде антибиотиктерді тағайындау курсының ұзақтағы:

А. 5 күн

Б. 7 күн

В. 10. күн

Г. 14 күн

Д.+ 20 күн

754. Саптың профилактикасының негізгі бағытына жатады, МЫНАДАН БАСҚА:

А. ветеринарлық -санитарлық шараларды жүргізу

Б. спецификалық иммуноглобулинді енгізу

В.+ вакцинация

Г. Ошақты дезинфекциялау  

Д. антибиотикті профилактикалық мақсатта тағайындау

755. Лептоспироздың негізгі ену қақпасына жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

А. асқорыту жолдарының шырышты қабаты

Б. көздің шырышты қабаты

В. Ауыз қуысының шырышты қабаты

Г. Зақымданған тері арқылы

Д.+ Тыныс алу жолдарының шырышты қабаты

756. Лептоспироз кезіндегі жасырын кезең?

А. 3 — 15 күн

Б. 4 — 20 күн

В.+ 6 — 14 күн

Г. 7 — 30 күн

Д. 1 — 10 күн

757. Лептоспироз кезіндегі биохимиялық өзгерістерді атаңыз?

А. Ақуыз төмендеуі

Б. Na төмендеуі және К жоғарылауы

В.+ АлАт және АсАт, билирубин жоғарылауы

Г. АлАт және АсАт төмендеуі, жалпы ақуыз жоғарылауы

Д. тікелей билирубиннің төмендеуі тікелей емес билирубинге байланысты

758. Лептоспироздың табиғи ошақтарына жатады:

А.+ Орман, өзен, орман-дала және орман-тундра аймақтарда орналасқан

Б. Халық тығыз орналасқан аймақта

В. таулы және таулы аймақта орналасқандар

Г. Судың айналасына жақын орнасасқан

Д. Қыратты аймақта орналасқандар

759. Лептоспироздың балаларға жұғу жолдары:

А.+ алиментарлы

Б. қатынастық

В. ауа — тамшылы

Г. трансмисивті

Д. вертикальды

760. Лептоспироз кезіндегі маусымдылық

А. көктем күз кезеңі

Б. көктем жаз кезеңі

В.+ жаз күз кезеңі

Г. Күз қыс кезеңі

Д. көктем қыс кезеңі

761. Лептоспироз кезінде диагностикалық мақсатта маңыздысы:

А.+ эпидемиологиялық анамнез, клиникалық көрініс, бактериологиялық зерттеудің нәтижесі

Б. бактериологиялық зерттеу және бүйректің бұзылыс көріністері

В. эпидемиологиялық анамнез, биохимиялық нәтиже, ЭТЖ жылдамдауы

Г. бактериологиялық зерттеу, клиникалық көрініс, бүйректік сынама нәтижелері

Д. эпидемиологиялық анамнез, нейтрофиллез және ЭТЖ жылдамдауы

762. Лептоспироздың ең жиі кездесетін асқынуы:

А. иридоциклит

Б. серозды менингит

В.+ іріңді менингит

Г. гепатит

Д. инфекционды токсикалық шок

763. Лептоспироз кезіндегі ең сенімді зерттеу... болып табылады:

А.+ бактериологиялық әдіс

Б. бактериоскопиялық әдіс

В. ИФА әдіс

Г. серологиялық әдіс

Д. ПТР әдісі

764. Лептоспироз кезіндегі иммунитет:

А. Тұрақты емес

Б. тұрақты және мықты

В. өмір бойы және мықты

Г. иммунитет түзілмейді

Д.+ иммунитет түзіледі, бірақ ауру қайталануы мүмкін

765. Лептоспироз диагнозы мыналарға негізделіп қойылады:

А. клиникалық

Б. эпидемиологиялық

В. лабораториялық

Г.+ эпидемиологиялық, клиникалық, лабораториялық

Д. клиникалық, лабораториялық

766. Лептоспироз кезінде бактериологиялық анализге барлық материалдар алынады, БІРЕУНЕН БАСҚАСЫ:

А. жұлын сұйықтығы

Б. лимфа түйін пунктаты

В. қан

Г. қақырық

Д.+ теріден жағынды

767. Содокумен науқастарда гематологиялық өзгерістер қандай болады:

А. Лейкоцитоз, лимфоцитоз, эозинофилия

Б. Лейкоцитоз, лимфоцитоз, эозинопения

В.+ Лейкоцитоз, нейтрофиллез, эозинопения

Г. Лейкоцитоз, нейтрофилез, эозинофилия

Д. Лейкоцитоз, эозинопения, лимфомоноцитоз

768. Содоку ауруының клиникалық көрінісі:

А.+ қызба ұстамасы, шаққан жерде қабыну белгісінің болуы, аймақтық лимфоаденит, полиморфты бөртпелер

Б. жоғары қызба, шаққан жерде қабыну белгісінің болуы, аймақтық лимфоаденит, ірі буындардың қабынуы

В. субфебрильды қызба, шаққан жерде қабыну белгісінің болуы, ұсақ буындардың қабынуы

Г. қызба ұстамасы, шаққан жерде қабыну белгісінің болуы, аймақтық лимфоаденит, полиморфты бөртпелер, катарактамен.

Д. ұзақ емес қызба, шаққан жерде қабыну белгісінің болуы, аймақтық лимфоаденит, энцефалит

769. Содоку ауруында қандай лабораториялық диагностика қолданылады:

А. өттің бак. егуі

Б.+ қанды жуан тамшыға тексеру, АР, ТЕГАР

В. жұлын сұйықтығының бак. егуі

Г. ЖҚА, ЖЗА

Д. жұлын сұйықтығының бак. егуі, РА

770. Зооантропонозды инфекцияларға жатады?

А. Тырысқақ

Б. сіреспе

В. Көк жөтел

Г.+ Сібір жарасы

Д. Безгек

771. Балада вирусты гепатиттің жеңіл түрі диагностикаланды, бірақ маркерлы растау жоқ. Балада қызба 10 күнге дейiн. Балада вирустық гепатиттен басқа не болуы мүмкiн:

А. Холецистит

Б. Өт тас ауруы

В.+ Иерсиниоз

Г. Iш сүзегi

Д. Токсикалық гепатит

772. 8 жасар бала жәншауға байланысты 3 күн ем қабылдаған, ал ауруының 4-шi күнi температура-38,7 С, бетiне, аяқ- қолдарына, денесiне айқын қызыл дақты- папулездi бөртпе шықты, терi фоны өзгерiссiз. Лакунарлы баспа. Барлық лимфа безі  топтары ас буршақ көлемiндей. Гепатолиенальды синдром. Нәжiсi iртiк- iртiк. Алдын ала диагноз:

А. Жәншау, ауыр түрi

Б. Жұқпалы мононуклеоз

В. В- вирусты гепатит Джанотти- Крости синдромы

Г.+ Иерсиниоз

Д. Сальмонеллез+ қызамық

773. 8 жасар бала дене қызуының жоғарылауына 39,0 градуақа дейін, бұлшық еттердегі, тамағындағы ауру сезіміне, мұрнынан су ағуға шағымданды. Ауыз қуысын қарағанда лакунарлы баспа, склера қан тамырында инъециялану, мойын лимфа түйіндері кептер жұмыртқасы көлемінде ұлғайған анықталды, денесінде, аяғында майда нүктелі бөртпелер бар. Болжам диагнозыңыз:

А. Крым геморрагиялық қызбасы

Б.+ Листериоз

В. Лептоспироз

Г. Омбы геморрагиялық қызбасы

Д. Энтеровирусты инфекция

774. 14 жасар қыз оң тізе буынында ауруына шағымданады. Дене қызуы 39 градус, микрополиадения, гепатоспленомегалия. Ауылда тұрады, шикі сүт ішкен. Болжам диагнозыңыз:

А. Иерсиниоз, жайылған формасы

Б. Листериоз, септико-тифоидты формасы

В.+ жедел сарып, орташа-ауыр формасы

Г. жеделдеу сарып

Д. Псевдотуберкуллез, жайлған формасы

775. 7 жасар балада дене қызуы жоғары, қалтырау, балтырында ауру сезімі, сарғаю, құсу байқалады. Көлге шомылған. Қарап тексергенде: лимфоаденопатия, гепатомегалия, менингеальды белгілер оң, петехиальды бөртпе. Болжам диагноз қойыңыз:

А. Менингококкты инфекция, менингит+менингококцемия

Б. Менингококкты инфекция, менингококцемия, ауыр форма

В.+ Лептоспироз, ауыр формасы

Г. Вирусты гепатит

Д. Листериоз

776. 14 жасар қыз оң тізе буынында ауруына шағымданады. Дене қызуы 39 градус,  микрополиадения, гепатоспленомегалия. Ауылда тұрады, шикі сүт ішкен. Сарып ауруына күмәндәнді. Диагноз дәлелденеді:

А. Видаль реакциясы

Б. Паул Буннел реакцияы

В.+ Райт-Хеддельсон реакциясы

Г. Каццони реакциясы

Д. Йенсена реакциясы          

777. Балаға 5 жас. Шағымдары: бөртпе, терінің қышуы, қызба. Ауруының 2-ші күні сұйық нәжіс, майда нүктелі бөртпе, катаральды баспа, полилимфоаденопатия анықталды. Иерсиниоз, жедел қызбалық түріне күмәнданды. Ем тағайындаңыз:

А. Сифлокс ішке

Б. Интерферон

В. Иммуноглобулин

Г.+ Гентамицин ішке

Д.Гентамицин б/е

778. Бала 8 жаста. Шағымдары: дене қызуы 39 градус, бұлшық еттердегі және тамағындағы ауру сезіміне, мұрнынан су ағуға. Ауыз-жұтқыншақты қарағанда лакунарлы баспа, склера қан тамырлары инъецияланған, мойын лимфа түйіндері кептер жұмыртқасы көлеміне дейін ұлғайған. Аяқ-қолдарында, денесінде майда нүктелі бөртпелер бар. Листериозға күмәнданды. Диагнозды дәлелдейді:

А.+ аңқадан листерияның бөлінуі

Б. РПГА листериозға диагностикум 1: 4

В. гемограмма мәліметтері

Г. Березовского-Штейнберга жасушалары пунктатына зерттеу

Д. Пауля-Буннеля реакциясы

779. Бала 8 жаста. Шағымдары: дене қызуы 39 градус, бұлшық еттердегі және тамағындағы ауру сезіміне, мұрнынан су ағуға. Ауыз-жұтқыншақты қарағанда лакунарлы баспа, склера қан тамырлары инъецияланған, мойын лимфа түйіндері кептер жұмыртқасы көлеміне дейін ұлғайған. Аяқ-қолдарында, денесінде майда нүктелі бқртпелер бар. Листериозға күмәнданды. Аурудың қай түрі:

А. Листериоз, көз-бездік формасы

Б.+ Листериоз, баспалы-септикалық формасы

В. Листериоз, біріншілік-жайылған формасы

Г. Листериоз, тифоидты формасы

Д. Листериоз, жедел қызбалық формасы

780. Ауруханаға листериоз, септикалық-баспа түрі деген диагнозбен жатқызылған балада госпитализациядан кейін 2-ші күні қозу, нистагм, патологиялық рефлекстер, көп рет құсу, гиперестезия пайда болды. Науқаста дамыған асқыну жайлы сіздің пікіріңіз:

А. Менингит

Б. ИТШ

В.+ Менингоэнцефалит

Г. Сепсис

Д. Церебеллит

781. Ауруханаға листериоз, септикалық-баспа түрі деген диагнозбен жатқызылған балада, госпитализациядан кейін 2 күні қозу, нистагм, патологиялық рефлекстер, көп рет құсу, гиперестезия пайда болды. Ең бірінші не істеу керек:

А. Қанды бак. себуге алу

Б.+ Жұлын пункциясы

В. Жалпы қан сынағы

Г. Қанның биохимиялық сынағы

Д. Бас миын УДЗ

782. 10 жасар балада листериоз, жүйкелік түрі деген күдік пайда болды. Бұл жағдайда ликвограммада болуы мүмкін өзгерістер:

А. Белок жоғарылаған, аздаған плеоцитоз

Б.+ Белок өте жоғары, нейтрофилді плеоцитоз

В. Белок азайған, аздаған плеоцитоз

Г. Белок азайған, лимфоцитарлық плеоцитоз

Д. Белок және клетка мөлшері қалыпта, қысымы жоғары

783. Бала листериоздің жүйкелік түрімен ауырып жатыр. Сауыққан кезінде қандай қалдық түрлері кездеспеуі мүмкін:

А. Психикалық өзгерістер

Б. Еске сақтаудың төмендеуі

В. Ақыл кемістігі

Г. Парездер

Д.+ Афазия

784. Бала листериоздің жүйкелік түрімен ауырып жатыр. Ауру ағымының болжамы:

А. Ағымы ауыр

Б. Өлім қаупі жоғары

В. Септикалық ағым

Г. Қалдықтар жиі

Д. + оң нәтижелі, резидуальды қалдықсыз

785. Бала листериоздың жүйкелік түрімен ауырып жатыр. Мынадай асқынулар дамуы мүмкін, БІРЕУНЕН БАСҚАСЫ:

А. Пневмония

Б. Полисерозит

В. Сепсис

Г.+ Тілме

Д. Менингоэнцефалит

786. Иерсиниоз деген диагнозбен ауруханада жатқан балада, ауруханаға түскен 5-ші күні улану белгілері күшейді, тахикардия, жүрек тұсында ауру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде: терісі бозарған, жүрек шекарасы солға кеңейген, бірінші үн әлсіреген, систолалдық шу естіледі. Бұл белгілер мәні:

А. Иерсиниоз ауруының рецидиві

Б. Сепсис дамуы

В.+ Миокардит дамуы 

Г. «Инфекционды жүрек» дамуы

Д. Миокардтағы дистрофиялық өзгерістердің дамуы туралы

787. Иерсиниоз деген диагнозбен ауруханада жатқан балада, ауруханаға түскен 5-ші күні улану белгілері күшейді, тахикардия, жүрек тұсында ауыру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде терісі жабындылары бозарған, сол жақ жүрек шекарасы кеңейген, бірінші тон әлсіреген, систолалық шу естіледі. Дәрігердің дұрыс тактикасы.

А. Антибактериальды емді күшейту

Б. ЭКГ жасау

В.+ Кардиолог емінің тағайындаусыз ешқандай іс-әрекет жасамау

Г. Кардиотрофтар тағайындау

Д. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрі тағайындау

788. 9 айлық балада псевдотуберкулез ауруы орташа ауырлықта өтіп жатыр. Ауру қандай ағымда өтуі мүмкін.

А. жедел

Б. өте тез дамуы мүмкін

В. Жайылмалы

Г.+ Қайталанбалы, өршулермен

Д. Созылмалы

789. Вирустық гепатит диагнозымен ауруханаға түскен балада дәрігер иерсиниоз ауруына күмәндәнді. Қандай клиникалық белгілер бұл ауру туралы айтады:

А. Қысқа уақыттық қызба

Б.+ Ұзақ уақыттық қызба, экзантеманың болуы

В. Айқын сарғаю

Г. Ұзақ уақыттық интенсивті сарғаю, терінің қышуы

Д. Бауыр - клеткалық ферменттердің белсенділігі төмен

790. Жәншау ауруымен ауруханаға түскен балада дәрігер псевдотуберкулез ауруына күмәндәнді. Қандай клиникалық белгілер бұл ауру туралы айтады:

А. Ірі дақты бөртпе

Б. Диареялық синдром

В. Ұсақ нүктелі бөртпе

Г. «Таңқұрай» тәрізді тіл

Д.+ «Шұлық», «Қолғап» тәрізді бөртпе

 

791. Жедел аппендицитке байланысты операция жасалған балада операциядан кейін қызба, буындарда ауыру сезімі, жоғары тыныс жолдарының аздап катары анықталады. Балада болуы мүмкін.

А. Сепсис

Б. ЖРВИ қосылуы

В.+ Иерсиниоздың жайылған түрі

Г. Ревматизмі бар баладағы жедел аппендицит

Д. Ревматоидты артрит

792. Жедел аппендицитке байланысты операция жасалған балада операциядан кейін қызба, буындарда ауыру сезімі, жоғарғы тыныс жолдарының аздап катары анықталады. Дәрігердің тактикасы:

А. Кардиологты кеңеске шақыру

Б. 2-ші антибиотик қосу

В.+ баланы зоонозды инфекцияға тексеру

Г. Емге стероидты емес қабынуға қарсы дәрі қосу

Д. Вирусқа қарсы ем қосу

793. Лептоспироз диагнозымен ауруханаға жатқызылған балада тексеру барысында атипті мононуклеарлар табылды. Осы мәлімет жұқпалы мононуклеоз ауруымен салыстырмалы диагноз жүргізуге мүмкіндік береді. Қосымша жұқпалы мононкулеозға тән белгіні атаңыз:

А.+ Мойын артқы лимфа түйіндерінің ұлғаюы

Б. Бүйрек зақымдануының болмауы

В. Айқын білінген миалгия

Г. Склерит

Д. Миалгияның болмауы

794. 6 жасар бала ауруханаға пастереллез ауруына күмән болып түсті. Этиотропты емін тағайындаудағы дәрі:

А. Доксициклин

Б. Бисептол

В. Стрептомицин

Г. Гентамицин

Д.+ цефалоспориндердің 3 ұрпағы

795. Оба ауруының инкубациялық кезеңiнің  ұзақтығы:

А. 1-21 күн

Б. 2-10 күн

В.+ 1-3 күн

Г. 1 ай

Д. Бiрнеше ай

796. 5 жасар балада ауруының 7-шi күнi интоксикация, алдыңғы мойын лимфа бездерiнiң ІV дәрежелі ұлғаюы, айқын ауыру сезiмiмен байқалды. Бадамшалары қызарған, лакунасында iрiң. Барлық күндерi қызба. Бисептолмен емнiң әсерi болмады. Бала мысық, тышқаны бар жер үйде турады. Алдын - ала диагноз қойыңыз:

А. Лакунарлы баспа

Б. Листериоз, бiрiншiлiк жайылмалы түрi

В.+ Листериоз, баспа- бездi түрi

Г. Фелиноз

Д. Туляремия, баспа- бубонды түрi

797. 12 жасар баланың ауруы жедел, дене қызбасының /39С/, жалпы улану, диспепсиялық көрiнiстерден басталды. Ауруының 4-шi күнi бетi мен мойнының қызарып, склера тамырларының инъекциялары байқалды. Тiлi таңқұрай сияқты. Аяқ-қолында дақты- папулездi бөртпе. Гепатоспленомегалия. Алдын- ала диагнозы:

А.+ Псевдотуберкулез

Б. Қызылша

В. Жәншау

Г. Энтеровирусты инфекция

Д. ДТЖА

798. содоку қоздырғышы болып табылады.                                                                                

А+. Spirilla minor

Б. Spirilla major

В. Spirilla burgdorferi

Г. Spirocheta reccurentis

Д. Spirocheta interrogans

799. Содоку кезінде табиғаттағы жұқпа резервуары болып табылады:                                    

А. кенелер.

Б.+ кеміргіштер.

В. құстар.

Г. балықтар.

Д. сүтқоректілер.

800. Содоку... ажыратпалы диагностика жүргізу қажет.                                                                            

А. сарыппен, иерсиниозбен,тырысқақпен, сіреспемен, коллагеноздармен, қызылшамен,тұмаумен

Б. сальмонеллезбен, эризепелоидпе, паратұмаумен, паротитты инфекциямен, көкжөтелмен

В. шигеллезбен, системной красной волчанкой, қоскөкжөтелмен, лептоспирозбен, обамен

Г. іш сүзегімен, қызамықпен, құтырумен, сібір жарасымен, листериозбен, жәншаумен

Д.+ безгекпен, сепсиспен, туляремиямен, риккетсиозбен, менингококкты инфекциямен, ревматоидты полиартритпен

801. Содокумен науқастардың гематологиялық өзгерістері... сипатталады.                           

А.+ лейкоцитозбен, нейтрофилезбен, эозинопениямен

Б. тромбоцитопениямен, эозинофилиямен, лимфоцитозбен

В. лейкопениямен, нейтропениямен, эозинопениямен

Г. лейкоцитозбен, лимфоцитозбен, тромбоцитозбен

Д. нейтропениямен, лимфоцитозбен, эозинофилиямен

802. Содокуның негізгі алдын алу шараларына... жатады.                                                       

А. дезинсекция

Б. дезинфекция

В.+ дератизация

Г. вакцинация

Д. дезинтоксикация

803. Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 13 жасар Ж. дене қызуының кезеңді көтерілуіне, сол қолының V саусақ аймағындағы «жараға» шағымдармен келді. Баланың айтуы бойынша 1 ай бұрын үй подвалында атжалман тістеген. Баланың анасының айтуы бойынша ауру 2 апта бұрын дене қызуының көтерілуінен, тістеген аймақтың жұмсақ тіндерінің ісіну мен аурумен басталған. Объективті: баланың жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 39,5оС, сол қолының V саусақ аймағында қазылған тәрізді шеті бар терең жара, барлық денесінде дақты-папулезді бөртпе, сол жақ қолтықасты лимфобездерінің ұлғаюы, спленомегалия. Сіздің болжам диагнозыңыз:                   

А. безгек

Б. терілік лейшманиоз

В. сібір жарасы

Г. сальмонеллез

Д.+ содоку

804. 12 жасар Арсенге клиникалық белгілер (қызба, оң жақ қолдың 1 саусақ аймағындағы жара, лимфаденит, лимфангоит) және эпидемиологиялық анамнез негізінде «Содоку» болжам диагнозы қойылды. Диагнозды дәлелдеуге қажет зертханалық-аспаптық әдістерді көрсетіңіз.                                                                            

А. бактериологиялық, аллергологиялық, биологиялық

Б.+ жуан тамшыға қан, серологиялық, биологиялық

В. бактериоскопиялық, серологиялық, аллергологиялық

Г. вирусологиялық, аллергологиялық, серологиялық

Д. вирусологиялық, жалпыклиникалық, серологиялық

805. Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 13 жасар Ж. дене қызуының кезеңді көтерілуіне, сол қолының V саусақ аймағындағы «жараға» шағымдармен келді. Баланың айтуы бойынша 1 ай бұрын үй подвалында атжалман тістеген. Баланың анасының айтуы бойынша ауру 2 апта бұрын дене қызуының көтерілуінен, тістеген аймақтың жұмсақ тіндерінің ісіну мен аурумен басталған. Объективті: баланың жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 39,5оС, сол қолының V саусақ аймағында қазылған тәрізді шеті бар терең жара, барлық денесінде дақты-папулезді бөртпе, сол жақ қолтықасты лимфобездерінің ұлғаюы, спленомегалия. Осы балаға зерттеу жоспарын құрыңыз.

А.+ жуан тамшыға қан, тікелей емес гемагглютинация реакциясы

Б. жара бөліндісін бак.егу, қанның имунноферментті анализі

В.стерильдікке қан, қанның биохимиялық анализі

Г. полимеразды тізбектік реакция, зәр, қанның жалпыклиникалық анализі

Д. бак. посев пунктата лимфоузлов, реакция агглютинации

806. Арсен, 12 жаста. Жұқпалы аурулар ауруханасына қызба, оң жақ қолдың 1 саусақ аймағындағы жара, қолтықасты лимфобездерінің ұлғаюы, лимфангоит шағымдарымен түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 12х109/л, с/я-79%, эозинофилдер-8%. Қанның жуан тамшысында Spirilla minor табылған. Осы балаға емдеу жоспарын тағайындаңыз.                              

А. ферментотерапия, серотерапия

Б. вирусқа қарсы терапия, гамма глобулин, дезинтоксикациялық ем

В. гормонотерапия, физиотерапия, дезинтоксикациялық ем

Г. вакцинотерапия, дегидратациялық ем

Д.+ антибиотикотерапия, дезинтоксикациялық ем

807. 13 жасар Ж. дене қызуының кезеңді көтерілуіне, сол қолының V саусақ аймағындағы «жараға», бұлшықеттердің ауруына шағымданады. Баланың айтуы бойынша 1 ай бұрын үй подвалында атжалман тістеген. Баланың анасының айтуы бойынша ауру 2 апта бұрын дене қызуының көтерілуінен, тістеген аймақтың жұмсақ тіндерінің ісіну мен аурумен басталған. Объективті: дене қызуы 39,5оС, сол қолының V саусақ аймағында қазылған тәрізді шеті бар терең жара, барлық денесінде дақты-папулезді бөртпе, сол жақ қолтықасты лимфобездерінің ұлғаюы, спленомегалия. Қанның жуан тамшысында Spirilla minor табылған. Осы балаға этиотропты ем тағайындаңыз.                                                       

А.+ пенициллин

Б. ганцикловир

В. метронидазол

Г. ремантадин

Д. дифлюкан

808. Сарыпқа тән жиі кездесетін патология:

А. Тыныс алу жолдарының

Б. Көздің

В. Ішектің

Г.+ Тірек –қимыл аппаратының

Д. Бауырдың

809. 5 жасар бала 7 күн ауырады. Қарағанда:улану,алдыңғы мойын лимфа –түйіндерінің 4 дәрежеге дейін ұлғаюы мен ауырсынуы. Бадамша бездері қызарған,лакунада ірің. Дене қызыуы барлық күндері жоғары сандарда. Пенициллинмен ем нәтижесіз. Бала тұратын үйде мысық пен тышқандар бар.

Болжам диагнозды таңдаңыз

А. Лакунарлы баспа

Б. + Листериоз, баспалық түрі

В. Туляремия, бездік түрі

Г. Күл,жергілікті түрі

Д. Жұқпалы мононуклеоз

810. 12 жасар балада ауру дене қызуының 39 С көтерілуінен,жалпы улану белгілерінен,диспепсиялық бұзылыстардан басталды. Ауруының 4-ші күнінен беті мен мойынының қызаруы,көз склерасының қанталауы байқалды.Тілі құлпынай тәрізді. Аяқ-қолдарында дақты-папулездібөртпелер бар. Болжам диагнозды таңдаңыз

A.+ Псевдотуберкулез

Б. Қызылша

B. Жәншау

Г. Энтеровирусты инфекция

Д. Листериоз

811. 8 жастағы балаға бактериологиялық зерттеу нәтижесінде Jersenia enterocjlitica бөлініп, иерсиниоз диагнозы қойылды. Қандай антибактериалды ем тағайындаған жөн

А. пенициллин

Б.+ левомицетин

В. эритромицин

Г. ципрофлоксацин

Д. Фуразолидон

812.14 жасар бала ауруханаға оң тізі буынында ауру сезіміне, дене температурасының 380С көтерілуіне шағымданып түседі. Ауылдық жерде тұрады,піспеген сүт ішеді. Жағдайы орташа ауырлықта. Енжар. Терісі бозғылт. Оң тізе буыны ісіңкіреген, қызарған, қозғалғанда ауру сезімі бар. Лимфаденопатия. Гепатомегалия. Жалп қан анализінде: лейк. – 4,2 * 1012/л, лф – 48, нФ – 48, м – 4, ЭТЖ – 28 мм/ч. Диагнозды дәлелдейтін жауапты таңдаңыз

А. Видаля реакциясы

Б.+ Райт реакциясы

В. Гоффа-Бауэра реакциясы

Г. Пауля-Буннеля реакциясы

Д. Томчек реакциясы

813. Баланы үйінде жәншау диагнозымен апта бойы емдеген, бірақ оң өзгерістер болмаған. Инфекционист консультациясында иерсиниоз (псевдотуберкулез) диагнозын қояды. Аймақтық дәрігер диагностикалағанда қандай белгілерге мән бермеген?

А.+ полиадения

Б. баспа

В. гепатолиенальды синдром

Г. капюшон, шұлық, қолғап белгісі

Д. тілдің өңезденуі

814. Жазда стационарға бір жанұядан 3 бала келіп түсті.су құбырында шомылған.Балалар жедел түрде ауырған.Дене қызуы көтерілген. Бас ауруына, бұлшықеттері, әсіресе балтыр бұлшықеттерінің ауруына шағымданады.Ауруының 3-ші күні беттерінің гиперемиясы,склераның иньекциясы,бауырдың ұлғаюы байқалды. Балалардың бірінде шүйде бұлшықеттернің ригидтілігі байқалған. Диагноз қойыңыз:

А. Геморрагиялық қызба

Б. Энтеровирусты инфекция

В. Лептоспироз

Г.+ Туляремия

Д. Иерсиниоз

 

815. Инвазивті диареямен ауыратын балада, аурудың 3 күні денесінде экзантема пайда болды. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А. шигеллез

Б.+ иерсиниоз

В. эшерихиоз

Г. амебиаз

Д. протеоз

816. Иерсииозға қарсы этиотропты ем үшін қолданылатын дәрі:

А. пенициллин

Б.+ левомицетин

В. эритромицин

Г. бисептол

Д. фуразолидон

817. Сарыпқа тән жалпы қан анализіндегі патологиялық өзгеріс көрсетіңіз:

А.+ гипохромды анемия, лекопения, ЭТЖ жоғарлауы

Б. анемия, лейкоцитоз, нейтрофиллез, ЭТЖ жоғарлауы

В. лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ қалыпты

Г. лейкоцитарлы көрсеткіш науқастың жасына сай болады

Д. лейкопения, лимфопения, ЭТЖ төмен

818. Сарыпқа тән асқазан ішек трактісіндегі патологиялық өзгерісті көрсетіңіз:

А. диспепсия

Б. лоқсу – асқазан ғыжылдауы

В.+ гепатоспленомегалия

Г. іштегі айқын ауру сезімі

Д. Құсу

819. Сарыптың жедел түрінде тағайындалады:

А. вакцинотерапия

Б.+ антибактериалды терапия

В. вирусқа қарсы ем

Г. иммунды белсендіру терапиясы

Д. десенсебилизирлеуші терапия

820. Листериоз этиологиясын дәлеледеу үшін қажетті зерттеу:

А.+ бактериологиялық, серологиялық

Б. вирусологиялық, ПТР, ИФА

В. қанның биохимиялық анализі

Г. Хедельсон реакциясы

Д. қанды толық тамшы әдісімен зерттеу

821. Листериоз ошағында эпидемиялық көрсеткіш бойынша жасалатын шаралар:

А. жануарларға иммунизация жүргізу, адамдарға иммунизация жүргізу

Б. антибиотикті қысқа курспен тағайындайды

В.+ қатынаста болғандарды серологиялық әдіспен зерттейді

Г. иммуноглобулин енгізіледі

Д. поливалентті арнайы сары су енгізіледі 

822. Ұл бала, жәншау деген диагнозбен үйжағдайында пенициллинмен емделген, бірақ тиімділігі болмаған.Ауруханада науқасқа "иерсиниоз" деген болжам диагноз қойылған. Қандай зертханалық зерттеулер осы диагнозды дәлелдейді?

А. бета-гемолитикалық стрептококктың А тобын бөліп алу

Б. атипті мононуклеарлар

В.+ иерсиния қоздырғышын қаннан, зәрден, нәжістен бөліп алу

Г. АИВ қаннан бөлінуі

Д. қанда - АЛТ, АСТ, ГГТП белсенділігінің жоғарлауы

823. Адамға ең патогенді болып табылады:

А. Brucella neotomae

Б. Brucella canіs

В.+ Brucella melіtensіs

Г. Brucella suіs

Д. Brucella ovіs

824. Листериоз ауруындағы инкубациялық кезең:

А. 2-6 ай

Б.+ 3 күннен 1,5айға дейін

В. 8 айдан көп

Г. 6 айдан 1 жылға дейін

Д. бірнеше сағаттан 7 күнге дейін

825. Листериоз ауруының клиникалық түрлеріне жатпайды:

А. баспалы

Б. септико-тифозды

В. көз-бездік

Г.+ артралгиялық

Д. жүйкелік

826. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша лептоспироздың ошағында:

А.+ жануарларды, адамдарды иммунизациялау

Б. иммунизация жүргізілмейді

В. иммуноглобулин енгізеді

Г. айтып кеткен шаралар  толық көлемде қолданады

Д. қатынаста болғандарды емдеу

 827. Обаның инкубациялық кезеңі жиі созылады:

А.+ 3-6 күнге

Б. 14 күнге

В. 21 күнге

Г. 40 күнге

Д. 1 ай

828. Обаның бубонды түрін  барлық аталған аурулармен салыстырады, БІРЕУНЕН БАСҚАСЫНАН:

А. жедел іріңді лимфоаденитпен

Б. лимфогранулематозбен

В. қатерсіз лимфоретикулезбен

Г. туляремиямен

Д.+ туберкулезбен

829. Обаның өкпелік түрін ажырату керек барлық аурулармен, БІРЕУНЕН БАСҚАСЫНАН:

А. түйнеменің өкпелік түрімен

Б. крупозды пневмониямен

В. грипозды пневмониямен

Г. плевриттен

Д.+ трахеобронхитпен

830. 11 жасар бала, ауылдан келген, ауруханаға 3 апта бойы дене қызуының жоғарлауымен, буындарының ауыратынына, қатты терлегіштігіне шағымданып түсті. Бөртпе жоқ. Гепатолиенальды синдром анықталады. Бала үйіндеәрдайым үй жануарларының күтіміне көмектескен. Сіздердің диагнозыңыз?

А. ішек сүзегі

Б.ревмотоидты артрит

В.+ сарып ауруы

Г. Қу- қызбасы

Д. септикалық жағдай

831. Ауруханаға бір жанұядан 2 бала түсті. Жер үйде тұрады. Кеміргіштер бар. Қоқыс тастайтын жерден қашық емес жердегі көлшік суда шомылған. Ауруының 3 күні көз қан тамырларының қызаруы, балтыр бұлшық еттерінің ауру сезімі пайда болды. Гепатомегалия. Бөртпе жоқ. Сіздің алдын ала болжам диагнозыңыз?

А. геморрагиялық қызба

Б. энтеровирусты инфекция

В.+ лептоспироз

Г. иерсиниоз

Д. туляремия

832. 6 жасар балаға ауруханада мынадай диагноз қойылды: Лептоспироз деген. Келесі аурулармен салыстырмалы диагноз жүргізу керек, БІРЕУНЕН БАСҚАСЫНАН:

А. вирусты гепатит

Б. тұмау

В. іш сүзегі

Г. жұқпалы мононуклеоз

Д.+ вирусты энцефалит

833. 4 айлы&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow