У – дауысты, жуан, еріндік

 

 

Дауысты дыбыстардың дұрыс артикуляциясын бекіту.

Дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын және олардың артикуляциясын жаттықтыру үшін, жаттығулар жүйесі бойынша жұмыс жүргізіледі.Жаттығулар жүйесі дидактикалық талаптарға, қазақ тілінің фонетикалық заңына және де әр дыбыстың өзіне тән заңдылығынасүйеніп жүргізіледі.Жаттықтыру жүйесі жеңіл жаттығудан қиынға қарай, оңай жаттығудан күрделі жаттығуға қарай өтетін қағиданы басшылыққа алып жүзеге асырылады.

Дауысты дыбыстармен жұмыс жүргізгенде әр дыбысты жекелей созып айтқызады: а-----,о----,у----т.с.с.Дыбыстарды созып айтқанда әр дыбыстың дұрыс айтылуына жағдай жасайды. Дауысты дыбыстарды айтқан кезде артикуляциялық аппараттың бұлшық еттерінің ширығуы әр түрлі жағдайда болады.Дауысты дыбыс сөз басында келгенде осы жағдай жақсы көрінеді.Дауысты дыбыстардың артикуляциясын бекіту үшін,оларды әр түрлі жағдайда айтқызып дағдыландырады:

1.А-дыбысын жекелей созып айтуға болады.А-----

2.Ашық буында дауыссыз дыбыстармен: та,са,па.

3.Тұйық буында дауыссыз дыбыстармен: ат,ас,ап.

4.Дауыссыз дыбыстардың ортасында:тат,сас,пап.

Осылайша қалған дыбыстармен жұмыс жүргізіледі.

 

А дыбысын жекелей созып айтуға болады. А ---.

Ашық буында дауыссыз дыбыстармен: ат, ас, ап.

Тұйық буында дауссыз дыбыстармен: та, са, па.

Дауссыз дыбыстардың ортасында: тат, сас.

Практикалық сабаққа тапсырма:

1.Практикалық сабақта әр дыбыстар бойынша жеке сабақ өткізу жоспарын құрып,сол сабаққа көрнекі құралдар даярлау.Сол жоспар бойынша пікірталастар өткізу.

2.Т-Д дыбыстарының артикуляциясын сипаттауға қарап сызып көрсету,талдау.

 

 

9 Тақырып:  Дауыспен жұмыс.Ш,Ж,Ч,Щ дыбыстары 

Жоспары:

1.Ш,Ж дыбыстарын қою.Оның кемістіктерін түзету.

2.Ч,Щ дыбыстарын қою.Оның кемістіктерін түзету

3.Дауыспен жұмыс

Мақсаты:

1.Ш,Ж дыбыстарын қою әдіс-тәсілдерімен таныстыру.Оның кемістіктерін түзету жолдарын іс-жүзінде көрсету.

2.Ч,Щ дыбыстарын қою әдіс-тәсілдерімен таныстыру.Оның кемістіктерін түзету жолдарын іс-жүзінде көрсету.

3.Дауыспен жұмыс түрлерін үйрету.

 

             

Ш дыбысы

    Ш – дыбысын айтқанда еріндер алға созылып дөңгелектенеді, тілдің ұшы жұмсақ таңдайдың алдына көтеріліп бірақ тимейді, тілдің екі бүйірі үстіңгі азу тістерге жанасады, тілдің ортасы көтеріңкі тілдің формасы кесеге ұқсас болады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын ауа жолын жабады. Дауыс саңылаулары бірігіп тербелмейді. Дауыс жоқ.

Ш – дауыссыз, қатаң.

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-аш, -ош,-уш, -иш ағаш Мынау-үлкен ағаш
-ша, -шо,-шу, -ши шана Балалар шана тепті
-аша, -ошо, - ушу Ошақ Мынау – ошақ.

       

Ж дыбысы

Ж -дыбысын айтқанда еріндер алға созылып дөңгелектенеді.                               Тілдің ұшы жұмсақ таңдайдың алдыңғы жағына көтеріліп тимейді, тілің екі бүйірі үстіңгі азу тістерге жанасады. Тіл ортасы көтеріңкі тілің формасы кесеге ұқсас келеді жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын ауа жолын жабады.

Ж-дауыссыз, қатаң-ұяң

 

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-ажа, -ожо жүгері Жүгері-өсімдік
-ужу, - ижи Қонжық Қонжық-ойыншық
-жа, -жо, -жу Жастық Мынау – жастық.

 

Ч дыбысы

 

Ч- дыбыстар айтқанда еріндер аздап алға созылып дөңгеленеді, тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына тиеді; Тілдің екі бүйірі үстіңгі азу тістердің түбіріне толық жанасқан. Тіл арты көтеріңкі ауа қысымынан тіл ұшы таңдайдан жұлынады. Дауыс бар.

Ч-дауыссыз, қатаң

Кемістіктері: ш, т, кш.

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-ач, -оч, -уч    
-ача, -очо,-учу чемодан Мынау менің-чемоданым
-ча, -чо, -чу    

 

  Щ дыбысы

 

Щ-дыбыстар айтқанда еріндер сәл алға созылып дөңгелектенген, тілдің ұшы үстіңгі тістердің албиоласына тіреледі.Тіл ортасы көтеріңкі жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп,мұрын ауа жолдарын жабады. Дауыс қатпарлары тербелмейді дауыс жоқ.

Щ-дауыссыз, қатаң

Кемістіктері: ш, с, сон, Һ

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-ащ, -ощ,-ущ Тіс щеткасы Тіс щеткасымен тісімді тазалаймын
-аща, -ощо,-ущу    
-ща, -що,-щу    

Дауыспен жұмыс түрлерін көрсету.Дауыста кездесетін кемістіктермен таныстыру.Бағыт –бағдар беріп,іс-тәжірибе сабағында талдау. Түзету жолдарын жасалынған слайдтар бойынша көрсетіп,үйрету.

2.Дауыспен жұмыс.

Оқытылмаған немесе дыбыс қойылмаған есту кемістігі бар балалар, көбінесе өздері өз дауыстарын табады. Көбінесе ол қатты эмоцианалды күйзеліс кезінде, қатты көңілді таңқалғанда, күлгенде немесе жылағанда және де жан - жағындағыларға өзне көңіл аудартуына тырысқанда.дауыс шығарады. Балалардың дауысы жоғарылығына және тембріне, өз күштеріне қарай әртүрлі болады. Әдетте шынайы дыбыс пен табиғи дауыспен қалдық естуі бар немесе жүре пайда болған балалар ғана ие болады.

Бір - екі жасында(немесе туа пайда болған) есту қабілетінен айырылған балаларда, қалдық есту жоқ болған кезде дауыс жетіспеушілігі байқалады.(мысалы: әлсіз, жоғары және мұрыннан шығаратын дыбыс).

Мұғалімге міндетті түрде алғаш мектепке келген баланы бақылап, әр баланын дауыс ерекшеліктерін айқындауқажет. Ол өте маңызды себебі кейбір балалар өз дауыс аппарытымен қолдана алмайды, ондай балалар дауыссыз жағдайда болады.

Дайындалған дауыс жаттығулары ойын түрінде мінезделіп және беттін бейнеленуші ымына байланыстырып әртүрлі іс - қимылдар қолдану қажет. Бұл тәсіл балалардың табиғи дауысын шығаруға көмектеседі.

Жаттығу: Қатысулардың орын ауыстырып қозғалыста болуымен байланысты, магнитті ілгекпен жабдықталған бөлмеде өткізу ыңғайлы болады. Мысал ретінде келесі дайындық дыбыс жаттығулары:

1. Ең жеңіл сөзді айтқызамыз, алдымен ұқсастырып, содан өздігінен суреттер, ойыншыктарды алуыкерек.

Мысалы: прр(ат), му (сиыр)пи — пи — пи (құстар), мяу (мысық), бээ (ешкі), у — у (поезд), ауу (орманда жоғалып қалған қыз),

Поезд. Балалар бірінен кейін бірі тұрып, содан кейін бір бірлерінің иығына қолдарын қояды. Бірінші бала қолын көтеріп, ал қалғандары қолдарын иықтарынан алмай сәл көтереді де мұғалімнің айтуынша поезд секілді жүреді, сомен қатар у -у деп поездың дыбысың шығарады.

 Ұшақ. Балалар бір бірден немесе топтасып 2 - 3 адамнан қолдарын екі жақа созып, ұшақтын қанатындай елестетіп, сыныпта жүгіреді.

2. Мұғалім өзінің қолын үстелге қояды. Оған еліктей, балалар да өзінің қолдарын парталарға қояды. Балалардың көңілдерін жинақтау үшін, мұғалім бірнеше рет қозғалып, оқып еліктеуді игертеді т.с.с.

 

 

10 Тақырып:Дауыссыз дыбыстармен жұмыс. Ф, В және Ң дыбыстары

Жоспары:

1.Ф,Вдыбыстарын қою.Оның кемістіктерін түзету.

2. Ң дыбыстарын қою.Оның кемістіктерін түзету

3. Дауыссыз дыбыстармен жұмыс.

Мақсаты:

1.Ф,В дыбыстарын қою әдіс-тәсілдерімен таныстыру.Оның кемістіктерін түзету жолдарын іс-жүзінде көрсету.

2. Ң дыбыстарын қою әдіс-тәсілдерімен таныстыру.Оның кемістіктерін түзету жолдарын іс-жүзінде көрсету.

 

Дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізу жүйесімен таныстырып, слайдтар бойынша әр дыбыспен жұмыс жүргізу.дауыссыз дыбыстарды қою, дағдыландыру,дифференциациалау.

 Ф дыбысы

 

    Ф – дыбысын айтқанда астыңғы ерін сәл ішке тартылып, үстіңгі тістерге тиіп тұрады, үстіңгі ерін аздап көтеріңкі үстіңгі тістер көрініп тұрады. Тілдің ұшы астыңғы тістерден сәл шегініп, тіл ортасы көлбеу жатады. Ауыз қуысынан шыққан ауа үстіңгі тіспен астыңғы ерін арасынан өтеді. Мұрын ауа жолы жабық, дауыс саңылаулары бірікпейді, дауыс жоқ.

Ф – дауыссыз, қатаң.

 

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-афа, -офо,-уфу телефон Телефонмен сөйлестім.
-фа, - фо,-аф, -оф шкаф Сыныпта шкаф бар

 

В дыбысы

  

В – дыбысын айтқанда астыңғы ерін сәл ішке тартылып, үстіңгі тістерге тиіп тұрады, үстіңгі ерін аздап көтеріңкі үстіңгі тістер көрініп тұрады. Тілдің ұшы астыңғы тістерден сәл шегініп, тіл ортасы көлбеу жатады. Ауыз қуысынан шыққан ауа үстіңгі тіспен астыңғы ерін арасынан өтеді. Мұрын ауа жолы жабық, дауыс саңылаулары бірігіп тербеледі, дауыс бар.

В – дауыссыз, қатаң.

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-аво, -ово,-уву вагон Мынау-вагон
-ва, -во, -ву ваза Вазада гүл тұр

 

 

               Ң дыбысы

 

Ң -дыбысын айтқанда тілдің арты көтеріліп, таңдайдың артына тиеді. Ауа мұрын қуысы арқылы өтеді. Дауыс бар.

Ң-дауыссыз, үнді

 

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-оң, - аң, -уң Жаңқа Мынау – ағаш жаңқасы
-аңа, -оңо Жаңғақ Жаңғақ ағашта өседі.

 

 

11 тақырып:Логикалық екпінмен жұмыс. Р және Л дыбыстары

Жоспары:

1.  Р дыбысын қою әдістері

2. Л дыбын қою әдістері

3. Р – Л дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландыру.

4. Логикалық екпінмен жұмыс.

Мақсаты:

1.Р дыбысын қою әдістерімен таныстыру

2.Л дыбын қою әдістерімен таныстыру

3.Р – Л дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландыру жолдарын көрсету.

                                                                 

                                                            Р дыбысы

 

Р – дыбысын айтқанда жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында белгілі қашықтық сақталады. Тіл қасық пішіндес болады. Оның бүйір шеттері түп азуларға тиеді, алдыңғы шеті альвеолаға көтеріледі, онымен түйіседі және дем ауасымен тербеледі. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс пердесі тұтасады және тербеледі.

Р- дауыссыз, үнді.

Р – дыбысын буында сөзде сөйлемде дағдыландыру.

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-ара, -оро, -уру қарыңдаш Қарыңдаш партада жатыр
-ра, -ро, -ру радио Радио тыңдадым
-ар, -ор, ур өрік Өрік-сары

 

    

                        

                            Л дыбысы

 

Л – дыбысын айтқанда төменгі, жоғарғы күрек тістер жақын орналасады. Тілдің ұшы жоғарғы тіске немесе қызыл иекке тіреледі. Тіл бйірлері ауызға тимейді, содан дем шығатын қуыс қалады.Ол көбінесе бір жақты, әсіресе сол жақта болады. Тіл түбі көтеріледі, сондықтан тіл ер пішінді болады.

Л – дауыссыз, үнді.

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-Ла, - ло, - лу лақ Ешкінің лағы бар.
-Ала, - оло, - улу балық Мен балық ауладым.
-или көл Көлге шомылдым..

 

 

12 тақырып: Орфоэпиямен жұмыс.Қ және Ғ дыбыстары

Жоспары:

1. Қ дыбысын қою әдістері

2.Ғ дыбын қою әдістері

3.Қ – Ғ дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландыру.

4.Орфоэпиямен жұмыс.

Мақсаты:

1.Қ дыбысын қою әдістерімен таныстыру

2.Ғ дыбын қою әдістерімен таныстыру

3.Қ-Ғ дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландыру жолдарын көрсету.

Қ дыбысы

Қ-дыбысын айтқанда тілдің ұшы. Астыңғы тістерден сәл шегініп. Тілдің ортасы шұғыл көтеріліп жұмсақ таңдайға тербеліп тиеді.

Қ-дауыссыз,қатаң, шұғыл

Кемістіктері:к, х,ғ,ғк

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-қа, – қо, - қу Қалам Қанат қалам алды.
-ақ, -оқ, -уқ Ұшақ Ұшақ аспанда ұшады.
-ақа, -оқо, -уқу Бақа Бақа бақылдайды.

 

Ғ дыбысы

Ғ – дыбысын айтқанда ауа ауыз қуысы арқылы өтеді. Тілдің арты таңдайдың түбіне жиырылып, ауа олардың арасынан шығады. Дауыс бар

Ғ– дауыссыз, шұғыл, қатаң-ұяң,

Кемістіктері: г, қ, к

 

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-ға, – ғо, - ғу Балға Ғалым балға алды.
-аға, -оғо,-уғу, - өғі Ағаш Ағаштар бүршік жарды.

 

 

 13 Тақырып:Сөз және сөз тіркестерімен жұмыс. С және з  дыбыстары

Жоспары:

1. С дыбысын қою әдістері

2.З  дыбын қою әдістері

3.С-З дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландыру

4. Сөз және сөз тіркестерімен жұмыс.

Мақсаты:

1.С дыбысын қою әдістерімен таныстыру

2.Здыбын қою әдістерімен таныстыру

3.С – З дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландыру жолдарын көрсету.

        С дыбысы

    С – дыбысын айтқанда астыңғы және үстіңгі тістер бір-біріне жақындайды, еріндер сәл тартылады, тіл ұшы астыңғы тістерге тіреліп тіл ортасы көтеріледі. Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрын ауа жолын жабады. Дауыс саңылаулары бірікпейді, дауыс жоқ.

С– дауыссыз, жуан, қатаң.

Кемістіктері: сь, тістік, ш, бүйірлік, з, сон.

 

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-Ас, - ос, -ус, - ис жастық Мынау – жастық.
-Са, - со,-су, - си сәбіз Сәбіз бақшада өседі.
-Аса, - осо,-усу, - иси қасық Қасықты ал.

 

З дыбысы

З – дыбысын айтқанда астыңғы және үстіңгі тістер бір-біріне жақындайды, еріндер сәл тартылады, тіл ұшы астыңғы тістерге тіреліп тіл ортасы көтеріледі. Дауыс саңылаулары бірігіп тербеледі, дауыс бар.

З– дауыссыз, қатаң-ұяң.

Кемістіктері: с, тістік, сон

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-аза, -озо, бұзау Мынау- бұзау
-за, -зо;-зу зырылдауық Зырылдауық-ойыншақ

Сөз және сөз тіркестерімен жұмыс.  

Сөйлеу тілінің фонетикалық қабылдауының бөліктірінің - буын, сөздің екпіні, интонация – сенсорлы базасының (сезімтал негізі), ауызша сөйлеу тілін түсінуді қамтамасыз етеді, дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалауды және дыбысты айтуда білік – дағдыларды қалыптастырады.

    Сенсорлы базаны бағалау ауызшы тілді дамытуды қарастырады. Әр анализатордың көмегімен тығыз байланысты. Оның ролін сол немесе басқа анализатор басады. Оның қызметі әр түрлі болуы мүмкін.

 Анализатор негізгі каналдың рөлін атқаруы мүмкін. Бірақ анализатор қарапайым қызмет атқаруыда мүмкін.Ол тек дыбыстың қалыптасуына және дұрыс айтуын қалыптастыруы мүмкін. Сонымен қатар, қосымша каналдың, яғни тек ауызша сөйлеу тілінің қабылдауына жауап беретін қызметті атқаруы мүмкін. Естімейтін әр түрлі анализаторлар тілдің фонетикалық қандай мүмкіндіктерін беретінін қарастырайық.

Көптеген естімейтін балалар да қалдық есту қабілеті бар. Олардың қаншалықты дамығанына байланысты баланың дыбысты қабылдауы байқалады. Естімейтін балалардың көбісі құлақ түбінен қатты дауысты естиді.

3-ші топқа кіретін естімейтін балалар есту ұлушасы арқылы 2 -3 дауысты дыбыстарды ажыарата алады. Мұндай жағдайда ритмикалық құрылысына байланысты олар өздеріне таныс сөздер мен сөз тіркестерін ажырата алады. Балалар мелодиялық компоненттерді және сұрау иннтонацияларын бірден ажыратады.

Сөйлеу тілінің фонетикалық элементтерін 4 –ші топтағы естімейтін балалар тез қабылдайды. Олар құлақ түбінен сөйлеудің бірқалыпты дыбыста естиді және 2 метр қашықтықтанда дыбыстарды жақсы қабылдайды. Бұл балалар фонемаларды тез ажырата алады. Дауысты дыбыстарды ажырату оларға жеңіл.

Баланың өсуімен дамуында оның күнделікті үй шаруасына араласуының маңызы зор. Ең қарапайым деген жұмыстардың өзі баланың қалыптасуына жеке тұлға ретінде өсуіне,адами қасиеттерінің дамуына әсерін тигізеді. Баланың үй шаруасына қызығушылығы артып, үлкендерге қолғабыс қылу қажет екендігін ұғынуы үшін, жасаған ісінің нәтижесінің маңыздылығын айқындауымыз қажет. Мысалы: үй іші жинақы,таза, себебі сен жинауға көмектестің немесе сен өздігіңнен дүкенге барып сатып әкелгендіктен, бәріміз сүт ішіп отырмыз. т.б. Баланың еңбек қабілетін ата-ана үнемі бақылап отыруы тиіс. Төменгі сыныпта оқитын естуі нашар баланың іс-әрекетін бақылау барысында оның өзіне айтылған барлық тапсырманы толықтай түсінбейтіндігін ескерген жөн. Мысалы балаға бөлмені жинау тапсырылса, алдымен оған әр жұмысты жеке-жеке айтып түсіндіру шарт: ойыншықтарды жина, шаңды сүрт, еденді сыпыр т.с.с. Жұмысты осылайша бөлшектеп орындау тек жұмыс барысын нәтижелі, етуге ғана емес, баланың тілдік сөйлеу қабілетін дамытуға да көмек етеді.Себебі әрбір жұмысты түсіндіру үшін әрқайсысына сөз пайдаланылады.Сол арқылы баланың сөздік қоры байытылады. Бала өзінің жұмысын жүйелі орындауды үйреніп, нәтижесін жүйелу түсіндіруге мүмкіндік алады.

Жас ерекшеліктеріне орай балалардың қызығушылығы да өзгеріп отырады.Мысалы, 10-12 жас шамасындағы балалармен әдетте мұражайларға, сурет көрмелеріне барған дұрыс. Және серуен барысында үздіксіз тілдік қарым-қатынас болуы тиіс. Сол арқылы бала әр заттың мағынасын терең ұғынып, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Баланың тілдік қарым-қатынасын, сөйлеу қабілетін есту арқылы қалыптастыруды, сондай-ақ коммуникативтік қабілетін кішкентай кезінен бастап қадағалау дұрыс. Сондықтан бұл орайда ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың сөйлеу қабілетін арттыруға, тіл байлығын толықтыруға әртүрлі жағдайлар туғыза отырып, олардың сөйлеу және есту қабілеттерінің жақсаруын қамтамасыз етеді.Мұндай іс-әрекет естімейтін баласы бар әр отбасының маңызды жұмысына айналады. Ата-анасының тарапынан болатын жақсы үлгі-өнеге құлағы естімейтін баланың адамгершілік ережелері мен қағидаларын терең түсінуіне септігін тигізеді. Тек ата-анасына еліктеу арқылы бала мейірімділік,адалдық, тәртіп, еңбексүйгіштік секілді қасиеттерді бойына сіңіреді. Тағы бір ескеретін жайт, естуі дұрыс балалар адамгершілік ұғымдарын өздіктерінен игере алатын болса, есту қабілеті төмен балалар арнайы педагогтің жұмысынсыз мұны ұғына алмайды.

Естуі төмен баланың қоршаған қоғамнан бөлініп қалмай, тұлға болып қалыптасуында отбасының орны ерекше. Ата-ана баланы тұрмыстық және қоғамдық тиімді еңбекке баулу арқылы оның өзін-өзі басқаруына, оқуға, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыруына септігін тигізеді.

Сөздерді айту дағдысын қалыптастыру кезінде әртүрлі оқушының тілін таба білудің жолы әртүрлі. Біріншіден, бұл дыбыс құрамын игерудің әртүрлі деңгейіне, екіншіден, естіп-көру немесе есту қабілеті арқылы еліктеу негізінде мұғалім сөзіне еліктеу ерекшелігімен және мүмкіндіктермен байланысты.

Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, сөздерді айтудың осындай жақтарын (бірге қосып айту, сөз екпіні, сөз қарқыны) есту кемістігі бар оқушылар есту түйсігі арқылы жақсы қабылдайды. Кейбір жағдайда, егер де оқушы сөздердің дыбыстық құрамын айтуға қиналса, онда бұл қиындықты жеңу жолы сөздерді бөлікке бөліп оқу болып табылады.

а) Сөздерді бөлікке бөліп оқу. Сөздердің элементтерімен жұмыс оларды дұрыс айта білудің қажетті бастамасы болып табылады. Сөздерді бөлікке бөлу тәсілі берілген оқушының сөйлеу дағдыларын меңгеру заңдылықтарымен ұсынылады. Кейбір оқушылар үшін 4-5 буыннан тұратын сөздер қиындық туғызады. Мұндай сөздерді бірге айту олар үшін өте қол жетпейтін қиындықпен тең. Сондықтан сөздерді бірнеше бөлікке бөлеміз, мысалы, балапан →ба-ла-пан → бала-пан→балапан. Оқушыларға сөздерді бөлікке бөлгеннен соң келесі сабақта бірге айту оларға оңай түседі. Ал кейбір оқушыларға бұл сөздерді екі не үш бөлікке бөлу де өте қиындық туғызады. Сөздердің дыбыстық құрамын айту кезінде қиыншылық туатын көптеген оқушылар үшін дыбыстардың артикуляциясын сақтап қалу үшін сөздерді бөлікке бөлу өте қажет.

Жабық мұрынмен сөйлейтін балалар үшін бұл өте өзгеше. Өйткені олар мұрын жолды м, н дыбыстарын дауыссыз дыбыстардан кейін айту қажет. Мысалы, арна → ар-на, сөмке -сөм-ке. Есту кемістігі бар оқушылар үшін сөз құрамында кездесетін дауыссыз дыбыстар тобы қиыншылықтар туғызады (дауыссыз дыбыстар түйіскен жерде қосымша дыбыстар пайда болады, мысалы үстел, орындық, сөзін үсүтел, немесе орыныдық деп айта бастайды). Егер оқушы сөздерді дұрыс айта алмаса, онда буынға бөлеміз. Мысал ретінде сәлеметсізбе сөзін алайық. сә-ле-мет-сіз-бе→сәлем-ет-сіз-бе →сәлеметсізбе.

б) Сөздерді буынға бөлмей оқу. Жазылған сөзді оңай оқу үшін сөз екпіні, орфоэпиялық белгілері, оқи алмайтын дыбыстарға әріптер жазылған жақшалар қойылады. Бала дыбысын бір рет болса да өз бетімен айтып үйренгенше, одан дыбысты сөзде айтуды талап ету ертерек болар еді. Бала дыбысты жекелей айтуға дағдыланғанда, ол біраз уақыт осы дыбысы бар сөздерді бірде дұрыс, бірде бұрынғыдай қате етіп айтады. Осылайша Ш дыбысын жекелей буындарда, сөздерде айтып үйренгенімен, Ш дыбысымен қатар бұрын оның орнына айтып жүрген с дыбысы жүреді, яғни «шар» сөзі бірде дұрыс, бірде «сар» деп айтылады).Дыбыстардың дұрыс және қате артикуляцияларының қатар жүру кезеңі балаларда әртүрлі жүреді. Бұл дағдыларды толық меңгеру үшін балаларға қажетті уақыт та түрлі. Екіншіден, бұл дыбыстау қателерін түзету тәсілдеріне жатады. Бір оқушыда қателердің өзі әртүрлі болатындығы байқалады яғни, кейбіреулер естіп қабылдауға еліктеу негізінде, басқалары естіп-көру негізінде, ал үшіншілері жанасу-дірілді сезіну негізінде. Сондықтан кейбір жағдайларда балаға дыбыстың дұрыс дыбысталу үлгісін берген жеткілікті: «Сен дұрыс айтпадың», «Сен тітап дедің», «Қане, дұрыстап айт – кітап» т.б. Кейбір жағдайда мұндай тәсіл жеткілікті болмайды, сонда мұғалім жанасу-дірілді бақылауға жүгінеді.

Жоғарыда келтірілген мысал бойынша, в дыбысы мұрынмен айтылғанда төменгі ерін жоғарғы тістерге қатты жанасады да, нәтижесінде в дыбысы еріндік-тістік м дыбысына айналады, осы орайда дыбысты естіп-көріп еліктеу негізінде түзету қашан да мүмкін бола бермейді. Мұғалім баладан бір қолын аузына апаруды (шығарылған ауа толқынын сезіну үшін), ал екінші қолын мойнының жұтқыншақ тұсына (жұтқыншақтың дірілін сезіну үшін) апаруды талап етеді. Бұл тәсіл үнемі қажетті нәтижеге жету үшін тиімді болып табылады. Осылай есту кемістігі бар оқушыларды дыбыстауға үйретудегі жекелей келуді іске асырудың негізгі бағыты болады. Есту кемістігі бар балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылу дағдыларының қалыптастыру міндеттерін шешуге сурдопедагогтың шығармашылықпен келуі және дыбыстармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің жүйелілігіне байланысты болуы қажет.

 

14 тақырып:Сөйлеммен жұмыс. К және Г дыбыстары

Жоспары:

1. К дыбысын қою әдістері

2.Г дыбын қою әдістері

3.К – Г дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландыру.

4.Сөйлеммен жұмыс.

Мақсаты:

1.К дыбысын қою әдістерімен таныстыру

2.Гдыбын қою әдістерімен таныстыру

3.К -Г дыбыстарын буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландыру жолдарын көрсету.

К дыбысы

    К – дыбысын айтқанда тілдің ұшы астыңғы тістерден сәл шегініп, тілдің ортасы шұғыл көтеріліп жұмсақ таңдайға қабысады. Ауыз қуысынан шыққан ауа қысымымен жұмсақ таңдайдан жұлынады. Мұрын ауа жолдары жабық. Дауыс саңылаулары бірікпейді, дауыс жоқ.

    К – дауыссыз, шұғыл, қатаң.

Кемсітіктері: кг, х, тг, тк, гк, гь, қи,, и.

 

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-га, – го, - гу Газет Ол газет оқыды.
-ага, -ого,-угу, - өгі Өгіз Мынау – үлкен өгіз.

 

Г дыбысы

Г – дыбысын айтқанда тілдің ұшы астыңғы тістерден сәл шегініп, тілдің ортасы шұғыл көтеріліп жұмсақ таңдайға қабысады. Ауыз қуысынан шыққан ауа қысымымен жұмсақ таңдайдан жұлынады. Мұрын ауа жолдары жабық. Дауыс саңылаулары бірікпейді, дауыс жоқ.

    Г– дауыссыз, шұғыл, қатаң-ұяң, тіл арты.

 Кемсітіктері: аг, нг, нк, к, х, ұяң, сон, ,д.

 

Буындарды оқы Сөздерді оқы Сөйлемдерді оқы
-ка, -ко кептер Кептер- Кұс
-ак, -ок,-ук, -ик бесік Бала бесікте жатыр
-ака, -око,-уку текемет Мынау-текемет

15. Дауысты дыбыстар Қатаң дауыссыздар

Қатаң дауыссыздар п,т,к

А дыбысы. Еріннің қимылы аз, ауыз бас бармақтың көлемінде ашық, тіл ауыз түбінде жатады. Жұмсақ таңдай көтерілген, мұрын қуысын жауып тұрады. 7 суреттен еріннің орналасуын, сонымен қатар тілдің орналасуында көруімізге болады.

 

Ең алғаш балалар дыбыспен дайындық сыныбында буындар мен сөздерді есту кезінде танысады. Мұғалім балаға папа сөзін естуге және айтуға мүмкіндік береді. Бала сөзді айтқан кезде мұғалім дыбысты қадағалау керек. Оқушылар тек қана естімейді сонымен қатар мұғалімнің сөйлеген кездегі бет артикуляциясын көреді. Олар көптеген жағдайда мұғалімнің айтқанын қайталауға тырысады. Мұғалім балаларға дыбысты дұрыс айтуды айна алдында үйретеді.Жеке сабақтарда мұғалім баланың дыбысты естіп – көру және дактильді түрде көруге береді.Оқушы папа сөзін және оған кіретін дыбыстарды айтуы керек. Жаттығу кезінде мұғалім кеспелі әліппені қолдану арқылы әріптерді, буындарды түсіндіреді. Барлық дыбыс қою кезінде осындай жүйелілік сақталады.

О дыбысы. Ерін сәл алдыға жылжиды., дөңгелектенеді. Астынғы ерін мен үстіңгі еріннің ара қашықтығы а дыбысын қою кезіндегіге қарағанда сәл жабық болады.Тіл артқа тартылған. Жұмсақ таңдай көтеріңкі және ол мұрын жолдарын жауып тұрады.

О дауысты дыбысымен Омар сөзінде жұмыс істей отырып, оны есту қабілеті арқылы қоюғада болады. О дыбысымен жеке сабақтарда а дыбысына сүйене отырып қоямыз.

 

У дыбысы. Еріндер алдыға жылжиды қосылады да кішкене дөңгеленеді.Тіл артқа тартылған таңдайға жабысып тұрады. Жұмсақ таңдай мұрын жолдарын жабады.

 У дыбысымен алғаш танысқанда балаларға оның айтылуын, ерін артикуляциясын, кеуде тұсындағы дірілді көрсету керек.

Э дыбысы. Ерін қимылсыз, еріннің екі шеті артқа қарай жиырылған. Тілдің ұшы жұмсақ таңдайға тиеді, ал шеттері жоғарғы түбір тістерге тиеді.Тілдің артқы жағы таңдайға тиеді.

Дыбысты айту кезінде еріннің орналасуын көруге болады. Егер бала мүлдем естімесе оған дыбысты кеңірдектегі вибрация арқылы түсіндіруге болады.Дыбыс қою кезінде э дыбысын қою оңай болу үшін оны пе буынынан кейін қойған жөн.

И дыбысы. Еріндер жимиған сияқты созылады.Еріннің қашықтығы бір бірінен алыс емес. Тілдің ұшы жақтарға тиіп тұрады. Дыбысты қою кезінде мұғалім баланың қалдық естуіне сүйенеді. Дыбыс қою кезінде мұғалім тілдің, еріннің орналасуына назар аударуы керек.Көп жағдайларда дыбыс қою кезінде көптеген қиындықтарға кез болады және ол көп жеке жұмысты талап етеді. Жеке сабақтарда мұғалім оқушының даусына және дауыс темпіне,дауыс вибрациясына назар аудару керек. Кей жағдайларда бұл көптеген нәтижеге әкеледі.

Ы дыбысы. Еріндер қимылсыз. Тілдің ұшы артқа кетеді. Еріннің артқы и дыбысы сияқты. Артқы бөлігі көтеріңкі және қатты тағңдайға тақалған. Жұмсақ таңдай көтерілген және ол мұрын жолдарын жауып тұр. Дауыс бөліктері жиналған және вибрация болады. Еріннің орналасуын көруге болады.

Дыбысты қою кезінде оқушыларға олардың қалдық естуіне дыбыстың естілуін беруге болады. Оны пи, пы буындарында беруге болады.Ауызды ашыңқырап айнаның алдында тілдің орналасуын көрсету.

6.Қатаң дауыссыздар

Қатаң дауыссыздар п,т,к

П – дысын айтқанда ерін бірінші кезеңде бір-біріне тиіп тұрады,, тамақтың және ауыздың қусында, өкпелерден түсетін ауа болады.. Кейін еріннің айқасып қабысуы жарылады және ауа ауыздан сыртқа шығарылады. Тілдің жағдайы келесі дыбысқа байланысты өзгереді. П дыбысы сөздің немесе буынның соңында тұрса, сол тіл бейтарап қалады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады.Дауыстың бүрмелері алшақтатылған.

Еріннің жұмысын көру болады және ауыздан шыққан ауа демін сезуге болады.

П дыбысын айтуда дауыстың болмауын, мысалы апа, папа сөзіндерінде балалар қалдық естуі арқылы немесе жұтқыншаққа қолды қою арқылы біле алады.

Т - дыбысын айтқанда ерін алшақтатылған және тілдің қалпы келесі дыбысқа байланысты болады. Жоғарғы және төменгі тістер жақындатылған.Тіл бірінші кезеңде өзінің алдыңғы аймағымен айқасып жоғарғы тіспен қабысады, ал бүйір аймақтармен жоғарғы азу тістермен жабысады. Келесі кезңде айқасып қабысу жарылады.Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады. Дауыстың бүрмелері алшақтатылған.

 

 

Бұл дыбысты шығарған кезде, еріннің қалпын, тіс жиектерін мен тіл жұмысын, сондай-ақ ауыздан шыққан ауа тербелісін көре аласыз. Т дыбысын айтқанда дауыстың болмауын, мысалы, ата немесе тата сөзін айтқан кезде балалар қалдық естуі арқылы немесе жұтқыншаққа қолды қою арқылы біле алады.

К – дыбысын айтқан кезде еріннің қалпы мен жоғарғы және төменгі тістердің арақашықтығы келесі дыбысқа байланысты болады. Тілдің ұші төмен, артқы жағы бірінші кезеңде жұмсақ таңдаймен қабысады; айқасып қабысудың жері келесі дыбысқа (ка кезінде - шамалы қатты және жұмсақ таңдайдың арасында, ки кезінде –алдыңғы осы шекарадан) байланысты болады. Келесі кезге айқасып қабысу жарылады.Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады. Дауыстың бүрмелері алшақтатылған.

Дыбыстың ауыздан шығуы кезінде тілдің жағдайы және оның жұмысының көрінісіі (анық емес). Сондай-ақ ауаның түрткісін қолда сезуге болады.

К дыбысын балаларға таныстыруда оқушыларға тіл жұмысын көрсетудің маңызы зор (ауызды үлкен, кең қылып ашса жеткілікті), және әр оқушыға алақанның теріс бетінде шыққан ауа демін сездірту керек.

К дыбысын айтуда дауыстың болмауын, мысалы, ака немесе касса сөздерінде,балалар қалдық естуі арқылы немесе жұтқыншаққа қолды қою арқылы біле алады.

П және т дыбыстары естімейтін оқушыларда айрықша қиындықтар туғызады.

К дыбысын қоюда арнайы тәсіл қолдану керек. Бұл тәсіл келесідегідей: оқушы анық, жеткілікті деммен та сөзін бірнеше рет қайталауы керек. Осы жаттығуды екінші рет жасату барысында, мұғалім баланың тілін шпательмен немесе саусақмен тілдің алдыңғы жағын қысады. Сонда тя пайда болады. Жаттығуды жалғастыра, мұғалім тілді бірнеше тереңірек басады, нәтижесінде кя естіледі. Ақыры, қалақша немесе саусақты тереңірек басады және таза ка пайда болады.Дыбысты қойғаннан кейін, мұғалім оқушыға жаттығуды жасату барысында тілді саусақпен басу керектігін үйрету керек. Бұл ретте қандай тереңдікте саусақты ауызға кіргізу керектігін оқушыға көрсету керек..Дыбыстың қойылымының кезеңдері механикалық әдіспен 18 суретте көрсетілген.

Оқушы әлі де к -ны айтуды үйренбесе, жеке сабақтар жүргізу қажет. К дыбысы бар сөздерді немесе сөз тіркестерін айтуда, оқушы өз өзіне артикуляция жасай білуі керек. Ол үшін саусақпен немесе қалақшамен (шпательмен) тілді басу қажет. Тек оқушының қолы таза,жуылған және спиртпен сүртілген болуы керек.

П,т, к дауыссыз дыбыстарын айтудағы қателерді қарастырамыз.

1 – Шұғыл дауыссыздардың фрикаттармен ауысуы.

Бұл кемістік п дыбысын айтуда аз және ең бірінші дәрежесінде ғана кездеседі. Себебі, ерін толық жабылмайды және дем шығу байқалады.

Кейде т дыбысы балада фрикативты дыбыс болып естіледі, ағылшынның дауыссыз th дыбысын еске түсіреді. Ақау (кемістік) көп тараған емес. Кей жағдайларда қателерді кезеңмен түзеуге тура келеді. Кейде бұл кеемістікті уақытша тісаралақ артикуляция арқылы түзеуге болады. Бұның бәрін, әрине, мұғалім оқушыны жанына отырғызып, айна алдында көрсетеді. Егер тісаралық артикуляция кезінде дыбысты дұрыс қоя алмаса, онда оқушы уақытша еріндік т-ға көшеді. Ол үшін мұғалім оқушыға па буынын айтқызады.

П және т дыбыстарын айтудағы кемістіктер к дыбысын х немесе кх,хк тіркесіне алмастырып айтуы жиі кездеседі.

П, т, және к сөздерін (буынын) немесе қатаң дауыссыздарды айтуда дыбыс дауысты болып келеді (а, э, немесе ы). Кемістік кең тараған топтарға кіреді. Есту қабілеті сақталған балаларда есту-көру арқылы ол жақсы түзеледі. Естімейтін баланы оқытуда буынның немесе сөздің дұрыс дұрыс еместігін үйретудің маңызы зор(доп-допы) Кейде оқушылар мұғалімнің айтқанын қағып алып,дыбыс айтудағы қатесін тура сол мезетте түзейді. Егер оқушы мұғалімнің айтқанын тыңдап қателерін түзей алса, онда ол келешекте өз қателерін есту қабілетіне сүйене отырып түзей алады.

Бұл жағдай көптеген балаларда естіп көруі және есту қабілетіне байланысты салыстырмалы түре жақса жағынан көрсетеді. Себебі, бұл кезде тек жеке жұмыс жасауға ғана емес, сонымен қатар топпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Егер балада қалдық есту қабілетінің жоқтығынан немесе қабілетінің болмауынан нәтижеге қол жеткізілмесе, онда дұрыс және ақауы бар сөзді немесе буынды қарама – қарсы қойып, тактильды-вибрацияға сүйене отырып нәтижеге қол жеткізуге болады.

Фрикативты қатаң с,ш, х.

Бұл топтаға дыбыстарға ф дыбысы да жатады. Бірақ біз оның артикуляциясын және айтудағы қателерін в дыбысымен қарастырамыз.

С дыбысы

С – дыбысын айтқанда еріндер күлгендегідей сәл керіледі. Тістер қысылған немесе жақындасқан қалыпта болады. Тіл ұшы төмен иекке тіреледі. Ортасы дөңестеледі, бүйір шеттері жоғарғы азуларға, таңдайдың бүйір жақтауларына жабысады.

Тілдің бойында оның ортасымен, жырашық пайда болады, альвеолы тұсында сыртқа қарай дөңес тесік болып ашылады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс перделері ажырайды, дем шығару ауасы көмекей мен ауыз қуысына еркін жіберіледі. Ол ауа ауызда тар саңылау түріндегі кедергіге ұшырап ысқырған шу шығарады, оның биіктігі тіл үсті биіктігінің алдыңғы жағы мен күрек тістер арасындағы қуыстың көлеміне байланысты (19 сурет).

Егер оқушы дыбысты айтуда қиналса, онда мұғалім оқушыны жанына отырғызып, айна алдында ауызды ашып, тілдің қалпын, одан кейін тістерді жақындатып, с-ны ұзақ айтады. Оқушының қолын аузына тигізу арқылы көрсетеді. Оқушы қажетті артикуляцияны айтуға тырысады.

С дыбысын айтуды жақсы қадағалайтын аппарат И – 2М. Дауыссыз дыбыстың дұрыс айтылуы экранда жіңішке вертикальды сызықпен көрсетіледі (20 сурет).

С дыбысының артикуляциясын дұрыс айта алмаса, мұғалім оқушыға қасқыр сөзін айтқызады. Оның күндегіден дұрыс, анық оқылуын қадағалайды.

Естуі және естіп-көруі арқылы қабылдауда дұрыс артикуляция қоюға қол жеткізбесе, онда кезең бойынша қарастыру қажет. Бұл әдіс әрқашан нәтиже береді. Артикуляция іріктеу кезегін қарастырайық.

1. Еріндік артикуляция. Мұғалім тілді кең көлемде ашып, ерін арасына қойып, үрлейді. Демді оқушы қолын мұғалім аузына жақындату арқылы сезеді.Еріндік с-ны қойғаннан кейін буынға және сөзге қосып айтуы керек.

2. Тісаралық артикуляция. Бұл артикуляцияны оңай қоюға болады., оқушының жоғарғы ернін көтереді (саусақпен немесе қалақшамен,шпательмен).Біраз уақыттан кейін тісаралық с дыбысын сөздерде қолданады.

3. Қалыпты артикуляция. Оқушыға с дыбысын тістеніп айтуды ұсынады.

Кезеңнен кезеңге өтуге асықпау керектігін есте сақтаған жөн. Сондай-ақ, әр оқушыға әр түрлі уақыт қажет: біраздан (2-4) бірнеше апталық дайындық.

 Ш дыбысы.

Ш- дыбысын айтқанда ерін аздап дөңгеленеді. Тістер не қысылған,не жақындаған, арасында жіңішке саңылау 1-1,5 мм болады. Тіл таңдайға ожауланып көтеріледі. Оның бүйірлері жоғарғы ауыздарға тиеді. Алдыңғы ұшы альвеол артындағы таңдайға тиіп, ортасында жарты ай қуысын жасайды. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері ажыраған, шығатын демді жұтқыншақ пен ауыз қуысына еркін өткізеді.

Көптеген оқушылар ш дыбысын қоюда жеке жұмысты қажет етеді.

Ш дыбысы қойылмаса оны 2 артикуляция жолымен қоюға болады: 1) С; 2) Р.

1. С дыбысы бірнеше рет дауыстысы бар буын құрамында / С-С-А / создырып айтқызады. Ізінше ашық жағдайда тіл астына зонд қойылады, сосын тілді қысып айтқызады. Баланың осыны айтуға талпынуы /механикалық әсерінен / шудың түрін өзгертеді.Зондтың көлбеуі мен ауыз ішіне сұғыну тереңдігін реттей отырып, жұмысты осы сатыда, ең дұрыс акустикалық тиімділігін беретін қалыпты таңдап алу керек.Тіл артикуляциясы бекітілісі болмайынша баланың есіне Ш дыбысын салуға, оған осы әріпті көрсетуге, жаттығуларға осы дыбыс бар сөздерді қосуға болмайды.Материал ретінде са, со, се, аса, асо, ас, асе, асы, ос, эс буындарын алуға болады. Барлық жағдайда дауыссыз дыбыс созылып айтылуға тиіс. Жаңа артикуляция қалыптасқан соң балаға қандай дыбыс алынғанын айтуға Ш әріпін көрсетуге, осы дыбыс бар сөздерді жаттығуларды қосуға болады.

  Өте қиын жағдайда Ш дыбысын қоюды тілдің қажетті формасы мен қалпын қалыптастыруға бағытталған артикуляциялық әзірлік жаттығулардан бастау керек. Оған тілді «күрекке» ұқсатып шығару, тіл ортасында жырашық жасап үрлеу жатады. Одан әрі жоғары тіспен жоғарғы ерін арасындағы қуысқа сұғу, жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау, оған тілді жапсыру, осы қалыпта қағазға үрлеп, оның қиғаш жоғарғы желбіреуін бақылау, жүзеге асыру.

2. Егер Ш дыбысы бұзылып айтылған жағдайда, Р дыбысы дұрыс айтылатын болса, соңғысын қажет артикуляцияға негіз етіп алуға болады. Ол үшін балаға Р дыбысын үнсіз немесе сыбырлап созып айна алдында айтқызады, сосын бәсең дыбыстар пайда болғанша тербеліс тоқтағанша дем шығару үшін жайлата түседі. Р дыбысын айту кезінде шпательды немесе зондты, тілдің төменгі ұшына тигізіп, алдыңғы шетінен тербелісін тежесе, дыбыстауды жайлатпай да алуға болады. Ауызды ашып, оған механикалық әсер ететін бірнеше жаттығу жасап, қажетті артикуляцияны қайталау дағдысын қалыптыстырған соң алынған дыбысты тісті қысып айтуға болады / дыбыс тұншығып төмендеп шығады, жаттығулар сериясының ең соңында артикуляцияны ерінді дөңгелектеумен толықтырады / дыбыс тұншығы шығады /, сонда Ш дыбысы дұрыс айтылатын болады.

 

Х дыбысы

Х- дыбысын айтқанда тіл үсті таңдайға толық тимейді, орта қуыс қалдырады, сол арқылы өткен дем ауасын Х дыбысына тән шу шығарады.. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері ажыраған. (29 сурет)

Х дыбысының айтылуының бұзылуы хитизм немесе басқа дыбыспен К алмасуы парахитизм деп аталады. Біріншісінде, дем ауасы өз жолында тіл мен таңдай жақындасқанда пайда болатын саңылауды кездестірмей дауыс перделерінің жақындасуынан туатын әлсіз тамақ шуы естіледі. Яғни, халва, хат орнына «һалва», «һат» естіледі Х дыбысының бұла йайтылуы көптеген тілдерге, соның ішінде орыс тіліне де тән.

Екінші жағдайда тіл артикуляцияға белсене қатысады, бірақ қуыс орнына тіл мен таңдай жабысады. Оның екеуіндеде х дыбысын Х дыбысынан алуға ұмтылу керек, сонда тілдік таңдай түбірлік КХ дыбысы шығады. Одан соң фрикативтік бөлігіне ажырату жаттығу арқылы артикуляцияны бекіту жүзеге асады.

Егер бұл нәтиже бермесе, нәтиже беретін күрделі тәсіл қолданылады. Онда Т дыбысынан К дыбысын ажыратқандай механикалық әдіс пайдаланылады. Балаға дауысты сөз с-а буынын айтқызады. Осы буынды қайталағанда тіл үстін шпательмен тіске қысады. Сонда са орнына ся ща буыны пайда болады. Одан соң шпательді ауызға сұғындыра отырып хя буынына айналдырады, одан да сұғындырып ха буынын алады. Бұған К дыбысын алғандағы түрлі балаға түрліше уақыт жұмсайды. Тілді қажет қалпында бала өз қолымен ұстауға болады.

6 кестедегі С, Ш, Х дыбыстарының кең тараған ақауларын қарастырайық. Олар:

1. Бүйірлік артикуляция

2. Сонантты артикуляция

3. Дыбысталу

4. Жұмсақ дыбысталып айтылу

5. Созылмалы

6. Ш және х орнына с –ны қолдану

7. Тістік артикуляция

8. Беттік

9. Фрикативты х- ның к-ға ауысуы.

 

Дауыссыз ф және в дыбыстары

Дауыссыз ф және в дыбыстары фрикативты топтарға жатады. Астыңғы ерін үстіңге ерінге түйіспейді, арасында саңылау қалдырады. Үстіңгң ерін көтерулі. Тілдің қалпы келесі дыбысқа байланысты. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады. Д<


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow