Каз_ Детские болезни ОВП

$$$001

Бала, 8 жаста, дене температурасының 38,50С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Жағдайы ауыр, бозарған. Тыныс жиілігі 28 рет минутына. Жүректің шекаралық перпуссиясы: оң жағы оң жақ бұғана сызығы бойынша, жоғарғысы – II қабырғаралықта, сол жағы – бұғана ортаңғы сызығынан 2,5 см сыртқа орналасқан. Аускультацияда: сол жақтан III-IV қабырғааралықта систолалық шу естіледі. Жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериальды қан қысымы 115/40 ммс.бб.

Қай препаратты қолдану МЕЙЛІНШЕ орынды?

А) Стероидты емес қабынуға қарсы прерапрат

В) Стероидтар

С) Анаболиктер

D) Антибиотиктер

Е) Иммуносупрессорлар

{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Педиатрия. Национальное руководство. Баранов А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2..: ГЭОТАР-Медиа, 2009.
{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$002

Бала, 1 жас 8 айда, полиурияға, полидипсияға, себепсіз дене температурасының жоғарлауына, ұстама тәрізді қол және аяқтың қимылына, ЖРВИ-мен жылына 6 реттен көп ауырған, іш қатуға шағымданады. Қарап тексергенде: салмағы 9,5 кг, бойы 85 см, 0 – тәрізді аяқтардың деформациясы, бауыры 9,5х8,5х8,5см, шүйде шашы түскен, маңдай және төбе бұдыры айқындалған, үлкен еңбегі 0,5х0,5 см, құрсақ бұлшықеттері ажыраған. Келетін карпо-педальды спазм, сіңірлік тізе рефлекстерінің жоғардауы анықталады.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Де Тони-Дебре-Фанкони ауруы

В) Витамин-D- тәуелді рахит

С) Хондродистрофия

D) Бүйректік тубулярлы ацидоз

Е) Спазмофилия

{Дұрыс жауап} =А

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:Оқулық. В двух томах.Т.1.-СПб Питер,2007г.-684с.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$003

Бала, 13 жаста, склераның кезеңді түрде сарғаюына шағымданып келді. Інісінде екі рет осы тәрізді сарғаю болған. Физикальді зерттеуде патология анықталған жоқ. Бауырлық сынама: жалпы билирубин 38,8 мкмоль/л, тікелей 3,5 мкмоль/л, АЛТ 31 Ед/л, АСТ 19 Ед/л, сілтілі фосфатаза 226 Ед/л.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А)Ротор синдромы

В)Жильбер ауруы

С) Өт-тас ауруы

D)Дабин-Джонсон синдромы

Е) Туа пайда болған гемолитикалық анемия

{Дұрыс жауап} =В

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:Оқулық. В двух томах.Т.1.-СПб Питер,2007г.-684с.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$004

Бала, 14 жаста, іштегі ауыру сезіміне, жүрек айнуға, жиі күніне 12 ретке дейін жағымсыз иісті сұйық нәжіске шағымданады. Анамнезінен: соңғы 3 жылда диарелиялық синдроммен ауырады. Соңғы жылы жағдайы нашарлап, салмақ жоғалтты, жалпы әлсіздік, буындарындағы ауыру сезімі, кейде балтыр бұлшықеттеріндегі ұстама пайда болды. Педиатрде созылмалы энтероколит бойынша нәтижесіз ем қабылдаған. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозарған. Ұрғылау кезінде аяқ қолдағы түтікті сүйектердің дистальді бөліктеріндегі ауыры сезімі байқалады. Копрологиялық зерттеуде стеаторея, креаторея анықталды.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Мальабсорция синдромы

В)Гранулематозды колит

С) Созылмалы панкреатит  

D) Тітіркенген ішек синдромы

Е) Арнайы емес жаралы колит

{Дұрыс жауап} =А

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:Оқулық. В двух томах.Т.1.-СПб Питер,2007г.-684с.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$005

Қыз, 11 жаста, дефекация алдындағы іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезіміне, нәжісінің сұйықталуы мен күніне 4 ретке дейін жиіленуіне, қан және шырыш пайда болуына, тәбеті төмендеп, азуына, субфебрилді дене температурасына шағымданады. 6 ай көлемінде ауырады. Қарап тексергенде: іші аздап ісінген, сол мықын аймағы ауыру сезімді. Бауыры қабырға доғасында. Нәжісі қалыптаспаған, қан және шырыш аралас, 4-5 рет тәулігіне. Ректороманоскопия: тік ішектің шырысты қабатында беткей әртүрлі көлемді және формалы ақаулар, қантамырлы сурет анықталмайды, қабыну үрдісінен ішек қуысы тарылған.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А)Дизентерия

В)Созылмалы колит

С) Гранулематозды колит

D) Тітіркенген ішек синдромы

Е) Арнайы емес жаралы колит

{Дұрыс жауап} =Е

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:Оқулық. В двух томах.Т.1.-СПб Питер,2007г.-684с.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$006

Қыз, 13 жаста, бірнеше күн ішінде әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске, іштегі ауыру сезіміне шағымданады. 1,5 жыл ішінде іштегі ауыру сезімі мазалайды, кейде түнде, антацидтерді қабылдағанда ауыру сезімі азаяды. Бұған дейін тексерілмеген. Тұқым қуалаушылығы бар, атсында он екі елі ішек ойық жарасы бар. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3.5х1012/л, НВ 82г/л, лейкоциттер 7,1х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағат. Грегерсон реакциясы +++.

Төмендегі қандай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ орынды?

А) Ректороманоскопия

В) НР зерттеу

С) Асқазанның рентгеноскопиясы 

D) Құрсақ қуысын УДЗ 

Е) Фиброгастродуоденоскопия

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни: Оқулық. В двух томах.Т.1.-СПб Питер,2007г.-684с.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$007

Бала 13 жаста, дене температурасының 38,80С дейін жоғарылауына, былтыр мен табанның жазатын бетінде көптеген біріккен бөртпелерге, тізе буынының ауырсынуымен домбығуына, іштегі ауырсынуға және қан аралас іштің өтуіне шағымданып келді. “Қоймалжың кофе” тәрізді бір рет құсу болды. Қарап тексеруде: тізе және балтыр-табан буындарының дефигурациясы, қимыл-қозғалысы жедел ауырсыну шақырады. ЖҚТ: эритроциттер 1,2х1012/л, Нв 70 г/л, ТК 0,62, лейкоциттер 27,3х109/л, ЭТЖ 54 мм/час. ЖЗА: салыстырмалы 1015, ақуыз 0,9 г/л, лейкоциттер 2-3 көру аймағында, эритроциттер 30-40 көру аймағында.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Он екі елі ішектің ойық жарасы

В) Гломерулонефрит

С) Реактивті артрит

D) Тромбоцитопениялық пурпура

Е) Геморрагиялық васкулит

{Дұрыс жауап} =Е

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = = Шабалов Н.П. Детские болезни:учебник. В двух томах.-СПб Питер,2007г.-684с.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$008

Қыз бала, 9жаста, дене температурасының 380С дейін жоғарылауына, тізе буынның симметриялық орын ауыстырып тұратын ауырсынуға, перикардиальді ауыруға, ентігуге, жүрек қағысына шағымданып келді. Ауруын болған фолликулярлы баспамен байланыстырады. Денесінде және аяқ-қолдарында өзінен кейінгі із қалдырдырмайтын, тері деңгейінен жоғары шықпайтын, қышыну сезімін бермейтін сақина тәрізді бөртпелер анықталады. Денесіндегі және аяқ-қолдарындағы бұлшықеттердің гиперкинезі анықталады. ЭхоЭКГ: митральді регургитация, систоллалық шуыл анықталады.

Көрсетілген дәрілік заттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Бензилпеницилин

В) Фенобарбитал

С) Азитромицин

D) Пропранолол

Е) Метилпреднизалон

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:учебник. В двух томах.-СПб Питер,2007г.-684с.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$009

6 айлық бала, ата-анасының айтуынша баласын бір ай бойы күніне 7 ретке дейін болатын көбікті сұйық нәжіс мазалайды. Ауру анамнезінде: бір ай емізген, сосын 3 айлығынан бастап жасанды тамақтандыруға көшкен. Қосымша тамақтандыру 4 айлығынан басталған- күніне 2 рет жарма және сұлы ботқасын берген. Қарап тексергенде: тері жабындысы мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. 

Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Тітіркенген ішек синдромы

В) Бейспецификалық жаралы колит

С) Инфекционды энтероколит

D) Глютенді энтеропатия

Е) Муковисцидоз

{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:учебник. В двух томах.-СПб Питер,2007г.-684с.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$010

Бала 8 жаста, дене температурасының 38,80С дейін жоғарылауына, қиын бөлінетін қақырық пен ентігуге, жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде: жағыдайы өте ауыр. Дене салмағы 29 кг, бойы 140 см. Тері жабындысы бозғылт, ауыз-мұрын үшбұрышы көгерген. ТАЖ 1 минутта 40 рет, ЖСЖ минутына 120 соққы. АҚҚ 90/60 ммсын.бағ. Кеуде торы бөшке тәрізді. Аускультативті: оң жағында дем алу бәсеңдеген, сол жағында қатаң. Әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар көбінесе сол жағында естіледі. Бауыры+6,5 смге үлкейген. Нәжісі көп мөлшерде жақпа тәрізді, майлы жылтыр. 

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ мақсатты?

А) Бауырлық сынама

В) Пилакорпинді сынама

С) Қандағы амилаза

D) Копрограмма

Е) Спирография

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = Педиатрия. Национальное руководство. Баранов А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2..: ГЭОТАР-Медиа, 2009.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$011

Қыз бала, 1 жас 3 айда, анасының айтуынша сұйық нәжіс, әлсіздік мазалайды. Қарап тексергенде: Жағыдайы өте ауыр. Дене салмағы 5600 г. Жүріп тұра алмайды. Токсикоз бен эксикоз айқындалған. Терісі құрғақ қабыршақтанады. Шырышты қабаттары құрғақ ашық. Тістері дистрофияланған. Ішінің көлемі ұлғайып ауа толған. Бауыр және көк бауырды пальпациялау қиын. Нәжісі мол, сасық иісті жылтыр шырыш аралас. Өкпесінде ашық өкпелік перкуторлық қорабтық дыбыспен. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 135 рет минутына. 

Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Целиакия

В) Бейспецификалық жаралы колит

С) Біріншілік лактозды жетіспеушілік

D) Муковисцидоз

Е) Дисахаридті жетіспеушілік

{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Педиатрия. Национальное руководство. Баранов А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2..: ГЭОТАР-Медиа, 2009.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$012

Қыз бала, 9 жаста, дене температурасының 37,50С дейін жоғарылауы, әлсіздік және қажу, тәбетінің нашар болуына шағымданады. Қарап тексергенде: жағыдайы ауыр, боз, әлсіз, ТАЖ минутына 28 рет. Жүрек шекараларның перкуссиясы: оң жағы - оң төс жанымен, жоғарғы- II-ші қабырға аралығында, сол жағы - бұғананың орта сызығымен сыртқа қарай 2 см ығысқан. Аускультацияда: III-IV қабырғааралығында төстің сол жағында қатаң систоллалық шуыл естіледі. II-III қабырғааралығында төстің сол жақ бойымен өтетін протодиастоллалық шуылы естілді. ЖСЖ минутына 100 соққы. АҚҚ 115/40 ммсын.бағ.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Жедел ревматоидты қызба

В) Инфекциялық эндокардит

С) Инфекциялық миокардит

D) Бейспецификалық аортоартериит

Е) Лимфопролиферативті ауру
{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Педиатрия. Национальное руководство. Баранов А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2..: ГЭОТАР-Медиа, 2009

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$013

11 айлық бала, анасының айтуынша физикалық жетілуден артта қалғанын (салмағы 7,0 кг), ентігудің пайда болғанына, ауыз айналасының физикалық немесе эмоциональдық күш түскенде көгеруіне шағымданады. Терісі көгілдір түсті. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекарасы: оң жақ- оң жақ төс маңы сызығыда, жоғарғы- II қабырға арасында, сол жақ- сол жақ бұған орта сызығында анықталады. ЖСЖ- минутына 140 соққы, ТАЖ-минутына 40 рет. Сол төс жаны бойымен қатал тембрдағы систоллалық шуыл естілді, II тон екінші қабырға аралықта әлсіреген. 

Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Өкпе артериясының артезиясы

В) Қарыншааралық перденің ақауы

С) Жүрекшеаралық перденің ақауы

D) Ашық аортальді ақау

Е) Фалло Тетрадасы

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Педиатрия. Национальное руководство. Баранов А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2..: ГЭОТАР-Медиа, 2009.

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

 




Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: