Университет - білім ордасы

Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқимын. Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің іргетасы 1939 жылы қаланды. Сол кезде университет         «Мұғалімдер институты» деп аталған. Ең алғаш математика, физика, тарих, география факультеттері ашылған. Оқу ордасы университет мәртебесін 1993 жылы алған. Ахмет Байтұрсынов есімі 1996 жылы берілді. Университет мәртебесін алғаннан кейінгі бірінші ректор белгілі Академик Зұлқарнай Алдамжар болған. Жыл сайын Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Ресей мен алыс шетелдердің қатысуымен шамамен 5 халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Әр жылда университет оқытушылары екі-үш докторлық және жиырмаға жуық кандидаттық диссертация қорғайды.

Университетте 7 факультет бар, 9000-ға жуық студент оқиды. Университетте сабақ кредиттік жүйемен, бекітілген сабақ кестесі бойынша 50 минуттан өткізіледі. Университетте 37 кафедра бар, 160-тан астам ғылыми атақтары мен дәрежелері бар оқытушылар, 40 ғылым докторлары мен профессорлар дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді. Университет 35-тен астам мамандық дайындайды. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – Қазақстанның солтүстігіндегі алдыңғы қатарлы, аймақтық университеттерінің бірі. 

8.Қазақстандағы білім беру жүйесі.

Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық училище, арнаулы орта және жоғары орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (магистратура, докторантура), әр түрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары.

Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4 сынып), толық емес орта (5-9 сынып) және толық орта (10-11 сынып).

Бірінші және екінші сатылы білім міндетті.Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады.Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер.

Ал жоғары білім беру жүйесінде 100 шақты мемлекеттік және мемлекеттік емес орны тіркелген.

2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.

Мектепке дейінгі тәрбие басты екі міндеттен тұрады: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын күрт өсіру, тәрбие жұмысын жаңа мазмұнмен толықтыру.

Сонымен қатар мини-центрлер мен мектепалды сыныптардың педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы әзірленді.

Магистратура мен докторантура бағдарламалары бәрінен бұрын жас зерттеуші – ғалымдар мен ЖОО-лардың оқытушыларын даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

Бұл тұстағы негізгі бағдар – Назарбаев Университетінің базасында құрылып жатқан жоғары оқу орнының жаңа моделі.

Қазақстандық орта білім беру жүйесін жетілдіру үшін үлкен әдістемелік үлгі ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» атауға болады.

Осы шаралардың барлығы Елбасының «Сапалы білім Қазақстанды индустрияландыру мен инновациялық дамытудың негізі болуы тиіс» деген міндетін орындауға бағытталған. Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды.

Білім беру оқыту мен өз бетінші іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу – ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған.

Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. Жоғары оқу орнынан кейін азаматтар аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндіктері бар. Елізде Жоғарғы білім берудің бес жылдық, 11 жылдық (медицина) үлгілерімен қатар, төрт жылдық бакалавриат және екі жылдық магистратуралық оқу мерзімі енгізілді.

Қазіргі уақытта қазақстандық Жоғарғы білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Болон процесі мен халықаралық Лиссабон ынтымақтастығына қосылуға қол жеткіздік. Бұл ел өміріндегі елеулі оқиға деуге тұрады. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің еуропалық үлгісіне енетін боламыз үмкіндігіне ие болады.

9.Кредиттік оқыту жүйесі.

Кредиттік–сағаттық жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болған. 1870 жылдан бастап Гарвард университетінің Президенті, белгілі американдық білім қайраткері Чарльз Элиот «кредит–сағат» ұғымын енгізген. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйесінің екінші кезеңі басталды.

  Қазақстанда кредиттік оқу жүйесі 20 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан стихиялы қалыптаса бастады. 15 тамызда 2007 жылы «Білім туралы» жаңа заң қабылданды, осы заңда «кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы заңнамада анықталған.

Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы.Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:-міндетті түрде; -таңдау бойынша;

Білім алушы өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжіребесі бар оқытушы арқылы жасайды (5-10 студент). Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьютерлер (оқытушылар) ұсынылады.

Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс – сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар) өткізу керек. Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы – емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды аттестатттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.

10.Қоғам және жастар.

Әр адам, әр азамат – ұлттың, қоғамның бөлшегі. Адам қоғамнан тыс бола алмайды. Қоғам – адамзат өмірімен тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміт артары – жастар. Жастарға сенім артып, жастардан үкілі үміт күту – қай қоғамның да басында бар болатын құбылыс. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. Халықтың үштен бірін құрайтын жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы, бүгінгі стартегиялық мақсатардың ертеңге жүзеге асырушысы. Сондықтан да жастардың білімді, дәстүрмен қатар заманнның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс.

    Бүгінгі күнде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында осы жастардың алты жүз мыңнан астамы студент атанып білім алып жатыр. Бүгінгі жастарға, оның ішінде жоғарғы оқу орны қабырғасында білім алушы жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған түрлі мазмұндағы (материалдық, әлеуметтік, т.б.) көмек жеткілікті десек артық айтпаймыз. Мәселен, бүгінде елімізде Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуының ұзақ мерзімді ұлттық әлеуетін анықтау бойынша алдын ала зерттеулер жүргізілуде. ҚР Бірінші Президентінің Қоры жанынан ғылыммен айналысатын жас мамандардың басын қосатын жас ғалымдар кеңесі құрылды. Білім бағдарламаларын жақсы меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласқан ЖОО студенттері мен магистранттарын қолдау үшін әл-Фараби, Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, Абай, Шәкәрім және басқа да қоғам қайраткерлері атындағы атаулы стипендиялар бар.

11. Қазақстанның экологиясы.

 Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болды. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Өйткенң, табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Табиғат – адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Сондықтан да адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауы тиіс,     Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адамның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде.

     Жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудырды.  Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және табиғи ортаның нашарлауына алып келді. Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы).

       Келтірілген мысалдар адамзаттың табиғатқа жауапсыз қарауға болмайтын-дығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді. Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алқабын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады.

12.Қазақстанның қорықтары Елімізде өсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Сондықтан да қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады. Қорықтар — биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіңдігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ биосфера компоненттерін қорғау және үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының рөлі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығында айтар үлес қосты.                                                        Бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден-бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек.

 

Сұхбат

1.Менің елім – тәуелсіз Қазақстан.  

- Сіз Қазақстанның қай жерінде тұрасың?

- Мен Қазақстанның солтістігінде тұрамын.

-Қостанай облысы Қазақстанның қандай облысы қатарына жатады?

- Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан.

- Қазақстанның халқынның саны қанша?

- Қазақстанның халқынның саны 17 мыңнан асады.

-Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады?

- Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады.

- Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?

- Қазақстан Ресеймен, Қырғыстанмен, Таджкистанмен, Қытаймен, Азербайджамен шектеседі.

- Қазақстанның жер көлемі қанша және әлемде нешінші орын алады?

- Қазақстанныңжер көлемі екі бүтін оннан жеті миллион шаршы шақырымнан асады және әлемде тоғызыншы орын алады.

- 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан үшін қандай күн?

-1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан үшін алтын әріппен жазылған ерекше күн.

-Қазақстанның климаты қандай?

- Қазақстанның климаты шұғыл континенті.

- Қазақстанның табиғаты қандай?

-Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғаты бір-біріне ұқсамайды.

- Қазақстанда қандай ірі өзендер бар?

- Қазақстанда Іле, Шу, Сырдария ірі өзендері бар.

- Сіз Қазақстанда қашаннан бері тұрып келе жатырсыз?

- Мен Қазақстанда туғаннан бері тұрамын.

- Қазақстан жері қандай жер?

- Қазақстан жері таңғаларлық, әдемі жер.

- Сіз Қазақстанда тұрып жатқанызды мақтаныш етесіз бе?

-иә, Мен Қазақстанда тұрып жатқанымды мақтан тұтамын.

2.Туған жерге саяхат. Өз өлкеңді таны.Қостанай қаласы.

1-Қостанай қаласы қайда орналасқан?

Қостанай қаласы Қазақстанның солтүстігінде, Тобыл өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.

2-Қай жылы Торғай облысы құрылған?

Бір мың сегіз жүз елу алтыншы жылы Торғай өз алдына облыс болып құрылған.

3-Жергілікті халық қаланың тұрған жерін қай деп атады?

Жергілікті халық қаланың тұрған жерін «Қостанай» деп атады.

4- Әуелі қала не болды?

Әуелі губернияның, одан кейн округтің, ал бір мың тоғыз жүз отыз алтыншы жылдың бастап областың орталығы болды.

5-Соңғы жылдары Қостанай қаласы неге айналды?

Соңғы жылдары өркендеген өнеркәсіпті, мәдиниетті ірі қалаларының біріне айналды.

6-Қаламызда неше адам тұрады?

Қаламызда екі жүз мыңнан астам адам тұрады.

7-Қаланың қандай негізгі көшелері бар?

Қаланың негізгі көшелері Әл-Фараби және Абай даңғылдары.

8-Қаланың орталығында қандай ғимараттар орналасқан?

Олар областық әкімшілік, «Сити» орталығы, Л. Толстой атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы, өлкетану мұражайы, орталық әмбебап дүкені, орталық пошта да қаланың орталығында.

9-Мәдени орталықтары бар ма?

Мәдени орталығы – қазақ драма театры.

10-Қалада қандай оқу орындары орналасқан?

Қалада А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, колледждермен тағы басқа оқу орындары бар.

11-Қазір біздің қаламыз қандай қала?

Қазір біздің қаламыз әсем, сұлу, таза қала.

12-Қостанайлықтар өз қаласын мақтаныш тұтады ма?

Қостанайлықтар өз қаласы мақтаныш тұтады.

3.Халықтық қолөнер.

1-Қолөнер бұл не?

Қолөнер ежелден келе жатқан кәсіп.

2-Ол қалай біріліп отыр?

Ол халықтың өмірімен, тұрамысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа біріліп отырады.

3- Қазақ қолөнерін не деп айтамыз?

Қазақ халқының қолөнері деп тұрмасында жиі әр түрлері материалдарды пайдаланған өнер жиынтығын айтады.

4- Қазіргі уақытта ата қолөнері не жаңғыру үстінде?

Қазіргі уақытта ата дәстүрін құрметтеп, қолөнер шеберлері оларды дамытып, қайта жаңғырту үстінде.

5- Басқа қолөнерге не жатады?

Басқа қолөнерге аң аулау, мал өсірү, ағаштан дайындалған ұй жиһаздары мен ыдыс-аяқтар жатады.

6-Қолөнердің бір түрі – қандай түрі?

Қолөнердің бір түрі – кесте тігү.

7- Кестені неден жасайды?

Кестені ұсақ моншақтан, түрлі жылтыр жіптерден жасайды.

8- Қолөнерде жүн пайдаланды ма?

Қолөнерде жүнді пайдаланды.

9-Ағаштан қандай үй бұйымдарын істейді?

Ағаштан үй бұйымдарын жасайды: бесік, ыдыс-аяқ, ағаш кереует, сандық және т.б.

10- Қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекелейгенде көп қолданып жүр.

11- Қазақ қолөнері мүрасын сақтап қалған ба?

Қазақ қолөнері өз халқының мұрасын сақтап қалған.

12- Қолөнері әр халқында бар ма?

Қолөнері дүние жүзінің әр халқында бар.

4.Қазақ театры және кино өнері. Өнер жұлдыздары.

1-Театр бұл не?

Театр ойын-сауық орны.

2-Театр ең алғашқы қайда ашылған?

Таетр ең алғашқы Грецияда ашылған.

3-Қазақ театр өнері неге негізделген?

Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген.

4-Бір мың тоғыз жүз он жетінші жылы М. Әуезовтың қандай трагедиясы тұнғыш рет қойылды?

Бір мың тоғыз жүз он жетінші жылы М. Әуезовтын «Еңлік-Кебек» тұнғыш рет қойылды.

5- Қай жылы Қызылорда қаласында тұнғыш музыка театры ашылды?

Бір мың тоғыз жүз жиырма бесінші жылдың аяғында Қызылорда қаласында түңғыш музыка театр ашыоды.

6-Театр алғаш рет құрылған жылы онда қандай өнер тарлндары қызмет етті?

Театр алғаш рет құрылған жылы онда Байзаков, Қашаубаев, Куанышбаев, Өмірзақов және т.б. онер тарландары қызмет етті.

7- Қазақ киносы қашан пайда болды?

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды.

8-Қай қалада бірінші киносеанстар көрсетіле бастады?

Вырный қаласында бірінші киносеанстар көрсетіле бастады.

9-Киноның алғашқа белсенді насихатшыларының бірі кім?

Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Жангилдин болды.

10- Қандай студиясында тұңғыш деректі фильм шықты?

«Культкино» студиясында тұңғыш деректі фильм шықты.

11-Киноның негізгі түрлері қандай?

Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, директі кино және мультипликациялық кино.

12- Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кино өнері қандай байқауларында жүлделі орындарға ие болды?

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кино өнері Қазақ Қинофестивалі, Қазақ Киносы «Қазақфильм» байқауларында жүлделі орындарға ие болды.

 

5.Қазақстан - әлемдік кеңістікте.

- Бүгінгі Қазақстан қандай ел?

- Бүгінде Қазақстан әлемдікте мықты енген ел.

-Қазақстанның егемендігін неше ел танып отыр?

- 120 елі танып жатыр.

-Қазақстан қандай ұйымдарға мүше болды?

- Барлық ұйымдарға БҰҰ –ға, ЕҚЫҰ-ға, Ислам конференциясы ұйымына, НАТО, Дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына мүше болды.

- Еліміз кімдермен дипломатиялық қатынастар орнатты?

- Дүниежүзілік елдермен дипломатиялық қатынастар орнатты.

- Қазақстанда қанша шетел елшіліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді?

- 50 –ден астам шетел елшіліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді.

- Қазақстанның елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары неше елде құрылған?

- Қазақстанның елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары 40 елде құрылған.

- Біздің еліміз ненің ұйымдастырушысы болды?

- Біздің еліміз ОБСЕ ұйымдастырушысы болды.

- Қазақстанның сыртқы саясаты неге бағытталған?

- Сыртқы саясатта дипломатиялық қатынастар орнатты.

- Қазақстан Азия және Еуропа арасында қандай рөл (роль) атқарады?

- Қазақстан Азия және Еуропа арасында арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқарады

- Қазақстан барлық көрші мемлекеттермен қандай қарым-қатынас орнатты?

- Қазақстан барлық көрші мемлекеттермен тұрақты тату көршілік және достық қарым-қатынас жүйесін орнатты

-Қазақстан сыртқы саясатын ұстай отырып, ненің іргетасын бекіте білді?

-Қазақстан сыртқы саясатын ұстай отырып, әлемдік аренада бейбітшілік пен қаупсіздік жолындағы дәйекті жұмысы үшін тану мен құрметтеуге лайықты мемлекет ретінде өз іргесін бекіте білді

6.Менің мамандығым. (адамның қасиеттері)

-Қазіргі кезде қандай мамандықтарға сұраныс көп?

-Қазіргі кезде мемлекеттік тілді және шет тілді жақсы білетін сәулетте, экономист, кеденші, ұшқыш, мұнайшы бағдарламашы мамандықтары жоғары сатыға сұраныс көп.

-Сіздің болашақ мамандығыңыз кім?

- Менің болашақ мамандығым – мал дәрігер.

- Сіздің мамандығыңыз қай салаға жатады?

- Менің мамандығым ауыл шаруашылық саласына жатады.

-Сіз осы мамандықты неге таңдадыңыз?

-Мен жануарларды жақсы көремін, сондықтан мен осы мамандықты таңдадым.

-Сіздің мамандығыңыздың қандай ерекшелігі бар?

-Мен латын тілін, жануарлық морфология, физиология жақсы білуім керек.

-Сіз осы мамандықта неше жыл оқисыз?

-Осы мамандықта 5 жыл оқу керек.

-Сіздің мамандығыңызды жақсы меңгеру үшін, қай пәнді жақсы білу керек?

-Бұл мамандықты жақсы меңгеру үшін химия, биология, пәнді жақсы білу керек.

-Сіздің мамандығыңызбен мемелекеттік мекемеде және тағы қайда жұмыс істеуге болады?

- Менің мамандығым мемлекеттік мекемеден басқа жеке ауыл шаруашылықта, мал емханаларда жұмыс істеу болады.

-Сіздің мамандығыңызға қандай тілдерді жетік білу керек?

-Менің мамандығымда: қазақ, ағылшын және латын тілін білу керек.

- Білікті, білімді маман болу үшін не істеу керек?

- Білікті, білімді маман болу үшін – өз ісін жақсы білу керек, әрқашан ізденетін, жаңашыл, мемлекеттік тілді білу керек.

-Сізге өз мамандығыңыз ұнай ма?, неге?

-Маған өз мамандығым өте ұнайды, өйткені мен жануарларды жақсы көремін.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: