Порта-кавальды анастомоздар. 24 страница

 

55. Бас миының IV-ші қарыншасы, қабырғасының құрылысы. Жұлын-ми сұйықтығының ағу жолдары.

Жауабы: Төртінші қарынша, ventriculus quartus cerebri, артқы ми көпіршігі, metencephalon, және сопақша ми көпіршігі, myelencephalon, қуыстарынан дамыған тақ қуыс. Төртінші қарынша жоғарыдан ми суқұбыры арқылы үшінші қарынша қуысымен, төменнен-орталык өзектің көмегімен жұлын қуысымен байланысады. Сонымен катар, төртінші қарынша қуысы үш тесік арқылы торлы қабық астындағы кеңістікпен, cavum subarachnoidale, байланысады. Төртінші қарынша мидың барлық карыншалары сиякты жүлын сүйыктығымен, liquor cerebrospinalis, толтырылған. Ол алдынан көпір мен сопақша мимен, артынан және бүйірлерінен мишықпен қоршалған. Ал, төртінші қарынша қуысы дорсалді — төртінші қарынша төбесімен, вентралді - оның түбімен және латералді - әрбір бүйір жағынан жиекпен түзілген бұрышпен шектелген. Төртінші қарыншаның артқы қабырғасын немесе төбесін, tegmen ventriculi quartii, алдан артқа жүретін жоғарғы ми желкені, velum medullare superius, тузеді, ол бүйірінен мишықтың жоғарғы аяқшаларымен шектеліп, төбенің алдыңғы, жоғарғы бөлігін құрайды; кейін төбенің артқы бөлігін төменгі ми желкені, velum medullare inferius, және ішінен тамырлы эпителиалді табақшамен, lamina chorioidea epithelialis, көмкерілген төртінші қарыншаның тамырлы жамылғысын, tela chorioidea ventriculi quarti, құрайды. Төменгі ми желкені бүйір жағынан мишықтын төменгі аяқшаларының медиалді жиегіне бекиді. Кейде тамырлы жамылғы мен төменгі ми желкенін ромбтәрізді шұңқыр төбесі атауына біріктіреді. Төртінші қарынша төбесі шатыр пішінді, жоғарғы және төменгі ми желкендерінін мишық құртына өткен жерінде шатыр бұрышы -ұшын, fastigium, түзеді, ол мишықтың вентралді бетінде, алдынан мишық тілшігі, lingula cerebelli, және артынан мишық түйіншегінің, nodulus cerebelli, арасында орналасады; аталмыш екі үлес мишық құртына жатады. Төртінші қарыншаның тамырлы жамылғысы эмбрионалді дамудың бірінші кезенінде барлық жағынан тұйық, кейін ол жарылып, төртінші қарынша қуысы мен торлы қабықастындағы кеңістік, саvum subarachnoidale, арасындағы байланысты аталмыш тесіктердің көмегімен түзеді. Тесіктер үшеу: біреуі - төртінші қарыншаның орталық тесігі, apertura mediana ventriculi quarti; және екеуі - бүйір немесе төртінші қарыншаның латералді тесіктері, aperturae laterales ventriculi quarti. Орталық бүйір тесіктерден үлкен; төбенің төменгі бөлімдерінде, ысырманың, obex, үстінде орналасып торлы қабықастындағы кеңістікке, мишық-буылтық цистернаға, cisterna cerebellomedullaris, ашылады. Латералді тесіктердің әрбіреуі төртінші қарыншаның латералді қалта, recessus lateralis ventriculi quarti, аймағында орналасып, мишық сыңары үлесі - жырымга, flocculus, жетіп, торлы кабықастындағы кеңістік қуысына, көпір цистернасына, cisterna роntis, барады. Қарынша куысы жағынан тамырлық жамылғыда талшыктық салпыншақтар бар, олар дәнекер тінмен және бірігіп кеткен тамырлармен бірігіп, карынша куысы жағынан эпителиалді табақшамен жабылған төртінші карыншаның тамырлык өрімін, plexus chorioideus ventriculi quarti, түзеді. Төртінші қарыншаның тамырлық өрімі мишық түйіншегінің алдынан екі: орта­лык тамырлық өрімге, plexus chorioideus medius, екі жіпше түрінде орталық жазықтықтың жан-жағында жатып, тамырлық жамылғының орталық тесігіне баратын және екі бүйір тамырлық өрімдерге, plexus chorioidei laterales, латералді қалтаға бағытталған өрімдерге бөлінеді. Тамырлық өрімді алып тастағанда, төртінші қарыншаның бүйір қабырғасына бекнтін жерінде тістелген таспа - төртінші қарынша таспасы, tenia ventriculi quarti, түрінде із қалады. Таспаға артынан және жоғарыдан мишық аякшасы сопақша миға жанасады, ол, яғни pedunculus cerebellaris inferior артынан жіңішке ядро төмпешігіне өтіп, төменнен ысырмаға, obex, жетеді. Таспа алдынан және бүйірлерінен латералді қалта, recessus lateralis, аймағына бағытталып, оны коршап, кейін жырым аяқшасы, pedunculus flocculi, бойымен төменгі ми желкенінің бос жиегіне өтеді, сонымен түйіншекке, nodulus, жетеді. Түйіншекке қарама-қарсы жақтағы таспа да жақындайды. Сонымен екі жақтың таспалары бір-біріне өтеді. Төртінші қарынша түбінің пішініне сәйкес ромбтәрізді шұңқыр, fossa гһomboidea, атауын алады, ол сұр заттың жіңішке қабатымен, stratum cinereum fossae rhomboideae жабылған. Ромбтәрізді шұңқыр онтогенезі бойынша үш бөлімнің калыптасуы болып саналады: оның жоғарғы бөлігі, pars superior, ромбтәрізді ми қылтасынан, isthmus rhombencephali, пайда болып, pedunculi cerebellares superiors, арасында орналасады, аралық бөлігі, pars intermedia, артқы мидан, metencephalon, түзіліп, оң және сол латералді қалталар арасында жатады және төменгі бөлігі, pars inferior, сопақша мидан, myelencephalon, құрылып, оң және сол мишықтың төменгі аяқшаларының, pedunculi cerebellares inferiores, арасында орналасады. Ромбтәрізді шұңкыр алдынан мидың суқұбырынан, артынан calamus seriptorius-ке дейін тартылады. Оның бұрыштары: алдыңғы - үлкен миға, артқы - жүлынға, доғал бұрыштары - латералді қалталарға бағытталады. Шұңқырдың ұзындық диагоналі бойы­ мен ромбтәрізді шұңқырдың орталық жүлгесі, sulcus medianus fossae rhomboideae, өтеді, ол алдынан суқұбырына өтеді. Қысқа диагональ латералді қалталар арасынан өтеді. Шұңкырды орталық жүлге оң және сол үшбүрыштарға бөледі. Әрбір үшбүрыштың негізі орталық жүлгеде жатады, ал ұшы ромбтәрізді шұңқырдың ең жалпақ учаскесі - латералді қалталарға, recessus lateralis, бағытталады. Мишыктьщ төменгі аяқшаларының арасында жүргізілген сызық ромбтәрізді шұңқырды көлемі жағынан әртүрлі екі: жоғарғы (алдыңғы) және төменгі (артқы) үшбүрыштарға бөледі. Орталық жүлгенің жан-жағында екі медиалді томпақ, eminentiae medialis, бар, олар ромбтәрізді шұңкырдың алдыңғы учаскелерінде жақсы айқындалған. Осы томпақтардың қалыңдығында ми нервтерінің қимыл ядролары жатады. Әрбір томпақтың алдыңғы бөлігінде бет нерв тізесінен түзілген беттік төмпешік, coiliculus facialis, бар. Медиалді томпақ пен беттік төмпешік латералді жағынан шекаралық жүлгемен, sulcus limitans, шектелген жүлгенің жоғарғы бөлімдерінде, pedunculus cerebellaris superior-та жақын көк түсті кішкене учаске - көкшіл дақ, locus ceruleus, орналасады, оның түсі пигменттік жасушалардың орналасуына байланысты. Бет нерв төмпешігінің латералді бетінде және көкшіл дақтың артында терең емес жоғарғы шүңқыр, fovea superior, бар, ол шекаралык жүлгенің кеңейген жері болып саналады. Бет нерві төмпешігінің төменгі бөлігінің артында көлденең бағытта, ақ түсті жіңішке ми жолақтары, striae medullares ventriculi quartii, өтеді, олар ромбтәрізді шұңқырдың аралық бөлігінде жатады. Олар латералді орналасқан есту төмпешігінде, tuberculum acusticum, басталып, орталық жүлгеге бағытталады. Есту төмпешігінде ұлу нервтің дорсалды ядросы, nucleus cochlearis dorsalis, немесе nucleus dorsalis cochlearis, жатады, ол ядродан жоғарыда аталған, striae medullaris, басталады. Олар есту төмпешігі мен жалпайған көтеріңкісінің шекаралык жүлгесі арасындағы бетте өтеді. Кіреберіс алаңнан төмен тіласты нерв үшбүрышты, trigonum n. hypoglossi, одан медиалді және кішкене төмен, төменгі шұңқырдың астында кою қоңыр түсті кішкене учаске - кезбе нерв үшбұрышты, trigonum n. vagi, орналасады. Одан төмен ұсақ жүлгелермен алабажақтанған жер, жазатын қауырсын, calamus seriptorius, бар, оның артында ромбтәрізді шұңқырдың орталык жүлгесі жұлынның орталық өзегіне өтеді. Осы жерді ысырма, obex, жабады, ол төртінші қарынша төбесінің төменгі жиегінің соңғы учаскесі, оның астында орталық өзекке кіреберіс орналасады. Ысырманың астында, бірақ тортінші карынша қуысынан тысқары, сопақша мидың орталык сызығы бойымен артқы орталык жүлге (саңылау), sulcus (fissura) medianus posterior, орналасады, ол жұлынға да жалғасады. Одан латералді кішкене көлемді сопақ көтеріңкі - нәзік буда ядросының төмпешігі, tuberculum nuclei gracilis, жатады. Ол жоғары және сыртқа карай ешқандай шекарасыз мишықтың төменгі аяғына, pedunculus cerebellaris inferior, ол төмпешік нәзік будаға, fasciculus gracilis, өтеді. Төмпешік пен нәзік буда сыртынан артқы аралық жүлгемен, sulcus intermedius posterius, шектелген, оның сыртында және жоғары созылған көтеріңкі, сынатәрізді ядро төмпешігі, tuberculum nuclei cuneati, жатады. Ол жоғарғы болімінде мишықтың төменгі аяғына, төменгі бөлімінде сынатәрізді будаға,fasciculus cuneatus, өтеді. Сынатәрізді буданың латералді бөлігінде созылған көтеріңкі, сұр төмпешік, tuberculum cinereum, жатады, төмпешік сынатәрізді томпешік пен оливаның арасында орналаскан және сынатәрізді төмпешіктен жүлгемен бөлінген.

 

 

56.  Қосымша және тіластылық жүйкелері: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.

Жауабы: Қосымша нерв, n. accessorius (XI жұп), қимыл. Қосымша нервтің ядролары, nuclei nervi accessorii, екі жерде орналасады. Қосымша нервтің церебралді ядросы, nucleus cerebralis nervi accessorii, ромбтәрізді шұңқырдан төмен сопақша мида орналасады. Осы ядродан шығатын талшықтар қосымша нервтің церебралді бөлігін түзеді, ол ми негізіне олива артындағы сопақша ми жүлгесінен көрінеді. Қосымша нервтің екінші ядросы, жұлындық ядро, nucleus spinalis nervi accessorii, жоғарғы бес-алты мойын сегменттері деңгейіндегі жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жатады. Сопақша мидан шығатын бассүйектік түбіршіктері, radices сraniales, төрт-бес мөлшерінде қосымша нервтің жоғарғы немесе церебралді түбіршігін құрайды. Жұлынның алдыңғы және артқы түбіршіктерінің арасындағы бүйір өзекшелерден шығатын жұлындық түбіршіктер, radices spinales, бірігіп, қосымша нервтің жұлындық түбіршігін түзеді, ол жоғары көтеріліп үлкен шүйде тесігі арқылы бассүйек қуысына кіреді. Осы тұста талшықтардың екі тобы байланысып, қосымша нервтің жалпы сабауын түзеді, ол бассүйек қуысынан (IX жэне X жүп нервтермен бірге) мойындық тесік арқылы шығып, екі тармаққа бөлінеді. 1) Ішкі тармақ, ramus internus (n. accessorius vagi), кезбе нервтің құрамына кіреді, бұл тармақтың көбі церебралді бөлік тал­шықтары. 2) Сыртқы тармақ, ramus externus (n. accessorius spinalis), төмен жүріп, төменгі жақүйек бұрышы тұсында, төсбүғанаемізіктәрізді бұлшықет астында артка иіледі; осы жерде нерв бүлшықетке тармақ беріп, оның қалындығында мойын өрімінің тармақтарымен байланысады. Кейін нерв аталмыш бүлшықеттің сыртқы жиегі астынан сыртқы мойын үшбүрышы аймағына шығып, трапециятәрізді бұлшықеттің алдынғы жиегіне кіріп, бүлшықетгі нервтендіреді.

Тіласты нерві, n.hypoglossus (XII жұп), кимыл. Тіласты нервтің ядролары, nuclei nervi һуpoglossi, сопақша мидың дорсалді бөлігінің ортаңғы бөлімінде жатады. Ромбтәрізді шұңқыр жағынан trigonum n.hypoglossi аймағында проекцияланады. Тіласты нерв ми затынан он-он бес түбіршіктерімен сопақша мидың оливасы мен пирамидасының арасындағы жүлгеден шығады. Түбіршіктер жалпы сабауға бірігіп, бассүйек куысынан canalis n. hypoglossi арқылы шығып, кезбе нерв пен ішкі мойындырық вена арасымен төмен жүреді, ішкі ұйқы артерияны сыртынан орап, артерия мен ішкі үйқы вена арасында өтеді. Кейін ол сыртқы ұйқы артериясын кесіп өтіп, кос қарыншалы бұлшыкеттің астымен төменгі жақсүйекасты үшбұрышы аймағына барады және тіл бұлшықеттеріне кіріп, оларды нервтендіреді. Тіласты нерв өз жолында бірнеше катар тармақтар береді, олар солардың көмегімен басқа нервтермен байланысады. 1. Байланыстар: а) Симпатикалық сабаудың жоғарғы мойын түйінімен байланыстыратын дәнекер тармақ; б) Кезбе нервтің жоғары түйінімен бай­ланыстыратын дәнекер тармақ; в) Бірінші мойын ілмегімен байланыс­тыратын дәнекер тармақ; г) Екінші мойын ілмегімен байланыс­тыратын дәнекер тармақ;д) Кезбе нервтің тіл тармағымен бай­ланыстыратын дәнекер тармақ; е) Үшкіл нервтің тіл нервімен бай­ланыстыратын дәнекер тармақ: Тармақтар: 2. Менингиалдық тармактар, n.meningei, тіласты нервтен canalis n.hypoglossi аймағында тармақталып, шүйде қойнауының қабырғасына барады. 3. Мойын ілмегінің жоғарғы түбіршегі, radix superior ansae cervicalis, құрамында тіласты нервтің және бірінші мойын ілмегінің талшықтары бар. 4. Төмендеген тармағы ішкі мойын­дырык венаның алдыңғы бетімен төмен түсіп, мойын ілмегін, ansa cervicalis, түзетін бірінші, екінші және үшінші мойын нервтерінің тармақтарында жатады. Одан тіласты астындағы топ бүлшықеттерге: m.sternohyoideus, m.sternothyreoideus, m.omohyoideus, m.thyreohyoideus, тармакқтар береді. Ілмек көлемі жоғары түбіршек ұзындығына байланысты: неғүрлым түбіршік үзындығы қысқа болса, бүлшықеттерге баратын тармақтар ұзын. 5. Тілдік тармақтар, rr.linquales, тіласты нервтің соңғы тармақтары, тілдің төменгі бетіне барып, тілдің меншікті және қаңқалық бұлшықеттерін (mm.longitudinales, superior et inferior, m.verticalis linguae, m.transversus linguae, m.hyoglossus, m.genioglossus, m.styloglossus) нервтендіреді.

57. Сегізкөз өрімі: түзілуі, топографиясы. Тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

Жауабы: Сегізкөз өрімі, plexus sacralis (L4-S3), үшбұрыш пішінді ірі табақша түрінде, оның ұшы foramen infrapiriforme бағытталады. Ол өзінің аз бөлігімен сегізкөздің алдыңғы бетінде және көп бөлігімен m. piriformis алдыңғы бетінде жатады. Өрім қоймалжың дәнекер тінмен қоршалған және жамбас астауы шандырының қабырғалық табақшасының астында жатады; оның медиалді беті жағында ішкі мықын тамырларының, vasa iliaca interna, тармақтар қатары орналасқан. Сегізкөз өрімінен қысқа және ұзын тармақтар түзіледі.

2. Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, келесі бүлшықеттерге тарайды: m.piriformis, m.obturatorius internus n.ischiadicus-тiң бұлшықеттік тармақтарымен нервтенуі мүмкін. 2. Жоғарғы бөксе нерві, n. gluteus superior (L4,L5,S,), кіші жамбас астауынан аттас тамырлармен бірге foramen suprapiriforme арқылы шығып, үлкен шонданай тілігін орап, бөксенің ортаңғы және кіші бұлшықеттері арасында жатады, доғатәрізді алға бағытталады. Көрсетілген бұлшықеттерге сабаушалар беріп, өзінің соңғы тармақтарымен m.tensor fasciae latae қалыңдығында тарайды. Жоғарғы бөксе нерві, mm.glutei, minimus et medius, және m.tensor fasciae latae, нервтендіреді. 3. Төменгі бөксе нерві, n.gluteus inferior (L5, S,, S2), кіші жамбас астауынан foramen infrapiriforme арқылы n. pudendus, n. ischiadicus және n.cutaneus femoris posterior, бірге, m. gluteus maximus астымен боксе аймағына шығады, және аттас тамырлармен бөксенің үлкен бүлшықеті қалыңдығында тармақталады. Төменгі бөксе нерві, m. gluteus maximus, ұршық буынының буындық қабын нервтендіреді. Ол кейде басқа нервтермен тең m.obturatorius internus, mm.gemelli жэне m.quadratus femoris, нервтендіруге қатысады. 4.Санның артқы терілік нерві, n.cutaneus femoris posterior (Sp S2, S3), өзінің бастапқы бөлімдерінде төменгі бөксе нервісіне өте жақын жатады немесе бірге жалпы сабау түрінде жүреді; жамбас астауынан foramen infrapiriforme арқылы, шонданай нервтен медиалді шығып, бөксенің үлкен бұлшықеті астында жатады; шонданай төмпесі ортасы мен ортан жіліктің үлкен ұршығы арасында орналасып, санның артқы бетіне түседі. Бүл жерде ол m. semitendinosus және m. biceps femoris арасындағы жүлгеде, жалпақ шандыр астында орналасады; төмен бағытталып, санның артқы беті бойындағы шандырды тесіп өтетін тармактар береді, олар санның артқы, әсіресе медиалді беті терісінде тармақталып, тақым шұңқыры аймағы терісіне жетеді. Санның артқы терілік нерв тармақтары: 1) Бөксенің төменгі нервтері, nn. clunium inferiores, негізгі сабаудан екі-үш тармақ түрінде тармақталып, бөксенің үлкен бұлшықетінің төменгі жиегін орап немесе тесіп отіп, жоғары бағытталады және боксе аймағы терісінде тармақталады. 2) Шатаралық нервтері, rami perineales, бір-екеу мөлшерінде негізгі сабаудан шығатын жіңішке сабаушалар, шонданай төмпесін орап, төмен бағытталады, алға жүріп, ұманың медиалді беті мен шатаралық терісінде тармақталады. Олар n.pudendus-тің аттас тармақтарымен қосылады. 3) Санның терілік тармақтары негізгі сабаудын екі жағынан шығып, санның медиалді және артқы беті терісінде тармақталады. Соңғы тармақтары тақым шұңкыры аймағы терісіне жетіп, сираққа түсуі мүмкін, ол түста n. cutaneus surae medialis тармақтарымен косылады.

Шонданай нерві - n. ischiadicus (L4, L5, S,, S2, S3), бел- сегізкөз өрімінің ғана емес, денедегі барлық нервтердің ішіндегі ең ірі нерв, ол сегізкөз өрімінің алдыңғы тармақтарының жалғасы. Шонданай нерв foramen infrapiriforme арқылы |шығатын барлық нервтер мен тамырлардан латералді орналасады және бір жағынан m. gluteus maximus, екінші жағынан mm. gemelli, m. obturatorius internus et m. quadratic femoris арасында, ортан жіліктің үлкен ұршығы мен шонданай төмпесі арасымен өткізілген сызыктың ортасында жатады. Шонданай нерв бөксенің үлкен бұлшықетінің төменгі жиегінен шыққасын, бөксе қатпары аймағында санның жалпақ шандырына жақын жатады; кейін ол санның екібасты бұлшықетінің ұзын басымен жабылып, аталған бұлшықет пен әкелетін ұзын бүлшықеттің арасында орналасады. Оны санның ортасында үзын басы қиып өтеді; ол төмен медиалді m. semimembranosus және латералді m.biceps femoris арасында орналасып, тақым шұңкырына жетеді, шұңкырдың жоғарғы бұрышында екі тармаққа: ірілеу, медиалді, асықты жілік нервке, n. tibialis, және ұсақтау, латералді, жалпы кішіжіліншік нервке, n. peroneus communis, бөлінеді.

 

 

ШОНДАНАЙ НЕРВ ТАРМАҚТАРЫ

1.Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, келесі бұлшықеттерде тармақталады: m. obturatorius internus, mm.gemelli, superior et inferior, m.quadratus femoris. 2.Буындық тармақ - ramus articularis, ұршық буынның буындық қабында тармақтаталатын жіңішке сабауша. 3.Бүлшықеттік тармақ, rami musculares, сан аймағында шонданай нервтің асықтыжілік бөлігінен m. biceps femoris (caput longum), m. semitendinosus, m.semimembranosus, m.adductor magnus, барады. Шонданай нервтің кішіжіліншік бөлігінен бұлшыкеттік тармактар m.biceps femoris (caput breve) бағытталадьг. 4.Буындык тармактар, rami articulares, шонданай нервтің асықтыжілік және кішіжіліншік бөліктерінен тармақталып, тізе буынының буындык кабына барады. 5.Жалпы кішіжіліншік нерві, n.peroneus communis (L4, Ц, Sp S2), шонданай нервтің негізгі сабауынан тақым шұңкырының проксималді үшында бөлініп, оның латералді жағына бағытталады және санның екібасты бұлшықетінің медиалді жиегі астында және балтыр бұлшықетінің латералді басы арасында орналасып, кішіжіліншік басын спиральтәрізді орайды, тек шандыр және терімен жабылған. Бұл учаскеден дисталдіреу кіші жіліншіктің ұзын бұлшықетінің бастапқы бөлігі қалыңдығына кіріп, өзінің соңғы тармақтарына: кіші жіліншіктің беткей нервіне, n.peroneus superficialis, және кішіжіліншіктің терең нервіне, n.peroneus profundus, бөлінеді.

Жалпы кішіжіліншік нерві тармактары:

1)Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m. biceps femoris қалыңдығына бағытталады.

2) Буындық тармақтар, rami articulares, тізе буынының буындык қабының латералді бөлімдеріне және сирақ сүйектерінің проксималді косылысына барады. 3)Балтырдың латералді терілік нерві, n. cutaneus surae lateralis, тақым шұңқырында тармақталып, сирактың латералді беті терісінде тармакталады. 4) Кішіжіліншіктік дәнекер тармақ, ramus communicans peroneus, негізгі сабаудан немесе балтырдың латералді терілік нервтен басталуы мүмкін, теріде тармақталады. 5)Кішіжіліншіктің беткей нерві, n. peroneus superficalis. Ол кішіжіліншіктің қысқа бұлшықетінің медиалді бетіне өтіп, сирақтың төменгі ұшы аймағында сирақ шандырын тесіп өтіп, өзінің соңғы тармақтарына: артқы-медиалді және аралық терілік нервтерге, nn. cutanei dorsales, medialis et intermedius, бөлінеді: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, кішіжіліншіктің ұзын бұлшыкетін және кіші жіліншіктің қысқа бұлшыкетін нервтендіреді. 6) Медиалді сыртқы терілік нерв n. cutaneus dorsalis medialis, медиалді толарсақ аймағы терісіне тармақтар береді, n.saphenus сабаушаларымен екі тармаққа бөлінеді. Медналді тармағы аяқұшының медиалді жиеті және үлкен бақайдың тырнақтык бунағы терісіне дейін тармақталады. Латералді тармақ n. peroneus profundus соңғы тармағымен бірігіп, екінші және үшінші бақайлардың бір-біріне қараған беті терісінде тармақталып, бақайлардың сырткы нервтерін, nn. digitales dorsales pedis, береді. в) Аралық сыртқы терілік нерв, n. cutaneus dorsalis intermidius. Латералді толарсақ аймағы терісіне сабау­шалар береді. Ол екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі медиалді жүріп, үшінші және төртінші бақайлардың бір-біріне қараған беті терісінде тармақталады; басқасы латералді жатып,n. suralis пен қосылысы бар, төртінші және бесінші бақайлардың бір-біріне караған беті терісінде және бесінші бақайдың латералді беті терісінде тармақталады. 6.Кішіжіліншіктің терең нерві, n.peroneus profundus. Кішіжіліншіктің терең нерві тармақтары: Сирақтың аймағында: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, келесі бұлшықеттерге бағытталады: үш тармақ - m. tibialis anterior, бұлшыкеттің жоғарғы, ортаңғы және төменгі, бөліктеріне кіретін, екі тармақтан — m.extensor digitorum longus және т. extensor hallucis longus, бұлшықеттердің жоғарғы ортаңғы және төменгі бөліктеріне кіретін; екі тармақтан -m. extensor digitorum longus және т. extensor halicus longus, бұлшықеттердің жоғарғы және төменгі бөліктеріне кіретін. б) Буындық тармақ, ramus articularis, сирақ-асық буынының буындық қабына бағытталады. Аякұшының сыртқы беті аймағында: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares,m. extensor digitorum brevis және m. extensor hallucis brevis-ке. б) Дәнекер тармақ, ramus communicans, кішіжіліншіктің беткей нервіне бағытталады. в) Буындық тармақтар, rami articulares, табан сүйектер-бакайшақтар және бірінші, екінші бақайлардың бақайшақтараралық буындарының буындық каптарына барады. г) Бакайлардың артқы меншікті нервтері nn. digitales dorsales proprii, кішіжіліншіктің терең нервінің соңғы тармактары екі сабаушаға бөлінеді: 1) Үлкен бақайдың латералді сыртқы нерві, n. digitalis dorsalis hallucis lateralis, үлкен бақайдың сыртқы бетінің латералді жиегі терісінде тармақталады. 2) Екінші бақайдың медиалді нерві, n. digiti secundi medialis, екінші бакайдың сыртқы бетінің медиалді жиегі терісінде тармақталады. 6. Асықтыжілік нервтері, n. tibialis (L4, L5, Sj, S2, S3) бағыты бойынша шонданай нервтін тікелей жалғасы, жалпы кішіжілікшік нервтен едәуір ірі. Ол тақым шұңқырының проксималді ұшында басталып, оның дисталді бұрышына жүріп, шандыр астында, шандыр мен тақым тармақтарының vasa poplitea, арасында орналасады. Кейін нерв vasa tibiala posteriora, бірге acrus tendineus m.solei астымен canalis crupopliteus-ке кіріп, аталған бұлшықетпен жабылады. Кейін нерв сирақ шандырының терең табақшасы астымен төмен жүріп, m. flexor digitorum longus латералді жиегі мен m. flexor hallucis longus медиалді жиегі арасымен өтіп, медиалді толарсақтың артқы бетіне жетеді, бұл тұста нерв толарсақ пен өкше сіңірі арасындағы арақашыктық ортасында жатады. Нерв retinaculum mm. flexorum астында өзінің екі соңғы тармагына: табанның медиалді нерві, m. plantaris medialis, және табанның латералді нерві, n. plantaris lateralis, бөлінеді. Асықтыжілік нерв тармақтары: 1. Балтырдың медиалді терілік нерві, n. cutaneus surae medialis. Ол сирақтың ортасына жетіп, өкше t сінірінің басталар деңгейінде, кейде жоғары, шандырды тесіп өтіп, кішіжіліктік дэнекер тармак, ramus communicans peroneus, көмегімен бір сабауға - балтыр нервке, n. suralis, бірігеді. Балтыр нерві, n.suralis, өкше сіңірінің латералді жиегімен латералді толарсақтың артқы жиегіне жетіп, осы аймақтың терісіне өкшелік латералді тармақтар, rami calcanei laterales, сонымен қатар сирак-асык буынының буын қабына сабаушалар береді. Кейін балтыр нерві толарсақты орап, аяқшаның латералді бетіне терілік сыртқы латералді нерв, n. cutaneus dorsalis lateralis, түрінде өтеді. Соңғы нерв аяқшаның сыртқы беті мен латералді жиегі терісінде және бесінші бақайдың сыртқы бетіне V бақайдың сырткы нерві, n. dorsalis digiti quinti, түрінде тармақталып, n. cutaneus dorsalis intermedius-Ke дәнекер тармақ, ramus anastomoticus, береді. 2. Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, келесібұлшықеттерге бағытталады: a) m.gastrocnemius бастарына; медиалді тармақ а. poplitea-ға сабауша береді; б) m. soleus - бұл бүлшықеттің екі нерв тармағы; алдыңғы және артқы бар; кейде алдыңғы тармақ балтыр бұлшықетінің латералді басына, артқы тармақ - тақым бұлшықетіне сабауша беруі мүмкін; в) m.plantaris; г) m. popliteus; бұл бүлшықеттің тармақтары тізе буынының буын капсуласына сабаушалар және асықтыжіліктің сүйекқабы - сирактың сүйекаралық нервін, n. interosseus cruris, береді, одан сүйекаралық жарғақ қалыңдығына кірмес бүрын асықтыжілік тармақтарының қабырғасына, ал шыққан соң сирақ сүйектерінің сүйекқабына, сирақ сүйектерінің дисталді қосылысына және сирак-асық буынының буындык қабына тармактар бағытталады; д) m. tibialis posterior; е) m. flexor hallucis longus; ж) m. flexor digitorum longus. 3. Өкшелік медиалді тармақтар, rami calcanei mediales, sulcus malleolaris аймағында шандыр арқылы өтеді, кейде біржалпы сабау түрінде және табанның медиалді жиегі мен өкше терісінде тармақталады. 4. Табанның медиалді нерві, n. plantaris medialis, асықтыжіліктің екі соңғы тармақтарының бірі; өзінің бастапқы бөлімдерінде өзекте артқы асыкты жілік артериясынан медиалді, retinaculum mm. flexorum беткей және терең табақшаларының арасында орналасады. Нерв өзектен шықкан соң медиалді табан артериясымен бірге m. abductor hallucis астына бағытталады. Кейін m.flexor digitorum brevis және m. abductor hallucis арасымен алға жүріп, екі бөлікке - медиалді және латералді бөлінеді. Табанның медиалді нерв тармактары: а) Терілік тармақтар, rami cutanei, табанның медиалді беті терісінен тармақталатын жіңішке сабаушалар. б) Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, келесі бұлшықеттерге бағытталады: m. abductor hallucis, m. flexor digitorum brevis, m. flexor hallucis brevis. в) Бақайдың табандық меншікті нерві, n. digitalis plantaris proprius, m. plantaris medialis- тіңмедиалді бөлігі болып саналады, табан апоневрозын тесіп өтіп, үлкен бақайдың медиалді беті терісінде тармақталады. г) I, II, III бақайлардың табандық жалпы нервтері, nn. digitales plantares communes I, II, III, nn. plantares mediales-тің латералді бөлігінің тармақтары. Олар aa.metatarseae plantares бірге жүріп, бірінші және екінші mm. lumbricales-Ke бұлшықеттік тармақтар береді және сүйекаралық кеңістіктердің дисталді шеті денгейінде табан апоневрозын тесіп өтіп, табан терісіне жіңішке тармақтар береді, олар бірінші және екінші, екінші және үшінші, үшінші және төртінші бақайлардың табан бетінде бір-біріне қараған терісінде тармақталатын бақайлардың табандық меншікті нервтеріне, nn. digitales plantares proprii, бөлінеді. д)Дәнекер тармақ, ramus communicans, табанның сыртқы нервісінен III бакайдың жалпы нервіне бағытталады. 5.Табанның латералді нерві, n.plantaris lateralis, асықтыжілік нервтің соңғы тармағы, табанның медиалді нервісінен едәуір жіңішке, табанның a. plantaris lateralis-пен бірге m. quadratus plantae жэне m. flexor digitorum brevis арасында жүреді, кейін ол m.flexor digitorum brevis латералді жиегі мен m.abductor digiti minimi арасында жатып, бірнеше катар бұлшықеттік тармақтар беріп, өзінің соңғы тармактарына: беткей тармақ, ramus superficialis, және терең тармақ, ramus profundus, бөлінеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: