Ішкі Монолог пен диалог 16 страница

 

68. Шоқан Уалиханов және ауыз əдебиеті

ШоқанУәлиханов (1835—1865). Омбыдаш кадет кор-пусында оқып жүргсн кезінің өзінде-ақ Шоқан қазақ халқының тарихына үңіле қарайды, халықтың мәдени мүрас-ына назар аударады. Сол мәдени мұраны жинап бастыру халық үшін жасалған игілікті істің бірі болмақ деп түсінеді. Бұл ретте Шоқанның сүйікті досының бірі Г. Н. Потанин былай деп жазды: “Шоқан өз халқын шын пейілімен сүюші еді… Халқына жақсылық жасау және оның болашағына қызмет ету Шоқанның арманы еді”.

Халқына адал ниетімен қызмет студі арман еткен Шоқан, бұл жөнінде көп жүмыстар істейді. Соның бірі қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинап баспа жүзіне шығару, оны мәдениеті озық елдерге таныстыру бо-лады және бүл Шоқанның алдына қойған зор мақсатының бірінен саналады. қазақтың ауыз әдебиетін жинап бастыру ісше өзінің зор мән беруін Шоқан былай деп түсіндіреді: “Осы күнге дейін Европада көшпелі елдерді аса қатал, жөн білмес тағы деп жалган түрде түсінушілік үстем болып келеді. Көшпелі монғол немесе қазақтар жайындағы мүндай ұғымдар оларды мал тәрізді, түрпайы таіылар деген пікірмен тығыз байланысты. Шынына келгенде, осы надан, түрпайы деп қаралған халықтардың көбінің жазбаша немесе ауызша шығарған әдебиеті, аңыз әңгімелері бар… Өлеңге, әсіресе өлеңді суырьш салма түрінде шығарып айтуга бейімділік, барлық көшпелі елдердің, еоның ішінде қазақтардың өзіне тән ерекшеліктері деуге болады”.

қазақ халқын қорлап, кемсітуге қарсы шыққан Шоқан қазақтар жайында Европада орын алып келген түсініктердің жалған екендігін әшкерелейді. Сондықтан да ол қазақ халқының жабайы, тағы еместігін көрсету үшін, оның ғасырлар бойына жасаған ауыз әдебиеті және ауыз әдебиетінің неше алуан әдемі үлгілері барлыгын, қазақ ақындарының, әсіресе өлеңді суырып салу түрінде шығаруға қабілеті күшті екендігін мысал етеді. Европада қазақтар жайында айтылып жүрген жалған пікірлерге намысганған және ол пікірлерге тойтарыс беруді көздеген Шоқан қазақ халқының ауыз әдебиетіін жинап бастыру жайын қарастырады, бұл іскс оныңі өзі белсене араласады.

Омбыдағы кадет корпусын 1853 жылы бітіргеннен ксйін, Шоқан қазақстанның біраз жерін: Көкшетау, Ақмола, Ба-янауыл, Семсй, Жстісу жақтарын аралайды. 1856 жылы қырғыз елін зерттеу мақсатымен шыққан экспсдицияға қатысады, 1858 жылдары қашқарияда болады.

Шоқан өзінің болған жерлерінде халықтың ауыз әдебиетін жинай жүреді, көптеген жыршы-жырау, ақындармен танысады. қазақтың сол кездегі атақты ақындары: Жанақ, Орынбай, Арыстанбай, Жұмағұл, тағы басқалармен танысып, олардың жырларын тындап қана қоймай, жазып алып отырады. қырғыз еліне барган сапа-рында қырғыздың атақты дастаны “Манастың” біраз әңгімесін жазып алады. Бұл “Ч Манастың” алғаш рет хатқа түсксн бір түрі еді.

Шоқан қашқарияда болғанда ұйғыр тілін үйренсді де, үйғырлардың көптеген өлеңдерін жазып алады1. Бұл жөніндс Г. Н. Потанин: “Шоқанның жинаған материалдары үлксн бір портфель болып сді. Кейбір жазғандарын өзім де көріп едім”, — дейді және оның кейбіреулерін Шоқанның оқып та бергенін айтады. Бірақ бұл матсриалдар, Потаниннің айтуына қарағанда, кейіннен жоғалып кетксн.

Шоқан қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы ғана емсс, сонымен қатар оның зерттеушісі де болды. Ол жалпы қазақ халқының тарихы, этнографиясы, қоғамдық өмірі, әлеуметтік тұрмысы туралы үздік, ал бүгінгі күнде мәнін жоғалтпаған ғылыми пікірлер айтады. Солардың өзінде ол қазақтың ауыз әдебиетін жоғары бағалайды. қазақтың аңыз әңгімелері, оныңқұрылысы, ертегілеріменжырлары, мифтсрі халықтың өткендегі тарихын білу үшін маңызы зор матс-риалдар деп қарайды. Мәселен, көшпелі халықтардың, соның ішінде қазақтардың шыгу тарихын зерттеушілер үшін ауыз әдебиеті бірсыпыра дерек болатындығын айта ксліп, Шоқан былай дейді: “Егер жұрттың айтуынан Герадот жинаған Гомердің өлендері мен аңыздарының аз да болса тарихи мәні бар десек, егер де езгеріліп мысал тәрізді болып кеткен аңыздардьщ негізінде оқиға және шындық жатады десек, қазақтардың тамаша және жүйелі түрде айтылатын, олардың қазіргі тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, ата бабаларының тұрмысын елестететін аңыздарының да тарихи де-ректерге сәйкес келетіндігіне, тарихи маңызы барлығына шүбәланбауымыз керек. Халықтың ақыл-ойынан және қоғамдағы қалың бұқараның сана-сезімі, өмірі мен алға басуы негізінде туған бұл шығармалар ауызша айтылу түріндс бірден бірге, содан бүкіл халыққа жайылады, сон-пьіқтан да олардың тарихи, философиялық және психологиялық мәні жоқ емес.

Шоқан бұл пікірін “Шамандықтың қазақтағы қалдықтары”, “Үлы жүз қазақтарының ертегілері мен аңыздары”, “Жоңғария очерктері”, “Тәңірі” секілді снбектерінде де айтады. қазақтың ауыз әдебиеті халықтың өткендегі өмірін елестетін, тарихи мәні бар материалдар екендігін көрсетеді.

Қазақтың батырлар жыры жайында да Шоқан азды-кепті пікір айтқан. Бұл жырлар, Шоқанның айтуынша, ногайлы дәуіріндс, XIV, XV, XVI ғасырлар шамасында туған. Онда: “Халықтың рухы, көзқарасы, әдеті, мінез-қүлқы, тұрмыс-тіршілігі суреттслген. Сондықтан бұл жырлардың әдебие,тггік жағынан болсын, тарихи жағынан болсын маңызы зор”.

Қазақтың кейбір ертегілері мен мақал-мәтелдері Европа халықтарының,әсірсссславянхалықтарыныңшығармаларына үқсас келетіндігіне тавдана отырып, Шоқан бұл ұксастықтың сырын ашпақ болады. А. Афанасьев жинап бастырған “Орыс-тың халық ертегілерінің” ішінде тек алты ертегінің ғана қазақ ертегілеріне ұқсамайтындығын айтады. Ал мұндай үқсастықты қазақтардың славяндармен, әсіресс орыс халқымен қарым-қатынас жасау негізінде болғандығынан деп қарайды.

Шоқан өзінің көптеген еңбектерінде қазақ халқының поэзиясын, ақындардың ақындық өнерін аса жоғары бағалаған. Бұл ретте ол өлсңді суырып салма түріндс шығарушылықты ақындық өнердің асқар шыңы деп білді. қазақтарды надан, таш деп кемітетін европалықтардың то-пастығын көрсете отырып, оларға қарсы өз пікірін дәлелдейді. Өлеңді суырып салу ретімен айтушылық, сол арқылы көлемді, көркем жырлар тудырушылық казақ халқының надандығын көрсетпейді, ол оның ертеден келе жатқан мәдениетін білдіреді деп қарайды. Сонымен қатар, Шоқан жыршы-ақындардың ішінде кейбір ақындардың азын-аулақ ақы аду үшін байлардың сөзін сөйлеп, ақындық өнерін құнсыз нәрсеге сатуына ренжиді. “Мүндай ақында бет жоқ, өз қасиетінің бағасын сезіну де жоқ… Ол өзінің дарындылығын қандай сұлтандардан болса да асып түсеті|ж қасиет деп қарамайды. қайта ақындық өнер — ат-шап табу үшін бітксн өнер деп қарайды”, — деп, жалдамал^ бас пайдасын көздегіш ақындарды сынайды. Ал байлард жақтамай, бейшаралық күйге түспей, халық мүлдесін жыр| лаған ақындар “халық арасында қатты құрметтеледі”, дейді.

Көптсген ақын, жыршылармен кездесіп, сөзі тыңдаған Шоқан, оларға ақыл-кеңес беріп, сын да айт отырған. Потаниннің сөзіне қарағанда, Шоқан Жанақпе: талай рет кездескен және дарынды ақынға әр түрл тақырыптар ұсынған. Бұған жалғас И. Ибрагимов бір жыл Шоқанның елге келгенін, оны ауыл адамдарының зор құрмет пен қарсы алғанын айта келіп, былай дсйді: “әрі беріде соң Шоқан коштасты да үйге кіріп кетті. Оған тігілге: үйдің сыртында домбырасы, қасында біраз адамы бар әйгіл Орынбай ақын отыр еді. Шоқан оны қасына шақырды Орынбай әдемі өлеңімен Шоқанға арналған құтты болсыны айтты. Сол жерде Шоқан атақты ақынға: казақ тілін тата сөздерімен шүбарлама деп ақыл берді…”.

Сонымен, Шоқан қазақтың ауыз әдебиетін жинауда, он зерттеуде зор еңбек сіңірген ғалым болды. Оның бұл еңбектер^ кдзақ халқының тарихынан айрықша орын алады, он халқымыз аса жоғары бағалайды.

 

69. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Мектеп қабырғасында оқушыларға ғылым негіздерін үйретуде сапалы жасалған оқулықтардың атқаратын қызметі зор. Әсіресе, соңғы жылдарда қолға алына бастаған политехникалық білім беру ісінің келешегі үлкен. Осының арқасында мектеп бітірушілер жан-жақты мамандық алып, қиындықтан қорықпайтын, өмірге икемді азамат болып өседі.

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, олардың жалпы білімін өсіруде әдебиет оқулықтарының орны ерекше. Әдебиет оқулықтары жас жеткіншектерді өз халқының бай әдеби мұраларымен, атақты ясазушылардың таңдаулы шығармаларымен таныстырады.

Орыстың ұлы ойшылдары мен педагогтары мектептерде әдебиет сабағын сапалы өтуіне айрықша назар аударған. ¥лы педагог Ушинский өзінің бастауыш кластарға арналған ана тілі оқулықтарында жас ұланның өз халқының тілін, сөз өнерін жете біліп шығуына қатты назар аударған. Қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің оқулықтарында да осы мақсат айқын көрінеді.

Совет үкіметі жылдарында қазақ халқының мәдениеті өсті. Қазақ мектептерінде оқып білім алған мыңдаған оқушылар қазіргі кезде республикамыздың шаруашылық мәдениет салаларында игілікті жұмыс атқарып жүр. Қазіргі кезде қазақ мектептерінде ана тілі мен әдебиеттен жүйелі түрде білім алуға мүмкіндік беретін түрақты оқулықтар бар. Олардың педагогикалық, методикалық сапасы да жылдан жылға жақсартылып келеді. Мүның бәрі, әрине, қуанарлық жағдай. Алайда, қол жеткен табысгарымыч едәуір бола түрса да, әлі де жетіп болмаған, немесе ескерілмсй қалған мәселелер де аз емес. Бәрінен бүрын қазіргі кечдегі бастауыш кластардың ана тілі, жоғары кластардың өдебиет оқулыктарыңда кемшілік көп.

Оқушы ана тілінің байлығымсн, ОНЫН барлық очіндік нақышымен бастауыш кластардаи бастап танысатыны иелгілі. Олай болса, сол кластарға арналган ана тілі оқулықтары жан- жақты, жас үлан талабып толық өторліктей болуға тиіс. Қазақстанның оқулықтар баспасы сонгы бірнеше жылдар ішінде бастауыш кластарға гүрақты ані гілі оқулығын шығарып келеді. Онда жастарды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелейтін, табиғат, қоғам танытатын материалдар аз емес.бірақ осы оқулықтарда бір нәрсе мүлде ұмыт қалған деуге болады. Ол – оқушылардың тілін ширататын, ұстартатын материалдардың кемдігі. Осы оқулықтардың ішінде қазақтың төл шығармалары, әсіресе тілге бай, өрнегі мол ауыз әдебиеті шығармалары тым аз берілген. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ықыласын өсіретін қызғылықты ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тапқыр сөздер мүнда жоқтьщ қасы. Оның есесіне оқушының түсінуіне қиындық келтіретін ұзақ-ұзақ аударма өлеңдер көп-ақ. Құрастырушылар оқулық жасаудың оңай әдісінен бас тартып, қазақ оқушысына шын мәнінде зәру материалдарды көбірек беруі керек.

Қазақ мектептерінің жоғары кластарына арналған әдебиет оқулықтарыньщ да көп кемшіліктері баспасөз бетінде айтылып келеді. Әсіресе, сегізінші, тоғызыншы кластардың әдебиет оқулықтары тым жұтаң, бірыңғай қалыптан шықпай қойды. Бүл кластардағы оқулықтардың негізгі кемшілігі онда әдебиеттің өткендегі нүсқалары мен жеке жазушылардың шығармаларының тиісті дәрежеде берілмеуінде. Атап айтқанда, сегізінші класс әдебиет хрестоматиясыньщ екі-үш қана жырдың үзіндісімен шектелуі, басқа да нүсқалардың аз берілуі орынды емес. Бүған әдебиет тарихын зерттеудегі бұрмалаушылықтар мен нигилистік көзқарастардың да зияны тиіп келді. Ендігі жерде жоғары класқа арналған оқулықтарда, хрестоматияларда қазақ әдебиетінің мол байлығы тиісті дәрежеде көрініс табуы тиіс. Оқулықтардьщ сапалы шығу қажеттігін еске ала отырып, оны жасауға конкурс жариялап отырса, істің жайы қазіргіден анағұрлым жақсара түскен болар еді.

Жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру -педагопйсаның аса қажетті міндетінің бірі. Мүның бәрі жас азаматтарды өнерлі, сезімтал, зерек етіп өсіру мақсатынан туған. Ендеше мектептерде әдебиет сабағын жоғары сапалы жүргізу ісі оқулық авторларын қатты ойландыруға тиіс. Онан кейін, бір кездерде әдебиеттану ғылымында орын алған жаттампаздықтан, материалды үстірт түсіндірушіліктен арылу қажет. Әдебиет оқулығы көркем, таза әдеби тілмен, тұжырымды, ғылыми терең жазылуға тиіс. Әдеби процестің заңдылығьш ашпай, бірыңғай мақтап, немесе бірыңғай даттап, шығармаларды оқушыға түсіндіріп беру мүмкін емес.

Мектептердің жоғары кластарына арналған әдебиет оқулықтары мен хрестоматияларының кемшіліктері өз алдына. Оның үстіне оқу программасы бойынша қазақ әдебиетін өтуге бөлінген сағат санының тым аз екенін айту керек. Қазіргі кезде орта мектептердің 8-9-10 кластарында әдебиет сабағы аптасына екі-ақ рет өтіледі. Оқушылардың қазақ әдебиеті тарихынан жүйелі білім алуына мүның жеткіліксіздігін көре-біле түрса да, Қазақ ССР Оқу министрлігі осы уақытқа дейін бұған өзгеріс жасамай келеді. Әдебиет сабағына осынша аз уақыт бөле отырып, жастардың әз халқының сөз мәнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру қиын. Сағат саны аз болғаннан кейін өтілетін материалдың көлемі де аз болмақ. Орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне сынақ тапсырған абитуриенттердің біразының қазақ әдебиетінің тарихынан мәліметінің тым аздығы осыны көрсетеді. Олай болса, ендігі жерде жоғары кластарда әдебиет сабағының көбірек отілуін ойластырған жөн. Оқушылардың әдеби тақырыптарға шығарма жазуға көп жағдайда шорқақ болып жүргені де әдебиет сабағына деген жалпы ықыластың, жаттығулардың аздығынан. Қазақстанның Оқу министрлігі мектептерде қазақ әдебиетін оқыту жұмысын негіздеп шешіп, жас ұландардың әдебиет тарихынан тиянақты білім алуына жағдай туғызуы тиіс.

70. Көркем троптар.

ТРОП ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Тілдің баюына жаңа сөздердің пайда болуы мен көне сөздердің жаңғыруы ғана ісер етпейді.Сонымен бірге қолданыстағы сөздердің түрлі мән иеленуі де қомақты үлес қосады.Бүл орайда тілімізде ауыспалы мағынада қолданылатын сөздер құбылтулар (троптар) маңызды роль атқарады.Қаламгердің өз шығармасында алуан үлгідегі топтарды пайдалануы әшекейләк мақсаттан емес, нақты шыңармашылық қажеттіліктен туындайтын жағдай. Себебі шығармадағы қандай да бір троп түрі көркемдік тұрғыдан өзін өзі ақтауы шарт.Үлкен қаламгердің қай қайсыда тропты өзі бейнелемек қүбылыстың аса мәнді қасиетін айқын да көркем жеткізу үшін қолданады.Троптар әр түрлі құбылыстарға тән сипат белгілердің ұқсастық жақындықтарына негізделгенімен, бүл жаұындықтардың өзі түрлі деігейде болатыны түсінікті.Соған сәйкес троптар бірнеше түге бөлінеді:Олардың қатарына: метафора, кейіптеу, аллегория, метонимия, синедоха, гипербола, литота, ирония, сарказм, перифраз сияқты көркемдеу құралдары бар.
Метафора(ауыстыру)- екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жаңастырып жақындату негізінде астарлы тың маңына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі.М: Абай өлеңдерінде кездесетін жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі.
Кейіптеу (ор,олицетворение) – жансыз табиғат бейнесін кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеу.м:Абайдың «қыс» өлеңінен мысал келтірсек. Ақ киімді денелі, ақ сақалды.Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Троптың құбылтудың бір түрі астарлау яки символ (гр.sumbulon - шарты белгі) - бір нәрсені құбылысты тура суреттемей, бүларға ұқсас басұа бір нәрсеге, не құбылысқақұпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.М. ақ көгершін бейбітшіліктің белгісі.
Троптың бір түрі алмастыру, яки метонимия (гр.metenymia – қайтадан атау) өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орныныа бірін өолдану.М. Үй іші мәзб боп қой сойды, сүйіншіге шапқанға.
Троптың бір түрі – синедоха яки мегзеу. Мегзеу – алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе жалпының орнына жалқыны қолдану.М.
Дүңай салем жазамын Күйісбайға
Бермек болған айғырдың көзі қайда
Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, (Абай)
Екі көз де – әр нәрсенің өзі, жай бүтіннің орнына бөлшек алынып отыр.
Троптың бір түрі – кекесін я ирония (гр.eironiaкелемеждеу); тағы бір түрі мысқыл я сарказм. Бүл арада кексін мен мысқылдың сһз ажары мен мағынасын һзгерту, түрлендіру қызметіне назар аударып өткен жөн.
Қайтсін қолы тимепті
Өлеңші, әнші есіл ер.
Троптың бір түрі ұлғайту яки гипербола (гр.hyperbole үлкейтілген, қомақты); тақы бір түрі кішірейту яки литота (гр.litotes қарапайым).Бүл суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманығ оқырманға әсерән арттыра түседі.
Жоғарғы ерні көк тіреп
Төменгі ерні жер тіреп (Қоьыланды батыр)

 

71. Мақал мен мәтелдердің жанрлық белгілері

Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.

Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.

Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалдар: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас – бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Ит ашуын тырнадан алады.

Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар. Мысалы, Олақтан салақ жаман; жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме деген мақалдарды тікелей, тура мағынасында ұғынамыз. Ал Болат пышақ қын түбінде жатпайды; Қалауын тапса, қар жанар – деген мақалдарды келтірінді мағынасында қабылдап түсінеміз. Мұның алдыңғысы "асыл нәрсе қашан да жарық көреді, ол үнемі жасырын күйінде қалмайды, қалай да бір жарқ етіп шығады" дегенді, ал соңғысы «ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды» дегенді білдіреді.

Мақал - мәтелдердің көпшілігі образды, бейнелі түрде келіп, астарлы, ауыспалы мағынасында ұғынылады. Мысалы: Темірді қызға кезде соқ. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Сырын білмес аттың сыртынан жүрме.

[21.05, 23:27] Карлыгаш: Мақал - түсінікті тілде жазылған, тікелей айтылған мақалдар. Мысалы, күлме досқа келер басқа, ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос, адамды досына қарап таны, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мәтел - түсінігі қиындау, астарлы тілмен айтылған мәтелдер. Мысалы, Оң көзіңе Сол көзің қарауыл болсын, Жыланның уы басында, Бейқамның жауы қасында, Алажағым кетсе де, Айташағым кетпесін, аузы күйген айранды да үрлеп ішер, Бір кісі мың кісіге олжа салар, Ер мойынында қыл арқан шірімес, Екі жарты – бір бүтін.

[21.05, 23:27] Карлыгаш: Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады.

Менің ойсыз ойымша, мәтел біраз қысқа да түсініксіз болып көрінбек. Мақалдың мәні/ұйқасы болса, мәтел өте қарапайым және "аяқталмаған" күйде жазылмақ. Яғни, сөздердің құрылу тәртібінен ажырата аласың.

 

72.Лирикалық шығармаларды талдау. Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.

















Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: