Ішкі Монолог пен диалог 15 страница

жоспар жасату;

негізгі оқиғаларға ат қойғызу;

мəтінге жуық əңгімелету;

көркем мəтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану;

сценарий жасату;

оқыған шығармалары бойынша пікір айтқыза білу.

 

61.Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Кез –келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «Күлтегін», «Білге қаған, «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «Оғыз-наме» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы»,

 

62. С. Мұқановтың «Ботагөз» романының тақырыбы мен идеясы. «Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. Бұл – ең данышпан шығармаларының бірі. Қазақтың байырғы поэзиясына қарағанда, осы заманғы поэзия түр мен мазмұн көркемдігі жағынан жаңаша өсіп-өркендеді. Әрине, ол жаңалық бірден басталып кеткен жоқ. Бұрынғы дәстүрді бойына сіңіре, бұрынғы бар түрді қолдана отырып, ақындар жаңа заман тынысын көрсетті. Адам мен коғам өмірінің жаңа мазмұнын таныту үшін, ақындар, сонымен бірге, жаңа түр де іздеді. Бұл жолда алғаш соқпақ салушылардың бірі - Сәбит Мұқанов. 20-30 жылдардағы қазақ поэзиясын алып қарасақ, Сәбит Мұқанов көп жаңалықтар енгізген. Күрескер ақын Сәкен Сейфуллин поэзиясы қазақ өлеңін қаншалықты жоғары көтерсе, Сәбит Мұқанов та - көп ізденіп, поэзиясын жаңаша сөйлетуге ұмтылған ақын. Жаңалық тек ұйқас, буын, ырғақ саласында ғана болмай, көбіне ақынның теңеу, метафора, эпитет сияқты шеберлік кесте-өрнектерінен де көрінеді «Колхозды ауыл осындай» атты өлеңінде ақын көрікті даланы, көркем аспан мен көкорай шалғын жерді, онда С. Мұқанов поэзиясында осы ізденумен қатар ғасырлар бойы халық санасына сіңген сөз өрнектерін шебер колдану айқын көрінеді. С. Мұқанов - қазақ поэзиясын жоғары көтерген ақын. Үлкен прозаик болып кейін қалыптасса да, ол поэзиямызға елеулі үлес қосып, айта қаларлықтай өлең үлгілерін қалдырды. Қорытып айтқанда, «Ботагөз» романы — қазақ әдебиетінің қорына енген шығарма. Революция мен онан соңғы біраз дәуірдің шындығы романда сол кездегі әдебиетте беки бастаған социалистік реализм әдісімен талданып суреттелген. «Ботагөз» романы - тарихи шындыққа суарылып жазылған шығарма. Романдағы басты кейіпкер Ботагөздің тарихи кезеңнің талай қиын- қыстау кезеңдерінен өтіп, саналы күрескер, білікті қайраткер болып қалыптасуы нанымды бейнеленген. «Ботагөз» романы кезінде қазақ әдебиетінің тарихында сапасы жағынан өскен әдебиеттер талабын көтере алатын, бірден-бір күрделі окиғалы, сақа туынды аталғанын айту жөн. Осы күнге дейін сан рет басылып, оқушысын тауып отырған бұл шығарма бүкіл кеңестік дәуірдегі әдебиет қорының төрінен орын алды, орыс тіліне аударылуы арқылы Кеңес Одағының көптеген халықтарының сүйіп оқитын кітабына айналды. Өйткені роман оқушысын, біріншіден, көркем жазылған, сом соғылған туынды болуымен тартса, екіншіден, онда айтылмақ жайттар көптеген ұлттардың, әсіресе Орта Азия халықтарының барлығының дерлік басынан кешкен қиын - кыстау халдеріне ұқсауымен, яғни патшалық Ресейдің бұрын отарлы ел болып келген халықтарының көкейкесті жайын баяндауымен тартты. Бұл сәтте айта кететін жәйт қазір романға көзқарастың өзгеруі. КСРО құлағаннан кейін большевиктер партиясының Кеңес өкіметінің романда дәріптелуі артық, қате деп танылып отыр. Романда қазақ халқының ұлттық сипаттары: дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, қоғамдық, саяси іске араласуы және оны ұғуы, ғылым-білімге, болашаққа ұмтылуы, революцияны түсінуі және оның сонынан адал сенген пейілмен еруі, осы жолда асқан ерлік, батырлық мінездер көрсетуі романда большевиктер партиясы қойған талап тұрғысында көрсетіледі. Оның үстіне қазақ халқының осы романда суреттелетін кезеңдегі хал жайы өз алдына бөлек, томаға-тұйық баяндалмайды, бүкіл Ресей өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстырыла айтылады. Өйтпейінше, тарихи шындық сақталмаған болар еді. Жазушы бұл шындықты берік сақтайды. Әсіресе Ресейдегі төңкеріс қозғалыстар мен ағымдар XX ғасырдың бас кезінде Столыпин реакциясы тудырған айдау, қысымдар салдарынан кейін, жаңа өрлеулер тудырған кезеңдер, патшалық Ресейдің Германиямен соғысы, яғни дүние жүзілік бірінші соғысқа араласуы — мұның бәрі алыстағы Қазақсганда елеусіз, яки зардапсыз өтіп жатқан оқиғалар еместі. Жазушы шыншыл суреткерлікпен осындай алуан түрлі оқиғаларды қамтып, олардың құяр арнасын, негізгі желісін тапқан. «Ботагөз» романы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш бөлімнен тұрады. Ботагөз — жоғарыда айтылғандай, шытырман оқиғалы, сом туған, бір бүтін көркем шығарма. Айта қаларлықтай жоғары дәрежеде жазылған романның көркемдігі жайында айтар жайттар көп. Ол: сюжет, композиция, тіл, бейне жүйелері, оқиғалардың ербу, өсу, аяқталу кезеңдері сияқты, кейркерлердің сырт суреті, немесе ішкі мінез-құлқы сияқты мәселелері. Романның фабуласы, яки сюжеті қиыннан қиыстырылған. Оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп-өніп, білгілі бір шегіне жеткен соң, шешімін тауып, заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аударады. Әуелде болмашы жылғадан басталып, кейін кең арналы дариядай ұлғайып, жағасынан аса тасып барып тынады. Деңгейі (кульминация)— Амантай бастаған кетеріліс Итбайдың өлімі, күреске шыққан қалың қол, жеңіс. Міне, осыған дейінгі оқиғалар әр тараптан өрбіп келе жатады. Онын басты салалары әр кейіпкердің іс-әрекетіне, тағдырына байланысты. Ботагөздің оқуы, есеюі, Асқармен арақатынасы бір арна болып, кейін саналы күреске апарса, Амантай тобы бара-бара көтеріліске, айқасқа ұласады. Итбай мен Кулаков әрекеттері де әуелде ашық айқын білінбегенімен, кейін ашықтан-ашық жаулық сипат алады. Негізгі екі күштің арасалмағы уақыт, мезгілге карай өзгеріп, алмасып отырады да, ақырында қатты шиеленісу, айқасу үстінде әділдік, шындық жеңіп, кара күш, әділетсіздік жеңіліс табады. Оқиғалардың бұлай ойға қонымды, ақылға сыйымды өрбіп аяқталуы жазушының алға койған мақсатының орындалуы, жоспарланған істің бітуі сияқты Шығарманың басынан аяғына дейінгі ұзақ жол, романның құрылысы яғни қаңқасы — оның композициясы болмақ. Бұл жағынан да нық қиюласқан, бір бүтін тұтасқан дүниені көреміз. Мәселен, сюжетте баяндалатын сан алуан оқиғалар бет-бетіне бытырап жуыспай жатса, немесе эволюциялық даму орнына бірден жалаң хабарлау болса, бұл — романның композициялық кемшілігі болар еді. Сюжет белгілі мақсатты жүзге асыратын элемент яғни негізгі мазмұн, құрылыс матерйалы болса, композиция — соны құрастырудың, жолы, әдісі. «Ботагөз» романы құрылысы жағынан да мүлтіксіз шыққан. Әрбір тарау, белім бірін-бірі толықтырып, сюжетін қамтитын оқиғаларды өзара байланыстырып ұстап тұр.

 

63. Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары

Сабақта пайдаланылатын техникалық құралдардың түрлері. Әдебиет сабақтарында көрнекіліктер мен техникалық құралдардың пайдаланудың шегі. Оның әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты жақтары. Сабақта көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесіне арналған ғылыми-әдістемелік еңбектеріне шолу.

Интерактивті технологияның ерекшеліктері:

1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі –түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.

2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

3) Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді.

Activstudio – да қалам, өшіргіш, түс, себет деген нәрселерді игеру керек, сонымен қатар кітапхананың ішінде не бар, оны пайдалана білу. Ал флипчарт мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады. Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта

тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады. Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар оқушының бірден-бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс. Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады.

 

64. Шалкиіз - қазақ жырауларының атасы

ХV ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шалкиіз. Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Шалкиіздің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шалкиіз әке, шешсі белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы – Мұсаның қолында тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін аңғартқандай. Ол шындық – Шалкиіздің Орақ, Мамай мырзалармен не өзі қасына көп ерген Темір бимен бірге тумағандығы. Сондықтан да қанша айбарлы батыр, айдынды жырау болса да, өмір тәлкегін көп көргендігі. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қорындағы Әкіш ақсақал тапсырған қолжазбада: «Шәлкез Мұсаның қызынан, Орақпен тетелес апасынан туған», — делінеді. Осы деректер негізінде бұл пікірді М.Мағауин өз зерттеулерінде келтіреді. Ғалым Ә.Дербісалин Шалкиізді Мұса бидің жиені санау жансақ пікір дейді. Ә.Дербісалин пікірінше, Шалкиіз Орақ, Мамаймен замандас, жасы қатар адам. Сондықтан оның қызынан тууы мүмкін емес. Бұл әлі де анықтай түсуді қажет етеді.

Шалкиіз жыраудың өмір сүрген дәуірі мен мекені туралы ел аузынан жазылған қолжазбалар мен жыраудың өз шығармалары ғана хабар береді. Ертелі-кешті жырау шығармалары жарияланған жинақтарда, қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлы жырлаған «Шалкиіз» толғауында, сондай-ақ ел аузынан жазылған материалдарда Шалкиіздің «нрғайлы» екендігі айтылады. Біздің қолымыздағы «Салкез батырдың Орақ, Мамайға айтқаны» деген қолжазбада жыраудың балалық, жігіттік шағы Орақ, Мамай маңында өткендігі, бірақ батырдың Ноғай ордасындағы бедел, құрметін күндегендер оны елден кетірмек болып, жауға жалғыз жұмсағаны, батырдың жауды жеңіп келіп, аттан түспестен, Орақ, Мамай мен жиналған жұртқа жыр толғап — өкпесін айтып, жапан-түзге кеткені айтылады. Аталмыш материалдарға қарағанда, Шалкиіздің Ордада – Орақ, Мамай маңында өсіп, бедел-даңқы сол кезде белгілі болғаны көрінеді.

Шалкиіз Темір биге Орақ, Мамай ордасынан кеткесін барғанға ұқсайды. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» деген толғауларына қарағанда, оның Темір бидің қолбастар батыры, жұртты аузына қаратқан аталы сөз айтар ақылшы жырауы болғандығы аңғарылады. Өкпелеп, ажырап кетіп барып қайта табысады. Бұл жайды аталмыш толғаулар мазмұнынан және В.В.Радлов ноғайлар арасынан жазып алған «Шалкиіз» деген материалдан, «Шайыр» жинағындағы жырау шығармаларына берілген түсініктерден айқын көреміз. Соңғы жылдарда табылған, яки ноғайлар арасынан жазылған Шәлкез өлеңдері де жырау өмірі туралы жаңа деректермен толықтыра түседі. Ноғайлар арасынан филология ғылымының кандидаты А.Сиқалиев жазып алып, жариялаған «Мен иемнің күнінде», «Алай жаным» деген өлеңдеріне, Үпі (Уфа) архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дәптеріндегі «Әжікам, сен Мансұрұлы Тоқусан» деген өлеңіне қарағанда, Шалкиіз бірқатар уақыт Әзике (Әжіке) сырза қарамағында болады. Біздің қолымызда бар деректерден,-деп жазады М.Мағауин, — Шалкиіздің (біздіңше, Шалкиіз деген қисынды. — С.Қ.) Темір би өлгеннен соңғы өмірі Мамайдың және оның інісі Жүсіптің төңірегінде өткендігі көрінеді.

: Бірінші толғауы

Аспанды бұлт құрсайды -

Күн жауарға ұқсайды.

Көлдерде қулар шулайды -

Көкшіліден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды.

Көп ішінде бір жалғыз

Көп мұңайып жылайды -

Күйбендескен көп жаман

Сөзі тигенге ұқсайды!

Алп, алп басқан, алп басқан

Арабы торым өзіңсің,

Жазылы, алтын, қол кескен

Алдаспаным өзіңсің!

Білерді білмес не демес,

Сұлтан ием, сен менің

Бармай тапқан Қағбамсың!

Алтынды кесе сары бал

Алсам, мен саған ұсынармын,

Тал мойныма қол артсаң,

Күліктен бек ұнармын.

Көбең семіз торыңмын,

Көп құлыңның бірімін.

 

65. Ғабит Мүсірепов драматургиясы

Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Оның “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” ұйғыр, корей театрларының сахналарында, Украинадағы Винницкийтеатрында және Мәскеу қаласындағы театрларда, Франциядағы Нанси қаласы театрында (1984) қойылды. Бұл спектакльПариж қаласында өткен театр фестивалінде 1-орын алды (1981).

Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. Мүсірепов драматургиясы шиеленіскен әлеуметтік тартысқа құрылған, қимыл-әрекеттері ширақ, диалогтары дәлме-дәл, монологтары ақындық пафоспен рухтанған серпінді, тілі құнарлы да бейнелі: осы қасиеттер кейіпкерлер характерлерін терең ашуда қолайлы қызмет атқарған. СценарийінБ.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Махаббат туралы дастан”, “Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар.

Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» атты трагедиясы күні бүгінге дейін өзінің көркемдік құндылығының арқасында қазақ театрларының сахнасынан түспей келеді. Осы уақыт ішінде бұл шығарма туралы сан түрлі сын-пікірлер мен мақалалар жарық көрді. Солардың ішінде көрнекті әдебиет сыншысы М. Қаратаев пьесаға жоғары баға берген болатын. Пьеса туралы былай деген: «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасы бүкіл қазақ драматургиясының құнды туындыларының қатарына қосылды"

Жазушының 1941 жазған «Ақан сері – Ақтоқты» тарихи трагедиясы қазақ әдебиетінің дараматургия саласындағы шоқтығы биік туындысы. Бұнда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірдерегін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталады. Бұл пьеса 4 перделі, 5 суретті драма. Драматург осы шығармасының 2 түрлі нұсқасын жазған. Яғни, ол бірі драмалық шығарма болса, екіншісі «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясының опера либреттосы болып табылады

 

66. Шығарма жазуға үйретудің əдіснамалық негіздері

Шығарма жазуға үйретуде, алдымен, мынадай дайындықкезеңдер мен жаттығуларұйымдастырылады:

1. Ойын дұрыс қарап, дұрыс байланыстыра білу;

2. Сөзді тыңдап, сұрыптай білу;

3. Тақырыпқа байланысты материал жинау;

4. Тақырыпқа сәйкес жай күрделі жоспар жасау;

5. Кіріспе, қорытынды жазуға үйрету;

6. Тақырып бойынша, ойын реттеп жаза білуге үйрету т.б.

VI-VШ сыныптарда шығармалар тақырыбына қарай баяндау, хабарлау, суреттеу, мінездеу түрінде жазылатындығына белгілі: Мысалы, *Шекарашы*, *Ауылға барғанда*, *Өзенжағасында*, *Менің қуанышым*, *Халықтар достығы* т.б. әрине, ығарма жазу жұмысы әр оқушының білімі мен сөз байлығына, талабына, қабілетіне байланысты. ТәжірибеміздеҮ-ІХ сыныптарда әдебиет және қазақ тілі сабақтарында шығарма жазуға даярлық жұмысын былай топтастыруға болады.

І.Көргені мен білгені бойынша шығарма жазуға даярлау. Балалар үшін ең жеңілі — осы көрген-білгені жайлы шығарма жазу, Өйткені оқушы өз көрген-білгенін, өз басынан өткеноқиғаны есіне түгел сақтайды. Шығарманың мазмұнын басынан аяғына дейін ойланады оның жоспарын жасауға талаптанады, өзінің ой желісін тиянақтайды, сөз сөйлемдер құрастыру жолдарын қарастырады.

 

67.Тұрмыс салт жырлары.

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),

өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.

Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Бекмұрат Уақатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: