Тарау. Саяси социология 36 страница

Ақырында, тағы да бір маңызды тақырып - ғаламдық даму акторларының мәселесі. Әңгіме жаңа әлемдік тәртіпті жай ғана кезекті халықаралық қатынастар жүйесі ретінде емес, азды-көпті тұтас әлемдік құрылысты қалыптастыру туралы болып отыр.

Әлемдік құрылыстың қазіргі маңызды жүйе құраушы сипаттамасы мынаған келіп саяды: Жер шарының 15% халқын құрап отырған, Батыс әлемдік қордың, сауданың, өндірістің, тұтынудың 70%-дан астамын бақылап отыр, бұл дүние жүзі бойынша көптеген бағдарламалары бар Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, НАТО сияқты қазіргі әлемді бақылау мен басқарудың күшті механизмдерімен ұштасады.

Сонымен бірге ғаламдану акторларын нақты бір формада орнықтыру қиынға соғады. Бұл жерде АҚШ пен Еуропа арасындағы қарама-қайшылықтар, Батыс Еуропа елдері ішіндегі текетірестер, Жапонияның талаптары мен осыған байланысты АҚШ-тың немесе Еуропа мемлекеттерінің реакциясы туралы айтылып отыр. Қазіргі әлемді зерттеушілер қалыптасып келе жатқан әлемдік тәртіпті “жаңа әлемдік тәртіпсіздік” деп атауы кездейсоқ емес.

Э.Гидденстің, Р.Робертсонның, М.Кастельстің жаһанданудың қазіргі заманғы социологиялық тұжырымдамаларын сараптау жаңа заманғы жаһандану процесіндегі мынадай құрамдарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

1. Ғаламдық сатыға өту барысындағы өзгерулердің ауқымдылығы мен кешенділігі. Социологиялық сараптауға бұл құрам социологтың әлеуметтік өзгерістердің кеңістіктік және географиялық өлшемдеріне назар аударғанын білдіреді.

2. Ғаламдық құндылықтар жергілікті немесе өзіндік құндылықтар тұрғысынан басым болады, бұл жаһанданудың жергілікті қауымдастықтардың ең терең құрылымдарына енуінен көрінеді. Оның үстіне “жаңасы” ғаламданумен, ал “ескісі” жергілікті әлеммен байланыстырылады, Жаһандану және жергілікті ету процестері қоғам архаизациясы сияқты процеспен қабат жүреді. Бұл жерде примордиалды, бұрынғы феномендердің қайта өрлеуі, этникалық, нәсіл және жыныс секілді феномендердің маңызының өсуі туралы сөз болып отыр. Жалпы қазіргі заман қоғамдарында тең түрде ұтымдылық сияқты фрейдтік іd орын алған, мозаикалық әлеуметтік үлгілер қалыптасуда.

Сонымен, жаһанданудың тамыры, жоғарыда көрсетілгендей, ғасырлардың немесе тарихтың тереңінде жатыр, дегенмен жаһандану негізінен - жиырмасыншы ғасырдың феномені. Қоғамдық және әлеуметтік ғылым мамандары әлі де ұзақ уақыт бойы өткен жиырмасыншы ғасыр туралы пікір таласта болады. Алайда оның басты қорытындыларының түбегейлі қайта қарастырылуы екі талай: адам құқықтарының басты маңызы бар, демократия тиранияға қарағанда күштірек, нарық командалық экономикаға қарағанда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Тарихи түрде жасаушы және белсенді үгіттеуші Батыс болып табылатын осы құндылықтар мен нұсқамалар жүйесі қазіргі заманда мойындалып, кең қолдау тапты және бүгінгі таңда жаһанданудың идеялық іргетасын құрайды.

 

“Қайраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде

 

Қазіргі социологиялық теориядағы шешуші проблемалардың бірін “қайраткер - құрылым” дилеммасы құрайды.

“Қайраткер - құрылым” теориялары құрылымдық теориялар тобына жатады және қазіргі қоғам қызметін түсіндіруде тиімді теориялардың бірі болып табылады. Әңгіме қоғамды жаңаша түсінуде болып отыр. Социология тарихында макротеориялардың әлеуметтік құрылымдар сараптамасына баса назар аударған кезең болды, содан кейін сараптаманың басты мысалы жеке индивидтер болып табылатын шағын көзқарас негізгі деп саналатын кезең келді. Белгілі бір мөлшерде әлеуметтік құрылым теориясы берілген көзқарас төңірегінде екі көзқарастың қосылуының бір мысалы ретінде қарастырылуы мүмкін. Бірақ құрылымдық теориялар қоғамды түсіндірудің басқа принциптеріне негізделген.

Қазіргі заман теорияларында “қайраткер - құрылым” әлеуметтік жүйелер ұғымына жатқызылады. Әлеуметтік жүйелер - көптеген өзара әсер етушіліктер мен номинациялардың көмегімен органдар мен құрылымдарды, ғаламдық және жергілікті, объект пен пәнді біріктіруші. Әңгіме жүйелердің біріктіретіндігі және құрылым мен оның бөліктері арасындағы айырмашылықтарды жоққа шығаратындығы, олардың саланы көрсетпейтіндігі, бірақ оны басқа объектілер тұрғысынан иемденіп алатындығы, тұрақтылық пен мәңгілікті қамтамасыз ететіндігі туралы болып отыр. Әлеуметтік жүйелер ұғымы қоғамның құрамдас бөліктерін - оның иерархияларын, топтарын, деңгейлерін біршама тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

 

Маргарет Арчердің морфогенез теориясы

 

Социология үшін маңызды болып табылатын “құрылым - қызмет” проблемасын қарастыратын белгілі және беделді теориялардың бірі Маргарет Арчердің морфогенез теориясы.

Морфогенез теориясымен танысудың басында алдынғы еңбектерде айтылған М.Арчер идеяларының кейбір принципті қағидаларын қарастырайық:

(1) Социолог бір жағынан құрылымды (немесе мәдениетті), екінші жағынан қызметті талдамалық ажырата білуі керек. Бұл - әлеуметтік өмірдің екі жағы. Бұларды ажырамас бірлікте көрсетуді Арчер конфляционизм деп атайды. “Conflatіon” сөзі “біріктіру”, “қосу” және екі мәтінді бір мәтінге біріктіру деген мағынаны білдіреді. Конфляционистер кез келген қызмет құрылымданған, ал құрылымдар қызмет арқылы іске аспаса олар өмір сүре алмас еді дейді деп көрсетеді Арчер. Бұл жерде үш логикалық мүмкіндік бар. Кейбір авторлар қызмет дегеніміз құрылымның эпифеномені деп есептейді. Ал енді біреулері құрылым - қызметтің эпифеномені болып табылады дейді. Бірінші жағдайда “жетілу” “жоғарыдан төмен” болып отыр, яғни қызмет құрылым тұрғысынан автономиядан айырылады; екінші жағдайда “төменнен жоғары”, яғни құрылым қызмет тұрғысынан автономиядан айырылады. Үшінші мүмкіндік: құрылым да, қызмет те автономиядан айырылып, жетілу ортасымен жүреді.

(2) Конфляционистер әлеуметтік өмірді уақытпен өлшеуді ұмытады деп есептейді Арчер. Уақыты жағынан құрылымдар құрылымдаушы қызметтің алдында тұрады емес пе. Ал егер қызметтің нәтижесінде құрылым пайда болса, онды ол келесі қызметті анықтайды. Арчердің мәдениеттің орны мен әлеуметтік теорияларға арналған еңбегі “Мәдениет және қызмет” “әлеуметтік интеграция” мен “жүйелі интеграция” арасындағы талдамалық айырмашылықтарға негізделген мәдениет саласындағы “рөлдер” мен адамдардың талдамалық айырмашылықтарына басты назар аударады. Арчер “part іs people” дихотомиясын қолданады. Біріншісін белгілі бір ұғымында құрылым деген мағына беретін “рөлдер” деп аударуға болады, екіншісі жай ғана “адамдар”, яғни әсер етуші тірі жан. Бір жағынан мәдениет, идеялар әлемі тиісінше логикалық жүйелікті талап етеді деп жалғастырады Арчер. Таза мағыналық тұрғыдан идеялар байланысы кездейсоқтық емес. Енді бір жағынан бұл идеялар мәдениеттің компоненттері болып табылады, дегенмен осылай бола тұрса да олар адамдарға жүктеледі және соның арқасында себеп-салдарлы келісім пайда болады.

Морфогенез теориясында Маргарет Арчер морфогенез және морфостазис ұғымын енгізіп, оны М/М көзқарас деп белгілейді. Әңгіме әлеуметтік формалардың құрылуы мен өмір сүруі тұрасында болып отыр. Арчер әлеуметтік құрылымда да, мәдениетте де қолданылатын үш топтық тізбекті бөліп көрсетеді: құрылым әсер етушілердің өзара әсер етуіне жағдай жасайды, бұл өзара әсерлер өздерінің ішкі ерекшеліктеріне сай жүзеге асады; нәтижесінде жаңа немесе сырты өзгерген ескі құрылым пайда болады. Арчердің реализм және морфогенез теориясының философиялық базасы қазіргі заманғы ағылшын реализмі, негізінен Р.Бхаскар тұжырымдамасы болып табылатын әлеуметтік онтологияның түбегейлі мәселелеріне арналады. Арчер Бхаскардың философиялық реализмі әр түрлі әлеуметтік теориялардың ортақ тұғырнамасы ретінде таныла алады, онымен қоса Бхаскар әлеуметтік әсердің өзгермелі үлгісі (ӘӘӨҮ) өзінше бір теория ретінде ұсыныла алады деп есептейді. Бхаскардың ӘӘӨҮ-нің негізгі тармақтары:

(1) “Мен қоғам индивидке келіп қосылмайды деп ойлаймын және...индивидтер мен қоғам арасындағы өзара байланыс үлгісінің жалпы сұлбасын беремін...

(2)...әлеуметтік формалар кез келген интенционалды акт үшін керекті жағдай туғызады,

(3)...әлеуметтік формалардан бұрын ықтимал зерттеу объектілері ретінде олардың автономдығы негізделген...

(4)...олардың нақтылығы әсер ететін күшке негізделген

(5) Әлеуметтік формалардың бастапқылары әлеуметтік әсердің түрі өзгерген үлгісін жасап шығару үшін бастапқы нүкте ретінде қарастырылатын болады...

(6)...әлеуметтік формалардың әсер етуші күші адам қызметімен жүзеге асады, деп тұжырымдаймын”

Арчер құрылым мен қызметті байланыстырушы үлгі туралы айтылған 1-тармақтың М/М көзқараспен өте мәндес келетіндігін және олардың арасындағы айырмашылықтарды қарастырудан гөрі байланыстарды көздейтіндігі туралы жазады.

2-тармақ. Мұнда Арчер әлеуметтік формалар кез келген интенционалды акт үшін керекті жағдай туғызады деген мәлімдемеге үлкен сақтықпен қарайды және ондағы табиғаттан түбегейлі алшақтауды қарастыра отырып, М/М көзқарасында табиғи өзара әсерлер мақсаттылық үшін керекті және жеткілікті жағдайлар жасай алады деп мәлімдейді.

3-тармақ таразының басын басқа жаққа бұрады. Темпоралдылық - М/М көзқарасының ажырамас құрамы. Бұл оның бірінші аксиомасында бекітілген: “құрылым оның түрін өзгертетін қызметтен өрбиді”. Осыған байланысты кез келген әлеуметтік зерттеуде бастапқы кезең бар дегенді айтуға болады және онда “әлеуметтік құрылым мен мәдениеттің кейбір қасиеттері стратегиялық жағынан маңызды және уақыты жағынан созылмалы болып келеді, олардың ішінде нақты әлеуметтік жағдайлар орын алуы мүмкін шекті белгілейді деп жорамал жасалынады. Бұл тұжырымды негізге ала отырып, қызметтік көзқарас осы жағдайлардың табиғатын және олардың іс-әрекетке қалай әсер ететіндігін зерттеуге көмектесе алады. Ол құрылым мен мәдениеттің элементтері шындық ретінде алынатын кейбір бастапқы кезеңнен бастау керек болатын дамудағы процесті зерттеуде болмаса, ол әлеуметтік құрылым мен мәдениетті сол қалпында түсіндірмейді”. Арчер социолог қандай да болсын процесті зерттеуге кіріспес бұрын алдымен ол процестің артықшылығы неде екенін дәл ажырата білуі қажет деп есептейді: түрінің өзгеруінде ме, әлде ұдайы өсуінде ме? Морфогенез және морфостазис шындығында түрінің өзгеруі мен ұдайы өсу ұғымдарына өте жақын: төрт терминнің әрі де алдымен “дейін”, сонан кейін өзінің “соң” деген түсінігін игеру құбылысы жүретін процесстерді білдіреді. Сондықтан да әлеуметтік құрылым туралы “енді оны адамдар агент тәрізді шығарады деп айтуға болмайды. Дұрысында біз олар оны ұдайы өсіреді және түрін өзгертіп отырады деуіміз керек. Басқаша айтқанда, егер қоғам жаратылып қойған болса, онда кез келген адамдық іс-тәжірибе...оның тек түрін өзгерте алады; адамдар іс-әрекетінің бар жиынтығы өмір сүріп отырған қоғамды не қолдай, не оны өзгерте алады. Арчер терминологиясында морфогенез дегеніміз қашан да морфостазис түрінің өзгеруі. Сонымен түрін өзгерту үлгісі өзінің еңбекке жарамдылығын дәлелдей алуы, яғни әлеуметтік талдау тәжірибелері керек ететін жұмысты орындауы үшін М/М көзқарасы құрылым мен қызметті талдамалық ажыратуды қолдау қажеттігін талап етеді.

Әлеуметтіктің өзіне тән ерекшелігі қызметке байланыстылығында. Адамның қызметінсіз қоғамда еш нәрсе пайда болмайды, үнемі өмір сүрмейді және өзгере алмайды. Мұнымен бәріміз де келісе аламыз: табиғи болмысқа қарағанда әлеуметтік болмыстың жетіспейтін жақтары бар.

Әлеуметтік құрылым және олардың адам қызметімен қарым-қатынасы туралы Арчер трактаты қоғам бір дәуірден келесі дәуірге әрдайым ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын қолдаушы қызметтің көмегі арқылы етіп отырады деген пікірге саяды. Арчер қоғамды үлкен отбасы ішінде мұрагерлік жолмен берілген және өткеннің ізі қалған көйлек кейпінде елестетеді. Ол көйлек жамау-жамау, кей жерлері белгілі бір мақсатпен біресе қайып тігілген, біресе сөгітілген, бірнеше рет аударылып тігілген, ақырында бүгінгі күні бұл көйлекте бастапқы тігілген кезіндегіге қарағанда тым аз материя қалған. Пішімі де мүлдем өзгерген. Ескіден әжелердің немересінің неке көйлегіне тіккен шілтері тәрізді бір нәрсе ғана қалған. Бізге бұл көйлек бейнесі не үшін керек деп сұрайды Арчер. Ол мынау үшін керек оның тігісі бар, демек оның дербес бөлшектерін зерттеуге мүмкіндік бар, яғни қашан және қандай өзгерістер жасалынды, оны кім жасады, оған мұрагерлер қалай қарады деп өзімізден сұрауымызға болады. Арчер қоғамды салыстырмалы түрде алғанда дербес және уақыты жағынан тұрақты құрылымдардың ансамблі түрінде түсінуге болады деп көрсетеді. Бұл тұжырымды растау мақсатында ол мынадай дәлелдер ұсынады.

(1) әлеуметтік құрылымдар қазіргі немесе бұрынғы уақыттағы қызметтің арқасында өмір сүріп отыр.

(2) баяғыда өтіп кеткен ұрпақтардың тұжырымдары (идеялар, сенімдер, ниет, өзара келісімдер мен мойындаулар) қазіргі әлеуметтік құрылымдарда маңызды рөл атқаруын жалғастыруда;

(3) әлеуметтік құрылымдар көп жағдайда бұл дүниеде жоқ адамдардың басынан өткізген бұрынғы іс-әрекеттері нәтижесінің мәні болып табылады (дәл осылайша, уақыттан қашу арқылы, әлеуметтік құрылымдар suі generіs-ке айналады). Олардың келесі қызметіне күш түсіретін автономды таратушы ретіндегі қызметі тек осылай сақталады. Дәл осы әлеуметтік құрылымдардың өз әсерін сақтай алу тәсілін М.Арчердің М/М көзқарасын теориялық тұрғыдан ұғындыруға тырысады.

Егер біз әлеуметтік құрылымдар бұрынғыдан қалған “күштер”, “тенденциялар”, “транс фактілік” және “жасайтын механизмдер” ашық жүйеде (мысалы қоғамда) қажетсіз болып қалуы мүмкін деген қорытындыны қабылдасақ, онда бұл құрылымдар мен әрекет етушілердің күнделікті феноменологиялық тәжірибелері арасында бөліну болуы керек. Құрылым мен қызмет жиі немесе әдетте “синхронды емес”. Осыдан келіп біз талдамалық дуализм құрылымдарының эмерджентті қасиеттерінің синхронды еместігінен және әрекет етушілердің көкейтесті тәжірибесі себепті логикалық қажетті нәрсеге айналатынын айта аламыз. Бұл бір нәрсенің екі жағы екенін ескеру қажет: бір жағынан per se әлеуметтік құрылымның қасиеттері анықталады, екінші жағынан - тәжірибе тұжырымдалады. Сонымен Арчер құрылым мен қызметті бөлу мүмкіндігін көреді.

Түрінің өзгеруі мен морфогенез бейнесін талдағанда Арчер Бхаскардың ӘӘӨҮ-нен бас тартады және пікір таластырады. Бхаскар өзінің “Шындықтың жаңаша бейімделеді” (1989) еңбегінде мынадай түбегейлі өзгертулер енгізеді: біріншіден, 1 және 2 нүктелерде құрылымдық қасиеттердің алдымен эмерджентті пайда болуы, содан кейін (қазіргі кездегі) әсері, бұрынғы әрекеттердің әдейі жасалмаған салдары және қазіргі таңдағы іс-әрекеттің мақұлданбаған жағдайлары түсіндіру түрінде көрсетілген. Екіншіден, әрекет етушілердің өз әлеуметтік әлемін түсінулері құрылымдық қасиеттердің әсерімен шектелгендігі анықталды. Үшіншіден, ендігі жерде процесті уақыт кезеңдеріне бөлу шешуші рөл атқаратын болды. Арчер Бхаскардың осы үш анықтамасына сүйене отырып морфостазис/морфогенезистің өзі жасаған үлгісін ұсынады:

 

Құрылымдық келісім


Т 1

Мәдени-әлеуметтік өзара іс-қимыл

Т 2                           Т 3

Құрылымды өңдеу (Морфогенезис)

Құрылымды ұдайы өсіру (Морфостазис)

Т 4

 

Маргарет Арчер М/М көзқарасының негізгі теориялары:

(1) Құрылым өзінің түрін өзгертетін әрекеттен қажеттілікке байланысты уақыты жағынан бұрын болады.

(2) Қажеттілікке байланысты құрылымды жасау уақыты жағынан оның түрін өзгертетін әрекеттерден біршама кеш болады екен.

Арчердің дуализмінің талдамалық сипаты бар және ол қоғамды жүйелі процесін ашу мен түсіндіру уақыт бойынша орын алуы үшін теориялық жағынан қажетті болып табылады.

Қорыта келе, ӘӘӨҮ мен М/М көзқарасы арасындағы ұқсастық реализмнің өзінен бастау алады деп айтуға болады. Дарашылдық сияқты, холизм де тиісінше әлеуметтік дүниені айқындайтын онтология болып табылады, ал кейін оны қалай түсіндіру және зерттеу керектігі жөнінен нұсқаулар беріп отырды, дәл сол сияқты шынайы әлеуметтік онтология да, әлеуметтік шындықтың басты анықтамасы ретінде оның тереңдікке, стратификация мен пайда болуға бейімділігін іс жүзіне асыратын методологиялық шынайылықты білдіреді.

Формальді түрде шынайылық түсіндіруші үлгіге жақын. Түсіндіруші үлгі жасаушы механизм ретінде алдыңғы құрылымдарды мойындайды. Олардың әсер етуші билігі және соған сәйкес міндеттері бар басқа объектілермен қарым-қатынасы олардың стратификацияланған әлеуметтік дүние деп аталуында. Сондай-ақ, осы құрылымда болып жатқан жаңағы объектілердің қарым-қатынасының болжауға келмейтін, бірақ түсіндіруге болатын нәтижелерін қоғам деп атасақ та болады.

 

Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы

 

Энтони Гидденс - біздің заманымыздағы аса ірі социолог-теоретиктердің бірі. Гидденстің теориялық құрылымдарында социологиялық классика (К.Маркс, М.Вебер, Э.Дюркгейм) жаңа теория құрылысы үшін бастапқы нүкте болып табылады. Гиденс негізгі назарды қоғамның таптық құрылымы мәселесіне аударады.

Э.Гидденс үшін қоғамның таптарға бөлінуі қазіргі қоғамды сипаттайтын іргелі белгі деп көрсетілген. Сонымен қатар Гидденс үшін таптық қатынастар топтарды қалыптастыруда тек базис қана, топқа қатыстылығын анықтау үшін “Құрылымдық негіз”. Сонымен бірге Гидденс ғылым әлеуметтік қатынастарды айқындайтындығына көңіл аудара отырып, әлеуметтік қатынастардың субъективті сәттерін атап көрсетеді.

Гидденстің ойы бойынша қазіргі заман қоғамының екінші іргелі сипаттамасы - “модернге іштей тән рефлексивтілік”. Рефлексивтілік “модерн” дәуірі қоғамының сипаттамасы ретінде Гидденске социология теориясын құруға болатын негіз ретінде көрінеді. Осыған байланысты ол былай деп жазады: “Бәсекелес теориялық көзқарастардың сан алуандығына қарамастан кейбір ортақ тақырыптар табуға болады”. Солардың бірі сөз етіліп отырған көптеген мектептер, структурализмді және структурализмнен кейінгілерін қоспағанда, адам әрекетінің белсенді рефлекторлық сипатын атап көрсетеді деген ұғымнан құралады. Бұл олардың адам әрекетін индивидтер не бақыламайтын, не түсінбейтін күштердің нәтижесі деп қарайтын дәйекті келісім үрдістерін теріске шығаруда бір пікірде екенін білдіреді. Бұған қосымша (бұған структурализм сияқты, структурализмнен кейінгілері де кіреді) олар тілдің және когнитивтік (танымдық) қабілеттердің әлеуметтік өмірді түсіндіруде түйінді маңызын мойындайды. Тіл нақты күнделікті қызметте жүзеге асады және белгілі бір мағынада осы шындықты айқындап отырады. Ақырында жаратылыстану ғылымдарының эмпирикалық философиясының әлсіреп бара жатқан мәнінің, әлеуметтік ғылымдар үшін де терең салдары бар екендігін мойындауға тура келеді. Әңгіме тек дәйекті келісімді ұстанғандар айтатын, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарының әлі де бір-бірінен қашықта екендігінде ғана емес. Қазіргі уақытта біз жаратылыстану философиясы әлеуметтік теорияның жаңа мектептері қызығып отырған, әсіресе тіл және мағынасын түсіндіру құбылыстарын ескеру керектігін көріп отырмыз.

Қазіргі қоғам жағдайында әрекет және оны қоршаған орта жайлы әлеуметтік-ғылыми білім, әлеуметтік білімге қатысушылардың (агенттердің) игілігі болып отыр. Бұл білімді іс жүзінде өзара іс-әрекетке қатысушылардың бәрі белгілі бір дәрежеде бөлісетіндіктен жеке-дара болудан қалады.

Гидденстің структурация теориясының басты категориясы ретінде әлеуметтік агент ұғымы алынады. Гидденстің түсініктемелеуінде агент тұжырымдамасы күрделі, бұдан кейінгі теориялық конструкциялардың негізі және көзі болуға тиіс, сонымен қатар тек стратификациялық үлгі тұрғысында суреттелуі мүмкін. Бұл үлгіге үш стратификациялық деңгей кіреді: іс-әрекеттің негізделуі, іс-әрекетті ұтымды ету және іс-қимылдың рефлексивті мониторингі. Іс-әрекеттің негізделуі агентті іс-қимылға итермелейтін саналы және саналы емес тілектерді білдіреді. Негізделу іс-қимылдың өтуімен тікелей байланысты емес, ол агент ерекше әдеттен тыс жағдайға тап болғанда ғана көрінеді. Сондықтан да көптеген “кертартпалы” іс-әрекеттер тікелей негізделмеген. Іс-әрекетті ұтымды ету бәрінен бұрын жағдайды білдіретін нәрсе емес, агенттерге іштей тән нәрсе: “Мен іс-әрекет ұтымды ету деп индивидтердің ескішіл және әуре-сарсаңсыз өзі қызметінің негіздемелерінің тұрақты “теориялық түсінігін” қолдап отыратын қабілетін түсінемін” деген қабілет процесін білдіреді. Іс-қимылды ұтымды ету өзара іс-әрекетке қатысушылардың бір-біріне деген өзара құзыретіне қатысты келісімдерін білдіреді. Адамдар не істейтіндерін біледі және олар әдетте немен айналысатындарын түсіндіріп бере алады. Әңгіме “модерн” жағдайында агент рефлексиясы әлеуметтік әрекет құрылымның маңызды құрамына айналатындығында болып отыр. Гидденс бір жағынан әлеуметтік және жүйелі интеграцияның айырмашылығынан, екінші жағынан структурализм ұсынған жүйе мен құрылым айырмашылығынан көрінетін құрылым, жүйе және іс-әрекет арасындағы айырмашылықты қабылдайды. Гидденс өзінің структурация теориясында бұл пікірлердің редукционизмдігін, әлеуметтік субъект пен объект дуализмін жеңуге тырысады. Қазіргі замандағы әлеуметтік іс-әрекеттің рефлексивті сипаты Гидденс еңбектерінде іс-әрекет, жүйе және құрылым интеграциясының мүмкіндігі ретінде көрінеді. Агенттің институционалану процесін ұғынуы бұл процестің өтуін сипаттауға мүмкіндік береді, ал агенттің өзінің іс-әрекетіне қатысты тұрақты рефлексиясы ықтимал интеграция тәсілін көрсетеді. Әлеуметтік жүйе структурациясын талдау - интегративті ережелер мен құралдарды қолдану арқылы, сонымен қатар ойда жоқ себеп-салдармен байланыс арқылы ұйымдастырылатын және өзара іс-қимылмен ұдайы өсіп отыратын жүйе тәсілдерін зерттеуді білдіреді”. Бұдан біз структурация теориясының негізгі міндеті әлеуметтік шындықтың объективті және субъективті жақтарын “дуальдылық” ретінде, яғни “дуальдық” ұғымдардың кіріспесіне негізделген, жүйені, іс-әрекетті және субъектіні тұжырымдайтын әлеуметтік феноменнің бұл сипаттамаларының бірін-бірі толықтыруы және қосбірліктігі, сараптау екенін көреміз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: