Ерiк жайлы негiзгi теориялар. 8 страница

Iс-әрекет субъектiсiнiң осындай тәуелсiздiгi, iс-әрекеттiң сыртқы себептерi субъектiге ылғи әрқашан iшкi шарттар арқылы әсер етуiнен көрiнедi. (Рубинштейн С.Л.).

Мотивтер қажеттiлiктермен затталына отырып, бұл қажеттiлiктер мотивтiң бағыттылығын анықтайды. Бiр адамның бойында сансыз көп қажеттiлiктердiң болуы мүмкiн емес, бiрақ мотивациялық сфераның байлығы олардың әртүрлiлiгi және өзара толықтырулардан байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттiлiктердiң өзара әрекеттесуi бiр-бiрiн күшейтедi немесе әлсiретедi, ал олардың өзара қарама-қайшылыққа түсуiнiң нәтижесi-аморальдық жүрiс-тұрысқа әкеп соғауы мүмкiн.

Жеке адамның мотивациясының анықтайтын шешушi фактор-ол өмiрлiк мақсатқа, мағынасына байланысты танымдық белсендiлiгi. Мақсат, саналы түрде анықталады, яғни, болашақ нәтиженi сөз арқылы алдын-ала мақтау, әрекеттiң бейнеленуi, оның мүмкiн болар салдарының, жалғасуының, бейнесi, аралық және соңғы нәтижелер бейнесi. Мақсат мотивацияның детерминалы ретiнде шығады, адамның тiкелей сыртқы әсерден қатысты түрде тәуелсiз бола алу қабiлеттiлiгiн көсетедi.

Мотив-бұл адамның белгiлi бiр әрекет үшiн саналы меңгерiлген талаптануы. Ол адамның өзiнiң қоршаған жағдайын және алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейiне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.

Мотивация механизмiнiң дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшелiктерiн алдын-ала анықтау мәселесiнiң маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегiдей бiрнеше ерекшелiктерi бар:

· адам мотивациясының шығу тегi әлеуметтiк сипатта болады.Оның қажеттiлiктерiнiң заттылығы қоғамдық өндiрiстiң нәтижесi болып табылады. (А.Н.Леонтьев, Мильман);

· адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы-қоғам қажетiне жауап бередi.

· адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негiзгi мазмұнын тәрбие процесi белгiлейтiн қалыптастырушы ықпалдың әсерi зор.(Иванчук, Симонов);

· адам мотивациясы-интеллект, сөйлеу, санамен тiкелей байланысты. (Ковалев, Хекхаузен);

· адам мотивациясы ерiк процестерi көмегiмен жүзеге асырылады.

· адам мотивациясының тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдық дербестiгi организм қалпына байланысты болады.

· адам мотивациясының өмiрлiк алыс мақсаттарға бағытталынуы. (Баранидзе, Обуховский);

· iс-әрекеттiң полимотивациялық сипаты мотивтердiң қажеттiлiктерге поливеленттi қатынасы (Додонов, Имедадзе);

· икемдiлiгi, өзара ауыспалылығы (Дилитекский)

Осы айтылған негiзгi белгiлердiң арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның мотивациялық сферасында маңызды орын алатын, оның жүрiс-тұрысының полимотивациялық феномендiлiгi болып есептеледi.

Полимотивация феноменi. Бұл ұғым негiзiнде адам жүрiс-тұрысындағы бiрнеше қажеттiлiктердiң анықтау тенденциясы жатыр. Л.И Божович пiкiрiнше, түрлi обьектiге бiр ғана қажеттiлiк емес, сол обьектiге әртүрлi өзара әрекеттесушi, шиеленiсушi көп жағдайда бiр-бiрiне қарама-қарсы қажеттiлiктердi; мұғалiмнiң қостауына, өзiндiк бағалауының жоғарылауына, жолдастарының назарына iлiгу, болашақ жұмысында творчестволық жоғары жетiстiкке жету нақтылы iске асыра алады.

АН. Леонтьев концепциясы бойынша: мотивтердiң қалыптасу процесi бiрқатар қажеттiлiктердiң затталынуы анықтамасын бередi. А.Н Леонтьевтiң ңқажеттiлiктердiң дамуы олардың обьектiлерiнiң дамуы арқылы өтедi” деген пiкiрi қажеттiлiктердiң бөлек түрi ғана емес, бүкiл системасын сипаттайды. Бiрқатар қажеттiлiктер өз шығу тегi жағынан-экзогендi болып табылады.

Полимотивация түрлерi: Жүрiс-тұрысты анықтайтын түрлi талаптану күштерiнiң өзара әрекеттестiгi мен жиынтығы бiрқатар түрлер мен формаларға бөлiнiп кетедi. Белсендiлiктiң полимотивациясы кем дегенде екi түрлi жағдайды қамтиды. Бiрiншiден, нәтижесiнде тiркелген тұрақты полимотивациялық және поливаленттi қажеттiлiктердiң онтогентикалық орталықтандырылуы және олардың негiзiнде тiкелей дамитын жаңа мотивациялық құрылымындағы мотвациялық қатынас болады. (В.С.Магул). Екiншi, нақты ситуациялық жағдайда адамның бiр мезгiлдiк өзара әрекеттесуiнен немесе қарама-қарсы қажеттiлiктердi бастан кешiруi немесе оларды бiрден-бiр мәмiлеге келтiруде қалыптасатын полимотивация.

Полимотивацияның екi жағдайы да өзара тығыз байланысты. Бұл онтогенезде қалыптасқан поливаленттi мотивациялық қатынас, ситуативтi өзара әрекеттестiк нәтижесi болып табылады. Бұдан басқа iс-әрекеттiң күрделi түрлерiндегi мотивтер арақатынасының толығырақ сызбасын Б.И.Додонов (1978) ұсынды. Бүл схема бойын ша: iс-әрекет мотивтердiң келесi “шектi” құрамымен жүзеге асады.

· iс-әрекет процесiнiң өзiнен қанағат алу,

· iс-әрекеттiң тiкелей нәтижесi,

· iс-әрекет үшiн сыйлық беру (еңбек ақы, атақ-даңқ),

· iс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.

Бұл мотивтердiң әрқайсысы iс-әрекет мотивациясының жиынына өздерiнiң үлес салмағын(жағымды, жағымсыз) қосады. Осыған сәйкес полимотивация феноменологиялық сипатқа ие болады.

Сонымен, мотивация–бұл iс-әрекеттiң бiрнеше түрлерiнде жүзеге асатын, адамның қажеттiлiктерiн анықтайтын мотивтердiң жиынтығы ретiнде қарастырылатын күрделi психологиялық құбылыс. Адамның iс-әрекетiнiң әрбiр түрi көп мағыналы мотивтерден тұрады. Мотивтердiң пайда болуы, өзара қатынасқа түсуi, құрылымдық деңгейi нақты адамның түлғалық ерекшелiктерiне және iс-әрекеттiң өзiндiк ерекшелiгiне байланысты болады.

Жеке адамның мотивациялық сферасын оның дамушылық табиғаты тұрғысынан бiрқатар өлшемдермен бағалауға болады.

· Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдiгi. Бұл мотивациялық факторлардың (қажеттiлiк, мақсат, мотив) әр түрлi сапалылығы, яғни адам да әр түрлi қажеттiлiк, мақсат, мотивтер неғұрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы соғұрлым кең болады.

· Жеке адам мотивациялық сферасының икемдiлiгi. Бұл қандай да бiр қажеттiлiктi қанағаттандыру барысында түрлi мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.

· Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы. Бұл жеке адам бойында болатын қажеттiлiк, мақсат, мотивтердiң әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретiнде өмiр сүрмейтiнiн, керiсiнше олардың бiр-бiрiне бағыныштылығы немесе басымдылық белсендiлiгiмен сипатталынады.

§ 2. Мотивацияның психологиялық теориялары

Мотивтi адамның белсендiлiгiнiң себептерi ретiнде түсiндiрудiң алғашқы талпыныстары антикалық дәуiрден басталады. Аристотель өзiнiң “Жан туралы” трактатында жан функцияларының iшiнен “бiр нәрсеге” деген немесе “бiр нәрседен” адамның ұмтылысын бөлiп көрсетедi. Платон мотивтердiң шиеленiсiн жанның ақылды бөлiгi мен ашкөз бөлiгi арасындағы күрес ретiнде қарастырады.

Мотивация туралы теориялар ежелгi грек философтары мен теологтары iлiмдерiндегi рационализм және ирррационализм бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың ортасына дейiн ықпалы басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам ғана сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күшi- адамның ақыл-ойы мен санасы және еркiмен байланысты. Иррационализм негiзiнен жануарлар әлемi туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның жүрiс -тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттiлiктерге сүйенедi.

Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында ХVII-ХVIII ғасырда жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистiк, иррационалистiк) негiзiнде құрылған екi теорияның маңызы зор болды. Бiрiншi, адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын рационалистiк тұрғыда түсiндiрушi “Шешiм қабылдау” теориясы-экономика саласына математикалық бiлiмдердiң енгiзiлуiне байланысты адамның экономикалық жүрiс- тұрыстық шешiм қабылдауы. Кейiннен, бұл адам iс-әрекетiнiң барлық сферасына қатыстырылды.

Екiншiсi- адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсiндiрушi “Автоматизм” теориясы- осы ғасырдағы механика жетiстiктерi нәтижесiнде пайда болып, кейiннен тiрi организмнiң сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бiрi-адам, екiншiсi-жануар жүрiс-тұрысын түсiндiруге бағытталған, бiр-бiрiне тәуелсiз, жеке және философиялық iлiмдердiң екi үлкен лагерiне негiзделген, жеке адамның мотивациясының қозғаушы күшi туралы бұл теориялар ХIХ ғ. аяғына дейiн өмiр сүрдi.

ХIХғ. екiншi жартысы барлық ғылымдар саласы үшiн күрделi жаңалықтарға толы болды. Соның бiрi-×.Дарвиннiң “ эволюциялық теориясы”. ×.Дарвин өз iлiмi арқылы осы уақытқа дейiн адам мен жануарды анатомиялық, физиологиялық, психологиялық тұрғыда өзара сиыспайтын екi үлкен топқа бөлiп қарастырып келген бағыттар арасында ғылыми негiзделген көпiр орнатты. Ол алғаш рет осы екi тiрi жаратылысты жүрiс-тұрыстық және мотивациялық тұрғыдан бiр-бiрiне жақындастырып, әсiресе, қажеттiлiктер мен инстинктердiң эмоционалды-экспрессивтi түрде көрiнуiнде екеуiне де ортақ формалар болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам және жануар жүрiс-тұрысының формаларын зерттеу қарқыны өсе түстi.

Жануарлардың жүрiс-тұрысын зерттеуде В.Келер, Э.Торндайк, адамдардағы инстинкттi зерттеуде З.Фрейд, У.Макдауголл, И.Павловтың теорияларын айтуға болады. Бұл теорияларда бұрын қажеттiлiктердi тек жануар жүрiс-тұрысына тән деп есептесе, ендi оны адам жүрiс-тұрысынан қарастырып, адамға тән қажеттiлiктер түрiн анықтау басты орын алды. Адамның мотивациялық қозғаушы факторы ретiнде органикалық қажеттiлiктер мен инстинктерiн сипаттады.

Бiздiң ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында “инстинкт” түсiнiгi неғұрлым әйгiлi түсiнiк болды. Осындай мәнi бойынша, биологиялық иррационалдық теориялардың бiрi-З.Фрейд пен У.Макдоуголл негiзiн салған “Инстинкттер теориясы” болды. Олар адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерiнiң себебiн тума инстинктерден iздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша мұндай инстинкттер саны үшеу; өмiр сүру, өлiм, агрессивтiлiк инстинктерi.

У.Макдауголл инстинктiнiң негiзгi санына қатысты ретпен белгiленген ұғымды кеңейтiп және он инстинктiден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыс, әуес, қашу, кезең, төбелесу, ата-аналық, жек көрушiлiк, өзiн кем тұту, өз-өзiн сендiру инстинктiсi. У.Макдауголл өзiнiң кейiнгi жұмысында негiзiнен органикалық қажеттiлiкке тиiстi тағы 8-инстинктiнi қосты. өсынылған инстинктер санының көбеюiне қарамастан, оның теориясының негiзi жануарлардың жүрiс-тұрысымен ұқсастықта қолданылды.

З.Фрейд бойынша, мотивация биоэнергетика емес, психоэнергетиканы көрсетедi, бұл жүрiс-тұрыстың психикалық себептiлiгiн бейнелейтiн оның динамикалық сипаттамасы. Ол құрастырған мотивацияның бастапқы 3 компонентi бар: “Мен”- жеке адамның өзiндiк санасы. “Оно”- санадан тыс құмарлық. “Жоғарғы-Мен” өмiр әрекетi барысында жеке адам санадан тыс игерген моральдық стандарттары, тыйымдары, ынталандырулары. Жеке адамның бағыттанған белсендiлiгi болып жоғарыда аталған компоненттердiң арасындағы қарама- қайшылықтардың нәтижесi табылады.

Мотивация механизмдерiн зерттеу бихевиористiк мектепте орталық орын алған. Мотивация мазмұнын анықтау үшiн бихевиоризм iлiмiнде “драйв” деген арнайы түсiнiк енгiзiледi, яғни ол- адамды немесе жануарды белсендi болуға мәжбүр ететiн стимул немесе қозғаушы. Өзiнiң психологиялық мазмұны бойынша, инстинкт түсiнiгiмен сай келедi.

Осы проблеманы необихевиористер К.Халл, Э.Толмен, Б.Скиннер және басқалары шешуге тырысады. Олар ұсынған S—R формуласының моделi аралық элементтер қатарымен толықтырылған. Бүл жерде сана жүрiс-тұрысты итермелеушi және реттеушi элемент ретiнде көрiнедi. Стимул тек сыртқы қозғаушы ғана емес, сонымен қатар, iшкi “қажеттiлiк” ретiнде қарастырылады.

Мотивациялық теориялардың дамуының келесi күрделi кезеңi- ХХғ. 30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшiн түсiндiруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегi психология ғылымындағы негiзгi психологиялық бағыттар немесе мектептердiң ғылыми зерттеу жұмыстарымен тiкелей байланыста дамыды.

Гештальт психологиясының өкiлi-К.Левиннiң “мотивацияның динамикасы теориясы. К.Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүрiс-тұрыста, кейiннен коллективтi жүрiс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы “өрiс” ұғымын “психологиялық кеңiстiк” ұғымымен сәйкестендiрдi. К.Левин концепциясы бойынша; адам жүрiс-тұрысының негiзгi қозғаушы күшi өмiрлiк психологиялық кеңiстiктегi адамдардың мотивтерiнiң iшкi шиеленiсi. К.Левин және Э.Толмен көзқарастары негiзiнде жүрiс-тұрыс екi өзгермелiден: а) бiр нәрсенi күту; б) мотивтерге айналатын құндылықтар ретiнде қарастырылады.

К.Левин бойынша, адам өз-өзiне берген тапсырмалар негiзiнде, “квази қажеттiлiктер” соны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. Ол қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, iс-әрекетте шынығатын, шиеленiстер жүйесiн шақырады. Ал, егер де жаңа тапсырма енгiзсе, онда бұл iс-әрекет тежеледi, шиеленiстiк қайта шынығуға әкелетiн, үзiлiп қалған iс-әрекетке қайта оралуына деген ұмтылысты туғызады.

Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделi теориялардың бiрi- американдық психологтар Д.Макклелланд, Д. Аткинсон және немiс психологы Хекхаузен ұсынған iс-әрекет түрлерiндегi “ Табысқа жету мотивi”. И.Аткинсон және К.Берчтiң- ңаисторическая и афизиологическаяң мотивациялық теориялары.

Үшiншi күшң ретiнде танылған жеке тұлғаны зерттеудiң тағы бiр бағыты -ңөркендеу теориясың деп аталады. Бұл теорияны гуманистiк психология өкiлдерi А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетiлуге талпынуын, өз мүмкiндiгiн жүзеге асырылуын белгiледi.

А.Маслоудың мотивацияның ңтұлғалықң теориясы негiзiнде өз-өзiн актуализациялау концепциясы жасалған. Негiзгi еңбектерi ңМотивация и личностьң (1954, 1957) А.Маслоу осы уақытқа дейiн адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжiрибе жасау арқылы қол жеткiзуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы бойынша, әрбiр адамда өмiрге келген сәттен бастап, белгiлi бiр қажеттiлiктер жүйесi бiрге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлiнiп орналасқан. Қажеттiлiктердiң деңгейi неғұрлым төмендеген сайын оның адам өмiр сүруi үшiн маңызы күрделiленiп, адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi ретiндегi маңызы артады. Осы төменгi деңгейдегi қажеттiлiктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттiлiктерi бой көрсете бастайды.

q Физиологиялық қажеттiлiктер; (тамақ, демалу, шөл, жыныстық қатынас)

q Қауiпсiздiк қажеттiлiктерi;(өзiн, сәтсiздiк, қорқыныш жағдайларынан қауiпсiз сезiну, өз-өзiн қорғау қажеттiлiгi),

q Сүйiспеншiлiк және өзiн қабылдау қажеттiлiгi; (өзiнiң белгiлi бiр ортада қабылдануы, танылуы, ұнатуы сезiмдерiне бөлену қажеттiлiгi),

q Өзiн құрмет тұтуға қажеттiлiк (өзiнiң қажеттiлiгiн сезiну, бiлiктiлiк, табысқа жету, құптау, жетiстiгiн мойындату).

q Өзiн жүзеге асыруға немесе жетiлдiруге қажеттiлiк; (өз мақсатын, қабiлеттерiн жүзеге асыру, жеке тұлғасын дамыту).

Бұл теория бойынша, ең маңыздысы- өз-өзiн актуализациялауға деген қажеттiлiк. Қажеттiлiктердiң иерархиялық жүйесi бастапқы мотивацияның -өзiн-өзi актуализациялауды жүзеге асыруға бағытталған. Өзiн-өзi актуализациялау олар арқылы адамның даралылығының қалыптасуы үшiн бастапқы мотивациялық негiз ретiнде анықталады. Өзiн-өзi актуализациялаудағы қажеттiлiк негiзiнде, адамда белгiлi бiр жеке адамдық қасиеттердiң жиынтығын дамытуға мүмкiндiк беретiн мотивацияның ерекше типi қалыптасады. Жүрiс-тұрыс қажеттiлiктер мен қабiлеттерге тәуелдi және iшкi, сыртқы мотивтер арқылы анықталады.

ХХғ. 2-шi жартысында адам жүрiс-тұрысының мотивациясын түсiндiруде “әлеуметтiк қажеттiлiктер” мен “гуманистiк” теорияларының маңызы зор болды. Оның өкiлдерi Д.Аткинсон, Ю.Роттер, Г.Хекхаузен, Г.Маррей Г.Келли, А.Маслоу т.б. мотивация сферасының жан-жақты феномендерiн қарастырғанымен олардың келген тұжырымдары мен жасаған қорытындыларының бәрiне бiрдей ортақ жақтары бар. Олар:

q Адам және жануар жүрiс-тұрысын бiрдей түсiндiретiн бiртұтас, әмбебап мотивациялық теория жасау мүмкiн еместiгiн мойындау;

q Адамның мотивациялық қозғаушы күшi тек iшкi шиеленiсу деңгейiмен сипатталмайтындығына сендiру;

q Адам мотивациясының қозғаушы күшi оның белсендiлiк принципiнiң негiзiнде адам психологиясына байланысты екенiн бекiту;

q Адам жүрiс-тұрысының сана арқылы реттелiп отыратындығы;                

q Адам мотивациясына ғана тән ерекшелiктердi (әлеуметтiк қажеттiлiктер, мотив, өмiрлiк мақсат, танымдық фактор) бөлiп шығару;

q Адамның мотивациялық сферасын зерттеу үшiн жануарлардың жүрiс-тұрысын зерттеуде қолданылатын әдiстердi терiске шығару;

q Адам мотивациясын зерттеуге арналған әдiстердi iздеу және оны санамен, тiлмен байланыстыра отырып жүргiзу.

Мотивацияның адам жүрiс-тұрысын түсiндiрудегi жаңа психологиялық концепциялары арасында адам бiлiмi мен санасына ерекше маңызды орын беретiн мотивацияның когнитивтi теориялары жоғары орын алады. Iс-әрекетке ынта адамдарда тек эмоцияның әсерiнен ғана емес, сонымен бiрге танымның ықпалымен де пайда болуы мүмкiн.

Осы кезде дүниеге келген қазiргi кезге дейiн адам жүрiс-тұрысын түсiндiруде көп қолданылатын теориялардың бiрi -“Мотивацияның когнитивтi “ теориясы. Бұл теория бойынша, негiзгi мәселе адам санасы мен бiлiмiне, оның танымымен байланысты феномендерге тiкелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негiзгi ұғымдары- когнитивтi диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшiн құндылығы, сәтсiздiкке ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейi. Бұлар бiр-бiрiмен өте тығыз байланыста, өзара әрекеттестiкте болатын мотивациялық феномендер. Бұл факторға алғашқылардың бiрi болып көңiл аударған- “ Когнитивтi диссонанс” теоориясының негiзiн салушы Л.Фестингердiң мотивации теориясы әлеуметтiк психология мен биология негiзiнде қалыптасқан. Негiзгi еңбектерi-ңТеория когнитивного диссонансаң(1958), Оның пiкiрiнше, адам бойындағы жалпы әлем туралы және өзi туралы бiлiмдер жүйесi өзара келiсiмге ұмтылады. Өзара келiспеушiлiк немесе диссбаланс орнаған жағдайда адам оны шеттетуге, бәсеңдетуге ұмтылады.

Бұл теория бойынша, адамда өзi қабылдаған шешiмiне маңызды құндылық беру және осы таңдауының жалғыз дұрыс шешiм екендiгiн ақтайтын психологиялық қорғаныс жүйесi жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қабылданбаған шешiмдi жоққа шығаруға, жарамсыздығын дәлелдеуге қосымша фактiлер iздеп, сол арқылы өз шешiмiнiң дұрыстығына көңiл қояды. Когнитивтi диссонанс барлық уақытта туындамайды. Ол тек адам өзiн келiспеушiлiктiң негiзгi себепшiсi ретiнде түсiнiп, өзiн тiкелей жауапты сезiнiп, уайымдағанда пайда болады.

Отандық психология ғылымында А.Н.Леонтьевтiң “ Адам мотивациясының iс-әрекеттiк тегi” теориясының маңызы зор. Бұл теория адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегiн түсiндiруге бағытталған.

Психиканың даму анализi, адам санасының генезистегi қалыптасуға көзқарасынан мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейдi, ңадам өзiнiң жеке адам ретiнде қалыптасуының психикалық көрiнiсiн өзiнiң мотивациялық сферасының дамуынан табадың. Мотивация 2 топ мотивтерден құралады, мағына-мотивтер және стимул-мотивтер. 1-шi топ мотивтер iс-әрекеттiң жеке адамдық мағынасын анықтайды. 2-шi топ мотивтерi де iс-әрекеттi себептендiредi, оның орындалуының стимулдары ретiнде көрiнедi.

А.Н.Леонтьев бойынша iс-әрекет схемасы, қажеттiлiк -мақсат, таңдау- қажеттiлiктiң қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттiлiктi туғызатын iс-әрекет мотивiнiң пайда болуының қажеттi шарты ретiнде анықталады.

А.Н.Леонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшелiктерi сияқты өзiнiң практикалық iс-әрекетiнен басталады. Адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi осы iс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттiлiктерiмен сипатталады. Бұл теория бойынша, iс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестiлiкке негiзделедi. Адамның мотивациялық сферасында болатын динамикалық өзгерiстер өз кезегiнде қоғамның объективтi заңдарына бағынатын iс-әрекет жүйесiнiң даму бағытына байланысты.

Отандық психология ғылымында мотивация мәселесiмен айналысқан ғалымдардың теорияларына жасалынған мотивация механизмiнiң үлгiлерiн талдау бiзге келесiдей қорытындыларды жасауға мүмкiндiк бередi:  

· Барлық үлгiлер, мотивацияны жеке адам белсендiлiгiнiң қайнар көзi ретiнде, iс-әрекеттiң қандайда бiр механизмi ретiнде анықтайды. 

· Келтiрiлген үлгiлердi құрылымына байланысты 2 топқа ажыратуға болады, моноқұрылымдық (бiрқұрылымдық) және полиқұрылымдық (көп құрылымдық).

· Аталған үлгiлердiң көбiсi 2-деңгейден құралған: 1 деңгей -төменгi органикалық физиологиялық, яғни байланыс индивидтiң өмiрлiк қоғамдық маңызды себептенiп, саналы түрде жүзеге асады.

§ 3.  Мотивация және iс-әрекет

Психологияның өзектi мәселелерiнiң бiрi мотивация және iс-әрекет мәселесiн және мотивтердiң шығу тегiн Х. Хекхаузен ңМотивация және iс-әрекетң жұмысында қарастырған. Мотивация–бұл тұлғалық және iс-әрекеттiк жүйелердiң бiрiгуi негiзiнен пайда болған психологиялық ерекшелiк.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: