Ерiк жайлы негiзгi теориялар. 10 страница

2) Проприоцептивтi  - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн кинестезия деп атайды.Проприоцептивтiк түйсiктер, экстероцептивтiкпен салыстырғанда, жақсы байқалмайды. Проприоцепцияның негiзiнде пайда болатын дене бөлiктерiнiң бiрыңғай орналасуын дене схемасы деп атайды. Әсiресе, эфференттiк бұйрықтарды атқаруда проприоцепциядан келетiн дене схемасы жөнiндегi ақпаратты пайдалану маңызды. Себебi, оларды ескерудiң негiзiнде ғана дененi дұрыс қозғалтуға болады. Сондықтан, мидан келетiн сигнал дұрыс орындалу үшiн перифериялық эфференттiк мүшенiң күйiн, қалпын ескерген дұрыс.

4) Интероцептивтi – организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне сезгiштiк. Интероцепторлар қатарына механо- және хеморецепторлар кiредi. Олар барлық iшкi мүшелерде кездеседi және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның толуының және т.б. өзгеруiне жауап бередi. Интероцептивтi қызмет ету көбiнесе санадан тыс жүзеге асады. Органикалық түйсiктер пайда болғанымен, тек диффуздық түрде организмнiң жалпы күйiн комфорт немесе дискомфорт, қысылу немесе босаңсу, мазасыздық немесе тыныштық түрiндегi көбiнесе эмоционалдық боялған күйiн бейнелейдi. И.М. Сеченов оларды ңқараңғы сезiмдерң деп атаған.

Интероцептивтi қызмет тек 1930-шы жылдардан кейiн ғана, Кеннонмен гомеостазис ұғымы ашылғаннан кейiн ғана едәуiр толық түсiнiктi болды. Организмнiң iшкi тепе-теңдiк күйi немесе гомеостазис өмiр сүрудiң қажеттi шарты болып табылады.

Сенсорлық процестердiң эволюциялық жiктеуiн 1920 жылы ағылшын неврологы Х. Хед ұсынды. Ол сезгiштiктiң екi түрiн бөлiп, ажыратты: эпикритикалық және протопатикалық.

1) Эпикритикалық сезгiштiк анағұрлым жас әрi жетiлген болып табылады. Ол объектiнiң кеңiстiктегi орналасуын дәл табады және ол жөнiнде объективтi мағлұматтар бередi. Мысалы, сипап сезу жанасу орнын дәл анықтай алады, ал есту – дыбыс шыққан бағытты анықтай алады. Эпикритикалық сезгiштiкке жататындар: көру, есту, сипап сезу (жартылай).

1) Протопатикалық сезгiштiк едәуiр ежелгi болып табылады және сыртқы кеңiстiкте де, дене кеңiстiгiнде де объекттiң дәл локализациясын бере алмайды. Олар әрқашан аффективтi боялған болып табылады және көбiнесе объективтi процестердi емес, ал субъективтi күйлердi бiлдiредi. Оларға жататындар: дәм сезу, иiс сезу, сипап сезу (жартылай).

Экстероцептивтiң негiзгi бес түрiнiң iшiнде сезгiштiктiң эпикритикалық және протопатикалық компоненттерi әр түрлi арақатынаста кездеседi. Бұл келесi схемада көрсетiлген:

                

Эпикритикалық сезгiштiк

КӨРУ

Протопатикалық сезгiштiк

     ЕСТУ
СИПАП СЕЗУ
ИIС СЕЗУ
ДӘМ СЕЗУ

Түйсiктердiң түрлерi

Түйсiк белгiлi-бiр физикалық тiтiркендiргiштiң сәйкес рецепторға әсерi болып табылғандықтан, олай болса, түйсiктердiң жiктеуi де осы рецепторларға негiзделетiнi анық. Осының нәтижесiнде, берiлген қасиеттi (модалдықты) түйсiну пайда болады.

Түйсiктердiң негiзгi түрлерiне жататындар: терi түйсiктерi – жанасу, қысым, сипап сезу, температуралық түйсiктер, ауырсыну түйсiктерi, дәм сезу түйсiктерi, көру түйсiгi, есту түйсiгi, күй-қалып пен қозғалыс түйсiктерi (статикалық және кинестетикалық), сондай-ақ, органикалық түйсiктер (аштық, шөлдеу, жыныстық түйсiктер, iшкi мүшелердi түйсiну және т.б.).

Әлi күнге дейiн көп зерттеле қоймаған түйсiктердiң iшiнде интермодалдық сезгiштiк – вибрациялық түйсiктердi атап көрсетуге болады. Олар тактилдi-моторлық аумақты есту аумағымен байланыстырады және генетикалық тұрғыдан сипап сезу түйсiктерiнiң есту түйсiгiне өту формасы болып табылады.

Вибрациялық сезгiштiк – бұл дененiң қозғалысынан туатын ауа тербелiсiне сезiмталдық. Бұл сезгiштiк түрi адамның, әсiресе, көру мен естуiнiң бұзылысы кезiнде ерекше практикалық мәнге ие болады.

1. Органикалық түйсiктер. Органикалық түйсiктер, бiрiншiден, организмнiң органикалық қажеттiлiктерiмен байланысты туады, екiншiден, iшкi мүшелердiң қызметiнiң бұзылу кезiнде пайда болады. Органикалық түйсiктерге аштықты, шөлдi түйсiну, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу және жыныстық жүйеден келетiн түйсiктер, сонымен қатар, жалпы көңiл-күйдiң жақсы немесе жаман сезiмдiк негiзiн құрайтын айқын емес, ажыратылмайтын түйсiктер жатады. Түрлi iшкi мүшелерде кездесетiн рецепторлар ×. Шерингтонның жiктемесi бойынша интероцепторлар категориясына жатады. Интероцепторлар механикалық, химиялық, физикалық-химиялық сипаттағы тiтiркендiргiштердi қабылдайды.

Барлық органикалық түйсiктердiң бiрқатар ортақ қасиеттерi болады. Мысалы:

1. Олар көп жағдайда органикалық қажеттiлiктермен байланысты. Бұл қажеттiлiктер осы органикалық түйсiктер арқылы санада бейнеленедi. Органикалық түйсiктердiң барлығы белгiлi-бiр қысылумен байланысты. Мұның өзiнде оларда қажеттiлiктердi қанағаттандырумен байланысты болатын түйсiктер тәрiздi динамикалық, елiгу, ұмтылыс және кернеудi босату сияқты сәттерi болады.

2. Органикалық түйсiктерде сенсорлық, перцептивтi сезгiштiк әлi аффективтi сезгiштiкпен ұласады. Сондықтан ңаштықты түйсiнудiң ңаштық сезiмiң, ңшөлдi түйсiнудiң ңшөлдi сезiнуң деп бекерден айтпайды. Барлық органикалық түйсiктер күштi аффективтi сипат, айқын эмоциялық бояуға ие. Сондықтан органикалық түйсiктерде тек сенсорика ғана емес, сондай-ақ аффективтiлiк те көрiнiс табады.

Органикалық түйсiктер организмнiң қасиетiн емес, ал оның күйiн бейнелейдi, және көп жағдайда саналанбайды. Органикалық түйсiктер жиi диффузды сипатта болып, өзiнiң шоғырланған жерiн көрсетпейдi.

3.  Органикалық түйсiктер қажеттiлiктердi бейнелей келе, әдетте, қозғалыстық импульстармен байланысты болады. Осылайшва, мысалы аштық сезiмiнде, тыныс қысылғанда және т.б. спазмалық қозғалыстар және түрлi ырықсыз әрекеттер пайда болады.

Осылайша, органикалық түйсiктер психиканың әр түрлi жақтарымен – аффективтiк күйлермен, елiгулермен және ұмтылыстармен жапсарлас келедi; ең басынан бастап, олар қажеттiлiктермен тығыз байланысты болады.

2. Терi сезгiштiгi сезiм мүшелерiнiңклассикалық физиологиясы бойынша төрт түрге бөлiнедi. Әдетте, келесi рецепцияларды ажыратады: 1) ауырсыну, 2) жылулық, 3) суықтық және 4) жанасу және қысым. Шамамен, бұл сезгiштiктердiң әрқайсысында өздерiнiң арнайы рецепторлары және ерекше афференттiк жүйесi болады.

1. Ауырсыну түйсiгi

Ауырсыну биологиялық өте маңызды қорғаныс бейiмi болып табылады. Сипаты мен күшi бойынша қиратушы тiтiркендiргiштердiң әсерiнен ауырсыну организм үшiн қауiптi әсерлер жөнiнде белгi бередi.

Адам денесiнде ауырсынуға сезiмтал емес және ауырсынуға сезiмтал учаскелер болады. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну нүктелерi сәйкес келедi.

Эксперименттiк зерттеулер көрсеткендей, ауырсыну нүктелерiнiң таралуы динамикалық, қозғалғыш сипатта болады. Ауырсыну түйсiктерi белгiлi бiр тiтiркендiргiштен келетiн импульстардың қарқындылығы, ұзақтығы мен жиiлiгiнiң шамадан тыс артуының нәтижесi болып табылады.

Ауырсыну сезгiштiгiне аз қозғыштық тән. Ауыртатын тiтiркендiргiштен кейiнгi импульстар баяу өткiзiледi. Ауырсыну импульстарына бейiмделу өте баяу жүредi. Ауырсынуды сезiну белгiлi бiр қанағаттанбағандықпен немесе азап шегумен байланысты. Ауырсынудың орналасқан жерi айқынсыз болады.

2. Температуралық (термиялық) түйсiктер

     Температуралық түйсiктер бiзге жылулық пен суықтықтың түйсiгiн бередi. Бұл сезгiштiк дене температурасын рефлекторлық реттеу үшiн үлкен маңызға ие. Сезiм мүшелерiнiң классикалық физиологиясында жылулық пен суықтыққа сезгiштiктi екi, бiр-бiрiнен тәуелсiз сезгiштiк түрлерi ретiнде қарастырады. Себебi олардың әрқайсысында өз шеткi рецепторлық аппараты болады.

Суықты түйсiнудiң анатомиялық аппараты болып Краузе шақшалары, ал жылуды түйсiнудiң аппараты – руфиндiк денешiктер табылады.  Бiрақ бұл әлi тек ғылыми болжам ғана.

Суықтықтық нүктелердi адекватты емес тiтiркендiргiшпен, мысалы, ыстық ұшпен тiтiркендiргенде, олар суықтық түйсiнуiн бередi. Бұл – суықтықты парадоксалды түйсiну.

Термиялық түйсiктерде терiнiң әр түрлi температураларға тез бейiмделгiштiгi маңызды рөл атқарады.

Субъективтi түрде нөлге тең температура орташа, терi температурасына тең температуралар болып табылады. Едәуiр жоғары температура жылулықты сезiнудi, ал төменгi температура суықтықты сезiнудi бередi.

3. Жанасу, қысым түйсiктерi

Жанасу мен қысым түйсiктерiөзара өте тығыз байланысты. Қысым қатты жанасу болып табылады.

Ауырсыну түйсiгiмен салыстырғанда, жанасу мен қысым түйсiктерiнiң салыстырмалы нақты локализациясы болады. Бұл көру мен бұлшықет сезiмiнiң қатысуымен, олардың негiзiнде жиналған тәжiрибемен байланысты. Қысым рецепторларының өзiне тән ерекшiлiктерiнiң бiрi – олардың бейiмделгiштiгi. Сондықтан бiз қысымның өзiн емес, ал көбiнесе оның өзгеруiн сезiнемiз. Жанасу мен қысымға сезгiштiк терiнiң түрлi учаскелерiнде әр түрлi болады.

4. Есту түйсiктерi. Адамның есту түйсiктерi сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты.

Есту түйсiктерi есту рецепторына әсер ететiн дыбыс шығарған денемен тудырылатын және ауаның кезекпен шоғырланып, сиреуi болып табылатын дыбыстық толқындарды бейнелеу болып табылады.

Дауыс көмекейдегi дыбыс желбезегiнiң (шымылдығының) тербелiсiнен туады. Оның тербелiсi ауаның өтуiне және дыбыс желбезегiнiң керiлу күшiне байланысты болады.

Есту адаптациясы - есту сезiмталдығының түрлi дыбыс күшiне бейiмделуi.

Есту жiткiрлiгi - сыбырлап айтылған сөздi құлақтың ұзақтан анық есту қабiлетi.

Дыбыстық толқындар, бiрiншiден, тербелiстiң түрлi амплитудасымен сипатталады. Екiншiден, тербелiстiң жиiлiгi мен созылу ұзақтығына байланысты болады. Үшiншiден, тербелiс түрiмен сипатталады.

Есту түйсiктерi жүйелi, сондай-ақ жүйелi емес тербелiстiк процестермен де тудырылуы мүмкiн. Бiрiншiлерi музыкалық дыбыстарда, ал екiншiлерi шуда бейнеленедi.

Адамның сөйлеуiнде де шулармен қоса музыкалық дыбыстар да бар.

Кез-келген дыбыстың негiзгi қасиеттерiне жататындар:

1. оның қаттылығы;

2. жоғарылығы;

3. тембрi.

Дыбыстың есту аппаратына әсерi барысында оның сезгiштiгiн өзгертетiн адаптация процестерi жүредi. Бiрақ есту түйсiктерi аймағында адаптация жоғары болмайды және айрықша жекедара ауытқулармен сипатталады.

Бiздiң құлақпен барлық дыбыстар қабылдана бермейдi. Ультрадыбыстар да (өте үлкен тербелiстi дыбыстар), сондай-ақ инфрадыбыстар да (өте баяу тербелiстi дыбыстар) бiздiң естуiмiзден тыс қалады.

Абсолюттiк есту (толық есту) - индивидтiң полифониялық дыбыстарды, жоғарылығы белгiлi басқа дыбыстармен қатаң салыстырмай, олардың жоғарылығын дауыспен дұрыс қайта жаңғыртып, анықтай алуы.

Абсолюттiк есту– бұл музыкалық естудiң абсолюттi модалдығы, оның сипаттамасы емес, ал дыбыстарды қабылдаудың айрықша түрi.

Абсолюттiк естуi жоқ адамдар белгiлi бiр дыбыстарды өз дауысының ең жоғарғы және ең төменгi дыбыстық тембрiмен салыстырып, тондарды жақсы қабылдап, дұрыс ажыратып, тани алатын индивидтердiң естуi квазиабсолюттiк есту деп аталады.

Абсолюттiк естуiбар адамдар ешбiр қосалқы акустикалық-жоғарылықтық байланыстарды қолданбай музыкалық тондарды дұрыс қабылдап, тани және нақты тауып ала алады.

Абсолюттiк есту, әдетте, балалық-жасөспiрiмдiк кезеңдерде жақсы анықталады.

Бинауралды есту - екi құлақпен бiрдей есту. Осылай есту адам дыбыс шыққан жаққа бетiмен тура қарай алады, ал бiр құлағы нашар еститiн болса, дыбыс шыққан жаққа сау құлағын тосып, басын бұрып тыңдайды.

4. Көру түйсiгi. Көру түйсiгiнiң таным процесiндегi рөлi зор. Олар адамға өте бай әрi нәзiк ажыратылатын кең көлемдi мәлiметтердi бередi.

Көру түйсiгi көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi емес, ал белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т.б. болады. Көру бiзге объективтiк шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.

Көру түйсiгiнiң негiзгi рецепторлары – ол таяқшалар мен шақшалар.

Таяқшалар - көздiң iшкi бетiнiң әсiресе жиек шетiнде қалың орналасқан фоторецепторлардың бiр түрi. Ол ымырттағы көрудi қамтамасыз етедi. Адамның көзiнде 110-125 млн. таяқша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, кеш болғанда, ымыртта көз көрмей, ңақшам соқырң (ңтауық соқырң) болып қалады.

Шақшалар - фоторецептордың тағы бiр түрi. Көздiң тор қабығының iшкi бетiнiң орта бөлiгiнде (шұңқырында – фовеада) 1 мм-де 140 000-ға дейiн қалың орналасқан. Ш. өте жарық сәулелердi ғана қабылдайды. Адамның көзiнде 6-7 млн. Шақша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, адам жарыққа қарай алмай, “түс соқыры” (ахромазия) ауруына ұшырайды.

Конвергенция (жақындау, үйлесу) – өте жақындағы затты көру үшiн оның бiлiгiн (осiн) екi көздiң iшкi бұлшықеттерiнiң жәрдемiмен жақындату кезiндегi екi көздiң көру жолының бiр нүктеде түйiсуi.

Көз аккомодациясы (көздiң жаттығуы) - көз бұршағы дөңестiгiнiң өзгеруi арқылы көздiң әр түрлi қашықтықтағы заттарды анық көру қабiлетi. Мыс: жақындағы затты көргенде көз бұршағының дөңестiгi артады. Аккомодация кезiнде бұршақтың алдыңғы дөңестiгi 10-нан 6 мм-ге, ал артқы дөңестiгi 6 мм 5,5 мм-ге дейiн өзгере алатыны есептелген.

Барлық сезiм мүшелерi тәрiздi көру анализаторының, ондағы көз құрылымына кiретiн барлық ағзалар қозғалыста болады. Оның ұзақта, жақында қозғалып немесе жылжып бара жатқан нәрселердi көрiп анықтауда маңызы зор. Көз алты бағытта (2 - қиғаш, 4 – тура) бұлшықеттердiң жәрдемiмен тура сыртқа (42о), iшке (45о), жоғары (54о), төмен (57о) қозғалады.

Көздiң өткiрлiгi - көру бұрышы бiр минутқа тең болған жағдайда, көздiң екi нүктенi жеке-жеке көру қабiлетi. Көздiң ең өткiр жерi сары дақ аймағы. Көз өткiрлiгiн арнайы сандар немесе сөздер жазылған кестенi пайдалану арқылы анықтайды.

Көру түйсiгiнде рецепторлық iс-әрекеттiң барлық негiзгi психофизиологиялық заңдылықтары – адаптация, контрасттылық, әрекеттен кейiнгi бейне, өзара әрекеттесу айқын көрiнiс табады.

Әдетте, адамға бинокулярлық көру тән. Бинокулярлық көрудегенiмiз - екi көзбен бiрдей көру, сәуленiң екi көздегi тор қабыққа бiрдей түсуiнен екi түйсiну сезiмiнiң бiрiгiп, бiр көру түйсiгi, қабылдауының тууы.

Алыстан көргiштiк - көздiң жарық сәулесiн дұрыс сындырмауынан туатын ауытқулардың бiр түрi. Бұл кемiстiк салдарынан бiр заттан шыққан параллель сәулелер фокусы көз iшiнде бағытын өзгертiп, сынғаннан кейiн көз торының арт жағына түседi. Шын мәнiнде, ңалыстан көргiштiкң деген сөз өз мағынасына сәйкес келмейдi, өйткенi ондай адам затты алыстан да, жақыннан да анық көре алмайды. Алыстан көрудi рефракцияны күшейтетiн дөңестi көзiлдiрiк арқылы жүзеге асыра алады.

Сонымен қатар, көру түйсiгiн қарастырғанда дальтонизм деп аталатын ерекше құбылыстың адамдардың iшiнде кездесетiнiн айта кеткен жөн. Дальтонизм - түстi ажырата алмаушылық - ағылшын химигi әрi физигi Дж. Дальтон (1766-1844) тапқан көру кемiстiгiнiң бiр түрi. Ол - iштен туа және туғаннан кейiн заттың түсiн, әсiресе қызыл түстi ажырата алмау. Бұл жағдайда науқас адам қызыл түстi жасыл түстен, күлгiн және күрең түстерден ажырата алмайды. Дальтонизммен азап шеккен адам барлық затты тек екi түсте: сары мен көк түсте ғана көредi. Мұндай ауруға әйелдерге қарағанда, ер адамдар көп шалдығады. 

5. Иiс сезу түйсiгi. Иiс сезу мен дәм сезу химиялық сезгiштiктiң түрлерi болып табылады. Осы кезге шейiн иiс сезу адамда маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды. Алайда иiс сезу вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi және адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады. Иiс сезу дистанттық рецепторларға жатады.

Иiс сезу түйсiгi мұрынға ауамен бiрге кiретiн әр түрлi заттардың молекулаларының әсерiнен пайда болады.

  6. Дәм сезу түйсiгi иiс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерiмен шартталады. Дәм сезетiн қасиеттердiң негiзгi төрт түрiн бөлiп көрсетедi – тұзды, қышқыл, тәттi және ащы.

Дәм сезуге, әдетте, иiс сезу, ал кейде қысым, жылулық, суықтық және ауырсыну түйсiктерi қосылады.

Дәм сезуде компенсация, яғни бiр дәм сезу түйсiгiнiң (тұзды) басқамен (қышқыл) басылып қалуы үлкен рөл атқарады.

Контраст құбылысымен қатар, дәм сезуде контраст құбылысы да орын табады. Мысалы, қант ерiтiндiсiнiң тәттi дәмiн түйсiну тұздың аз мөлшерiнiң қосындысынан күшейедi.

Дәм сезу түйсiктерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы эмоциялық көңiл-күйге әсер етедi. Дәм сезу, иiс сезу сияқты басқа рецепторлық жүйелердiң табалдырықтарына, мысалы, ол көз бен естудiң жiткiрлiгiне, терi сезгiштiгi мен проприоцепторлар күйiне әсер етедi.

 

 Сезгiштiк және түйсiк табалдырықтары

Абсолюттiк сезгiштiк және абсолютттiк табалдырық. Төменгi және жоғарғы абсолюттiк табалдырықтар. Айырма сезгiшттiк және айыру табалдырығы. 

Адамның түйсiне алуға қабiлеттiлiгiн сезгiштiк деп атайды.

Абсолюттiк сезгiштiк дегенiмiз – сезiм мүшелерiнiң өте әлсiз тiтiркендiргiштердi түйсiне алуы.

Абсолюттiк табалдырық - сенсорлық табалдырықтардың бiр түрi. Психофизикада абсолюттiк табалдырық деп негiзiнен қабылданбайтын немесе мүлдем қабылданбайтын стимулдар (егер олардың мөлшерi табалдырықтық мөлшерден едәуiр аз болған жағдайда) мен (егер стимул мөлшерi табалдырық мөлшерiнен белгiлi бiр шамадан асқанда) негiзiнен қабылданатын немесе толық қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердiң мәнiн атайды.

Әрбiр түйсiк түрлерi үшiн өз абсолюттiк табалдырықтары болады. Мысалы, қараңғыға бейiмделген көз жарықтың 7 квантына жауап бередi… Көру арқылы адам қараңғы түнде көзден 48 км қашықтықта тұрған балауыз шамның жалынын қабылдай алу қабiлетi. Естуде қолсағаттың жүрiсiн тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажырата алу. Дәм сезуде 8 л судағы бiр шай қасық қанттың дәмiн сезу. Иiс сезу 6 бөлмеден тұратын пәтерге бiр тамшы әтiр сепкенде оның иiсiн сезiп қалу. Сипап сезу 1 см биiктiктен шыбынның қанатынын терi үстiне құлауынан пайда болған ауа тербелiсiн сезiну.

Абсолюттiк табалдырық сенсорлық жүйенiң сезiмталдығының модалдылығы ретiнде пайдаланылады.

Алғашқы рет сәл бiлiнерлiк түйсiк туғызатын тiтiркендiргiштiң ең аз күшiн сезгiштiктiң төмеңгi абсолютттiк табалдырығы дейдi.

Тiтiркендiргiштiң осы түрдегi түйсiгiн тағы да туғызатын ең жоғарғы күшiн сезгiштiктiң жоғарғы абсолюттiк табалдырығы дейдi.

Айырма сезгiштiк деп сезiм мүшелерiнiң тiтiркендiргiштердiң арасындағы болмашы айырмашылықты түйсiне алуын айтады. Айырма табалдырығы айырма сезгiштiктi анықтау үшiн пайдаланады. Мысалы, егер алақанға 100 гр салмақ салып, оған тағы 1 гр қосса, салмақтың артқаны бiлiнбейдi. Оны айыра бiлу үшiн шамамен 3-4 гр салмақ қосу керек. Айыру табалдырығы түйсiктiң түрлерiнде әр түрлi болып келедi. Мысалы, жарықты айыратын табалдырықтың күшi 1/100-ге тең.

Осы айталғандар түйсiк табалдырықтарының организм үшiн маңызды бағдарлаушы және, ең алдымен, қорғаныс функциясын атқаратынын байқатады.

ҚАБЫЛДАУ

Қабылдау туралы жалпы ұғым

Бiздiң сезiм мүшелерiмiзге әсер ететiн сыртқы құбылыстар субъектiнiң қабылданатын әсерге ешбiр қайта жауабынсыз, белсендiлiгiнсiз түйсiктер түрiндегi субъективтiк эффектiнi тудырады. Түйсiнуге деген қабiлеттiлiк тек бiзге ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесi бар барлық тiрi организмдерге де тән. Ал дүниенi бейнелер түрiнде қабылдау тек адамдар мен жоғары жануарларда ғана кездеседi. Бұл қабiлеттiлiк оларда өмiрлiк тәжiрибе барысында қалыптасып, жетiлiп отырады.

Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Сондықтан қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.

Түйсiктер бiздiң өзiмiзде болатын болса, ал қабылданатын заттардың қасиеттерi мен бейнелерi кеңiстiкте шоғырланады. Түйсiктерден ерекшелейтiн қабылдаудағы бұл процесс объективация деп аталады.

Егер түйсiктер қандай да бiр анализаторға ңбайланып қалғанң сияқты болып, және шеткi органдары – рецепторларға стимул әсер еткенде олар бiрден пайда болатын болса, ал қабылдау нәтижесiнде пайда болатын бейне бiрден бiрнеше анализаторлардың өзара әрекеттесiп, үйлесiмдi жұмыс атқаруының нәтижесiнде қалыптасады. Осы анализаторлардың қайсысы едәуiр белсендi жұмыс атқарып, едәуiр мәндi қасиеттер жөнiнде ақпаратты көп берсе, соған байланысты қабылдау түрлерi де ажыратылады: көру, есту, терi және қозғалыстық қабылдаулар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: