Кесте – саяси идеология функциялары

Функциялар Негізгі мазмұны
1 Дүниетанымдық идеология арқылы адамдардың қолданыстағы саяси, экономикалық, қоғамдық үрдістерге қатынасы мен оларды бағалау көзқарасы қалыптасады, сонымен қатар адамдар қандай да бір саяси оқиғаларды, құбылыстарды өзінің мақұлдайтын немесе сынайтын көңіл-күйін білдіреді.
2 Интегративтік белгілі бір идеологияның басты идеялары мен құндылықтары жұмылдыруға, әлеуметтік немесе саяси топтыңбірігуіне ықпал етеді, бұл өз кезегінде саяси күштердің шоғырлануын және саяси мақсаттарға мейлінше тиімді түрде қол жеткізуін қамтамасыз етеді
3 Жұмылдыру функциясы идеология әлеуметтік топтың өз саяси мүдделері үшін күресте ұйымдасуына немесе топтасуына ықпал етеді, өз саяси мақсаттарына жету бойынша белгілі бір әрекеттерге итермелейді.
4 Мақсат құраушы немесе насихаттық белгілі бір идеология негізінде мемлекет дамуының стратегиялық бағыты, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері әзірленеді, елдіңкелешек дамуының өзіндік моделі немесе жобасы жасалады.
5 Сыни әлеуметтік топтардың идеологияның басты құндылықтарын тарату және қабылдау дәрежесіне қарай орнықты қатынастар мен көзқарастар дамиды, бұл өз кезегінде жағымсыз, ыдырату идеяларын сыни дамуына ықпал етуі мүмкін. Егер идеологияның басты құндылықтарымен қоғам мүшелерінің көпшілігі келіссе, онда бұл құндылықтар жүйесі қоғамды жалған, тексерілмеген идеялардың енуінен қорғауы мүмкін. 
6 Әлеуметтендіру функциясы саяси қызметті жүзеге асыру үшін қажет саяси әрекеттің, саяси нормалар мен құндылықтардың, саяси сенімдердің, саяси ұстанымдардың, білімдер мен дағдылардың үлгілерін, стандарттарын мақсатты түрде, жүйелі және дәйекті меңгеру үрдісі
7 Билікті заңдастыру функциясы идеология саяси ақталулар мен қандай да бір саяси шешімдердің негізі бола алады, оған қоса ол мемлекеттік келешектегі образын, мемлекеттік органдардың пәрменді имиджін жасауға, заңдылықты қамтамасыз етуге әсер етеді.

 

 Идеологиялық ағымдардың жіктелуі

1-критерий: басты құндылық – адам немесе мемлекет, қоғам. Егер идеологияда адам құқығы мен бостандығына басымдық берілсе, онда ол либеральдық деп аталады. Егер идеологияның басты қағидаттарында мемлекет немесе қоғам үстем болса, онда мұндай идеология социалистік болып табылады (4-суретті қараңыз).

 

құндылығы - адам
Либерализм  

 


құндылығы – мемлекет, қоғам
Социализм  

 


    4-сурет – идеология типлогиясының құндылық критерийлері

 

2-критерий: ұлттық мәселелерге деген көзқарастарына қарай идеологтар космополиттерге, интернационалистерге, патриоттарға, ұлтшылдарға бөлінеді (5-суретті қараңыз).

 

    5-сурет – идеологияның ұлттық мәселелері бойынша типологиясы

 

3-критерий: қоғамды түбірімен өзгертуді қолдайтын идеологтар радикалдық деп, ал ескі тәртіпті, саяси құрылымды, дәстүрлерді сақтауға әрекет етіп, қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды қолдайтындар консерваторлар деп аталады (6-сурет). 

 

революция
Консерватизм
Радикализм  

 


дәстүрлі құндылықтарды сақтау

 


6-сурет - идеологияның қоғамды өзгерту әдістеріне қатысты типологиясы

 

4-критерий: өзінің саяси ауқымы бойынша идеология (саяси партиялар да): солшыл, орталық, оңшыл болып 3 түрге бөлінеді. Тұтастай алғанда солшыл идеологияны социалистік және коммунистік партиялар қолдайды, оңшыл идеология либералдық және консервативтік партияларға тән. Солшыл идеологиялық партиялар көбіне реформалардың жүзеге асырылуын, радикалды-революциялық әрекет әдістерін, еңбеккерлерді қолдауды, жеке секторды ығыстыруды қолдайды. Оңшыл идеологиялықпартиялар күшті мемлекет идеяларын, жеке меншікті қорғауды, тұрақтылықты қолдайды. Орталық өкілдері енжар, ымыралы әрекеттер мен ынтымақтастықты, қоғамның бірте-бірте және дәйекті өзгерісін қолдайды. Оңшыл, солшыл және орталық идеологиялардың негізгі құндылықтары төменде көрсетілген (7-суретті қараңыз).

 

 

7-сурет – идеологиялардың саяси ауқымы бойынша типологиясы

 

Бұл жіктеу нақты саяси жағдайға қатысты шартты, уақытша екенін атап өтеміз.

 

 

Тарихи анықтама.Батыс елдерінде оңшыл-орталық және либералды партиялардың атауларында «оңшыл» деген сөз болмайды.Ұлыбританияда және Канадада олар «консерваторлар», Германияда – «христиандық демократтар», Австрияда– «халық партиясы», Австралияда – «либералдық партия» деп аталады. Байқасақ, партия атауларында «оңшыл» деген сөз кездеспейді, өйткені Батыста «оңшыл» сөзі неонацизммен астасады.

 

 


5-критерий: идеологияның таралу дәрежесі бойынша жаһандық, жергілікті, жекеидеологиялар болып бөлінеді (8-сурет).

 

 

8-сурет – идеологияның таралу дәрежесі бойынша типологиясы

 

Саяси идеология түрлері

Идеология түрлері Негізгі мазмұны
  Консерватизм отбасы, моральдық парыз, дін, жекеменшік, дәстүрлерді сақтау құндылықтары қағидатына негізделген идеология, оған қоса бұл саяси жүйенің сақталуын қолдайды
  Либерализм (неолиберализм) адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке меншікке құқығын басты құндылықтар мен басымдықтар деп жариялайтын идеология, оған қоса ол биліктің бөлінуін, заң үстемдігін қолдайды
  Коммунизм тапсыз қоғам, ұжымдық, теңдік, әділдік және жеке меншіктің жойылуы қағидаттарына негізделген қоғам идеалы болып табылатын идеология
  Социал-демократизм қоғамды қайта құру әдісі ретінде революция идеясына қарсы идеология, ол халықтың әлеуметтік теңдігі мен әлеуметтік қорғалуын, қоғамдық ымыра қағидатын ұстанады
  Ұлтшылдық дербес мемлекеттің негізін жалпы тілі мен мәдениеті бар ұлт құрайды деп санайтын идеология.
  Экологиялық идеология Адамның тіршілік етуі үшін табиғи орта ретінде табиғатты сақтау мен қорғауды, сондай-ақ мемлекеттің қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін әрекеттерін шектеуді қолдайтын идеология
  Феминизм қоғамның барлық саласында әйелдер мен ерлердің теңдігін жария ететін идеология, сондай-ақ ол ерлермен бірдей тең еңбек төлемі талаптарын, азаматтық және партиялық-саяси салаға белсенді қатысуды қолдайды.
  Экстремистік идеология зорлық-зомбылықты саясат пен билік тұрақты қолданатын басты құрал ретінде танитын идеология, биліктегі саяси жағдайды тұрақсыздандыруға және қоғамдық құрылымдар мен институттардың пәрменділігін бұзуға әрекет жасайды
  Анархизм мемлекеттік биліктің қажеттілігіне, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге қарсы шығатын және еркін және ынтымақтастық негізінде қауымдастықтарды, ұжымдарды жария ететін идеология
  Коммунитаризм мемлекетте ұжымдық құндылықтарға бағдарланған идеология, ол тұлға мен қоғам, тұлғаның дербестігі мен қоғамдастық мүдделері арасындағы теңгерімді насихаттайтын идеология

 

 

 







Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: