Витрук Н. В. Основы правового положения личности в социалистическом государстве. М., 1979. С. 29

РЕФЕРАТ

 

Жұмыстың тақырыбы: Әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселелері

Зерттеу объектісі: Әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасылары

Зерттеу пәні: Қаза тапқан әскери қызметкер отбасын әлеуметтік қолдаудың негізгі технологиялары.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселелерініңсебептері мен салдарларын анықтау және оларды әлеуметтік қолдаудың негізгі технологияларын жүзеге асыру.    

Жұмыстың міндеттері:

- Қазақстандағы әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің мәні мен мазмұнын, теориялық бағыттарын айқындау;

- әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің түрлері, оның себептері мен салдарларын сипаттау;

- Қазақстандағы әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселесін және оның алдын-алу жүйесін кешенді талдау;

- әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселесін шешуде шетелдік стандарттық әдістер жүйесін қарастыру;

- қаза тапқан әскери азаматтар отбасыларының мәселесін оңалту жолдары мен тәсілдерін анықтау.

Жұмыстың құрылымы:

Жұмыстың көлемі:

Жұмыстағы кестелер (суреттер) саны:

Пайдаланылған әдебиеттер саны:

Қолданылған әдістер:

Түйін сөздер:

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе................................................................................................................

1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................................................

1.1 Әскери қызметкерлер және олардың отбасылары әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде және олармен жұмыстың ерекшеліктері

1.2 Әскери қызметкердің қоғамдағы әлеуметтік құқықтық мәртебесі мен қызмет ету барысындағы қатерлер

1.3  Әскери қызметкерлер мен олардың отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі

 

2  ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІ АТҚАРУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАН АЗАМАТТАР ОТБАСЫЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ..........................

2.1  Әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселелері

2.2 Қаза тапқан әскери қызметкер отбасылармен әлеуметтік жұмыстың дамыту мен негізгі преспективалары.

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................

ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................................

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі таңда мемлекетіміздегі террористік және экстремистік топтар санының елімізде күрт көбеюі мен басқа елдердегі азаматтық соғыстар мен ішкі кикілжіңді басуға елімізден гуманитарлық көмек ретінде жіберілетін әскери қызметкерлердің өміріне үлкен қауіп төндіруде. Әскери қызметкерлердің қызметін атқару барысында қайтыс болуы мен олардың артында қалған отбасыларында кездесетін әлеуметтік мәселелері бүгінгі күні шешімін таппаған күрделі құбылыс болып табылады. Әскери қызмет атқару кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің отбасындағы әлеуметтік мәселелер тек елімізде ғана емес бүкіл әлем елдерінде орын алып жатқан тенденция.

Елімізде қабылданған көптеген заңнамалар әскери қызметкерлердің құқықтарын қорғау мен қызметі барысында апат болудың алдын алу шараларын жүзеге асырып жатса да, әскери қызметкерлердің қайғылы оқиғаларға тап болу ықтималдылығы азаймай тұр. Мұндай жағдайларда үкімет жұмыс барысында қаза тапқан әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 51 бабында көрсетілген әлеуметтік кепілдемелермен қамтамасыз етеді, бірақ бұл кепілдемелер әскери  отбасының әлеуметтік мәселесін толыққанды шеше алмайды. Себебі, әскери қызметкер қайтыс болған кезде оның жұбайы мен бала-шағасында психологиялық күйзеліс пен дағдарыс орын алары сөзсіз. Ал отбасыны осы ауыртпалықтан шығаруға қажетті психологиялық көмек көрсету деңгейінің дұрыс ұйымдастырылмауы мен олардың баспанасыз, асыраушысынан айырылып қалуы одан сайын жағдайды ушықтырып жібереді.

Қызмет барысында қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасы қорғауды қажет ететін, әлсіз демографиялық топ болып саналатындықтан, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекет пен қоғамның міндетті борышы. Осы себептен де әскери қызметін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларын әлеуметтік қолдау технологиясын ұйымдастыруды дамыту өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Қазіргі кездегі социумдағы құндылықтар жүйесінің өзгеруі толық емес отбасыларға қатысты қарым-қатынасқа да өз әсерін тигізуде. Қайтыс болған әскери қызметкердің балалары мемлекетіміздің болашақ іргетасы болғандықтан, олардың болашақта толыққанды тұлға ретінде қалыптасуына барлық оңтайлы жағдайлар қарастырылуы қажет. Өйткені, балалардың балалық шағында әкесінің тәлім-тәрбиесін көрмей өсуі болашақта тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізетіні белгілі.

Еліміздегі заңға сәйкес қайтыс болған әскери азаматтардың отбасыларына тек қана бір реттік материалдық көмек көрсетілетіндіктен, бұл көмек олардың мұқтаждығын толықтай қамтамасыз ете алмайды. Осы отбасылардың мүддесіне қарай жаңа концепциялар енгізуімізді талап етіп отыр.

2017 жылғы деректерге сүйенсек, елімізде 25 жылдың ішінде қызмет атқару кезінде қаза болған полиция қызметкерлерінің саны 938 болған. Соның ішінде, 765-і Ішкі істер органдарының қызметкері болса, 173-і әскери қызметшілер. Қызмет атқару кезінде екі жарым мыңға жуық қызметкер жарақаттанған. 1993-2016 жылдар аралығында 1147 Ішкі істер органдары және Ұлттық гвардия, соның 127-сі ерлікпен қаза тапқан қызметкерлер мемлекеттік сыйлықпен марапатталды. Соңғы 3 жылдықта қызметін атқару кезінде 76 полиция қызметкері опат болса, 352 полицей мертіккен [1].

Ал 2019 жылы Арыс қаласында жарылыс кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қызметкерлер өз қызметтік борышын атқару кезінде қаза табатын болса оларға ақшалай өтемақы төленетіндігін айтты. Соның ішінде егерде әскери қызметкер келісім-шарт жасау арқылы өз жұмысын атқарып жатқанда қаза табатын болса, онда оның отбасыларына қаза тапқан адамның соңғы 5 жылдық жалақысы беріледі. Ал туған туысқандары үшін 500 АЕК мөлшерінде өтемақы беру қарастырылғандығын айт кетті. Яғни 1 262 500 теңге немесе 3340 АҚШ доллары (2019 жылы 1 АЕК 2525 теңгеге тең) [2].

Осыған қарап елімізде қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына тек ақшалай көмек көрсетілетінін аңғарамыз. Отбасы асыраушысынан, әкесінен, жұбайынан айырылған отбасы мүшелері үшін бұл өмірлік ауыр соққы, деградация болып саналады. Қайтыс болған әскери қызметкердің отбасына тек қана материалдық көмек емес, сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілуі тиіс. Алайда қорғаныс министрлігі өкілдері қайтыс болған әскери қызметкердің отбасына психологиялық, моральдық көмек көрсетілгені жайында мүлдем сөз қозғалмағаны БАҚ-тан жиі байқаймыз. Осыған орай, әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселелері бүгінгі күні қоғамымыздағы өзекті мәселе болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Әскери қызметкерлер мен олардың отбасындағы әлеуметтік мәселеге қатысты көптеген шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен мақалалары бар, соның ішінде атап айтсақ, әскери қызметкерлер мен олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс мәселелеріне ресей ғалымдары М.В. Фирсов, Е.И. Холостова, И.Н. Серпилина, А. Ю. Судаков, Е.Ю.Новикова, Ю.Ю.Глушков, Н.В.Антипьева, Т.А.Чертушкина, Н.Б.Шмелева, В.М.Корякин, С.Уитворт, А.В.Кудаев, Г.П.Лоза, В.П.Серегин, В.А.Иванов, Е.Г.Каменский, Н.А.Серебрякова, Н. Кравченко, Герасимов А.Г, Коровников А.В., Кравченко Н., Кудашкин А.В., Гуслова М.Н. С.Ф. Анисимов, M. Архангельский, А.О. еңбектері арналған.. Отандық ғалымдарда әскери қызметкелердің тұлғасы, әлеуметтік мәселелері, әлеуметтік бейнесі, оларды дайындау Т.Алпысбаев, Н.М.Кудро, Н.Ж.Асылов, Л.К.Бакаев, Н. Жұмажанов, К.С.Серикбаев, С.М.Пузиков, Н.Нурмагамбетов, А.Б.Мукашеваның және т.б. ғалымдардың еңбектері үлкен үлесін қосады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қызмет борышын өтеу барысында қайтыс болған әскери қызметкерлер отбасыларының әлеуметтік мәселелерін анықтау және олармен әлеуметтік жұмыс технологияларын жүзеге асыру ерекшеліктері мен перспективаларын сараптау.

Дипломдық жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей зерттеу жұмысының міндеттері алға қойылды:

- Әскери отбасыларды әлеуметтік жұмыс объектісі ретіндегі негізгі ерекшеліктерін айқындау;

- Әскери қызметкердің қоғамдағы әлеуметтік құқықтық мәртебесі сипаттау және қызметі барысындағы қатерлерді сипаттау;

- Қайтыс болған әскерилердің отбасыларын әлеуметтік жұмыстың әлсіз топтары ретінде қарастыру;

- Қазақстанда әскери қызмет атқару кезінде қайтыс болған азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселелерін талдау;

- Қайтыс болған әскери қызметкердің отбасындағы әлеуметтік мәселені шешудегі шетелдік стандарттық әдістер жүйесін қарастыру;

- Қаза тапқан әскери қызметкер отбасылармен әлеуметтік жұмыстың дамыту амалдары мен негізгі преспективаларын тұжырымдау.

Зерттеу объектісі: Әскери қызметті атқару барысында қайтыс болған азаматтардың отбасылары.

Зерттеу пәні: Әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан азаматтар отбасыларының әлеуметтік мәселелерін шешуде жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиялары.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы:

Жұмыстың әдістері:  Тереңдетілген эксперттік сұхбат әдісі.

Жұмыстың ақпараттық базасы: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Денсаулық сақтау Министрлігі және басқа да министрліктер мен ведомстволардың мәліметтері мен ресми құжаттары, газет және журналдағы мақалалар, әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік сала төңірегіндегі зерттеулер қолданылды.

 

 

1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Әскери қызметкерлер және олардың отбасылары әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде және олармен жұмыстың ерекшеліктері

 

Әскери қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі. Ал әскери қызметшілер – қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады [3]. 

Ал академик Әбдімәлік Нысанбаев жасаған Ұлттық энциклопедияның І томының 693-ші бетінде «әскери қызмет - мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет, бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елі алдындағы қасиетті парызы саналады. Жалдамалы және шарт жасау арқылы белгіленетін әскери қызмет түрлері де болады. Онда әскери қызметтің мерзімі, өтелетін орны, міндеті, т.б жағдайлары шартта көрсетіліп, белгіленген тәртіппен екі жақты расталады» [4]. 

 Қазақстанда әскери қызметті өтеу тәртібі ҚР Конституциясында, «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңда (1993 ж. 19 қаңтар) және осы заңға ҚР Президентінің Жарлығымен енгізілген заңдық күші бар қосымша өзгертулермен толықтыруларда (1995 ж. 19 мамыр мен 14 қараша) т.б. құқықтық құжаттарда жазылған. Әскери қызмет өткеретін азамат әскери қызметші болып табылады және заңмен белгіленген құқықтық жағдайы болады.

Әскери қызметке әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті, шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматтар шақырылады.

Әскери қызмет

 


Қатардағы әскери қызмет                            Запастағы әскери қызмет

Қатардағы әскери қызметтегі адам әскери қызметші деп аталады.

 

1-кесте. ҚР Қарулы Күштерінің әскери атағы

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 19-бап. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы заңына сәйкес төмендегідей болып бөлінеді: [] Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы.19-бап. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы. Әскери атақтар http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000561

 

(жоғарыдан төмен қарай шен дәрежесі жоғарылай береді)

Шен атауы

Әскери Корабльдік
1 Қатардағы жауынгер матростар                         
2 ефрейтор аға матрос
3 кіші сержант екiншi сатылы старшина
4 сержант бiрiншi сатылы старшина
5 аға сержант бас старшина
6 үшiншi сыныпты сержант үшiншi сыныпты старшина
7 екiншi сыныпты сержант екiнші сыныпты старшина
8 бiрiншi сыныпты сержант бiрiншi сыныпты старшина
9 штаб-сержант штаб-старшина
0 шебер-сержант шебер-старшина
11 лейтенант лейтенант
12 аға лейтенант аға лейтенант
13 капитан капитан-лейтенант
14 майор үшiншi дәрежелi капитан
15 подполковник екiншi дәрежелi капитан
16 полковник бiрiншi дәрежелi капитан
17 генерал-майор контр-адмирал
18 генерал-лейтенант вице-адмирал
19 генерал-полковник адмирал
20

Армия генералы

21

Қазақстан Республикасының Маршалы

 

Осы жоғарыдағы кестеде көрсетілген шендерге, қызмет дәрежесіне және әскери атағына қарай бір әскери қызметші екіншісіне бастық немесе бағынышты болады. Барлық әскери қызметшілер мен қызметкерлер заңда және әскери жарғыда белгіленген тәртіп пен ережені бұлжытпай дәл сақтауға, ал командирлер мен бастықтар әскери бөлімдерде әрдайым қатаң әскери тәртіп болуын қадағалауға тиіс, өйткені ол әскердің жауынгерлік қабілеті мен дайындығының жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ететін негізгі шарттың бірі. Әрбір әскери адам әскери ант қабылдайды және әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауап береді [5].

Әскери саладағы әлеуметтік жұмыс – әлеуметтік жұмыс ғылымының кең құрамдас бөлігі. Бұл дегеніміз қоғамның жеке адамға және өмірлік қиын жағдайда қалған топтарға адамгершілік қарым-қатынасының көрінуін білдіретін кең ұғым. Әлеуметтік жұмыс қайырымдылық жасау арқылы күнделікті қиын жағдайға тап болған адамдардың мәселелерін шешуге көмектесуді ғана білдірмей, сондай-ақ, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың қиындықтарын және өзін-өзі реттеу дағдыларын жеңу техникасын дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді [6].  

Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде 1990 жылдары қосылды. Тап осы жылдары нарықтық экономика пайда болып, әскери қызметкерлер халықтың әлсіз қабатының құрамына қосылып, әлеуметтік қорғауды қажет ететін топ ретінде пайда болды. Осыдан бастап, әлеуметтік жұмыс әдебиеттерінде әсіресе Ресейде «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері» жайында көптеген теориялық еңбектер жарық көрді. Ал заң әдебиеттерінде олардың әлеуметтік-құқығына көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатты.

Қазақстан Республикасындағы әскери қызметшілер мәртебесінің әлеуметтік-құқықтық негіздері Конституциямен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарда көрініс тапты. Әскери қызмет өткеретін азамат әскери қызметші болып табылады және олар заңмен белгіленген құқықтық жағдайда болады. Қазақстан Репспубликасының азаматтары әскери қызметті–шекара әскерлерінде, ішкі әскерлерде, әуе қорғанысы әскерлері және теңіз күштері әскерлерінде атқарады. 

Тап осы әскери қызметкерлерге әлеуметтік жұмыс ғылымы медициналық-әлеуметтік, білім беру, құқықтық және психологиялық көмектер көрсете отырып, мемлекет пен әскери қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелері арасындағы дилердің міндетін атқаруда.

Әскери қызметкерлер мемлекеттің қорғауында болады. Заңдарда уәкілеттік берілген адамдардан басқа, ешкім әскери қызметшілердің қызметіне қол сұғуға әрі араласуға құқылы емес. Әскери қызметшілерді қорлау, зорлық-зомбылық жасау және күш қолдану қатерін төндіру, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне, тұрғын үйіне, мүлкіне қол сұғу, сол сияқты әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты олардың құқықтарын бұзатын және нұқсан келтіретін басқа да әрекеттер әкімшілік жауапкершілік пен жазаға алып келеді.

Мемлекеттің әскери-әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі қаза тапқан (қайтыс болған), әскери қызмет міндеттерін орындау (ұрыс қимылдарын жүргізу) кезінде мүгедек болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау болып табылады. Ресейде әскери қызметкерлерге мемлекет тарапынан осы санаттағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта зейнетақымен қамтамасыз ету, тұрғын үй жеңілдіктері, жәрдемақы төлеу, көліктегі жол жүру жеңілдіктерін медициналық қамтамасыз ету, бюджеттен тыс көмек және басқа да бірқатар шараларды қамтитын қолдау шараларының белгілі бір жүйесі қалыптастырылғанын айтуға болады. Бұл шаралар елімізде де біртіндеп орындалып келе жатыр. Әскери қызмет міндеттерін орындау (жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу) кезінде мүгедек болған қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің көптеген жеңілдіктері "Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Ресейде Федералдық заңмен белгіленген. [] Федеральный закон "О статусе военнослужащих" от 27.05.1998 N 76-ФЗ https://zakonbase.ru/zakony/o-statuse-voennosluzhaschih/

Ал Қазақстан Республикасында «Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» заң тұңғыш рет 1993 жылдың 20 қаңтарында өз күшіне енді [7].

Елдің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалаудың қазіргі заманғы процестері әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайына қатты әсер етпейді. Бұл әлеуметтік топ қорғалмаған санатқа жатпайды, жеткілікті жоғары әлеуметтік мәртебесі бар, ал жүргізілген реформалардан кейін біршама қаржылай және материалдық қамтамасыз етілген болып табылады, сондай-ақ әрдайым қаржылық жоспардың құрамына кіріп отыратын сала. Мұндай пікірдің басым болуымен әскери қызметшілердің мәселелері туралы әлеуметтік жұмыстың арнайы мақалалары мен жарияланымдарының жеткіліксіз санын атап айтуымыз керек. Қоғам арасында «Әскери қызметкерлердің жағдайы жақсы, толықтай мемлекет қорғауында» деген түсінік қалыптасып кеткен. Алайда әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларында әлеуметтік мәселердің бар екенін әрі осы бағыт бойынша бар жұмыстарды талдай отыра, оларда кездесетін мәселенің айтарлықтай түйткілді болып табылатынын және әлеуметтік жұмыс саласындағы зерттеушілердің жоғары назарын талап ететініндігін көрсетіп отыр.

Әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелерінің бастауы жоғарыда атап кеткенімдей өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басындағы дағдарыстық процестерде, бұрын болған әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қираған кезде пайда болды. А. Ю. Судаков бұл мәселелерді мынадай түрде жүйелейді: нарықтық қатынастардың қалыптасуы әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қиындатты және мемлекеттің осы саладағы мүмкіндіктерін дағдарысқа байланысты шектей түсті; қарулы Күштердің қысқаруы әскери қызметшілердің өмірдің жаңа жағдайларына бейімделу мәселесін туындатты; табыстың қысқаруы мен қосымша жалақыны алу мүмкіндігінен айырылу бұл әскери қызметшілердің өмір сүру сапасының төмендеуіне алып келді; әскери қалашықтар мен гарнизондар инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы; әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы іске асыру үшін бюджеттегі қаржының бөлінбеуі жағдайды ушықтырып жіберген болатын. [8].

Осы мәселелердің кейбірі әлі де өз өзектілігін сақтап тұр, кейбіреулері шешіле бастады, алайда олардың сипаты әр түрлі құрылымдардың, яғни мемлекеттік билік органдарының, әскери қалашық әкімшіліктерінің және тиісті әлеуметтік қызметтердің іс-қимылдарын біріктіруді талап етеді. Әлеуметтік қызметкердің қатысуын талап ететін әскери қызметшілердің мынадай санаттарын атап көрсетуге болады: шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер; қызметі денсаулыққа қауіп төндіретін әскери қызметшілер (химиялық және радиациялық қорғаныс әскерлері, ракеталық әскерлер және т. б.); запасқа шығарылған әскери қызметшілер; әскери қызметшілер мен олардың әскери қалашықтарда тұратын отбасылары.

Әскери қызметшілермен әлеуметтік жұмыстың негізгі мазмұны ретінде оларға ақпараттық-консультация беру, материалдық көмек төлеу, әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдауды ұйымдастыру арқылы жеке көмек түрлерін көрсетуді қамтамасыз ету.

И.Н.Серпилина мен И.Н. Сыкееваның пікірінше әскери қызметшілермен және олардың туыстарымен әлеуметтік жұмыс жеке әлеуметтік мәселелерді шешуде отбасының әлеуетін жандандыруға бағытталуы тиіс деп есептейді. Осы көзқарасқа сәйкес әлеуметтік қызметкер әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтендірумен, сондай-ақ қызметтің өзгермелі жағдайларына бейімдеумен айналысады. Әлеуметтік қызметкер әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің қажеттіліктеріне сәйкес әлеуметтік ортаның өзгеруіне ықпал етеді, сондай-ақ әскери қызметшінің өзара қарым-қатынасын және оның қызметінің әлеуметтік ортасын оңтайландырады; әлеуметтік қызметкер әскери қызметтен өту кезінде психологиялық-соққыдан әсер алған әскери қызметшілерді әлеуметтік оңалту ұйымымен айналысады [9].

Ал Е. Ю. Новикованың айтуынша әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелерімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктерін қарастыра отырып, жұмыстың бұл бағыты ерекше маңызға ие екендігін атап өтті, өйткені әскери қызметшілердің қызметі төтенше жағдайларда өтеді. Әскери қызметшілердің отбасы мәселелерін шешу кезіндегі әлеуметтік қызметкердің қызметі бұл жерде ақшалай үлес мөлшерінің жеткіліксіздігінен бастан кешетін материалдық қиындықтарды жеңілдетумен байланысты. Бұл мәселені шешуге әскери қызметшілердің отбасылары арасында өзіне-өзі көмек және өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру ықпал етуі мүмкін. Әлеуметтік қызметкер бұл жағдайда қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, әскери қызметшілердің отбасылары мен мемлекет арасында делдал ретінде әрекет етеді, ал қажет болған жағдайда ұйымдастыру және құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесші ретінде де әрекет етеді [10].

Автор Ю. Ю. Глушковтың пікірінше шақыру бойынша әскери қызмет атқарып жатқан әскери қызметкерлермен әлеуметтік жұмысты талдау барысында оның негізгі мақсаты әскери қызметшілердің өздерінің тікелей міндеттерін орындауына ықпал ететін арнайы жағдайлар жасау және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету болып табылады деген қорытындыға келеді. Ол үшін әлеуметтік қызметкер жеке құрамның түрлі санаттарының мәселелері мен сұраныстарын зерттеумен айналысады және соның негізінде командалық құрамға оларды шешу бойынша ұсыныстар дайындайды. Жұмыстың тағы бір бағыты әскерге шақыру бойынша қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілердің құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру мен заңдылықтарын қамтамасыз ету болып табылады. Әскери бөлім жағдайында әлеуметтік қызметкер командалық құраммен бірлесіп әрекет ете отырып, тәртіпті сақтауға және әскерге шақырылушылардың құқықтарын сақтауға ықпал ететін әлеуметтік негізделген басқарушылық шешімдерді әзірлеуге жәрдемдеседі. Қажет болған жағдайда әлеуметтік қызметкер әскери қызметшілердің проблемаларын шешу және оларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін билік органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Әскери бөлім жағдайында әлеуметтік қызметкердің қызмет жүйесінде әскери қызметшілерді құқықтық ағартуды ұйымдастыру, әртүрлі заң мәселелері бойынша оларға кеңес беру, нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістер туралы ақпараттандыру маңызды орын алады. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру әлеуметтік сауалнамалар мен әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру арқылы әскерге шақыру бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілердің жағдайын зерделеу негізінде құрылуы тиіс делінген [11].

Біздің еліміз бен Ресейдегі әскерге шақырылушылармен әлеуметтік жұмыстың негізгі мәселесінің бірі оны жүргізу үшін қажетті ұйымдық құрылымдардың жоқтығы болып отыр. Бұл қарулы күштерде қиындықтар туындаған жағдайда шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші өтініш бере алатын ұйымдар немесе басшылар жоқ екендігін білдіреді. Қазіргі уақытта Қарулы Күштерде әскерге шақырылушылармен әлеуметтік жұмысты жүзеге асыруға қабілетті кәсіби даярланған мамандардың жетіспеуі байқалуда. Бұл ретте мұндай жұмыс әскерге шақырылушылардың әскери қызмет өткеру жағдайларына бейімделуі кезеңінде ерекше маңызды. Әлеуметтік қызметкердің осы кезеңдегі міндеттері әскери қызметшілердің жеке басын жан-жақты дамыту, олардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен жауынгерлік қабілетін нығайту мақсатында әскери қызметшілер арасында жоғары адамгершілік қатынастарды қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Осы міндеттерді шешу үшін әлеуметтік қызметкер әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеруге теріс әсер ете алатын денсаулық бұзылуын анықтау үшін әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруді ұйымдастырады. Мұндай бұзылуларға ең алдымен бас сүйек-ми жарақаттары, алкоголь мен есірткіні қолдануға бейімділігі, жүйке-психикалық тұрақсыздығы және психикалық бұзылулар жатады.

Әскери қызмет жағдайында жағдайлық факторларға байланысты әлеуметтік мәселелердің алдын алу өте маңызды. Олардың себептері көбінесе мыналар болып табылады: қызметтестермен және командирлермен қақтығыстар; тәртіптік тәжірибенің бұрмалануы және оқу-тәрбие жұмысындағы басқа да кемшіліктер; қызмет өткеруге кедергі келтірмейтін, бірақ әскери мамандықтар бойынша жеке көзқарасты және ұтымды бөлуді талап ететін денсаулық ақаулары; жеке өміріндегі қолайсыздық. Жеке әңгімелесу барысында Қарулы Күштерге шақырылғанға дейінгі өмір салты, туыстарымен және жақындарымен, достарымен және құрбыларымен қарым-қатынас, мінез-құлқы, бейімділігі мен әуестілігі зерттеледі.

Н. В. Антипьева денсаулыққа зиянды жағдайларда қызмет өткеретін әскери қызметшілердің проблемаларын талдау кезінде әскери қызмет өткеруді регламенттейтін заңдарда осы жағдайлардың сипатын айқындайтын нормалар жоқ деген қорытындыға келеді. Осы себепті әлеуметтік қызметкер денсаулыққа зиянды жағдайларда, мысалы, химиялық немесе радиациялық зақымдану жағдайында әрекет ететін әскери қызметшілердің мүдделерін қорғау кезінде өнеркәсіптік өндірістің қауіпті салаларындағы қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік актілер негізінде әрекет етеді.

Денсаулыққа зиянды жағдайларда жұмыс істейтін әскери қызметшілер үшін әлеуметтік қолдаудың негізгі шаралары мыналар болып табылады: жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы; тиісті медициналық қызмет көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кепілдіктері; санаторлық-курорттық емдеу; қосымша материалдық сыйақы. Бұл ретте, әскери қызметшілердің осы әлеуметтік қолдау шараларын алу тәртібін айқындайтын бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің пысықталмауы қазіргі кезде маңызды мәселе болып отыр, бұл шешім қабылдау процесінде әртүрлі ведомстволардың іс-қимылдарының келіспеуімен түсіндіріледі [12].

Т. А. Чертушкина мен Н. Б. Шмелева болса запасқа шығарылған әскери қызметшілердің бейімделу мәселелерін қарастыруда және олардың көпшілігі қоғамда кәсіби түрде талап етілмеген болып қалуда, бұл әлеуметтік сала мәселелерінің өсуіне алып келеді. Басты қиындық бұрынғы әскери қызметшілермен жұмыс істеу бойынша дайындалған мамандардың жеткіліксіз санынан тұрады, олар оларға азаматтық өмір жағдайларына бейімделуге көмектесе алады. Бұл ретте, әскери қызметшілер қатарындағы көптеген мамандар жұмыс берушілер бұрынғы кадрлық әскери қызметке, әсіресе командалық құрамнан қатыспағандықтан жұмыс таба алмайды деген пікірге келеді [13].

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру кезіндегі мәселелердің негізгі себептері еңбек және жұмыспен қамту, кәсіби даярлау және қайта даярлау саласындағы заңнама туралы ақпараттандырудың төмен деңгейі; қазіргі заманғы еңбек нарығындағы бәсекелестіктің жоғары деңгейі; бәсекелестік жағдайында өзінің кәсіби дағдыларын таныстыру біліктілігінің болмауы; бос жұмыс орындары нарығындағы жас шектеулері; күйзеліске төзімділіктің төмен деңгейі болып табылады. Осы проблемаларды шешу кезінде әлеуметтік қызметкердің қызметі запасқа шығарылған әскери қызметшілер үшін кәсіптік консультациялар ұйымдастыру болып табылады, олардың барысында өздерінің кәсіби сапасын бағалай білу және оларды еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарының талаптарына сәйкестендіру қабілеті дамиды.

Демек, әскери бөлімдердегі қызмет барысында әлеуметтік қызметкерге шешуге тура келетін проблемалар шеңбері өте кең. Мұндай қызмет әскери қызметшілер арасындағы жағдайды зерделеуді және психологиялық диагностика үшін мамандарды тартуды, әскери бөлімдердің командалық құрамымен оңтайлы шешімдер әзірлеуді, құқықтық мәселелер бойынша хабардар етуді және консультация беруді, әскери қызметшілерде қызметтің жаңа түрлеріне, оның ішінде азаматтық өмірге бейімделуге ықпал ететін дағдыларды дамытуды білдіреді.

Осы міндеттерді шешу үшін әлеуметтік қызметкер әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеруге теріс әсер ете алатын денсаулық бұзылуын анықтау үшін әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруді ұйымдастырады. Мұндай бұзылуларға ең алдымен бас сүйек-ми жарақаттары, алкоголь мен есірткіні қолдануға бейімділігі, жүйке-психикалық тұрақсыздығы және психикалық бұзылулар жатады.

Әскери қызметкерлер әсіресе әскери іс-қимылдар мен қарулы қақтығыстарға қатысушылар үнемі әскери-әлеуметтік жұмыстың басты назарында болуы тиіс. Бірінші кезекте әлеуметтік көмек жараланған, мертіккен және ауырған әскери қызметшілерге, сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне көрсетілуі керек. В. М. Корякин соғыс қимылдарына қатысушыларды әлеуметтік қорғау міндеттерін шешу бойынша мемлекет және басқа да әскери-әлеуметтік жұмыс субъектілері қызметінің мынадай бағыттарын бөліп көрсетеді: 

әскери іс-қимыл әрекеттеріне қатысушылардың әлеуметтік қорғау туралы заңының дамуына, әрі оларға берілетін қосымша жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақыны уақытылы алуына жағдай туғызу; 

әскери қызметшілердің жауынгерлік іс-қимылдарға тікелей қатысуы кезеңінде де, ол аяқталғаннан кейін де кешенді оңалту жүргізу жүйесін ұйымдастыру. Әскери-әлеуметтік жұмыс оңалтуды қажет ететін ардагер әскери қызметшілерді анықтауға бағытталуы тиіс, ал әскери психологтардың, медицина қызметкерлерінің күш - жігері оларға көмектің барлық түрлерін көрсетуге, оның ішінде арнайы оңалту орталықтарына жіберу жолымен бағытталуы керек. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде және қарулы қақтығыстар кезінде қызметтік міндеттерін орындайтын немесе орындаған азаматтарды толық психофизиологиялық оңалту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында психологиялық, медициналық, кәсіптік және әлеуметтік шаралардың өзара байланысты және өзара толықтырушы жүйесі түрінде бірыңғай мемлекеттік оңалту жүйесін құру болып табылады;

қорғаныс министрлігі мен басқа да федералдық атқарушы билік органдарымен серіктестік, ондағы әскери қызмет заңнамасымен көзделген болуы керек және де ардагерлердің қоғамдық ұйымдарымен (соғыс, еңбек, қарулы күштер және құқық қорғау органдары ардагерлерінің Бүкілресейлік ұйымы; әскери және әскери қызмет ардагерлерінің жалпыресейлік қоғамдық ұйымы; Ауғанстан ардагерлерінің Ресей одағы және т. б.);

әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен әскери-әлеуметтік жұмыс жүргізу. Бұл жердегі маңызды міндеттерінің бірі ретінде отбасының ауыр материалдық жағдайын жеңілдету, жұмысқа орналасуда қаза тапқан жесірлеріне көмек көрсету, әкесі немесе зайыбының қайтыс болуына байланысты ауыр психологиялық жарақатты жеңуге көмектесу, жартылай жетім қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, білім алуда мемлекеттік қолдау шарасымен қамтамасыз ету. Әскери қызметшінің отбасы барлық ауыртпалықты және әскери қызметтен айыруды әскери қызметшілердің өзімен тең дәрежеде ауыстырады. Сондықтан ол әскери әлеуметтік қызметкердің назарында бола алмайды, ал оның мәселелері әскери-әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру жүйесінде маңызды орын алуы тиіс [14].

Әскери қызметшілердің тұрмыстық әл – ауқаты, әлеуметтік жағдайы іс жүзінде мемлекеттік қамтамасыз ету деңгейіне немесе кем дегенде өзінің қызметтік белсенділігіне байланысты әлеуметтік жұмыстың қызметіне мұқтаж. Демек, Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеретін барлық әскери қызметшілерді, сондай-ақ олардың отбасыларын әскери-әлеуметтік жұмыс объектісі деп есептеу керек. Тиісінше, әскери қызметтің ерекшеліктері, Қарулы Күштердің мемлекет мүддесінде ерекше функцияларды орындауы әлеуметтік жұмыстың ерекше нысандары мен әдістерін де талап етеді. Жаңа, шындыққа сай әскери және әскери-әлеуметтік саясатты қалыптастыру, әрі оны іске асыру кезінде әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басының мүдделерін неғұрлым толық ескеруді, олармен тиімді жұмыс істейтін әлеуметтік жұмыс институтының болуын талап етеді. Тек осы жағдайда ғана әскери қызметшілер өздерінің мемлекет алдындағы әскери борышын барынша белсенді орындауға мүдделі болады.

В.М.Корякиннің пікірінше Қарулы Күштерде әскери-әлеуметтік жұмыстың қажеттілігі мынадай жағдайларға байланысты болады:

әскери қызметшілердің мәртебелік-рөлдік жағдайының түбегейлі өзгеруімен, келісім-шарттық міндеттемелер нақты мағынаға толы болса, заңда көзделген әлеуметтік игіліктердің минимумын қамтамасыз ету үшін әскери қызметшілер алдында мемлекеттің жауапкершілігін белгілеуді талап етеді.;

әскери бөлімдер мен гарнизондардың шешілмеген әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларының көп санының болуымен;

әскери қолбасшылықпен, мемлекет субъектілерімен, билік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, құқық қорғау органдарымен, қоғаммен әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша неғұрлым кең және пәндік байланысын жүзеге асыру қажеттілігі;

әскери қызметкерлердің отбасыларымен жұмыс көлемін ұлғайтудың объективті қажеттілігі [15].

С. Уитворт атты американдық ғалым, әскери қызметшілердің отбасыларымен әлеуметтік жұмыс мәселелерін зерттеу кезінде өзінің ізін салған сегіз негізгі факторды атап өтті. Бұл факторлар қатарына жатады:

1) мобилділік немесе ұтқырлық;

2) бөлек тұрудың жиі кезеңдері;

3) ата-анасының бірінің үйде ұзақ болмауы;

4) балалардың жаңа орындарға мәжбүрлі бейімделуі;

5) шетелде болу;

6) күйзеліспен және жоғары тәуекелмен ұштасқан жұмыс;

7) әскери қызметші отбасының қажеттіліктері мен әскери жүйенің талаптары арасындағы қайшылықтар;

8) авторитарлы басқару әдістерімен байланысты ерекшеліктер [16 ].   Resettlement centre Catterick. Training for employment: Information on training courses, 1996

Сонымен қатар жұмысын басқа аймаққа ауыстырған кезде әскери қызметшілерге және оның отбасына әсер ететін факторларды да атап өтсек:

- әскери қызметшінің өзін жаңа ортаға бейімдеу қажеттілігі: әскери (қызметтестермен өзара қарым-қатынаста), климаттық (басқа елдердің аумағында қызмет ету кезеңінде), онда ол қызмет бойынша ауысу кезінде болған;

-жиі жол жүру кезінде жаңа жағдайларға бейімделу тек әскери қызметшінің балаларына ғана емес, сондай-ақ олардың жеке жұмысқа орналасу мүмкіндіктері (ерекшеліктері), жалпы отбасы мен балалар үшін тұрмыс пен бос уақытты ұйымдастыру мүмкіндігі (ерекшеліктері) бар жұбайына да талап етіледі.

Белгілі бір деңгейде айтылған жекелеген факторлардың әрекеті басқа отбасыларға да көрсетілуі мүмкін. Алайда әскери қызметшілердің қызмет өткеру уақытында барлық осы факторлардың - кейбіреулерін мезгіл-мезгіл, ал кейбіреулерін бір мезгілде, гарнизонда әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру процесінде есепке алуды талап етеді.

Ол арнаулы ұйымдар (мысалы, әскери қызметшілердің отбасылары үшін кеңестер бюросы) не гарнизонда жұмыс істейтін немесе әскери қызметшілердің отбасылары өздері арнайы қалыптастыратын қоғамдық ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылады. Олардың жұмыс істеу тәжірибесі назар аударуға тұрарлық.

Сонымен әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларында кездесетін әлеуметтік мәселе қалыпты құбылыс болып отыр. Бұл мәселелердің алдын алу үшін әскери-әлеуметтік қызметкер атқаруы тиіс бірнеше маңызды функцияны атап өтуге болады:

- әскери қызметшілердің отбасыларымен практикалық жұмыс мәселелерін және олардың өмір сүру жағдайларын жүйелі түрде қарау;

- командирлердің және бастықтардың әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен және әйелдер активімен тікелей қарым-қатынасы, әскери қызметшілердің өміріне, олардың отбасыларындағы адамгершілік ахуалдың жағдайына, оларда сау өмір салтын бекітуге ұдайы көңіл бөлу;

- қызметтік міндеттерін атқару кезінде тұрғын үй алуына жағдай туғызу, қаржылық қамтамасыз ету, материалдық көмек көрсету, қаза тапқан жас және көп балалы әскери қызметшілердің отбасыларының мұқтаждары мен қажеттіліктерін есепке алу;

- әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жөніндегі, Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне, азаматтық персоналына және олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер туралы нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін түсіндіру;

- әскери қызметшілердің бос уақытын және отбасылық демалысын ұйымдастыру, балаларын сауықтыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдени-ағарту мекемелері мен спорт ғимараттарының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға жағдай жасау;

- әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мүдделерін қозғайтын тұрғын үй, аттестаттау және басқа да комиссиялардың құрамына әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі мамандарды енгізу.

Әскери қызметкерлер мемлекеттің мүддесі үшін маңызы жоғары топ болып табылатындықтан оларды қорғау қажеттілігі әрдайым маңыздылыққа ие болады.

1.2  Әскери қызметкердің қоғамдағы әлеуметтік құқықтық мәртебесі мен қызмет ету барысындағы қатерлер

 

"Құқықтық мәртебе" туралы ұғым заңнамада және заң әдебиетінде XX ғасырдың ортасынан бастап жиі қолданыла бастады. Қазіргі уақытта бұл терминді заңгерлер арасында кеңінен қолданылады. Ол арқылы жеке тұлғаның байланыстары мен құқықтарын толық сипаттауға, индивидтің заңды болмысының барлық негізгі жақтарын көрсетуге, оның мүдделері, қажеттіліктері, мемлекетпен өзара қарым-қатынасы, еңбек және қоғамдық-саяси қызметі, әлеуметтік талаптар және олардың қанағаттануыy cипаттайды. Оны әдетте ұжымдық (мысалы, мемлекет органы, әскери басқару органы, ұйым, мекеме), сондай-ақ жеке (әскери қызметші, әскери лауазымды адам және т.б.) құқықтық қарым-қатынас субъектісінің жағдайының сипаттамасы туралы сөз болған кезде қолданады.

Азаматтарды, оның ішінде әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңнама адам және азаматтың құқықтары туралы халықаралық пактілерде айтылған. []

Международный пакт о гражданских и политических правах https://voen-pravo.ru/sobljudenie-prav-cheloveka-v-vooruzhennyh-silah-rossijskoj-federacii/

Барлық адамдар дүниеге келгенде өз құқықтары шеңберінде тең дәрежеде болады. Бұл бөлінбейтін және ажырамас құқықтар тек адамға ғана тиесілі. Ежелгі заманда пайда болған таза моральдық сипаттағы бұл постулаттар бірте-бірте дами түсті, әрі бүгінгі күнде «Адам құқықтары» деп айтылатындай дәрежеге жетті. Уақыт өте келе мемлекеттер мен халықаралық қоғамдастықтың заң шығармашылығы процесінде олар заңды құқықтар нысанын бекітті. Осы заңды құқықтардың негізі олар қолданылатын адамдардың келісімі, яғни құқық субъектілерінің келісімі болып табылды.

Адам құқықтарын нормативтік бекіту жолында бірқатар маңызды кезеңдерді атап өтуімізге болады. Мысалы сөз Англия туралы болса, онда «Ұлы еркіндіктердің хартиясы» (1215 ж.), «Құқықтар туралы петиция» (1628 ж.) және «Құқықтар туралы Билль» (1689 ж.) сияқты құжаттарды атап өту керек. XVII ғасырда бұған дейін пайда болған табиғи құқық идеялары табиғи құқықтарды заңды құқықтар ретінде мойындауға айналды. Бұл құқықтар тарихта тұңғыш рет ұлттық Конституциялардың бір бөлігі болды, сол арқылы мемлекет пен жеке адам арасындағы шарттық қатынастарды білдіре отырып және мемлекеттік билік еркін тұлғаның келісіміне негізделетінін атап өтті. 1789 жылдың «Адам және азамат құқықтарының» Француз декларациясы және 1791 жылдың «Құқықтар туралы американдық билль» дәл осы тұжырымдамаға сүйенді.

ХІХ ғасырда бұл қағиданы бірқатар Тәуелсіз Мемлекеттер қабылдады. Бұл ретте саяси құқықтармен қатар әлеуметтік және экономикалық құқықтар да таныла бастады. Бірақ кей кезеңдерде адам құқықтары оларға бекітілген заңды мәртебеге қарамастан, көбінесе мемлекеттердің өздері өз азаматтарының құқытарын бұзып жатты. БҰҰ Жарғысында айтылған құқықтар мен бостандықтарды анықтайтын адам құқықтары туралы халықаралық биллді әзірлеу міндеті 1945 жылы құрылған «Адам құқықтары жөніндегі» комиссияға жүктелді. Комиссия Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас органдарының бірі - экономикалық және әлеуметтік кеңестің (ЭКОСБ) көмекші органы б


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: