Г) Патология болып саналмайды

д) Дисметаболиттік нефропатияның

 

52. Конкрементті талдауды жүргізуге арналған таңдау әдісі:

а) Цистоскопия

б) Микциялық цистография

в) Компьютерлік томография    

г) Көк тамыр ішілік урография

д) Инфрақызыл спектроскопия

 

53. Мына әдістердің қайсысы микроальбуминурияны анықтауда МЕЙІЛІНШЕ шынайы әдіс болып табылады?

а) Тест-жолақтар

б) Жалпы зәр анализі

в) Амбурже сынамасы

г) Нечипоренко сынамасы

д) Аддис-Каковский сынамасы

 

54. Қант диабеті бар науқастарда жүйелі түрде мына зерттеу жүргізіліп отырылуы тиіс:

а) ЖЗА

б) Зимницкий сынамасы

в) Нечипоренко сынамасы

г) Аддис-Каковский сынамасы

д) Микроальбуминурияға сынамалар

55. Зәр шығару жолдарының инфекциясын анықтаудағы «алтын стандарт»:

а) Жалпы зәр анализі

б) Амбурже сынамасы

в) Нечипоренко сынамасы

г) Биохимиялық қан анализі

д) Зәрді бактериологиялық зерттеу

 

56. Зәрді жинағаннан кейін оны микробиологиялық себуі қашан жүргізіледі:

А) Бірден

б) 24 сағаттан кейін

в) 12 сағаттан кейін

г) 36 сағаттан кейін

д) 48 сағаттан кейін

 

57. Еркін зәр бөлуде 1 мл зәрдегі микроб денелерінің қандай санының болуы айқын бактериурия деп саналады?

а) 5000-ден кем емес

б) 1000-нан кем емес

в) 10 000-нан кем емес

г) 50 000-нан кем емес

Д) 100 000-нан кем емес

 

58. Диареядан кейінгі ГУС-ке (Д+ГУС) күдік туғанда нәжісті бактериологиялық зерттегенде ӨТЕ жиі анықталады:

а) Shigella dysenteriа 

б) Streptococcus pneumonia

в) А тобының b-гемолитикалық стрептококк

г) В тобының b-гемолитикалық стрептококк

д) E. coli-дің шигатоксин-өндіруші штаммдары

 

59. Бүйрек ауруларын анықтауда зәрдегі мына көрсеткіштер үлкен диагностикалық үлкен маңызға ие:

а) Мөлдірлігі, тұздар

б) Өт пигменттері, қант

в) Қант, зәрдің меншікті салмағы

г) Эпителий жасушалары, зәрдің рН

Д) Белок, лейкоциттер, эритроциттер

 

60. Нефрологиядағы ӨТЕ жиі қолданылатын және ақпаратты тексеру әдісі:

а) Бүйрек УДЗ

б) Жалпы зәр анализі

в) Аддис-Каковский сынамасы

г) Компьютерлік томография

д) Магниттік-резонансты томография 

 

61. Жасөспірім қызда етеккір алдында зәрінде к/а 10-15 лейкоцит анықталды. Басқа клиникалық симптомдар жоқ. Қандай жағдай ықтимал:

а) қынаптың кілегей қабығына эстрогендердің әсер етуіне байланысты физиологиялық лейкоцитурия

б) Сandida-мен шақырылған вагинит

в) трихомонадты вагинит

г) арнайы емес вагинит

д) бөгде зат

 

62. Ортостатикалық протеинурия – бұл:

а) микроальбуминурия

б) тубулярлық протеинурия

в) вертикальді қалыпта протеинурияның өсуі

г) қызба және жүктеме кезіндегі протеинурия

д) микрогематуриямен байланысты протеинурия

 

63. Зәрдің түсінің қызаруына шағымданғанда қандай зерттеулер жүргізу қажет:

а) жалпы зәр анализі мен бүйрек УДЗ

б) жалпы қан анализі мен бүйрек УДЗ

в) цистоскопия және жалпы зәр анализі

г) қанның және зәрдің биохимиялық талдауы

д) көктамыр ішілік экскреторлық урография және зәрдің жалпы анализі

 

64. Ортостатикалық протеинурия немен байланысты болуы мүмкін:

а) жұқа базалды мембраналармен

б) бүйрек қан ағымының жоғарылауымен

в) шумақтық фильтрация жоғарылауымен

г) нәруыз реабсорбциясының төмендеуімен

д) бүйрек ротациясымен және төменгі қуыс венасының қысылуымен

 

65. Бактериурияны анықтап, бағалау үшін ең МАҢЫЗДЫ зерттеу әдісі:

а) калориметриялық әдіс

б) бактериоскопиялық әдіс

в) сандық бактериологиялық әдіс

г) аталған зерттеу әдістерінің маңыздылығы бірдей 

д) аталған зерттеу әдістерінің маңыздылығы дәлелденбеген

 

66. Зәр микрофлорасының антибактериялдық дәрілерге сезімталдығын анықтау:

а) зәр жолдарының инфекциясын емдеуде клиникалық маңызы жоғары

б) тек гломерулонефритті емдеуде клиникалық маңызы жоғары

в) тек интерстициялды нефритті емдеуде клиникалық маңызды

г) тек зәр-тас ауруын емдеуде клиникалық маңызы жоғары

д) зәр жолдарының инфекциясын эмпирикалық емдеуде маңызды

 

67. Диабеттік нефропатияның ерте белгісі:

А) микроальбуминурия

б) шектен толу протеинуриясы 

в) қызба кезіндегі протеинурия

г) ортостатикалық протеинурия

д) жүктеме кезіндегі протеинурия

 

68. Нефропатия кезінде болатын гематурияны урологиялық ауруларда кездесетін гематуриядан ажырату әдісі:

а) цистоскопия

б) үшстаканды сынама

в) экскреторлық урография

г) радиоизотопты ренография

д) зәр тұнбасының фазалық-контрастты микроскопиясы

69. Қандағы жалпы белоктың қандай көрсеткіші қалыптыға сәйкес келеді?

а) 15-25 г/л

б) 25-45 г/л

в) 45-65 г/л

Г) 60-80 г/л

д) 85-100 г/л

 

70. Гипопротеинемия мына ауруға тән:

а) Миеломды ауруға

б) Нефриттік синдромға

в) Жедел пиелонефритке

г) Нефротикалық синдромға

д) Тез үдейтін гломерулонефритке

 

71. Қандағы калийдің қалыпты көрсеткіші:

а) 1,5-3,0 ммоль/л

Б) 3,5-5,0 ммоль/л

в) 6,0-6,5 ммоль/л

г) 7,0-7,5 ммоль/л

д) 8,0-8,5 ммоль/л

 

72. Терминалды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар балаларда электролиттің құрамының қандай бұзылысы диализ үшін көрсеткіш болып табылады?

А) Гиперкалиемия

б) Гипонатриемия

в) Гипернатриемия

г) Гипофосфатемия

д) Гиперкальциурия

 

73. Терминалды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар балалардағы калийдің ұсталу себебі:

а) Ацидоз

б) Анемия

в) Алкалоз

г) Дегидратация

д) ШФЖ төмендеуі

 

74. Қандағы натрийдің қалыпты көрсеткіші:

а) 115-124 ммоль/л

б) 125-134 ммоль/л

В) 135-145 ммоль/л

г) 146-155 ммоль/л

д) 156-160 ммоль/л

 

75. Гипонатриемия деп натрий деңгейі мына деңгейден азайғанда айтылады, ммоль/л:

А) 135

б) 145

в) 150

г) 155

д) 160

76. Гипокалиемия деп калий деңгейі мына деңгейден азайғанда айтылады, ммоль/л:

А) 3,5

б) 4,0

в) 5,0

г) 6,0

д) 7,0

 

77. Мына төменде көрсетілгендердің ішіндегі қандай көрсеткіш нефрологтар үшін маңызды болып табылады:

а) Мыс

б) Мырыш

В) Фосфор

г) Магний

д) Церулоплазмин

 

78. Қызыл жегілік нефритті анықтау үшін қолданылады:

а) С4 деңгейін зерттеу

б) Цитокиндерді анықтау

в) Т- және В-лимфоциттерін анықтау

г) Анти-ДНҚ-антиденелерін анықтау

д) IgG, IgA, IgM иммуноглобулиндерін анықтау

 

79. Проксималді өзекшелердің жасушаларында түзілетін Д дәруменінің белсенді метаболитін көрсетіңіз:

а) 25(ОН)D2

б) 25(ОН)D3

в) 25(ОН)2D3

г) 1,25(ОН)2D3

д) 1,25(ОН)3D2

 

80. Бүйрек түтікшелерінің жасушаларымен D/1,25(ОН)2D3 витаминінің белсенді метаболитінің өндірілуі төмендегенде қандай электролиттің деңгейін бақылау керек:

а) Гипокалиемия

б) Гиперкалиемия

в) Гипернатриемия

Г) Гипокальциемия

д) Гиперфосфатемия

 

81. Бүйректің азот бөлу функциясын мына параметрлердің біреуі бойынша бағалайды:

а) Зәрдегі белок

б) Қандағы белок

в) Қандағы калий мен кальций

г) Зәрдегі несеп нәрі мен креатинин

д) Қандағы несеп нәрі мен кpеатинин

 

82. Қандай лабораторлық көрсеткіш бүйрек функциясының бұзылуын нақты көрсетеді?

а) Сарысу калийі

б) Сарысу натрийі

в) Зәрдегі кальций

Г) Сарысу креатинині

д) Зәрдегі зәр қышқылы

 

83. СБЖ кезіндегі анемияның патогенезі:

а) несеп нәрінің сүйек кемігіне токсикалық әсер етуі

б) эритропоэтин синтезінің төмендеуі

в) В12 витаминінің тапшылығы

г) аутоиммундық гемолиз

д) гемодилюция

 

84. Бүйректің көптеген күрделі қызметтерінің ішінен тәжірибелік маңызға ие екі басты функциясын көрсетіңіз:

а) Сұйықтықтың көлемі мен плазманың осмолялдығын анықтау 

б) Кальций, фосфор және паратгормон деңгейлерін анықтау

в) Гломерулярлы және өзекшелік функцияларды анықтау

г) Гематокрит пен эритроциттер санын анықтау

д) Д дәрумені мен альдостеронның деңгейлерін анықтау

 

85.  Қызыл қанның құрамын қандай гормон реттейді?

а) Антидиуретикалық гормон     

Б) Эритропоэтин

в) Паратгормон

г) Ангиотензин

д) Ренин   

 

86. Артериалды қысымды реттеуде қандай жүйе маңызды рөл атқарады?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: