Острая дизентерия (шигеллоз)

#16

*! 45 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні дәрігерге келген. Шағымдары: жүрек айнуы, бас ауыруы, ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, 15 ретке дейін іштің өтуі, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 39,5°С, ҚҚ - 90/60 мм с.б. Іш пальпациясында сол мықын аймағындағы ауыруы сезімі анықталады. Сигма тәрізді ішек жиырылған. Үлкен дәреті нәжіссіз, қан мен шырыш қосылған.

Сипатталған клиникалық жағдайда қай белгі колит синдромына тән?

 Іш пальпациясында сол мықын аймағындағы ауыруы сезімі анықталады. Сигма тәрізді ішек жиырылған. Үлкен дәреті нәжіссіз, қан мен шырыш қосылған.

#17

*! 30 жастағы ер адам, ауруының 5-ші күні дәрігерге қаралған. Ауруы жедел басталған: дене қыуы 390С-қа дейін жоғарылап, қалтырау, бас ауыруы, әлсіздік пайда болған. Сол уақытта ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, 5-6 рет құсу, 10 рет ішінің өтуі қосылған. Ауру қонақта ет қосылған салат, консервіленген қияр, қуырылған саңырауқұлақтар, әртүрлі жемістер жеген соң 6 сағаттан кейін басталған. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 38,40С. Әлсіз. Іші жұмсақ, эпигастрий, кіндік маңындағы, оң жақ мықын аймақтарында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, сулы, «батпақ балдырлары» түстес.

Сипатталған ауруға таралу факторын көрсетіңіз?

ет қосылған салат,

#18

*! 25 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне жедел жәрдем машинасымен жеткізілген. Ауру 2 күн бұрын жедел басталған. Шағымдары: жүрек айнуы, 4 рет құсу, 5-6 ретке дейін іштің өтуі, ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі. Іш пальпациясында оң жақ мықын аймағында ауыру сезімі анықталады, іш пердесінің тітіркену белгілеру жоқ. Нәжісі сұйық, нашар иісті, «батпақ балдырлары» түстес.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?

Сальмонеллез

#19

*! 40 жастағы ер адам, геолог. Жедел ауырған: дене қызуы 39,5С-қа жоғарылап, басының ауруы, сол жақ шап аймағының ауыру сезімі мазалаған. Объективті қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр. Сол жақ шап аймағында қатты ауыру сезімі бар, шекарасы анық емес, теріге жабысқан бубон анықталады. Шап аймағында қатты ауыру сезіміне байланысты төсекте амалсыз қалыпта жатыр. Балтыры мен табанында бүрге шаққан және оны қасыған іздер бар.

Қай диагноз Ең ықтимал болып табылады?

Чума- оба

#20

*! 62 жастағы ер адам, шопан. Ауруының 3 ші күні клиникаға түскен. Шағымы: дене қызуы 390С көтерілуіне, басының ауыруы, әлсіздікке шағымданады. Науқас енжар, есі тежелген. Оң жақ шап аймағында лимфа түйіндерінің тығыз конгломераты ісінген, қатты ауыру сезімі бар, жанындағы тіңдермен жабысқан, бубон үсті гиперемияланған.

Сіздің ЫҚТИМАЛ диганозыңыз? чума

#21

*!Науқас қазан айында жедел ауырған: дене қызуы көтеріліп, басының ауруы, әлсіздік пайда болған. Екі күн бұрын Балхаш жағалауының оңтүстік жағында аңға шығып қоянды үстап оны сойған. Қарап тексергенде: жағадый ауыр, сол жақ қолтық астында лимфатүйіні ұлғайған, қатты ауыру сезімді, қозғалмайтын, тығыз, үлкен конгломерант пайда болған. Бубон үстіндегі тері қабаты ыстық, қызарған. Сол қолының саусағында жарақат іздері бар.

ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсетіңіз? туляремия

#22

*! 42 жастағы ер адам, жедел ауырған, 4 күн бұрын қалтырау, әлсіздік, дене қызуы 38°С қа жоғарылауы, басының, тамағының,бұлшық еттерінің ауыруы, мазалаған. Эпид.анамнезінде: ауырмастан бір апта бұрын қояндарды сойып, терісін сылып алған. Объективті қарағанда: аңқасында іріңді-некротикалық баспа, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, аздап ауыру сезіміді, айналасындағы тіндермен жабыспаған, шекаралары анық бубон анықталады. 

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? туляремия

#23

*! 38-жасар әйел, Оңтүстік Қазақстан облысы,Созақ ауылының тұрғыны. Жедел ауырған: 4 күн бойы дене қызуы көтеріліп, әлсіздіздік, басының ауыру, дене бұлшықеттерінің ауыру сезімі мазалаған. Бүгін мұрыннан көп қан кеткен. Дене қызуы 39,00С. Беті, мойын терісі қызарған, көзінде конъюктивит, бадамша бездері қызарған. Оң жақ қолтық астында бірен саран геморрагиялық бөртпелер шыққан. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз, бауыры +1,0 см ұлғайған.

Төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

Конго-кырым кызбасы

*ЖТД тәжірибесінде жұқпалы аурулар*3*23

*! Ер адам 30жаста, ауруының 2ші күні терапевтте қаралған. Шағымы: іштегі толғақ тәрізді ауыру сезімінің пайда болуы, жүрек айну, бас ауыру, тәулігіне 10 рет суйык нәжістің мазалауы, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарау кезінде: температура – 39,0°С, АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Іштің пальпациасы кезінде: іштің сол жақ бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырышпен қан аралас. Жалпы қан анализінде: эр.-4,0х1012 /л, Гем -145 г/л, лейк.-11,4x109 /л, э - 1, п - 2, с - 75, л - 18, м - 5. ЭТЖ - 17мм/с.

Көрсетілген аурудың клиникасында нәжісті бактериологиялық зерттеу кезінде қай қоздырғыштың өсіп шығуы ықтимал?

Shigella flexneri

#2

*!Ер адам 37 жаста, ауруының 2ші күні терапевтте қаралған. Шағымы: іштегі толғақ тәрізді ауыру сезімінің пайда болуы, жүрек айну, бас ауыру, тәулігіне 10 рет суйык нәжістің мазалауы, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарау кезінде: температура – 39,0°С, АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Іштің пальпациасы кезінде: іштің сол жақ бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырышпен қан аралас. Жалпы қан анализінде: эр.-4,0х1012 /л, Гем -145 г/л, лейк.-11,4x109 /л, э - 1, п - 2, с - 75, л - 18, м - 5. ЭТЖ - 17мм/с.

Диагнозді нақтылау ұшын қандай лабораториялық зерттеулер тағайындау керек?

Бактериологические

#3

*! 30 жастағы ер адам емханаға ауруының 2-ші күні келген. Ауру нашар қуырылған жұмыртқа жеген соң 8 сағаттан кейін жедел басталған. Эпигастрий және кіндік маңындағы аймақтарда толғақ тәрізді ауыру сезімі, жүрек айнуы, 3-4 рет құсу, 5-7 ретке дейін іштің өтуі пайда болған. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 38ºС. Іші эпигастрий және кіндік маңындағы аймақтарда ауыру сезімді. ҚҚ - 100/70 мм с.б. Нәжісі көп мөлшерлі, нашар иісті, жасыл түсті шырыш қосылған.

Этиотропты ем ретінде қай дәрі Ең тиімді болып табылады?

Сальмонеллез: ципрофлосацин ампициллин левомицин

#4

*! 30 жастағы ер адам емханаға ауруының 2-ші күні келген. Ауру нашар қуырылған жұмыртқа жеген соң 8 сағаттан кейін жедел басталған. Эпигастрий және кіндік маңындағы аймақтарда толғақ тәрізді ауыру сезімі, жүрек айнуы, 3-4 рет құсу, 5-7 ретке дейін іштің өтуі пайда болған. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 38ºС. Іші эпигастрий және кіндік маңындағы аймақтарда ауыру сезімді. ҚҚ - 100/70 мм с.б. Нәжісі көп мөлшерлі, нашар иісті, жасыл түсті шырыш қосылған.

Қай зерттеу әдісі диагноз дәлелдеу үшін Ең ақпаратты болып табылады?

Бактериологические

#5

*! 25 жастағы ер адам ауруханаға ауруының 9 күні терісінің қышуына, сарғаюға, аздаған әлсіздікке шағымданып келген. Аурығанына бір апта болған, әлсіздік дамып, біртіндеп тәбеті төмендеген, жүрегі айнып, 4-5 рет құсқан, дене температурасы 380С дейін көтерілген, ауруының 6-ші күні зәрі қоңырланған, ауруының 8ші күні нәжісі түссізденген,кеше көзінің сарғайғанын байқаған, бірақ дене температурасы қалыпқа түсіп, жағдай жақсарып жүрегі айнуы басылған, сарғаюы үдей түсіп терісі қыши бастаған. Ауруханада қанның биохимиялық анализдері тағайындалған. Вирусты гепатит А деген диагноз қойылды.

«А» вирусты гепатитінің өршу кезеңінде қандай маркер анықталады?

(anti-HAV IgM)

#6

*! Ауруханаға 29 жастағы адам, ауруының 8 ші күні айқын әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, жүрегі айнып тәулігіне 4-5 ретке дейін құсуға, сонан соң сарғаюға, терісінің қышуына, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып келген. Бір апта бұрын әлсіздік дамып, біртіндеп тәбеті төмендеген, жүрегі айнып, бір рет құсқан, ауруының 5-ші күні зәрі қоңырланған, 6 күні нәжісі ағарған, ал кеше таңертең туыстары көз склерасының сарғайғанын байқаған, түстен кейін жүрегі айнуы күшейіп, құсуы жиеленген. Канның биохимиялық анализінде: АЛТ-1050 Бірлік/ед, АСТ-650 Бірлік, жалпы.билирубин-265 ммоль/л, тура - 197 ммоль/л. ИФА: HВsAg «+», HbеAg «+», anti-HBeIgM-«+», antiHВc total «+».

Қай маркер В вирусты гепатиттің репликациясын көрсетеді? HBeAg

#7

*! Ауруханаға 35 жастағы әйел ауырғанына 8 күн болғанда айқын әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, жүрегі айнып, тәулігіне 4-5 ретке дейін құсуға, сарғаюға, терісінің қышуына, эпигастрий аймағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келген. Бір апта бұрын ауырған, әлсіздік дамып, біртіндеп тәбеті төмендеген, жүрегі айнып, бір рет құсқан, ауруының 5-ші күні зәрі қоңырлап, 6 күні нәжісі ағарған, кеше көз склерасының сарғайғанын байқаған, түстен кейін жүрегі айнуы күшейіп, құсуы жиеленген. Әйелді ауруханаға жатқызды. 

Гепатитті дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек?  


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: