Менингококковый (гнойный)менингит

Алиментарлы

# 4

*!Грипп кезінде жиі зақымдалатын тыныс жолдарын көрсетіңіз?

Трахеит, ринофарингит, бронхит.

# 5

*! Менингококкты инфекцияның ошақты формасына тән:

Острый назофарингит, пневмония

* ЖТД тәжірибесінде жұқпалы аурулар*2*23

#1

*! Ер адам 31 жаста жедел ауырған: маңдай аймағының және көз алмаларының ауыру сезімі, қалтырау, сүйектері мен буындарының қақсап ауруы, тамағының ауруы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39о С-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Өздігінен Терафлю, парацетамол қабылдаған, бірақ әсері болмағандықтан ауруханаға қаралуға келген. Жұқпалы ауруханада қарап тексергенде: аңқада – шырышты қабаттың айқын гиперемиясы мен түйіршіктенуі. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі – 98 рет/мин, ҚҚ 100/60 мм с.б.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?

Грипп

#2

*! 25 жастағы ер адам жедел ауырған: маңдай аймағында және көз алмаларында ауыру сезімі, қалтырау, сүйектері мен буындарының сынып ауыруы, тамағының ауыруы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39оС-қа дейін жоғарылауы мазалаған. Терафлю, парацетамол қабылдаған, бірақ әсері болмаған. Жұқпалы ауруханада қарап тексергенде: аңқада – шырышты қабаттың айқын гиперемиясы мен түйіршіктенуі. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі – 98 рет/мин, ҚҚ 100/60 мм с.б.

Сипатталған жағдайдағы қай синдром Ең басым болып табылады?

Интоксикационный

 

#3

*! 18 жастағы бойжеткен жедел ауырып бастаған: әлсіздік, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрын-жұтқыншақтағы құрғақтық және тырнау сезімі пайда болған. Кейіннен мұрыннан серозды, содан соң шырышты сұйықтық бөлінген, түшкіру пайда болған. Объективті: Дене қызуы– 37,4С. Риноскопия: мұрынның шырышты қабаты қызарған және ісінген, айқын ринорея. Мұрын қуысының кіре-берісі мацерацияланған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 80 рет/мин., ҚҚ - 110/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Зәр шығаруы қалыпты. 

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

Риновирусная инфекция

#4

*! 18 жастағы ер жігіт ауруханаға келген: 3 күн бойы қалтырау, бас ауыруы, денесінің сынып ауыруы, субфебрильді дене қызуы, тамағындағы және трахея бойындағы ауыру сезімі, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел мазалаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаттың орташа деңгейдегі гиперемиясы, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Мұрыннан көптеген серозды сұйықтық бөлінеді. Дауысы сырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі – 82 рет/мин., ҚҚ - 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

Парагрипная инфекция

#5

*! 16 жастағы ер жігіттің оқу орнында жедел респираторлы аурумен бірнеше оқушы ауырған. Ауруханаға ауруының 6-шы күні түскен. Ауру бірте-бірте дамыған: тұмау мен жөтел, аздаған тамағының ауыруы пайда болған. Барлық күндері субфебрильді дене қызуы сақталған. Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, 1-2 рет іштің өтуі болған. Қарап тексергенде: конъюнктивит, беті қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарып түйіршіктенген. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Бір жақтық конъюнктивит.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

Аденовирусная инфекция

#6

*! 28 жастағы ер адам ауруханаға келген. Шағымдары: орташа деңгейдегі бас ауыруы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауыруы. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 370С, склералары қан тамырлары инъекцияланған, аңқадағы шырышты қабаты орташа қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы фолликулдер гипертрофияланған. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Ішкі мүшелерінің патологиясы жоқ.

Сипатталған ауруға тән синдром болып табылады?

Аденовирусная инфекция катаральды

#7

*! 30 жастағы ер адам, жедел ауырып бастаған: маңдай және ретроорбитальді аймақтардағы ауыру сезімі, қалтырау, сүйектері мен буындарының сынып ауыруы, төс артынлағы тырнау және қышу сезімі, мұрынның бітелуі, дене қызуының 390С-қа дейін жоғарылауы, жөтел мазалаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Пульсі – 96 рет/мин. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

Грипп

 

#8

*! 20 жастағы әйел адам, ауру біртіндеп басталған: әлсіздік, басының ауыруы, мұрынның бітелуі және3 мұрын-жұтқыншақтың қышуы пайда болған. 2-ші күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы 38,5С-қа дейін жоғарылаған, жөтел күшейіп, ұстама тәрізді сипатқа ие болған және қақырық қосылған. Объективті: жағдайы ауыр. Акроцианоз. Аңқада: шырышты қабаты қызарған, түйіршіктенген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. ТАЖ – 20 рет/мин. Аускультацияда тыныстың қатаюы, құрғақ және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

 Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз?

Респираторно-синцитиальная инфекция

#9

*! 25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. 3 күн бұрын жедел ауырған: дене қызуы 390C-қа дейін жоғарылаған, мұрынның бітелуі, жөтел, маңдай аймағында және көз алмаларында ауыру сезімі, сүйектер мен буындарының ауыру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: Беті қызарған және ісінген, көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Өкпелерінің төменгі аймақтарындағы тынысы әлсіреген, ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ - 24 рет/мин. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі - 92 рет/мин.ҚҚ - 100/60 мм с.б. Жалпы қан анализінде: лейк.- 10,5х 109, эритр. – 3,38х1012, т/я – 6%, с/я – 76%, мон. – 8 %, лимф. – 10%, ЭТЖ – 15 мм/сағ.    

Сипатталған клиникалық жағдайда қандай асқыну дамыған?

Пневмония?

#10

*! 20 жастағы ер адам, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 40°С-қа дейін жоғарылаған, бас ауыруы, құсу, әлсіздік, денесінің сынып ауыруы мазалаған. Сол күні аяқтарында геморрагиялық бөртпе пайда болған. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозғылт. Аяқтарында некрозы бар «жұлдызша» тәрізді геморрагиялық бөртпе байқалады. ҚҚ - 90/60 мм с.б., пульс - 100 рет/мин. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 20х109/л., лейкоформула: миелоциттер – 2%, т/я – 14%, с/я – 78%, моноциттер – 2%, лимфоциттер – 4%, ЭТЖ - 40 мм/сағ.

Сипатталған клиникалық жағдайда менингококкты инфекцияның қай түрі дамыған?

Менингококкецемия

#11

*! 16 жастағы бойжеткен, ауруханаға ауруының 1-ші күні түсті. Ауру жедел басталған: дене қызуы кенеттен 40°С-қа дейін жоғарылаған, басының қатты ауыруы, жеңілдік әкелмейті құсу пайда болған. Жағдайы ауыр, жалпы гиперестезия. Көз қарашықтары кеңейген, фотореакция сақталған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі және Керниг симптомы «оң». Жүрек тондары бәсең, пульс - 130 рет/мин., ҚҚ – 100/50 мм с.б. Жалпы қан анализінде: лейк. – 18х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Ликвор: лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (+++), цитоз 900 жасуша 1 мкл-де, нейтр.- 83%.

Менингококкты инфекцияның қай түрі?

Менингококковый (гнойный)менингит

#12

*! 16 жастағы бойжеткен, лицей оқушысы, ауруханаға ауруының 1-ші күні түсті. Ауруы жедел басталған: дене қызуы кенеттен 40°С-қа дейін жоғарылаған, басының қатты ауыруы, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы өте ауыр, сопор. Көз қарашықтары кеңейген. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі және Керниг симптомы «оң». Жалпы гиперестезия байқалады. Өкпедегі тынысы везикулярлы. Жүрек тондары бәсең, пульс - 130 рет/мин., ҚҚ – 100/50 мм с.б.

Менингококкты инфекцияның қай түрі дамыған?

Менингит

#13

*! 20 жастағы ер адам, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 40°С-қа дейін жоғарылаған, басының ауруы, құсу, әлсіздік, денесінің сынып ауыруы мазалаған. Келесі күні аяқтарында геморрагиялық бөртпе пайда болған. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозғылт. Аяқтарында - геморрагиялық бөртпе. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі «оң». ҚҚ - 90/60 мм с.б., пульс - 100 рет/мин. Жалпы қан анализінде: лейк. – 20х109/л, миелоциттер – 2%, т/я – 14%, с/я – 78%, моноциттер – 2%, лимфоциттер – 4%, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Ликвор: лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (+++), нейтрофильді цитоз.

Менингококкты инфекцияның қай түрі дамыған?

Гнойный(менингококковый) менингит+ менингококкцемия

#14

*! Қыз бала, 16 жаста,  15 ші қаңтар күні жедел ауырған. Шағымы дене қызуының 380С жоғарлауы, басының ауыруы, әлсіздік, мұрынның бітелуі,тамағының жыбырлауы мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында:шырышты қабаттың гиперемиясы, фолликулдардың гипертрофиясы, артқы қабырғасында іріңді шырышты бөліндімен қапталған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс -88 рет./мин., ҚҚ – 110/70 сын.бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 15,0х109 /л., ЭТЖ - 20 мм/сағ. Мұрын жұтқыншақтың шырышынан N.meningitidis қоздырғышы бөлінген.

Науқаста қай диагноз дұрыс болып келеді?

Менингококковый назофарингит

#15

*! 28 жастағы ер адам, ауруханаға ауруының 3-ші күні түсті. Шағымдары: ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, 20 ретке дейін іштің өтуі, дефекацияға жалған шақыруларға шағымданған. Бір күн бұрын қонақта әртүрлі тағамды қолданған (салаттар, қуырылған және маринадтталған саңырауқұлақтар), арақ-шарап ішкен. Қайнатылмаған су ішкен, бақтан алып қияр жеген. Дене қызуы - 37,8ºС. ҚҚ-100/70 мм с.б. Пульс 92 рет/мин. Іші жұмсақ. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.

Сипатталған клиникалық жағдайда ең ЫҚТИМАЛ диагнозды табыңыз:




double arrow
Сейчас читают про: