Аиг гос тесты которые в сириусе 5 страница

*С-реактивті белок

 

#77

*!Әйел 46 жаста ревматологқа саусақтарындағы ұсақ буындардың, кәрі жілік-білезік буыны, тізе жәнетабан буындардың 3 ай бойы мазалайтын ісінуі және ауруына, таңертеңгі құрысу түске дейінгі болатынына шағымданады. Қарап тексергенде: кәрі жілік- білезік буыныжәне алақан сүйектер бунақтар буыны,проксимальды бунақ аралық буындаржәнетізе, табан буындары ісінген, локальды гипертермия анықталады. ЖҚА: ЭТЖ – 35 мм/с, ревматоидты фактор – 34 МЕ (қалыптыда 12 МЕдейін).

Пациентті БАРЫНША тиімді жүргізу тактикасын таңдаңыз:

 

* Монотерапия стеройдтық емес қабынуға қарсы препарат

*Преднизолон және стеройдтық емес қабынуға қарсы препарат

*Анти-ФНО-терапия

*Алтын препараты

*Преднизолон және метотрексат+++

 

#78

*!Әйел 48 жаста қойылған ревматоидты артрит диагнозымен аймақтық терапевке буындағы сақталған ауру сезіміне, 3 сағаттан асатын таңертеңгі құрысуға шағымданды, Аптасына 1 рет 12,5 мг метотрексат қабылдайды. Дәрігер оған стероидтық емес қабынуға қарсы препарат, фоли қышқылын және физиотерапия тағайындады. Қабылданған емнен кейін пациентттің жағдайы нашарлады. Жағдайының нашарлау себебі не болуы мүмкін:

 

* физиотерапияны тағайындау+++

* витаминотерапияны тағайындау

*глюкокортикостероидтардың болмауы

* стеройдтық емес қабынуға қарсы препаратты тағайындау

* метотрексаттың дозасының аз болуы

 

#79

*!Пациент 39 жаста, үй шаруасындағы әйел, тізе және жамбас буындарындағы ауру сезіміне шағымданады, механикалық түрдегі, 15 мин дейінгі таңертеңгі құрысу, тізе буынындағы старттық ауру. ДСИ -38. Қарап тексергенде: тізе буынының  вальгусты деформациясы, пальпациялағанда айқын крепитация. Ішкі ағзаларда патологиялық өзгерістер жоқ. Тізе буын рентгенограммасында буын қуысының қатты тарылуы, айдаршық аралық төмпешіктің шеткі сүйегінің сүйірленуі, остеофитоз. Пациентке хондропротективті терапия тағайындалған.

Пациентке төменде аталғандардан БАРЫНША ықтимал ұсыныс:

 

* физикалық жүктемені шектеу

* дене салмағын азайту+++

* физикалық жүктеме ауырлық түсірумен

* велотренажерда жаттығу

*акватерапия

 

#80

*! 35 ж. Ер адам шағымданып түсті: ентігу, терісінің ылғалдылығы,тахикардия,дене дірілі,ұйқысыздық3 аптаның ішінде ауырды.Жалпы жағдайы ауыр.Тері жамылғылары таза,ылғал. Қарап тексергендежүрек тұсында,жүрек түрткісі көрініп тұр,аускультацияда диастолалық шуыл естіледі.ЖЖЖ- 110 рет мин.Ішін пальпациялағанда:Құрсақ қолқасының лүпілі күшейген.тексергенде: УЗИ қ.б.;көлемі 45 куб см. ТТГ-0,00 мМЕ/л, св Т4 70 пмоль/л, св Т3-15 пмоль/л, ТТГ рецепторларына антиденелер – 4МЕ/л.Осы науқасқа ықтимал қажетті ем?

 

* Метимазол 10 мг 4 рет күніне+++

*Оперативті ем

*Радиойодтерапия

*Сәулелі терапия

*Анаприлин 40 мг 4 рет күніне

 

«Инфектология негізі, соның ішінде балалар» модулі «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша «ЖМ» мамандығының 5 курс студенттеріне емтиханға арналған дайындық тесттік тапсырмалар

*Жұқпалы аурулар* 1*7*1*

#1

*!Инфекциялық процесстің анықтамасы?

* Табиға ошақтың болуы

* +Микро және макро ағзалардың әрекестігі

* Жұқпалы аурулардың тасмалдаушысының болуы

* Қоршаған ортадағы микро ағзалардың персистенциясы

* Жануарлар ағзасындасы микро ағзалардың персистенциясы

#2

! Қандай жағдайда СЭС-ке жедел хабарламаны жіберу қажет?

* Науқасты жатқызғанан кейін

* Инфекционистің кеңесінен кейін

* Ошақта дезинфекция жүргізгенен кейін

* +Жұқпалы ауруларға күмәнданған кезде

* Ауруды бактериологиялық дәлелдегенен кейін

#3

*! Жұқпалы ауруханасының қабылдау бөлімшесіне бір уақытта жедел респираторлы вирусты инфекция, жедел ішек инфекциясы, вирусты гепатитпен ауыратын науқастар келді.

Бұл науқастарды қабылдау қалай жүргізілуі тиіс?

* Бірінші кезекте жедел респироторлы вирусты инфекциямен қабылданады

* ЖІИ және ВГ пен науқастар стационардың бөлімшесінде қаралады

* Барлық науқастар кезек бойынша бір боксте қабылданады

* Науқастардың ауру ұзақтығына байланысты кезекпен қабылданады

* +Науқастарды қабылдау бір уақытта әртүрлі бокстарда жүргізіледі

(жұғу жолына байланысты науқастарды бөлек бокстарда қабылдайды)

#4

*! Иерсиниоз кезіндегі эпиданемнезге тән:

*ет тағамдарын қолдану

*+жуылмаған жеміс-жидектерді қолдану

*консевленген тағамдарды қолдану

*үйде мысық ұстау

*шашлыкты қолдану

#5

*!Пандемиялық тұмауға тән синдромдар қайсысы?

* +Интоксикациялық

* Катаральды

* Геморрагиялық

* Тыныс жетіспеушілік

* Менингиальды

#6

*! Сібір жарасының қоздырғышы қай топқа жатады?

* +Bacillus

* Pasteurella

* Yersinia

* Francisella

* Borrelia

#7

*!Ер адам 35 жаста,жоғарғы қызба, айқын интоксикация, бірнеше рет мұрны қанаған, терісінде петехиялар.

ҚКГҚ нақты жағдайына тән фактор?

* шөп ору

* ашық су қоймасында шомылу

* жерде топырақпен жұмыс істеу

*+ қой қырқу

* тауға шығу

*Жұқпалы аурулар* 2*16*1

#1

*! Жұқпалы аурулар ауруханасына 26 жастағы ер адам ауруының 12-ші күні жатқызылды. Эпидемиологиялық анамнезінен: студент, екі апта бұрын Индиядан келген. Дәрігердің қарауынан кейін Іш сүзегі деген диагноз қойды.

Іш сүзегі кезідегі бөртпенің сипаты қандай?

* +Розеолёзді

* Дақты-папулёзді

* Розеолёзді-петехиальді

* Везикулёзді

*геморрагиялык

#2

*! Жұқпалы аурулар ауруханасына 23 жасар ер адам ауруының 13-ші күні жатқызылды. Эпидемиологиялық анамнезінде: студент екі апта бұрын Индиядан келген. Шағымы дене қызуының 390С дейін көтерілуі, бас ауру, қараған кезде тері жабындылары бозғылт, іштің терісінде бірең сараң бөртпе элементтері бар.Тілінде тістің іздері бар, қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен. Дәрігердің қарауынан кейін Іш сүзегі деген диагноз қойылған.

Іш сүзегіне ЕҢ тән температура қисығы қандай?

* +Трапеция тәрізді (Вундерлих)

* 3 күндік

* Ұстама тәрізді

* Субфебрильді

* Бұрмаланған

#3

*! 28 жастағы ер адам, ауруханаға ауруының 3-ші күні түсті. Шағымдары: ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, 20 ретке дейін іштің өтуі, дефекацияға жалған шақыруларға шағымданған. Бір күн бұрын қонақта әртүрлі тағамды қолданған (салаттар, қуырылған және маринадтталған саңырауқұлақтар), арақ-шарап ішкен. Қайнатылмаған су ішкен, бақтан алып қияр жеген. Дене қызуы - 37,8ºС. ҚҚ-100/70 мм с.б. Пульс 92 рет/мин. Іші жұмсақ. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.

Сипатталған клиникалық жағдайда ең ЫҚТИМАЛ диагнозды табыңыз:

* Сальмонеллез

*+ Жедел дизентерия

* Ішек дисбактериозы

* Тағамдық токсикоинфекция

* Созылмалы колит, өршуі

#4

*! 38 жастағы ер адам, жатақханада тұрады, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 39,0С-қа дейін жоғарылаған, қалтырау, бас ауыруы, әлсіздік пайда болған. Сол кезден бастапішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, 5-6 рет құсу, 7-8 рет ішінің өтуі мазалаған. Қарап тексергенде: Іші жұмсақ, эпигастрий, кіндік маңындағы, оң жақ мықын аймақтарда ауыру сезімді. Іш пердесінің тітіркену белгілеру жоқ. Нәжісі сұйық, сулы, жасыл түсті, нашар иісті.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал болып табылады?

*Амебиаз

*Дизентерия

*+Сальмонеллез

*Тағамдық токсикоинфекция

*Созылмалы гастроэнтерит, өршуі

#5

*! 29 жастағы әйел адам бұзылған айран ішкеннен соң 2 сағаттан кейін жедел ауырып бастаған: көп рет құсу, іштің өтуі, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары бәсеңдеген. ҚҚ – 110/70 мм с.б. Пульсі – 80 рет/мин. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Нәжісі көп мөлшерлі, сулы, «ет жуындысы» тәрізді. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң науқастың жағдай жақсарған.

Сипатталған клиникалық жағдайда қай диагноз Ең ықтимал болып табылады?

* Амебиаз

* Иерсиниоз

* Дизентерия

* Токсикалық энтерит

*+Тағамдық токсикоинфекция

#6

*! Науқас Д., 43 жаста, ауруханаға ауруының 12-ші күні орташа ауырлықта келіп түскен.Шағымы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуі, жүрегенің айнуына, басының айналуына, зәрінің қоңыр түске боялғанын айтты.Ауру ақырындап басталған: әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі. Соңғы 2 күн ішінде анорексия, басының айналуына, зәрі қоңырланған. Эпид.фактор: 3 ай бұрын стоматолог дәрігерінде тісін емдеткен. Объективті: Әлсіз. Аздаған склерасының сарғайған. Пульс 60 уд./мин. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры-3 смұлғайған, эластикалық.

ЫҚТИМАЛ диагнозды табыңыз?

* Описторхоз

*+ Вирусты гепатит В

* Жұқпалы мононуклеоз

* Лептоспироз

* Вирусты гепатит А

#7

*! 18 жастағы қыз бала, ауруының 8-ші күні ауруханаға келіп түсті. Ауру біртіндеп басталған: әлсіздік, тәбетінің төмендеуі,дене қызуының көтерілуі, оң жақ қабырға астында ауру сезімімен басталған. Аурудың 7-ші күні зәрінің қоңыр түске өзгергендігін байқаған, 2 күннен кейін тері жамылғылары сарғайып жалпы жағдайы жақсарған. Эпидемиологиялық анамнезі: студент, асханада және үйінде тамақтанады. Объективті қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері және шырышты қабаты сарғайған.Бауыры 1,5-2 см ұлғайған, нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түске боялған.АЛТ-250 Ед./л, АСТ-150 Ед./л, жалпы билирубин-105 ммоль/л, прямой-70 ммоль/л.

ЫҚТИМАЛ диагнозды табыңыз?

*+Вирусты гепатит А

* Вирусты гепатит В

* Вирусты гепатит С

* Вирусты гепатитD

* Вирусты гепатитE

#8

*!19 жастағы қыз бала, ауруының 8-ші күні ауруханаға келіп түсті. Ауру біртіндеп әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, оң жақ қабырға астында ауру сезімімен басталған. Ауыруының 7-ші күні зәрінің қоңыр түске өзгергендігін байқаған, 2 күннен кейін тері жамылғылары сарғайып жалпы жағдайы жақсарған. Эпидемиологиялық анамнезі: студент, асханада және үйінде тамақтанады. Объективті қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері және шырышты қабаты сарғайған. Бауыры 1,5-2 см ұлғайған, нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түске боялған.АЛТ-250 Ед./л, АСТ-150 Ед./л, жалпы билирубин-105 ммоль/л, тура билирубин-70 ммоль/л.

Көрсетілген гепатиттің сарғаюалды кезеңі қай түрде басталған?

*Артралгиялық

*Диспепсиялық

*Астеновегетативті

*+Грипптәрізді

*Аралас

#9

*! 15 жастағы ер жігіт ауруханаға келген: 3 күн бойы қалтырау, бас ауыруы, денесінің сынып ауыруы, субфебрильді дене қызуы, тамағындағы және трахея бойындағы ауыру сезімі, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел мазалаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаттың орташа деңгейдегі гиперемиясы, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Мұрыннан көптеген серозды сұйықтық бөлінеді. Дауысы сырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі – 82 рет/мин., ҚҚ - 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз.

ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз?

* Грипп

*+ Парагрипп

* Риновирусты инфекция

* Аденовирусты инфекция

* Респираторлы-синцитиальді инфекция

#10

*! 18 жастағы әйел адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Қабылдау бөлімінің дәрігері «Менингококкты инфекция, менингококцемия» диагнозын қойған. Бөлімшеде «теріс» аллергиялық сынамадан кейін 12 млн. бірлік мөлшерінде бұлшық етке пенициллин енгізілген, дене қызуын төмендететін дәрілер берілген. Бүгін науқастың жағдайы күрт нашарлаған, психомоторлы қозу пайда болған. ТАЖ - 25 рет/мин., пульс - 130 рет/мин., «жіп тәрізді», ҚҚ – 60/40 мм с.б, Дене қызуы 36,20С. Таңертеңнен бастап зәр болмаған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

* +Инфекциялық-токсикалық шок

* Бас миының ісініп-домбығуы

* Жедел бауыр энцефалопатиясы

* Жедел бүйрек үсті бездерінің жетіспеушілігі

* Жедел жүрек-қан тамырлар жетіспеушілігі

#11

*! 48 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, түндегі тершеңдікке, беліндегі, сол жақ білек буыны мен жамбас буындарындағы ауру сезіміне шағымданып түскен. Эпид.анамнезінде: үйінде қой, ешкі ұстайды. Объективті: эмоциональді лабильді. Т-37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Зертханалық зерттеу нәтижесінде қаннан вruссlla aвortusанықталды.

ЕҢ ықтимал инфекция көзі:

* Қой

* Иттер

* Кемірушілер

*+ Майда қара мал

*Ірі қара мал

#12

*! Ер адам, 50 жаста, мал шаруашылығымен айналысады. Ауруының 2-ші күні ауруханаға жатқызылды. Ауру жедел басталды: жоғары қызбамен, ретроорбиталді ауру сезімімен, құрғақ жөтелмен, әлсіздікпен, тершеңдікпен, миалгия және артралгиямен. Бет қызарған, бөртпе жоқ. Өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс. Бауыр 2 см ұлғайған.

Ең ықтимал диагноз?

*грипп

* іш сүзегі

*+Қу-қызбасы

* бруцеллез

* малярия

#13

*! 33 жастағы әйел адам, теплица жұмысшысы, 5.01 күні жедел ауырған. Дене қызуы 39,00С-қа дейін жоғарылаған, қалтырау, бұлшық еттердің ауыру сезімі, жүректің айнуы, тәбетінің жоғалуы мазалаған. Келесі күні ішінің ауыру сезімімен қатар іштің өтуі қосылған, зәр түсі қоңырланған. Кешкі уақытта көптеген дақты папулезды бөртпелер пайда болған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, температура 38,80С, аңқасының шырышты қабаты қызарған, склералары субиктериялы. «Қолғап» және «Шұлық» тәрізді симптомдары пайда болған. Тілі ылғалды, ұшы ашық-қызыл, бауыры ұлғайған, нәжісі сұйық.

ЕҢ ықтимал болжама диагноз

* Менингит

* Бруцеллез

* +Иерсиниоз

* Лакунарлы баспа

* Дәрілік аллергия

#14

*! 46 жастағы ер адам, аңшы, Алаколь ауданынан аң аулуап келгеннен соң дене температурасы көтеріліп, тамағы ауырған, жақ асты және қолтық асты лимфа түйіндері үлкейген. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, аңқасында айқын бір жақтық некротикалық баспа белгілері, сол жағындағы жақ асты және мойынның арты лимфа түйіндері үлкейген.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Пастереллез

* Оба

* Листериоз

*+ Туляремия

* Тілме

#15

*! 33 жастағы еркек, 15 шілде айында ауырған, ауру жедел басталып, дене қызуы 39-400 С дейін көтерілген, басының ауыруы, миялгиялар мазалаған. Қарап тексергенде терісінде көп мөлшерде петехиалды бөртпелер шығып, бауыры ұлғайған. Мұрнынан көп қан ағып,нәжісі қара түске боялып, кофе тәрізді құсық құсқан. Болжама диагнозды атаңыз?

* Лептоспироз

* +Геморрагиялық қызба

* Менингококцемия

* Иерсиниоз

* Ку қызбасы

#16

*!Ер адам, 35 жаста, Шығыс-Қазастан облысының тұрғыны, жедел түрде ауырған. Ауру дене қызуының 390Сқа дейін жоғарлауымен, әлсіздік, басының ауыруымен басталған. Эпид.анамнезінде: ауырмастан 5 күн бұрын тауда болған, бірақ кене шаққанын байқамаған. Қарап тексергенде: менингеальді симптомдар «Оң». Науқаста сандырақтау, кеңістік пен уақытқа ориентациясын жоғалтқан, психомоторлы қозу байқалады. Ауруханада «Кенелік энцефалит» диагнозы қойылған.

Науқаста аурудың қай түрідамыған?

*Қызбалық

*Менингелді

*Полиомиелиттік

*+Менингоэнцефалиттік

*Полирадикулоневриттік

*Жұқпалы аурулар* 3*7*1*

#1

*! Жұқпалы аурулар ауруханасына 23 жасар ер адам ауруының 13-ші күні жатқызылды. Эпидемиологиялық анамнезінде: студент екі апта бұрын Индиядан келген. Шағымы дене қызуының 390С дейін көтерілуі, басының ауруы, қараған кезде тері жабындылары бозғылт, іштің терісінде бірең сараң бөртпе элементтері бар.Тілінде тістің іздері бар, қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен. Дәрігердің қарауынан кейін Іш сүзегі деген диагноз қойылған.

Іш сүзегінің ерте диагностикасы үшін қандай анализ тағайындау қажет?

*+ Қанды егу

* Өтті егу

* Зәрді егу

* Видаля реакциясы

* Тікелей емес гемагглютинация реакциясы

#2

*! Әйел адам, 37 жаста, жүктіліктің 25-26 аптасы, инфекциялық ауруханаға ессіз жағдайда айқын сарғаю белгілерімен жеткізілді, аузынан «бауырлық» иіс сезіледі. Жүрек тоны әлсіреген. Пульс ритмді толуы әлсіз, 120 рет минутына. АҚҚ – 110/70 мм.рт.ст. Перкуссияда бауыры қабырға доғасынан 2 см жоғары анықталады. Сарғаюы стационарға түсуге дейін бір күн бұрын пайда болды, ал бір апта бұрын науқаста әлсіздік, буындардың сырқырап ауру сезімі және тәбеттің төмендеуі байқалды.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

* Тыныстың жедел жетіспеушілігі

* Бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігі

* +Жедел бауырлық энцефалопатия

* Жүрек-қан-тамыр жүйесінің жедел жетіспеушілігі

* Инфекция-токсикалық шок

#3

*! 29 жастағы балалар бақшасының тәрбиешісі жедел ауырған: дене қызуы 40°С-қа дейін жоғарлаған, бас ауыруы, көп рет құсу, әлсіздік мазалаған. Тері жабындылары бозғылт. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі және Керниг симптомы - «оң». ҚҚ 90/60 мм с.б., пульс 100 рет/мин. Ауруының 2-ші күні жұқпалы аурулар ауруханасына жолданған. Ол жерде жұлын сұйықтығы зерттеуге алынған: ликвор лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (+++), цитоз 1200 жасуша/мкл (нейтрофилдер - 98%, лимфоциттер-2%. Шұғыл хабарлама жіберілген.

Балалар бақшасында салынатын карантин мерзімі қандай?

* 3 күн

* 5 күн

* 7 күн

* +10 күн

* 15 күн

#4

*! Қабылдау бөліміне 34 жастағы әйел адам түскен, шағымдары: оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі, құсу, буындары мен бұлшық еттерінің ауырус сезімі. Анамнезде: науқас демалыста, бірнеше күн дачада тұрып жұмыс істеген, көптеген шикі көкөністер мен жемістер тағамға қолданған. Объективті: температура 39,0°С. Аңқасында жұмсақ таңдайдың гиперемиясы. Тілі «таңқұрай тәрізді». Беті мен мойыны қызарған. Терісінде көптеген ұсақ дақты-папулезді бөртпе. Пульс 80 рет/мин., ҚҚ 110/70 мм с.б., жүрек тондары бәсеңдеген. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Болжама диагноз: Иерсиниоз.

Этиотропты ем мақсатымен тағайындау ЕҢ тиімді болып табылады:

* Флунол 500 мг 1 раз, peros

* Гентамицин 80 мг 3 рет күніне, б/е

*+ Ципрофлоксацин 500 мг 2 рет күніне

* Пенициллин 1 млн.Ед 6 рет күніне, б/е

* Фуразолидон 0,01 гр. 4 рет күніне, peros

#5

*! Ер адам 50 жаста, оң жақ шынтақ және сол жақ тізе буындарының ауру сезіміне, тершендікке, әлсіздікке, қозғыштыққа шағымдарымен дәрігердің қабылдауына келді. Өзің 2 жыл бойы аурумын деп санайды. Жиі кәуап жиді. Тексеру барысында: оң жақ шынтақ буыныңда сұйықтығы бар ісіну байқалады, сол жақ тізе буындарының ісінуі, қозғалуы ауру сезіммен, көлемі шектелген. Гемограммада: эритроциты 4,3 х 1012/л, гемоглобин - 145 г/л, лейкоциты - 4,0 х 109/л, т/я нейтрофилдер - 1%, с/я нейтрофилдер - 47 %, лимфоциттер - 45%, моноциттер - 6%, ЭТЖ - 9 мм/сағ. Райта реакциясы - 1:200, Хеддльсон реакциясы – оң.

Этиотропты емге қандай антибактериалды терапиялық жүйе ең қолайлы?

* Доксициклин 0,1 г. х 2 рет+ Макропен 0,5 г. х 2 рет

* Доксициклин 0,1 г. х 2 рет + Амоксиклав 625 мг. х 2 рет

* Доксициклин 0,1 г. х 2 рет + Пенициллин 1 млн. х 6 ретб/е

* Доксициклин 0,1 г. х 2 рет + Цефазолин 1г. х 3 ретб/е

* +Доксициклин 0,1 г. х 2 рет + рифампицин 300 мг х 2 рет

#6

*! 37 жастағы еркек, дене қызуы көтерілген, басы ауырады, жалпы әлсіздік мазалайды. Беті қызарған, сол жақ қолтық астындағы лимфа түйіні ұлғайған, үлкен көлемді, ауырмайды, қоғалмалы. Эпид. анамнезі: егістікте мал азығын дайындаған. Сіздің диагнозыңыз?

Диагнозды дәлеллдеу қанадй зерттеу жасау керек:

* Биохимиялық қан анализі

* Коагулограмма

* +Жара мен бубоннан материалды бактериологиялық зерттеу

* Жара мен бубоннан материалдымикроскопиялау

* Зәрді бактериологиялық зерттеу

#7

*!42 жастағы ер адам, қорасында бірнеше қойларынын өлгенін айтады жәнеде жақында бетін сырып алғанын айтады. Объективті: дене қызуы 37,7 °С. Бетінде қара-қоңыр струппен жабылған жара бар, жиегі көтеріңкі және гипериемияланған, ісінген. Науқас бетінің сезімталдығынын төмендегенін айтады. Жақасты, қолтық асты, мойын арты лимфа түйіндері үлкейген, ауру сезімсіз. Берілген процестің локализациясы неменқауіпті: Спецификалық терапия үшін нені тағайындаған дұрыс:

* вирусқа қарсы препарат

* гельминтке қарсы терапия

* қан тоқтататын препарат

* +сібір жарасына қарсы иммуноглобулин

* туляремияға қарсы антибиотик

*Жұқпалы аурулар * 3*1*

#1

*! Әйел адам, 37 жаста, жүктіліктің 25-26 аптасы, инфекциялық ауруханаға ессіз жағдайда айқын сарғаю белгілерімен жеткізілді, аузынан «бауырлық» иіс сезіледі. Жүрек тоны әлсіреген. Пульс ритмді толуы әлсіз, 120 рет минутына. АҚҚ – 110/70 мм.рт.ст. Перкуссияда бауыры қабырға доғасынан 2 см жоғары анықталады. Сарғаюы стационарға түсуге дейін бір күн бұрын пайда болды, ал бір апта бұрын науқаста әлсіздік, буындардың сырқырап ауру сезімі және тәбеттің төмендеуі байқалды.

Науқаста қандай асқыну дамыған?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: