Мінездеме жазу схемасы 5 страница

2. Оқушылар ұжымы деген атау – ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланысты отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады. Оқушылар ұжымының дамуының бірнеше кезеңдері бар:

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан да мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын өмірді талап қоюдан бастау керек. Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор.

Үшінші кезең – белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау.

Ұжымдық шаралар неғұрлым көп ұйымдастырылса, ұжымның беріктігі соншалықты болады. Әрбір шара бір-біріне, қоршаған ортаға, достарына қамқор болуға үйретеді. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетте оқушылар алдарына қойған мақсаттарды орындауда бірігіп ізденеді, жоспарлайды, ұйымдастырады. Шығармашылық іс тек көз алдау үшін жасалмайды, онда балалардың күш-жігері жаңа мүмкіндіктері, ұшқыр ойлары көрініс береді.

«Ұжым» термині латынның «коллективус» - жиын, топ деген сөзінен шыққан. Осыдан ұжым - адамдар тобы екені шығады. Алайда кез-келген адамдар тобы ұжым бола ма? Ұжым ұғымына анықтама беру үшін ұжымның белгілерін анықтау керек.

Педагогикада қолданылатын «ұжым» ұғымының бірнеше белгілері бар:

 Ортақ әлеуметтік мақсаты бар. Жалпы алғанда, мақсат кез келген топта болады. Мысалы, автобустағы жүргіншілерде де, ұрылар тобында да. Бұл жерде қандай мақсат және ол неге байларысты айтылғаны маңызды. Ұжымның мақсаты қоғамның мақсатына сәйкес келуі керек. Мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі керек.

 Мақсатқа жету үшін ұйымдасқан іс-әрекет жасау. Адамдар ұжымға белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігеді. Ол үшін ұжымның әрбір мүшесі белсенді іс-әрекет жасайды. Ұжымның мүшелері іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімімен сипатталады..

 Ұжым мүшелері бір-бірінің қуанышы мен ренішіне ортақтасады.

 Ортақ басқару органын сайлайды. Ұжымда демократиялық қарым-қатынас орнайды.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім де болмайды.

Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер т обына арқа сүйейді.

Сынып жетекшісі қоғамдық пікірді ескеруі тиіс.

Сынып ұжымын ұйымдастыруда ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастырады. Тәрбие істері ұжымдық және шығармашылық сипатта болғандықтан, ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.

Кез келген ҰШІ мынадай кезеңдерден тұрады:

1) мақсат анықтау;

2) жоспарлау;

3) дайындық және ұйымдастыру;

4) жұмысты жүзеге асыру;

5) нәтижені талдау;

Әрбір кезеңді оқушылар бірлесіп іздену арқылы жүзеге асырады.

4.Оқушылар ұжымын әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формаларын түсінуге болады.

Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына қарағанда ерекшелігі:

· Қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған бірлескен іс-әрекеті;

· Ұжым мүшелерінің еркін қарым-қатынас жасауы;

· Ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

· Өзін-өзі сайлау органдарының болуы.

5. Ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыру мекемелері:

1. Мектептен тыс мекемелер орталығы;

2. Балалардың шығармашылық үйі;

3. Балалар мен оқушылар сарайы;

4. Балалар мен жастардың спорт мектептері;

5. Эстетикалық тәрбие орталығы;

6. Балалардың мәдениет сарайлары;

7. Музыка өнер мектептері;

8. Балалардың кітапаналары;

9. Әр түрлі клубтар;

10.  Балалардың сурет голлереялары;

11.  Балалар лагерлері, қоғамдық ұйымдар т.б.

Бұл мекемелердің ұстаздарын үйірме мекемелерін мысалы: геолог, альпинисть ботаник етіп тәрбиелеуді мақсат етеді. Әрбір бала өз туған әсерін сүйе біліп, оны қорғай білсе болғаны. 

6. Оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы сынып жиналысы. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай оған негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырудың оның жұмысының нәтижелі болуы ұсынылды. Оң өзгерістерге бағыттайтын шешім қабылдау.

Сынып жетекшісі оқушыларды жан-жақты білуі қажет. Сыныпты қабылдап алғаннан кейін, сынып жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушылардың мінездемелері, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналысының хаттамалары, денсаулығына қатысты анықтамалармен танысады. Оқушылардың оқуға деген ынтасын білу үшін сабақтарға қатысады. Оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесу арқылы олардың үйдегі өмірін, еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақытын қалай өткізетінін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап біледі.

Зерттеудің нәтижесінде әр оқушыға жеке-дара және жалпы сыныпқа психологиялық мінездеме жазады.

Жеке оқушыға педагогикалық-психологиялық

мінездеме жазу схемасы

І. Оқушы жайлы жалпы мәліметтер

1. Мектебі

2. Сыныбы

3. Оқушының аты-жөні

4. Жасы

5. Ұлты

ІІ. Оқушының тұрмыс жағдайы

1. Отбасы құрамы

2. Ата-анасының қызметі

3. Материалдық жағдайы

4. Отбасында оқушыға деген қарым-қатынас

5. Ата-анасының тәрбиелік әсері

ІІІ. Оқушының денсаулық жағдайы

1. Дене бітімінің дамуы

2. Денсаулық жағдайы

3. Дене тәрбиесі сабағына қатысуы

4. Спортпен шұғылдануы

ІҮ. Оқушының оқу әрекеті

1. Сабақ үлгерімі

2. Қабілеті

3. Есте сақтау қабілеті

4. Ойлау мен сөйлеу ерекшеліктері: оқу материалын түсініп қабылдауы, өз ойын ауызша және жазбаша жеткізуі, талдау жасауы

5. Шығармашылық жұмыспен айналысуы

Ү. Оқушының еңбек әрекеті

1. Еңбекке көзқарасы

2. Таңдаған мамандығы

3. Еңбек сабағына қатысуы

4. Мектепте, үйде еңбекпен айналысуы

ҮІ. Оқушының қоғамдық қызметі

1. Қоғамдық белсенділігі

2. Оқушының ұжымдағы орны, жолдастарымен қарым-қатынасы

ҮІІ. Оқушының тәртіптілігі

1. Мектепте, үйде, мектептен тыс жерлерде өзін ұстауы

2. Жауапкершілігін сезінуі

ҮІІІ. Оқушының жеке психологиялық ерекшеліктері

1. Темпераменті

2. Қабілеті

3. Мінез-құлқы

ІХ. Оқушыға байланысты пікірлер мен ұсыныстар

 

Оқушылар ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме жазу үлгісі

І. Сынып туралы жалпы мәліметтер

1. Сынып

      2. Оқушылар саны

     3. Оның ішінде: ұлдар - қыздар –

     4. Сыныпта «қиын» балалардың болуы

ІІ. Сыныпқа мінездеме

1. Оқушылардың ынтасы, белсенділігі, оқуға деген жауапкершілігін сезінуі. Сыныптағы үлгермеушілердің үлгермеу себептері. Ұжымдағы өзара көмек.

2. Сыныптағы жалпы тәртіп. Тәртіп бұзушылар, ұжымның оларға қатынасы. Сынып белсенділерінің тәртіп орнатудағы ролі.

3. Оқушылардың еңбекке деген көзқарасы. Ұжымның басқа ұжымдармен байланысы.

ІІІ. Сыныптың эстетикалық жағдайы

1. Оқушылардың сыртқы түрі

2. Эстетикалық көзқарасы мен талғамы

3. Музыкаға, театрға, көркем әдебиетке деген қызығушылығы

ІҮ. Сыныптың дене тәрбиесі мен спортқа деген қарым-қатынасы

1. Денсаулығына ерекше қарауды қажет ететін балалардың болуы.

2. Дене тәрбиесі сабағына қатысуы.

3. Түрлі спорттық жарыстар мен туристік жорықтарға қатысуы.

Ү. Ұжым ішіндегі қарым-қатынас

1. Сынып ұжымының қалыптасу деңгейі

2. Белснділерге қысқаша сипаттама

3. Ұжымдағы кемшіліктер

4. Сынып жетекшісінің сынып ұжымын ұйымдастырудағы ролі, оқушылар арасындағы беделі

5. Ұжымды қалыптастыруға байланысты пікірлер мен ұсыныстар

«Ұжым» термині латынның «коллективус» - жиын, топ деген сөзінен шыққан. Осыдан ұжым - адамдар тобы екені шығады. Алайда кез-келген адамдар тобы ұжым бола ма? Ұжым ұғымына анықтама беру үшін ұжымның белгілерін анықтау керек.

Педагогикада қолданылатын «ұжым» ұғымының бірнеше белгілері бар:

 Ортақ әлеуметтік мақсаты бар. Жалпы алғанда, мақсат кез келген топта болады. Мысалы, автобустағы жүргіншілерде де, ұрылар тобында да. Бұл жерде қандай мақсат және ол неге байларысты айтылғаны маңызды. Ұжымның мақсаты қоғамның мақсатына сәйкес келуі керек. Мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі керек.

 Мақсатқа жету үшін ұйымдасқан іс-әрекет жасау. Адамдар ұжымға белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігеді. Ол үшін ұжымның әрбір мүшесі белсенді іс-әрекет жасайды. Ұжымның мүшелері іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімімен сипатталады..

 Ұжым мүшелері бір-бірінің қуанышы мен ренішіне ортақтасады.

 Ортақ басқару органын сайлайды. Ұжымда демократиялық қарым-қатынас орнайды.

Оқушылар ұжымы деп ортақ мақсатқа бірікен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім де болмайды.

Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер т обына арқа сүйейді.

Сынып жетекшісі қоғамдық пікірді ескеруі тиіс.

Сынып ұжымын ұйымдастыруда ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастырады. Тәрбие істері ұжымдық және шығармашылық сипатта болғандықтан, ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.

Кез келген ҰШІ мынадай кезеңдерден тұрады:

1) мақсат анықтау;

2) жоспарлау;

3) дайындық және ұйымдастыру;

4) жұмысты жүзеге асыру;

5) нәтижені талдау;

Әрбір кезеңді оқушылар бірлесіп іздену арқылы жүзеге асырады.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқушылар ұжымы дегеніміз не?

2. Ұжымдық тәрбие істері дегенді қалай түсінесіз?

3. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білуі.

4. Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымын тәрбиелеу жолдары.

5. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастырылуы.

6. Жеке оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме жазу үлгісі

қандай?

 7. Оқушылар ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме

жазу үлгісі қандай?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

   1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

   2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

   3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

   4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

   5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

    1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

    2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

    3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

    4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

   7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

       обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

         8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

         9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

        10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының 

               қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Лекция № 8.

Тақырыбы: Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізетін

жұмыстарының жүйесі.

Жоспары:

1. Қиын балалар, девиантты (деликвентті) мінез-құлықты балалар ұғымына түсініктеме.

 2. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы психологиялық жəне педагогикалық мəселе ретінде.

3. Қиын балаларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыстар.

Лекция мақсаты: сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізетін

жұмыстардың жүйесіне талдау жасау.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағадайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1986ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты – қиын балалардың өмірін нақтылау. П.П.Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға педагогтың қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көрді. Бұл балаларға былайша мінездеме берді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, ол педагогтың жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен әлеуметтік педагогқа жұмыс істеу өте қиын, әлеуметтік педагогтен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы».

Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс әрекеті, мінез құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге және одан күтілетін әрекеттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуі.

Девиантты мінез құлықты әлеуметтанулық тұрғыдан ең алғаш болып Э.Дюркгейм түсіндірді. Ол әлеуметтік және мәдени факторлардың мәнін ашатын “аномия” түсінігін ұсынды. Аномия -қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.

Сонымен қатар, девиантты мінез құлықты зерттеген Р.Мертон болып табылады. Р.Мертон девиацияның себебі қоғамның мәдени мақсаттары мен оған қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдары арасындағы алшақтықта деп санайды. Р.Мертонның пікірі бойынша адамдар алдына мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін түрлі жолдарды таңдайды. Мәселен, жақсы немесе жаман жолдар. Жақсы жолмен мақсатына жете алмаған адам жаман жолмен жетуі мүмкін, бұны да девиацияның бір түріне жатқызуға болады.

Девиация – көпшілік мойындаған әдеттік ережелерден ауытқу;
Деликвенттілік – заң бұзушылық, қылмыс жасау;
Негізге алынатын факт ретінде, девиантты мінез-құлық - бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құбылыс. Аталған құбылыс пайда болғанда тарихи, макро əлеуметтік, əлеуметтік-психологиялық жəне жеке тұлғалық факторлар бірлесе əрекет етеді. Сондықтан да девиантты құбылыстардың себептерінің жиынтығын зерттеу пəнаралық ғылыми міндетті қамтиды. Ғылыми пəндер салаларының ешқайсысында да осы құбылыстарды түсіндіруге жəне олардың қоғамдық əрекеттерінің алдын-алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдық құралдар жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: əлеуметтану, психология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика жəне т.б. девиантты құбылыстардың барлық «өлшемдерін» тұтас талдай жəне алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де («предевиантты синдромды» сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тəсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді. Осы бөлімнің міндеті «мінез-құлықтағы ауытқушылық (девиация)» ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, əлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-əрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданылады. Девиантты мінез-құлықтың тəртіпке қарсы түріне оқу-тəрбиелеу мекемелерінде қалыптасқан режим мен тəртіпті бұзу жатады, мысалы: сабақтан күнделікті қалу, оқу тапсырмаларын орындаудан бас тарту жəне т.б.

Антиəлеуметтік мінез-құлыққа мінез-құлықтың көпшілік мақұлдаған өнегелі нормаларын мойындамау мен орындамауға байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек əрекеттерінен бас тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды қолдануды жатқызуға болады.

«Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кəмелетке толмағандар құқықты бұзу əрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған — біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды заң бұзушы əрекеттер жатады. Бұндай жағдайда емдеу мен оңалту мақсатында дер кезінде диагностика жасау, сонымен қатар мінез-құлықтың бұзылуының ең ауыр формалары мен баланың жеке тұлғалық дезадаптациясының алдын алу қажет. Оларға əртүрлі

этиологияның көптеген психикалық күйлері, есалаңдықтың жəне мінез акцентуациясының кейбір формалары, тұлғаның психогенді шартты патомінездік жауаптары жатады.

Мінез-құлықтың патологиялық емес формаларына микро-əлеуметтік қараусыз қалу жəне бас тартудың, қарсы шығудың, имитацияның ситуативтік мінездік реакциялары, құрдастарымен топтасу, үйден қашу, құмарлық, сексуалды құштарлық, жас кезінен жезөкшелікке салыну жəне т.б. жатады. Тəрбиелеудің қолайлы жағдайларында жасөспірімдердің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктеріне лайық əлеуметтік жағымды əрекеттің көмегімен жоюға болады. Əлеуметтік қолайсыз жағдайларда бұл ерекшеліктер зиянды ықпалды өршітіп, негативті бағыт алады. Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге жəне тұлғалық дамытуға қатысты бірыңғай тəсіл жоқ. «Қиын жасөспірім» ұғымының өзі кең тараған əлеуметтік стереотип формасына ие болған. Ең алдымен «қиын» ұғымы мен «тəрбиелеуге қиын» ұғымының ара жігін ашу қажет. Тəрбиелеуге қиындыққа тəрбиелеу əрекетіне қарсылық көрсету жатады. Тəрбиелеуге қарсылық көрсету əртүрлі себептерден туындайды, соның ішінде ақыл-ой жəне физикалық дамудың ауытқулары, педагогикалық қателіктер, қандай да бір əлеуметтік рөлге əлеуметтік бейімделу қиыншылығы, мінез ерекшеліктері, темперамент жəне басқа да тұлғалық ерекшеліктер мен асоциалды мінездің ауытқуы тəрбиелеуге қарсылық көрсетудің себептері бола алады. Тəрбиелеу əрекетіне қарсылық білдіру тек əлеуметтік қараусыз қалумен, жасөспірімнің мінез-құлқы мен санасындағы ауытқуларға байланысты ғана емес екендігі белгілі. Ол педагогикалық қателіктердің, оқыту мен тəрбиелеу үрдісінде жеке тұлғалық əдіспен жұмыс істей алмаудың салдарынан туындауы мүмкін. Мəселен, аса дарынды оқушы өзінің өз бетінше ойлау қабілетімен, үйреншікті шешімдермен, жекелеген құбылыстарды түсіндірумен келіспеушілігімен, дауласуға, қарсы шығуға бейімділігімен педагогқа қиындықтар тудыруы мүмкін. Оқу үрдісінде туындаған дау-жанжал педагогпен өзара қарым-қатынасқа өтіп, тəрбиелеуде қиындық тудырады.

«Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар жəне ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік жəне əлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды.

«Қиын баланың» мінезіндегі ерекшеліктер:             

1. Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір көшелік субмəдениетке, яғни белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмастырады жəне оның əлеуметтену үрдісін бағыттайды;

2. Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тəрбиелеу жұмыстарына белсенді қарсылық білдіру, əлеуметтік құндылықтарды қабылдамау. Ол тек нашар оқып, ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтып қана қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;




Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: