Мінездеме жазу схемасы 7 страница

Кәсіптік іріктеу мәселесімен арнайы орта жіне ЖОО, әртүрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін жастарға әртүрлі талаптар қояды. Кәсіпорындар жастарды жұмысқа іріктеп алады. Кәсіптік іріктеудің мақсаты - жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдығы не жарамсыздығын анықтау. ол үшін адамның жағымды, жағымсыз жақтарын білумен қатар, оған мамандық қоятын талаптарды білу керек. Оған байланысты профессиограмма жасалады. профессиограмма - белгілі мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу, жазу. Профессиограмманы құруға педагогтар, психологтар, физиологтар мен дәрігер мамандар қатысады.

Кәсіптік адаптация - жастардың еңбек ету жағдайына бейімделуі.

Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысымен бүкіл ұжым айналысады. Сынып жетекшісі сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлайды, ақпараттарды ұйымдастырады. Пәе мұғалімдері өз сабақтарында еңбектің әр түрімен таныстырады. Кітапханашы мұғалімдерге, сынып жетекшісіне көмектеседі. Мамандық туралы кітаптар, мақалалар көрмесін, оқырмандар конференциясын, тақырыптық кештер ұйымдастырады, кәсіптік бағдар беру мәселесіне байланысты библтография жасайды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлайды, кәсіптік бағдар беру кабинетін ұйымдастырады, онда анықтамалық материалдар жинайды, сынып жетекшісіне оқушыға психолого-педагогикалық мінездеме жазуға көмектеседі, кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізеді,

Мектеп директоры барлық жұмысқа жауап береді. ол кәсіптік бағдар беру жұмысын басқарады, бақылайды.

4.  12 жылдық білім беру басты ерекшілігі –баланың жан-жақты дамуына өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне,әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықрал ететін,өзін-өзі танып,келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға,қоғамның экономикалық,мәдени,саяси,өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психолгиялық педагогикалық институт ретінде қалыптасады.

12 жылдық білім беру өзгерістер мен жүйесіне көшу-қоғамдағы өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастырады.Көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіптік бағдар беру дегеніміз не?

2. Кәсіби бағдар берудің мазмұны.

3. Кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру әдістемесі.

4. Кәсіби бағдар берудің жүйесі қандай?

5. 12 жылдық білім берудің басты ерекшілігі.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

   1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

   2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

   3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

   4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

   5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

    1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

    2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

    3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

    4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

   7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

       обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

         8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

         9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

        10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының 

               қалыптасуы. – Алматы, 1976.

 

 Лекция№ 12.

 Тақырыбы: Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы.

Жоспары:

1. Отбасы - тәрбие факторы.

2.Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері.

3.Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.

4. Педагогтар, оқушылар және ата-аналардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру әдістемесі.

Лекция мақсаты: оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарының мазмұны мен міндеттері бойынша білім негіздерімен қаруландыру, талдау жасау.

  Лекция мәтіні (қысқаша):

В.А.Сухомлинскийдің оқушылардың ата-анасымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударған.

Тек ата-анасымен бірге жалпы күшті жігерлерді біріктіру арасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі мүмкін дейді.Сондықтанда педагогикалық әрекетке мектептің жалпы міндеттердің көлеміне қарамастан ата-аналардың маңызы ерекше.

Отбасы тәрбиесi – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналармен жанұя мүшелерiнiң тарапынан жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Әлеуметтiк, отбасы және мектеп тәрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенiң мектеп тәрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ол сол мәселенiң әлеуметтiк жағдайлары әлеуметтiк педагогиканың үлесiнде. Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тәрбиеленiп жатқан адамның тән дене және рухани дамуына әсер етушi ықпалдар мәнi мен мағынасының тереңдiгiне тәуелдi келедi. Бала үшiн отбасы бiр жағынан – тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан тәрбиелiк орта. Баланың алғашқы өмiрi жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлармен кейiнгi жас кезеңдерiндiе болатын ықпалдардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзi де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос – жарандар да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келiп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелiлiгi ең алдымен отбасына тәуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелiк ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани- адамгерщiлiк, еңбектiк тәрбиесiнiң өнiмi де жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi заңдылыққа тәуелдi: жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесi мен оның нәтижесiне болар отбасы тәрбиесiнiң күшi мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелiк шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениеттi елдер ұстанған бұлжымас ереже.

Неке мен отбасыға деген көзқарас, халықтық және ұлттық үрдiстердi естен шығару инабаттылық принциптерiнен тайғу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдiк, iштей тәртiптiң болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең ажырасулар – бәрi де отбасындағы бала тәрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi.

Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесiк. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесiгiңдi түзе» - деп ұлы ұґлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк және әлеуметтiк бағыт- бағдар түзiледi. Отбасыда өз ретiмен қарапайым да жеңiл шешiлiп жатқан көптеген проблемалар, есейген ересек шақта бiтiскен шырқалаң күйге түсiп жататыны баршаға аян.

Жоғары да әңгiме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесiдей қорытындылар жасауға болады:

- отбасы ықпалы басқа тәрбиелiк әсерлердiң бәрiнен де күштiрек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуi мүмкiн де, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды;

- Отбасы тұлғаның әлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тәндiк, моральдық және еңбектiк тәрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады.

Қоғамның азамат мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi:

Отбасының аса маңызды әлеуметтiк қызметтерi – азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерiн кемелдендiру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру.

Отбасы - бала алғаш өмірге келіп, ең алғашқы сөзін айтатын, тәй-тәй аяғын басатын ортасы. Отбасындағы тәрбие баланың дамып қалыптасуындағы маңызды фактор. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» деген халық мақалында айтылғандай, баланың болашақта қандай адам болатыны отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-ананың берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Егер отбасындағы жағдай бірқалыпты, ата-анасы бір-бірін сыйлап, ақылдасып әрекет етсе, бала да ертең өзінің отбасын солай құрады. Алайда кейбір отбасында теріс қылықтар да көрініп қалады. Бұл балаға кері әсерін тигізеді.

Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарады:

1. Репродуктивтік - баланың туылуы.

2. Тәрбиелілік - отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелік жағдай жасау.

3. Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.

4. Коммуникативтік - отбасылық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.

5. Рекреативтік - іс-әректті ұйымдастыру.

Обасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы конвенция" маңызды негізгі құжат болып табылады. Конвенцияда: "балаға, дене жағынан және ақыл ойы жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау қажет", - деп жазылған.

Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажеттін" орындамаған жағдайда өз құқықтарынан айрылады.

ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:

1. Неке мен жанұя, аналық, әкелік, және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.

2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті.

3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.

1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған "Неке және отбасы туралы" Заңның 52 тарауында былай делінген: "Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар".

Мектеп пен ата-аналардың бірлесіп атқаратын жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен іс-әрекеті бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. сынып жетекшісі мектеп пен отбасының арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сынып жетекшісінің ата-аналармен тығыз жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қажет етеді. Ата-аналармен жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

· Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату;

· Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету;

· Ата-аналар ұжымын құру;

· Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесін мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;

Осы міндеттерге сай сынып жетекшісі келесі бес қызметті атқарады:

1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен таныстыру;

2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу;

3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру;

4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру;

5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс;

Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастырады және басқарады. Мектептің басшылығымен ата-аналармен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар: ата-аналар жиналысы, педагогтардың оқушының үйіне баруы, насихат жұмысы, ата-аналар комитетінің жұмысы, т.б.

Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты ата-аналардан құрылған қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпымектептік ата-аналар комитеті) және сыныптық (сыныптық ата-аналар комитеті) жиналыстырда сайланады. Ол 5-6 адамнан (төрағасы және негізгі міндеттерді бөліп алған мүшелерден) тұрады. Ата-аналар комитеті мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие шараларын ұйымдастыруға, өткізуге көмектеседі.

Ата-аналар жиналысы немесе конференциясы жалпы мектеп бойынша, не сынып бойынша өтеді. Онда отбасы мен мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің маңызды мәселелері талқыланады. Жалпымектептік ата-аналар жиналысы жылына екі не үш рет өткізіледі. Сынап ата-аналар жиналысында сынып өмірі, оқу үлгерімі, тәртібі туралы ақпараттар беріледі.

"Ашық есік" күндері ата-аналар сабақтарға қатысады, балалардың сабақтағы белсенділігін бақылайды, оқушылардың өнерін тамашалайды, т.б.

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі.
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті аткаруы тиіс.
1. Ата-аналарды сыныптағы оку-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәлімімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шакыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-аналарды таныстырады.

2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлкын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктіктің болмауына сенімдерін орныктырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық -педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.
Осы орайда әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибссіндс ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал етуөорісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әртүрлі формаларын қолданылады:
- сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш,спорттық жарыстар т.с.с);

- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы. Наурыз оушылардың жазғы демалысын өткізу т.б,);
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.

- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға;

- мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;

- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек көрсету т.б.
4. Отбасы тәрбиесіне ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділермен жұмыс жәнс ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылыкпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, көлкабыс көрсетуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері. 1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. 3. Ата–аналар ұжымын құру. 4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.

Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары: тәрбиелік-дамытушылық; қалыптастырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық; хабарламалық. Міндеттер: ата- аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру; ата – аналарды педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру; ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.

Сынып жетекшісінің ата – аналармен қарым – қатынасының формалары.

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары: ата- аналар жиналысы; жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар; ұстаздың жеке ақыл-кеңесі, әңгімесі; оқушылардың үйін аралау; ата – аналар университеті; ашық есік күні.

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары: тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме; ата-аналар оқуы; ата-аналар кеші; ата- аналар тренингі.

 

 

Сурет 1. Мектеп педагогикалық ұжымы ата-аналар қауымымен бірлесіп жүргізетін жұмыстар

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесін қалыптастыруда сананы қалыптастыру, іс-әрекет ұйымдастыру, ынталандыру әдістері және ата-аналар жиналысы, т.б. сынып және сыныптан тыс сағаттар, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасы - тәрбие факторы.

2.Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері.

3. Отбасы тәрбиесінің негізгі қызметтері.

4. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.

5. Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым – қатынас жасау жолдары.

6. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формалары.

Әдебиеттер тізімі:











Негізгі

 1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

 2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

 3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

 4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

 5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

 1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

 2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

 3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

 4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

 5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

 6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының  

      қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Лекция № 13.  

Тақырыбы: Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары.

Жоспары:

1. Балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің түрлері.

2. Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.

3. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.

 Лекция мақсаты: оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері туралы талдау жұмысын жүргізу.

 Лекция мәтіні (қысқаша):

1. Балалар ұйымдары — балалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары; қоғамдық ұйымның айрықша түрі, келесі белгілері ие болады: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жұзеге асыруына бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы; ұйымға еркін ену және одна еркін шығу; бекітілген мұшелілік; ұйымдастырылған өзіндік, өзін-өзі басқару, бірлескен әлеуметтік шығармашылық; ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын нақты айқындалған құрылым; барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлерін, формалары мен жолдарын таңдау құқығы); оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы; жарғының, бағдарламаның, ереженің болуы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: