Мінездеме жазу схемасы 12 страница

· Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, студенттер алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді. 

· Студенттің өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.

2. Бақылау функциясы:

· Студенттердің білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта студент бағдарлама бойынша бақылау жұмыстарын, СӨЖ тапсырмаларын тапсырады.

· Неғұрлым жоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.

Кейбір студенттер, әсіресе 1-курстағылар өздігінен білім алуға әлі дайын болмайды. Біреулері көмек сұрамайды, екіншілері өздерінің оқудағы кемшілігінің себебін білмейді, үшіншілері өздерінің жұмыстағы кемшіліктерін көрмейді. Тек оқытушының басшылығымен, оқытушымен бірлесіп қана туындаған қиындықтан шығатын жолды табуға болады.

СОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын студенттер үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті студенттердің оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де СОӨЖ жүргізіледі.

СОӨЖ жүргізудің формалары әр түрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше студенттер сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының студенттермен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда студенттердің оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері - СОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. СОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн. 

СОӨЖ әр сабағына қажетті көрнекі құралдар дайындалады (кейстер, рольдік ойындар, тестілер, кроссвордтар, т.б.). Олар кезінде лекцияда көрсетуге мүмкін болмаған материалдар және кейбір сұрақтарды кеңітіп тереңдетеді, ұсынылған жағдаяттарды талдауға, қойылған міндеттерді шешуге, шешім қабылдауға көмектеседі.

Оқытушыда СОӨЖ тиімді өткізуге қажетті әдістемелік материалдар, әдебиеттер жеткілікті болуы керек.

СОӨЖ тапсырмалары      

СОӨЖ –ның оқу-тақырыптық жоспары

СОӨЖ тақырыптары СОӨЖ сағ Оқу және әдістемелік әдебиеттерге сілтеме (нег. және қос.) Басқа көздер (сайттар, электр. оқулықтары)
1  Тәрбие процесінің мәні 1. Тәрбие әдістері 2. Тәрбие әдістерін жіктеу. 3. Өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу. 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8 Бабаев С. Жалпы педагогика. Астана, «Нұр-Пресс», 2006. Эл.оқулық
2 Тәрбиелік жүйе 1. Тәрбиелік жүйенің мәні 2. Тәрбиелік жүйенің дамуы. 3. Тәрбиелік жүйеге қойылатын талаптар. 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8 Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, А. 1984    
3 Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы процесіндегі педагогикалық қолдау 1. Тәрбие жұмысы барысындағы педагогикалық қолдау 2. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері. 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8 С.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. - Алматы: Дарын, - 2006. - 152 бет. Эл.қор.  
4 Тәрбие технологиясы 1.Инновациялық технологиялар және оларды тәрбие үдерісте қолданудың жолдары (тәрбие жұмысы бойынша сабақ жоспарларын жасау) 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8 Бабаев С. Жалпы педагогика. Астана, «Нұр Пресс», 2006. Эл.оқулық  
5 Тәрбие жұмысын жоспарлау 1. Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысына қойылатын талаптар 2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жолдары 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 2 С.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. - Алматы: Дарын, - 2006. - 152 бет. Эл.қор.
6 Сынып жетекшісінің қызметі 1. Сынып жетекшісінің қызметіне қойылатын талаптар 2. Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны (қоғамдық талаптарға сәйкестілігі) 3. Тәрбие жұмысының формалары Тәрбие сағатының формалары Сынып жиналысы 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8 С.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. - Алматы: Дарын, - 2006. - 152 бет. Эл.қор.  
7 Сынып ұжымын қалыптастыру әдістемесі 1. Сынып жетекшісінің оқушыларды зерттеу әдістері 2. Оқушылар ұжымын зерттеу, ұжымды тәрбиелеу жолдары 3. Оқушылардың өзін өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру жолдары 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 Бабаев С. Жалпы педагогика. Астана, «Нұр Пресс», 2006. Эл.оқулық  
8 Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі 1. Қиын балалардың пайда болу себептері 2. Қиын балалармен жүргізілетін жұмыстар 2 Н.Ә. 1,2,3,4. Қ.Ә. 7,8,9һ     С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы.-Алматы:Дарын,-2006.152б. 2.Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика.Алматы.2004.Б.86-92.  
9 Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі 1. Дарынды балалардың ерекшелігі. 2. Дарынды балалармен жұмыс жүргізілетін жұмыстар 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 Жұмабаев Ә. Қиын оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері. А. 1974  
10 Салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі 1. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру. 2. Салауатты өмір салтты қалыптастыруға бағытталған тәрбие сағатын ұйымдастыру 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 С.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. - Алматы: Дарын, - 2006. - 152 бет. Эл.қор.
    11 Кәсіби бағдар беру жұмысының әдістемесі 1. Кәсіби бағдар берудің маңыздылығ 2. Кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру жолдары 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 С.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2006. – 152 бет. Эл.қор.  
12 Ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы 1. Отбасы - адам баласының ең алғашқы ұжымы 2. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 1)Мұқытова Ж.К. Отбасынтану. Кокшетау,2010. Эл.ресурс. 2)Жұмадуллаева А.А. Отбасы-некелік тәрбие негіздері.Алматы,2008.-146б. Эл.диск
13 Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары 1. Қоғамдық балалар, жастар ұйымдарының іс-әрекеттері, негізгі бағыттары. 2. Мектепе пен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары іс-әрекеттерінің бірлігі 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика.Алматы.2004.Б.86-92.  
14 Оқушының тәрбиелілігін диагностикалау әдістемесі 1. Оқушы тәрбиесі және оны зерттеу әдістері 2. Тәрбиені диагностикалау жолдары 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 С.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2006. – 152 бет. Эл.қор.
15 Тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру 1. Сынып жетекшісінің білімін жетілдіру жолдары 2. Тәрбие жұмыстарына жаңашыл идеяны енгізу 2 Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9 С.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2006. – 152 бет. Эл.қор.

№1. Тәрбие процесінің мәні.

1. Педагогика оқулықтарынан тәрбиенің анықтамасын жазып алу.

2.Тәрбиенің қоғамдық құбылыс екенін мысалдар арқылы дәлелдеу.

3.Тәрбиенің қазіргі кездегі мақсаты қандай?

4. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты схема арқылы көрсету.

5.Тәрбиенің ұзақ әрі үздіксіз екенін дәлелдеу.

   6. Тақырыптың мазмұнын графикалық кесте түрінде беру.

№2. Тәрбиелік жүйе

1. Педагогика тарихы оқулығынан ертедегі тәрбие жүйелерінің сипаттамасын жазу.

2. Мерзімді баспасөз материалдарын қолданып, қазіргі кездегі тәрбиелік жүйеге сипаттама беру.

3. Тәрбиелік жүйенің құрылымын схема түрінде көрсету.

 

№3 Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы процесіндегі педагогикалық қолдау.

1. «Тәрбие жұмысында педагогикалық қолдаудың ммаңыздылығы» баяндама жасау.

2. ҮПП педагогикалық қолдау көрсетілуін қадағалау, талдау жасау.

№4 Тәрбие технологиясы.

1. Тәрбие технологиясы дегеніміз не?

2. Тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану жолдары реферат жазу.

№5 Тәрбие жұмысын жоспарлау

  1.Қазіргі қоғамдық жаңару үрдісінде жалпы мектептің немесе жекелеген сыныптың тәрбие жұмыстарының мақсатын ұлттық мәдениетпен жалпы адамзаттық, сондай-ақ ұлттық адамгершілік құндылықтарды игеру негізінде үлгісін құру.

«Қорғау жұмыстары».

2. Қандайда бір мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың мектепішілік тәрбие жоспарымен танысып, оған талдау жүргізу.

«Жобалау».

3. Қандайда бір сыныпқа арналған тоқсандық тәрбие жоспарының үлгісін құру.

№6. Сынып жетекшісінің қызметі.

1. Дискуссия: а) Сынып жетекшісі қажет. б) Сынып жетекшісі қажет емес. (көзқарастар, пікірлер, қорытындылар, фактілердегі қарама-қайшылыққа назар аудару).

2.”Қазіргі кезде оқушылардың ортаға әлеуметтік бейімделуі проблемалары” тақырыбы бойынша конс пект құру.

«Дебат».

3. Сынып жетекшісінің белгілі бір сыныпта тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру әдістемесіне негіздеме жасау.

«Жобалау».

4.Сынып жетекші жұмысында оқушы отбасымен педа гогикалық жұмыстың жүйесінің кестесін жасау.

№7 Сынып ұжымын қалыптастыру әдістемесі

1. «Ұжымды қалыптастырудың жолдары» реферат жазу.

 2. И.П.Иванов бойынша ұжымдық шығармашылық істеріне сипаттама беріңіз.

3. Балалар ұжымында жеке оқушымен жұмыс істеу жолдары қандай?

4. Сыныпқа мінездеме құрастыру.

 

№8 Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі.

1. Қиын балалар дегенді қалай түсінесіз?

2.  Девиантты, деликвентті ұғымдарына сипаттама беріңіз.

3. Қиын балалармен жұмыс істеу жолдарын көрсетіңіз. (кесте т.б)

№ 9 Дарынды балалармен жұмыс әдістемесі.

1. Дарынды балалар дегеніміз қандай балалар?

   2. Тақырып бойынша баяндама немесе реферат дайындаңыз

 

№ 10 Салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.

1. Салауатты өмір салты туралы әр түрлі авторлардыі пікірлерін жазып алыңыз, оларды салыстырыңыз.

2. Салауатты өмір салты орталығының жұмысымен танысыңыз.

3. Тәрбие сағатының сценариін құрыңыз

4. Тақырыпқа байланысты реферат. Баяндама дайындаңыз.

№11 Кәсіби бағдар беру жұмысының әдістемесі.

1. Кәсіби бағдар ұғымына анықтама беріңіз.

2. Кәсіби бағдар беруге байланысты кәсіптік білім, кәсіптік адаптация, кәсіптік іріктеу ұғымдарына анықтама беріңіз.

3. Кәсіби бағдар беруге байланысты сауалнама құрастырыңыз.

№12 Ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы.

1. Ата аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны.

2. Ата аналармен жүргізілетін жұмыста сынып жетекшісінің қызметі мен міндеттері.

3. Қазіргі кездегі отбасы тәрбиесіндегі проблемалар.

4. Мектеп пен отбасының байланыс формалары.

5.  Ата-аналарға арналған бала тәрбиесі туралы анкета сұрақтарын құрастыру.

6. Ата-аналарға арналған баяндама дайындау.

№13 Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары

1. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері сынып оқушыларын тәрбиелеуші және дамытушы орта» реферат жазу.

2. Қазіргі кездегі балалар мен жастардың бірлестіктері: түрлері, құрылымы, бағыттары, мазмұны.(сипаттама беріңіз).

3. Балалардың бейресми ұйымдары мен бірлестіктері. Баяндама жасау.

№14 Оқушының тәрбиелілігін диагностикалау әдістемесі.

1. Диагностика дегеніміз не?

2. Әртүрлі әдістерді қолданып өзіңіздің тобыңыздың тәрбиелілік деңгейін зерттеңіз.

   3. Үзіліссіз практика барысында белгілі бір сынып оқу шыларына арнап диагностикалық зерттеу жұмысын жүргізу, оның нәтижесіне арналған баяндама әзірлеу.

  4.Қандайда бір оқушы тұлғасына арнап психология лық-педагогикалық портрет құру. «Жобалау».

  5.Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының тәрбиелік жүйесінің диагностикалық картасын жасау.

№15 Тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: