БЦЖ вакцинасын салу алгоритмі

Билет -1

1. Ситуациялық есеп:

 Стационарға  емделуге 11 жастағы қыз бала түсті. Бас ауруына, айналуына, ұйқының бұзылуына, жалпы әлсіздік, сол құлақтың ауыруына шағымданады. Өзін апта бойы ауырды деп санайды, алғаш рет  температурасы 37,2 ºС дейін көтерілді, жұтқыншағында қызару, мұрыннан су ағуда. Кейін жағдайы нашарлап, сол құлақтың ауырсынуы пайда болды, құлақтан серозды бөлініс бөлінеді. Жоғарыда аталған шағымдар вирустық инфекциядан кейін пайда болды.
   Қарағанда: жағдайы орташаға жақын, өзін нашар сезінеді. Терісі бозғылт, температурасы 38,8 ºС, тыныс алу жиілігі минутына 30, пульсы минутына 160 соққы, қан қысымы 110 мм.с.б. Жұтқыншақтың жеңіл гиперемиясы, мұрыннан серозды бөлініс, сол жақ құлақтан серозды бөлініс бар. Ішкі ағзалары еш өзгеріссіз.

Тапсырмалар

1. Қанағаттанулары бұзылған қажеттіліктерін анықтаңыз.

2. Пациенттің мәселелерін анықтаңыз.

3. Мейіргерлік болжамды диагноз қойыңыз.

4. Пациенттің негізгі мәселелері бойынша мейіргерлік күтім көрсету мақсаттары мен жоспарын анықтаңыз. Мейіргерлік араласу шараларының әр бөлігіне түсініктеме беріңіз. 

5. Қортындысын бағалаңыз.

 2. Құлақ маңына жылытқыш компрессін қою алгоритмі.

Оқытушы: Мынбаева А.Т.

 

 


Билет -1

 

                                          Эталон жауабы Толық жауап 1 Толық емес жауап 0,5 Жауап  дұрыс емес 0
1 Пациенттің келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған:Сау болуға, температурасын ұстап тұруға, ұйқыға, оқуға, қарым- қатынасқа.      
2 Негізгі мәселесі:Құлақтың ауырсынуы, температураның көтерілуі.      
3 Қазіргі уақыттағы мәселесі:Сол құлақтың ауыруы, құлақтан серозды бөлініс, бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, температураның көтерілуі, жұтқыншағында қызару, мұрыннан су ағу.      
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері:Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының қабынуы, мұрынның шырышты қабынуы, иммунитеттің төмендеуі.      
5 Мейіргерлік  диагнозы: Құлақтың ауырсынуы, температураның көтерілуі.Сол құлақтың жедел отиті.      
6 Қысқа мерзімді мақсат:Науқастың жағдайын 1-2 күнде  жақсарту      
7 Ұзақ мерзімді мақсат:Температураны қалыпқа келтіріп, отиттің емделуіне көмектесу(1-2апта).      
8 Коммуникативті дағдыларды қолдану:Амандасу, танысу, анамнез жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, көзбен көріп сойлесу, іс- әрекеттерімізді түсіндіру, мадақтау, кері байланыс, қоштасу.      
9 Негізгі мәселені жоюға бағытталған шара:Дәрігерді шақыру,дене қызуын физикалық әдіспен түсіру, құлағын тазалау,тыныштықпен қамтамасыз ету, тамақтандыру, бөлмені желдету,көп мөлшерде сұйықтық беру. Қазіргі уақыттағы мәселелерді жоюға бағытталған шаралар:дәрігердің нұсқауымен софрадекс,антибиотик, пеницилин, цефазалин,жылыту компрессін,дене қызуын түсіруге парацетамол, аспирин, панадол, ибуфен, цефекон балауызын қолдану.      
10 Қорытындысын бағалау:Термометрия жүргізіп, баланың жалпы жағдайы жақсарды. Қойылған мақсат орындалды.      
                                   Барлығы      

     

 

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

 

ЦМК отырысында қарастырылды                                                                              Бекітемін

   Хаттама  № 3                                                                                                       Директордың ОІ бойынша орынбасары                                                                                         

  «08»  11 2019 ж.                                                                                                Хаттама № 2

  ЦМК төрағасы:                                                                                                     «_ 25  » 11 _2019 ж

  Мынбаева А.Т.                                                                                                       Артыкова С.Ж.______________

 

Бiлiм алушыларды аралық аттестаттауға арналған емтихан билеттері

 «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәніне арналған

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033  «Жалпы тәжірбиедегі мейіргер»

                                         

Билет-2

 

1.Ситуациялық есеп

10 жастағы бала мына шағымдармен қаралды: сол жақ тізе буындарының ауырсыну себебінен орнынан тұра алмайды, аяқ қалпын ауыстыра алмайды,оған дейін 3-4күн бұрын оң жақ тобық буындарында ауырсыну мазалаған. Анамнезінде: 3апта бұрын баспамен ауырған.
   Қарағанда:тері жамылғысы бозарған, таза, көзінің астында көгерулер, температурасы 37,8С, пассивті төсек қалпы. Сол жақ тізе буынында ыстық сезінулер,домаланған қалыпта, көлемі ұлғайған,ауырсынумен қимылдайды. Пульсі 100рет минутына, ТАЖ 22рет минутына, ішкі ағзалаларында өзгеріс жоқ.

 

Тапсырмалар

1. Қанағаттанулары бұзылған қажеттіліктерін анықтаңыз.

2. Пациенттің мәселелерін анықтаңыз.

3. Мейіргерлік болжамды диагноз қойыңыз.

4. Пациенттің негізгі мәселелері бойынша мейіргерлік күтім көрсету мақсаттары мен жоспарын анықтаңыз. Мейіргерлік араласу шараларының әр бөлігіне түсініктеме беріңіз. 

5. Қортындысын бағалаңыз.

2.Гипертермия кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритімі және дене температурасын қолтық асты және шат қыртыстарында өлшеу алгоритмі.

Оқытушы: Мынбаева А.Т.

                                          Эталон жауабы Толық жауап 1 Толық емес жауап 0,5 Жауап дұрыс емес 0
1 Пациенттің келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған:Сау болу, температурасын ұстап тұру, ұйқы, оқу, қарым- қатынас, ұйқысының бұзылуы, қозғалу.      
2 Негізгі мәселесі:Буындардағы ауырсыну, температураның көтерілуі.      
3 Қазіргі уақыттағы мәселесі:физикалық қимыл белсенділігінің шектелуі,буын ауыруы, қызба.      
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері:буын деформациясының бұзылуы,жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары,бүйректегі өзгерістері      
5 Мейіргерлік диагнозы:температураның жоғарлауы,буындардың ауырсыну. Ревматизм, белсенді фаза, полиартрит      
6 Қысқа мерзімді мақсат:Науқастың жағдайын 1-2 күнде жақсарту      
7 Ұзақ мерзімді мақсат:Температураны қалыпқа келтіріп, ауырсынуды басу(1-2апта).      
8 Коммуникативті дағдыларды қолдану:Амандасу, танысу, анамнез жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, көзбен көріп сойлесу, іс- әрекеттерімізді түсіндіру, мадақтау, кері байланыс, қоштасу.      
9 Негізгі мәселені жоюға бағытталған шара:дәрігерді шақыру, дене қызуын өлшеу, тыныштандыру,сұйықтық беру,төсек тәртібі, тамақтандыру. Қазіргі уақыттағы мәселелерді жоюға бағытталған шаралар:дәрігердің нұсқауымен этиатропты ем:пеницилин,бицилин-5, вольтарен,салицилаттар,глюкокортикоидтар, симптомды ем:жүрек гликозидтері, эуфиллин,диуретиктер, кардиотропты дәрілер.В тобының витаминдері тағайындалады, физиотерапиялық ем қолданылады.      
10 Қорытындысын бағалау:Аяқтағы ауырсыну азайды. Жалпы жағдайы едәуір жақсарды. Қойылған мақсат орындалды.      
                                   Барлығы      

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

 

ЦМК отырысында қарастырылды                                                                              Бекітемін

   Хаттама  № 3                                                                                                       Директордың ОІ бойынша орынбасары                                                                                             

  «08»  11 2019 ж.                                                                                                Хаттама № 2

  ЦМК төрағасы:                                                                                                     «_ 25  » 11 _2019 ж

  Мынбаева А.Т.                                                                                                       Артыкова С.Ж.______________

 

Бiлiм алушыларды аралық аттестаттауға арналған емтихан билеттері

 «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәніне арналған

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033  «Жалпы тәжірбиедегі мейіргер»


Билет-3

1. Ситуациялық есеп

Бала 8 айлық. Әлсіздік, тәбетінің төмендеуіне, нәжісін ұстай алмауына шағымданады. 5 жүктіліктен туылған бала, жедел босану (масса 3700г, бойы 50 см). Нәрестелік кезеңнің ерекшеліктері жоқ. Ана сүтімен 2 айына дейін емізіп, 3 айынан бастап дәрігердің нұсқауынсыз бейімделмеген манка ботқасын қолданған.Д витамин бермеген, жеміс шырындарын сирек берген. Күнделікті таза ауаға шығарылмаған.Салмағының өсуі біркелкі емес. 2 рет ЖРА ауырған. Материалдық жағдайы қанағаттанарлық.

Қарағанда:  жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бірақ бала әлсіз, бозғылт, тершең. Қолын тіреп отырады, арқасы дөңгелек. Бұлшықет тонусы төмендеген. Шүйде және маңдай сүйектерінің алға шығуы, баланың басы квадрат түрінде. Үлкен еңбегі 2.5х3.0 см, шеттері жұмсарған. Шүйдесі жалпайған, желке шашы түскен. Тістері жоқ.

Кеуде қуысы: қабырға сүйегінің шеміршек және сүйек бөліктерінің қосылған жерінде жуандау «тасбиык» байқалады. Қабырғаларының жұмсаруы, кеуде қуысының екі жағының қысылуы, бұғаналардың қатты қисаюы байқалады.  Ішкі ағзаларда өзгеріс жоқ.

Тапсырмалар

1. Қанағаттанулары бұзылған қажеттіліктерін анықтаңыз.

2. Пациенттің мәселелерін анықтаңыз.

3. Мейіргерлік болжамды диагноз қойыңыз.

4. Пациенттің негізгі мәселелері бойынша мейіргерлік күтім көрсету мақсаттары мен жоспарын анықтаңыз. Мейіргерлік араласу шараларының әр бөлігіне түсініктеме беріңіз. 

5. Қортындысын бағалаңыз.

2. Ларингоспазм кезіндегі шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

Оқытушы: Мынбаева А.Т.

 

                                          Эталон жауабы Толық жауап 1 Толық емес жауап 0,5 Жауап дұрыс емес 0
1 Пациенттің келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған: сау болу, қозғалу, ойнау, ұйқысы бұзылуы, тамақтану.      
2 Негізгі мәселесі: тірек – қимыл жүйесініе деформациясы      
3 Қазіргі уақыттағы мәселесі: тершеңдік, тері жамылғыларының бозаруы, бұлшықет тонусының төмендеуі, бас сүйегінің,кеуде қуысының, омыртқалардың, жамбас сүйектерінің деформациясы      
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері:тыныс алуының бұзылуы, анемия, кифоз, омыртқа жотасының қисаюы      
5 Мейіргерлік диагнозы: Екінші дәрежелі рахит, қарқындау кезеңі      
6 Қысқа мерзімді мақсат: клиникалық көріністердің одан әрі дамуына жол бермеу және жалпы жағдайын жақсарту      
7 Ұзақ мерзімді мақсат: мейіргердің тәуелді қатысуымен жағдайын қалыпқа келтіру      
8 Коммуникативті дағдыларды қолдану:Амандасу, танысу, анамнез жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, көзбен көріп сойлесу, іс- әрекеттерімізді түсіндіру, мадақтау, кері байланыс, қоштасу.      
9 Мейіргердің тәуелсіз қатысуымен негізгі мәселені жоюға бағытталған шара:  анасына тамақтандыру жағдайына нақты нұсқаулар,режим ұйымдастыруына, рахитқа арнайы емес профилактика(құрамында Д витаминдері бар тамақтарды беру, табиғи тамақтандыруды мүмкіндігінше ұзақ уақытқа сақтау, 6 айлығынан бастап шырындар беру және жеміс пюрелерін қосу, таза ауада күн сәулесі астында серуендеу, тұзды және қылқанды ванналар) Мейіргердің тәуелді қатысуымен қазіргі уақыттағы мәселелерді жоюға бағытталған шаралар:Д витамині,УКС, В және С тобының дәрумендері, кальций глюканат, цитрат қоспасы, дибазол, прозерин, массаж, емдік ванналар      
10 Қорытындысын бағалау: Пациенттің жағдайы едәуір жақсарды, мақсатқа қол жеткіздік.      
                                   Барлығы      

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

 

ЦМК отырысында қарастырылды                                                                              Бекітемін

   Хаттама  № 3                                                                                                       Директордың ОІ бойынша орынбасары                                                                                         

  «08»  11 2019 ж.                                                                                                Хаттама № 2

  ЦМК төрағасы:                                                                                                     «_ 25  » 11 _2019 ж

  Мынбаева А.Т.                                                                                                       Артыкова С.Ж.______________

 

Бiлiм алушыларды аралық аттестаттауға арналған емтихан билеттері

 «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәніне арналған

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033  «Жалпы тәжірбиедегі мейіргер»

 

Билет-4

1.Ситуациялық есеп

 Бала 3 жаста. Ата-анасымен жатақханада тұрады, бала-бақшаға барады.Ауру жедел басталды, температурасы 38,5,асқазанында ауырсыну байқалады,1 реттік құсу,көп реттік нәжіс, нәжісі-  шырыш араласқан және  қан араласқан, жалған шақыру,бала мазасыз.Тексергенде беті бозарған,жүрек соғысы тахикардия, жалпы жағдайы әлсіз. Пальпация кезінде іші жұмсақ, спазмды сигма тәрізді ішек жуанданған,ауырсынады.

Тапсырмалар

1. Қанағаттанулары бұзылған қажеттіліктерін анықтаңыз.

2. Пациенттің мәселелерін анықтаңыз.

3. Мейіргерлік болжамды диагноз қойыңыз.

4. Пациенттің негізгі мәселелері бойынша мейіргерлік күтім көрсету мақсаттары мен жоспарын анықтаңыз. Мейіргерлік араласу шараларының әр бөлігіне түсініктеме беріңіз. 

5. Қортындысын бағалаңыз.

2.Мұзды мұйық көмегімен физикалық салқындату алгоритмі.

Оқытушы: Мынбаева А.Т.

 

                                          Эталон жауабы Толық жауап 1 Толық емес жауап 0,5 Жауап дұрыс емес 0
1 Пациенттің келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған:Сау болуға, температурасын ұстап тұруға, ұйқыға, қарым- қатынасқа, ұйқысының бұзылуы, қозғалу.      
2 Негізгі мәселесі:Температурасы жоғары,қан мен шырыш араласқан сұйық нәжіс.      
3 Қазіргі уақыттағы мәселесі:Температурасы жоғары 38,5,іштің ауырсынуы,құсу,мазасыздық.      
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері:іштен қан кету,сусызданудың артуы.      
5 Мейіргерлік диагнозы:Жедел ішек жұқпасы-Дизентерия      
6 Қысқа мерзімді мақсат:Науқастың жағдайын 1-2 күнде жақсарту      
7 Ұзақ мерзімді мақсат:Температураны қалыпқа келтіріп, ауырсынуды басу,қан кетуді тоқтату(1-2апта).      
8 Коммуникативті дағдыларды қолдану:Амандасу, танысу, анамнез жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, көзбен көріп сойлесу, іс- әрекеттерімізді түсіндіру, мадақтау, кері байланыс, қоштасу.      
9 Негізгі мәселені жоюға бағытталған шара:дәрігерді шақыру, дене қызуын өлшеу, тыныштандыру,сұйықтық беру,төсек тәртібі, тамақтандыру,жыныс мүшелерінің тазалығын сақтау. Қазіргі уақыттағы мәселелерді жоюға бағытталған шаралар:дәрігердің нұсқауымен антибактериальді ем:гентамицин,полимиксин,амоксиклав,амоксициллин.Ферменттер:панкреатин,абомин,фестал.Нитрофурандар тобы:фуразолидон,.Спазмолитиктер:но-шпа,папаверин.Физиотерапиялық ем.      
10 Қорытындысын бағалау: Диарея басылды.Жалпы жағдайы едәуір жақсарды.. Қойылған мақсат орындалды.      
                                   Барлығы      

 

                                                

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

 

ЦМК отырысында қарастырылды                                                                              Бекітемін

   Хаттама  № 3                                                                                                       Директордың ОІ бойынша орынбасары                                                                                             

  «08»  11 2019 ж.                                                                                                Хаттама № 2

  ЦМК төрағасы:                                                                                                     «_ 25  » 11 _2019 ж

  Мынбаева А.Т.                                                                                                       Артыкова С.Ж.______________

 

Бiлiм алушыларды аралық аттестаттауға арналған емтихан билеттері

 «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәніне арналған

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033  «Жалпы тәжірбиедегі мейіргер»

Билет-5

1. Ситуациялық есеп

Жаңа туған нәрестені патронаждау кезінде,анасы патронаж мейіргеріне өзінің 5 жастағы үлкен қызының мазасыз,ашушаң болуына,ұйқысының бұзылуына,тәбетінің төмендеуіне,қайталамалы іштің ауырсынуына,анус аймағының қышуына,жүрек айныуына және кіндік аймағына пальпация кезінде аздап ауырсынатынын,анус маңында тырнақ іздері бар екендігеіне шағымданады.Қыз бала түнде зәрін ұстай алмайды.

Тапсырмалар

1. Қанағаттанулары бұзылған қажеттіліктерін анықтаңыз.

2. Пациенттің мәселелерін анықтаңыз.

3. Мейіргерлік болжамды диагноз қойыңыз.

4. Пациенттің негізгі мәселелері бойынша мейіргерлік күтім көрсету мақсаттары мен жоспарын анықтаңыз. Мейіргерлік араласу шараларының әр бөлігіне түсініктеме беріңіз. 

5. Қортындысын бағалаңыз.

2.Энтеробиозға қырынды алу алгоритмі.

Оқытушы: Мынбаева А.Т.

 

                                          Эталон жауабы Толық жауап 1 Толық емес жауап 0,5 Жауап дұрыс емес 0
1 Пациенттің келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған:Сау болуға, температурасын ұстап тұруға, ұйқыға, оқуға, қарым- қатынасқа, ұйқысының бұзылуы, қозғалу.      
2 Негізгі мәселесі:Ішінің ауруы,анус маңының қышынуы.      
3 Қазіргі уақыттағы мәселесі: Іштің ауырсынуы,мазасыздық,тәбетінің төмендеуі,анус маңының қышынуы,жүрек айну,түнгі зәрді ұстай алмау.      
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері:Асқыныстардың алдын-алу(анемия,гипотрофия,)      
5 Мейіргерлік диагнозы:Энтеробиоз      
6 Қысқа мерзімді мақсат:Науқастың жағдайын 1-2 күнде жақсарту      
7 Ұзақ мерзімді мақсат:Жүрек айнуды басу,зәр ұстауын қалыпқа келтіру,ауырсынуды басу,анус маңының қышуын басу (1-2апта).      
8 Коммуникативті дағдыларды қолдану:Амандасу, танысу, анамнез жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, көзбен көріп сойлесу, іс- әрекеттерімізді түсіндіру, мадақтау, кері байланыс, қоштасу.      
9 Негізгі мәселені жоюға бағытталған шара:дәрігерді шақыру, тыныштандыру,зәр энтеробиозға қырынды алуға дайындау,төсек тәртібі, жеке бас гигиенасын сақтау. тамақтандыру. Қазіргі уақыттағы мәселелерді жоюға бағытталған шаралар:дәрігердің нұсқауымен препараттар беру:вермокс,декарис,минтезол,пирантел.      
10 Қорытындысын бағалау:Жалпы жағдайы едәуір жақсарды.. Қойылған мақсат орындалды.      
                                   Барлығы      

 

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

 

ЦМК отырысында қарастырылды                                                                              Бекітемін

   Хаттама  № 3                                                                                                       Директордың ОІ бойынша орынбасары                                                                                             

  «08»  11   2019 ж.                                                                                                Хаттама № 2

  ЦМК төрағасы:                                                                                                     «_ 25  » 11 _2019 ж

  Мынбаева А.Т.                                                                                                       Артыкова С.Ж.______________

 

Бiлiм алушыларды аралық аттестаттауға арналған емтихан билеттері

 «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәніне арналған

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033  «Жалпы тәжірбиедегі мейіргер»

 

 

Билет-6

1. Ситуациялық есеп

5 айлық балаға патронаждау кезінде, анасы баланың мазасыз, ұйқысы мен тәбетінің бұзылғандығына, баланың терісінде қышынулар, басында бөртпелер болуын айтты. Бала 1 жүктіліктен, 1-ші босанудан мерзімі жетіп туылған. Туылғаннан табиғи тамақтанады. Баланың беті қызарған, аяқ-қолдарында тырналған іздер байқалады. Басында, шаш арасында себеройдты қабыршақтар байқалады. ТАЖ 38 минутына, пульсі 132 рет минутына. Анасы ауырсынуды сүт ботқасын енгізгізумен байланыстырады. Анасының айтуынша бала кезінде терісінде бөртпелер болған.

Тапсырмалар

1. Қанағаттанулары бұзылған қажеттіліктерін анықтаңыз.

2. Пациенттің мәселелерін анықтаңыз.

3. Мейіргерлік болжамды диагноз қойыңыз.

4. Пациенттің негізгі мәселелері бойынша мейіргерлік күтім көрсету мақсаттары мен жоспарын анықтаңыз. Мейіргерлік араласу шараларының әр бөлігіне түсініктеме беріңіз. 

5. Қортындысын бағалаңыз.

2. 2 жасқа дейінгі балаға антропометрия өткізу алгоритмі.

Оқытушы: Мынбаева А.Т.

 

                                          Эталон жауабы Толық жауап 1 Толық емес жауап 0,5 Жауап дұрыс емес 0
1 Пациенттің келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған:Сау болуға, температурасын ұстап тұруға, ұйқыға,  қарым- қатынасқа, ұйқысының бұзылуы.      
2 Негізгі мәселесі:терінің қышуы,бөртпелер      
3 Қазіргі уақыттағы мәселесі: бала мазасыз, ұйқысы мен тәбеті бұзылған,терінің қышуы және басындағы бөртпелер      
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері:инфекциялық қабыну аурулары:блефарит, коньюктивит,фарингит,ларингит      
5 Мейіргерлік диагнозы:Экссудативті-катаральді диатез, гнейс      
6 Қысқа мерзімді мақсат:Науқастың жағдайын 1-2 күнде жақсарту      
7 Ұзақ мерзімді мақсат:ата-анасына баланың жеке бас гигиенасын сақтауын қадағалауын түсіндеру,ішкі киімдерін жиі ауыстыру, дұрыс тамақтануын қадағалау (1-2апта).      
8 Коммуникативті дағдыларды қолдану:Амандасу, танысу, анамнез жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, көзбен көріп сойлесу, іс- әрекеттерімізді түсіндіру, мадақтау, кері байланыс, қоштасу.      
9 Негізгі мәселені жоюға бағытталған шара:дәрігерді шақыру, тыныштандыру,төсек тәртібі, тамақтандыру, жыныс жолдарын жуу, ішкі киімдерін жиі ауыстыру,жеке бас гигиенасын сақтау.Тағам күнделігі жүргізуге кеңес беру. Қазіргі уақыттағы мәселелерді жоюға бағытталған шаралар:дәрігердің нұсқауымен антигистаминді препараттар: тавегил, супрастин, фенкарол. Витаминдік ем: А,В,Е топтары. Ферменттік ем: абомин, панкреатин, панзинорм. Иммунитетті көтеретін препараттар: глицирам, женьшень, лимонник тұнбалары      
10 Қорытындысын бағалау: Қышыну басылды, бөртпелер кетті.Жалпы жағдайы едәуір жақсарды.. Қойылған мақсат орындалды.      
                                   Барлығы      

 

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

 

ЦМК отырысында қарастырылды                                                                              Бекітемін

   Хаттама  № 3                                                                                                       Директордың ОІ бойынша орынбасары                                                                                             

  «08»  11 2019 ж.                                                                                                Хаттама № 2

  ЦМК төрағасы:                                                                                                     «_ 25  » 11 _2019 ж

  Мынбаева А.Т.                                                                                                       Артыкова С.Ж.______________

 

Бiлiм алушыларды аралық аттестаттауға арналған емтихан билеттері

 «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәніне арналған

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033  «Жалпы тәжірбиедегі мейіргер»

Билет-7

1.Ситуациялық есеп

3 айлық баланың патронажды мейірбикесі үйіне келгенде баланың мазасыздығын байқады. Салмағы 6000 г. 1,5 айынан бастап жасанды тамақтанады, нәжісі екі күн бойы жоқ, іш қатуы жиі, мазасыз, ұйқысы жоқ,қатты жылайды,аяғын ішіне қарай бүгіп алған,іші орташа ісінген,жел шықпайды,дене қызуы 36,7 градус, тамыр соғысы 132 мм/сын.бағ,жүрек соғысы 44/1 мин.

Тапсырмалар

1. Қанағаттанулары бұзылған қажеттіліктерін анықтаңыз.

2. Пациенттің мәселелерін анықтаңыз.

3. Мейіргерлік болжамды диагноз қойыңыз.

4. Пациенттің негізгі мәселелері бойынша мейіргерлік күтім көрсету мақсаттары мен жоспарын анықтаңыз. Мейіргерлік араласу шараларының әр бөлігіне түсініктеме беріңіз. 

5. Қортындысын бағалаңыз.

2.Ерте жастағы балаларға жел шығарғыш түтікше қою алгоритмі.

 

Оқытушы: Мынбаева А.Т.

 

                                          Эталон жауабы Толық жауап 1 Толық емес жауап 0,5 Жауап дұрыс емес 0
1 Пациенттің келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған:Сау болуға, температурасын ұстап тұруға, ұйқыға, оқуға, қарым- қатынасқа, ұйқысының бұзылуы, қозғалу.      
2 Негізгі мәселесі:ішек қозғалысының бұзылысы,іш қату      
3 Қазіргі уақыттағы мәселесі: 1,5 айынан бастап жасанды тамақтанады, нәжісі екі күн бойы жоқ, іш қату жиі, мазасыз, ұйқысы жоқ,қатты жылайды,аяғын ішіне қарай бүгіп алған,іші орташа ісінген,газдар шықпайды,дене қызуы 36,7 градус, тамыр соғысы 132 мм/сын.бағ,жүрек соғысы 44/1 мин.      
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері:асқазан-ішек жолдарының жұмысының бұзылуы, әр түрлі инфекциялық ауруларға асқынып кету(дизентерия,эшерихиоздар,сальмонеллез).      
5 Мейіргерлік диагнозы: метеоризм      
6 Қысқа мерзімді мақсат:Науқастың жағдайын 1-2 күнде жақсарту      
7 Ұзақ мерзімді мақсат:ата-анасына баланың дұрыс тамақтануын,жеке бас гигиенасын сақтауын түсіндіру(1-2апта).      
8 Коммуникативті дағдыларды қолдану:Амандасу, танысу, анамнез жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, көзбен көріп сойлесу, іс- әрекеттерімізді түсіндіру, мадақтау, кері байланыс, қоштасу.      
9 Негізгі мәселені жоюға бағытталған шара:дәрігерді шақыру, жел шығаратын түтікшені дайындау,ата-анасынан рұқсат алып процедураны жүргізу.Жыныс мүшелерін жою.Жалпы жағдайын қадағалау. Қазіргі уақыттағы мәселелерді жоюға бағытталған шаралар:дәрігердің нұсқауымен препараттар беру:карболен,смекта,церукал немесе прозерин жел шығаратын түтікшені қою.      
10 Қорытындысын бағалау: Қышыну басылды, бөртпелер кетті.Жалпы жағдайы едәуір жақсарды. Қойылған мақсат орындалды.      
                                   Барлығы      

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

 

ЦМК отырысында қарастырылды                                                                              Бекітемін

   Хаттама  № 3                                                                                                       Директордың ОІ бойынша орынбасары                                                                                         

  «08»  11 2019 ж.                                                                                                Хаттама № 2

  ЦМК төрағасы:                                                                                                     «_ 25  » 11 _2019 ж

  Мынбаева А.Т.                                                                                                       Артыкова С.Ж.______________

 

Бiлiм алушыларды аралық аттестаттауға арналған емтихан билеттері

 «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәніне арналған

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033  «Жалпы тәжірбиедегі мейіргер»

 

Билет – 8

1.Ситуациялық есеп

Мейіргерді үйге шақырды, 9 жастағы балада ылғалды жөтел, жалпы әлсіздік, ұйқы бұзылуы, тәбет жоғалуы, температурасы 38,7С, тыныс жиілігі үзілісті, 54 рет/мин.

Обьективті тексергенде: терісі бозарған, көз асты көгерген, пероральды цианоз, пульс 100р/мин, ҚҚ 100/60, тыныс жиілігі 30 рет мин.Жиі ылғалды жөтел.

Перкуссиясында: Жеңіл тимпаникалық  дыбыс шығады.

Аускультациясында:Артқы төмеңгі бөлімдерінде және қолтықасты аймағында ұсақ,орта көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.  Сонымен қатар кеуденің кіруі дем алуға іші қатысады.

Рентгенографиялық тексеріс кезінде:Өкпе суреттері күшейген,арқы төмеңгі бөлімдерінде ұсақошақты инфильтративті көлеңкелер.

Тапсырмалар

1. Қанағаттанулары бұзылған қажеттіліктерін анықтаңыз.

2. Пациенттің мәселелерін анықтаңыз.

3. Мейіргерлік болжамды диагноз қойыңыз.

4. Пациенттің негізгі мәселелері бойынша мейіргерлік күтім көрсету мақсаттары мен жоспарын анықтаңыз. Мейіргерлік араласу шараларының әр бөлігіне түсініктеме беріңіз. 

5. Қортындысын бағалаңыз.

2.Мұрынға, көзге, құлаққа тамшы тамызу алгоритмі.

Оқытушы: Мынбаева А.Т.

 

Жауап эталоны: Толық жауап-1 Толық емес жауап-0,5 Жауап дұрыс емес-0
1 Науқастың келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған: сау болу,дене температурасын қалпында ұстау, жеткілікті мөлшерде ұйықтау, білім алу.      
2 Негізгі мәселесі: ылғалды жөтел.      
3 Қазіргі уақыттағы мәселелері: ылғалды жөтел, әлсіздік, ұйқы бұзылуы, тәбет жоғалуы, температурасы 38,7С, тынысы 54 рет/мин. Қарағанда: терісі бозарған, көз асты көгерген, цианоз, пульс 100р/мин, ҚҚ 100/60. Перкуссия: Жеңіл тимпаникалық реңкпен дыбыс шығады. Аускультация: Көпірікті ылғалды қырылдар. Дем алғанда іші қатысады        
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері: асқынулар болу қауыпы(атап өтіңіз).      
5 Мейіргерлік  диагноз: Ылғалды жөтел, жоғарғы температура. ЖРВИ. Пневмония.      
6 Қысқа мерзімді жоспар: Науқастың жағдайын 1-2 күнде жақсарту      
7 Ұзақ мерзімді жоспар: Ауруханаға жатқызу, емдік тамақтандыру, жалпы жағдайын жақсарту(1-2апта)      
8 Қарым қатынас шарасын жүргізу: амандасу, танысу, жұмыс мақсатын түсіндіру, істеген жұмысты айтып тұру, қорытындысын айту, сұрақтарына жауап беру.      
9 Негізгі мәселені жоюға бағытталған шара: Дәрігерге хабарлау,дене қызуын, ҚҚ, пульс, тынысы өлшеу.Физикалық әдіспен температураны төмендету, көп мөлшерде сұйықтық беру, киімін ауыстыру, қысып тұрған киімін босату, Фаулер жағдайына келтіру. Қақырық түсіруге көмектесу. Оксигенотерапия. Ауруы жөнінде түсіндіру. Қазіргі уақыттағы мәселелерді жоюға бағытталған шаралар:Дәрігер нұсқауын орындау.Температура түсіретін дәрілерді беру: парацитамол,аспирин, ибуфен, панадол, ибупрофен.Қақырықты сұйылтатын: АЦЦ,бромгексин, мукалтин. Зертханалық, аспаптық тексерістерге дайындау.      
10 Қортындысын бағалау: баланың жағдайы жақсарды, жөтел ұстамалары сиреді, қойылған мақсатқа қол жеткізілді.      
                                  Барлығы      

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

 

ЦМК отырысында қарастырылды                                                                              Бекітемін

   Хаттама  № 3                                                                                                       Директордың ОІ бойынша орынбасары                                                                                             

  «08»  11 2019 ж.                                                                                                Хаттама № 2

  ЦМК төрағасы:                                                                                                     «_ 25  » 11 _2019 ж

  Мынбаева А.Т.                                                                                                       Артыкова С.Ж.______________

 

Бiлiм алушыларды аралық аттестаттауға арналған емтихан билеттері

 «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәніне арналған

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033  «Жалпы тәжірбиедегі мейіргер»

 

Билет-9

1. Ситуациялық есеп

Патранаждық мейіргер 1 айлық баланың халы нашар екенін байқады, бала мазасыз, әлсіз, анасының сүтін дұрыс ембейді. Баланың нағыз салмағы 3200. Тері қабаты бозарған, терісі құрғақ, тері асты май қабатының дамуы бәсең, бұлшық ет тонусы төмен, іші қампиып шығып тұр бірақ жұмсақ, пальпация жасағанда ауырмайды, дәретке тәулігіне 3рет отырады, нәжісі сары түсті, қышқыл иісті, бақылау  тамақтандыру 100мл.

Анамнез анықтамасы: нәресте бірінші жүктіліктен, туғандағы салмағы 3000г, бойы 49см, әр тамақтанудан кейін кекіреді.

Тапсырмалар:

1 Бұзылған қажеттілігін анықтау.

2 Науқастың қажеттіліктерін қалыптастыру.

3 Мейіргерлік диагноз қойыңыз.

4 Мейіргерлік жоспар құрыңыз, жоспарды жүзеге асырыңыз.

5 Қорытындыны  бағалаңыз.

2. Құрысып-тырысу кезіндегі шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

                                                                                                                                                Оқытушы: Мынбаева А.Т.

 

                                          Эталон жауабы Толық жауап    1 Толық емес жауап 0,5 Жауап дұрыс емес 0
1 Пациенттің келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған:Сау болуға, температурасын ұстап тұруға, ұйқыға, оқуға, қарым- қатынасқа.      
2 Негізгі мәселесі: Тамақ ішуінің бұзылуы, кекіру.      
3 Қазіргі уақыттағы мәселесі:бала мазасыз, әлсіз, анасының сүтін дұрыс ембейді. Баланың нағыз салмағы 3200 г. Тері қабаты бозарған, терісі құрғақ, тері асты май қабатының дамуы бәсең, бұлшық ет тонусы төмен, іші қампиып шығып тұр, бірақ жұмсақ, пальпация жасағанда ауырмайды, дәретке тәулігіне 3рет отырады, нәжісі сары түсті, қышқыл иісті, кекіру.      
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері: асқынып кетуі мүмкін, асқыныстарды атап шығыңыз.      
5 Мейіргерлік диагнозы:Ас қабылдауы бұзылған, құсу, нәжісі 3рет  аз мөлшерде. Гипотрофия.      
6 Қысқа мерзімді мақсат:Баланың жағдайын 1-2 күнде жақсарту, құсуды тоқтату, диета тағайындау.      
7 Ұзақ мерзімді мақсат:Баланың жағдайы жақсарғанға дейін диета тағайындау, құнарлы тағамдарды көп мөлшерде беру,бұлшық ет тонустарын жақсарту.      
8 Коммуникативті дағдыларды қолдану:Амандасу, танысу, анамнез жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, көзбен көріп сойлесу, іс- әрекеттерімізді түсіндіру, мадақтау, кері байланыс, қоштасу.      
9 Негізгі мәселені жоюға бағытталған шара:Дәрігерді шақыру,сусызданудың алдын алу, көп мөлшерде сұйықтық беру. Баланың жағдайын үнемі мониторингтау: тыныс алу және жүрек соғу жиілігі, термометрия көрсеткіштер, тері қабаты түсіне және салмағына мән беріп отыру.Дәрігер тағайындаған тамақты уақытылы беру.Тері тесілуінің алдын алу, массаж жасау, бала қалпын әр 2сағат сайын ауыстырып отыру, шығыңқы сүйектерін спиртпен сылау.Жеке бас гигиенасын сақтау, емдік шөптермен ванна дайындау.  Қазіргі уақыттағы мәселелерді жоюға бағытталған шаралар:дәрігердің нұсқауымен диета тағайындалды, этиотропты ем.      
10 Қорытындысын бағалау:Баланың жалпы жағдайына баға беру. Қойылған мақсат орындалды.      
                                       Бағалау      

 

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

 

ЦМК отырысында қарастырылды                                                                              Бекітемін

   Хаттама  № 3                                                                                                       Директордың ОІ бойынша орынбасары                                                                                             

  «08»  11   2019 ж.                                                                                                Хаттама № 2

  ЦМК төрағасы:                                                                                                     «_ 25  » 11 _2019 ж

  Мынбаева А.Т.                                                                                                       Артыкова С.Ж.______________

 

Бiлiм алушыларды аралық аттестаттауға арналған емтихан билеттері

 «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәніне арналған

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033  «Жалпы тәжірбиедегі мейіргер»

 

 

Билет-10

1 .Ситуациялық есеп:
  Балабақшадағы мейіргер 2жастағы баланың ауыз қуысының шырышты қабатына жайылған бірнеше көпіршікті жараны байқады.Жара беті сарғыш- сұр қабықпен жабылған.Ауыз қуысында қызарулар бар.Баланың еріні ісіп, сілекей көп бөлінген,тамақ ішуден бас тартады, басқа балалармен ойнамайды, мазасыз болады.Дене температурасы 37,3С.

Тапсырмалар

1. Қанағаттанулары бұзылған қажеттіліктерін анықтаңыз.

2. Пациенттің мәселелерін анықтаңыз.

3. Мейіргерлік болжамды диагноз қойыңыз.

4. Пациенттің негізгі мәселелері бойынша мейіргерлік күтім көрсету мақсаттары мен жоспарын анықтаңыз. Мейіргерлік араласу шараларының әр бөлігіне түсініктеме беріңіз. 

5. Қортындысын бағалаңыз.

2. 7 -Жасар балаға жүрек өкпе реанимациясын жүргізу алгоритмі.

 

Оқытушы: Мынбаева А.Т.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  


                                          Эталон жауабы Толық жауап 1 Толық емес жауап 0,5 Жауап дұрыс емес 0
1 Пациенттің келесі қажеттіліктерін қанағаттандыруы бұзылған:Сау болуға, температурасын ұстап тұруға, ұйқыға, оқуға, қарым- қатынасқа.      
2 Негізгі мәселесі: Тамақ ішуінің бұзылуы,мазасызданады.      
3 Қазіргі уақыттағы мәселесі:баланың ауыз қуысының шырышты қабатына жайылған бірнеше көпіршікті жараны байқады.Жара беті сарғыш- сұр қабықпен жабылған.Ауыз қуысында қызарулар бар.Баланың еріні ісіп, сілекей көп бөлінген,тамақ ішуден бас тартады, басқа балалармен ойнамайды, мазасыз болады.Дене температурасы 37,3С.        
4 Болашақта дамуы ықтимал мәселелері: асқынып кетуді мүмкін, асқыныстарды атап шығыңыз:жара некрозданады,шеткері лимфа түйіндері үлкейіді.Бала ас қабылдаудан бас тартқандықтан ас қортыу жүйесінде паталогия пайда болуы мүмкін.      
5 Мейіргерлік диагнозы:Ас қабылдауы бұзылған,мазасыз,сілекейі көп бөлінеді,ауыз қуынсдағы ауырсыну, бала температурасы 37,3С. (Герпесті стоматит)      
6 Қысқа мерзімді мақсат:Температурасын қалыпқа келтіру, ауырсынуды басу,тамақ қабы

double arrow