Негізгі келісі

Дістері.

Құқық –ол, күрделі процес болғандықтан адам қоғамынынң қоғамдық қатынастарын реттеудегі мәселеледі зерттеу және оның сол кездегі дәуірдегі қйындықтар мен кемшілік пен қателіктерді ескеру және оны алдағы уақытта қайталамауды көксейтін болады. Сол себептен тарих пәні авдам өмірінің қозғалыстары мен тіршіліктерін зерттеп білу, оып танысу процесі болып табылады.

Бұрынғы өткен ғасырларда (В.Г.Графскидің) ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдері екі түрден тұрды, атап айтқанда: Дедуктивтік әдіс бойынша және индуктивтік әдіс бойынша. Дедуктивтік әдіс дегеніміз-ол, абстрациялық ой-толғау, ұғымы, қазіргі заманның идеясы мен ережесі негізінде нәтижеге келудегі ұғымды айтады. Мысалы Шерлок Холмыс қылмысты дедуктивтік әдіс бойынша ашуы. Индуктивтік әдіс дегеніміз- ол, тарихи және этнографиялық байқаудың негізінде орнатылатын нақты біртіретін заерттеу нәтижесін айтады. Құқытану саласын зерттеу негізінде нақты мысал ретінде ежелгі дүниедегі ада қоғамынынң қарым-қатынастырын реттудегі салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды, әр тайпаның әдет-ғұрпы, ережесі т.б. ішінаралық тәртіптері болады. Құқықтану саласына ғылыми –зерттеу ретіндегі нақты дәлел-ол Ежелгі Рим құқығы бола алады. «Рим құқықы-ол, барлық құқық саласынынң негізін қалаушы және барлық сындардан, өмірдің егжей-тегжей қырыларынан өткен құқық болып табылады» деген.(Ф.Энгельс). Жоғарғы оқу орындарының студенттерi, дәлiрек айтқанад заң мамандығын жетiк игеру үшiн осы заңдардың және мемлекеттiң пайда болуыдң шығу көздерiмен танысулары қажет болады. Тек өткен жағдапйларды және өмiр жолдарын зерттей келе алдағы уақыттай қаетлiк пен кемшiлiктi жiберудiң жағдайы туатын болады.

Сонымен осы пәннiң мақсаттар ымнадан тұрады деуге болады:

1.Болашақ заң маманждарынг алдағы уақытта тарихтағы жiберiлген қателiктер мен кемшiлiктердi және олардың пайда болған себептерiн немесе себеп болушы салдарын ескере отырып қажеттi дегенг қортыныды шығарып, көздеген мақсатқа жетудiң жағдайы туатын болады.

3. Шет еледердің мемлекет және құқық тарихының кезеңдестіруінің

Тарихи деректерге жүгiнетiн болсақ ежелгi өткен ғасырлардың адам баласының пайда болуы, оның тiршiлiк жасау, сол кездегi саясат пен құқық т.б. мән-жайларды тарихта көсетiлген болатын. Сондықтан да осы сұрақты ең алдымен адамдардың қандай қауымдар болды мiне сол жөнiнде айтқан жөн болады.

Алғашқы қауымдық қоғам- адамдардың пайда болып, жер жүзiнде өмiр сүре бастағанынка екi миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процессiне сәйкес адамдардың өздерiнiң дене құрлысы да, ми да, тәжiрибесi де, пайдаланылатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесiнде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазiргi типтi адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамның дене құрлысының өзгеруi тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрлысы, тәжiрибесi басында бәсең, кейiн қарқынды түрде дами бастады.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтiк дамуы екi кезеңгебөлiндi:

1. Жабайы адамдар дәуiрi - ол 40-12 мың жылдар арасы болды. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоретенген,қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш.

Жабайы аңшылық,балықшылық қалыптасып қоғамның негiзгi сипаты табигаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрiсiне қолайылы жарықтарын пайдалана отырып,экономикалық, әлеуметтiк жағдайды жақсарту болады. Қысқаша айтқанда- дайынды игерушiлiк дәуiрi деп аталды. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиi болып тұрды. Ертедегi адамдар iрi маймылға ұқсас болды –олардың еңбек ету нәтижесiнде адам қалпына айналды, латын тiлiндне “Питекантропс” деп аталған (К.Маркс).

2. Экономиканы қолдан жасау дәуiрi - ол 12-4 мың жылдықтар арасында болды.

Бұл кезеңде адамдардың тәжiрибесi, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-сезiм, бiлiм жоғарлады. Экономканы қолдан жасауға мүмкiншiлiк қалыптсты.Металургия, керамика өмiрге келдi. Малшылық- егншiлiк арқылы сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бiрлестiктер, әлеуметтiк нормалар өмiрге келдi.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы - экономиканың негiзгi сипаты: қоғамдық, еңбек, қоғамдық меншiк, қоғамдық бөлiс, қоғамдық өмiр сүру.Қоғамның құрлысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бiрлестiктер болды.

Бұл құрылымды құруды,,дамытуды, қоғамның экономикасының, тәжiрибесiнiң, құралдарының даму деңгейiне сәйкес жасап отырған.

Қоғамдық басқару және әлеуметтiк нормалар- ол қоғамдық күрделi мәселелердi жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешiмдер қабылдап отырған. Күнделiктi мәселелердi шешiп басқару үшiн ру басшылары сайланып отырған. Тайпа, одақ, бiрлестiктердi, ру басшыларының кеңесi басқарған. Тайпа, одақ, бiрлестiктердi күнделiктi басқару үшiн Кеңестiң мәжiлiсiнде тайпа, одақ, бiрлестiктерiнiң басшылары сайланып отырған. Олар жұртпен бiрдей еңбектенiп, қоғамдық жұмыстарын атқарып жүрген.

К.Маркстiң теориялық тұрғысында көрсетiлген қоғамдық- экономикалық формациясы мына кезеңдерден түрды:

-қауымдфық құрлыс;

-құл иеленушiлiк қоғамы;

-феодалдық қоғамы;

-капиталистiк қоғам;

-социалистiк (коммунистiк) қоғамы

Мiне осы айтылған қоғамдық-экономикалық формациясы адам баласының дамуы жөнiндегi әрбiр кезеңдерiн айтатан болады.

4. Жалпы мемлекет және құқық тарихының оқу пәні мен

ғылыммен сәйкестігі

Осы айтылған пән заң құқық саласында алатын орны, ол қоғамдық қатынастардағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қарым- қатынастарын реттеушi және ежелгi қоғамдық құрлыстың пайда болуы туралы оқытушы және таныстырушы оқу құралы ретiнде болып табылады.

Бұл пәннiң маңызы:

1.Мемлекеттiң заңды түрде пайда болуы;

2.Мемлекет аппараты мен оның атрибуттарынынң қажеттiлiгiн дәлелдейтiн ғылыми ретiнде болды.

3.Құқықтың мемлекетке деген маңыздылығы және құқықсыз мемлекет өмiр сүре алмайтыны туралы осы пәнде толық айтылатын болады.Жоғарғы заң оқу орындарында осы пән басқа заң жүйесiнде ерекше орын алады, яғни әрбiр құқық саласынынң пайда болуы себептерiмен оқып таныстыратын болады.

Әлемнiң материалдық және рухани тұтастығы мен бiрлестiгi дүние жүзiндегi барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейдi. Әсiресе бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан.

Барлық қоғамдық ғалымдар өз тұрғысынан азаматтардың тарихын зерттеуге тиiстi үлес қосады. Бұл ғылымдардың жүйесiнде мемлекет пен құқық жалпы тарих пәнәнiң алатцын орны өте жоғары.

Заң ғылымы мемлекет пен құқықты жете танитын ғылым болып ХIХ ғасырдың ортасында қалыптастцы. Ол төрт топқа бөлiндi:

1.Жалпы теория- мемлекет пен құқықтық қоғамды реттеп, басқаруын,мазмұнын, қағидаларын, белгi нышандарын, функцияларын, зерттейдi.

2.Мемлекет пен құқықтың, құқық пен саясаттың тарихи даму процесiн зерттеу пәндерi. Шет мемлекеттерiнiң тарихы.

3.Салалық заң ғылымдары: азаматтық,қылмыстық, әкiмшiлiк, конституциялық, қаржы, отбасм т.б.құқықтар.

4.Арнаулы заң ғылымдары: криминалистика, соттық медицина, психиатрия, жедел iздестiру қызметi т.б.

Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының барлық саласынынң объективтiк даму заңдылықтарын, бiр- бiрiмен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетiстiктерiн пайдаланып, жалпы заң ғылымының негiзiн дамытып отырады.

Сонымен,жалпы құқық тарихы барлық заң ғылымының слаларының негiзiн қалаушы, құрушы, дамытушы жетекшi ғылым болып табылады.

Қоғамдағы адам қоғамынынң дамуы нәтижесiнде ғылыми процестiң өзгеруi ол үнемi жаңалықтардың келiп түсуi нәтижесiнде пайда болады.

Қазiргi заманда елiмiз нарықты экономикаға көшiп жатқанда Қазақстан мемлекетi заң ғылымынынң бағыты да, функциясы да күрт өзгерiп отырады.

Оның себебi бiздiң мемлекетiмiз бұрынғы жоспарлау экономикасынан, нарықтық экономикаға көшiп отырғанымыз бәрiмiзге мәлiм.Ал нарықтық экономика дегенiмiз-ол дүниежүзiлiк экономикамен тығыз байланысты болады. Сондықтан да болар әрбiр мемлекет өз тауарларын, бұйымдарын жоғарғы сапалы түрде жасап шығару оның саұранысы мол болуы ең басты мәселе болып табылады.

Адам қоғамынынң тарихын, даму процесiн, мазмұнын, болашағын зерттейтiн пәндердi қоғамдық ғылым деп атайды. Олар қоғамды жан- жақты ғылыми зерттеу тұрғысынан зор үлес қосады.

Осы айтылған мән-жайдың iшiнде мемлекет және жалпы құқық тарих пәнi кеңiрек көңiл болады.

Әр ғылым табиғаттың және қоғамның объективтiк даму процесiн өз тұрғысынан зерттеп, ғылыми тұжырымдар жасап отырады. Мысалы мемлекет пен құқық қоғамдық барлық қарым-қатынастарды реттеп, басқарып, заңдылықты, тәртiптi жақсартып, демократияны дамытып, қоғамның сапалы саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтiк дамуын қамтамасыз етедi.

Қоғамдық ғылымдардың, оның iшiнде заң ғылымының адамзаттың бiрлестiгiн дағдарысқа ұшыратпай, прогрестiк жолмен дамытуда үлесi мол және баға жетпейтiн маңызды күш деуге болады.

Әдебиеттер:

Н/ә:1,211-215; 2, 114-116. Қ/ә: 6,214-218.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет неліктен пайда болдды?

2. Құқық неліктен пайда болды?

3. Мемлекет пен құқытың арасындағы байланыс неден тұрады?

4.Мемлекеттің пайда болу дәуірі неше кезеңдерден тұрады?

№ 2 ДӘРIС

Тақырып: Ежелгі Мысырдың мемлекеті мен құқығы.

Шумер-Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Мысырдың мемлекеті мен құқығы.

Шумер-Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы

туралы оқып танысу.

Жоспар:

1.Мемлекеттіліктің пайда болуы.

2.Мемлекеттің жоғарғы органдары: фараон, уәзір,орталық мекемелер.

3.Мессопатамия мемлекетінің пайда болуы.

4.Құқық қайнарлары.

5.Хаммурапи заңдары.

1. Мемлекеттіліктің пайда болуы.

Б.э.д.Ү-ші мыңдық жылдар шамасында, рулық қауымның бытырауы нәтижесiнде,бай, шонжаралардың өзгелерден бөлiнуi, көсемдер мен құл иеленушiлiктiң пайда болуы нәтижесiнде Египетте мемлекеттi құрлыс пайда бола бастады. Сол кезеңдегi ежелгi Египетте адамдар қоғамы бiрнеше “номдар”қоғамы пайда болды. Кейiннен осы айтылған “ номдар ” 1У мыңжылдықта бiрiгiп ең басында екi патшалықтан тұрыды, оны Жоғарғы және Төменгi Египет деп атады. Кейiн бiраз уақыт өткен соң, яғни 1У мыңжылдықтың соңында бiр орталық мемлекет болып құрылды. Бүған негiзгi себеп болушы қоғамның таптарға бөлiнуi себеп болды.

Осы жоғарыда айтылған екi патшалық мемлекет: Жоғарғы және Төменгi мемлекеттiң пайда болу. Сол кездегi Ерте патшалық кезеңi деп аталды,яғни: ХХХ-ХХУ111 б.э.д ғасырларында фараон Нармер (Менестiң) күң көрсетiп зорлығымен осы екi патшалық бiрiктiрiлдi. Бұл туралы ертедегi сазға,тасқа жасалған суреттерде көрсетiлген.

Египеттiң гографиалық орнын алатын болсақ ол Нiл өзенiнiң үш бұрышында орналасқан. Тақтайшадағы сурет Жоғарғы Египеттiң патшасы Төменгi Египет патшасының басын шауып алып келе жатқаны көрсетiлген.

Бұл дегенiмiз фараон Нармердiң өзiнiң нөекрлерiмен жеңiмпаз ретiнде көрсетiледi.

Ендiгi мәселе ежелгi Египет мемлекетiнiң кезеңдерi туралы айту керек.

1 кезең: Ерте патшалық кезеңi: ол б.э.д 3110-2800 ж.,яғни Жоғарғы және Төменгi Египеттiң бiрiшуiнен кейiн пайда болды. Бұл дегенiмiз яғни ерекше сипаттылығы-ол бiр мемлекеттiк болып шоғырлануы, қалыптасукы болды.

2 кезең: Ежелгi және Ескiлiктi патшалық ол: б.э.д.2800-2550 ж. Бұл кезеңнiң ерекшелiгi орталықтандырылған Египет пайда болды. Осы кезеңде пирамиданы салу құрлыстары басталды.

Жалпы мемлекеттiк пайда болудың негiзгi екi кезеңi болды.

Ендiгi өткелi кезеңдер туралы айту қажет болады.

Өткелi кезеңдер мына кезеңдерден тұрды:

1-өткелi кезең (б.э.д. шамамен 2160-2134 ж.) болды. Бұл кезеңде Египет бiрнеше номдар мен кiшiгiрiм мемлекеттерге бөлiнiп, бiр-бiрiне жаушылық жасады. Осы жаугершiлiктiң нәтижесiнде Фивының басшылары жеңiске жетiп бiрiккен Египет Фивының қол астынада бағынышты болады.

2-жәй кезең ретiнде Орта патшалығы (б.э.д.шамамен 2050-1700 ж) кезiiнде Египетте Фивының қол- астымен халықтың одан әрi ынтымақтастығы нығая түседi.

3-өткелi кезеңi (б.э.д.1700-1530 ж.). Мемлекет бiрлiгi бөлшектенiп, бытыраңқылыққа ұшырайды.Яғни кiшiгiрiм мемлекеттерге бөлiнiп кетедi, ал жер аумақтарын гиксов тайпалары жаулап алады.

4-кезеңде-Жаңа патшалық кезеңi деп аталады- ол (б.э.д.2575-1087 ж). Бұл кезеңде Египет аумағында халықтардың бiрiгу ынтымақтастығы қайта өрлеп, Египет билiгiн ХУ111 фараондар (перғауындар) ұрпақтары билiк жүргiзетiн болады.(Жалпы фараондардың ұрпағы отыздан тұрды).

Осы фараон (перғауындар) ұрпағының мемлекеттiк басшылық жасау нәтижесiнде Египет iрi империяға айналады.

Ежелгi Египет мамлекетi осындай кезеңдерден тұратын болды.

1.Ежелгi Египет мемлекетi бұрынғы өте ертеде пайда болған мемлекеттiң бiрi болып табылады.

2.Ежелгi Египет мемлекетiнiң кезеңдерiнде – мемлекеттiң қандай күйде болғанын және қалай қалпына келгенi туралы айтылады.

2. Мемлекеттің жоғарғы органдары: фараон, уәзір,

орталық мекемелер.

Ежелгі Мысыр (Египет) мемлекеттік билігі бұрыншы шығыс мемлекет билігінің деспотиясына ұқсастығы болды. Мемлекеттік билікті жүргізушы орталықтандырылған төрешілідік аппартары болды. Бұл аппарттарға Фараон (Перғауын) билік жүргізу кезінде осы аппаратқа сүйнетін болды. Фараон -ол, «Күн құдайының баласы» деген айдар берілді. Сол дәуірлерде Фараондардың құрметіне пирамидалар салына бастады. Фараонның тағы түкптілікті орнығуына-ол, әскери күшке жіне абыздар басшыларынынң мүддесін қорғау нәтижесіне байланысты болды. Фараоннның бірінші көмекшісі Джати болды. Ол қаланың абызы және патша сарайының басшысы болды. Ежелгі Мысырда- фараондардың ХҮІІІ әулетінде «азан тыңдаушылары» деген ерекше адамдар тобы болды. Осы аталған адамдар мемлекеттік билікті жүргізу үшін бақылау және қадағалай міндеттерін атқаратын болды.

Ежелгі Египетте (Мысырда) тұрақты армия болмады. Аримя құрамы ерікті қараппайы адамдардан тұрды. Мамандалған офицерлер болмады. Әскери басшылық міндетін фараон өзі немесе соның тағайындаумен жіберілген адам атқарды. Полиция қызметін армия жауынгерлері атқарды. Жаңа патша кезеңінде арнайы полиция отрядтары пайда болды. Олар астананы, каналдарды, азық қоймасын, храмдарды күзетті. Мемлекеттік орган ретінде «Ақ үйлердің» қызметшілері болды. Олар азық түлікті сақтау және оны қайта қалпына келтіру және ауыл шаруашылық тағамдарын үйлестіру мәселесімен айналысты. Сонымен қатар келесі мемлекет органы ретінде «Патша байлығы» деген орган ол салық жинау мәселесімен айналысатын орган болды. Сот органдарында Ежелгі дәуірде әкімшіліктен бөлінбеді. Сот органы өзін-өзі басқару арқылы қауымдық ұйымнан құрылды. Сот ол кездерде жер және су мәселесі жөніндегі дау-жанжаолды реттейтін болды. Патшалық сотты Фараон өзі басшылық жасап жүргізді.

3. Месопотамия мемлекетінің пайда болуы.

Ежелгі Месопотамия мемлекеттеріне Ежелгі Шумер және Ежелгі Вавилонды айтуға болады. Азия аумағынынң қосөзен аралығында б.э.д. ІІІ мың жылдықтың басында Тигр мен Евфрат өзен аралығында алғашқы мемлекеттер пайда бола бастады. Қоғамдық және мемлекеттік құрлыс жағынан осы аталған қала-мемлекеттер рулық-туысқандық ұйымдарын көпке дейін сақтап келді. Шумер мемлекеті деп аталуы ол сол кезедгі шумер халқының аталуына байланысты болды. Сол кездегі барлық аумақатарды шумердің солтүстіктегі тұргындары аккадалықтар басып алып Шумер-Аккадалық патшалығын құрды.

Б.э.д.2000 жылдық шамасында аралығында көшпенді-аморей тайпалары Қосөзен басып алып Шумер-Аккадалық жеңіп сол жерге қоныстанды. Осы көшпенділердің бекеттік тұрағы ретінде Вавилон болды. Вавилонның нығайуына оның географиялық жағынан аса қолайлы болды, оны дамуына Хаммурапи б.э.д.(1792--1750) патшаның тұсында да жақасы жағдай болды. Сол кезеңдегі Қосөзен аумағының біраз жерін алып жатқан Вавилон үлкен патшалықтың астанасы болды. Хаммурапи патша өлген соң Ескі-Вавилон патшалығы (Вавилония) көршілес шапқыншылықтарға тап болып, ең ақыры б.э.д. 1595 жылы хеттар мен кассите р шапынынан күл-талқан болып жойылды.

4. Құқық қайнарлары.

Ежелгі Вавилон құқығының қайнар көзі-ол, Хаммурапи патшалық билдігінің нәтижесінде пайда болды.(М.Н.Прудников.,23б). Хаммурапи патшаның заңдары базальттық қара тас бағанға ойылып жазылған. Онда патшаның бейнесі көрестілген, құдай «Шамаштың» алдына патша иіліп тағызым етіп тұрғаны көрсетілген. Құдай Шамаш патшаға заң жинағын ұстатып тұр. Бұл заң жинағы құдай заңы деп аталды. Хаммурапипатшаныңзаңдар парағы үш бөлімнен тұрды: Бірінші бөлімде: кіріспеден тұрады. Ал одан соң заңның баптары, ал соңыгда қортындыдан тұрады. Жалпы заң жинағының құрамы 282- баптан тұрады. Осы заң жинағының (кодекстің) тарихи шығу көзі: шумерлік соттық жинағы, ескілікті дәстүрлік құқықтар, жаңа заңнамалар болды.

5. Хаммурапи заңдары.

Хаппурапи заң жинағының басталуы әдеттегідей «егерде» деген сөзден басталатын болып ал кейіннен оның нақты істеген ісі, қылықы айтылып соңында қаортыныды ретінде нақты жаза айтылатын болды.

Хаммурапи патшаны тұсында жерге деген меншіктің ең жоғарғы деңгейлік мәртебесіне дейін дамыды. Сол себептен Вавилонда жерге деген меншік иелігі мына түрлерге бөлінді: Патшалық; Храмдық; Қауымдық; Жекелік.

Патшалық пен храмдық шаруашылықтарды патша өзі басқаратын болды. Жеке меншік мүліктерінінң дамуы нәтижесінде қауымдық жерлер аумағы кішірейе бастады. Сол себептен қауымдастар жерді сатуға және жалға беруге еркіндік берілді. Ірі жер иелері өз жерелерін өңдегуге құлдарды ұстады. Әскери қызметтегі жауынгерлеге Патшадан жер бөлігі берілді. Оның себебі әскери қызметті атқару үшін.

Хаммурапи заңнамаларындағы шарттары:

-жалгерлік; мүліктік жалдау; жекелік жалдау; қарызға алу; сатып алу-сату;

-сақтау; серіктестік; айырбастау; тапсырыс.

Некелік мәселесі:

Некеге тұру рәсімі -ол, болашақтағы қалыңдықтың әкесі мен күйеу жігіттің арасында жазбаша түрде қол қою арқылы, тек бекітілген келісім негізінде ғана жүзеге асырылатын болды. Жанұя иесі күйеу болды. Күйеугек шыққан әйел кейбір құқықтарға ие болды: өз заттарына ие болуға, берілген жасауға ие болуға оны сақтауға, ажырасуға, күйеуінен кейін балаларымен бірге күйеуінің мүлкіне мұрагерлік етуге. Жанұяда әкелік билік кең болды: ол баласын сатуға, жалға беруге және өзінің қарызы үшін кепілдікке беруге құқылы болды. Егер бала теріс зұлымдық қылық жасағаны үшін тілін кесуге құқылы болды.

Мұрагерлік мәселесі:

Мұрагерлік құқықта өсиет бойынша мұраға ие болды заң танытын болды.

Заң бойынша мұрагерлік құқыққа ие болу мына тәртіп бойынша жүзеге асырылды. Мұрагер ретінде мыналар бола алды:

-балалар; асырап алған балалар (Хаммурапи патша –баланы асырап алуға рұқсат берген); немерелері; күңкеден туған балалар, егер әкесі өзінің баласы деп таныған болса. Егер баласы қылымыс жасамаған болса, онда әкесі өз баласын мұрагерліктен айыруға құқығы болмады.

Хаммурапи патшаның заң жинағында қылмыстың үш түрі көрсетлген:

1. Жеке тұлғаға қарсы қылмыс;

2. Мүліктік қылмыс;

3. Жанұяға қарсы қылмыс.

Жазаның түрлері:

Жазаның мақсаты-ол, кек алу, сазайын тарттыру деп аталды. Сол себептен жаза мына түрге бөлінді.

Жазаның негізгі түрлері мынадан тұрды:

-өлім жазасына кесу-ол, әр түрлі тәсілден тұрды: отқа жағу; суға батыру; найза ұшына отырғызу;

-денеге жарақат салу жазасы- қолын шауып тастау; саусағын, тілін кесіп тастау;

-айыппұлш салу; тұратын жерден кетіру (елден қуу).

Солнымен қатар «Талион қағидасы» болды. Бұл жаза салудың ең қатаң қағидасы болды. Қандай теріс қылық жасаса сол қылықты соған жасау. Егер ол адам өлтірсе оны да өлтіру керек болды. Осы аталған қағидаға ұқсас біздің қазақ елінде де болды, атап айтқанда: «қанға қан, жанға жан»; шешен халқында «қанды кек» ұқрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Әдебиеттер:

Н/ә:1,211-215; 2, 114-116. Қ/ә: 6,214-218.

Бақылау сұрақтары:

1.Месопотамия мемлекетіне қандай патшалықтар кірді?

2.Вавилон патшалығы қай патшаның кезінде нығайды?

3. Хаммурапи патшаның заң жинағы неден тұрды?

4. Талион қағидасы дегеніміз не?

№ 3 ДӘРIС

Тақырып: Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы. Ежелгі

Қытайдың мемлекті мен құқығы

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы. Ежелгі

Қытайдың мемлекті мен құқығымен оқып танысу.

Жоспар:

1.Мемлекеттің пайда болуы.

2.Варно-касталық бөлім.

3.Ману заңдары.

4.Қытай Мемлекеттің пайда болуы.

5.Құқық қайнары.

1. Мемлекеттің пайда болуы.

Бұдан шамамен төрт мың жылдар бұрынЕжелгі дүниедегі өмірдің пайда болуының біріне -ол, алыстағы Үнді шалғайы болды. Осы аталған аумақтың саяси бірлесікке байланысты бұдан б.э.д.үш мың жыл бұрын Хараппа және Моженджо-Даро деген ірі қалалар астанасы болды. Бұл қалалар өндіріс, өнеркәсіп орталығы болды. Б.э.д. екімың жылықта рулық қауымының ыдырау нәтижесінде тұрғында бытаруға шалдықты. Хараптқ даму өмірі үнді-арий таймларының келуімен аяқталды.

Б.э.д.бiрiншi мыңжылдықта Ежелгi Үндiстанда бiр- бiрiмен бәсекелес көптеген тайпалар мен мелекеттер тiршiлiк еттi. Ал б.э.д.3 ғ. Үндi патшалықтары түгелге жуық Ашок өкiметiнiң қоластына бiрiктi. Гималай тауы мен мұхиттың арасында Үндiстан мемлекетi орналасты. Үндiстан азияныңоңтүстiгiнде орналасты. Ол батыс жағынан да, шығыс жағынан да, оңтүстiгiнен де Үндi мұхитына ұласады.Солтүстiк шекарасы- дүниенiң шоқтығы саналатын Гималай таулары болды.

Жылдың көп уақыты Үндiстанда ауа райы өте ыстық болып тұрады. Гималай таулары солтүстiктен соққан суық желдi өткiзбейдi. Жел оңтүстiктен соғып, мұхиттан жаңбырлы бұлттарды айдап әкелгенде оларға тосқауыл болып, ұстап қалады. Сондықтан жылдың екi айында, шiлде мен тамызда, Үндiстанда жаңбыр шелектеп құйып тұрады. Өзендер арнасынан асып, тасып жатады.Ал жылдың басқа айларында жаңбыр сирек жауады.Үндiстанның iрi өзендерi жоқ, жерi қуаң болып келетiн аймақтары да бар.

Үндiстанның ең суы мол, арналы өзендерi-Үндi мен Ганг. Олар Гиммалай тауларынан бастау алды. Осы өзендердiң бойын ежелгi кезден-ақ үндiлер жайлаған.Олар өзендердi табиғаттың өмiр беретiн сыйы деп ұғынды.

Үндiлердiң ұғымында, аң- құстар мен жәндiктер адам сияқты ойлайды, сезедi, өз-ара тiлдеседi деп ұғынды. Бiреу өле қалса, шын мәнiнде ол өмiр сүруiн тоқтатпайды.Басқа бiр тiрi ағзаға айналып, сыртқы бейнесiн ғана өзгертедi. Адам өлгеннен кейiн жануар болып қайта туады. Ал жануарлар жарық дүниеге адам болып келедi.

2. Варно-касталық бөлім.

Кастыға бөлу дегенiмiз-ол ежелгi дәуiрден келе жатқан адамдар табын әр тапқа бөлу болып табылады, осы кастыға бөлу әлi күнге дейiн сақталып келедi.

Кастыға бөліндің нтижесінде халқытың қоғамда алатын орындарының әлеуметтік деңгейлері анықталды. Кастылер варнадан тұрды. Варна құрамы мына топтарға бөлінді:

- брахмандарға -(діни уағыздаушы тұлғалар, абыздар);

- кшатрилер- (әскери-жауынгер, билеушілер);

- вайшилер - (жеригерушілер,диханшылар, кәсіпкерлер);

- шудралар - (жалшылар) бірақ құлға жатпайды.

Варна деген сөз-ол, (цвет) боя түрі, яғни адам терісінің түрі-түсі жөніндегі мағынаны білдіреді. Арий тайпалары - аққұба, сары шашты болды, ал үнді тайпалар -қара тектес,қара шаты нәсілді болды.

Ману заңы бойынша, брахмандар, кшатрилер, және вайшилер екіре т туғандарға жатады, ал шудралар -ол, тек біррет туғандарға жатады деген.

Некеге тұру тек бір варна деңгейінде туған бала,ол нағыз таза некедекн болып есептелді. Ал әр варнадан болса ол таза неке болмайды деген.

3. Ману заңдары.

Ману заңы (Манусмрити- Ману деп есте қалған, Манавадхармашастра- драмаға Манудың орнатуы). Ману заңы - ол, діни-моральдық жағынан қалыптасқан жинағынан тұрады және ол өлең сөздің айтуымен сол кездегі атақты данышпан жартылай құдай деп атлаған Манудың еңбегімен жасалды.(В.Г.Графский.М-2003,97). Маныу заңының құрамы мен мазмұны жирма тараудан және 2685-баптан тұрады. Баптар ҮІІІ және ІХ тарауларда көрсетлген. Қалған тараулары касталық және варналық бөлу тәртіптері туралы айтылған.

Мнау заңы бойынша меншіктік құқықтың пайда болу әдістерімынадан тұрды:

-мұрагерлік; сыйға тарту арқылы ие болу немесе тауып алу арқылы ие болу;

-сатып алу; жауалап алу (басып алу); өсімқорлық; жұмысты орындағыны үшін; қайырымдылықты алу; иеліктің ескіруінен (10 жыл болса).

Ману заңындағы міндеттеме құқығы:

Бұл заңда келісімдердің мынадай түрлері болды:

- қарызға алу (беру) шарты;

-жұмыс күшін жалдау шарты;

-жерді жалгерлікке алу шарты;

-сату және сатып алу шарты;

-сыйға тарту шарты.

Ману заңы бойынша неке құқығы -ол, мүліктік мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылды, атап айтқанда: күйеу жігіт қалыңдықты сатып алу арқылы жасалды, оның нәтижесінде әйел еркетің жеке меншігі болып есептелді.Жанұия иесі күйеу бролды. Ману заң әйелдің күйеуәіне бағыеуын талап етті, күйеу құдай деп есептелді, егер күйеу шектент шықса да оныкі дұрыс болды. Қыз бала үнемі бағынышты болды, бала кезінде әкесіне ал тұрмысқа шыққанда күйеуіне. Әйел ашыналық жасағаны үшін қата жазаға тартылды, ең аяға өлімге кесілетін болды.

4. Қытай Мемлекеттің пайда болуы.

Ежелгі Қытайдың тарихи дәуірі төрт кезеңге бөлінеді, әрбір кезең нақты паташалық ұрпақтың биілік жүргізуіне байланысты болады.

Қытай тарихы мынадай дәуiрлерге бөлiнедi:

1.Шань (Инь)- б.э.д. ХҮIII-ХIІ ғас.

2.Чжоу дәуiрi- б.э.д.ХIІ-III ғас.(221 ж.)

3.Цинь дәуiрi- б.э.д. 221-207 ж.

4.Хань дәуiрi- б.э.д. III ғ.- б.э.III ғ.(б.э.д.206- б.э. 220 ж.)

Осы аталған тарихи кезеңдерде әр алуан құқытық дәстүрлер мен табиғи құқықтар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастарында қолданылады. Мемлекеттік қалыптасудың ерекшелігі сол- өйткені алғашқы қауымдық құрлыстан таптық қоғамға көшу кезінде бір халықтың екінші бір халықтың әсеріне амалсыздан көнуге тура келді. Өйткені алғашқы қауымдық құрлыстағы адамдар қорғамы ұстемдік етудің жолымен жүруге, көнуге бейімделмеген. Соныдқтан осындай халыққа билікті жүргізу үшін арнайы мемлекеттік аппарат қалыптасты.

Шань ұрпағының патшалығы кейінгі дәуірде Инь,- деп аталды. Бұл кезде мемлекет пен қоғам құлйеленушілікке айналды. Құлдар жекенің және мемлекеттің меншігі болды. Инь кезіндегі үстемтаптар абыздардан, бектерден, зайырлы аристократтардан тұрды. Аристократтардың мәртебелері олардың жер көлемінен, құлдардың санына қарай, патшаға жақындығына, қызметтік лауазымына қарай анықталды. Тұрғындардың көбісі еркіндікте жүрген адамдар қауымынан тұрды. Жер мемлекеттің меншігі болып есептелді және ол патшаныкі болып саналды. Барлық жерлер екі дәрежеге бөлінді:

1. Жалпыға ортақ жер ау мағы-ол, барлық қауым бірігіп өңделетін болды. Ал одан түскен өнімдер старостаға түсетін болды, ал содан соң патшаға жіберілетін болды;

2. Жекенің жер аумағы -ол, жеке тұлғаның пайдалануында болды, бірақ, сол жер аумағын ұстаушының жеке тиесілі меншігі болмады.

Құлдың пайда болудың негізгі шығу көздері мынадан тұрды:

-соғыста тұтқынға түскендерден;

-қарызды өтеу үшін құлдыққа сатып жіберу;

-кейбір қылмысты жасағаны үшін құлдыққа айналдыру;

-тәуелді адамдардан тарту ретінде адамды құлдыққа алу.

Шань дәуiрiнде төтенше әскери басшысын -“ ВАН ” деп аталды.

Екiншi мыңжылдықтан кейiн “ ВАН ” патша титулы болы, ол жоғарғы абыз қызметiн атқарды.

Шань (Инь) кезіндегі мемлекеттік құрлыс:

Бұл кезеңде рулық- туысқандық әскери демократиялық сипаттары сақталды. Кейін келе барлық биліктің патша көшуі (Ванға) анық байқалды. Ескіліктен келе жатқан тайпа көсемдері жеке даралық билігін жүргізді. Бұл көсемдер өздерін Аспан баласы және құдайдың жіберуі деп есептелді. Жоғарғы лауазымды шенеуниктерін тек патша өзінің туысқандарынан тағайындады. Төменгі ұсақ қызметшілерге мамандалған шенеуниктер болды, оған: жазғыш, салық жинаушылар, судьялар және т.б. Ежелгі Қытайда мемлекеттік лауазымнегізгі үш дәрежеге бөлінді:

1.Жоғарғы азаматтық шенеуник;

2.Әскери шенеуник;

3. Кеңесшілер, жорамалдаушылар (болжаушылар).

Б.э.д. 1076 жылы Чжоу тайпалары Инь армиясына күйрете соққы беріп жеңіске жетті. Оның нәтижесінде Шань (Инь) мемлекеті құлап Чжоу патшалығы орнады.

Шань (Инь) тұсындағы мемлекеттiк аппарат:

Жергiлiктiбасқару -ол, жергiлiктi көсемдер “ Чжуху ” деп аталды, олар

8-рангiге (дәрежеге) бөлiндi. Бұл дегенiмiз қазiргi заманға сай болыс, старшина, әкiмдер.т.б. теңеледi.

Әскер - Шань кезеңiнде тұрақты әскер болмады, жергiлiкетi билiктi атқарушы “ Чжуху ”-дың қоластында 3000, 5000, 6000 сарбаздан тұратын жасақтар болды. Әскер құрамы: жаяау, атты әскерден тұрды.

Сот. Жоғарғы Сот - ванның өзi, сот әкiмшiлiктен бөлiнбедi, оның қарамағында чжухау қызметi болды.

Жоғарғы дәрежедегi қызметшiлер мынадан тұрды:

1.Жазғыш;

2.Қазынашы;

3.Салтанатты жұмыстарын ұйымдастырушы, атқарушы қызметтерi болды. Патша жанындағы ақсүйектер кеңесiне ру ақсүйектерiнiң өкiлдерi мен ұлы көсемдердiң ұрпақтары кiрдi. Бал ашатын жазу болды,ол “Үлкендер кiшiлер кеңесi” деп аталды. Патша ұрпағы елдiң жоғарғы қызметтерiне иелiк ететiн үлкен қауым болды. Патша аң аулауды басқару, әскербасшысы және шiркеубасы қызметтерiн атқарды. Патша армияға сүйенетiн болды. Қытай армиясы әрдайым жаяу, атты және арбалы әскерге бөлiнетiн болды, сарбаздар өте қарапайым қынап, қылыш, балта сияқты қарулармен қаруланды.

Ежелгі Қытайда Чжоу ұрпағының жүргізген билігі б.э.д. ХІІ ғ. бастап, б.э.д. 221 ж. дейінгі кезеңі үш негізгі дәуірге бөлінді:

Батыс Чжоу кезеңі - б.э.д. 1122-742 ж.;

Шығыс Чжоу кезеңі - б.э.д. 770-403 ж.;

Чжаньго кезеңі («өз ара соғысушы жеті патшалық құрамынан»)- б.э.д. 403-221ж.

Батыс Чжоу кезеңінде - (б.э.д. 1122-742 ж) құлиеленушілік мемлекеті нығайды, оның құрлымы күрделі болды. Қоғамда өндіріс аса жоғары дами бастады, құлдар саны көбейді, ірі жериелігі жедел дамыды. Жоғарғы билік патшалық мұрагере (ванға) берілд і.Чжоу кезінде орталықтандырылған мемлекеттік билігі орнатылмады. Ван билігі тек астаналық аймағында орналасқан жерде ғана жүргізілді. Ал қалған жер аумағы княздықтарға бөлінді, оны княздар (чжухоу) өз билігін жүргізді. Чжухоу -ол жергілікті князь деп аталды. Мемлекеттік аппаратты басқарушы-ол, ванның жақыны болды, ол лауазым «Сян» деп аталды. Ванның ең жақын көмекшісі болды. Чжоу кезінде сарайлық басқару жүйесі жұмыс істеді. Оның қызметшісі сонымен қатар лауазымды тұлға болды. Оның қарауында көптеген шенуниктер болды. Ең жоғарғышенеуник «ДАФУ» деп аталды, ол үш класқа бөлінді: аға, ортаншы, кіші.

Шығыс Чжоу кезеңі - б.э.д. 770-403 ж.-экономикалық және саяси өмір кезеңі мына өзгерістер бойынша сипатталды:

-сауда және кәсіпкерліктің дамуы нәтижесінде, қоғам өмірінде көпестердің рөлі жоғарлай түсті;

-рулық аристократиялық мұрадан қалғарн жер аумағы құлдырай түсті. Оның жер аумағы мемлекеттік қызметтегі беделді тұлғаларға берілді;

-құлиелнушінің жерге деген жеке меншік иелігі нығая түсті.

Чжаньго кезеңі («өз ара соғысушы жеті патшалық құрамынан»)-

б.э.д. 403-221ж- жегеге деген иелік одан әрі ірілей түсті. Оның бір себебі қауымдардың жерін тартып алу нәтижесінде жүзеге асырылды.

Бұл дәуiрде қоғамда өнеркәсiп орындары жұмыс iстей бастады. Атап айтқанда:

Сарай жұмыстарына мына қызметтер жататын болды:

1.Арбаны даярлау;

2.Атты жегуге даярлау;

3.Жұмыс iстейтiн малдарды ұстау және оны күтiмшiлiк жұмысын атқару.

Өнеркәсiп орындарына жататындар:

1.Құрлыс жұмыстары;

2.Тоқыма кәсiбi;

3.Мыс өндiру;

4.Темiр өндiру;

5.Жер игеруi;

6.Қолөнершiлер кәсiбi;

7.Сауда-саттық кәсiбi.

Құлдар ұйымы-ол, Шань патшалығында құлдар тек ұжымдық меншiк ретiнде болды, ал, Чжоу патшалығында құлдаржеке меншiк заты болды.

Чжоу кезеңiндегi Қытайдың мемлекеттiк құрлысы:

Бұл кезеңде Қытайда билiк төрешiлдiк негiзiнде аппараттар құрылды.

Патша аясында мемлекеттiк басқару саласында жоғарғы қызмет iстейтiн ақсүйек шенеуниктерiнiң үлкен тобы пайда болды. Мемлекет басында патшадан кейiн оның ең жақын көмекшiсi болды. Көмекшiнiң қызметтiк мiндетi аса кең аумақта болды. Жердi игеру жұмысы жөнiнде 3-адамнан тұратын алқалы ұйым болды оның құрамына жұмысты басқарушы мен сарбаздары болды. Сарбаздар бастығы-ол, елдiң ең басты қолбасшысы яғни министр мiндетiн атқарды. Үшiншi қызметшi адамы-ол, қоғамдық жұмыстарға жетекшiлiк жасап, мемлекеттi сумен қамтамасыз ететiн және жер қорын басқарады. Кейiннен басқа қызметкерлер пайда болды: олар өз қолына патша сарайы мен басқару жұмыстарын алып, сот iсiн және дiнге табынуды ұйымдастырды.

Цинь мемлекеті: (б.э.д. 221-207 ж.)

Б.э.д. III-ғасырда Қытай мемлекетi қайтадан күштi мемлекетке айналды, Цинь әулетiнiң мемлекеттiк билiгi орнатылды. Цин паташаның билiгi кезiнде дүниедегi ғажайытың бiрi аталған “ Ұлы Қытай қорғаны ” жұмыстары басталды.

Ши-Хуан-Ди патшаны жамандайтынкiтаптарды тыққаны үшiн 460 жазушыны тiрiдей көмуге бұйрық шығарды. Қытай тарихында қауым әрқашан ең төменгi аумақтық бөлiк болып келген. Цин дәуiрiндеаймақтықсудья қызметi енгiзiлдi. Болыс бастығы да сотқа жататын дауларды шешумен айналысатын болды. Шенеуниктердiңмамандығын көтеруге жағдай жасалып, олардан халық алдында емтихандар қабылданды. Бiрақ мұның барлығы көзалдайтынүстiрт сипатында ғана болды.

5. Құқық қайнары.

Осы аталған дәуірде Ежелгі Қытайда мына төменде көрсетлген құқықтың салалары болды, атап айтқанда:

1.Меншік құқығы;

2.Міндеттеме құқығы;

3.Некелік-жанұя құқығы;

4.Қылмыстық құқығы;

5.Соттық іс жүргізу құқығы.

Ежелгі Қытайда меншік құқығының негізгі объектісіне жер және құлдар жатты. Инь патшасы кезінде жепрге деген иелік ол император (Ван) меншігі болды ол тек патшаға жақын адамдарға ғана сйыға тарту арқылы берілетін болды. Чжоу патшасы кезінде жерге деген меншіктік ол жеке меншік иелігіне көшті. Цинь патшасы кезінде құлдарды еркін және кең түрде саудалайтын болды.

Ежелгі Қытай құқығы бойынша келісім-шарттың әр-түрі болды, оның ішінде мына түрлері болды:

-айырбас келісімі;

-сату-сатып алу келісімі;

-сыйға тарту келісімі;

-қарызға беру келісімі;

-жерді жалға беру келісімі;

-жекелік жалдама жасау келісімі.

Айырбас келісімі ежелгі Қытайда ең бірінші пайда болғандардың бірі болды.

Айырбас келісімі -ол, сауда жасаудың әдіс-тәсілі ретінде байқалды.

Сату-сатып алу келісімі -ол, сол кезде әр тараптар өзінің бұйымдарын тиісті бағаға сатуы немесе нақты бағаға төлемді төлеу және оны жазбаша түрде бекіту арқылы жүзеге асырылды.

Сыйға тарту (беру) келісімі -ол, сол дәуірде яғни жерді, құлды, көлікті, қаруды және басқа да заттарды сыйға тарту (беру) кеңінен таратылды. Бұл рәсімдер құтты қонақтарға, шет елден келген қонақтарға, ел басшыларына тарту жасау, қабылданған салт-дәстүр болды.

Қарызға беру келісімі -ол, Чжанго патшалығы кезінде қарызға беру қолхаты арқылы рәсімделді. Бұндай мәмілені жасауға мынадай ыңғайлы жағдайлар кездесті:

-төлемді кейінгі уақытқа қалдыру;

-кепілдік затты әкеліп беру;

-міндеттеме қолхатын беру.

Қарызды өтей алмаған адамдарөсімқорлықтыңқармағынаілініп үнем, қарызды болуға ұшырады, ал оның арты құлдыққа әкеліп соқтырды.

Ежелгі Қытайда б.э.д. Ү-ІІІ ғас. жерді жалға беру келісімдері жиы-жиы болып тұрды.

Әдебиеттер:

Н/ә:1,287-295; 2, 189-196. Қ/ә: 6,274-288.

Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі Үнді аумағында ең алғаш тайпа қалай аталды?

2. Ману заңы бойынша Үнді халық қандай варныға бөлінді?

3. Брахман қоғамда қандай орын алды және оның ерекешелігі неде?

5.Ежелгі Қытайда неше патшалық дәуірден тұрды?

6. Қытай құқығының қайнар көздері неден тұрды?

№ 4 ДӘРIС

Тақырып: Ежелгі Грекияның мемлекеті мен құқығы. Ежелгі Рим

мемлекеті мен құқығы

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Грекияның мемлекеті мен құқығы. Ежелгі Рим

мемлекеті мен құқығы туралы оқып танысу.

Жоспар:

1.Гомерлік Грекия.

2.Міндеттеме құқығы.

3.Қылмыстық құқық.

4.Рим мемлекетінің пайда болуы мен оның негізгі кезеңдері.

5.Рим құқығы мен оның кезеңінің тарихи маңызы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: