Гомерлік Грекия

Алғашқы қауымдық құрлыстың ыдарауынан Ежелгі Грекия тарихында полистік кезеңі қалыптасуы және гүлденуі, ол дегеніміз қала- мемлекеттерінің пайда болуы деп аталды. Қауымдық құрлыстың кезеңін құлиеленушілік кезеңі ауыстырды. Сол дәуірдегі полисті кезеңдер үшке бөлінді:

- гомерлік кезеңі- б.э.д.ХІ-ІХ ғас;

-арайлік кезеңі- б.э.д. ҮІІІ- ҮІ ғас;

-классикалық (таптық) кезеңі- кезеңі - б.э.д. Ү-ІҮ ғас.

Ежелгі Грекияның тарихи дамуына жетекші рөл атқараған екі полис болды, олара: Афина және Спарта болды. (Бұл жалпы кіріспе –анықтама болды).

Гомерлік кезеңі -ол, б.э.д.ХІ-ІХ ғас; Бұл кезең үстемдік жүргізуші рулық қауымдық қатынастар болып сипатталды. Жерге деген иелік ол,тек тайпалық меншігі болды, ал қауымдастар тек оны пайдалануға құқылы болды. Мемлекеттік құрлыс ол кезед әлі қалыптаспады бірақ ежелгі әскери диктатуасы иелік етіп жүрді. Руклық қауымның басшысы ретінде көсем болды-ол, базилевс деп аталды. Базилевс лауазымдық міндеті мына қызметтердің функцияларын біріктірді, атап айтқанда: жағарғы әскери басшы, жоғарғы судья, жоғарғы абыз. Базилевс - ең алдымен сайланатын болды, ал кейіннен ұрпақтан –ұрпаққа берілетін болды. Сол кезеңде рулық қауымның беделді тұлғаларынан тұратын тұрақты кеңес жұмыс істеді-ол, қариялар кеңесі (булэ) деп аталды. Сонымен қатар халық жиналысы маңызды рөл атқарды. Осы кезеңнің соңында рулық қауымдық қатынгастары бытыраңқылыққа ұшырап оның орнына құлиеленушілік кезеңі келеді.

2. Міндеттеме құқығы.

ЕжелгіГрекияның құқығын тек Афина құқығы бойынша қарайтын боламыз. Оныңсебеб і солдәуірде ең дамыған қала- мемлекеттердегі құқы ол Афина құқығыболды. (А.В.Желудков,А.Г.Буланова,М.2000, 45С). Афина құқығы ең жан-жақты дамыған жүиелі құқық болды. Афина құқығының шығу көзі-ол, құқытық дәстүрден пайда болды, ал б.э.д.621 жыл. Жазабаша түрдегі құқық нормасы –ол, «жазылған құқық - Драконта Заңы» бұл заң іс жүзінде жұмыс істеді. Міндеттеме құқығы дегеніміз - ол, келісім-шарт жасау нәтижесінде екі немесе бірнеше адамдар арасында жасалатын іс-әрекеттерді айтады. Ежелгі Грекия (Афинада)міндеттемелік қатынастаржазбаша және ауызша (деликті) түрлерде пайда болды. Афитна құқығы бойынша бірнеше міндеттемелер қатынастардында мынадай шарттардың түрлерінен тұрды:

-сату-сатып алу шарты; жалдау шарты; несие (ссуда) шарты; мердігерлік шарты; қарызға беру шарты; затты сақтау шарты; серіктестік шарты; кепілдік шарты; комиссиялық шарты.

Шартты жасауға негіз болатынжәй -ол, кез келген мазмұны бар келісімдер болды. Деликтіден пайда болатын міндеттемелер -ол, тек кез келген жағдайда мүліктік зиян келтірген болса пайда болды.

Міндеттеменің талабын орындауға жататын іс-шаралар мынадан тұрады:

-кепілпұл; кепілзат; кепіл болу.

3.Қылмыстық құқық.

Афина құқығы бойынша қылмыстың мына түрлері белгілі болды:

-мемлекеттік қылмыстар;

-жанұяға қарсы қылмыстар;

-жеке тұлғағак қарсы қылмыстар;

-жеке меншікке қарсы қылмыстар.

Сонымент қатар қылмыстың жаслуына қарай оның қасақана немесе абайсызда жасалуы, қылмысқа үгіттеуші мен қылымысты орындаушы арасындағы айырмашылықтары де ескерілді. Сонымен қатар қажетті қорғану ұғымына, әрекетіне де мән берілді.

Жазаның мақсаты -ол, қылмыскерге қинаушылық (ауыртпалық) көрсету болды.

Жазаның мынадай түрлері болды:

-өлім жазасына кесі;

-құлдыққа сатып жіберу;

-айыппұл;

-мүлгін тәркілеу;

-ар-намысын, ар-ожданын кеміту, атап айтқанда:азаматтық құқығынан айыру.

4.Рим мемлекетінің пайда болуы мен оның негізгі кезеңдері.

Ежелгі Рим мемлекеті үш кезеңдерден тұрады:

-Патшалық кезеңі- б.э.д.753 - 510жыл.

-Республикалық кезеңі- б.э.д. 509 - 27 жыл.

-Империялық кезеңі- б.э.д.27 жылдан бастап - б.э.476ж.

Немiстiң профессоры Рудольф Иеринг айтқандай: “ Рим өзiнiң ерiк-талабын дүние жүзiне үш рет қойды және үш рет халық бiрлiгiн қалыптастырды, деген”.

Римде әрбiр рудың аты болды. Рудың басшысы ақсақал кеңесiне, атап айтқанда сот қызметiн де жүзеге асыратын едi. Ең басында Рим қауымында 300 рудан тұрды, сол себ,ептен ежелгi сенат органы 300 сенатордан тұрды. Сенат органы өмiрлiк көсемдi сайлады. Патша Сенаттың төрағасы болып, бүкiл қауым атынан құдайға құрбандық бердi және “легиондарды” басқарды. Ең маңызды мәселелер курияның, рудың халық жиналысында қойылып отыратын.

1) Патшалық кезеңінде жеті патшалығы билік жүргізді, ол мына патшалардан тұрды:

- Ромул; Нума Помпилий; Тулл Гостилий; Анк Марций; Тарквиний Приск;

-Сервий Туллий; Тарквиний Гордый.

Римде- Үш тайпа (племя)болды, оның құрамы рулардан, куриялардан тұрды.

1-тайпада 100-ру болды; 1-курияда-10 ру болды; Жалпы -30 курия болды. Барлығы-300 рудан тұрды. Сол себептен Рим сентының құрамы-300 сенатордан тұрды.

2) Республикалық кезеңі -ол, Ежелгі Римнің б.э.д. 509 ж. Тарквиний Гордый- (Рим-патшалық кезеңінің соңғы патшасы) елден қуылған соң қылптаса бастады. Бұл кезең екіге бөлінді: ертелік және кеиінгі кезеңі болды. Бұл кезеңде өндірістер жедел дами бастады, әлеуметтік өмірдің қозғалыстары алға басты. Республикалық кезеңде: аристократиялық және демократиялық сипаттары болды. Бұл кезеңде негізінен құлиеленушілердің және бай шонжардың артықшылық мүддесін қамытуды көздеді.

Римде толық құқықтық қабілеттігіне ие болу үшін мынадай үш мәртебесі болуы керек:

-еркіндігі; Рим азаматтығы; жанұясы.

3) Римнің Империяоық кезеңі.

Римнің империялық кезеңі мына кезңдерге бөлінед і:

-принципат кезеңі- б.э.д. 27 ж. бастап б.э.193 ж.;

-дағдарыс кезеңі- б.э. 193-284 ж.;

-доминат кезеңі- б.э.284-476 ж.

Б.э.д.1 ғасырда Цезарь Римде принцепат белгiледi. 1-шi ғасырдан III-ғасырға дейiн республика органдары сақталса да, олардың дербестiгi жойылды. Цезарь сенаторлардың санын 600 дейiн азайтып, олардың цензiн бiр миллионға дейiн көтердi. Сенаттың құқығы кеңейдi. Сенат заң қабылдайтвн болды, магистрлердiң орнын белгiлеп, сот функциясын орындады, принцепстi сайлады. Магистрлер принцепстiң көмекшiлерi болатын. Диоклетиан императорына дейiнгi монархия “принцепат” деп аталды.Рим республикасының органдары жұмыс атқарғанмен, олардың әдiл шешiм шығаратын маңызы жойылды. Магистратураладың бәрiн “принцепс” деген жаңа лауазымд тұлға басқарды. Принцепстi бұрын сенат сайлайтын, соңынан бұл қызыметтi әскери адамдар сайлайтын болды, ақырында бұл қызымет орны әкесiнен баласына мұра ретiнде берiлетiн болды. Принцепстiң белгiлi заңды титулы жоқ едi, оны августул, император және принцепс деп атайтын. Принцепс - ол жоғарғы республикалық магистр қызметiн өмiр бойы атқаратын, төтенше әкiмдiк билiгi баро адам.

Диоклетиан және доминат жүйесiнiң пайда болуы. Римде монархияның пайда болуын Диоклетин деген импероатордың атымен байланыстырды (284-305). Диоклетиан табиғатынан ақылды, мемлекеттiк қызметке қабiлеттi болды. Жалғыз өзi Рим тәрiздi аса зор империяны басқара алмайтынын түсiне отырып, ол өзiне қосалқы әмiршiнi тағайындады. Диоклетиан көрнектi iрi мемлекет қайраткерi қатарынан орвн алды. Ол әмiршiлiк, әскери және қаржы реформаларын жүргiздi.

Доминат жалпы құл иеленушiлiк құрлысты нығайтуға бағытталды. Ол бүкiл империяның бiрлiгiн, императордың билiгiн күшейтiп, бюрократиялық әкiмшiлiк аппаратты гүлдендiруге тырысты.

Б.э.д. III ғ.аяғынан бастап Рим империясының тарихында жаңа тарихи кезеi пайда бролыд оны аты “доминат” деп атады. Сол кезде Рим мемлекетi манархиядық мемлекеттен абсолюттiк монархияға айналды. Ал ақырғы көшу уақыты 284 ж. болуымен қатар билiк орнына Диоклетиана келдi, өзiн Доминусом деп атауға бұйрық бердi. Император Август пен Доминус дәрежесi шексiз билiкке ие болды. Империя тұрғындар императордың бiраузды қолдаушылары болып табылды, олар құл ретiнде де есептелдi, оны – сервтер деп атады. Принципат кезiндегi мемлекет орпгандары өздерiнiң мүддесiн мүлдем жоғалтты. Яғни мемлекет органдары iстен қалды деуге болады. Сенат қаланың екеңес органына айналды. Магистрлер- жәй жергiлiктi лауазымды тұлға блып қалды. Римдi басқарушы билiгi- префектке жүктелдi. Префектiнi тек император тағайындайтын болды және тек соған ғана бағынатын болды. Префеторлық жерлеге бөлiндi Римнiң батыс жағында 6 диоцез болса, ал шығыс жағында 7 болды. Оларды Викариялар басшылық еттi. Диоцездердiң округтерiн ректорлар бсқарды. 306-337ж Римнiң билiк басына Константина келдi.

5. Рим құқығы мен оның кезеңінің тарихи маңызы.

Рим құқығының пайда болуы –ол, негізінен құқлиеленушілік қоғамы негізі себеп болып табылады. Сол кездегі әлеуметтік қатынастар мен саясатты анықтаушы болып табылды. Рим құқығының даму барысы мына кезеңдерден өтті, атап айтқанада:

-квириттік немесе цивильдік құқық;

-преторлық құқық;

-жалпыхалықтық құқық.

Ремнің өзіндік құқығы көшіліук және жеке құқы болып бөлінеді. Көпшілік құқығында-ол, Рим мемлекетінің жағдай туралы айтылады. Жеке құқық мәселесі жөнінде римнің заңгері Домиций Ульпиниан жеке құқық-ол, кейбір тұлғаларға тиімді болуы мүмкін деп есептеді.

Рим құқығының тарихи маңызы:

Рим құқығы дегенiмiз- ол бiздiң эрамыздың,алғашқы 3 ғасырларында

пайда болған “принципат “ дәуiрiндегi ең дамыған Ежелгi Рим

құлиеленушiлiк құқық жүйесiн айтады.

Римнiң ежелгi дәуiрiнде 2 құқық саласы ерекше көзге түсетiн болған –ол:

көпшiлiк және жеке құқық болып бөлiндi.(ius publicum және ius privactum).

“Рим құқығы” терминi құл иеленушiлiк қауымда құрылған Рим мемлекетiнiң, яғни антикалық Римнiң құқығын бiлдiредi.

Рим құқығының маңызы: Рим құқығына тек мемлекет қана әсер еткен жоқ сонымен қатар мәдениеттiң де үнемi дамуы да әсер еттi. Мәдениет салсының дамуы нәтижесiнде сауда-саттық қарқындары, сол кезде сату-сатып алу,борышқор,шарт,мiндеттемелер сияқты құқытық элементтерi пайда бола бастады.

Өзiнiң мәнi мен маңызына байланысты Рим құқығы қазiргi заңгерге өте керектi нәрсе болып тұр. Оны оқып түсiну заң тәжiрибесiнде де, дәл айтқанда заң шығару жұмысымен айналысатындарға да маңызды. Өйткенi қазiрiг кезеңде амзамат құқығы мен қылмыс құқығының талаптары туралы ондағы жауапкершiлiктiң, мүлiктiк жауапкершiлiктiң, жазаның салу ережесi туралы осы рим құқығында ең алғаш рет айтылған.

Сонымен Рим құқығының маңызы:

1.Барлық құқы саласының негiзiн қалаушы;

2.Азаматтық қатынастар арасын реттеудегi негiзiн қалаушы;

3.Мемлекет пен жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты реттедiң негiзiн қалаушы;

4.Қылмысты жасағаны үшiн тиiстi жазаны салудың негiзiн қалаушы;

5.Борышқордың борышты орындау немесе оны орындамағаны үшiн жауапкершiлiктiң негiзiн қалаушы;

6.Жанұялық қатынасты реттеудегi мәсғленiң негiзiн қалаушы;

7.Мiндеттемелер мен келiсiм-шартты орындаудағы мәселенi шешудiң негiзiн қалаушы;

Рим жеке құқығының негiзгi сипаттары:

Бiрiншiден, құлиеленушiнiң жерге деген толық иелiгiн және құлдары өз

қалауы бойынша үнемi жұмысқа салуға, емiн еркiн зат ретiнде пайдалануға

және көпестердiң өз тауарларымен емiн-еркiн, шексiз түрде өз меншiгiн

пайдалануға берiлген құқық болып табылады.

Екiншiден, ол келiсiм-шарт институты. Б.э.д. 1ғасырда Римде сауданың жоғарғы деңгейiне дамудың нәтижесiнде көпестер сауда-саттықты iске асырған кезде және оған дейiн келiсiм-шарттың жасалмастан бұрын жан-жақты ескерiеп, егжей тегжейiне дейiн мұқият байқап содан соң келiсiм-шартты бекiтуге екi жақтың шешiмiн бекiтудi,сонымен қатар шарттың түкпiлiктi екенiн және борышқор шартты орынждамаған жайғдайда оған аяусыз шара қолдануын талап етедi. Яғни борышқор өзiнiң берген шартын орындамаса ол жан-ақты қудалануға алынатын болады.

Жеке құқытың көпшілік құқытан шектей білу:

Рим азамат құқығы -ол тек жеке құқығының мәiселесi деп айтылмады. Рим республика кезеңiнде азамат құқығындағы тарих бойынша цивильдiк және халық құқығы қатар дами бастады. Цивильдiк және халық құқығы деп аталатын болды.

Сонымен қатар Рим азамат құқығы мына түрден тұратын болды:

-цивильдiк құқық;

-көпшiлiк құқық;

-жеке құқық.

Мiне осы аталған құқықтар әр түрiге бөлiндi. Әрбiр құқық өз сипаттарынан тұрды. Осыны жеке талқылайтын боласмыз.

Көпшiлiк құқық дегенiмiз –ол, билiктiк қатынастарды және

келiсiм-шарттарды орындаудың мазмұнынан тұратын болды. Осыған байланысты жеке тұлғаның шарты өзгерiлуi мүмкiн емес болды. Мысалы: Мемлекеттiк деңгейде келiсiм-шарт жасау. Соғыстан кейiн бiтiм шартын жасау. т.б.

Жеке құқық дегенiмiз -ол: екi жақтың тең болуы негiзiнде мүлiктiк

қатынастарды реттеумен қатар және оған қатысушы субъектiлердiң жағдайлары мен мiндеттерi өзгерiлуi мүмкiн екенiн айтады.

Мысалы: екi адам бiр бiрiне қанрызға ақша беруi немесе сауда жасауы.

Цивильдiк құқық дегенiмiз -ол,ежелгi римнiң ұлттық құқығы, ол тек

Рим азаматтарына таратылатын болды.Соныдқтан да бұл құқық квириттiк құқық деп аталды.

Квирит дегенiмiз -ол Ежелгi Римнiң еркiн тұрғындарын айтады.ius civil-ол дегенiмiз халық жиналысынан шығатын, ал кейiннен сенаттан шығатын болды. Ендiгi мәселе ол преторо құқығы туралы түсiнiк беретiн боламыз.

Претор құқығы дегенiмiз -ол, сол кездегi қоғамдық қатынастырда адамның хал-жағдайын жақсартуын және реттеуге келмейтiн мәселенi претор өзiнiң құқықтық нормасымен ретiне келтiрен фактлердi айтады.

Бұл туралы римнiң заңгерi Папиан халық құқығы деген ат қойды.

(ius gtntium).

Рим құқығының тарихи жүйесi:

Рим құқығының тарихи жүйесі-ол, құқытың тарихи кезедерінен тұрады. Ал тарихи кезеңдер сол кезегі әрбір дәуір кезеңдерінен тұатынын айтады. Рим құқығының тарихи кезеңдерi:

1.Ежелгi кезең.(б.э.д. У-ғас. Ортасынан бастап III ғас.дейiн)болды.

2.Класиикалық кезеңi.(б.э.д. III ғас бастап, б.э. III ғас. аяғына дейiн) болды.

3.Классикалық кезеңiнен кейiнгi дәуiр кезеңi. (IУ-УI ғас.).

Осы атаған кезеңдерде құлиеленушiлiк қоғамы және мемлекеттiк бытыраңқылықтың нәтижесiнде пайда болды. Рим құқығының дамуы осы кезеңдерде бәсеңдеп экономикалық және саяси дағдарыстарға тап болды.

Рим құқығы бiрте –бiрте қоғамдық қатынастардың нығайуына байланысты жаңа феодалдық қатаынастарды реттейтiн болды.

Сонымен рим құқы,ғының әрбiр тарихи кезеңдерi үнемi өзгерiстерге тап болатын болды. Оның себебi күнделiктi қоғамдық қатынкастардың өзгеруiне байланысты болды. Қоғамдық қатынастардың өзгеру себебi ол күнделiктi адамдар қоғамының өмiр сүруi және адамның сана сезiмiнiң нығайуы нәтижесiнде мемлекеттiк билiк те өзгерiн болды. Сондықтан әрбiр билiк өзгерiстерi мемлекеттiң кезеңiне де бөлiнетiн болады.

Ендiгi бiр қозғалатын мәселе ол Рим құқығының рецепциясы туралы айтытын боламыз.

Рим құқығының рецепциясы:

ХI ғас.аяғында Италияда ежелгi мәдениетке ерекше көңiл бөлiнетiн болды. Оның себебi Юстиниан кодексiне заң мамандарыерекше көңiл бөлдi.

Яғни Юстиниан кодексi заңгерлердi бiраз ойыландыратындай көңiл аударды. Сол кезде Рим құқығының дамуына католик шiркеулерi де қолдау көрсеттi. Осы рим құқығы сол кездегi Европадағы саяси дағдарыстарын ретiне келтiруге пайдасы тидi деуге болады. Бұл туралы Ф.Энгельс өзiнiң:”Происхождение семи, частной собственности и государства” деген еңбегiнде мынаны айтқан болатын. “Рим құқығы-ол, ең нағыз қйын –қйын сандардан өткен, халықтың өмiрi мен тәжрибелiк түрде дәлелденген, қоғамдық қатынастардың ретiне келтiрушi” деген.Бұл құқық сол кезеңде Рим қауымында ақша мен тауар айналымдарын ретiне келтьiрушi және экономикалық қарым-қатынастарын нығайту жолдарына ерекше зор қызмет көрсеттi. Құқытың нәтижесi мемлекеттегi қоғамдық қатынастарын экономика мен саясатты реттеуге ерекше үлес қосты деуге болды.

Әдебиеттер:

Н/ә:1,221--233; 2, 178-189. Қ/ә: 6,254-267.

Бақылау сұрақтары:

1.Рим мемлекеті қалай пайда болды және ол туралы қандай аңыз бар?

2. Сервия Туллии қандай реформагы жұргізді?

3. Принципаттың және Домингаттың мағынасы неде?

4. Преторлық құұқыиы қалай түсінесіз?

5.Квирит құықы деп аталу себебі неден тұрады?

№ 5 ДӘРIС

Тақырып: Франк мемлекеті мен құқығы. Францияның феодалды

мемлекеті мен құқығы.

Сабақтың мақсаты: Франк мемлекеті мен құқығы. Францияның феодалды

мемлекеті мен құқығы туралы оқып танысу.

Жоспар:

1.Мемлекеттіліктің пайда болуы.

2.Меровингштер мен Каролингтер әулеттері.

3.Салистік шындық.

4.Франция мемлекеттілігндегі негізгі даму кезеңдері.

5.Француз құқығы:некелік, отбасылық, мұрагерлік, қылмыстық.

1.Мемлекеттіліктің пайда болуы.

Франк мемлекеттігінің пайда болуына нәтижелі себеп болған- ол, Меровингтер әулетінен шыққан кароль Хлодвигтің (481-511 ж.ж.) Галияны жаулап алуы ең басты себеп болды. Рейн өзенінің орта ағысынан бастап Приенейге дейінгі жер аумақатрды өзіне қаратан билеуші кароль Хлодвиг болды. Хлодвинг өз бетінше заң шығаруға және өзінің талабын қоюға, салық салуға және алуға толық құқтарға ие болады. Хлодвитің тұсында Салистік шындығы қалыптастырылы. Франктің мемлекеттігі жедел түрде қалыптаса бастады.

Франк мемлекеттік тарихында екі кезеңіне бөлінеді, әрбір кезеңдер пватшалық әулеттеріне байланысты болды, атап айтқанда:

1- кезеңде: Ү ғас. соңынан ҮІІ ғас. Меровингтер монархиясы биледі;

2- кезеңде: ҮІІІ ғас. ІХ ғас. Каролингтер монархиясы биледі.

2.Меровингштер мен Каролингтер әулеттері.

Меровингтер әулеттері Франк мемлекетін 457 жылдан бастап 751 жылдарға дейін патшалық билігін жүргізді. Осы патшылық билік кезеңінде феодалдық қатынастары туындай бастады. Ү-ҮІ ғас. арасында қауымдық, руылық байланыстар сақталды, франктер арасындағы қатынастар аса дамыған жоқ, бай-шонжарлардың әлеуметтік деңгейлері жоғары болды. Хлодвигтік әскер и жорық жасау нітижесінде біраз әлеуметтік деңгейлер өзгерілді ол бірақ әскер басшыларына пайда сына тиді. Меровингтер тұсында Майордам деген лауазым пайда болды. Майордамның міндетіне сарайлық басқардың міндеті артылды. Карольдық биліктің бәсеңдеуіне байланысты Майордам мемлекеттегі нақты және шынайы мемлекет билігі соған көшті және мемлекет басшлығы соған көшті. ҮІІ-ҮІІІ ғас. кезеңінде Майордам лауазымы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін болды. Бұл дегеніміз Каролингтер әулетінің билігінің басталуына жол салды.

Карольдық және империялық билігінен Каролингтер әулетері Меровингтер әулеттерін 751 жылы ауыстырып, сонымен Х ғас. билігі тоқтатылды. Карольдық билігі Каролингтер өтудің нәтидесінде Карл Мартелге көптеген жетістіктер әкелді. Карл Мартель Франк мемлекетіндегі 715-741 ж. Майордом лауазымын атқарды. Ол корольдық саяси бірлігін орнатып және билікті өз қолына шоғырландырып, жоғарғы билікке ие болды.

Мемлекеттік орталық билікті жеңілдеті үшін және карольдық әскери күшті нығайту үшін бұрынғыдай жерді үйлестіруге тиым салды. Жер толық карольдық (мемлекет) меншігіне көшті.

Майордом Карл Мартелл (715-741 ж) өзiнiң реформасын iшкi келеңсiз жайларды жоюынан бастады. Ол өзiнiң саяси қарсыластарының жерлерiн тәрклей бастады және шiркеу жерлерiне шек қоятын болды. Ол Корольдық құқытың мына бiр жағдайын пайдалана бiлдi- ол дегенiмiз корольдың өзi шiркеудiң жоғарғы дәрежедегi лауазымды мiндетiн атқаруға құқылы болды. Яғни шiреку оған бағынысты болды деген мағанамен тең деуге болады. Осы әдiстердiң нәтижесiнде пайда болған жер бөлiктерi жаңадан пайда болған бесендiлер қоғамына берiлетiн болды. Яғни осы жерлер өмiрлi болатын болды. Бұндай жердi ұстаған иелiктi- “ бенефиций деп атады ” латыннан аударғанда қайырымдылықтан берiлген деп аталды. Яғни жердi корольдан сол адам алады егер ол корольға қызмет етсе және өзiмен бiрге әскер қолын алып келетiн болса.

Бенефицарилықтар жердi тәуелдi адамдармен бiрге алды. Ол адамдар қожасына обюрок төлейтiн болды немесе баошина жұмысны iстейтiн болды. Осы аталған жерге ие болу әдiстерi iрi жер иелерi мен кiшi феодалдар арасында мынадай қатынастар қалыптасатын болды- сюзеренитета- васслитета яғни қатынастар iрi феодал мен кiшi феодал арасындағы. IХ ғасырдың аяқ кезiнде iрi бенефенцарилер жер меншiгiн ұрпақтан- ұрпаққа беруге деген шешiмдi шығуына жетедi. Осы кезеңде бенефенцаридiң орнына iрi феодалдар келедi. Ал iрi феодалдар өзiнiң аумағынад саяси билiк иесi болып табылатын болды.

3. Салистік шындық.

Франктер тайпаларында мемлекетік қалыптасу мәселесімен қатар құқықтық қалыптасу да жүргіп жатты. Ежелгі герман айпаларынынң құқытық дәстүрлерін жазба түрде свақтау үшін «варварлар құқығы» жазылды, оған кіретіндер: Салистік, Рипуарскаялық, Бургундскилік, Аллеманскаялық және т.б. болды.

Салистік шындық (Салистік заңдар)-ол,ҮІ ғас басында кароль Хлодвигтің соңғы өмірі кезінде қалыптсақан, германдықтардың ежелгі дәуірден жазылып келген дәстүрлік құқықтар жинағы болды. Ол деңгелік титулдарға (тарауларға) бөлінді. Салистік шындық-ол, казуистік сипаттардан тұрады, онда абстарктілік ұғымдар жоқ, онда тек құқықыт әрекеттер туралы, актілер, формальдықтан айырмашылығы болды. Онда әр кезеңдегі архейстік сот өндірістерін көрсетеді. Салистік шындықтың мазмұнындағы құұқық бұзушылық жөнінде негізгі жаза-ол, айыппұл салу болып табылды. Салистік шындығының жазу бетінде ҮІ ғас. басынан бастап Франктердің қоғамдық құрлысының бастамасы туралы ұғымдарды береді.

Міндеттеме қатынастығы бойынша Салистік шындығында тауарлық-ақаша қатынастарының төмен екендігі көрсетледі. Жеке меншіктің төмен екендігі айтылады. Онда мына мәмілелер айтылады: сатып алу, саты; қарыз, несире, жалдау; айырбастау; сыйға тарту. Міндеттемені орындамағаны үшін немесе кешіккені үшін мүліктік жауапқа тартылатын болды. Қарызды талап ету-ол, қатаң орнатылған нысанда жүргізілді.

Неке-жанұялық қатынастарында Салистік шындығында жалпы сипаттама беріледі. Некені бекіту-ол, күйеужігіт қалыңдықты сатып алу нысанында жүргізілді. Ал қалыңдықты өзіне әйел қылып алу үшін, алып қашу әрекетіне айыппұл салу арқылы жазаланады.

Некеге тұруға қарсы мындай негіздер болды:

-егер ол, сол кезде некелікте тұратын болса;

-тұлға, заңсыздық деп жарияланса;

-қандық жақын туысқандығы болса;

-адам еріксіз жағдайда болса.

Некені бұзу туралы айтылмаған. Әйелдің жағдай, бұрынғы өтен матиархалдық құрлыстары бойынша анықталды.

4. Франция мемлекеттілігндегі негізгі даму кезеңдері.

Франция мемлекеті, жеке өз алдына мемлекет ретінде 843 жылдан, Франк империясының бөлінуіне бастап өмір сүруде. Франция ел ретінде Х ғасырда қалыптасты. Францияның ортағасырлықтарихи кезеңдері мынадан тұрады:

- феодалдық бытыраңқылық кезеңі - ІХ-ХІІІ ғас.

- сословиелік -өкілдік монариялық кезеңі- ХІҮ-ХҮ ғас.

- шексіз (абсолюттік) монархия кезеңі- ХҮІ-ХҮІІІ ғас.

Феодалдық бытыраңқылық кезеңде - бытырыаңқылық әрекеттері герцогства және графтық жер аумақтарда да болды. Сол кезеңде феодалдық қоғамда екі негізгі таптары қалыптасты: сеньорлар және тәуелді шаруалардан тұрды. Бұл әркеттер, жалпы алғанда Х- ғас. аяқталды.

Сословиелік -өкілдік монариялық кезеңі - ХІҮ-ХҮ ғас., оның қалыптасуына мына себептер болды:

-корольдық билік одағының негізінде әлеуметтік-экономикалық нығайуы және қалықық өнеркәсіптің өсуі мен сауданың дамуы монархияға көмекті көрсете алды;

-корольдық биліктің маңында орта және ұсақ дворяндар тобы жиыла бастады, олар өзінің артықшылық жағдайын сакқтау үшін корольдық аримия күшімен табысқа ие болмақ болды және табысты лауазымға ие болуды көздеді;

-сыртқы жауларға қарсы күресу үшін мемлекет қуатты корольдық билігін қажет етті. Француз қоғамы үш сословиеге бөлінді:

1.Діни сословиесі; 2.Дворяндық сословиесі; 3.Көпестер, кәсіпкерлер, еркіндікте жүрген шаруалар.

Шексіз (абсолюттік) монархия кезеңі- ХҮІ-ХҮІІІ ғас.: Франциядағы (шексіз) абсолюттік монархиясы король Людовик-ХІҮ (1661-1715 ж) өз бетінше билік жүргізу нәтижесінде ең жаоарғы дому еңгейіне жетті. Оның шексіздінігің ерекшелігі мындан тұрды: король - ол, ұрпақтық мемлекет басшысы, оның қолында заңшығарушылық, атқарушылық, әскери және соттық билігіне толық ие болды. Корольге барлық мемлекеттік орталықтандырылған механизмдері, әкімшілік-қаржылық аппараттары, армия, полиция, сот түгел бағынды. Елдік барлық тұрғындары корольдың бодандығында болды және тоқтаусыз бағынуға міндетті болды. Франциядағы абсолюттік монархия билігінде король Людовик - ХІҮ мына бір сөзі ұзақ есте қалды: «Мемлекет –ол Мен!» деген.

5. Француз құқығы: некелік, отбасылық,

мұрагерлік, қылмыстық.

Францияның феодалдық құқығы – ол саликалық құқытан басталады. Оның себебi саликалық құқық франкт құқығының шығу көзi болып табылады. Саликалық құқыта сотқа шақыру рәсiмiнен бастап қылмыстық түрлерi және оған қалданатын жазаның мөлшерi жазылған.

i-бөлiмде.Сотқа шақыру туралы. Егерде корольдың заңы бойынша сотқа шақырылған кезде келмесе онда ол адам айыппұл төлейтiн болады, оның мөлшерi:600 ден., нақты мөлшерi:15 сольдаға тең. Ендiгi мәселе ол ұрлық туралы: “Шошқаны ұрлағаны үшiн”: егерде кiмде – кiм торайды ұрласа және ұста\лған жағдайда оған төлем жүктеледi:15 сольда төлейдi. Але егер екi жылдық шашқаны ұрласа онда ұрлықш 600 ден, ақша бойынша-15 сольда. Осы қылмыстың түрi секiлдi маолды ұрлағаны ұшiн де жазалар көрсетiлген. Мысалы: қойды, ешкiнi, иттi, құсты, араны-(жабайы, үйдiң) ұрлаған жағдайда тиiстi жауап пен жазаның түрлерi көрсетiлген. Саликалық құқықта

Герман халықтарының әдет-ғұрпын, салт – дәстүрлiк құқығын жазумен қатар,ертефеодалдық әдеттегiдей құқықтарды “Варварлардың құқығы” деп атады. Салиялық құқығы ол (“Салиялық заң” Lex Salica) дәл осы аталған нақты атымен әйгiлi. Бұл құқытың пайда болу уақытын есептеу ол У жүзжылдықтың аяқталуын бастап есептейтiн болады, яғни жаулап алынған жерлерге фрнацуздардың қоныстануынан басталатын болды.Салиалық құқыта франкалық деревнясының өмiрiн және тұрмысы жөнiнде, заңды әдет-ғұрыптары туралы бекiтiлген болатын. Осы құқықта тұрғындардың мына бiр сал-дәстүрi ерекше орын алады. Ол дегенiмiз сол жергiлiктi тұрғындар қауымы бөтен ьiреудiң келгенiн “ала” көзiмен қарайды, яғни сенiмсiздiкпен немесе жауыыздық пiшiнемен қарайтын болады. Егер жаңдан келген адам немесе жанұя жергiлiктi қауым мүшесiнiң бiреуiне ұнамай қалса, сол қауым мүшесi өзiнiң наразыдлығын бiлдiрген жағдайда “жаңадан келген адам немесе жанұя”сол жерден, деревнядан кетуге мәжбүр болады. Жыртылмаған жерлер, ормандар және жайылымдардың бәрi сол тұрғындар қауымының меншiгiне жататын болады. Ол ескiден кележатқан әдет. Аллод және меншiк. Жыртылған жердi ұзын шарбақтармен қоршалғанды жңадан алынған меншiк болады. “Қоршалған жерге” әзiрге егiндi жинап болмайынша оған қолсұғушылққа жол берiлмейтiн болады. Қоршалған жерден шарьақты алған соң сыйырларды барлық жаққа бағуға, жайуға рұқсат берiлетiн болады. Жекелер мен қауымдар уақытша түрде келiсiмге келедi. Шарбақпен қоршалған жерлер жеке меншiктiк боып есептелуi дұрыс емес. Бұл мән-жайға қарсы, егер жанұяда мұрагер болмаған жағдайда,онда жер учаскесi тұрғындар қауымына қайтарылатын болады,ал қауымдағылар сол қауым үшесiнiң қайсысына жер қажет болса,соған берiлетiн болады. Сондықтан да болар, салиялық құқықта жердi сату және сатып алу туралы ештеңе айтылмаған. Крестяндардың жеке шаруашылықтарына қол сұғушылықтан қорғап қалу үшiн, заңшығарушы ерекше ынтымақтығын бiлдiруде. Затты ұрлағаны үшiн соттық айыппулды тағайындау ережесi толық тақланып қарастырылып шешiлдi.

Әдебиеттер:

Н/ә:1,297-313; 2, 228-251. Қ/ә: 6,278-285.

Бақылау сұрақтары:

1. Сениориялдық монархия дегеніміз не?

2. Сословия неше деңгейге бөлінді?

3. Франциядағы феодалдық құқық қай құқықтан басталды?

4.Салиялық франктердің көсем і кім болды?

5. Франк мемлекеті қай мемлекет нысанына жатты?

6. К.Мартел шіркеуге қандай билік жүргізді?

№ 6 ДӘРIС

Тақырып: Германиядағы феодалдық мемлекет және құқық.

Англияның феодалдық мемлекеті мен құқығы.

Сабақтың мақсаты: Германиядағы феодалдық мемлекет және құқық.

Англияның феодалдық мемлекеті мен құқығы.

Жоспар:

1.Мемлекеттіліктің пайда болуы.

2.Мемлекеттіліктің жоғарғы органдары.

3.Англия мемлекетінің негігі кезеңдері.

4.Заттық құқыққатынастар.

5.Отбасы құқығы. Мұрагерлік құқық. Қылмыстық құқық.

1.Мемлекеттіліктің пайда болуы.

Феодалддық Германия мемлекетiнiң тарихын үш кезеңге бөлуге болады:

1.Ертефеодалдық монархияның пайда болуы. (Х-ХIIIғ.ғ).

2.Сословиелiк- өкiлеттi монархия (ХIУ-ХIХ ғ.ғ).

3.Князьдiк абсолютизм. (ХУII-ХIХ ғ.ғ).

843 жылы Карл Мартельдiң немерелерi ауқымды империалық үкiметтi бөлiсе алмай, оның орнына империаның өзiн бөлудi ойлады. Верджен келшiсiмi бойынша Ұлы Карл империасы үш бөлiкке, болашақта Франция, Германия және Италия болатын мемлекеттерге бөлiндi. Орта кезеңдердегi Германияның тарихи дамуы әр түрлi жағдайлармен байланысты болды.

Қоғамдық құрылыс. ХI ғасырға дейiн Германияның негiзгi тобын шаруалар құрайтын, ал ХI ғасырларда қалалар пайда болғаннан кейiн, қоғамдық құрлыс өзгердi.

Үстемдiк ететiн топ өзiнiң құқығы мен байлығы жағынан бiрдей болмайтын. Ақсүйектер екiге бөлiнетiн: мемлекетттiк және шiреку қызметкерлерi. Рулық ақсүйектер саны франк мемлекетiнде аз болатын, ендi олардың қатарына герцогтар және графтар кiретiн болды. Шiркеу қызметкерлерi епискотардан, монастiрлердiң басшыларынан және аббаттар басшыларынан тұратын болды. Шiркеу қызметкерлерiнiң арасында жоғарғы орында Трир, Кельн, Вормс қалаларының архиепископтары алынатын. Олар княз деп аталды.Бұрыннан келе жатқан қалқан ұстаушылардың иеархиясының үш дәрежесi болатын: король, князьдар, ерiктi мырзалар.

Шаруалар. Бiр ауылда ерiктi және тәуелдi шаруалар қатар тұратын. Ерiктi шаруаларға аллод ұстаушылар жататын, олардан кейiн жеке бостандығы бар прекаий ұстаушылар, олар жер иелерiне салық төледi, ал тәуелдi шаруаларға “манципилер” эәне “севтер” жататын болды. Олардың бiр жартысы жермен байланысты жұмыстарды iстейдi, ал екiншi жартысы үй қызыметiне жұмсалды.

ХI ғасырда қалалар құрылғаннан кейiн қолөнершiлер феодалдардың жерлерiнен көшiп кететiн болды. Қала тұрғындары ерiктi болды. Қала тұрғындарын бюргерлер деп атады. Қалалар екiге бөлiндi: бұрынғы франк мемлекетiнен қалған қалалар, олардың құқытары шектелген болатын және жаңа Германияның қалалары ХI ғасырда Германияда200-300 базар ашылған болатын. Құқық жағдайына қарай Германияның қалалары екiге бөлiндi: империалық қалалар, олар императордың фиск жерлерiнде орналасқан болатын және ерiктi қалалар, олар сеньориалдық қалаларға жататын, өздерiнiң құқытиарын өздерi қорғай алатын болған.

Х-ХIII ғасырларда Германияда феодаолдық даму аяқталды. Ол басқа каролингтер монархиясынынң бөлiктерiмен салыстырғанда, жайбарақат жағдайда дамыды. Бұл жерде көп уақыи бойы күштi селолық қаум қолтаңбасы сақталды. Құрлыстың өзгерiсiне байланысты жерге жеке меншiк пайда болғанда, шаруалар өзiнiң өлшемдi жерлерiн еркiн биледi.

2.Мемлекеттіліктің жоғарғы органдары.

Германияда мемлекеттік жоғарғы орган ретінде курфюрстерлер алқасы болып танылды. Курфюрстер-ол, сайланушы-княздар деген. Бұл орган императорды сайлайтын болды және жалпымемлекеттік маңызды істерін шешті. Императордың қолында шынайы билік болмады, ол атқару билігін жүргізбеді, онда жалпыимпериялық әскері болмадыжәне жалпы империялық сот болмады. Жалпыгерамандық заңшығару органы-ол, рейхстаг болды. Рейхстаг-ол, үш куриядан: курия курфюрстерден,курия княздан және импеериялық қалалардың куриясынан тұрды; ұсақ дворяндар және шаруалар рейхстагта өздерінің өкілдері болмады. Рейхстаг жиналысы жылына екі рет императардың шақыруымен жүзеге асырылды.

Германия аумағынадғы жергілікті билікті жүргізу, княздық аумақтарда «жергілікті сословие-өкілдік мекемелері- «Ландтаг» болды» Бұл орган үш плптадан тұрды, оған діни өкілдігі, дворяндық өкілі, және қалалақ тұрғындар өкілінен болды. Ландтаг- ол, жергілікті билік органы болды. Германияның өмір сүруіне маңызды ролді атқарған қалаларға байланысты болды. Германияда қалалардың мәртебесіне қарай үш түрге бөлінді, атап айтқанда:

-империялық қала- корольдың нақты вассалдары тұрды;

-ерікті қалалар- өзін-өзі толық басқару құқығына ие болды;

-княздық қалалар- олар тек князға ғана бағынатын болды, сол княздықта орналасқан қалалар тікелей князға бағынды.

3.Англия мемлекетінің негігі кезеңдері.

Англияның феодалдық мемлекетінің негізгі даму кезеңдері мынадан тұрды:

-ертефеодалдық англосаксондық монархия кезеңінен тұрды (ІХ-ХІ ғас);

-орталықтандырылған сениориалдық монархия кезеңінен тұрды (ХІ-ХІІ ғас);

-сословие-өкілдік монархия кезеңінен тұрды (ХІІІ ғас. 2-ші жатысынан- ХҮ ғ);

-шексіз (абсолюттік) монархиясы кезеңінде (ХҮ ғ.соңында- ХҮІІ ғ. ортасы).

Британия- ол, сол кезеңдегі Рим империясының шеткі жағындағы аумақтық бөлігі болды. Б.э. Ү ғас басынан бастап римдік иелігі түгелімен тоқтатылды. Британияны англосакстық солтүстік герман тайпалары англдер,сакстер, юттар, келшьттер бритт тұрғындарын аралынан шетке ығыстырды.

ҮІ ғас. соңында Британия жер аумағында жеті ертефеодалдық корольдығы қалыптасты, атап айтқанда: Уэсскес, Сассекс, Кент, Мерсия және т.б.). Осы аталған корольдықтар ІХ ғас. Уэсскестің басшылығымен бірігуімен англосаксаондық мемлекеті Англияны қалыптастырды.

4. Заттық құқыққатынастар.

Орта ғасырдағы Англияның құқығы негізінен заттық құқытан тұрды. Заттық құқыты зерттей келе заттар жылжымалы және жылжымайтын заттар деп бөлінді. Дәстүрлік ретінде заттар шынай меншік және нақты тұлғалық меншік болып бөлінді. Шынайы меншік дегеніміз -ол, шынайы түрде талап қою арқылы қорғалатын болды. Мысалы, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін жылжымалы мүлік, жерге деген иелік, корольдан берілген феодалдық жер иелігі немесе басқа лордтан берілген. Нақты тұлғалық меншік д егеніміз-ол, нақты тұлғаның талап қою арқылы қоралатын болды. Бұл жөнінде кез-келген барлық заттар жататын болды. Жерге деген жеке меншіктік орта ғасырдағы Англияда ерекше көңіл бөлінді. Жер құқығы екі негізгі ұғымы бойынша анықталды:

-жерге деген иелік, ұстаушы (tenanecy);

-иелік құқығының аумағы, құқықтық мүддесі (estate).

Иелік мүмкін болды:

-еркін түрде (фригольд)- рыцарлық қызмет жасаған үшін, еркіндіктегі шаруалардың жерге ие болуынан.

-еркін емес түрде (копигольд)- шаруалардың жеке міндет атқару бойынша лордқа қызмет көрстеу арқылы.

-өмірілк иелігі.

-белгілі бір мерзімге дейін жерге иелік ету.

5. Отбасы құқығы. Мұрагерлік құқық. Қылмыстық құқық.

Орта ғасырдағы Англияда неке құқығы және басқа Еуропа елдерінде каноникалық норма құқығы бойынша реттелді, шіркеулік неке нысанында некені бұзу және қосәйелдікке тиым салынған. Ортағасырлық Англияда жанұя патриархалдық сипаттан тұрды. Әйелдің жылжымалы мүлкі тұмысқа шыққан кезде күйеуіне көшетін болды. Тұрмыстағы келіншек өз бетінше келісім-шарт жасауға құқығы болмады, сотта өзін -өзі қорғау үшін сөз-сөйлеуге құқығы болмады. Ал тұрмысқа шыққан шаруалардың,кәсіпкерлердің, көпестердің жанұясының әйелдерінің әрекет қабілеттігі кең болды, олар өзбетінше келісім-шарт жасауға, сауда жасауға құқылы болды.

Мұрагерлік құқық: Ортағасырлық Англияда мұрагерлік құқығы екі жолмен пайда болды: заң бойынша мұрагерлікке ие болу және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болу. Заң бойынша мұраға ие болу майорат қағидасы бойынша бекітілді. Ол дегеніміз жер меншігін тек үлкен баласына беру болды, ал ол болмаған жағдайда жақын туғандардың арасындағы ең жасы үлкенге берілетін болды. Өсиет бойынша мұраға ие болу кейбір жерлерде шек қойылатын болды, ал, заңды мұрагерлерді мұралықтан шеттетуге тиым салынды.

Қылмыстық құқық: Ортағасырлық Англияда қылмыстың түрі дәстүрлік қылмыстық құқық бойынша барлық қылмыстар үш топқа бөлінді:

- фелония -бұл қылымыс тобы сонау ХІІІ ғас. бастап келе жатқан қылымыс топтары кіреді, атап айтқанда: ауыр жағдайда адам өлтіру, кәдімгідей адам өлтіру, мүлікті ұрлау, тонау және басқа да жойқын әрекет жасау үшін түнде бөтен біреудің үйіне түсу, басқа да жағымсыз әрекет жасау. Фелония қылмысы бойынша өлім жазасына кесілетін болды және мүлкі тәркіленетін болды.

- опасыздық - бұл қылымыс тобы сонау ХІҮ ғас. бастап келе жатқан ауыр қылымыс тобы болды. Корольдың қасындағы қызметшінің опсасыздық жасағаны үшін аса мемлекетік қылмыс жойқын опасыздық болды, мемлекеттің қаупсіздігіне қарсы әрекет жасау әскери немесе басқа бүлікшілікке шақыру,жаппай бассыздық жасауға ұйымдастыру үгіт-насихат жүргізу, екі немесе одан да көп адамды ұйымдастырғаны үшін.

- мисдиминор - бұл ұғым бойынша бұрын шағын азаматтық құқық бұзушылық жасаған үшін жазаға тартылған жағдайдағы ұғымды айтады. Бұл қылмыстың тобына кейін келе алааяқтық, жалаған ақша жасау, жалған құжатты жасау, жалған мәліметті беру қылмыстары жататын болды. Мисдиминор қылымысн жасағаны үшін түмеге қамалатын болды немесе айыппұл салынды.

Әдебиеттер:

Н/ә:1,297-313; 2, 228-251. Қ/ә: 6,278-285.

Бақылау сұрақтары:

1. Феодалдық Германияның мемлекеті қандай кезеңдерден тұрды?

2. Геранияда жоғарғы орталық мемлекет органы қалай аталды?

3.Англия мемлекеті қандай кезеңдерден тұрды?

4. Заттық құқықтың қандай түрлері болды?

5. Отбасы ққығының ерекшелігі неден тұрды?

№ 7 ДӘРIС

Тақырып: Араб Халифатынынң мемлекеті мен құқығы

Сабақтың мақсаты: Араб Халифатынынң мемлекеті мен құқығы

Жоспар:

1.Ежелгі Араб мемлекеттері.

2.Мұхаммед-жалпы араб мемлекеттілігінің негізін қалаушы.

3.Отбасы құқығы. Мұрагерлік құқық, Қылмыстық құқық.

4.Жеке мұрагерлік жер иелік: Мүлік, Икта, Вакуф.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: