Ж. Ахметов. Патологиялық анатомия

2-437


А



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


 


терді, өсіресе қатерлі ісіктерді дер кезінде анықтауға да тікелей қатыса алады.

Аутопсия барысында клиникалық диагноз өлген кісі ағзала-рындағы морфологиялық өзгерістермен салыстыра қаралып, ауру-дың ең соңғы патологиялық анатомиялық диагнозы қойылады. Өкінішке орай кейбір жағдайларда клиникалық диагноздың дүрыс еместігі немесе ауруды емдеу кезінде дәрігерлер тарапынан жіберілген қателер, сәтсіз іс-әрекеттер байқалады. Әрбір дәрігер жіберген қате клиникалық-анатомиялық конференцияларда талқ-ыланып, оньщ себептері, ауру өліміне тікелей қатысы анықтала-ды. Біздің медицинамыздың осындай клиникалық-анатомиялық бағыты аурухана жағдайында дәрігерлердің білікгілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ашып көрудің карантиндік инфекцияларды дер кезінде анық-таудағы орны ерекше. Ашып көру кезінде алынған материал және биоптатгар ғылыми түрғыдан зерттеліп, білім беру, оқу саласында да пайдаланылады.

Міне, осы аталған міндеттер патологиялық анатомияның ме­дицина үшін қаншалықты маңызы барлығын көрсетеді. Қазіргі уақытта патологоанатомдар жүмысы клиникамен тығыз байланы-сты болтаны үшін оларды клиникалық патологтар деп атайды.


ҚЫСҚАША ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР

Патологиялық анатомияның басты әдісі мәйітті ашып көру деп есептесек, тарихи деректерге сүйенсек, осыдан 4,5 мың жыл бүрын Қытайда, Египетте мәйітті бальзамдау үшін осы әдістің қолданылғаны белгілі. Бірақ та, алғашында мәйіті ашып көру адам денесінің қүрылысын жете білу үшін суретшілер тарапынан ғана пайдаланылған болатын. Діни көзқарастарға байланысты адам мәйітін ашып көрген кісілердің өлім жазасына кесілу қаупі болғ-андықтан, негізгі анатомиялық өзгерістер өр түрлі жануарларды тексеру нәтижесінде анықталды. Ол кездегі студенттер анатомия-ны түн жамылып, көмілген мәйітгерді қазып алып, үйренуге мәжбүр болды немесе сол заманда мәйітті үрлап сатуды көсіп қылған адам-дардьщ (рессурекционистердің) қызметін пайдаланды.

Дегенмен, XVIII ғасырдың басында-ақ, кейбір ауруханаларда ашып көру өдісін ауру өлімінің себептерін анықтау мақсатында кеңінен қолдана бастады.

Ресейде осы жүмыстар әскери ауруханада I Петрдің рүқсаты бойынша 1706 жылдан бастап жүргізілді. Ресей императоры ана­томия мүражайына тек мәйіттерді ашып көруді көзімен көру үшін ғана келмей, өзі де осы іске ынта салып қатысқаны жөнінде көпте-ген деректер бар.

Осылайша, жекелеген зерттеулер негізінде патологиялық ана-томияның іргетасы қалана бастады десек, оның өз алдына бөлініп, медицина саласының жеке бір пәні есебіндегі тарихи Италия ана­томы Джованни Батиста Морганьидің (1682-1771) "Аурулардың анатом тапқан даму орны мен себептері" деген еңбегінің (1761) жарық көруімен басталады. Морганьи өзінің зерттеулері негізінде жөне басқа да мәліметтерді пайдалана отырып, мәйітті ашып көрудің клиника үшін қаншалықты қажеттілігін, патологиялық анатомияның клиникалық пәндер арасындағы орнын бірінші бо-




Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: