Хижаб көз тартатындай болмауы керек

2. Хижаб көз тартатындай болмауы керек

Жоғарыда келтірілген «ән-Нұр» сүресінің аятында әйелдер өздерінің зейнеттерін көрсетпеулері керектігі белгіленген. Арабтың «Зинат» (сөзбе-сөз «зейнет») сөзі әшекейдің барлық түрлеріне, сондай-ақ еркектердің назарын еліктіретін әдемі киімге де қатысты. Сөзсіз, Аллаһ Тағала әйелдерге бір сұлулықтарын басқа бір әшекейлермен жабуды бұйыруы мүлдем мүмкін емес. Бұдан шығатыны – әйел адам бөтен еркектердің көзінше ою-өрнекті хижаб немесе асыл тастар тағылған орамалдар тағуына хақысы жоқ. Аллаһ Тағала былай деді: «Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәурінше ашылмаңдар...» («әл-Әхзаб» сүресі, 33-аят).

Арабтың «табарруж» сөзі әйел өзінің сұлулығы мен зейнетін бөтен ер адамдарды еліктіре отырып жайып салғанда қолданылады. Өзін сыртқа жайып көрсету ауыр күнәлардың қатарынан. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұдан сақтандырған және: «Үшеу туралы тіпті сұрама да. Бұл – мұсылман жамағатын тастаған, өзінің имамын тыңдамаған және (сол) тыңдамаған күйі қайтыс болған адам; өзінің қожайынынан қашып кеткен күң немесе құл; және күйеуі оны асырайтын, бірақ оның жоқтығында сәнденіп және үйден шығатын әйел. Олар туралы тіпті сұрама!», - деген.Әл-Бухари «әл-Адабул-Муфрад», әл-Хаким. Қз.: «Сахих әл-Жәми’», 3058.

3. Хижаб хош иіспен аңқып тұрмауы тиіс

Бұл тақырыпқа байланысты әйелдерге үйлерінен иіс су сеуіп шығуларына тыйым салатын өте көптеген сахих хадистер бар. Мен тым ұзақ талқылауға кіргім келмейді әрі бір ғана мысал келтіремін. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер әйел иіс суларын сеуіп үйден шықса, ал содан кейін өзінің хош иісін сезсін деп бір топ еркектің қасынан өтсе, онда ол - зинақор (әйел)». Ахмад. Қз.: Сахих әл-Жами’» 2701.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: