Мұсылман әйелдің хижабына қойылатын талаптар

Мұсылман әйелдің хижабына қойылатын талаптар

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ал содан кейін:

Аллаһ Тағала былай деді: «Мүмин әйелдерге де айт: (Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ: ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй, мүминдер, түгел Аллаһқа тәубе қылыңдар! Әрине, құтыларсыңдар» («ән-Нур» сүресі, 31-аят).

Жабылмай қалдырылатын зейнеттің астарында бет пен қолдың білектері меңзелуде, сондай-ақ тіпті кең, жабысып тұрмайтын киіммен де жабылмайтын дененің пішіні. Сондай-ақ аяқтардың табанын да жабу керек, себебі олар да әурет болып табылады, әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны әуреттің шеңберінен шығарған жоқ.

Айша (Аллаһ оған разы болсын) бірде Асма бинт Абу Бакрдың үстінде жұқа, арғы жағы көрінетін киімімен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), кіргенін, ал ол одан теріс бұрылып: «Я, Асма, қыз бала балиғат жасына толғанда әрі оның етеккірі келе бастағанда, оған мыналардан басқа әлдебір нәрсесін көрсетуіне болмайды», - деп, әрі беті мен қолының білектерін нұсқап көрсеткенін баяндаған. Абу Дауд, хадис хасан (жақсы). Қз. «әл-Мишка», 4372.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмин әйелдерге айт: үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл олардың (күңдер мен бұзық әйелдерден ажыратылып) танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Аллаһ – Аса Жарылқаушы, ерекше Рахымды» («әл-Әхзаб» сүресі, 59-аят).

Абу Хурайраның сөздерінен Муслим жеткізген сахих хадисте Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Мен бұл уақытқа дейін тозақта азапталатындардың екі түрін көрген емеспін. Олар қолдарына сиырдың құйрығындай қамшы ұстаған әрі сонымен басқаларды ұратын адамдар, сондай-ақ киінген болғанымен, жалаңаштанған, арлы-берлі теңселіп әрі басқаларды осыған шақырып жатқан әйелдер, ал олардың бастары тербеліп келе жатқан түйенің өркешіндей. Олар Жәннатқа кірмейді, және тіпті оның хош иісін де сезбейді, (бұл) хош иіс өте үлкен қашықтықтан сезілсе де».


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: