Хижаб тар әрі денеге жабысып тұрмауы тиіс

4. Хижаб тар әрі денеге жабысып тұрмауы тиіс

Имам Ахмад, Аллаһ оны рахым етсін, өзінің «әл-Муснадында» Усама ибн Зайдтың Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған Дихия әл-Кәлбидің сыйлаған тығыз матадан көйлек бергенін баяндайтын хадисті жеткізді. Ол көйлекті алып, оны өзінің әйеліне сыйлады. Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Сен ол көйлекті не үшін кимей жүрсің?», - деп сұрады. Ол: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Мен оны өзімнің әйеліме сыйладым», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бар, оған астынан бір нәрсе киюді бұйыр, себебі мен оның дене пішімі көрінеді ме деп қорқамын», - деді. Ахмад 5/205. Әл-Әлбани хадисті әд-Дийа, Ахмад және әл-Бәйһақи жеткізушілердің жақсы иснадымен жеткізгенін айтты.

5. Әйелдің киімі ерлердің киіміне ұқсамауы керек

Ибн Аббастың сөздерінен әл-Бухари жеткізген сахих хадисте «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге ұқсап-еліктейтін еркектерді және еркектерге ұқсап-еліктейтін әйелдерді лағынеттегені» жеткізіледі. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деді: «Аллаһ еркектерге ұқсап-еліктейтін және еркектердің киімін киетін әйелдерді лағынеттеді».

6. Киім тәкаппарлықты тудырмауы керек

Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Тәкаппарлықты туындататын киім киген адамға Аллаһ тура сондай киімді Қиямет Күні кигізеді де, сосын оны Отта жағып жібереді».

Сөз адамның басқалардан өзін жоғары көрсету үшін киетін киімі туралы болуда. Бұл өзінің байлығымен және тапқан дүниесімен (жеткен жетістіктерімен) даңдайсынып киетін қымбат киім болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған талап тек әйелдерге емес, еркектерге де қатысты. Тәкаппарлық тудыратын киім киген әрбір адам егер осы күнәсына тәубе етпесе, жазаланатын болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: