Силлабус 1 страница

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік ғылымдар

факультетінің деканы

т.ғ.д., профессор Т.С.Садықов

_______________________

________________2013ж.

Әлеуметтанулык емес

мамандығының білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

Alе Әлеуметтану

( жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

______________ Әлеуметтану __________________ кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі ә.ғ.д, профессор Забирова А.Т.______

_______________________

________________2013ж.

Әлеуметтанулык емес

мамандығының білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

Alе 1108 Әлеуметтану

( жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

СИЛЛАБУС

Астана 2013

СИЛЛАБУС

Пән: Ale «Әлеуметтану»

әлеуметтанулық емес мамандығының

студенттеріне арналған

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  1. Оқытушының аты-жөні: Тағаева Сәуле Базарбекқызы, ә.ғ.к., доцент м.а., Есенова Д.К., аға оқытушы. Байланыс телефон: 709500 (35108)

Ғылыми зерттеу бағыты: Жалпы әлеуметтану, этникалық әлеуметтану, қолданбалы әлеуметтану

  1. Пәннің аты: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale 1108

  1. Оқу пәнінің жүргізілетін уақыты мен орны: кесте бойынша

Семестр: мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес

Аудитория: кесте бойынша

  1. Пререквизиттер: тарих, философия, экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер: мәдениеттану, саясаттану

  1. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Оқу пәнінің бағыты. Әлеуметтану қоғамды, ондағы байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттейді. Адамдардың, топтар, таптардың өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік институттармен байланыстарын түсіндіреді. Қоғамдағы қалыптасқан, пайда болған күрделі байланыстар мен қарым-қатынастарға сипаттама береді, қоғам өміріндегі бүкіл құбылыстарды анықтап, тиісті шешім, даму жолдарын көрсетіп беріп отырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. Студенттердің санасында қоғам мен оның құрылымы жайлы, ондағы әлеуметтік құбылыстар мен байланыстар жайлы дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыру. Оларды бүгінгі таңдағы қоғамда болып жатқан өзгерістермен таныс ете отырып, ол өзгерістерге талдау жасап, жеке тұлға ретінде баға беруге баулу.

5.3.Пәнді оқытудың міндеттері. Студенттері әдістемелік және дүниетанымдық жағынан қоғамды тану мәселесін көтергенде қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа көзқарас, теория, тәсілдермен таныстыру:

· әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның тарихи дамуын түсіндіретін түрлі талаптарды талдап түсіндіру;

· қоғамдағы теңсіздікті, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды азайту жолдарын қарастыру;

· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейде теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету:

· әлеуметтік институттар мен индивидтер арасындағы байланыстарға бақылау жасап, реттеп отыру.

5.4.Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.

· Әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның дамуын түсіндіретін түрлі әлеуметтанымдық концепцияларды талдап түсіндіру;

· Қоғамдағы теңсіздікті, жіктік, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы шешілу жолдарын түсіндіру;

· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейдегі теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету.

Пәннің мазмұны. Тақырыптық жоспары.

Апта саны Тақырыптар атауы Сағат саны мен оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Оқыту түрлері, сағат көлемі СӨЖ үшін тапсырмалар
  Әлеуметтанудың объектісі және пәні Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 Әлеуметтану қоғам туралы ғылым. Әлеуметтанудың қазіргі қоғамдағы маңызы.
  Әлеуметтану ғылымының даму тарихы Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 О.Конттың позитивті кезеңін сипаттаңыз Г.Спенсердің органикалық әлеуметтануы Э.Дюркгеймнің «Суицид» еңбегіндегі салыстырмалы талдауды көрсетіңіз М.Вебердің «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегіндегі протестанттар мен католиктердің этикасына салыстырмалы талдау жасаңыз К.Маркстың базисі мен қондырмасын түсіндіріңіз
  Қоғамның әлеуметтік құрылымы Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 К.Маркс пен М.Вебердің қоғамды жікке бөлудегі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз (кесте түрінде салыстырмалы талдау);
  Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділік процесі.
  Әлеуметтік институттар Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 Институттану процесі және институттардың дамуы Әлеуметтік институттардың функциясы және ерекшеліктері.
  Тұлға әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 З.Фрейдтің психоталдауындағы тұлға құрылымын кесте түрінде көрсетіңіз. Ч.Кулидің «Айнадағы мен» еңбегін кесте түрінде көрсетіңіз.
  Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 1. Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуындағы психологиялық, биологиялық және әлеуметтік факторларды кесте түрінде түсіндіріңіз. 2. Экономикалық адамның сипаттамасын көрсетіңіз (кесте түрінде)
  Отбасы әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 Отбасы және білім институтының қазіргі таңдағы өзгерістері
  Экономикалық әлеуметтану Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 Дәріс және қосымша конспет тексеру.
  Әлеуметтік шиеленістер Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.
  Мәдениет әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 1. Жастар субмәдениеті. (Топтар екіге бөлініп екі слайд тапсырасыздар. Мысалы, Шт-23 тобында 24 сутдент болса, 12 студент 1 слайд, ал 12 студент осы тақырыпқа, бірақ басқа мәселелерді көтере отырып слайд жасайды. Яғни әр топтап 2 слайд қабылданады. Жеке жұмыстар қабылданбайды). 2. Шиеленістердің шығу факторларын кесте түрінде көрсетіңіз.
  Дін әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 Дәріс және қосымша конспект тексеру.
  Этникалық әлеуметтану Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар. Жалпы ұлттық сана және оның қалыптасуы
  Басқару әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 Басқару стильдері және оларды қолдану стратегиясы. Басқарудағы билік пен ықпал ету. Басқарушылық қызметтегі көшбасшылық ролі. Ұйымдастырушылық мәдениеті.
  Эмпирикалық әлеуметтану Дәріс-1, семинар-1, БӨЖ-2, БОӨЖ-2 Зерттеу бағдарламасын құру. Зерттеу әдістеріне байланысты 10 сұрақ құрастырып келу
  БАРЛЫҒЫ - 90          
             
  1. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

6.1.Негізгі әдебиеттер

1.М.М.Тажиннің ред.Социология. Т 1-2, Астана, 2004

2.Ш.Карабаев. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009

3.А.Т.Забирова, Практикалық әлеуметтану, Астана, 2011

4.А.И.Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010

6.А.Н.Болатова, және т.б. Әлеуметтану. Алматы, 1998

7.А.Х.Тұрғынбаев. Әлеуметтану: лекциялар курсы. Алматы: Білім, 2001

8.Т.Ж.Калдыбаева Білім социологиясы. Алматы, 1997

9.Э.Гидденс Социология. М: Эдиториал, УРСС, 1992

10.С.С.Фролов. Социология. Москва, 1994

11.Г.Е.Зборовский. Общая социология. Москва, 2004

12. Г.Е.Зборовский. История социологии. Москва, 2004

13.Большой социологический словарь. М: 1999

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1.М.С.Аженов, К.Ү.Биекенов Экономическая социология. Алматы, 2002

2.Н.А. Аитов. Социология труда. Алматы, 1997

3.К.Г.Габдуллина. Социология. Алматы, 1997

4.М.С.Аженов, М.С.Садырова. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

5.К.Г.Габдуллина. Құқық социологиясы. Алматы, 2003

6.З.Ж.Жаназарова. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. Алматы, 2004

7. М.С.Аженов, М.С.Садырова. Кедейлік социологиясы. Алматы, 2004

8.А.Т.Забирова. Этносоциология. Астана, 2008

9.Р.С.Салыкжанов. Политическая культура студентческой молодежи, Астана, 2010

10.Г.С.Абдирайымова.Ценностные ориентации современной молодежи. Алматы, 2005

11.Г.О.Абдикерова. Социализация современной личности. Алматы, 2005

12. В.И. Добреньков, А.И.Кравченко. Методы социологического исследования. Москва, 1994

13.П.А.Сорокин. Человек. Цивилизация. Общество. М: 1992

14. Штомпка П. Социология социальных изменений. М: 1996

15. Арутюнян Ю.В., Дробижева Л.А.. Этносоциология. М: 1998

  1. Білімді бақылау және бағалау:

Пәнді оқыту барысында ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау өткізіледі. Аралық бақылау 1семестрде 2 рет өткізіледі. Сондай-ақ бақылау әдістері бар. Студенттер сабаққа белсенді қатысып отыруы тиіс. Оқытушының студенттерге ескертпей бақылаудың әртүрлі түрлерін қолдану құқы бар. Студент материалды сапалы игеру үшін аптасына 30-50 беттік материалды оқуға уақыт бөлуі керек.

Уақытында орындалмаған тапсырманы оқытушының қабылдамауға құқығы бар.

Төмендегідей көрсеткіштерге белгіленген:

Ағымдағы бақылау – 20%

Аралық бақылау– 20%

СӨЖ, СОӨЖ– 20%

Емтихан– 40%

Барлығы– 100%

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік баға Баллдық сандық баламасы Оқу пәнін игерудің %-дық мазмұны Дәстүрлі баға жүйесі
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74   қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 қанағаттанарлықсыз

Қорытынды баға төмендегі формула арқылы анықталады:

N%= P1+P2 x 0,6 + Э х 0,4

Р1-1 рейтингтің пайыздық мазмұны, Р2-2 рейтингтің пайыздық мазмұны, Э – емтихан бағасының (тест-емтихан) пайыздық мазмұны.

Оқу пәнінің саясаты

Сабаққа және оқу процесіне міндетті болып табылады. Студент сабаққа кешікпеуі, сабақтан себепсіз қалмауы, ауырған кезде анықтама қағаз әкелуі, қалған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта тапсыру, барлық сабаққа белсенді қатысуы керек. Сабақ үстінде ұялы телефонды қолдануға тыйым салынады. Ғадет нормалары мен әдебі университет талаптарына сай болуы тиіс.

Кафедраның әдістемелік секциясы отырысында қарастырылған, 2012 жылғы «____»__________№___ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі бекіткен А.Т.Забирова

ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІНЕН

глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар

А

Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады.

Азаматтық қоғам – саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.

Аккультурация - әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.

Аксиология – (гректің “axia” «құндылық», “logos” ілім деген сөзінен шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын.

Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.

Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі.

Ауыл – қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қол өнер мен ауыл шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты әлеуметтік кеңістіктік түрі.

Ә

Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.

Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.

Әлеуметтік арақашықтық – (социальная дистанция) әр алуан топтардың, таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.

Әлеуметтік байланыс – (социальная связь) жеке адамдардың немесе топтардың бір – біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген болатын.

Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс - әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.

Әлеуметтік бейімделу – (социальная адаптация) адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.

Әлеуметтік ғадет – (социальное поведение) адамдардың субъективті мінездемелерінен және іс-қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесінен көрінетін әлеуметтік ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің негізгі түрлері: еңбектік, өндірістік, ұйымдық, функционалдық, демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б.

Әлеуметтік ереже – адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым – қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.

Әлеуметтік жоспарлау - әлеуметтік процестердің дамуы мен жүзеге асырылу жолдарының ғылыми негізделген мақсаты мен міндеттері, көрсеткіштері. Әлеуметтік институттардың, саяси партиялардың немесе ұйымдардың белгілі мерзімге жоспарланған қызметінің негізгі қағидаларының мазмұны әлеуметтік бағдарламалар деп аталады.

Әлеуметтік жіктеу – (социальная стратификация) стратификация термині латынның “statum” жік, қабат және “facere”-“жасау” деген сөздердің қосындысынан алынған. Әлеуметтік жіктеудің негізін салған М.Вебер.

Әлеуметтік идеал – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағығ болашақтағы бейнесінің көрінісі.

Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады.

Әлеуметтік қарым-қатынастар - әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі.

Әлеуметтік қауымдастық – (социальная общность) әлеуметтік ішкі байланыстардың негізі тұратын аймағы бір және бірлескен өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан материалдық және мәдени құндылықтары ортақ адамдардың тұрақты бірлестігі. Әлеуметтік қауымдастықтың негізгі белгілері: ынтымақтастық, келісім, жоғары дәрежедегі бірлік.

Әлеуметтік құбылыс - әлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтік өмірде айқын байқалып, бірден аңғарылытынның бәрі әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Әлеуметтік құрылым – қоғамдағы еңбектің күрделенуіне, оның бірлігіне, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты болатын өзгерістерді көрсететін, сонымен бірге нақты кезеңдегі әлеуметтік жүйенің элементтері арасындағы тұрақты қалыптасқан құрылым. Әлеуметтік құрылымның негізгі түрлері: макроқұрылым, микроқұрылым.

Әлеуметтік мәртебе – көпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі тұрғысынан қарағандағы қоғамдағы әр түрлі объектілердің, құбылыстардың әлеуметтік маңыздылығына берілетін баға.

Әлеуметтік мобильділік – адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымдағы өз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір әлеуметтік топқа өтуі немесе сол топтың ішінде орнын өзгертуі.

Әлеуметтік орта – адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем.

Әлеуметтік прогресс – қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің, мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті бағытпен дамуы.

Әлеуметтік роль – белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі.

Әлеуметтік статус - әлеуметтік топтар мен оның өкілдерінің қоғамдағы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Әлеуметтік статус бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады.

Әлеуметтік ымыра – (социальный компромисс) өзара әсер етуші әлеуметтік топтардың өзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, келіспеушіліктерді, дауларды шешу.

Әлеуметтік эксперимент - әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген басқарушы және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және сапалық өзгерістер жөнінде мәлімет алу әдісі.

Б

Бақылау - әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі. Бақылаудың көмегімен әлеуметтік құбылыстарға, процестерге жүйелі түрде үздіксіз зерттеу жүргізу өте тиімді.

Бейсаналық – субъектінің санасына бағынбайтын психикалық процестердің жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан шығарылып тасталған құмарлықтар жатады.

Билингвизм – қостілділік.

Билік – қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен идеология ықпалының негізінде және қйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын механизм.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: