Лекция №7 тақырыбы: Батыс Европадағы Орта ғасырлық философия

Жоспары:

1. Орта ғасырдағы христиан философиясының өзіндііік ерекшеліктері, оның дамуының негізгі кезеңдері.

2. Августин Аврелийдің құдай, адам, тарих туралы ілімі.

3. Фома Аквинскийдің философиясы схоластика жүйесі ретінде.

Лекцияның мақсаты: Орта ғасыр кезеңіндегі құдай ілімімен және христиан дінінің философиялық негіздерімен танысу.

1. б.з. 5 ғасырда Рим империясының күйреуімен Батыста феодалдық қоғаммен

бірге пайда болған философия ол Орта ғасырлық христиандық философия еді. Бұл философия алғашқы капиталстік қоғам пайда болғанға дейін Европа елдерінде үстемдік құрды.

Құлиеленушілік антикалық қоғамның күйреуі философияның әлсіреуіне әкеп

соқты. Антикалық философияның мұрасы жоғалып, 12 - ғасырдың екінші жартысына дейін батыс Европа ғалымдарына белгісіз болып келді. Дін үстем идеологияға айналды. Егер де Алдыңғы Азия мен Орта Азияда, араб тілді елдерде ислам діні үстемдік етсе, Европада христиан діні өзінің екі түрлі бағытында үстемдік етті. Европада білім беретін мектептер шіркеудің қолына өтті. Мектептер мен университеттің дамуы философияның алдына шіркеуге діннің догматтарын философиялық тұрғыдан түсіндіру міндетін қойды. Философия бірнеше ғасырлар бойына діннің қызметтісіне айналды. Мұндай рольді алғашында христиандықты дінсіздерден қорғаушы апполегеттер орындаса (б.з. І г.), кейін христиандықтықтағы философияның таным мәселесімен патристика өкілдері (шіркеу әкейлері айналыса бастады. Бұл ілімнің ең әйгілісі Августин Аврелий өз іліміне неоплатонізм идеяларының бірқатарын енгізді. Батыстағы неоплатонизмнің христиан идеологиясының мақсаттарына бейімделгеен өкілдері шығыс неоплатониктер болды. Олардың ішінде жалған Дионисий Ареокаист (5 г.) деген облды. Орта ғасырлық христиан философиясының қалыптасуында Иоанн Скотт Әриугена маңызды роль ойнады. Діннің догмаларын түсіндіргенде орта ғасырлық философтардың алдында жекенің жалпыға қатынасы және жалпының шындығы жайлы мәселер туындады. Осы мәселерді шешу тәсілдеріне қарай, схоластика бірқатар көзқарастарды дүниеге келтірді. Бұл көзқарастардың негізі жалпылық жөнінде өзара пікірталасқа түскен реализм мен номинализм еді. Бұл екеуінің айрылысын философия тарихында жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс деп атайды (Универсалийлер). Реалистер, - жалпы ұғым -әмбебаптар адам санасынан, тілінен тыс өмір сүретін шындық деп түсіндірді. Ал Номиналистер болса бұған қарама-қарсы пікірде болды, яғни әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Екі көзқарастың да шектен тыс кетуіне 12-ғасырда өмір сүрген Абеляр қарсы шықты. 12-ғасырдың орта шенінен бастап Аристотель шығармалары латын тіліне аударыла бастады да, оның ілімі христиан дінінің философиялық негізі ретінде қабылданды. Содан бастап схаластика ұстаздары Аристотельді түсіндірушілер мен жүйелеушілрге айналды. Олар Аристотелизмді өздерінің діни және философиялық ұғымдарына бейімдеді. Аристотель дүниетанымының еекірген бөлігін догматтықпен игеріп, (мыс: геоңентрлік жүйесін, физ) принциптерін ғылымдағы жаңалық іздестірудің бәрін теріске шығарды. 13 ғасырда схоластиканы жүйеге келтірушілер. Ұлы Альберт, Фома Аквинский және Иоанн Дунс Скот болды. Соның ішінде шіркеу Фома Аквинскийдің ілімі жоғары бағалады. Оны өз әулиелерінің қатарына қосты. Ал 1879 ж. оның ілімін өзінің ресми философия доктриналы деп жариялады.

2. Августин Аврелий (354-430) - гиппона епископы (Солтүстік Африкада), христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын тұрған философ-мистик патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фидейстік сипатта, “Нанымсыз білім жоқ, ақиқат жоқ”, деген принципке бағынады. Августиннің көзқарасы схоластика көздерінің бірі “Құдайдың қаласы туралы” (426) деген шығармасында Августин тарихты адам тағдырын фаталистік (satalis- қашып құтылмайтын яғни тағдыр) тұрғыда түсіндіретін христиандық консепциясын ұсынды. “Жердегі қалаға”, “күнәһар”, “зиялы мемлекетке” ал, “құдайдың қаласын”, шіркеудің бүкіл дүние жүзі үстемдігін қарама – қарсы қойды. Августинның христиан теологиясының кейінгі дамуына ықпалы орасан зор.

Фидеизм – лат. fides – сенім – діни догмаларды қорғау үшін идеалистік философияны және ғылыми білімдерді пайдаланатын, ғылымды діне бағындыруға әрекет жасайтын көзқарас. Ол бойынша болмыстың түпкі себептерін ғылым ашып беруге дәрменсіз.

3. Ф. Аквинский (1225-1274) Аристотельдің ілімі теология тұрғысынан түсіндірді. Аристотелизмді христиан дінінің догмаларына сәйкестендірді. Фоманың объективті – идеалистік философиясы осылай қалыптасты. Ф.Аквинский Универсалиялардың үш түрін мойындады: жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті) заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық) және заттардың кейінгі түрі (адам санасындағы танылатын). Ф.Аквинскийдың философиясының негізгі принципі – сенім мен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша ақыл құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп сенімнің ақиқаттығына қарап пікірді қабылдамайды. Барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіреті бойынша қалыптасады.

Мән – әссенция, өмір сүру – әкзиетенция. Оның түсінігінше өмірде бұл екеуі жеке, бірінен бірі алшақ және де өмір сүру мәнінен жоғары. Ал құдайда бұл екеуі бір-бірінен ажыратылмайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Орта ғасырлар адамзат тарихының қай уақыттарын қамтиды?

2. Ф.Аквинскийдің Құдай болмысын дәлелдеу жолдарын еске түсіріңіз.

3. Августиннің болмысының пайда болуының үш жолын айтыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: