Лекция №2 тақырыбы: философия мәдениет феномені хақысында

Жоспары:

  1. Философияның пайда болуының мәдени-тарихи, экономикалық, әлеуметтік-саяси алғышарттары.
  2. Философиялық білімнің тарихи типтері, олардың типологиясы.
  3. Философияның құрылымы.

Лекцияның мақсаты: Философияның қалыптасуымен және негізгі бағыттарымен танысу

1. Біз алдыңғы тақырыпта дүниетанымның көп түрлілігін білдік. Мифологиялық дүниетаным да, діни дүниетаным да философия пайда болысымен жойылып кетпейді. Олар қатар өмір сүріп келеді Біз қарастырып отырған философиялық дүниетаным адамдардың материалдық мәдениетінің шапшаң дамыған аймақтарында пайда болды. Бұл жерде философия не үшін пайда болды? деген сұрақ туындайды. Мұның мынадай жауабы бізді қанағаттандыратын сияқты: Философия қоғамдық өмірдің жаңа деңгейі, жаңа қоғамдық қозғалыстар дүниетанымның жаңа түріне қажеттілікті туындатқан соң пайда болады. Философияның рухани көзі мифтер мен алғашқы ғылыми білімдер дүниетанымдық бағытқа ие болса, ал ғылымның ықпалымен оларды жүзеге асыру әдісіне ие болады.

Философия шынайы философияға айналуы үшін оған колайлы экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайлар мен алғы шарттар қалыптасуы тиіс. Дүниетанымнын жаңа түрі ретінде философия үшін әлеуметтік қажеттілік қажет. Сондықтан, қоғамдық өмірдің қандай өзгерістеріне байланысты философия пайда болады?

Ілгеріде философия таптық қоғамда пайда болады деген пікір үстем болды.

Бірақ, тарих көрсеткендей мұндай оқуға философия туындамай жатып пайда болды. Сондықтан, философияның генезисінің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларын нақтылап алған жөн.

“Қола дәуірінде” философия болған жоқ. Болған тек алғашқы философиялық ойлар. Мифалогиялық көзқарас әлеуметтік теңсіздікке қызмет ете бастады.

Шын мәнінде философия таптық қоғамның пайда болуымен емес, оның даму сатысының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Дәлірек айтқанда, ”темір дәуірінде” пайда болды.

Темір балқыту әдісінің жетілдірілуі ауыл шаруашылығына және әскери өнерге үлкен бетбұрыс альп келді.

Басты рольді таптар күресі атқарады. Философия қала халқының жаңа әлеуметтік қабатының өзінің билік құқығын және артықшылынтарын жасап алған топка қарсы күресі нәтижесінде пайда болады.

Философия алғаш рет қайда пайда болды деген сұраққа да біржақты жауап жоқ. Кейбір философтар шығыс философиясын жоққа шығарып тек европалық философия болды дейді. Гегель, Хайдегер міне осындай пікірде болды. Ал батыс Азияны алып қарайтын болсақ, ол жерде философия пайда болуына қолайлы жағдай қалыптасып келе жатқанымен жүзеге аспай қалды. Себебі Парсы державасы ежелгі бұл өркениеттер мен мәдениеттерді жұтып қойды.

Философиялық идеялардың алуан түрлілігі олардың дүрыс қойылуы мен дүрыс шешілуі тарихи философиялық ғылымның алдында философиялық ілімдердің типалогизациясының мәселерін туындатты. Бұған типалогизацияның критерийлері де қосылады. Мұндай критерийлер бірнеше негіздемелер негізінде алға шығады. Оның біріншісі - гносеологиялық. Материализм бе, әлде идеялизм бе? Философиядағы бұл екі бағыт жалпы тарихи тағдырмен қалай байланысты болса да олардың өз тағдыры өздерінің қайнар көздері және дәстүрлері бар. Материалистік философияның да идеялистик философияның да тарихи мектептері бар. Гносеологиялық шек идеализмнің өз ішінде де бар, ол объективтік идеализм мен субъективтік идеализм.

Философиялық жүйелерді типологизациялаудың өзге бір негіздемесі ол да гносеологиялық болып табылады. Алайда ол, философиялық танымның негізгі формалары мен түрлеріне және бір-біріне қатынасы мәселесіне қатысты. Таным процесінде ең басты рольді сезім атқарады дейтін философтар, философия тарихында сенсуалистер деген атауға ие болды. Философиялық сенсуализмнің жалпылама қағидасы “алдымен сезімде болмаған нәрсе, интелектте де болмайды”. Жаңа заманда бұл принципті әсіресе ағылшын философы Дж. Локк (1632-1730 жж) белсенді түрде қорғады. Әйтсе де сенсуализмнің алғашқы идеясы Аристотельге барып тіреледі.

Сенсуализмге қарама - қарсы ретінде – рационализмді айтуға болады. Мұнда сезімдік таным толықтай жоққа шығарылмаса да,’’қараңғы” ілім ретінде жетілмеген әрі заттардың ішіне терең бойлай алмайтын, олардың мәнін аша алмайтын ілім ретінде қарастырылады.

Өзге контексте рационализм ұғымы иррационализмге қарама - қарсы ретінде қолданылады. Иррационализм дүниені танудағы сананың рөлін жоққа шығарады. Ирроцианализм бұл ролді психиканың рационалдылықтан тыс формасына жүктейді. Олар: мистикалық сезім, жоғары сезімді пайым, т.т.б. Ирроционализмнің негізінде болмыстың жалғандығы оның саналы негіздемеге, түсіндіруге тура келмейтіндігі жөніндегі постулат жатыр. Логикаға, санаға деген қатынас – оларды толық қабылдаудан бастан, толық теріске шығару да филофиялық ілімнің типологизациясының критерийлерің бірі (бұл әсіресе Жаңа Заманға тән болды).

Филоософияның ішкі құрылысы - әдіс бойынша да ерекшеленеді. Мұндай критерий бойынша ойдың бұрынғы жағдайы да қазіргі жағдайы да екі консепцияның біріне - метафизикаға немесе диалектикаға жатады. Метафизикалық философия деп дүниені біржақты, дайын қалыптасқан күйінде түсіндіргісі келетін философияны атайды. Бұл бойынша – заттардың мәні өзгермейді әрі мәңгі, олар қозғалмайды.

Сондықтан, оларды тыныштық қалыптан шығарып қозғалысқа келтіретін тек сыртқы күш ғана. Ал диалектикалық методология, философиялық ұғымдардың бір орнында тұрмайтынын, олардың козғалып отыратындығын мойындайды. Мұндай тұрақсыздық диалектиктердің көзқарасы бойынша, соған бара–бар қозғалыста, шынайылық құбылыстардың өздерінің бір-біріне ауысуын туындатады. Диалектиктер дүниеде дайын заттар емес тек процестер ғана өмір сүреді деп есептейді.

Философиялық ілімдердің типологизациясының өзге де критерийлерін немесе негіздемелерін айтуға болады. Олар атеистік және діни-идеялистік, сциентистік және антисциентистік (оның айырмашылық критерийі – ғылымға қатынасы болып табылады).

Бақылау сұрақтары:

  1. Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері.
  2. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары.
  3. Мәдениет дүниесіндегі философия.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: