Силлабус

«№1 модуль « Мамандыққа кіріспе. Психология»

«PРRA 2402» « Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы»

1курс, қ/б, семестрі күзгі

3 кредит. Пәннің типі: «Негізгі міндетті модуль

Дәріскер: Бердібаева С.Қ.- психология ғылымдарының докторы, профессор

Телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс): 292-60-22 (21-31; 391 36 21 8 777 101 0014

e-mail: e-mail: berdybaeva_sveta@ mail.ru каб.:415

Оқытушы: Баймолдина Л.- Phd-докторы, аға оқытушы.Телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс): 292-60-22 (21-31); 8 7052042425.каб.: 415

Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты.

Негізгі міндетті №1 модуль бойынша оқытылатын « Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы» курсын меңгеру негізінде жеке адамды таным субъектісі ретінде ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, танымдық психикалық процестердің табиғатын және психология мамандығына қатысты ғылыми түсініктердің негізін түсініп, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін негіздеу. Психикалық танымдық процестердің табиғаты туралы ақпараттарды қайта өңдеудің және танудың бірыңғай жүйесі және зейін, түйсіну мен қабылдау, ес,ойлау және сөз психикалық процестердің бірінші деңгейлі жүйесі деп түсіну.

Міндеттері:

1.Танымдық психологиялық процестердің және регулятивті белсенділіктің негізгі заңдылықтары мен даму механизмдерін қолданудың теориялық–методологиялық аспектіде танысып, оқып–үйрену, танымдық процестердің негізгі заңдылықтары мен критерийлерін фундаменттік теориялық және қолданбалы психологиялық зерттеулерде қолдануға студенттерде оң мотивация мен жүйелік негіздерді қалыптастыру;

2.Оқытылған психологиялық құбылыстардың, регулятивті белсенділіктің заңдылықтары және танымдық процестердің өзіндік ерекшеліктері туралы концепциялар мен теориялар мен зерттеулер негізінде психологияның әр салалары, танымдық процестер жайлы студенттерде білімдерді жүйелендіру;

3.Психикалық танымдық процестердің даму заңдылықтары мен механизмдерін талдау критерийлерін психологияның барлық саласында қолдануды оқып үйрену, оның технологияларын меңгеру, машықтану, психиикалық процестердің базалық категориялары мен түсініктері жайлы білімдер беру;

4.Әлемдік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен және танымдық процестер туралы теориялық-методологиялық таныстыру.

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):

Жалпы құзырет: құралдық: әдіснамалық негізделген, концептуалды ұйымдастырылған психологиялық білімдерге ие болу; оның кәсіби оқыту мен өзіндік дамудағы ролін түсіну; білімдердің жүйе құрушы негізін айқындау іскерлігі, тарату қағидаларын анықтау, конструкциялау, оны қайта жаңғырту сценарийін өңдеуді ұйымдастыру, меңгерген психологиялық түсініктерді қазақ (орыс) және шетел тілдерінің бірінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби сферада пайдалану,

тұлға аралық: тұлғаның индивидуалды креативті қабілеттердің танымдық психикалық процестер және психология ғылымы жайлы зерттеулер туралы фундаменталды білімдерді оларды ғылыми бағытта пайдалану;

жүйелік: танымдық психикалық процестер негізінде оқытылатын зерттеулер мен концепциялар жайлы жаңа қазіргі психологиялық білімдер жүйесін тұлғалық білімдер аясына қатыстыру мақсатымен талдау жјне бағалау (интерпретация, жүйелеу, жіктеу, салыстыру, т.б) формализациялау процедурасы арқылы өзектендіру қабілеті.

пәндік құзырет: жалпы психология, когнитивті психология және онымен шектес ғылыми білімдердің фундаменталды жағдайларын, психикалық дамудың мәдени тарихи және іс-әрекеттік бағыт шеңберіндегі негізгі ұғымдарын, қазіргі психологиядағы танымдық психикалық процестер курсының ғылыми бағыттары мен басқа ғылымдармен салыстырмалы жағдайын, әлемдік психология ғылымдарының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын меңгеру;

Пререквезиттері:

Студенттердің психологиялық кәсіби білімі «Жалпы психология теориялық мәселелері» курсымен таныстықтан басталады. Оны жемісті меңгеру їшін “Философия”, “Орталыќ жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс-әрекетінің физиологиясы”, “Жоғарғы математика”, “Социология” пәндерімен таныс болуы ќажет.

Постреквизиттер Бұл пәнді оқуда психолог-студенттер алдыңғы өтетін барлық пәндерге сүйенеді. Осы пәнді нақты оқу барысында алынған білімдер студенттерге психология ғылымының барлық базалық теориялары мен концепцияларын зерттеу бағыттарын оќып үйренеді.

« Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы» курсы психология ғылымының фундаменталды негізін құрайтын теориялар мен зерттеу әдістердің мазмұны мен психологиялық құрылымына байланысты қазіргі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді, соңғы жетістіктері мен тұжырымдамаларын негізге алады, сондай-ақ әлемдік психология жетістіктерін танымдық процестерді талдау негізінде түсіндіреді, психологиялық теорияларды зерттеу және меңгеру процестерін оларды психологияның барлық саласында қолдана білуді оқып үйренеді.

Студент-психологтардың барлық оқу процесі « Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы» базалық курсын меңгеру барысында алынған білімдерінің негізіне сүйеніп құрылады. Жоғарғы курста оқытылатын барлық психологиялық пәндердің негізін құрайды: «Жалпы психология», “Әлеуметтік психология”, “Жас ерекшелік психологиясы”, “Педагогикалық психология”, “Психология тарихы”, «Психологиядағы математикалық әдістер», «Практикалық психология» және көптеген басқа пәндерде жалпы психологияның негізгі принциптері мен жағдайларына сүйенеді.

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Апта Тақырыптың аталуы Сағсан Баға сы
1- Модуль «Таным субъектісі: түйсіну және қабылдау психологиясы»
  1-дәріс.Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері. Психофизиологиялық заңдылықтар. Түйсінудің классификациясы.    
1-семинар. Сезімдік таным психологиясы. Көру және есту түйсінулері. Сенсорлық шкалалар (Ф.А. Джелдард).    
1- СОӨЖ. Түйсінудің өмірлік трансформациялары. Адамның сенсорлық ұйымдасуы (Б.Г. Ананьев). Түстердің психофизикасы. Сезімдік бейнелеу механизмі. Органикалық түйсінулер. Көру түйсінулері    
  2-дәріс. Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиялық заңдылықтары    
2-семинар.Түстер теориясы. Түстердің психофизикалық әрекеті.. Перцептивті іс әрекет және бейнелер.    
2 СОӨЖ. Түстерді түйсінудегі психофизиологиялық заңдылықтары. Түстерді қабылдау.Түйсіну табалдырықтары. Түйсіну табалдырықтары және оларды өлшеу (С.В. Кравков). Перцептивті ұйымдасу (Ч. Осгуд)    
  3-дәріс. Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары. Қабылдаудың психологиялық табиғаты.    
3-семинар. Есту теориялары. Сөз бен музыканы қабылдау. Кеңістікті қабылдау Қабылдау және іс әрекет. Формаларды қабылдау    
3-СОӨЖ.. Перцептивті бейнелердің конфигурациялы аспектілерін зерттеу. Тереңдікті көру қабылдауы (Р.С. Вудвортс). И.М. Сеченовтың бұлшық ет сезімдері туралы зерттеулері.Жануарларда ұзақтықты қабыл дау. Психологиядағы елестер мәселесі.Елестер екінші бейнелер ретінде. Елестердің қасиеттері және түрлері. Елестер және танымдық процестер. Елестер ассоцация лары. Елестер және бейнелер    
  4-дәріс. Қабылдау теориялары мен негізгі ықпалдар. Қабылдау және іс- әрекет.    
  4-семинар. Қозғалыс пен уақытты қабылдау Перцептивті іс-әрекет және қабылдаудың феномендері. Қабылдаудың константтылғы, ұғынымдылы ғы, тарихилығы.    
  4- СОӨЖ. Қабылдау: гештальттеорияға кіріспе (К.Коффка). Гештальтпсихологияда қабылдауды эксперименттік зерттеулер. Формалардың константтылығы. Перцептивті дайындық (Дж.Брунер). Қабылдаудың дамуын психологиялық зерттеу (Запорожец А.В.)    
  2- Модуль «Зейін психологиясының жалпы сұрақтары. Елестердің психологиялық сипаттамасы    
  5-дәріс Зейін психология сының жалпы сұрақтары. Зейін және сана. Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейін және таным. Зейін және іс-әрекет    
  5-семинар. Зейін және сана. Зейіннің негізгі қасиеттері.    
  5-СОӨЖ. Зейіннің психологиялық статусы. Зейін және сана. Зейін механизмдері. Зейін және қабылдау. Зейін және ес. Зейін сана процестерінің сиппатамасы ретінде Зейін әрі күй, әрі сана процесі ретінде    
  6- дәріс.Зейіннің классикалық және қазіргі теориялары. Зейінді кеңес психологиясында зерттеу    
  6-семинар. Зейінді когнитивті психологияда зерттеу. Зейін процестерін ұйымдастырудың негізгі принциптері    
  Коллоквиум    
  7-дәріс. Елестердің жалпы сипаттамалары және бейнелі сфера. Қабылдау және елес.    
  7-семинар.Елестердің ассоциациялары. Елестерді эксперименттік психологияда зерттеу. Елестердің индивидуалды ерекшеліктері және естің бірінші бейнелері    
  1 Аралық бақылау    
  1 Аралық бақылау   97+3=100
  3-модуль. «Ес информацияларды қабылдау, трансформациялау және сақтау ретінде»    
  8-дәріс. Танымдық процестер психологиясындағы жүйелік ықпал. Ес психоло гиясының жалпы сұрақтары. Ес өтіп кететін, бұрылмайтын (сквозной) психикалық процесс ретінде. Ес заңдылықтары. Ес түрлері.    
  8-семинар. Ес психологиясының негізгі заңдылықтары мен фактілері..Зейін және ес. Естің түрлері. Есте қалдырудың іс-әрекет сипатынан шарттануы. Ес процестерін деңгейлі ұйымдастыру.    
  6- СОӨЖ. Ес заңдылықтары. Естің бұзылуы мен өзгеруінің психодиагностикасы. Естің өмір сүруінің негізгі генетикалық әртүрлі формалары: бейсаналық, ырықсыз, ауыспалы және сырттай жанамаланған ес. Бейнелі, иконикалық, ырықты, ырықсыз ес. Ес типтерін айырудің индивидуалды-психологиялық критерийлері. Ес және үйрену.Ес түрлерін классификациялау    
  9-дәріс. Ес теориялары. Ес типтерін айырудің индивидуалды-психологиялық критерийлері. Ес және үйрену.Ес және тұлға. Ес және іс-әрекет. Ес және сөз. Эмоциялық ес. Ішкі бағдарлану, мотивация және эмоцияның естегі мәні    
  9-семинар. Есте қалдырудың жоғарғы формаларын функционалды ұйымдастыру Ырықты және ырықсыз етің арақатынасы жайлы А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, А.А. Смирновтың жұмыстарын талдау. Аффективті реакциялардың еске әсері. Есте қалдырудың іс-әрекет сипатынан шарттануы.    
  7-СОӨЖ. Есті зерттеуде іс-әрекет пен сана бірлігі принципін тарату. Есте қалдыру мен үйренуге мотивация деңгейлерінің әсері. Ес пен ойлаудың өзара байланысын эксперименттік зерттеулер. Л.С. Выготскийді мәдени-тарихи теориясындағы ес мәселесі. Реминсценция теориясы мен негізгі факторлары. Эббингауздың ұмыту қисығы және оның модификациясы. Ұмыту теориялары. Ойлау теориялық іс-әрекет ретінде. Практикалық іс-әрекет және ойлау. Ұғымдарды психологиялық эксперименттік психологиялық зерттеулер. Ақыл-ой қорытындысы формасында ойлауды құру заңдылықтары. Вервалданған зерттеуші актілерді объективациялау әдістері. Тапсырманы шешуді іздестірудегі вербалданбаған компонеттер    
  10-дәріс. Есті информациялық, когнитивті-психологиялық зерттеулер. Когнитивті психологиядағы ес модельдері. Есті информациялық, когнитивті-психологиялық зерттеулер    
10-семинар. Ес модельдері. Есті эксперименттік зерттеулер    
8-СОӨЖ. Мнемикалық құралдардың интериоризациясы. Мнемикалық процестерді құрылымды-деңгейлі ұйымдастыру. Сана және қысқа мерзімді ес. Есте қалдырудың жоғарғы формаларын функционалды ұйымдастыру. Зейгарник эффектісі. Стимулды перцептивті ұйымдастыру: жаттау тәсілдерінің еске әсер етуі. Когнитивті психологияда ойлауды зерттеу. Ойлау процесі құрылымындағы бейнелі, логикалық. Ұғымдырды қалыптастырудың негізгі жолдары, комплектсерді суреттеу, псевдоұғымдар, потенциалды және шынайы ұғымдар Ойлаудың тарихи және оттогенетикалық дамуды арақатыстыру мәселесі. Ақыл-ой іс-әрекетін қалыптастыру. Ойлауды дифференциалды-психологиялық зерттеу    
  4-модуль. «Ойлау субъектінің танымдық іс-әрекетінің формасы ретінде. Ойлау психологиясы және сөз»    
  11-дәріс. Ойлау психологиясының жалпы сұрақтары. Ойлау және таным. Ойлау және тұлға. Психологиялық ойлау мәселесі.. Заттық-практикалық іс-әрекетті регуляциялаудағы ойлаудың ролі.    
11-семинар. Ойлау психологиялық зерттеу пәні ретінде. Ойлау іс-әрекеті субъектісі. Тұлғааралық таным құрылымындағы ойлау. Ойлау, бірлескен іс-әрекет, қарым-қатынас.    
9-СОӨЖ. Ойлауды зерттейтін ғылымдардың арақатынасы. Ойлаудың көптүрлілігі мен бірлігі. Ойлауды зерттеудің әлеуметтік мәнділігі. Ойлауды эксперименттік зерттеулер. Тұлғаның когнитивті құрылымдары. Ойлау және интеллект Практикалық және теориялық интеллект.. Когнитивті стилдер Теориялық және эмпирикалық ойлау. Диалектикалық ойлау теориялық ойлаудың өте күрделі формасы ретінде. Практикалық және теориялық интеллект. Ғылыми және діни ойлау. Вюрцбург мектебінде ойлауды зерттеу. Интеллектіні дамуы Ж. Пиаже зерттеулері. О.Зельц «Комплекстер теориясы». Ойлаудағы саналы және бейсаналы компоненттер.гуманистік психологияда ойлауды зерттеу.    
  12-дәріс. Ойлаудың психологиялық теориялары. Шет ел психологиясындағы ойлау теориялары. Кеңес психологиясындағы ойлау теориялары.    
  12- семинар.Ойлауды психологиялық мектептерде зерттеу (гештальтпсихология, психоанализ, бихевиоризм, гуманистік психология, когнитивті психология). Продуктивті ойлау. Ойлау процестерінің ұғымға дейінгі және ұғыну деңгейлерінің эмпирикалық сипаттамасы. Ойлауды талдаудағы даму принципі. Ойлау процесінің динамикасы мен құрылымы.    
  10-СОӨЖ. Ойлау іс-әрекеті мотивациясының ерекшеліктері. Эмоция мен ойлау функцияларының қарама-қайшылығы. Ойлау мен сөз және ойлау мен эмоция арақатынастарын психофизиологиялық зерттеулер. Лингвистикалық салыстырмалылық гипотезасы, психологиялық аспектілері. Сөзді қабылдау теориясы. Интеллект пен креативтілікті зерттеу. Интеллектіні тестілеу. Ғылыми, көркем және творчествоның басқа түрлерінің жеке сипаттамаларын зерттеу. Ойлау елестердің ассоцациясы ретінде. Логикалық және интуитивті, ырықты және ырықсыз ойлау. Жаңаша ойлау мәселесі.    
  Коллоквиум    
  13-дәріс. Ойлау және түсіну. Ойлау және сөз. Сөзді психологиялық талдау. Тұлғаны сөзі бойынша диагностикалау. Сөз, тіл және ойлау бірлігі мәселелері. Түсініп ойлау.    
  13-семинар. Түсіну танымдық қатынас ретінде. Заттық-практикалық іс-әрекетті регуляциялаудағы ойлаудың ролі. Танымдық процестердің индивидуалды ерекшеліктері. Л.С. Выготскийдің ойлау мен сөздің қалыптасуының мәдени-тарихи теориясы    
  14-дәріс.Психикалық күйді сөздің өзіндік регуляциялау. Сөздік ойлау сөздің бірлігі ретінде.    
  14-семинар. Ойлау және мотивация. Аффект және интеллектінің бірлігі принципі. Ойлау және ішкі бағдарлану. Ойлау іс-әрекетін эиоциялық реттеу.    
  5-модуль. «Қиял және творчество психологиясы»    
  15- дәріс. Ойлау, қиял және творчество. Творчестволық және творчестволық емес ойлау. Ойлау және творчество. Көркемдік ойлау. Бейнелі ойлау мен қиял.    
  15-семинар.. Творчестволық тұлғалардың ойлауы Көркемдік ойлау. Ойлау және творчество. Творчестволық тұлғалардың ойлауы    
  2 Аралық бақылау    
  2 АБ    
  Емтихан    
  Барлығы    

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1. Веккер Л.М. Психика и реальность. Единая теория психических процессов.-М.: Смысл.-2007.-688 с.

2. Гусев А.Н. Общая психология. В 7 томах. Том 2. Ощущение и восприятие. М.: Академия.-2009, 416 с.

3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. - Алма-Ата: Изд-во КазГУ, 2002 -195 с.

4. Психология внимания \Под ред Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. –М.: Астрель.-2011,704 с.

5. 4.Психология памяти \Под ред.Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова.-М.: Астрель.-2008, 656 с.

6. 5.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Серия: Мастера психологии.- СПб: Питер.-2012, 720 с.

7. Тихомиров О.К. Психология: Учебник / Под ред. О.В. Гордеевой. – М.: Высшее образование, 2006. – 538 с.

Қосымша:

1. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. Том 1. Проблема развития психики.-Том 3-Вопросы психологии. Цифровая книга. М.: Говорящая книга.-2012

2. Зимняя И. А. Лингвопсихология речевой деятельности. — М.: Московский психолого-социальный институт, Воронеж: НПО «МОДЭК», 2001. — 432 с.

3. Знаков В.В. Исследование познавательных процессов//Психологическая наука в России XX столетия: проблемы теории и истории. – М.: Изд-во ИПРАН, 2007. – С.459-558.

4. Маклаков А.Г. Общая писхология.Учебник нового века. -СПб.: Питер.-2007, 592 с.

5. Петренко В.Ф. Многомерное сознание: психосемантическая парадигма / Петренко В.Ф. – М.: Новый хронограф, 2009. – 440 с.

6. Тертель А.Л. Психология. Курс лекций: учеб. пособие. – М.: Проспект, 2009. – 248 с.

7. Шифман Х. Ощущение и восприятие. Серия: Мастера психологии.- СПб.: Питер.-2003.-928 с.

8. Холодная М.А. Психология интеллекта: парадоксы исследования. М., 2008. 400с

Дерек көздер:

1. Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания.-М.: Наука, 2001. –

a. 280 с.

2. Гальперин П.Я. Лекции по психологии.-М., 2011.-400 с.

3. Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі: танымдық процестер психологиясы.-А.: Қазақ университеті, 2008.-77 б.

4. Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. (Оқу құралы) – Алматы: "Алла прима" ЖШС, 2008. – 216 б.

5. Когнитивная психология / Р. Солсо – СПБ: Питер, 2006. – 589 с.

6. Островская И.В. Психология.-М.: ГЭОТАР –Медиа.-2011, 480 с.

7. Общая психология. В 7 томах. Том 4. Внимание\Под ред.Б.С. Братуся.-М.: Академия.-2010,480 с.

ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады.

Орынды себептермен зертханалық сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді

Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі.

Толерантты болыңыз, яғни өзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде көшіру мен сыбырлауға, өзге біреу шығарған есептерді көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және шпаргалка қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен өткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны оның келесі офис-сағаттарында таба аласыз:

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті % мәні Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D- 1,0 50-54
F   0-49 Қанақаттанарлықсыз
I (Incomplete) - - Пән аяқталмаған (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
P (Pass) - - «Есептелінді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
NP (No Рass) - - «Есептелінбейді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
W (Withdrawal) - - «Пәннен бас тарту» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AW (Academic Withdrawal)     Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AU Audit) - - «Пән тыңдалды» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
Атт-ған   30-60 50-100 Аттестатталған
Атт-маған   0-29 0-49 Аттестатталмаған
R (Retake) - - Пәнді қайта оқу

Кафедра мәжілісінде қарастырылды

1 хаттама «27»тамыз 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі, психолог.ғ. кандидаты, доцент Э.К. Қалымбетова

Дәріс оқушы: психология ғ. докторы, профессор С.Қ. Бердібаева

6.Пән бойынша оқылатын дәрістердің қысқаша сипаттамасы

1- Модуль «Таным субъектісі: түйсіну және қабылдау психологиясы»

1-дәріс. Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері. Психофизиологиялық заңдылықтар. Түйсінудің классификациясы

Психикалық процестер психифизикалық функциялардың сапасы бола отырып іс-әрекетке қосылады. Сондықтан да психикалық процестер (қабылдау, ойлау) алғашында нақты бір іс-әрекеттің процессуалды компоненттері, содан кейін ішкі, теориялық іс-әрекеттің формалары ретінде құрылады.

Іс-әрекет психологиясын зерттеуден кейін біртіндеп жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттеуге өтеміз. Психология ғылымы психологиялық сана және өзіндік сана жайлы ілімдерден басқа мына ілімдерді қамтиды: психофизикалық функциялар, психикалық процестер, іс-әрекеттің психикалық құрылымы, жеке адамның психикалық қасиеттері.

Сондықтан да танымдық-психикалық процестер жайлы психологиялық ойлау жүйесінің методологиялық негізі былай көрсетіледі: психикалық процестерді аналитикалық зерттеуден (біз мұнда осы функция компоненті ретінде қосамыз) іс-әрекет психологиясына қарай; ал іс-әрекет психологиясынан жеке адамның психикалық қасиеттеріне қарай зерттеуді негіздейміз.

2.Тікелей сезімдік танымның нақты механизмдері жайлы ғылыми түсініктердің дамуы екі жақты мәнге ие болды: психологиялық және философиялық (А.Н. Леонтьев).

Философия оны ғылыми және гносеологиялық тұрғыдан басым талдайды. XIX ғасырдағы сезім органдарының классикалық физиологиясы көптеген ғылыми және фундаменталды мәліметтер мен заңдылықтарды ашты. Қазір түйсінудің рефлекторлық теориялық концепциясы жайлы ілімі дамыды.

Кейде оны түйсінудің рецепторлық концепциясы деп атайды және И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың ілімдеріне сүйеніп, рефлекторлық концепциясына қарсы қояды.

Түйсінудің рецепторлық концепциясы И. Мюллердің «сезім органдарының арнайы энергиясы» деген принципіне қатысты туындады. Ол өзінің «Адам физиологиясы курсы» деген еңбегінде бұл принципті былай тұжырымдайды: «Сыртқы принциптермен шақырылған түйсінулерді ала алмаймыз, ол себептерсіз-ақ сезгіш нервтермен шақырылады.

Бір ғана сыртқы себеп – олардың табиғатына байланысты әр түрлі сезім органдарында әр түрлі түйсіну туғызады. Әрбір сезгіш нервке тән түйсіну көптеген ішкі, сыртқы әсерлермен де шақырылуы мүмкін. Түйсіну санаға сыртқы дененің күйі, сапасы ретінде беріледі, әр түрлі сезгіш нервтер үшін әр түрлі болып келеді».

Міне, осы тезистерден И. Мюллер гносеологиялық қорытынды жасайды: «түйсіну әсер ететін заттардың сапасы жайлы білімдерді бермейді, себебі ол сол сезгіш нервтерге ғана сәйкес келеді. Организмнің ортаға бейімделуін қамти отырып, сезім органдары өз функциясын адал орындайды, егер де ол оның обьективті қасиеттерін шын бейнелесе».

Сөйтіп «сезім органдарының айырықша энергиясы» «арнайы энергиялардың органы» принципі деп қайта ұғынылады. Мюллер бойынша, түйсіну тітіркендіргіштің табиғатына емес, тітіркену процесі өтетін органға немесе нервке байланысты және оның арнайы энергиясы болып табылады. Мюллердің принциптерін талдау, сынау жайлы талдаулар толық семинар сабағында қаралады.

Эволюциялық және генетикалық ықпалдарды зерттей отырып, түйсінудің функционалды дамуын да зерттеу маңызды мәселелердің бірі. Яғни, сыртқы факторлардың әсерінен туындаған түйсіну табалдырықтарына байланысты эксперименттік зерттеулер, соның ішінде сезім органдарын бұрмалайтын жасанды шартты кіргізіп, түйсінуді өзгерту жайлы тәжірибелер (М. Страттон тәжірибелері, И. Келердің кейінгі жұмыстары).

Осы жағдайда өткен түйсінудің қайта жасалуы түйсінуді дұрыстауға итермелейді, яғни қоршаған әлем заттарымен практикалық байланыс тәжірибелеріне адекваттылықты орнату жайлы сөз болып отыр. Түйсінулердің өзара әрекеті жайлы зерттеулерге 1930 жылдан бастап назар аударылды (С.В. Кравков).

Сыртқы ортаның әртүрлі әсерлері адам миына әсер етіп, онда әртүрлі психикалық функциялар ретінде бейнеленеді. Таным процесінде түйсіну – психикалық функциялардың бастапқы және ең төменгі сатысында тұрады.

Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар адамға әсер етеді, санада бейнелерді қалыптастырады.

Адам дүниені, заттарды санасында бейнелеу арқылы таниды.

Түйсіну қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің санамызда бейнеленудің нәтижесін беретін психикалық іс-әрекет болып табылады. Түйсіну барлық таным процестерінің қайнар көзі деп айтуға болады.

Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтарына, сипаттамасы мен заңдылықтарына келетін болсақ екі негізгі нәрсені ескеру қажет:

1) тітіркендіргіштердің физикалық сипаттамасы, яғни түйсінуді тудыратын адамның сезім мүшелеріне әсер етуші сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың сипаттамасы;

2) түйсінулер пайда болатын сезім мүшелерінің сипаттамасы.

Тітіркендіргіштерді, қабылдайтын мүшелерді саңылау, яғни рецептор дейді. Рецепторлардың негізгі үш түрін ажыратуға болады. Олар:

· экстероцепторлар, сыртқы тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайлайтын сезім мүшелерінің ең сыртқы бетінде, я соған таяу жерлерде тұрған саңылаулар;

· интероцепторлар организмнің ішкі мүшелерінен шығатын тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайланған сезім мүшелердің бетінде болатын саңылаулар. Бұларды органикалық түйсінулер деп те атайды;

· проприоцепторлар дене мүшелерінің қозғалысын, денені тендікке ұстауды қабылдайтын мүшелердің астарында жатқан саңылаулар.

Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері. Кез-келген танымдық процесс бейнелеу және реттеу қызметін атқарады. Бірақ бейнелеу қызметінен басым процестер (танымдық процестер) және реттеу қызметінен басым психикалық процестерді (эмоция, ерік) бөліп көрсетуге болады.

Танымдық процестер жүйесіне (ТПЖ) келесі блоктар кіреді:

1. түйсік және қабылдау

2. зейін

3. ес

4. қиял

5. ойлау

6. сөйлеу

7. эмоция

ТПЖ барлық блогы үнемі өзара әрекеттесу процесінде болады және танымдық іс-әрекеттің бірлігін қамтамасыз етеді. ТПЖ өзара әрекеттесі процесінде үнемі аралық нәтижелер көрінеді.

Ақпараттың бұрмалануы мәселесі.

2-суретте ТПЖ бірінші блогынан екіншісіне ауысқандағы ақпараттың қандай өзгерістерге ұшырайтыны көрсетілген (синусоид түрінде кестеде бейнеленген). ТПЖ жұмысының соңғы нәтижесі алынған материалға сәйкес келеді, бірақ оның тура көшірмесі болмайды (кестеде ұзын сызықтармен бейнеленген). Сонымен, танымдық процестер жүйесінің жұмысы адамның обьективті шындықты адекватты субъективті бейнелеуін қамтамасыз етуден тұрады.

Қабылдау тек тітіркендіргіштерге ғана емес, сонымен бірге оны қабылдайтын субъектіге де қатысты. Басқаша айтқанда, қабылдау субъективті болады. Әрбір адам заттан нені көргісі келеді, соны көреді. Бұл жерде қабылдаудың нәтижесі ретінде зат пен бейненің обьективті негізделген сәйкессіздігі туындайды. Бұл өңдеу деңгейіндегі ақпараттың бірінші бұрмалануы.

Ол қандай да бір затты қабылдау кезінде өткен қабылдау ізінің белсенді болуымен детерминантталады. Қабылдау субъектінің өткен тәжірибесіне тәуелді. Адамның тәжірибесі неғұрлым бай болса, онда соншама көп білім болады, соғұрлым қабылдауы бай, заттан көп нәрсе көре алады.

Қабылдаудыі мазмұны адам іс-әрекетінің алдына қойған міндеттері және мотивтерімен анықталады. Қабылдау процесіне қабылдаудың мазмұнын өзгерте алатын эмоция да қатыса алады. Эмоциялық реакциялар мен қабылдаудың маңызды рөлі бірқатар әртүрлі эксперименттермен дәлелденеді.

Сонымен, қабылдау – бұл басқаруға болатын белсенді процесс.

Психика – мидың қызметі. Ол өзара әрекеттесу кезінде ғана көрінеді: мидың іс-әрекеті мен қоршаған орта тоғысында пайда болады. Адам бұл өмірде белсенді өмір сүру үшін бізді қоршаған ортаның адекватты, шынайы бейнесі керек. Барлық танымдық процестер адамның өзін қоршаған ортаны дұрыс бейнелеуі үшін жұмыс істейді.

ТПЖ басты міндеті адамның бірнеше сұрақтарға жауап беруіне көмектесуден тұрады: мен кіммін? басқалаға қатысты мен қандаймын? ұжымдағы менің орным қандай? басқаларға мен қалай көрінемін? қоршаған орта мені қалай қабылдайды? және т.б.

           
   
 
   
 
 
   
 


2-сурет. Психикалық танымдық процестердің өзара тәуелділік схемасы.

2-дәріс. Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиялық заңдылықтары

Түйсінулердің классификациясы

Түйсіктің модалдылығы бойынша классификациясы кең тараған болып табылады (сезім мүшелеріне тән). Түйсінудің осы критерилеріне сәйкес келесі түрлерге бөледі: көру,есту, вестибулярлық, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу, қозғалыс, висцералдық. Интермодалды түйсіну де бар – синестезия.

Ч. Шерингтон классификациясы да танымал, ол келесі түрлерге бөледі:

· Экстероцептивті түйсіну дененің сыртқы бетінде орналасқан рецепторларға сыртқы тітіркендіргіштердің әсер ету кезінде пайда болады;

· Проприоцептивті (кинестетикалық) түйсіну бұлшықет, буындарда, сіңірлерде орналасқан рецепторлардың көмегімен дене бөліктерінің қозғалысын бейнелейді;

· Интероцептивті түйсіну арнайы рецепторлардың көмегімен ағзадағы алмасу процесін бейнелеу кезінде пайда болады.

Түйсіктің барлық түрлері ортақ психофизиологиялық заңдылықтарға бағынышты.

Қандай да бір түйсінудің пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір көлемдегі интенсивтілікке ие болуы керек. Әлсіз байқалатын түйсінуді шақыратын тітіркендіргіштің минималды көлемі түйсінудің абсолютті төменгі табалдырығы деп аталады. Бұл әлсіз тітіркендіргіштерді сезіну қабілеттілігі абсолютті сезгіштік деп аталады. Ол әрқашан абсолюттік сандарда көрінеді. Мысалы, түйсінудің пайда болуы үшін 1 кв.мм денеге 2 мг-дық әсер ету болса жеткілікті.

Абсолютті сезгіштікпен қатар айырма сезгіштікті де бөліп көрсетуге болады - әр түрлі интенсивтегі әсер етуге сезімталдылық. Айырма сезгіштік түйсіктің болар-болмас айырмашылығын тудыратын екі тітіркендіргіштің минималдық айырмасын шақыратын айырма табалдырықпен сипатталады. Мысалы, 1 кг жүктің үстіне 10 гр қосса, айырмашылығын ешкім сезбейді; салмақтың артқанын сезу үшін алғашқы салмақтың 1/3 бөлігін қосу қажет, яғни 33 г. Сонымен жүк ауырлығына қатысты айырма табалдырық алғашқы тітіркендіргіш күшінің 1/30 бөлігіне тең. Айырма табалдырыққа қатысты сауленің жарықтығы 1/100-ге; дауыс күші 1/10-ға; дәм сезу 1/5-ке тең. Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан Бугер мен Вебер болды.

Бугер-Вебер заңы тітіркендіргіш интенсивтілігінің ортақ аймағына қатысты. Басқаша айтқанда, бұл табалдырықтар өте әлсіз және өте күшті тітіркендіргіштер болғанда өз мәнін жояды. Мұны Фехнер айтқан. Бұл заң бойынша тітіркендіргіштің күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші арифметикалық прогрессия жолымен арта түседі.

Түйсіктің төменгі және жоғарғы абсолюттік табалдырықтары (абсолюттік сезгіштік) адамзат сезгіштігінің шегін сипаттайды. Бірақ әрбір адамның сезімталдылығы әр түрлі жағдайға байланысты өзгереді. Мысалы, қараңғы бөлмеге кіргенде, алғашында заттарды айыра алмаймыз, бірақ біртіндеп жағдайдың әсерінен анализатор сезгіштігі артады. Темекі шеккен немесе басқадай иісі бар бөлмеде тұрып, біз біраз уақыттан кейін осы иістерді сезбей қаламыз (анализатор сезгіштігі төмендейді). Қараңғы бөлмеден жарыққа шыққанда көру анализаторының сезгіштігі төмендейді.

Қоршаған орта тітіркендіргіштеріне бейімделу нәтижесіндегі анализаторлар сезгіштігінің өзгеруі адаптация (бейімделу) деп аталады. Әр анализаторлар бейімделу диапозоны және жылдамдығы әр түрлі. Кейбір тітіркендіргіштерге жылдам, ал кейбіреулеріне баяу бейімделеді. Жылдам бейімделетін сипап сезу және тактильді анализаторлар. Йодтың иісіне толығымен бейімделу бір минуттан кейін болады. Үш секундтан кейін тітіркендіргіш күшінің 1/5 түйсінуге болады. Тағып тұрған көзәйнекті орнынан қозғалту. Есту, көру, дәм сезу анализаторлары баяу бейімделеді. Қараңғыға толығымен бейімделу үшін 45 мин керек. Осы уақыттан кейін көру сезгіштігі 200 000 есе үлкейеді (бейімделудің ең жоғарғы диапазоны).

Адаптация жағдайы мақсат-бағдарлы биологиялық мәнге ие. Ол әлсіз тітіркендіргіштердің сезілуіне көмектеседі және анализаторларды өте күшті тітіркендіргіштерден қорғайды.

Сезгіштік тек сыртқы тітіркендіргіштердің әсеріне ғана емес, сонымен қатар ішкі жағдайға да байланысты. Ішкі (психикалық) факторлардың әсерінен анализаторлар сезгіштігінің жоғарылауы сенсибилизация деп аталады. Мысалы, әлсіз дәм сезу түйсігі көру сезімталдылығын жақсартады. Бұл анализаторлардың өзара байланысымен, олардың жүйелі жұмысымен түсіндіріледі.

Сенсибилизация, сезгіштіктің асқынуы тек түйсіктердің өзара әрекетімен ғана емес, сонымен қатар ағзаға кірген физиологиялық факторлардың әсерімен де шақырылуы мүмкін. Мысалы, көру сезгіштігін жоғарылату үшін А витаминінің маңызы зор.

Адам қандай да бір әлсіз тітіркендіргішті күткенде, тітіркендіргіштерді айыру сияқты арнайы тапсырма берілген кезде сезгіштік жоғарылайды. Жеке адамның сезгіштігі жаттығу нәтижесінде ширайды. Мысалы, дегустаторлар иіс сезу және дәм сезу сезгіштіктерін арнайы жаттықтыра отырып, әр түрлі вино, шай сорттарының айырмашылықтарын, қайда және қашан жасалғанын анықтай алады.

Қандай да бір сезгіштіктен айырылған адамдарда осы кемшілігінің орнына басқа мүшелерінің сезгіштігі артып, компенсация жүреді (мысалы, соқыр адамдарда есту және иіс сезу сезгіштіктері жоғары болады).

Түйсіктердің өзара әрекеті кейбір жағдайда сезгіштіктің жоғарылауына, сенсибилизацияға, ал кей жағдайда сезгіштіктің төмендеуіне, десенсибилизацияға әкеледі. Бір анализаторлардың күшті қозуы әрқашан басқа анализаторлар сеззгіштігінің төмендеуіне әкеледі. Мысалы, шулы цехтағы шудың жоғары деңгейі көру сезгіштігін төмендетеді.

Түйсіктердің өзара әркетінің көріну деңгейі түйсінудің контрастылығы деп аталады. Түйсінудің контрастылығы – бұл қарама-қарсы қасиеті бар бір нәрсенің әсерінен екіншісінің сезгіштігінің артуы. Мысалы, сұр түстегі бір фигура ақ фонда қою, қарада ашық болып көрінеді.

Сезім мүшелерінің жұмысы кезінде пайда болатын түйсінудің әртүрлілігіне қарамастан, олардың құрылуы мен қалыптасуында бірқатар ортақ белгілерді табуға болады. Жалпы анализаторлар ағза ішінде және одан тыс жүретін құбылыстар туралы ақпараттарды қабылдау және талдауды жүзеге асыратын орталық және шеткі жүйке жүйесінің өзара әрекеттесіп қалыптасуының жиынтығын құрайды деп айтуға болады.

Анализатор – түйсіктің органикалық негізін құрайтын күрделі нейрофизиологиялық жүйе. Ол өзіне рецепторларды, ми мен рецепторларды байланыстырушы жүйке жолдарын, және жүйке импульстарын өңдейтін арнайы бөлімдерді қосады.

Анализаторлардың жалпы қасиеттері:

· адекватты тітіркендіргіштерге өте жоғары сезгіштік. Сезгіштіктің сандық шегі табалдырықтық интенсивтілік болып табылады, яғни, тітіркендіргіштің төменгі интенсивтілігі түйсінуді тудыратын әсер ету;

· дифференциалды сезгіштіктің болуы, (әртүрлілігі, айырмашылығы, контрастылығы) яғни, тітіркендіргіштер арасындағы интенсивтілік бойынша айырмашылықты ажырату қабілеті;

· бейімделу – тітіркендіргіштер интенсивтілігіне өз сезгіштік деңгейін икемдеудегі анализаторлардың қабілеті;

· анализаторлардың жаттығуы – сенсорлық іс-әрекеттің әсерінен бейімделу процестерін жылдамдатуға сезгіштігінің артуы;

· тітіркендіргіштер әрекеті аяқталғаннан кейін де біраз уақыт түйсінуді сақтауға анализаторлардың қабілеті. Мұндай түйсінудің “инерциясы” бірізді образдар ретінде түсіндіріледі;

· анализаторлардың үнемі өзара әрекеттесуі және қалыпты қалыптасу жағдайы.

Б.М. Теплов және В.Д.Небылицынның көзқарастары бойынша сезгіштік адамның жоғарғы жүйке жүйесі іс-әрекетінің көрсеткіші ретінде жүреді.

Түйсікті оның пайда болуы мен айырмашылықтары тұрғысынан зерттеуге психологияның үлкен бір бөлімі – психофизика арналған.

Түйсік пен қабылдаудың ортақ қасиеттері:

Сенсибилизация – бір анализаторға әсер ету арқылы екінші анализатор сезгіштігінің артуы.

Синестезия – арнайы емес модалдылықтарды қабылдау (дауысты көру, көретін образдарды есту).

3-дәріс. Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары. Қабылдаудың психологиялық табиғаты

Қабылдау – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі.

Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.

А.Н. Леонтьевтің концепциясына сәйкес, түйсік психиканың тарихи бірінші түрі. Түйсіктің пайда болуы жүйке ұлпалары тітіркенуінің дамуымен байланысты. Эволюциялық процестің белгілі бір деңгейінде ағзадағы қарапайым тітіркену сезімталдылыққа ұласады, яғни тек өмір үшін маңызды тітіркендіргіштерге ғана емес, сигналдық мәні бар тітіркендіргіштерге де әсер етуге қабілеттілік. Бұл мүмкін болатын жалғыз көзқарас емес. К.К. Платонов психиканың қарапайым тарихи бірінші түрі эмоция екендігін дәлелдеуге тырысқан.

Түйсіктің даму теориясында түйсінудің пайда болуына эффекторлық процестердің қатысуы туралы да зерттеулер маңызды орынға ие. Бұл зерттеулердің жалпы қорытындысы мынадай: түйсік психикалық құбылыс ретінде жауап реакциясы адекватты емес жағдайда немесе мүлдем болмаған кезде түйсінудің болуы мүмкін емес; қозғалмайтын көз соқырлық белгісі, ол қозғалмайтын қол астереогностикалық сияқты (А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, В.П. Зинченко, Т.П. Зинченко және т.б. жұмыстарында).

А.Н. Леонтьев түйсінудің механизмдерін зерттей келе мынадай жалпы қорытындыға келеді, ортақ принциптік механизм сыртқы әсер етуге тән сезім мүшелерінде процестердің бір біріне ұқсау механизмі болып табылады.

Психикалық процестер жүйесіндегі түйсік. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті- сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Ол, организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма б.т. Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан.

Сезімдік тану негізінде түйсік жатады. Түйсіктің өмірлік мәні оның әрқашан сезімдік, эмоциялық реңктегі сипатта болатындығымен байланысты. Түстердің адамдарға әр түрлі әсер ететіні (жасыл түс жайбырақаттандырады, қызыл түс қоздырады) тәжірибеде дәлелденген. Ақ және қара түсті бояулармен боялған, салмағы бірдей екі жәшіктің алғашқысы жеңілірек, екнішісі ауырырақ болып көрінеді. Ерекше түйсіктер (органикалық) адамның көңіл-күйін, оның эмоциялық реңкін анықтайды. Тіліміздегі сезгіштік және сезім деген сөздердің түбірінің бір болуы тегін емес.

Ішкі және сыртқы әсер түйсіктері бас қосып, тілек туғызады, ерік импульсының бастауы болады. Мақсатқа жетуге бағытталған қимылдар мен әрекеттер түйсіктер арқылы реттеліп отырады. Қимыл-қозғалыс түйсіктері әрекет акцепторының ең қажетті элементі. Сөйтіп, түйсіктер адамның тіршілік әрекетімен кең мағыналы байланыста.

Шағын тәжірибе жасап көріңіз. Жолдасыңыздан көзін жұмуын өтініп, алақанына белгісіз затты тигізіңіз, содан кейін одан сол зат туралы не айта алатынын сұраңыз. Егер ол оның не екенін біле алмаса: «қатты, жылтыр, суық бір нәрсе» немесе «жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Осы сөздер адамның бастан кешкен түйсіктерін білдіреді.

Түйсіктер заттардың жеке қасиеттерін сәулелендіретін бейнелер ретінде пайда болады.

Түйсік дегеніміз- заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі.

«Түйсік арқылы болмаса,- деп жазды В.И.Ленин,- біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы да ештеңе біле алмаймыз.» В.И.Ленин осы қысқа тұжырымында түйсіктің таным әрекетіндегі ролін терең ашып берді.

Түйсік дүниені бейнелеудің жалғыз ғана формасы емес. Сезімдік танудың біршама жоғарғы формаларын ешқашанда түйсіктердің қосындысы немесе қисындасуы деп түсінуге болмайды. Бейнеленудің әр формасының өзіндік сапалық ерекшелігі бар, бірақ, бейнеленуінің алғашқы формасы болып саналатын түйсіксіз ешқандай таным әрекетінің өмір сүруі мүмкін емес. Тіпті ересек адамның рухани өмір белсенділігінің өзінде түйсіктің ерекше маңызы бар.

Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Сезім мүшесі – дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анотамиялық-физиологиялық аппарат.

Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Көз, құлақ, тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты білдіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстың пайда болуына әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.

Перцептивті ішкі дайындық. Қабылдаудағы ішкі дайындық. Кеңістікті қабылдау. «Лупа» эффектісі. Тереңдікті және алыстауды түйсінулер. Шамаларды, формаларды қабылдау. Формалардың константтылығы. Қозғалысты қабылдау. Уақытты қабылдау.. Қабылдау және уақытты бағалау. Бірізділікті қабылдау. Ұзақтықты қабылдау.

Қабылдау заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, оларды санада тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдау түйсінулерге негізделіп құралады. Егер адам түйсіну арқылы дүниедегі заттардың жеке қасиеттерін ғана бейнелейтін болса, қабылдау арқылы заттар мен құбылыстарды бүтіндей, тұтас зат күйінде бейнелейді.

Түйсіну, қабылдау пайда болуы үшін заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек.

Қабылдау психикалық процесінде адам өзінің ойы мен ақылын бір мақсатқа көздеп, соған жұмсап отырады. Зейінін қабылдайтын затына бағыштайды. Адамның қабылдау процесі белсенді.

Қабылдауда ой процесінің қатысуы арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады.

Бұл жөнінде Л. Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отыратындығын, егер көретін заттарға адам зейінін бұрмаса, олардың айналасындағы басқа заттардан бөліп, бөлшектеп, даралап алып, қарамаса адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.

Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қабығындағы талдағыштар жүйесінің бірлескен қызметі мен мидың талдау, жинақтау функциясынан туындайды. Қабылдау түрлері әсер етуші заттардың түрлерімен өте тығыз байланысты.

Мәселен, біздің көз алдымызда тұрған нәрселерді көреміз, айналад


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: