Лептоспиралар. Лептоспироз

Лептоспироз – табиғи ошақты зоонозды жұқпалы ауру. Бұл аурудың бастапқы атаулары: Вейль – Васильев ауруы, су қызбасы, саз қызбасы, ит қызбасы, шошқа бағатындардың ауруы. Қазақстанда жергілікті халық бұл ауруды «су безгегі» деп атайды.

Жеке нозологиялық ауру ретінде лептоспироз туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың соңында неміс - дәрігер Вейль (1886) және С.П. Боткиннің шәкірті - клиницист Н.П. Васильев (1889) бауырдың, бүйректің ерекше ерекше зақымдалуымен, көк бауырдың ұлғаюымен, айқын геморрагиялық симптомдармен көрінетін жұқпалы сарғаюы туралы мәлімдеме жасағаннан кейін пайда болды. Бұл аурудың бір атын соған байланысты атаған. Қоздырғышы кеш анықталды.1914 ж. бір уақытта Р. Инадо мен И. Идо (Жапония), P. Unlenhuth, W. Fromm және олардан бөлек H.Hubener, H.Reiter (Германия) қоздырғышты науқас қанынан тапты, бірақ әр қайсысы өзінше атады. 1907 жылы A.Stimpson қоздырғышты алғаш анықтап, Leptospira interrhogans деп атады, бірақ ол оны сары қызба қоздырғышы деп санады. «Leptospira» деген туыстастық атауын (гректің leptos – жіңішке, spira - иірім) H. Noguchi (1917) ұсынған.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: