Таксономиясы. Тұқымдастығы: Spirochaetaceae

Тұқымдастығы: Spirochaetaceae

Туыстастығы: Borrelia

Түрлері: Borrelia duttoni, Borrelia persica.

Морфологиясы мен дақылдандырылуы. Пішіні бұранда тәрізді, 12 иірімі бар, ұштары үшкірленген. Жасушалары көлденеңінен бөлініп көбейеді. Дақылдандыруды тәжірибелік жануарлар организмінде, қоянның сарысуы, ұйытылған жұмыртқа ақуызы қосылған (Клигер – Робертсон, Аристовский - Гельцер, Келли) орталарда жүргізіледі, оптималды өсу температурасы 28 – 30 әС, баяу өседі (4-7 күн, кейде 2 – 3 апта), рН 7,2 – 7,4. Ферменттік белсенділігі нашар зерттелген.

Антигнедік және патогенділік қасиеттері толық зерттелмеген. Тәжірибелік жануарлардың ішінде қояндар, иттер, теңіз шошқалары, егеуқұйрықтар, ақ тышқандар және т.б. боррелияларға сезімтал.

Резистенттілігі. 400 жоғары температураға сезімтал. 45 – 500 температурада 30 минутта өледі, ал 00С - тан төмен температурада бірнеше тәулік; мұздатқанда (-70 - 90әС, глицерин қосып) бірнеше ай сақталады. Дегидротациялаған кезде тез өледі. Дезинфектанттардың көбіне сезімтал, бірнеше минуттан кейін қырылады.

Эпидемиологиясы. Табиғатта боррелияларды кеміргіштерден аргас кенелері тасымалдайды және қоздырғышты трансовариалды жолмен ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады. Адамға Ornithodorus туыстастығына жататын кенелер шаққанда жұғады. Эпидемиялық және эндемиялық қайталама сүзек қоздырғыштарын биологиялық сынама арқылы ажыратады.

Кенелі қайталама сүзектер табиғи ошақты ауруларға жатады. Негізгі эпидемиологиялық көріністері ауылдық ошақтармен байланысты. Боррелиялардың симптомсыз тасымалдаушылары жылы қанды жануарлар (кеміргіштер, кірпілер, жарқанаттар және т.б.) және жәндік қоректі салқынқандылар (кесірткелер, тасбақалар және т.б.). Сонымен бірге кенелерде тасымалдаушы болады, олар қоздырғышты трансовариалды жолмен (жұмыртқасы арқылы) еш өзгеріссіз, барлық даму циклынан өте отырып, жылдар бойы сақтай отырып, 5 – 6 ұрпағына дейін береді. Жұмыртқасынан басқа, личинкалары, нимфалары, ересек түріде (имаго) қоздырғышпен жұқтырылады. Аргас кенелерінде тасымалдаушылық 10 - 15 % жағдайда кездеседі. Қоздырғыш кене шаққанда жұғады. Науқастанушылық тропикалық және субтропикалық елдерде, сонымен бірге оңтүстік аймақтарда және қолайлы климаттық жағдайы бар мемлекеттерде (Африка, Америка, Евразия) жиі кездеседі.

Клиникалық көріністері. Кене шаққан орында аздаған қанау, төмпешік, айналасы қызарған шеңбермен қоршалған зақымдану пайда болады. Жасырын кезеңі кене шаққан уақыттан бастап 5 – 14 күн. Науқастарда температурасы көтеріледі (38 – 39, кейде 40әС). Қызбалық кезең 1 – 5 күнге созылады, бас ауру, кейбір аймақтағы бұлшық еттерде (әсіресе балтырдың) ауыру сезімі, интоксикация, беттің сарғаюы дамиды. Зәрде ақуыз табылады. Апирексиялық кезең басталады, яғни дене температурасының 35,6 әC дейін төмендеуі және әлсіздік.Қызбалық ұстама 5- 7 күннен кейін қайталанады, кейіннен 1- 2 күнге дейін қысқарады, кейде бірнеше сағатқа дейін болуы мүмкін. Ұстаманың саны 3 – тен 28 – ге дейін, орташа саны 8 – 12. Ауру 1 – 2 айға созылады. Ауру жазылумен аяқталады, кейде асқыну байқалады. Өлім – жітім сирек кездеседі.

Микробиологиялық диагноз қою эпидемиялық қайталама (биттік) сүзекке ұқсайды. Қан тамшысын Романовский – Гимзе әдісімен бояп және гистологиялық препаратты күмістендіріп, микроскопта қарайды, сонымен бірге қаннан «қалың» және «ілінген» тамшы дайындау арқылы боррелияларды анықтайды. Аурудың екінші аптасының соңында серологиялық тәсілдер, яғни ИФТ, РНИФ, иммунды блотинг әдістері қолданылады.

Боррелияларды анықтау үшін 1 мл науқас қанын теңіз шошқаларының тері астына, құрсақ қуысына енгізу, бір тамшысын ауыз, мұрын көз конъюнктивасына тамызу арқылы жұқтырып бақылауға болады. 5 – 7 күннен кейін жануар қанында боррелиялар жеткілікті мөлшерде жиналады. Ақ тышқандардың құрсақ қуысына жұқтырғанда да 48 сағаттан кейін боррелияларды жануар қанынан анықтауға болады. Қоздырғыштың ДНҚ-ын қаннан немесе қан сарысуынан анықтау үшін генодиогностиканың кез келген түрін, соның ішінді ПТР қолануға болады. Аргастық кенелі боррелиозды эпидемиялық биттік қайталама сүзектен, безгектен және басқа да қызбалық аурулардан ажырату керек

Емдеуі. Тетрациклин, ампициллин, левомицетин, жаңа макролидтер және басқалары тағайындалады.

Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Індетпен күрестің негізгі шаралары - биттерді жою, ауруларды уақытылы анықтау, ошақта болған адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу, кенелерден сақтану, кенелерге қарсы репелленттерді қолдану және т.б.

14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар

Синонимі: лайм – боррелиоз, Лайм ауруы.Иксод кене боррелиозы трансмиссивті табиғи ошақты ауру. Borrelia туыстастығының спирохеталары тудырады. Кене арқылы тасымалданады. Lyme қаласында (АҚШ – тың Коннектикут штаты) 1975 жылы A. Steere деген ғалым жасөспірімдердің ревматоидтық артритінің бұрқетпесін анықтау барысында иксод кенесі мен ол шаққаннан кейін дамитын аурудың арасында байланыстың бар екендігін анықтады. Жаңа инфекция нозологиялық түр ретінде Лайм ауруы деген атауға ие болды (бұрқетпенің болған жеріне байланысты). Бірақ қоздырғыштың өзін 1981 жылы W. Burgdorfer және A. Bourbor атты ғалымдар (АҚШ, Нью - Йорк штаты) Ixodes dammini кенесінің ішегінен тапты. 1984 жылы спирохетаны R.S. Johnson және т.б. толық сипаттады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: