Полиомавирустар

Полиомавирустар адамдар арасында кең таралған, тұрғындардың 75%-да осы вирусқа қарсы антиденелер табылады. Полиомавирустар адамдарда қатерлі ісіктер дамуын қоздырмайды. Зертханалық жануарларға жұқтырғанда – саркомалар және карциномалар дамиды.

Құрылымы. Полиомавирустардың вирионының сыртқы қабаты болмайды. Папилломавирустарға қарағанда олардың мөлшері майдалау (диаметрі 45 нм), және де құрамында ДНҚ-ң саны аздау болады. Геномы бірнеше учаскелерге бөлінген (17.4-кесте).

Кесте 17.4.

Полиомавирустық геномның реттеуші учаскелері

А ВС D
     
     
онкоген VP1 VP2, VP3
     
Т, СТОА гексон пентондар
(ертелік құрылымсыз ақуыздар) (ең басты құрылымдық ақуыз) (минорлық құрылымдық ақуыздар)

Вирустық ақуыздарының бірнеше түрін ажыратады: ертелік құрылымдық емес ақуыздар, үлкен Т– антиген және кіші t – антиген; кешеуілдік (капсидтік) ақуыздар – VP1, VP2, VP3. VP1 ақуыз – капсидтік басты ақуыз, вирустың жасушаға жабысуына қатысады. Репликациялануы инфицирленген жасушаның ядросында екі фазада (ертелік және кешеуілдік) атқарылады. Ертелік фаза транскрипциясының өнімі – құрылымдық емес үш Т-антиген. Өнімді инфекция кезінде вирус ядрода жиналады да, жасуша лизистенгенде шығады (жасушада 104--105 варианттары). Полиомовирустардың геномы әдетте трансформирленген жасушының геномына интеграцияланады.

Патогенезі, клиникалық көріністері.

SV-40 - балаларда гломерулосклерозымен аяқталатын және бүйрек алмастырғаннан кейінгі жағдайларда ересектерде ошақты гломерулонефрит қоздырады. SV-40 зақымданған бүйректердің қанында, несебінде табылған. SV-40 адамдар үшін онкогенді емес.

JCV –1971 жылы Ходжкин ауруымен және прогрессивті көпошақты лейкоэнцефалопатиямен науқастанған адамның миынан бөлініп алынған. Біріншілік инфекция симптомсыз өтеді. JCV В- лимфоциттерде және бадамша без тіндері жасушаларының стромасында реципирленеді. Адамдарда екіншілік иммундыдепрессия дамығанда латенттік жағдайдан белсенділік әрекетке көшеді. Вирус несеппен бөлініп шығады. Өлімге әкелетін көпошақты лейкоэнцефалопатия қоздырады. JCV – адамдар үшін онкогенді емес.

ВКV – бүйрегі алмастырылғаннан соң 4 айдан кейін уретралық стеноз дамыған пациенттің несебінен бөлініп алынған. Біріншілік инфекция ауалы-тамшылы жолмен жұғады, адамдарда симптомсыз өтеді. Вирус адамдардың 70-80%-да персистенцияланады. Бүйрек және сүйек кемігін (костный мозг) алмастырғаннан кейін белсенділігі күшейеді. Вирус несеппен бөлініп шығады. Бұл вирус нефропатиялар, геморрагиялық циститтер, уретралық стеноздар қоздырады. ВКV – адамдар үшін онкогенділігі жоқ.

Иммунитеті – толық зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою, емдеуі – жалпы вирустық инфекциялар кезіндегідей.

Алдын алуы – жалпы медициналық сақтану шараларымен қатар спецификалық профилактика (вакцина егу) қолданылады.

● HPV- вакцина(АҚШ),жатыр мойнының және жыныс жолдарының қатерлі ісігін қоздыратын полиомавирустың 4 типінен 90% жағдайда қорғайды. Құрамы: 6, 11, 16, 18 –типтерінен тұратын НРV тәріздес бөлшектер. 9-дан 26 жасқа дейінгі қыздар мен әйелдерді иммунизациялау үшін тағайындайды.

70% жағдайда жатыр мойнының қатерлі ісігін қоздыратын 16-және 18-типтерден тұратын бивалентті НРV-вакцина.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: