double arrow

Microsporum ferrugineum – антропофил

Микроморфологиясы. Мицеллиясы бұтақталған, сирек жағдайда септаланған, кейде жетілген дақылдарда тарақ пішіндес хламидоспоралары болады. Макроконидиялары және микроконодиялары жоқ(43- сурет).

Дақылдық қасиеті. Колониялары полиморфты, тері тәріздес, радиальды қатпарланған, шамалы күмбез пішінді. Колонияның астыңғы жағы қоңыр – сарғыш түсті болады.

Microsopum audouinii - антропофил (бұрқетпе түрде жиі таралды).

Микроморфологиясы. Гифалары септаланған, түссіз. Сирек жағдайда макро- және микроконидилар түзеді. Макроконидиялары – көлденең перделі және тікенекшелері бар, ұршық пішінді. Көбінесе интеркалярлы (гифа ішінде), немесе терминалды хламидоспоралары бар тарақ тәріздес және стерильді гифалар кездеседі.

Дақылдық қасиеті. Картофельді немесе, картофельді- декстрозды агарда колониялары жайпақ, барқыт сияқты үлпілденген, ақшыл-сұр немесе сары-қоңырлау түсті. Колонияның астыңғы жағында пигмент болмауы мүмкін, немесе бозғылт қызыл, сарғыш- қызыл немесе сары-қоңыр түсті болады.

Негізгі клиникалық көріністері. Инфекцияның жасырын кезеңі – 5-7 күн. Бұл кезде саңырауқұлақтар протеиназалық, кератинлитикалық, липолитикалықбелсенділігінің көмегімен эпидермиске енеді (бірақ бозальдық мембранадан өтіп кетпейді). Шартты түрде микроспорияны бастың шашты бөлігі терісінің микозы және кеуденің, қол-аяқтың жатық терісінің микозы, клиникалық диагноз қою мүмкіндігі бар беткейлік және терең

(іріңді – инфильтративті) микроспория деп бөледі. Зақымданған ошақтарда шаш қысқалап кесіп тастағандай (қырықтық теміреткі) күңгірт-сұр түсті болады.

Зақымданған ошақта тері сұрлау қабыршақпен жабылған, кейде асбест тәріздес тығыз қабыршақты үлбірмен жабылады, оларды алып тастағанда шамалы қызарған жері ашылады. Зақымданған ірі ошақтардың айналасында майда ошақтар табылады. Науқастардың 5-7%- да микроспорияның терең түрлері дамуы мүмкін. Қазіргі кезде ірі ошақтар пайда болуы жиілеп кетті, ол тиімсіз ем-шаралар қолданумен және қосалқы аурулардың болуымен байланысты деп есептейді.

18.1.2.2. Трихофития қоздырғыштары.

Трихофития қоздырғыштарына Trichophyton туыстастығындағы саңырауқұлақтар жатады. Трихофитондардың көптеген түрлері және варианттары бар, бірақ ең таралғандары: антропофильді түрлері – Т. violаceum, T. tonsurans және зоофильді түрлері – Т. verrucosum (ірі қара мал), T.equinum (жылқылар), Т. mentagrophytes, var. mentagrophytes

(кеміргіштер). Ауру өте жұқпалы. Ол әсіресе ауылдық жерлерде ветеринарлардың, мал шаруашылығы жұмыскерлерінің арасында кең таралған; ал қалаларда – көбінесе мысықтардан жұғу байқалады.

Trichophyton tonsurans – бұл саңырауқұлақтың түрлік атауының кқөптеген синонимдері бар.

Микроморфологиясы. Гифалары түссіз, септаланған, бірнеше рет бұтақшаланған, әртүрлі пішінді (шар, тамшы, түйреуіш тәрізді), бірнеше микроконидиялары болады. Көлденең пердесі көп, өте ірі кейде иілген макроконидиялары сирек кездеседі. Хламидоспорасы - өте көп болады.

Дақылдық қасиеті. Колониялары ұн сияқты, кейде майда дәнді; ақшыл, сарғыш-қоңыр түсті, астыңғы жағынан қарағанда сарғыш-қоңыр түстен қызыл түске дейін пигменттелген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: