В) Энеолит 9 страница

- қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адам үшін - 1000 қой, әйел үшін - 500);

- ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

- денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 қой);

- егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

- егер ері әйелін өлтірсе, әйелдің құнын төлейді;

- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

- өзіне - өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді;

- егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін — бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 100 түйе — 300 атқа немесе 3000 қойға тең);

- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

- қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;

- құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

- кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;

- құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде;

- ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып анасының билігіне беріледі;

- ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

- билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;.

- егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;

- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;

Тәуке ханның "Жеті жарғысының" әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келеді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Сондай-ақ, оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында зандылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор.

Бақылау сұрақтары:

1. 1598ж. шарт бойынша қандай қалалар қосылды?

2. Сырдария қалаларының қазақ хандығына маңызы.

3. Тәуке ханның билік ету ерекшелігі.

4. «Жеті жарғы» сипаттама бер. Жер дауы, жесір дауы.

6-лекция. Тақырыбы: Жаңа замандағы Қазақстан (ХVІІІ –ХХ ғғ.). Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында

Жоспары:

1. Қазақ-жоңғар соғыстары

2. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы

3. Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы

4. ХVІІІғ. қоғамдық құрылымы

5. ХІХғ. бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары

Лекция мақсаты:

Студенттерге Абылай ханның ХYІІІғ. Орталық Азияның әлемдік деңгейдегі мемлекет басшысы, қолбасшы, дипломат болғанын, оның тұсындағы қазақ хандығының жоңғарлармен, Ресей, Қытай империясымен және т.б. елдермен жүргізген сыртқы саясатының негізгі оқиғаларын сыртқы саясат саласындағы тарихи еңбегін ашып көрсету. Студенттер бойында қазақтың ұлы ханы Абылай тұлғасына, оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру.

Лекция мәтіні

1. Қазақ-жоңғар соғыстары

Оның біріншісі - Сырдың сол жақ бетінде, Бетпақдала каналы екіге бөлінетін жерде, екіншісі -Ташкенттен 90 шақырым жерде, ол да Сыр бойында. Халық осылардың алғашқысына барып паналаған. Бұл кезеңді қазақ "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. Яғни, қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Сол сұлағаннан талай қазақ жан тәслім қылып, басын қайта көтермеген. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны сияқты "Елім-ай" әнін білмейтін, оны айтқанда тебіреніп, қатігездіктің құрбаны болған боздақтарын еске түсіріп, бүгінге дейін көзіне жас алмайтын қазақтың кәрі-жасы кемде-кем. "Елім-ай" әнінің сөзі былай болып келеді:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел-жұртынан айырылған қиын екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші іспеттес. Қазақты бірлікке, елдікке, ерлікке үндейтін бұл өленді білу, ұмытпау жастар үшін бүгінгі таңда да тарихты білу болып табылады.

Осы бір қиын-қыстау тұста әрбір жүздің ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөлінуін тоқтатпады. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі, сол сияқты Орта жүзде Күшік және Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұқара мен Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Сондықтан Кіші жүздің батыс шекарасында тыныштық пен бейбітшілік орнатуды Әбілхайыр хан өзінің басты міндеті деп санады. Сонымен бірге қазақ қауымының ортақ жауы - жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртібінен түскен жоқ.

1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы кақтығыстарға байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғар басқыншылары оған құлақ аспады. Олар қазақ қоныстары мен орыс қамал-бекіністеріне шектес жатқан жерлерде 20 мың әскер ұстап, қазақтарды мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сену керек екеніне, үш жүздің басын қосып, жоңғарлардың феодалдық әскер күшіне соққы беру арқылы ғана өз жерін жаудан босатуға болатынына көзі жетті. Осы идеяны орнықтыруға Абылайхан зор еңбек сіңірді.

2. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы

Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан елшілігінен басталды. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымақ" жасауға асықты. Өйткені Бұқар ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп тұрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхамедті босату және Ворис Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған "отты қаруы бар көп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан "сақтайтынына" уәде берді. Бірақ ол құрғақ уәде болып, аяқсыз қалды.

XVI ғасырдың аяқ шенінде Ресей мен қазақ хандығының арасында елшіліктер алмасу күшейе түсті. Мұның өзі Батыс Сібірді игеру, Түмен, Тобыл, Тара қалаларының өсуі, қазақ даласы арқылы Орта Азиямен сауданың күшеюіне байла-нысты еді. XVIII ғасырдың бас кезінде Батыс Қазақстанда Орыс мемлекетімен шекаралас жатқан өңірлерде орыс қоныстары пайда болды.

Ресей мен Қазақстан хандығының екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы тұру мүдделілігі де себеп болған еді. Бұл кезде қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойындағы қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді керек етті. Қазақстанның басқа көрші ел халықтарымен қарым-қатынасын ушықтырып, өзіне тәуелді болуын іске асыруға бағытталған жымысқы саясат жүргізіп отырған Ресеймен тең құқықты, тату-тәтті қарым - қатынас орнату қазақ хандары үшін, оның ішіндегі елдің батыс бетіндегі қалмақтар мен башқұрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп отырған Кіші жүздің ханы Әбілхайыр үшін қазақ даласында тыныштық орнатудың кепілі сияқты көрінді.

Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекеттермен жалғастыратын көпір іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен Шығыстағы елдерге және одан кері қарай құрлық пен сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа шығыс елдеріне баруға болатын еді.

Орыс патшасы Петр Бірінші бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Ресейге қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Солардың бірі - 1718 жылы Семей қамалының, ал 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін салды.

XVIII ғасырдын 20-шы жылдарында Петр Бірінші өкіметі Орта Азия және Қазакстан билеушілерімен елшілік арқылы байланыс жасап тұрды. Қара теңіз бен Балтық теңізі арқылы Еуропаға терезе ашқан Петр Бірінші енді Азия елдеріне төте баратын жолды іздестіре бастады және бұл жолдың қазақ даласы арқылы өтетінін жақсы түсінді.

XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс патшасынан жоңғар қалмақтарына қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар әйел патша Анна Ивановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. "Біз Әбілқайыр хан, - деп көрсетілді жолдамада, - маған қарасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген... халқымен сіздің алдыңызда күллі бас иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз". 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға және "бүкіл қазақ халқына" олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. Олармен бірге Петроградқа жіберілген қазақ елшілері де оралды. Сонымен, 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, "өзінің мөрін басты". Бірақ бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады.

Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша әйел Анна Ивановнаға хат жазып, ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты ІІетроградқа Хангелді батыр жеткізді.

1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, ұлы жүз хандығына: "Сіздерді қол астымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз", - деген қағаз жіберді.

Қазақтар Қазақстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне, саяси, мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады.

1734 жылы 10 маусымда Анна Ивановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.

Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. Басқа өзендердің жағалауларынан да бірнеше қамал-бекіністер бой көтерді. XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында Ертіс өзенінің жағасына Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды. Мұндай әскери бекіністер салу, Ресейге отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты.

Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында қазақтардың көшіп - қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендерінің бойындағы құнарлы жерлерінен айрылып, оңтүстікке қарай ығысқан Орта жүздің қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп қоныстануға мәжбүр болды.

1740 жылы Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай және Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет және Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алайда, осы шарттан кейін де Ресейге Кіші жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, Солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20 - 40 жылдарында ғана, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде қосылды.

3. Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы

1711 жылы "қан ішер" Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында қазақ тарихында үлкен орын алған бала дүниеге келген, оның азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр болатын. Қалмақтар Түркістанды алып, Уәли ханды өлтіріп, оның 13 жасар ұлы Әбілмансұрды тұтқындағы басқа адамдармен бірге Хиуа базарына апарып құлдыққа сатпақшы болды. Осы жерде ол тұтқыннан қашып елге келіп, ауқатты адамдардың малын бағуға жалданды. Үйсін Төле бидің түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Ұйпа-тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атаған. 1731 жылы Сабалақ ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі.

Осы ұрыста "Абылай, Абылай!" — деп ұрандап, жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына ұмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе-жекте өлтіреді. Атой салып шайқасқа үш рет кірген ол ұрыста жауды талқандап, жеңіске жетуге үлкен еңбек сіңіреді.

Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Риза болған ол оған "Абылай" деп ат беріп, хандық тағын ұсынады. Абылай есімін алған Сабалақ хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесінде бас ақылшы, кеңесшісі болады.

1741 жылы жазда Ұлытаудың маңында аң аулап жүргенде қапыда қалмақтарға қолға түскен Абылайдан жоңғарлардың ұлы қонтайшысы Қалдан-Серен: "Менің ұлымды өлтірген сен бе?" — дегенде, ол: "Сенің баланды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана", -деп жауап берген.

Жоңғар мемлекетінің ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мирасқорларының арасында хан тағы үшін талас, кескілескен тартыс басталады. Осы орайда көрші жатқан Цинь империясы жоңғарларға қарсы қайта-қайта соғыс ашып, жоңғар мемлекетін әлсіретеді. Міне, осы аласапыран, жанталас уақытты ұтымды пайдаланған Абылай қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту мақсатымен Телікөлдің маңына үш жүздің әскери жасақтарын жиып, Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат ету жорығына аттанады. Бұл үш жүздің басы қосылған алғашқы жорығы еді. Осы жорықта ерен ерлігі, тамаша батырлығымен көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүздің батыры Бұғыбай, Уақ руының батыры Баян, т.б. өз есімдерін өшпес даңққа бөледі.

Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Оған атақты Үмбетей жырау қосылды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер қолы Түркістанның Солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып бекінуге тиісті болды.

Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Ол Сыдарияның төменгі сағасына қарай бет түзеді. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Үшінші, негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатынасқандар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топқа қазақтың аты шулы батырлары Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ, Жәпек, т.б. кірді. Бұқар жырау науқастанып келе алмағандықтан топқа 17 жасар Көтеш ақын қосылды. Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарсы бағыттады. Жоңғар әскерлерінің қаруы - мылтық, найза, қылыш болды және түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақ, кейбіреулері найзамен қаруланған болатын.

Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды. Абылай өзінің Сағымбай, Қанай, Жанұзақ сияқты сенімді батырларымен және 17 жастағы ұлы Жанаймен әскердің дәл ортасында жүрді.

Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартып, Түркістанға таяп барды. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне тақау барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сағасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.

Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Қазақ хандығы қарамағына өтті. Түркістан қаласы туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылай бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.

Қазақ жерін қалмақтардан біржолата тазарту мақсатымен Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750 жылдардың орта шенінде жоңғар қақпасы маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап, ес жидырмай талқандап түбегейлі жеңіске қол жеткізді. Сөйтіп, қалмақтардың бір ғасырдан астам уақытқа созылған басқыншылық, зорлық-зомбылық соғысы осымен аяқталды.

1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен болатын. Мұны қытай империясы ұтымды пайдаланып, жоңғар жерін басып алуға кірісті. Осыдан кейін көп кешікпей Жоңғар мемлекеті 1758 жылы біржолата құлады.

1758 жылы Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесіп жатты. Қытайлар көрші жатқан қазақ елдеріне тынымсыз шабуыл жасады. Абылай басқарған қазақ жасақтары қытай әскерлеріне бірнеше рет соққы беріп, олардың ішке қарай жылжуына мүмкіндік бермеді. Қытай әскерлерінің басып алу қаупінен сескенген Әбілмәмбет Үлкен Орданы Іле өзенінің бойынан басқа жаққа көшіруге мәжбүр болды.

1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде билер мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ жылқы сойып, ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.

Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М. Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жердегі Жаңғызтауда ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болып, Түркістан қаласында жерленді. Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.

4. ХVІІІғ. қоғамдық құрылымы.

ХҮПІғ. Қазақстардың қоғамдық құрылымы: ХҮІ-ХҮПІ ғ.ғ. шаруашылықтың басты саласы мал шаруашылығы ілгері басып дами түсті. Мал шаруашылығының үш типі: 1) отырықшы, 2) көшпелі, 3) жартылай көшпелі типі болды. Отырықшы типтегі мал шаруашылығымен айналысқандар негізінен оңтүстікте Сырдария мен Қаратаудың күңгей бетінде болды. Мүндағы шаруашылықтың негізгі түрі егіншілік ішінара мал және балық шаруашылығы болды. Арал маңын мекендегендер көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Орталық, батыс солтүстік Шығыс, Оңтүстік Шығыс аудандарды мекендегендер жартылай мал шаруашылығымен айналысты. Олар мал бағумен қатар жартылай егіншілік кәсібімен де айналысты. Негізінен мал шаруашылығы ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстанның негізгі шаруашылығы болып қала берді. Шаруашылықтың жылқы мен қой өсіру басты орын алды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: