V.VI. Травмотология

5.31. Қалып «Гипс таңғышын қою техникасы».

Мақсаты: жарақат кезіндегі емдік көмек көрсету.

Көрсетілім: Түпкіліктердің механикалық жарақаты.

1. Қорғаныштық киімде жұмыс жасау керек: қалқада, қолғаптарда, алжапқышта, бұқтырмады.

2. Гипс дәке бақыр және мәрмәр жабындымен жеке үстелде дайындалады.

3. Гипс таңғышын қою алдында, гипстің сапасын тексеру керек.

4. Кебуін тездету үшін гипс дәкені жылы суда жібітеді.

5. Гипс дәкені судан ауа көпіршіктері бөлініп біткеннен кейін шығарады.

6. Науқасты таңатың дене аймағы жетімді болатындай етіп отырғызады.

7. Түпкіліктер функционалды қалып жасайды.

8. Гипс таңғыш өлшемі сау түпкіліктен өлшенеді.

9. Терінің байлам қойылатын орнына балалар кремін немесе вазелинмен майлауға болады.

10. Шығыңқы жерлерке мақта төсенішің қояды немесе толық аймақты мақтаматалы төсенішпен алшақтайды.

11. Таңғышты мұқият қояды.

12. Қан айналымын бақылау үшін саусақтарды ашық қалдырады.

13. Таңғыш түріне қарай қосымша дәкемен бекітеді.

14. Гипс толық қатайғанша түпкіліктерді қимылдатпау керек.

15. Таңғыш қойылғаннан кейін науқасты 2 сағ бақылауда ұстаңыз, стационарлық емдеуде – 2 күн.

5.32. Қалып «гипс дәкені дайындау техникасы».

Мақсаты: гипс таңғышын немесе лангет қою.

Қоры: ұзыны 10-20см, ені 3-3,5см дайын дәке, сапалы гипс, бақыр жәшік.

Көрсетілім: лангет таңғышын бекіту.

Әрекет алгоритімі:

1. Гипсті клеенкамен жабылған аймаққа немесе гипс үстеліне қойыңыз.

2. Дәкенің басы өзінізден оң жақта болатындай етіп 50-60см тарқатыңыз.

3. Сапасы тексерілгеннен кейін, тарқатылған дәкеге гипсті қойыңыз, қолмен дәкенің толық аймағына жағыныз.

4. Дәке тілімін шашылып қалмауын бақылап ораныз.

5. Дәкені солға, дәке басын оңға қарай бүгңп бірнеше рет қайталаныз.

Ескерту: дайындалған дәке дер кезінде қолданылады немесе бақыр жәшікте кебу, қараңғы жерде сақталады.

5.33.Қалып «Білек сүйектері сынығында гипс лонгетін қою техникасы».

Мақсаты: Түпкіліктер зақымдалуында емдік көмек көрсетіу.

Көрсетілім: сынықтар, байламдар созылуы.

Қоры: Дәкелер, қайшы, гипс, балалар кремі немесе вазелин, қолғаптар, жылы су.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты өзінізге қарытып отырғызыныз, тынышталдырыныз.

2. Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.

3. Стерильді қолғап киіңіз.

4. Сезімсіздендіру жасаныз: 2мл 50% анальгин.

5. Жарақат орның қараныз.

6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

8. Қолды бүгіп кеудеге қарай әкелініз.

9. Сау қолдың саусақ ұшынан ортасына дейін лонгет ұз дәкемен өлшеніз.

10. Осы ұзындықта дәкені гипс үстеліне қойып гипс жағыңыз.

11. Енің үлкейте отырып жағыныз.

12. Осы ұз бойынша ені түпкіліктің 3/1 бөлігі болатындай етіп, 8-9 қабат гипс қойыңыз.

13. Зақымдалған түпкіліктің терісін креммен өңденіз, шығыңқы жерлерді мақтамен не мақта матамен алшақтаныз.

14. Дайындалған лонгетті кітапша бүгіп, жылы су құйылған кірленге салыңыз, көпіршітер шығып болғанша күтініз, сығып алыныз.

15. Гипс үстелінде лонгетті тегістейміз.

16. Лонгетті зақымдалған түпкілікке қойып дәкеленіз.

17. Гипс кепкенің тексерініз, дәкені алып тастаныз.

18. Қатты қысылғаннан қан айналым бұзылмауы үшін гипс шеттерін босатамыз.

19. Перефериядан ортаға қарай гипс лонгетің дәкемен ораймыз.

20. Лонгетті дәкемен мойынға іліңіз.

Ескерту:

- Гипс сапасын тексеріңіз.

- Қан айналым бұзылыстары болмауы үшін саусақ ұштарын ашық қалдырамыз.

- Қан айналым бұзылыстры болған жағдайда дереу дәрігерге көріну керектігін түсіндіріңіз.

- Әрдайым мекен –жайы бойынша хирург тексеруінде болады.

5.34.Қалып «Иық сүйектері сынған кезде гипс лонгетін қою техникасы».

Мақсаты: Түпкіліктер зақымдалуында емдік көмек көрсетіу.

Көрсетілім: сынықтар, байламдар созылуы.

Қоры: Дәкелер, қайшы, гипс, балалар кремі немесе вазелин, қолғаптар, жылы су.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты өзінізге қарытып отырғызыныз, тынышталдырыныз.

2. Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.

3. Стерильді қолғап киіңіз.

4. Сезімсіздендіру жасаныз: 2мл 50% анальгин.

5. Жарақат орның қараныз.

6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

8. Қолды бүгіп кеудеге қарай әкелініз.

9. Сау қолдың саусақ ұшынан ортасына дейін лонгет ұз дәкемен өлшеніз.

10. Осы ұзындықта дәкені гипс үстеліне қойып гипс жағыңыз.

11. Енің үлкейте отырып жағыныз.

12. Осы ұз бойынша ені түпкіліктің 3/1 бөлігі болатындай етіп, 8-9 қабат гипс қойыңыз.

13. Зақымдалған түпкіліктің терісін креммен өңденіз, шығыңқы жерлерді мақтамен не мақта матамен алшақтаныз.

14. Дайындалған лонгетті кітапша бүгіп, жылы су құйылған кірленге салыңыз, көпіршітер шығып болғанша күтініз, сығып алыныз.

15. Гипс үстелінде лонгетті тегістейміз.

16. Лонгетті зақымдалған түпкілікке қойып дәкеленіз.

17. Гипс кепкенің тексерініз, дәкені алып тастаныз.

18. Қатты қысылғаннан қан айналым бұзылмауы үшін гипс шеттерін босатамыз.

19. Перефериядан ортаға қарай гипс лонгетің дәкемен ораймыз.

20. Иық буының дәкелейміз.

21. Лонгетті дәкемен мойынға іліңіз.

Ескерту:

- Гипс сапасын тексеріңіз.

- Қан айналым бұзылыстары болмауы үшін саусақ ұштарын ашық қалдырамыз.

- Қан айналым бұзылыстры болған жағдайда дереу дәрігерге көріну керектігін түсіндіріңіз.

- Әрдайым мекен –жайы бойынша хирург тексеруінде болады.

5.35.Қалып «Сирақ сүйектері сынғанда гипс лонгетін қою техникасы».

Мақсаты: Түпкіліктер зақымдалуында емдік көмек көрсетіу.

Көрсетілім: сынықтар, байламдар созылуы.

Қоры: Дәкелер, қайшы, гипс, балалар кремі немесе вазелин, қолғаптар, жылы су.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты өзінізге қарытып отырғызыныз, тынышталдырыныз.

2. Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.

3. Стерильді қолғап киіңіз.

4. Сезімсіздендіру жасаныз: 2мл 50% анальгин.

5. Жарақат орның қараныз.

6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

7. Түпкілікке физиологиялық жағдай жасаныз, түпкілік созылып, тізе буынынан сәл бүгілуі керек.

8. Сау қолдың саусақ ұшынан ортасына дейін лонгет ұзындығын дәкемен өлшеніз.

9. Осы ұзындықта дәкені гипс үстеліне қойып гипс жағыңыз.

10. Енің үлкейте отырып жағыныз.

11. Осы ұз бойынша ені түпкіліктің 3/1 бөлігі болатындай етіп, 10-12 қабат гипс қойыңыз.

12. Зақымдалған түпкіліктің терісін креммен өңденіз, шығыңқы жерлерді мақтамен не мақта матамен алшақтаныз.

13. Дайындалған лонгетті кітапша бүгіп, жылы су құйылған кірленге салыңыз, көпіршітер шығып болғанша күтініз, сығып алыныз.

14. Гипс үстелінде лонгетті тегістейміз.

15. Лонгетті зақымдалған түпкілікке қойып дәкеленіз.

16. Гипс кепкенің тексерініз, дәкені алып тастаныз.

17. Қатты қысылғаннан қан айналым бұзылмауы үшін гипс шеттерін босатамыз.

18. Перефериядан ортаға қарай гипс лонгетің дәкемен ораймыз.

Ескерту:

- Гипс сапасын тексеріңіз.

- Қан айналым бұзылыстары болмауы үшін саусақ ұштарын ашық қалдырамыз.

- Қан айналым бұзылыстры болған жағдайда дереу дәрігерге көріну керектігін түсіндіріңіз.

- Әрдайым мекен –жайы бойынша хирург тексеруінде болады.

5.36. Қалып «Асық жілік сүйегі сынығында гипс лонгетін қою техникасы».

Мақсаты: Түпкіліктер зақымдалуында емдік көмек көрсетіу.

Көрсетілім: сынықтар, байламдар созылуы.

Қоры: Дәкелер, қайшы, гипс, балалар кремі немесе вазелин, қолғаптар, жылы су.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты өзінізге қарытып отырғызыныз, тынышталдырыныз.

2. Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.

3. Стерильді қолғап киіңіз.

4. Сезімсіздендіру жасаныз: 2мл 50% анальгин.

5. Жарақат орның қараныз.

6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

7. Түпкілікке физиологиялық жағдай жасаныз, түпкілік созылып, тізе буынынан сәл бүгілуі керек.

8. Лонгет ұзындығын дәкемен саусақ ұшынан белге дейін өлшеніз.

9. Осы ұзындықта дәкені гипс үстеліне қойып гипс жағыңыз.

10. Енің үлкейте отырып жағыныз.

11. Осы ұз бойынша ені түпкіліктің 3/1 бөлігі болатындай етіп, 10-12 қабат гипс қойыңыз.

12. Зақымдалған түпкіліктің терісін креммен өңденіз, шығыңқы жерлерді мақтамен не мақта матамен алшақтаныз.

13. Дайындалған лонгетті кітапша бүгіп, жылы су құйылған кірленге салыңыз, көпіршітер шығып болғанша күтініз, сығып алыныз.

14. Гипс үстелінде лонгетті тегістейміз.

15. Лонгетті зақымдалған түпкілікке қойып дәкеленіз.

16. Гипс кепкенің тексерініз, дәкені алып тастаныз.

17. Қатты қысылғаннан қан айналым бұзылмауы үшін гипс шеттерін босатамыз.

18. Перефериядан ортаға қарай гипс лонгетін дәкемен ораймыз.

19. Асық жілік буының дәкемен ораныз.

Ескерту:

- Гипс сапасын тексеріңіз.

- Қан айналым бұзылыстары болмауы үшін саусақ ұштарын ашық қалдырамыз.

- Қан айналым бұзылыстры болған жағдайда дереу дәрігерге көріну керектігін түсіндіріңіз.

- Әрдайым мекен –жайы бойынша хирург тексеруінде болады.

5.37. Қалып «Гипс таңғышын шешу техникасы».

Мақсаты: гипс таңғышын шешу.

Көрсетілім: Имобилизация мерзімінің аяқталуы.

Қоры: Штилле гипс қайшылары, Вольф қысқыштары, Кнорр кеңейткіштері, гипс байламдарын кесетін қайшылар, тігіншінің қайшылары, гипс пышақтары, гипс аралары.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты отырғызып, тынышталдырыныз.

2. Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.

  1. Гипс таңғышындағы түпкілікті арнайы тірегішке қойыңыз – төмеңгі түпкіліктерді, жоғарғы түпкіліктерді – үстелге.
  2. Гипс таңғышын гипс қайшылары мен ара көмегімен шешуді бастаныз.

Штилле қайшыларын қолданған жағдайда:

- Қайшының кесуші бөлігін, гипстің астына шпатель қоя отырып енгізініз.

- Бір қолмен сыртқы қаламын көтеріңкіреніз, сол арқылы құрама бедерлеуші азғындайды.

- Төмеңгі қалам көмегімен бедерлеушіні қолмен алға қарай итерініз.

- Екі қолды жақындатып таңғышты ашныз.

Ескерту:

- Гипс таңғышы шешілгеннен кейін теріні сабынмен, жылы сумен жуыныз.

- Теріні сүлгімен кептіріп сүртініз.

- Түпкілік терісін вазелин майымен өңденіз.

- Гипс таңғышының шешілуі қиын жерлерін гипертониялық ерітіндімен жібітініз.

5.38.Қалып «Транспорттық шина қою техникасы».

Мақсаты: зақымдалған түпкілікті уақытша тасымалдау.

Көрсетілім: зақымдалған түпкілік.

Әрекет алгоритімі:

  1. Шина сөзсіз екі шектес буынды басып тұруы керек, кейде үш.
  2. Түпкілікке тасымалдау кезінде мүмкіндігінше физиологиялық қалып беру.
  3. Транспорттық шина қою кезінде киім мен аяқ киім шешілмейді.
  4. Ашық сынық кезінде жарақатқа стерильді таңғыш қою керек.
  5. Қатты шинаны ашық теріге қоюға болмайды, астына жұмсақ төсеніш қою.
  6. Науқасты зембілден аударған кезде, зақымдалған түпкілікті көмекші ұстап тұруы керек.
  7. Шина сау түпкілікпен өлшенеді.

Ескерту: түпкілік шығулары, сынықтарын жеке орнына келтіруге болмайды. Дұрыс емес көрсетілген көмек нервті зақымдап, жарақатты ауырлатуы мүмкін. Резеңке жгутті киім не жапқыш астына қоюға болмайды. Салқын уақыттарда шина қойылған түпкілік жылытылады. Комалық жағдай комаға қарсы әрекеттерге кедергі болмайды.

5.39. Қалып «Иық сынығында Крамер шинасын қою техникасы».

Мақсаты: Иық сынығында транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: Иық шығуы, сынуы.

Қоры: Крамер баспалдақты шинасы, дәке, мақта, сезімсіздендіруші зат,шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз.

2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.

4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

5. Жарақат орның қараныз.

6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

8. Қолды бүгіп кеудеге қарай әкелініз.

9. Ұзыны 120см ені 11см баспалдақты Крамер шинасын таңыныз.

10. Шинаны сау түпкілікке қойып, саусақ басынан шынтақ буынына дейінгі аралықты белгіленіз.

11. Шинаны алып, айқындалған буын орнын тік бұрышта бүгініз.

12. Шинаны сау түпкілікке қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейінгі аралықты белгіленіз.

13. Шинаны алып айқындалған буын орнын бүгініз.

14. Шина түбі арқадан сау күрекшеге өтетіндей етіп қойыныз.

15. Шинаны сау түпкілікте өлшеніз.

16. Шинаны зақымдалған түпкілікке қойыныз.

17. Дәке көмегімен сау күрекшеге дейін бектініз.

18. Түпкіліктің жақсы тіркелуі үшін бекітпе бау қойыныз.

5.40. Қалып «Білекке Крамер шинасын қою техникасы».

Мақсаты: транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: Білек сүйектерінің сынығы.

Қоры: Крамер баспалдақты шинасы, дәке, мақта, сезімсіздендіруші зат,тшприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз.

2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.

4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

5. Жарақат орның қараныз.

6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

8. Қолды бүгіп кеудеге қарай әкелініз.

9. Ұз 80см ені 8см баспалдақты Крамер шинасын таңыныз.

10. Шинаны сау түпкілікке қойып, саусақ басынан шынтақ буынына дейінгі аралықты белгіленіз.

11. Айқындалған буынды тік бұрышта бүгініз.

12. Шинаны сау түпкілікке қойып, білек пен шоқты теңденіз.

13. Шинаны түпкіліктің артқы, сыртқы бетінен теңденіз – шоқ саусақтарынан иықтың жоғарғы үшінші бөлігіне дейін.

14. Шинаны түпкіліктердің шоқ саусақтарынан иық буынына дейін бекітініз.

15. Түпкіліктің жақсы тіркелуі үшін бекітпе бау қойыныз.

16. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

5.41. Қалып «Сирақ сүйегіне Крамер шинасын қою техникасы».

Мақсаты: 3 шина көмегімен транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: сирақ сүйектерінің сынығы, тізе буынының шығуы.

Қоры:3 баспалдақты Крамер шинасы, мақта, 2 дәке, шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, стерильді қолғап, КБУ.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты көлденең жатқызап, тынышталдырыныз.

2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.

4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

5. Жарақат орның қараныз.

6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

8. Баспалдақты Крамер шинасын алыңыз: бірінші ұз 120см,ені11см; екеуі ұз 80см,ені 8см.

9. Шина түбін науқастың сау түпкілігіне қойыныз, саусақтан өкшеге дейін.

10. Өкше аймағында тік бұрышта бүгініз.

11. Дайындалған шинаға аяқты қойыныз:

- 1- шина өкшеден өтіп, сирақ пен жамбастың үшінші бөлігіне дейін.

- 2- шина сирақтың сырт жағынан өтіп, өкшенің сырт шетінен жамбастың ортаңғы үшінші бөлңгңне дейін.

- 3-шина сирақтың ішкі бөлігінен өтіп, өкше мен жамбас орта үшінші бөлігінің сыртқы шетінен.

12. Шинаны түпкілікке бекітініз.

13. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

Ескерту:

1. Шина қойғанда 2 буынды бектіңіз; сынықтан жоғары және төмен буындар.

2. Сирақтың жоғарғы үшінші бөлігінің сынығында, тізе буын зақымдануында шинаның жоғарғы түбі жамбас буынына жетуі керек.

3. 3 шина жоқ болған жағдайда, шеткі беттеріне 2 шина немесе түпкіліктің артқы бөлігіне 1 шина қойылады.

4. Өкше сынығы кезінде шинаны саусақ ұшынан сирақ ортасына дейін қояды.

5. Шинаны 2 жағынан мақтамен орап, дәкелеп қойыныз.

5.42. Қалып «Дитерихс шинасын қою техникасы».

Мақсаты: Мықын сынығы кезінде транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: мықын сынығы.

Қоры: жұмсақ төсеніштер, дәке, мақта, Дитерихс шинасы, Крамер шинасы, шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, стерильді қолғап, КБУ.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты көлденең жатқызап, тынышталдырыныз.

2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.

4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.

5. Жарақат орның қараныз.

6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.

7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.

8. Ұз 120см, ені 11 см Крамер шинасын алыңыз.

9. Шина түбін науқастың сау түпкілігіне қойыныз, саусақтан өкшеге дейін.

10. Өкше аймағында тік бұрышта бүгініз.

11. Шинаны түпкіліктің артқы төмеңгі бетінен омыртқаға дейін қойыныз.

12. Шинаның ұлтандық бөлігін 8-дік тәсілмен баумен өкшенің қлтандық бетіне бектініз.

13. Шинаның сырт жағын бұлшық ет үсті шұқырынан бастап табанның өкше бетінен 8-10см шығып тұратындай етіп бекітініз.

14. Оны шинаның ұлтандық бөлігінің бақыр құлағына сұғындыр.

15. Шинаның ішкі бөлігін түпкіліктің ішкі бетіне дейін 8-10см табан ұлтандық бөлігіне теңде.

16. Ол арқылы ұлтандық бөліктің ішкі бақыр құлағын жаса.

17. Шығынқы жерлерге төсеніш немесе мақта қой – некроз дамуын және қысылуды байқау мақсатында.

18. Шинаны сирақта, жамбаста, іште, көкірек қуысына бекітініз.

19. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

5.43. «Медициналық пневматикалық шина қою».

Мақсаты: түпкіліктер сынығында транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: жоғарғы және төмеңгі түпкіліктер сынығы.

Қоры: Шиналар бар пакет.

Ескерту: Құрсым мөлдір пластмассалық үлдірден жасалған. Ол 3 түрде шығарылады: 1 – шынтақ пен білекке; 2 – табан мен сираққа; 3 – тізе буыны мен жамбасқа.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз.
  2. Тексеру мақсатын түсіндірініз.
  3. Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.
  4. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.
  5. Жарақат орның қараныз.
  6. Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.
  7. Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.
  8. Шинаны пакеттен шығарыныз.
  9. Сүйретпелі-түйреуішті ашыңыз.
  10. Шинаны аударып баяу зақымданған түпкілікке жақындатыныз.
  11. Сүйретпелі-түйреуішті жабыныз.
  12. Ауа өткізгіш құрылғының клапаның ашып түтігін сағат тіліне қарама қарсы бұрыңыз.
  13. Шинаны насоспен қатты қалыпқа дейін үрленіз.
  14. Клапанды түтікті сағат тіліне қарай бұрып жабыныз.

5.45.«Таңғыш қою техникасы».

Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жараның микробты ластануын азайту, жарақатты микроб түсуден сақтау.

Көрсетілім: Жара жағдайы.

Қоры: 1. 3% сутегі асқын тотығы.

2. 0,5% нашатырь спирт ерітіндісі, 1% йодонат ерітіндісі, 70% спирт, 10% натрий хлор ерітіндісі.

Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
  2. Стерильді қолғап киініз.
  3. Ескі таңғышты пинцетпен шешініз, жара аймағында бір басынан екінші басына қарай.
  4. Кепкен таңғышты 3% сутегі асқын тотығымен жібітініз.
  5. Жара мен айналасындағы тіндерді қараныз.
  6. Жара айналасындағы теріні әуелі құрғақ мақта шаригімен, кейін 0,5% нашатырь спирт ерітіндісіне малынған мақта шаригімен жара шетінен переферияға қарай тазаланыз.
  7. Жара айналасындағы теріні антисептиктердің бірімен өңденіз: 1% йодонат ерітіндісімен, кейін спиртпен.
  8. Жараны 3% сутегі асқын тотығымен жуыныз, егер жарада ірің болса мақта қысқышпен.
  9. Жараны кептіріп, жарада 10% натрий хлор ерітіндісіне малынған турунда немесе тампон қалдырыныз.
  10. Стерильді салфетка немесе мақта қолданып жаңа таңғыш қойыныз.
  11. Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.
  12. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

5.46. Таза отадан кейінгі жараға таңғыш қою техникасы.

Мақсаты: Жараны тексеру, антисептикалық таңғыш қою.

Көрсетілім: отадан кейінгі жара.

Қоры: стерильді лоток, стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, пинцет, 1% йодонат ерітіндісі, КБУ.

Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
  2. Стерильді қолғап киініз.
  3. Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешініз.
  4. Тігіс айналасына пальпация жасаныз.
  5. Йодонатқа малынған салфетканы пинцетпен алып тігісті өңденіз.
  6. Пинцетпен жараға стерильді салфетка қойыныз.
  7. Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.
  8. Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты кбу ға тастаныз.

5.47. Іріңді жараға таңғыш қою.

Мақсаты: жарадағы антисептиканы сақтау.

Көрсетілім: іріңді жараның болуы.

Қоры: стерильді лоток, стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, пинцет, 1% йодонат ерітіндісі, КБУ, зонд, шприц қайраусыз инемен, жалпақ резеңке дренаждар, антисептик ерітінді, жаракергіш.

Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
  2. Стерильді қолғап киініз.
  3. Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешініз.
  4. Пинцетпен жалпақ резеңке дренажды шешініз.
  5. Жара аймағын 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап өңденіз.
  6. Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.
  7. 1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен қстап жараны өңденіз.
  8. Жараны зондпен немесе жаракергішпен тексереміз.
  9. Жараны шприц пен қайраусыз инемен 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен шайыныз.
  10. Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.
  11. Қолданылған құралдарды лас лотокқа тастаныз.
  12. 1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап жараны өңденіз.
  13. Пинцет пен зонд көмегімен жараға жалпақ резеңке дренаж енгізініз.
  14. Жараға антисептик ерітіндісіне малынған салфетка қойыныз.
  15. Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.
  16. Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты кбу ға тастаныз.

5.48. Сіреспеге қарсы спецификалық профилактика жүргізу.

Мақсаты: Жедел сіреспеге қарсы спецификалық профилактикасы.

Көрсетілім: 2-3 дәрежелі күйік, үсу, жара болуы.

Қоры: стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, шприц, спирт, сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині,КБУ.

Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
  2. Стерильді қолғап киініз.
  3. Теріні 70% спиртпен өңденіз.
  4. Тері астына білектің жұмсақ аймағына 0,1мл, 1:100 бөлікке бқлінген сіреспеге қарсы сары су енгізініз.
  5. Талдауды 20 мин кейін бағаланыз; егер папула өлшемі 0,9 мм болса талдау теріс, сонда тері астына қалған 0,1 мл 20 мин кейін енгізіледі.
  6. Науқасты 1 сағ бақыланыз.
  7. Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты кбу ға тастаныз.

Ескерту:

- сіреспенің алдан алу сезімталдыққа талдау алынғаннан кейін жүргізіледі.

- сарысуды көк тамырға немесе жұлынға енгізеді.

- ауру ауырлығына байланысты сары суды рефлекторлы тырыспалар жойылғанша енгізеді.

5.49. Теріге тігіс қою техникасы.

Мақсаты: жара шеттерін біріктіру.

Көрсетілім: жара болуы.

Қоры: 1,5% йодтың спирттік ерітіндісі, стерильді таңғыш, клеол, №3 және №4 жібек, ине ұстағыш, өткір тері инелері, хирургиялық пинцет, корнцанг, қайшы, стерильді лоток,КБУ.

Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
  2. Стерильді қолғап киініз.
  3. Жара айналасын шетінен переферияға қарай антисептиктердің біріне малынған мақта шаригімен өңденіз.
  4. Вишневскиймен жергілікті анестезия жасаныз.
  5. Өткір тері инесі мен №3 және №4 жібекті инеұстағышпен ұста.
  6. Пинцетпен жара шетін, теріні және тері асты майын ұста.
  7. Жара шетінен 3-4 см өтіп, тік бұрышта жараны инемен тесініз.
  8. Қарама-қарсы беттен тесініз.
  9. Ине мен ине ұстағышты алып тастаныз, жібек тіндерде қалу керек.
  10. Жібек ұшымен жара шеттері бір-біріне қосылғанша тартып түйінденіз.
  11. Келесі тігістерді арасы 1,5 см етіп жүргізініз.
  12. Жара шеттерін пинцетпен біріктірініз, жібек қалдықтарын байламнан 1-1,5см өтіп, үзіп алып тастаныз.
  13. Тігісті антисептикпен өңдеп, антисептикалық таңғыш қойыныз.
  14. Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты кбу ға тастаныз.

5.50. Түйінді тігістерді шеші техникасы.

Мақсаты: түйінді тігісті шешу.

Көрсетілім: жараның жазылу кезені.

Қоры: йодонат ерітіндісі, 70% спирт, стерильді таңғыш, стерильді салфетка, хирургиялық пинцет, анатомиялық пинцет, корнцанг, қайшы, стерильді лоток, КБУ.

Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
  2. Стерильді қолғап киініз.
  3. Науқасты жатқызып, манипуляция мақсатын түсіндірініз.
  4. Таңғышты шешіп, жараны тексерініз.
  5. Пинцет немесе қысқыш қолданып жарадан таңғышты шешініз.
  6. Тері мен тігісті 70% спирт, йодонат немесе бриллиант көгімен өңденіз.
  7. Анатомиялық пинцетпен тігісті түйінінен ұстап тартыныз, ақ түсті аймағы жалаңаштанатындай.
  8. Қайшы немесе скальпельмен бұл аймақтағы жіпті кесіп, пинцетпен алып тастаймыз.
  9. Осы ретпен қалған тігістерді алып тастаймыз.
  10. Отадан кейінгі орынды йодонатпен өңденіз.
  11. Асептикалық салфетка қойып бекітініз.
  12. Тігісті антисептикпен өңдеп, антисептикалық таңғыш қойыныз.

Ескерту:

Тігістер жара жазылғаннан кейін 7 – ші күні шешіледі.

Тігіс шешу ережесін бқзған жағдайда, ауырлықтар пайда болуы мүмкін. (Лигатурный - Свищ).

5.51. АВС системасы бойынша жүрек – өкпе реанимациясын жүргізу.

Мақсаты: тыныс алу мен жүрек жұмысының орнына келуі.

Көрсетлім: клиникалық өлім.

Қоры: марлі салфеткалар.

Әрекет алгоритімі:

  1. Тыныс жоқтығын анықтаныз.
  2. Есінің жоқтығын анықтаныз.
  3. Ұйқы артериясына қолды қойып, жүрек соғысының жоқтығына көз жеткізініз.

Ескерту: соңғы 2 манипуляцияны бірге жүргізеді.

А – тыныс жолдарының өтімділігін орнына келтіру.

Сафара үштік әдісін қолданамыз.

1. Науқасты қатты жерге шалқасынан жатқызамыз.

2. Басын артқа қарай шалқайтамыз.

3. Бір қолмен мойнын артынан көтеріп, екінші қолмен маңдайды жоғары төмең басамыз.

4. Омыртқада мойын бөлігі жарақаттанғанда 3 – әдіс қауіпті болғандықтан жасалынбайды.

5. Аузын ашып қараныз: салфетка көмегімен қан, құсық қалдықтарын басын бір жағына бұра отырып тазартыныз.

В – тыныстың орнына келуі.

1. Терең тынысалып, зардап шегушінің қысып, еріндерінізбен зардап шегушінің аузын толық қатып ішке ауа жіберініз. Көмек берішінің қолы мойын асты мен маңдайда орналасады.

С - жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымды қалыптастыру.

  1. Зардап шегуші тегіс жерде жатады, массаж жүрзізушінің тізесінің дәрежесінде. Басу нүктесі семсер секілді өсіндіден 2 саусақ жоғары.
  2. Бір қолдың алақаның төс сүйектің 3/1 бөлігіне, екінші қолды оның үстіне қоямыз. Дененің барлық салмағымен төс сүйегін омыртқаға қарай 4-5 см басамыз.
  3. Қолынызды төстен алмай еркін қстаныз.

Ескерту: Егер 1 адам көмек көрсетсе 15 рет басып 2 рет дем береді. Егер көмекті 2 адам көрсетсе 5 рет басып, 1 рет дем береді. Жүрекке массаж минутына 60 рет.

5.52. Тыныс жолдарына бөгде зат түскенде алғашқы көмек.

Мақсаты: бөгде затты жою.

Көрсетілім: тыныс жолдарындағы бөгде зат.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқас жағдайын бағаланыз.
  2. Науқасты артынан қолмен қысып, көкірек аймаған басу әдісін қолданыныз.

- Зардап шегушінің артынан тұрып,белінен қысып алдыға қарай сәл енкейтініз.

- 1 қолдың жұдырығын кіндіктен сәл жоғары қойыныз.

- Жұдырықты екінші қолдың алақанымен қысып, науқастың ішін қатты басыныз, диафрагманың астына жіберіп денені көтеруге тырысыныз.

- 5 рет қайталау керек.

- Егер тыныс жолдары тазармаса «бесте бес» циклін қайталау керек.

  1. Жартылай отырынқы қалыпта ауруханаға жеткізініз.
  2. Тыныс алуды қадағаланыз.

Науқас есін жоғалтқан жағдайда.

1. Шалқасынан еденге жатқызыныз.

2. Тыныс жолдарын тазартыныз. Егер бөгде зат көрініп тұрса, саусақпен алып көрініз. Алайда абай болыныз, бөгде затты ары қарай итерип жиберменіз.

3. Бөгде зат шығарылмаса, ал науқас ессіз жатса, өкпе-жүрек реанимациясын жүргізініз.

Көкірек қуысын басу кезінде бөгде зат сыртқа шығуы мүмкін, сондықтан ауызын тексеріп тұрыныз.

5.53. Көкіректен өтіп кеткен жарақаттар кезіндегі шұғыл көмек.

Мақсаты: алғашқы медициналық көмек.

Көрсетілім: көкіректен өтіп кеткен жарақаттар.

Қоры: стерильді қолғап, антисептикалық ерітінді, 50% анальгин, 2% димедрол, антисептик ерітіндісі, лейкопластырь, мұзды мұйыө, тонометр, фонендоскоп, КБУ.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқастын жағдайын бағаланыз.

2. Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыныз.

3. Өзінізге қаратып жартылай отырыңқы жағдай жасаныз.

4. Қолынызды спиртпен өңдеп, резеңке қолғап киініз.

5. Жараны қараныз.

6. Көк тамырға 50% 2мл анальгин мен 2% 1мл промедол ерітінділерін сезімсіздендіру үшін енгізініз.

7. Антисептика ерітіндісімен жараны өңденіз.

8. Жараға окклюзиялық таңғыш қойыныз.

- Жараны стерильді салфеткамен томпондағаннан кейін.

- ИПП таңғыш пакетінен резеңке матаны стерильді бетімен қойыныз.

- Лейкопластырьмен жабыстырыныз.

9. Жарақат орнына мұзды мұйық қойыныз.

10. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

11. Зембілмен жартылай отырыңқы қалыпта хирургия бөлімшесіне тасымалданыз.

12. Қан қысымын, тамыр соғысын қадағыланыз.

5.54. Бас сүйек жарақаты кезіндегі алғашқы көмек.

Мақсаты: бас жарақаты бар науқасқа көмек көрсету.

Көрсетілім: Жабық бас сүйек жарақаты, бас сүйек жіктері сынығы, бас сүйек негізінің сынығы.

Қоры: 50% 2мл анальгин, 1% 1мл димедрол, 40% глюкоза ерітіндісі, 20мл 25% магний сульфат ерітіндісі бұлшық етке 10мл, мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, жұмсақ үйінді.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқас жағдайын бағаланыз.
  2. Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыныз.
  3. Зардап шегушіні зембілге бас жағы биік қалқаншамен жатқызыныз, тасымалданыз.
  4. Қолынызды спиртпен өңдеп, резеңке қолғап киініз.
  5. Жараны қараныз.
  6. Антисептика ерітіндісімен жараны өңденіз.
  7. Көк тамырға 50% 2мл анальгин мен 1% 1мл димедрол ерітінділерін сезімсіздендіру үшін енгізініз.
  8. Көк тамырға 20мл 40% глюкоза ерітіндісін немесе бұлшық етке 10мл 25% магний сульфат ерітіндісін енгізініз.
  9. Басына мұзды мұйық қойыныз.
  10. Есін жоғалтқанда тілді жұтып қою алдын алыныз.
  11. Құсық қалдықтары болса, басын бір жағына бұрып, ауызын тазалап, тілін салфеткамен өзінізге қарай тартыныз.
  12. Қан қысымын, тамыр соғысын қадағаланыз.
  13. Хирургиялық бөлімшеге жеткізініз.

5.55. «Өткір іш» синдромындағы шұғыл көмек.

Мақсаты: Қабынулар мен жарақаттар кезіндегі асқынулардың алдын алу.

Көрсетілім: Өткір іш синдромына мына аурулар кіреді: өткір апендицит, өткір холецистит, өткір панкреатит, асқазан-ішек ойық жаралары, іш жарақаты.

Қоры: мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп,стерильді қолғап.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқас жағдайын бағаланыз.
  2. Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыныз.
  3. Тізелерінің астына үйінді қойып, зардап шегушіні зембілге көлденең жатқызыныз.
  4. Ішіне мқзды мұйық қойыныз.
  5. Хирургиялық бөлімшеге жеткізініз.

Ескерту: жылытқыш, клизма, іш тазалау дәрілері, сезімсіздендірушілер – қолдануға болмайды.

5.56. Ұзақ жаңшылу синдромындағы шұғыл көмек.

Мақсаты: зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету.

Көрсетілім: резеңке еспе, транспорттық шина, реополиглюкин, 2% промедол, 0,5% реланиум.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқас жағдайын бағаланыз.
  2. Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыныз.
  3. Қолынызды спиртпен өңдеп, резеңке қолғап киініз.
  4. Жараны қараныз.
  5. Антисептика ерітіндісімен жараны өңденіз.
  6. Көк тамырға 2 мл 5% анальгинді 1мл 1% димедролмен енгізініз.
  7. Жаңшылған түпкіліктерді босату алдында, жаңшылған жерге жақын резеңке еспе қойыныз.
  8. Жаңшылудан босатқаннан кейін, сирақтан табанға дейін эластикалық дәкемен қатты орап, резеңке еспені алып тастаныз.
  9. Зақымдалған түпкілікке мұзды мүйық қойыныз.
  10. Зақымдалған түпкілікке шина қойыныз.
  11. Көк тамырға 400мл реополиглюкин енгізініз.
  12. Хирургиялық бөлімшеге жеткізініз.

5.57. Омыртқа жотасы жарақаттанған кездегі шұғыл көмек.

Мақсаты: Ауырлық алдын алу және транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: Омыртқа жотасы жарақаты.

Қоры: тығыз зембіл немесе тасымалдаушы вакуум, үйінді, 2% промедол, полиглюкин, кордиамин ерітіндісі, Еланский шинасы, Шанц мақта маталы жағасы, тонометр, фонендоскоп, ені 20-25см дәке.

Әрекет алгоритімі:

Омыртқа сынығында пневматикалық шинамен тасымалдау:

1. Науқасты қараныз.

2. Омыртқа сынығы барын анықтаныз.

3. Науқасты тынышталдырыныз.

4. Тексеру мақсатын түсіндірініз.

5. Науқасты абайлап зембілге ауыстырыныз. Ауыстыруды 4 адам бір уақытта іске асырады.

6. Зембіл қабын байланыз.

7. Зембілден ауаны арнайы аяқ ауа шығарғышымен толығымен шығарыныз.

8. Науқасты арнайы 2 адам тасымалдайтын зембілмен шығарыныз.

Ескерту:

Отыртқаның көкірек қуысы аймағындағы сынықтарда вакуумды зембілдер қолданылады.

Омыртқаның мойын бөлігі сынығы:

  1. Науқасты қатты зембілге мойын астына үйінді қойып көлденең жатқызыныз.
  2. Мойынға Еланский шинасын немесе мақта маталы Шанц жағасын қойыныз.
  3. Бұлшық етке 2мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізініз.
  4. Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл кордиамин енгізініз.
  5. Қан қысымын, жүрек соғысын, тыныс алуын қадағаланыз.
  6. Жарақат бөліміне жаткізініз.

Көкіректеге омыртқа сынығы:

1. Науқасты қатты зембілге сынық орнына үйінді қойып көлденең жатқызыныз.

2. Бұлшық етке 2мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізініз.

3. Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл кордиамин енгізініз.

4. Қан қысымын, жүрек соғысын, тыныс алуын қадағаланыз.

5. Жарақат бөліміне жаткізініз.

Бел бөлімінде омыртқа сынығы:

1. Жатқан науқасты абайлап, омыртқаны майыстырмай зембілге ауыстырыныз..

2. Ауыстыруды 4 адам бір уақытта іске асырады.

3. Науқастың денесін зембілге жалпақ дәкемен көкірек дәрежесінде, жамбас, тізе буындары тұсынан бекітініз.

5.58. Шылапшын сүйектері сынығында шұғыл көмек.

Мақсаты: шоктың алдын алу, транспорттық тасымалдау.

Көрсетілім: шылапшын сүйектері сынығы,шылапшын мүшелерінің зақымдалуы.

Қоры: қатты зембіл, ұз 25-30см үйінді, сүлгі немесе жаялық бөлігі, 2мл 2% промедол ерітіндісі.

Ескерту: шылапшынның сүйектері сынығы жиі шылапшын мүшелерінің бұзылуымен қатар беріледі.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты қараныз, тынышталдырыныз.
  2. Шылапшын сүйектері сынығы барын анықтаныз.
  3. Тексеру мақсатын түсіндірініз.
  4. Қолынызды спиртпен өңдеп резеңке қолғап киініз.
  5. Бұлшық етке 2мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізініз.
  6. Науқасты абайлап, омыртқаны майыстырмай зембілге ауыстырыныз..
  7. Жатқан науқасты абайлап, зембілге ауыстырыныз..
  8. Науқас аяқтарын тізесінен бүгіп, шетке қарай бөлініз.
  9. Бүгілген тізеге үйінді қойыныз.
  10. Тізедегі үйіндіні ұзын сүлгімен немесе жаялықпен бекітініз.
  11. Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл кордиамин енгізініз.
  12. Қан қысымын, жүрек соғысын, тыныс алуын қадағаланыз.
  13. Жарақат бөліміне жаткізініз.

5.59. Электр жарақатындағы алғашқы көмек.

Мақсаты: табиғи және техникалық электр тогымен жарақаттанғандағы шұғыл көмек.

Көрсетілім: науқасқа найзағай немесе электр тогының әсер етуі.

Қоры: ағаш таяқ, резеңке қолғап.

Әрекет алгоритімі:

1. Электр тогының әсерін тоқтатыныз:

- тоқтан ажыратыныз;

2. науқастың жағдайын бағаланыз.

3. А-В-С ережесі бойынша реанимациялық әрекет жасаныз.

4. күйік орнына құрғақ асептикалық таңғыш қойыныз.

5. науқасты реанимация бөліміне жеткізініз.

5.60. Іштің өткір жарақатындағы шұғыл көмек.

Мақсаты: Ауырсынуды ескерту, хирургия бөліміне жеткізу.

Көрсетілім: іш жарақатының болуы.

Қоры: 2мл 2% промедол ерітіндісі, 500мл полиглюкин, стерильді резеңке қолғап, 70% этанол, дәке.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты қараныз, тынышталдырыныз.
  2. Зардап шегушіні жатқызыныз.
  3. Тексеру мақсатын түсіндірініз.
  4. Қолынызды спиртпен өңдеп резеңке қолғап киініз.
  5. Бұлшық етке 2мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізініз.
  6. Жара шеттерін 70% этанолмен өңденіз.
  7. Бублик тәріздес стерильді үйіндімен жабыныз.
  8. Фурациллинге малынған стерильді салфетка қойыныз.
  9. Дәке таңғышын қойыныз.
  10. Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл 2% промедол енгізу.
  11. Шалқасынан жатқызып хирургия бөліміне тасымалданыз.

5.61.Іштің жабық жарақаты кезіндегі шұғыл көмек.

Мақсаты: Ауырсынуды ескерту, хирургия бөліміне жеткізу.

Көрсетілім: іш жарақатының болуы.

Қоры: салфетка, мұзды мұйық, полиглюкин.

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты қараныз, тынышталдырыныз.
  2. Зардап шегушіні жатқызыныз.
  3. Бүгілген тізеге үйінді қойып,науқасты шалқасынан жатқызыныз.
  4. Ішке слфетка үстіне мұзды мұйық қойыныз.
  5. Көк тамырға 500мл полиглюкин енгізініз.
  6. Қан қысымы мен тамыр соғысын қадағаланыз.
  7. Хирургия бөліміне тасымалданыз.

5.62.Құлаққа таңғыш қою кезіндегі медбикенің әрекет алгоритімі.

Мақсаты: ортаңғы құлақ ауруы, отадан кейінгі кезең.

Қоры: ені 10-12см дәке.

Әрекет алгоритімі.

  1. Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз, тексеру мақсатын түсіндірініз.
  2. Ені 10-12см дәке алыныз.
  3. Сол көзді оңнан солға, оң көзді солдан оңға қарай дәкелейміз.
  4. Дәке бастамасын сол қолға, басын оң қолға алыныз.
  5. Дәкені маңдай бөлігінен құлақ раковинасының үстіңгі бөлігіне түсірініз.
  6. Бекітуші айналым жасаныз.
  7. Маңдай бөлігіенде байлам жасап таңғышты бекітеміз.
  8. Шүйде мен маңдай арқылы бекітуші айналым жасаңыз.
  9. Маңдай бөлігінде байлам ұштарын бекітініз.

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: