Еден жасау

Еден – жер немесе жамылғылар үстіне орнатылатын құрама конструкция. Еденнің жиынтығын және жеке қабаттарының конструктивтік орындауын оның ұйғарылған пайдалану жағдайларымен анықталады (15.1-сурет).

15.1-сурет Едендердің конструктивтік шешімдері

І – жамылғы; ІІ – тұтастырғыш; ІІІ – су айырғыш; IV – төсеніш қабаты; V – қабатша;

VІ – жылу және дыбыс өткізбейтін қабат; VІІ – көтергіш конструкция (жаппа плита);

1 – керамика тақтайша; 2 – цемент және құм ерітіндісі; 3 – битум мастикасындағы гидроизоляция; 4 – бетон; 5 – битум мастикасы; 6 – қиыршық тас; 7 – үйілген топырақ негізі;

8 – тақтайлар; 9 – төсеніштер; 10 – тақтайдан жасалған төсем; 11 – екі қабатты толь;

12 – кірпіш діңгек; 13 – топырақ; 14 – паркет; 15 – пергамин қабаты; 16 – керамзит малта тасы; 17 – жаппа плита; 18 – паркет тақтайы; 19 – ағаш талшықты тақтадан жасалған төсем; 20 – құм

Еденнің тікелей пайдалану әсеріне ұшырайтын үстіңгі элементін жабу «нағыз» еден деп атайды. Еденнің жабу түрі оның атымен анықталады: паркет, тақта, мозаикалық және т.с. Еденнің жабуы мен еден орналасқан үймереттің жүк көтеретін элементінің аралығында әр қайсысының нақты функциональдық міндеті бар аралық қабаттар болады: қабатша, тұтастырғыш (жиыстырма), су айыру, жылылықты өткізбеу, дыбыс өткізбеу, төсеніш қабаты.

Қабатша – еден жабуы мен астыңғы түзілістің өзара қатыстығын қамтамасыз ететін қабат. Жабу түріне байланысты қабатша қалындығы не 0,6- 1мм арнайы жабысқақ мастикалардан, не 10-15 мм ерітіндіден жасалады.

Тұтастырғыш – тығыз қыртыс жасауға және сөйтіп сусымалы және қатты емес жылылықты өткізбейтін қабаттар бойынша шоғырланған құштерді үлестіруге, еденге нақты еңіс беруге және линолеум, синтез тақтайшалар және т.б. жұқа қабатты жабуларға негіздер жасау үшін қызмет атқаратын қабат.

Су айыру – ағынды сулар жабу арқылы үстінен немесе жер астындағы сулар капилляр арқылы астынан көтеріліп ену мүкіншілігінен еденнің аралық қабаттарын қорғайтын қабат.

Жылылықты өткізбеу – еденнің жалпы жылу өткізгіштігін азайтатын қабат. Әдетте жылылықты өткізбеу пайдалану кезенінде әр түрлі температуралық төртібі бар жер және бөлмелер аралығының жамылғысы бойынша еденнің конструктивтік шешімінде қаралады, ол төгу, құрама немесе түтас құйма түрінде болуы мүмкін.

Дыбыс өткізбеу – қөршілес бөлемелерде соқпа шу дыбысының қысым деңгейін төмендету үшін тек аралық жамылғысы бойынша еден конструкциясында қаралатын қабат.

Төсеніш қабаты (дайындау) – еденнің топырақ негізіне пайдалы жүктерді үлестіру тек жер бойынша еден конструкциясында қаралатын қабат. Ол екі түрде орындалуы мүмкін: класы В20, В30, В40 бетоннан – қатты және балшықты бөлшектер мөлшері 3%-тен артық емес ірі түйірішікті құмнан және қиыршық тастан – қатты емес етіліп.

Құмнан және қиыршық тастан жасалған қатты емес төсеніш қабаты міндетті тығыздаумен 100 және 200 мм сәйкес қабатпен жобалық қалындыққа дейін төселеді.

Бетоннан жасалған қатты төсеніш қабат ең аз қалындықпен (80-100 мм) төселеді.

Бетон қоспасы ені 3-4 м тілімдермен біреуден кейін қабаттың барлық қалыңдығына бірден төселеді. Бірінші тілімдер үстінгі жиектері төсеніш қабаттың жоғарғы белгісі бойынша қойылған болат, ағаш бағыттауыштармен шектеледі. Қабат қалыңдығы 100 мм-ге дейін болғанда бетон қоспасы – діріл-тақтайшалармен, үлкен қалыңдықта және арматура торлары болса терең дірілдеткіштермен тегістеліп тығыздалады.

Бетон 2,5 МПа беріктік алған соң бүйір жақтарының шектеуші элементтері алынады және тастап кеткен тілімдер төселген тілімдер деңгейі бойынша тегістеліп жаңа бетон қоспасы төселеді.

Жабулар келесі топтарға бөлінеді: тұтас құймалы, ағаштан жасалғандар, синтездік оралмалы материалдардан және дара тақта элементтерден жасалғандар.

Тұтас құймалы жабулар бетон, мозаикалық (террацалы) цемент-құмды, полимер, полимер-бетон, полимер-цемент, және кселолит қоспаларынан орындалуы мүмкін.

Бетон жабулары құрама тақталар, су айыру, тұтастырғыштан тұратын және тазаланып цемент сүтімен грунтталған негізге төселеді. Бетон жабуларын жасау технологиясы төсеніш қабатын орындау технологиясынан әрлеу және бет қабатын нығату бойынша қосымша операциялар жиынтығымен ерекшеленеді.

Жабудың механикалық төзімділігін көтеру, оның сіңірмеушілігін азайту үшін бетонның үстіңгі беті 3-5 мм қалыңдыққа фрезермен және 1-2 мм қалыңдыққа ажарлаумен алынады, сосын флюаттар және тығыздайтын құрамдар сіңдіріледі. Барлық қажетті өңдеулер орындалған соң бетке полиуретон лагынан қорғаныш қабыршық қондырылады. Лак қолмен немесе лак ерітіндісімен бетті алдын ала грунттап 2-3 қабат механикалық тозаңдатумен қондырылады.

Цемент құмды жабулар бетон жұмыстарының технологиясы бойынша қалыңдығы 20-30 мм бір қабаттан, маркасы 200 кем емес ерітіндіден жасалады. Еденді ауыр механикалық күш түсетін жағдайда пайдаланғанда цемент-құмды жабулар екі қабаттан тұрады: астыңғы қабаты – қалыңдығы 20мм, маркасы 400 цемент-құмды ерітіндісінен; үстіңгі қабат қалыңдығы 20 мм, маркасы 500 болат жоңқасы, цемент және су қоспасынан тұрады.

Мозаикалық (террацалы) жабулар астыңғысы цемент-құмды ерітіндіден жасалған қалыңдығы 40-50 мм және үстіңгі беті мозаика қоспасынан тұратын қалыңдығы 20-25 мм екі қабаттан тұрады. Мозаика қоспасы ақ немесе түрлі-түсті портландцементтен, мәрмәр, гранит немесе базальт ұнтағынан және минералды бояулардан тұрады.

Жобада көрсетілген түс пен өрнектің кескінін сақтау үшін ерітіндінің төсеніш қабатына батырылатын әйнек, жез, мыс, тот баспайтын болат, пластмассадан жасалған шектеуіш тілімдер-талшықтар қолданады. Бетон қажетті беріктікке жеткен соң оның бетін толтырғыш түйірлер ашылғанға дейін электр ажарлау машиналарымен тегістеледі (...сурет).

Жексіз полимер жабулар тегістеу тұтастырғыштар бойынша орындалады. Жабу қабатының қалыңдығы 3-4 мм болады. Мастика құрамына біріктіргіш, модификациялайтын қосымша, толтырғыш, қырғыш және пигменттер кіреді. Біріктіргіш ретінде суда ерігіш полимерлер (латекстер, поливинил ацеттаты дисперсия және т.б.) және термоактивті шайырлар (эпоксид, полиэфир, полиуретанды не т.с.), толтырғыштар ретінде үгілген кварцқұмы, маршалит және т.б. қолданылады.

Су дисперсиясы, полимерлер негізіндегі мастиканы бүркіп қондыруға болады, шайырлар негізіндегі мастикалар не ауасыз тозаңдату әдісі бойынша арнайы қондырғымен, не тұтастырғыш бетіне еркін құюмен қондырылады. Мастикалардың барлық түрлері де қабырғадан бастап ені 1-1,5 м тілімдермен орындалады. Бір жолға қондыру қабат қалыңдығы – 1-1,2 мм. Әр келесі қабат алдыңғы кепкеннен немесе қатқаннан кейін қондырылады. Мастиканы құйып қондырғанда болатын ауа көпіршіктерін жою үшін қабатты шанышпалы білікпен нығарлайды.

Кислолит жабулары дымқылдығы 60%-ке дейін бөлмелерге 20 мм қалыңдықпен орындалады. Ксилолит қоспасы объектіде қылқан жапырақты ағаштың үгіндісі, күйдіргіш магнезит, хлорлы магнийдің су ерітіндісі және пигменттерден дайындалады. Қоспаны дірілдетіп тығыздатусыз ағаш маяктары бойынша «біреуден кейін» тілімдермен төсейді. Маяк тақтайшалардың қалыңдығы ксилолит жабуының жобалық қалыңдығының жартысынан артық болу керек. Қоспаны төсегенде түзеткішпен тегістейді, қоспаның артығын қабаттың ішіне қарай басып енгізбей, жылжытады. Сосын қоспаны таптағыштармен керекті белгіге дейін тығыздайды.

Негізгі әдебиет: 1 [359-361, 362-368]

Бақылау сұрақтары:

1. Әйнек қоршаулар не үшін жасалады?

2. Әйнек жұмыстарын орындағанда қандай шыны түрлерін пайдаланады?

3. Әйнектеу кешенді процесі қандай жұмыстардан тұрады?

4. Ағаш және металл жақтауларды әйнектеу туралы қысқаша мәлімет беріңіз.

5. Еденнің аралық қабаттарын атаңыз.

6. Еден конструкциясын құрайтын аралық қабаттар туралы – қабатша, тұтастырғыш, су айыру, жылылықты өткізбеу, дыбыс өткізбеу, төсеніш – қысқаша мәлімет беріңіз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: