Игеру процесін реттеу 2 страница

1) мұнайдың коллектор – жыныстарының минералогиялық құрамы мен литологиялық микроқұрылымына, яғни, өлшемдері бойынша қуысты кеңістіктердің таралуына, абсолютті өткізгіштік деңгейіне, салыстырмалы өткізгіштікке, тау жыныстарының микрожарықшақтық параметрлеріне, яғни, блоктар мен жарықшақтар өлшемдеріне, олардың өткізгіштіктерінің ара – қатынасына және т.б.;

2) мұнайдың тұтқырлығының оны ығыстыратын судың тұтқырлығына қатынасына;

3) мұнайдың құрылымдық – механикалық (ньютондық емес) қасиеттеріне және олардың қабаттардың температуралық режимдеріне тәуелділігіне;

4) тау жыныстарының сулануына және микроқұрылымдары әртүрлі коллектор – тау жыныстарында капиллярлы күштердің пайда болу сипатына;

5) мұнайды сумен ығыстыру жылдамдығына.

6 сур. – ң – ға тәуелділігі.

Су айдау кезінде қабаттарды әсермен қамту коэффициенті негізінде мына факторларға тәуелді. η11 η2 η12

1. Игеріліліп жатқан мұнай қабатының физикалық қасиеттері мен геологиялық әртектілігіне (қабаттың макроәртектілігіне). Бұл жерде мұнайға қаныққан зоналардың астына су төселетін газ телпектерінің болуы, яғни, суда жүретін зоналардың, қабаттың тік (өткізбейтін қабатшалардың болуы) және көлденең (қабатшалардың литологиялық жапсарлануының) бағытты үзілімдерінің болуы, дизъюнктивті қабаттардың болуы және т.б.

2. Кен орынды игеру жүйесінің параметрлеріне, яғни, қабатта ұңғымалардың орналасуына, өндіруші ұңғымалардың және өндіруші және айдаушы ұңғымалардың арасындағы ара қашықтыққа, айдау ұңғымаларының санының өндіру ұңғымаларының санына қатынасына тәуелді.

3. Айдау және өндіру ұңғымаларының түптеріндегі қысым, түптік аймаққа әсер ету әдістерін қолдану және қабаттарды ашу.

4. Ұңғымаларды пайдаланудың әдістері мен техникалық құралдарын пайдалану (өндірудің ұңғымадан сұйықты алудың қажетті жиынтығын қамтамасыз ететін механикалық әдістерді, бір уақытта – бөлек пайдалану әдістерін).

5. Кен орынды игеру процесін иегру жүйесін бөлшектеп өзгерте отырып (ошақтап және таңдап су айдау) немесе мүлдем өзгертпей (ұңғымалардың жұмыс режимін өзгерту, ұңғымаларды пайдалануды, циклдық су айдауды тоқтатудың оңтайлы жағдайларын орнату және т.б.) басқару әдісін қолдану.

Толығымен айта кету керек, ығыстыру коэффициенті қабаттың физикалық қасиеттеріне, оның микроәртектілігіне және кеуекті ортадан мұнайды ығыстыру процесінің сипаттарына тәуелді, ал қабатты әсермен қамту коэффициенті игерудің басқа әдістеріндегідей кенорынның макроәртектілік дәрежесімен, игеру жүйесімен және ұңғымаларды пайдалану жағдайларымен анықталады.

6. Қалыптасқан режим кезінде ұңғыны зерттеу технологиясы

Қалыптаспаған режим кезінде ұңғыны зерттеу технологиясы

Құрғақ бірағысты жану

Құрғақ бірағысты жану кезінде оның фронты шикі мұнайдың жанбаған фракцияларын ығыстырады, сонымен қатар оның кокс деп дұрыс аталмаған көміртекті қалдыққа айналған фракциялары айдалатын ауа оттегісінде жанады. Жану фронтының ар жағында қалатын облыс органикалық қосылыстарға ие емес.

Қалыптасқан режим жағдайын қарастыру үшін төрт негізгі зонаны бөлген қолайлы, олардың нөмірленуі фронттың таралу бағытымен жүреді.

1 зона. Қабаттың бұл облысында жану болған және ол мұнайдан босаған. Айдалатын ауа коллектормен байланыс кезінде қызады, ол жану кезінде бөлінетін энергияның бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік береді. Демек, зона бір жылу алмастырғыш болып табылады, ондағы температура айдау ұңғымасына қарай бағытта төмендейді.

2 зона. Жану зонасы. Оттегі коллектор бетінде тұнып қалған көмірсутектер мен коксты жағу кезінде пайдаланылады. Бұл зонада температура негізінде зонаның бірлік көлеміндегі қатты және газ тәрізді қоспаларының қасиеттері және мөлшерімен анықталады.

3 зона. Кокстау зонасы. Жылжымаған және газ тәрізді күйге ауыспаған ауыр фракциялар пиролизге ұшырайды. Егер жану зонасына келген оттегінің барлық бөлігі тотығу кезінде қолданылмаса, қышқылдық пиролиз жүреді.

4 зона. Температура жеткілікті мөлшерде төмендеген кезде химиялық қоспалар айдалады. Осы зона арқылы газ тәрізді және сұйық өнім фильтрленеді. Мұнда келесі құбылыстар байқалады:

Реакциялар зонасымен түйісетін облыста кезекті булану және кенорында басында болған мұнай мен судың жеңіл фракцияларының конденсациясы қайтадан жүреді; сондай-ақ, химиялық реакциялардың өнімі болып табылатын судың конденсациясы жүреді.

Температуралық деңгей судың конденсациясы температурасынан төмен болатын облыста суға қанықтылық мәні берілген кенорынның (сулы зал) бастапқы суға қанықтылығы мәнінен артық болатын зона пайда болады; бұл қабат өз алдына мұнайды итереді (мұнайға қанықтылықтың бастапқы деңгейімен салыстырғанда салыстырмалы жоғары зона). Бұл мұнай өте тұтқыр және оның қозғалысы қабаттың тығындалуына алып келуі мүмкін. Мұнай ағыны сыртында қабат сипаттамалары бастапқы шамаларға баяу жақындайды.

Су айдаумен үйлескен қабатішілік бірағысты жану

Құрғақ бірағысты жану кезінде коллекторда жинақталған жылулық энергияның айтарлықтай бөлігі жылуөткізгіштік салдарынан қоршаған жыныстарға жоғалады. Құрғақ жануды жүргізгеннен кейін қабатқа ауа мен су айдауды қатар қолдануға болады, ол айдау ұңғымасы шегінде шоғырланған жылулық энергияны жинау үшін су мен сулы будың энтальпия айырмасын қолдануға және оны жану фронты алдындағы облысқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

Егер айдалатын су мөлшерінің айдалатын ауа мөлшеріне қатынасы аса үлкен болмаса, жану жүреді. Бұл жағдайда бес зонаны бөлуге болады:

1 зона. Бұл зона арқылы жану фронты өтіп кеткен; онда көмірсутектер болмайды. Бірақ бұл зонада температура сұйық – бу тепе – теңдігі болатын температурадан төмен болатындықтан, мұнда екіфазалық ағыс болады. Қабатқа келген судың маңызды бөлігі булану фронтына жетпейді.

2 зона. Бұл зонада су газ тәрізді күйде болады және коллекторлар айдалатын су мен сулы будың қоспасымен қаныққан. Қабатқа келіп түскен судың булану фронты температуралар градиенті үлкен мәнге ие болатын 1 және 2 зоналар шекарасында орналасады.

3 зона. Жану зонасы. Оттек көмірсутектер мен кокс зонасынан берілген зонаның 4 зонамен шекарасындағы коллектор қабырғаларында тұнған ығыстырылмағандарды жағу кезінде жұмсалады.

4 зона. Бу түзілу – конденсация зонасы. Бұл зона температурасы судың бу түзу температурасынан аз ғана ерекшеленеді. Мұнда қабатқа айдалатын және химиялық реакциялардың өнімі болып табылатын судың буларының баяу конденсациясы жүреді. Басқа жағынан мұнайдың жеңіл және орташа фракциялары буланады және 5 зонамен шекаралас ауданға өтеді. Жоғары температурада химиялық реакциялар жүруі мүмкін.

5 зона. Бу түзілу – конденсация зонасымен шекарада арғы жағында мұнай қабаты орналасатын су қабатының болуы салдарынан температура күрт төмендейді. Бұл облыс ар жағында қабат сипаттамалары бастапқыға жақындайды.

Айдалатын су мөлшерінің айдалатын ауа мөлшеріне қатынасы артқан кезде жағу кезінде бөлінетін және жану фронтының ішкі учаскелерінде коллектор жинайтын жылулық энергия қабатқа келген судың барлық массасын булау үшін жеткіліксіз болады. Жоғары температуралы зоналар (2 және 3 зоналар) ені кішірейе, кішірейе келіп, соңында жоқ болады. Алайда белгілі бір жағдайларда жоғары температуралы зона берілген қысым кезіндегі судың булану температурасына жақын әртекті температуралық қабатпен жылжуы мүмкін. Мұндай процесс өте ылғал жану деген атауға ие.

7. Мұнай кен орындарын игеру процесінде бақылау не үшін жүргізіледі? Ұңғыны гидродинамикалық зерттеу

Игеру процесін бақылау

Жобаны енгізу кезінде, кенорынды игерудің барлық мерзімінде геологилық және техникалық қызметтердің маңызды функцияларының бірі – бақылау. Мұнай кенорындарын игерудің ережелеріне сәйкес мұнай кеніштерін бақылау келесі мақсаттарда жүргізілуі тиіс:

a) кенішті игеру жүйесінің және жекелеген технологиялық шаралардың және олардың іске асуы мен реттелуі бойынша нақты технологиялық тиімділігін бағалау;

b) игеру процесін оңтайландыру және оны жүзеге асыру және реттеу бойынша шараларды жобалауға қажетті ақпарат алу;

Сонымен қатар, кез келген игеру әдістерінде барлық объектілерге бақылау жүргізу:

1) мұнайдың, судың және газдың ағымдық және жинақталған қорының өзгеру динамикасы, сондай-ақ айдалатын жұмыс агенттерінің мөлшері – толық кеніш бойынша, жеке қабаттар, учаскелер бойынша, жеке ұңғымалар бойынша;

2) кеніш бойынша, жеке қабаттар және учаскелер бойынша ығыстырушы агентті енгізу шектері;

3) қабаттардың ағымдағы мұнайға қанықтылығының ығыстырушы агент енгізу учаскелерінде таралуы.

4) кеніш, учаскелер және қабаттар бойынша қабаттық қысымның таралуы және түптік, буферлік және құбыраралық қысымдардың ұңғымалар бойынша таралуы;

5) ашылған қима және оның жекелеген интервалдары үшін ұңғымалардың гидродинамикалық жетілу дәрежесін сипаттайтын параметрлер және өнімділіктің ағымдық коэффициенті;

6) қабаттардың ағымдық гидроөткізгіштігінің таралуы;

7) нұсқа сырты облысына және басқа қабаттарға айдалатын жұмыс агентінің ағуы;

8) пайдаланылатын өнімді горизонттың қима бойынша көршілес горизонттармен әсерлесуі, игерілетін объектінің қабаттары арасындағы сұйық пен газдың ағысын табу және олардың интенсивтілігі;

9) қабаттық және беттік жағдайларда өндірілетін сұйық пен газдың физикалық – химиялық қасиеттерінің өзгеруі;

10) жекелеген ұңғымалардың тиімділіктері (берілген ұңғыманы пайдалану нәтижесінде объект бойынша мұнай мен су өндірісінің артуын анықтау);

11) ұңғымалардың өнімділігі мен қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру бойынша шаралардың нақты технологиялық тиімділіктері.

Кеніштерді игеру процесін бақылау үшін гидродинамикалық, геофизикалық және лабораториялық зерттеулер кешенін және параметрлерді жүйелі өлшеулерді жүргізеді.

Шешімі иегрудің берілген жүйесін іске асыру және қолдау үшін қажетті бақылау қызметтері тапсырмаларының кешені жобалық құжатта, игеруді геологиялық – кәсіпшілік талдау және авторлық қадағалау бойынша есептерде беріледі. Зерттеулердің толық жоспарларын мұнайгаз өндіру басқармаларының геологиялық бөлімшелері мен ЦНИПР – лерге авторлық қадағалау жүргізетін НИПИ құрады.

Ұңғымалар мен қабаттарды гидродинамикалық зерттеудің негізгі әдістері

Кәсіпшілік тәжірибеде қолданылатын гидродинамикалық зерттеулердің (МГДИ) барлық әдістері екі негізгі топқа бөлінеді:

-қабаттардағы сұйықтар мен газдардың қалыптасқан фильтрациясы прцестерінде дебиттер мен қысымдарды кәсіпшілік өлшеуге негізделген әдістер;

-қалыптасқан процестер кезінде қысымдар мен дебиттердің өзгеруін бақылауға негізделген әдістер;

Әртүрлі себептерге (ұңғымаларды жіберу мен тоқтату, қабаттың түрлі фазаларға қанығуыынң өзгеруімен фазалық өткізгіштіктердің өзгеруі) байланысты қабаттың түрлі нүктесінде қысымдар уақытқа байланысты өзгереді, нәтижесінде фильтрациялық ағындардың интенсивтілігі мен бағыттары, ұңғымалар дебиті өзгереді. Алайда бұл өзгерістер қарқыны көптеген жағдайларда аз ғана болады, ұңғымаларды зерттеудің кейбір міндеттерінде оны елемеуге болады және қабаттың сол немесе басқа учаскесінде фильтрация процесін қалыптасқан деп санауға болады. Бұл қабаттар мен ұңғымалар параметрлері үшін қалыптасқан процестерді сипаттайтын жерасты гидромеханикасының салыстырмалы қарапайым формулаларын пайдалануға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған топқа қалыптасқан жинақтар әдісі мен изобаралар картасы әдісі жатады.

Сұйықтар мен газдардың қалыптаспаған фильтрациясын меңгеруге негізделген зерттеудің гидромеханикалық әдістеріне қысымды қалпына келтіру әдісі мен гидротыңдау әдісі жатады.

8. Өнімнің өзіндік құны. Келтірілген шығындар. Еңбек өнімділігі.

Өнімнің жалпы құны

Мұнай кенорындарын игерудің технологиялық схемалары мен жобаларында келесі негізгі экономикалық көрсеткіштерді пайдаланады:

1) Күрделі қаржы салымдары;

2) 1 т мұнай және 1 т қуат өндіруге меншікті күрделі қаржы салымдары;

3) Негізгі қорлар амортизациясы шығындарын қоспағанда ағымдағы шығындар;

4) Негізгі қорлар амортизациясы шығындарымен бірге пайдалану шығындары;

5) Өнімнің өзіндік құны;

6) кіріс;

7) экономикалық тиімділік;

Мұнай кенорындарын игеру нұсқаларын толық талдау қажеттілігі туғанда өндірістің экономикалық тиімділігінің келесі көрсеткіштері анықталады:

4) еңбек өнімділігі;

5) келтірілген шығындар;

6) қор беріліс;

Елдегі немесе аймақтағы мұнай өнеркәсібінің дамуын жоспарлау кезінде барлық көрсеткіштерді қолдануға болады.

Күрделі қаржы салымдары – мұнайгаз өндіру кәсіпорындарының негізгі қорларын құруға ақшалай еңбек және материалдық ресурстар шығындары, яғни ұңғымаларды бұрғылауға, мұнайдың кәсіпшілік көлігінің объектілері құрылысына, көмірсутектер сепарациясына, газбензинді зауыттарға, мұнайдың алынуы мен оны өндіру интенсификациясын арттыру мақсатында қабатқа әсер ету қондырғыларына, электр желісіне, өндірісті автоматтандыруға және т.б. кеткен шығындар.

Кенорынды игерудің әрбір жылына меншікті күрделі қаржы салымдары – жинақталған күрделі қаржы салымдарының мұнайдың жылдық өндірісіне қатынасы.

Белгілі бір уақыттағы меншікті күрделі қаржы салымдары жинақталған күрделі қаржы салымдарының осы уақыт аралығындағы жаңа ұңғымаларды есептік өндіруге қатынасымен анықталады.

Ағымдағы шығындар екі түрлі болады. Бірі мұнай, газ және судың ағымдық өндірісіне тәуелді, басқалары ұңғымалар санымен анықталады. Негізінде мұнай, газ және су өндіру деңгейіне механикаландырылған өндіріске, көлікке және мұнайды бірінші өңдеуге жұмсалған энергия шығындары тәуелді. Ағымдық өндіріс, мұнай берілісті арттыру мен мұнай өндірісін интенсификациялау мақсатында қабатқа айдалатын қоспалар көлеміне қабатқа әсер ету бойынша ғимараттарды пайдалану құны тәуелді.

Пайдалану шығындарына ағымдық шығындар мен негізгі қорлар бағасынан амортизациялық аударымдар кіреді.

Негізгі қорларды құрайтын түрлі ғимараттар мен жабдықтарға амортизацияның нормативті мерзімдері белгіленген, сол уақыт ішінде бұл ғимараттар мен жабдықтардың барлық құны оларды күрделі жөндеуді қосқанда пайдалану шығындарына енуі қажет және соңында өндірілетін мұнай мен газдың өзіндік құнына қосылуы тиіс.

Есептеу кезінде келесі пайдалану шығындары қосылады:

1) өндіру және айдау ұңғымаларының амортизациясы ;

2) кәсіпшілік орналастыру объектілерінің амортизациясы ;

3) ұңғымаларға қызмет көрсету ;

4) сұйықты механикалық өндірудің энергиясы ;

5) мұнайбергіштікті арттыру және мұнай өндіруді интенсификациялау мақсатымен қабатқа әсер ету ;

6) мұнай мен газды жинау және тасымалдау ;

7) көмірсутектер сепарациясына, мұнайды құрғату мен тұзсыздандыру ;

8) жалпыөндірістік шығындар ;

9) геологиялық барлау жұмыстарына аударымдар ;

Ағымдық жөндеу шығындары ұңғымаларға қызмет көрсету шығындарына кіреді.

Осылайша, жылдық пайдалану шығындары жылдық шығындардың жоғарыда көрсетілген түрлерінің қосындысын көресетді, яғни

(1)

Мұнайдың өзіндік құны пайдалану шығындарының мұнайдың жылдық өндірісіне қатынасына тең, яғни

. (2)

Келітірлген шығындар

(3)

Мұндағы – нормативті коэффициент, - қарастырылып отырған жылдағы жинақталған күрделі қаржы салымдарының мұнайдың жылдық өндірісіне қатынасымен анықталатын меншікті күрделі қаржы салымдары.

Мұнайгаз өндіру кәсіпорындарында еңбек өніміділігін екі формада көресту қабылданған: бірі өндірістік – өнеркәсіптік персоналға бірлік уақыттағы өндірілген мұнай тонна және өнеркәсіптік персоналға бірлік уақыттағы НГДП валдық өнімі құнымен есептелетін қаржы бірлігімен.

Қор беріліс – кәсіпорынның жылдық валдық өнімі құнының негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы.

Жобалық құжаттарда мұнай кенорындарын игерудің экономикалық көрсеткіштері әдетте технологиялық және техникалық көрсеткіштермен тығыз байланысқан.

Сондықтан мұнай кенорындарын игерудің технологиялық схемалары мен жобаларында техникалық және экономикалық көрсеткіштер кешенін және таза технико- экономикалық көрсеткіштерді, мысалы, өнімнің металл сыйымдылығы мен энергия сыйымдылығы және т.б. қолдануға болады.

Әрбір кенорынды игерудің экономикалық және технико-экономикалық көрсеткіштері уақыт бойынша кенорын қорларын өндіру шамасы бойынша өзгереді, сондай-ақ, олар ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктерін, әсіресе жер қойнауынан мұнай мен газды алудың жаңа технологиясын қолдануға тәуелді.

9. МКОИ-дің әр жылына салынатын меншікті күрделі қаржылар

Мұнай кенорындарын игерудің технологиялық схемалары мен жобаларында келесі негізгі экономикалық көрсеткіштерді пайдаланады:

8) Күрделі қаржы салымдары;

9) 1 т мұнай және 1 т қуат өндіруге меншікті күрделі қаржы салымдары;

10) Негізгі қорлар амортизациясы шығындарын қоспағанда ағымдағы шығындар;

11) Негізгі қорлар амортизациясы шығындарымен бірге пайдалану шығындары;

12) Өнімнің өзіндік құны;

13) кіріс;

14) экономикалық тиімділік;

Мұнай кенорындарын игеру нұсқаларын толық талдау қажеттілігі туғанда өндірістің экономикалық тиімділігінің келесі көрсеткіштері анықталады:

7) еңбек өнімділігі;

8) келтірілген шығындар;

9) қор беріліс;

Елдегі немесе аймақтағы мұнай өнеркәсібінің дамуын жоспарлау кезінде барлық көрсеткіштерді қолдануға болады.

Күрделі қаржы салымдары – мұнайгаз өндіру кәсіпорындарының негізгі қорларын құруға ақшалай еңбек және материалдық ресурстар шығындары, яғни ұңғымаларды бұрғылауға, мұнайдың кәсіпшілік көлігінің объектілері құрылысына, көмірсутектер сепарациясына, газбензинді зауыттарға, мұнайдың алынуы мен оны өндіру интенсификациясын арттыру мақсатында қабатқа әсер ету қондырғыларына, электр желісіне, өндірісті автоматтандыруға және т.б. кеткен шығындар.

Кенорынды игерудің әрбір жылына меншікті күрделі қаржы салымдары – жинақталған күрделі қаржы салымдарының мұнайдың жылдық өндірісіне қатынасы.

Белгілі бір уақыттағы меншікті күрделі қаржы салымдары жинақталған күрделі қаржы салымдарының осы уақыт аралығындағы жаңа ұңғымаларды есептік өндіруге қатынасымен анықталады.

Ағымдағы шығындар екі түрлі болады. Бірі мұнай, газ және судың ағымдық өндірісіне тәуелді, басқалары ұңғымалар санымен анықталады. Негізінде мұнай, газ және су өндіру деңгейіне механикаландырылған өндіріске, көлікке және мұнайды бірінші өңдеуге жұмсалған энергия шығындары тәуелді. Ағымдық өндіріс, мұнай берілісті арттыру мен мұнай өндірісін интенсификациялау мақсатында қабатқа айдалатын қоспалар көлеміне қабатқа әсер ету бойынша ғимараттарды пайдалану құны тәуелді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: