Мутанттарды алу 1 страница

Мутациялардың әртүрлі типтерін әртүрлі физикалық және химиялық мутагенді факторлардың көмегімен алады.

Физикалық факторлармен споралардың немесе жасушалардың сулы суспензиясын өңдейді. (УФ-сәулелендіру, радиация).

Жасушаларды химиялық факторларымен (алкилирлеуші агенттермен) өңдегенде, берілген заттың мутагенді активтігін туғызатын шарттарды сақтау қажет. (рН сұйық, қатты фаза).

Физикалық мутагеннің әсер ету дозасы радиация типіне сәйкес сәулелендіру бірлігімен көрсетіледі.

Химиялық мутагендер үшін берілген доза температурамен, әсер етуші уақытпен және концентрациямен сипатталады. Химиялық әрекеттесуден кейін материалдарды жуып, оны буфер қоспасына салып қояды. Мутагеннің дозасын таңдағанда өңделген микроорганизмнің тіршілік етуіне қараймыз, ол 0,1 %- 50÷80 % дейін болады.

Оң мутанттарды алу

Кейде оң мутантты таңдау үшін табиғы таңдауды қолдануға болады. Мысалы,херест шарабының ашытқысы (Sacharomyces oviformis) спиртті тотықтыруға қабілеті бар өнімді хересті буклет шарабын алады, концентрленген спиртте 15% артық көбеймейді.Оларды культивирлеуде спирттің концентрациясы 18% дейін болады, осындай жағдайда херестің пайда болуына қабілетті штаммды бөліп алуға болады.

Кездейсоқ мутацияларды таңдау

Қажет өнімді синтездеу жолы жоқ мәлімет болған кезде осы әдіс қолданылады. Әдіс бірнеше сатыдан (мутагенді қолданумен сатылап бөліп алу) тұрады.

Әр саты: бастапқы культура әртүрлі тіршілікті қамтамасыз ететін, бірнеше дозалардан алынған бір немесе бірнеше мутагенмен өңделеді. 100-ден кем емес колонияны таңдамай-ақ әрбір тәжірибеден бөліп алынады. Мутагенмен өңдегеннен варианттардан кейін өнімнің деңгейін бастапқы культураның өнім деңгейінің мәнін % түрінде көрсетеді және вариационды қатарда анықталады.

Алынған вариационды қатарларды бастапқы культураның бақылау қатарымен салыстырады.

Салыстыру нәтижесінде (+) оң және (-) теріс варианттары алынады, олармен барлық клондарды есептейді, олардың өнімділік деңгейі бақылау қатарының х - +2а τ аралығында болады.

(+)оң варианты – әрмен қарай жұмыс жүретін материал үшін, (+)оң варианты берілген мутаген дозасын тағы бір рет қолдану үшін. Бірнеше сатылардан кейін барлық жақсы варианттарды қосады, нәтижелерін статистикалық өңдейді және оптимальды вариантты таңдайды.

Өнімнің деңгейін жоғарылататын мутанттарды таңдау әдістері.

Жасушаның мутагенін өңдегеннен кейін тірі қалғандар арасынан қажетті қасиетімен мутанттарды таңдап алу керек.

Мұны екі жолмен жасауға болады:

1. Берілген мөлшерлік белгісін бағалағаннан кейін «кездейсақ» мутацияларды таңдау, олай болса қажет заттың өнім деңгейі клон саны үлкен болуы мүмкін.

2. Анықталған фенотипті мутанттар арасынан берілген мөлшерлік белгісі бойынша таңдау, оларды тірі қалған клондардың санынан бөліп алу үшін таңдаудың арнаулы әдістері қолданылады.

Әдетте таңдаудың бірінші сатысы – тиімдірек, сосын жүру сатысы төмендейді, мұны болдырмау үшін мутагенді факторды ауыстырады, басқа селекционды сызыққа өтеді және тағы басқа.

Белгілі фенотиппен мутант ішіндегі сандық мәні бойынша бөліп алу

Берілген микроорганизмнің қажет өнімінің өзара синтезі мен реттеу жолы туралы мәліметтерді пайдалана отырып әдісті қолдану.

Ауксотрофты мутация

Ауксотрофтар - олардың өсуіне қажетті бір затты синтездеу қабілетін жұмсаған микроорганизмдер.

Оларды пайдалану ингибитордың пайда болуы немесе қажетті өнімнің синтезін блокирлеуге мүмкіндік жасайды, қажет өнімге өзгеруін тоқтатады. Белгілі әдістерді қолдана отырып ауксотрофты мутацияны мутагеннің көмегімен алады, мұндай мутагенді жеңілдетіп бөліп алу: байыту әдісі, жасуша минимальды ортада өсетін антибиотиктің әсеріне негізделген (демек, прототрофты), сондай-ақ реплик әдісі.

Алынған ауксотрофты мутанттарды қоректену қабілетіне қарай анықтайды, мутантты сол тұтынуымен бөліп алу және соңғысында қажетті өнімді продуцирлеуші қабілетін бағалайды. Егерде метоболит тұтынғанда әртүрлі сатыда оның синтезін блокирлеуге жағдай жасалған болса, онда әрбір сатыда мутатция пайдасын береді. Одан басқа да ауксотрофтылық синтездеу жолында блокты барлық уақытта тудырмайды. Сондықтан бірнеше ондаған мутантты алу керек және сапалы бірдей тұтынатын бірнеше ондаған мутанттың өнімділігін бағалау керек, егерде ауксотрофтылықтың есебі сенімді болса, өнімділігі жоғарыны (таңдау) алу керек және сол мутацияның қажет затының өніміне әсерін дәлелдеуді құру керек.

Ауксотрофты мутантты ревертрант ішінен таңдауда,бұлауксотрофты метаболитті синтездеу жолында белгілі ферменттің деффектісін тудырады, сол өнімді каталитикалық синтездеуде ферменттің функциясының жұмсалуы, каталитикалық тотығуымен мутант алынады.

Өскен колоннаны «фон» құрайтын ауксотрофты жасушадан босату үшін минимальды ортаға (жеке) бөлек колонна болғанша егеді, оны табақшаға ревертанттың колоннасы пайда болғанша егеді. Минимальды ортада өскен колоннаны жарамды ортаға қайта егеді және алынған колоннадан қажет затты продуцирлеу қабілетін бағалау керек.

Құрылысының аналогына амин қышқылды немесе азот негізді резистентті мутанттардың ішінен бөліп алу

Сол заттың селекциялы жұмыс үшін жарамды болуы, табиғи метаболит бойынша синтездің реттеуші жүйеге әсер етуі, жасушадағы бұл метаболиттің функциональды негізгі қызметін атқара алмайды.

Жасушаның өсуін бәсеңдететін қабілеті және мұндай қабілетін жою, осылған табиғи метаболиттің қатысуымен селекциялық жұмыс үшін жарамдылықтың негізгі себебі болып саналады.

Аналого резистент мутант үшін бастапқы культураның жасуша суспензиясын өңдегеннен кейін табақшаға агарланған минимальды ортамен үлкен концентрацияны өңдегеннен кейін аналогты құрайтын бастапқы культуралардың өсуін ингибирлеушіні егеді. Бұл табақшада бірнеше тәуліктен кейін мутант колоннасының инкубациясы байқалады. Мутанттың мұндай бөлігі мутация болады, қажет метаболиттің синтезінің реттелуін бұзатын және мутацияның басқа бөлігі жасушада тасымалдау аналогын бұзатын оның жоғарғы синтезделуін тудырады.

Аналогымен бірге ортада өскен колоннадан бөліп алғаннан соң және әрбір бірінші колоннадан жеке клонды бөлу, қажет затты продуцирлеу қабілетін 1-2 клонда тексереді, аналық штамның ішіндегі өнімділігі орташадан жоғарысын бөліп алады. Содан соң барлық уақытта жәймен жоғарылататын аналогтың концентрациясын немесе басқа аналогымен сол метаболиттің тағы бірнеше сатысын жүргізеді. Бөліп алынған аналого резистентті штаммды зерттеу маңызды, демек ол жоғары синтездеуге бейімделген немесе оның деңгейін жоғарылататын.

Типтік мутацияның бүлінуінен жоғарғы синтезге әкеледі соңғы өнімді (метаболит) ингибирлеушіге (десенсибилизация) реттеуші ферменттің сезімталдық шығыны саналады, сонымен қатар фермент синтезінің репрессия механизмінің бұзылуына оны бақылау жасамайтын синтез қамтамасыз етіледі.

Резистентті антибиотике мутанттардың ішінен іріктеу

Бұл іріктеп бөліп алу әдісі антибиотик продуцентін селекциялауда қолданылады. Әртүрлі антибиотиктердің микроб жасушасына әсер ету механизмі де әртүрлі: кейбіреулері – ақуыз синтезінің ингибиторлары, басқалары – мембранатропты немесе ДНҚ-тропты агенттер. Антибиотиккемутанттарды резистенттін алады, құрамында әртүрлі антибиотиктердің концентрациясы бар немесе жасуша қоректік ортада споралардың суспензиясын егу мутагенсіз өңдеумен жүреді. Антибиотиктер тірі қалған колонияларда мрофологиялық мутанттардың пайда болуын индуцирлеуі мүмкін, сондай-ақ антибиотиктің пайда болу мәні бойынша үлкен өзгергіштікке әкеледі. Антибиотикттерді қолданып, препарат концентрациясын жәймен жоғарылата отырып, селекциялы жұмыстың бірнеше сатысы жүргізіледі.

Морфологиялық мутанттардың ішінен іріктеп бөліп алу

Ііріктеп бөліп алудың бұл түрі тек сандық мәні бойынша іріктелген жоғары өнімділікті штамдағы морфологиялық өзгерістерді анықтаудың жеке факторларына негізделген. Өнімділігі жоғары штаммдар көп жағдайда аз спора түзуші немесе жоғары спора түзуші болады, олар пигменттерін жоғалтады немесе жаңа түрін түзе алады, колонияның формасын немесе көлемін өзгерте алады. Мутагенді әсер етуден кейін тірі қалған колониялардың ішінен морфологиялық өзгергендерді жаппай іріктейді және оларды өнімділігі бойынша тексереді.

Барлық сипатталған әдістерді қолданудың негізгі мақсаты – «қажет» мутацияны іздеу диапазонын қысқарту, бұл ізденіс жұмыстардың көлемін азайтып, кездейсоқ мутацияны сатылы іріктеумен салыстырған тиімдірек.

продуцирлейді


продуцирлемейді

36 сурет - Селекциялық жұмыстың сызба – нұсқасы

Генетикалық рекмобинатты алу әдісі

Биологиялық активті заттардың продуценті селекцияда генетикалық рекомбинаттар әзірше кең қолданыс таппады, бұл биологиялық активті заттардың микроорганизм-продуценттерінің көпшілігінде генетикалық алмасу жүйесі жоқтығына байланысты.

Әдістің тиімді жағы – бұл әртүрлі туыстық штаммдардан бір геномда әртүрлі мутацияларды біріктіру мүмкіндігі. Қазіргі уақытта амин қышқылдары мен антибиотиктер продуценттінің селекциясында қолданылатын мысалдар бар.

Генетикалық алмасу жүйесі барды, сол микроорганизмдер үшін бұл әдісті қолдану қолайлы болып табылады. Барлық сипатталған әдістер дәстүрлі деп аталады, демек ген инженериясының жаңа перспективті әдісі пайда болды, бірақ дегенмен олар ескірген жоқ және де бұрынғысынша кеңінен қолданылуда. Сонымен бірге өндірістік микроорганизмдерден плазмидтерді іздеу кеңінен жүргізіліп келеді және де оны клондау мен амплификациялауда генетикалық материалды тасымалдағанда вектор ретінде қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл зерттеулер өндірістік микроорганизмдер ген инженериясының аумағына жақындатады.

Тест сұрақтар

1.Селекцияға қолданылатын микроорганизмнің штамы..болуы керек:

А) арзан және оңай табылатын субстрата өсетін;

Б) патогенді болуы;

С) генетикалы біртекті емес;

Д) өсу жылдамдығы төмен болуы;

Е) соңғы өнімнің минимальды мөлшерде болуы;

2.Микроорганизм селекциясы - бір немесе бірнеше селекциялық мәнімен анықталған микроорганизмнің жаңа штамын бөліп алу және барын жақсарту және таңдау:

А) генетикалық заңдылық негізінде;

Б) генетикалық заңдылықсыз;

С) адамның қатысуынсыз;

Д) культивирлеу әдісімен;

Е) жаңа мәндерді алуға болмайтын;

3.Метаболизм- биохимиялық реакциялардың тібегінің жиынтығы:

А) жасушада жүретін тіршілік ету процесінде;

Б) ферментерде жүретін;

С) ферменттің қатысуынсыз жүретін;

Д) органикалық қышқылдың пайда болуына әкелетін;

Е) метаболиттің пайда болуына әкелетін;

4. Жасуша- негізгі функциональдық-структуралық бірлік:

А) Барлық тірі организмдердің;

В) Минералды тұздардың қышқылдардың негіздердің;

C) Микроорганизімдердің;

D) Жануарлардың;

Е)Өсімдіктердің және жануартекті клеткалардың;


ІІ МОДУЛЬ. МИКРОБТЫ БИОМАССА АЛУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР

6-сабақ. Ауыл шаруашылығына арналған препараттар.

Микробтық ақуыз өндірісі

Сабақ жүргізу формасы: мимен тереңірек ойланып жүргізу

Жоспары:

1.Микробтық ақуыз өндірісі

2.Ашытқыны және бактерияны қолдану

3.Балдырларды және микроскопиялық саңырауқұлақтарды қолдану

Микробтық ақуыз өндірісі

Ауыл шаруашылық жануарларының рационында нормаға сәйкес әрбір азықтық бірлікке кемінде 110 г жарамды ақуыз қажет. Әр түрлі ақуыз қосылысынның барлық уақытта синтезіне қажет организмнің тіршілік ету функциясын ұстау үшін жасуша мен ұлпаны тұрғызу керек. Егер көмір қышқылынан, судан, аммиактан және минералды тұздан алынған көптеген микроорганизмдер барлық ақуыз аминқышқылдарын және өсімдікті синтездеуге қабілетті, бірақта адам және жануарлар кейбір аминқышқылын (валин, изолейцин, лейцин, треонин, метионин, лизин, фенилаланин, триптофан) синтездей алмайды, ал кейбіреулерін алмастырмайтын амин қышқылы деп атайды.Бұл амин қышқылы адам ағзасына тамақпен түсуі қажет,ол ауыл шаруашылығында жануарлар өнімінің төмендеуін тудырады.

Адам баласына ең қажетті тамаққа қосылатын алмастырмайтын амин қышқылы – жануарлар мен өсімдік тектес ақуыз, ал жануарлар үшін - өсімдік тектес ақуыздар жатады. Барлық алмастырмайтын амин қышқылдары белгілі қатынаста сол микроорганизмнің қажеттілігін өтейтін тамақ ақуызында құралады. Егерде ақуыз құрамы өсімдік азығында нормадан төмен болса, азықтың шығынынан және жануарлар өнімінің ақуыз санының өзіндік құны алмастырмайтын амин қышқылының препарат түрінде ақуыз қоспасын қосумен алмастырылады, демек орнын басады немесе жоғарғы құрамда ақуыз массаны бірқатар амин қышқылымен салыстырғанда қосылады. Сондай-ақ жоғарғы биологиялық құндылығы бидайдың, күріштің ақуызы және бұршақтың да құндылығы болады. Бидай дәнінің және арпаның ақуызында лизин, метионин және изолейцин өте төмен, жүгері ақуызында триптофан төмен. Ақуыз және алмастырмайтын амин қышқылы бойынша азықтықты баланстауда концентрленген ақуыз қоспасы комбикорм қолданылады. Оларды дайындау үшін ет сүйек және балықтың ұнын, ет және сүт өндірісінің қалдықтарын, ұнның кебегі, бұршақ тұқымдас культураның шроты қолданады. Мкроорганизмдерді ақуыз және витамин көзі ретінде тамақ өнімі өндірісінде қолдануда үлкен көңіл бөлініп отыр.

Тамақ өнімі өндірісінің технологиясында микроорганизмдерді қолдану экономика жағынан тиімді және перспективті бірқатар факторлар көрсетеді:

· әртүрлі химиялық қосылысты қолдану мүмкіншілігі, соның ішінде микроорганизмді культивирлеу үшін өндіріс қалдықтарын қолдану мүмкіндігі;

· ақуыз синтезінің жоғарғы қарқындылығы;

· микрооорганизмді культивирлеу күрделі емес технологиямен тәулік бойы және жылдың барлық мерзімінде;

· микроб негізінде препаратта және липидте сондай-ақ көмірсуда витаминнің және ақуыздың жоғарғы құрамы;

· өсімдік ақузымен салыстырғанда алмастырылмайтын амин қышқылының жоғарғы құрамы;

· ақуыз және витамин өнімнің бағалылығын жаңарту үшін микроорганизмнің химиялық құрамына генетикалық әсерінің мүмкіндігі.

Тамақ өнімін дайындау үшін микроб тектес ақуызды қолдану, өсімдіктің және жануарлардың ақуызының жоғары бағалылығын үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ дайын өнімдегі биологиялық бағалылығын жоғарылатады.

3 кесте - Кейбір микроорганизмнің ақуызында алмастырылмайтын амин қышқылының құрамы (100г ақуызда граммда)

Амин қышқылы Микроорганизмдер
Ашытқы Балдырлар Бактерия Саңырауқұлақ Актиномицет
Валин 5-7 5-7 4-6 5-7 5,5
Лейцин 6-9 6-10 5-11 6-9 7,7
Изолейцин 4-6 4-7 5-7 3-6 5,3
Треонин 4-6 3-6 4-5 3-6  
Метионин 1-3 1,5-2,5 2-3 2,5 1,3
Лизин 6-8 5-10 6-7 3-7 6,4
Фенилаланин 3-5 3-5 3-4 3-6  
Триптофан 1-1,5 2 дейін 1,5 1,5-2 1,4

Тамақ өнеркәсібі өндірісінің қалдығы азықтық өнім және оларды микроорганизм негізінде қолдануға мұқият медико – биологиялық зерттеулер жасалды.Азықтық ақуыз көзі ретінде көбінесе әр түрлі ашытқылар және бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, бір клеткалы балдырлар қолданылады.

Азықтық ақуыз өндірісі

Микробиологиялық синтез өндірісінің алдына тамақ өндірісінде қажетті өнім ассортименті мен шығарылуы жөнінде маңызды талаптар қойылған.

Биомассадан алынған ақуыз.Азықтық ашытқылар өзінің ақуыз-витамин қоспасымен мал азығына қосылып, мал шаруашылығында кеңінен қолданылады. Бірақ жануарлар организмінің қоректік затының үлкен бөлігі (65-90 %) тіршілік ету барысында қайтымсыз жоғалады. Егер мына сызба нұсқада “микробтық ақуыз үй жануары- адам”, бір тізбекке қысқартсақ, келесі сызба нұсқаны аламыз “микробтық ақуыз-адам”, онда бір клеткалы ақуызды қолдану 5 есеге өседі.

Көптеген елдерде азықтық ақуыз өнімін алудың микробиологиялық әдіспен өндіру үшін қарқынды зерттеулер жүргізілуде. Продуцент ретінде көбіне әртүрлі ашытқы штамдары, бактериялар, актиномициндер ұсынылады. Көміртегі көзі ретінде спирттер (метил, этил) газ түзуші көмірсулар (метан, этан, пропан) органикалық қышқылдар (сірке) және т.б. қолданылады.

Азықтық ақуыз өнімдері үшін микроорганизм биомассасын алу технологиясы азықтық ашытқыны алу технологиясынан ерекшелігі жоқ, бірақ бастапқы компоненттің, қоректік ортаның жоғарғы дәрежеде таза болуын талап етеді. Азықтық ақуызды алуда технологиялық қиындықтар, микроорганизмді биомассадан бөлп алу сатысында азықтық сапасы немесе дәмі төмендейді. Биомассаға механикалық және химиялық әсер етеді, липидтің құрамы, нуклеин қышқылының азаюы, клетка қабығының бұзылуы үшін әртүрлі экстрагенттермен өңделеді. Биомассаны тереңірек өңдеуде, жақсы қасиетке ие ерігіштік гель түзу қабілетіне ие және т.б. ақуыз құрайтынды алуға мүмкіндік береді.

Азықтық ақуызды микробиологиялық синтездеу арқылы алу экономика жағынан жоғарғы мәнге ие. Мысалы 25 мың тонна ақуыз изолятының 37 мың тоннасы жоғарғы сортты ет.

Ақуыз изоляты-бұл табиғи полимерлер, сондықтан оларды тамақ өндірісінде қолдану әртүрлі сатыда. Таза күйінде олардың дәмі, иісі болмайды сондықтан оларды дәстүрлі тамақ өнімдеріне байытатын қоспа ретінде қолданады (колбаса, ірімшік және т.б). Қоректік күшті өнім ақуыз изоляты негізінде алу үшін оларға сыртқы түріне, иісіне және дәміне қарай, физика механикалық қасиет береді.

Полимерлік сипатының арқасында және күшті өзара молекулярлық әрекетінің арқасында ақуыз гель түзе алады. Полимерлік заттарды өңдеу әдісін қолданып ақуызды қажет азықтық формасында алуға болады.

Азық өнімдерінде табиғи қоспа және қоспалар әсіресе, тамақ даярлауда, қайнатуда пісіруде иіс пен дәм береді. Кез келген дәмді ингридиенттен тұрады: тәтті, ащы, қышқыл, тұзды – және оны араластырудың арқасында алуға болады, қант ерітіндісі, тұздар, қышқылдар және кофеин.

Табиғи өнімнің иісі күрделі ондаған қоспаның композициясы арқылы беріледі, олардың массалық үлесі бірнеше милионның бір бөлігін құрайды. Жасанды өнімнің иісін аминқышқылын және олардың қантпен қоспасын қолдану арқылы өзгертуге болады.

Қазіргі кезде тамақтың жаңа формасын изобояулар, ароматтайтын дәмді заттар ақуыздың изоляты негіздеген.

Азық ақуыз өндірісі бір клеткалы микроорганизм биомассасынан алу көптеген елдерде негізделген. Францияда “протибел” атты ашытқы биомассасын құрайды, лактоза өсіріп азықтық өнімін шығарады. Протибел 50% ақуыздан тұратын, оны сорпаға, кондитерлік өнімдерге, сусындарға, балалардың қоректік өнімдеріне қосады.

Микробиологиялық ақуызды этил спирті негізінде өндіру тәжірибелік-өндірістік көлемде Чехославакияда жүзеге асырылды.

АҚШ-та этил спиртінде азықтық ашытқыларды өндіретін қондырғылар жұмыс істейді. Осы ашытқы негізінде 30-ға жуық әртүрлі азықтық өнімдер шығарылады.

Англияда метил спиртінде бактерия өсіру арқылы “прутин” өнімін шығарады. ФРГ-да метил спиртінде жем ретінде және азықтық мақсатта микроорганизмнің биомассасын алады.

Кеңес үкіметі кезінде кең көлемді қолданбалы зерттеулер бір клеткалы организм биомассасынан изолирленген ақуыз алу аумағында жүргізілді.

Азықтық ақуыз өнімі

Микробиологиялық өндірістің алдындағы негізгі мақсатының бірі ауылшаруашылығын жарамды азықтық ақуызбен қамтамасыз ету. Мал шаруашылық өнімі өндірістің кеңейуіне байланысты сенімді азықтық базасын құруды талап етеді.

Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы тұтынатын азықтық ақуызда негізінде өсімдік шаруашылығының есебінен қанағаттандырады. Бірақ мұндай дән культурасы, картоп, азықтық шөптер сияқты бағалы өсімдік азығына микроэлементті және витаминді, жарамды ақуызды тек қоспа ретінде қосқан кезде эффективті қолдануы мүмкін. Өсімдік азығының сапасын жақсарту үшін оларға балық және ет – сүйек ұнын, майсыз сүтті қосып байытады. Бірақ мұндай ақуыз қоспа өндірісінің көлемі мал шаруашылығында тұтынатындарды қанағаттандырмайды. Әлемнің барлық елдерінде азықтық ақуыздың деффецит тапшы екені белгілі. Азықтық ақуыз өнімін алу үшін қолданылатын шикізатына байланысты тауарлардың аттары келесідей болады: өсімдік затының гидролизатында және сульфитті сілтіде немесе гипринде – азықтық ақуыз; метил спиртінде – меприн; мұнай парафинінде – азықтық ашытқы, ақуыз азықтық концентраты немесе паприн; этил спиртінде – эприн.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: