Лекция №17 тақырыбы: 20ғ. -21ғ. Мәдениеті контектіндегі батыстық философия

Жоспары:

  1. Позитивистік философияның эволюциясы. Неопозитивизм.
  2. Постпозитивизм және ғылыми білімнің даму проблемасын зерттеу.
  3. Экзистенциализмнің пайда болуы және оның мәні.

Лекцияның мақсаты: 20-21ғ. мәдениетіндегі негізгі бағыттармен жіне философиялық ойлармен танысу.

1 ІІІ. Неопозитивизм (“логикалық атомизм”, “логикалық позитивизм”, “логикалық эмпиризм”,”логикалық талдау”, “талдау философиясы” т.б.)

Позитивистік философияның үшінші формасы. Сөздің тар мағынасында неопозитивизм – бұл ХХ г-ң 30-шы жылдарының логикалық позитивизмі, ал кең мағынада ХХ ғ-ң 20-60-шы жылдарындағы бүкіл позитивистік ағымдардың жиынтығы.

Неопозитивизмнің пайда болып, қалыптсуында ағылшын логикі, математигі Б.Рассельдің және австралиялық философ Л.Витгенштейннің рөлі ерекше.

Неопозитивизм дүние туралы барша білімдерді бізге тек нақты эмпирикалық ғылымдар ғана бере алады деген тұжырымға келеді.

Позитивизмнің ең соңғы кезеңі, постпозитивизм болды.

2. Постпозитивизм неопозитивизмнің жаңарған түрі. Оның басты ерекшелігі және көңіл қояр мәселесі, ғылыми формалардың және оның дайын нәтижелерінің дамуы, әлеуметтік іс-әрекет ретіндегі ғылыми маңызды талдау. Постпозитивизмнің басты екі бағыты бар. Олар: сыни рационализм және тарихи-әлеуметтік бағыт. Бірінші бағыттың өкілдері: К.Поппер, Дж.Ағасси, Д.Уоткинс, Г.Альберт, Г.Ленн. Екінші бағыт өкілдері: И.Лакатос, Т.Кун, Л.Лаудан, П.Фейерабенд т.б.

Сыни рационализмнің негізін қалаған Карл Поппер болып табылады (1902-1994). К.Поппер өзінің ең басты мақсаты ретінде, ғылыми білімді метафизикалық яғни ғылыми емес білімнен бөлу деп есептеді. Осы мақсатқа жету үшін, алдымен ақиқатты бірақ логика тұрғысынан алып қарағанда үлкен ұғындырушы күшке ие белгісіз ақиқатты айқындап алу қажет.

Позитивизмнің тарихи-әлеуметтік бағыты, методалгиядан гөрі, ғылымдар тарихына көбірек ден қояды. Осы бағыт өкілдерінің бірі – Томас Кун (1922ж. туылған). Оның басты еңбегі: “Ғылыми төңкерістердің құрылымы” деп аталады. (1963) Бұл еңбегінде автор, ғылымға оның тарихына әлеуметтік және психологиялық алғы шарттарды ескере отырып өз тұрғысынан қорытынды баға береді. Ол “парадигма” ұғымын енгізеді. (Бұл зерттеу міндеттерін орындаудың үлгісі ретінде қабылданған теория) Парадигмалар – пісіп жетілген ғылымдардың кезеңдері. Мұның шегінде мына міндеттер жүзеге асырылады: фактілерді анықтап оны жинақтау, оларды теориямен салыстыру, теорияны құру.

3. Экзистенциализм (лат. Existentia - өмір сүру) өмір сүру философиясы. Бұл иррацианалистік философия, оның басты мәселесі – адам, оның проблемасы, қиындықтар, оның қоршаған ортадағы өмір сүруі. ХХ ғасырдың 20-90 ж-да экзицтенциализм Батыс Европа мен АҚШ-та ең әйгілі философиялық бағыт болды.

Экзицтенциализм академиялық консепция емес. Оның басты тақырыбы – адамның өмірі, қазіргі замандағы жеке адам тағдыры, өмір мәні, іштей таңдау мәселесі, жалғыздық мәселесі, адамның дүниедегі өз орнын табу мәселесі, адамның оқшаулану мәселесі (қоғам мен мемлекет адам үшін жат болып, оны жеке адам ретінде езіп тастайды).

Экзицтенциализм философиясында екі бағытты айқындауға болады. Олар: діни (К.Ясперс, Г.Марсель, Л.Шестов, Н.Бердяев) және атеистік (М.Хайдеггер, Ж-П.Сартр, А.Камю, М.Мерло-Понти). Бұл бөлініс шартты түрде ғана, экзицтенциализм шығармашылығының ең басты сарыны – Құдай өлген деген ұғым, өмір Құдайсыз мүмкін емес деген ұғыммен қабат өмір сүреді.

Экзицтенциализм философияның пәні ретінде адам өмірі ретінде түсіндірілетін болмысты мойындайды. Болмысты тану біздің “өмір сүруімізге” терең үңілу болып табылады.

Бақылау сұрақтары

  1. А.Камюдің адам туралы ілімі
  2. Ж.П. Сартр философиясы
  3. Хайдеггердің болмыс ілімі
  4. Томас Кун «Ғылыми төңкерістердің құрылымы»


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: