Лекция № 16 Тақырыбы: Қазақ мәдениетіндегі философия феномені

Жоспар:

  1. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасыр басындағы қазақ философиясының ерекшелігі. Ш Құдайбердиевтің діни-философиялық көзқарастарі.
  2. 2. ХХ ғасырдың басындағы қазақ жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің әлеуметтік-философиялық ілімдері.
  3. 3. ХХ ғасырдың бірінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы философияның дамуы.

Лекцияның мақсаты: 20ғ. қазақ даласының жарқын ағартушыларымен және олардың іс-қызметімен, көзқарастарымен танысу.

1. Шәкәрім ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының философиялық ой деңгейін жарқырата ашып беруінде ерекше еңбегі бар.

Шәкәрім үлкен өзгерістер кезеңінде қазіргі біздің кезеңмен ұқсас дәуірде өмір сүрді. Мұндай кезде, әдетте, адамзат өркениетінің ұлылығы мен қатар оның осалдығы, нәзіктігі де жіті байқалатыны сөзсіз. Бұл кейде адамда үрейшіл-дүрлікпе көңіл күй тудырса, халқының болашағын ойлайтын гұламалар рухани мәдениетті сақтап қалуға болашаққа деген сенімді жоғалтпауға әрекет етеді, барлық күш жігерін соған жұмсайды.

Шәкәрім алдында күрделі де, қайшылыққа толы мәселе – философияның неізгі сұрағы жатты. Оған жауап ретінде “Үш Анық” атты еңбегі пайда болды. Бұл еңбек философиялық идеяларға қозғау салып, заман ағымына деген өз көзқарасының пайымдылығын танытты. Шәкәрім жаратылыс адам, жан мәселесіне орай негігі екі шешімді мысалға келтіре отырып (діншіл, пәншіл) оларды екі тұрғыдан, екі жақты қарастырды. Идеялизм мен дін арасындағы өзара байланысты аңғармаса да бұл мәселеде бір жақты кесімді жауап береді. Шәкәрім қалыптасқан дәстүрлі байланыстардан бас тартып, бәрін бір Құдайға әкеп тірейтін діншілдікті сынайды.

Жердің жүзін дәл тауып,

Ешбір дін жоқ орныққан.

Бәрінде де бар қауіп,

Дін көбейді сондықтан,- деп толғанды.

Яғни Шәкәрім жауапты табиғаттан, жаратылыс дамуынан іздейді. Шәкәрім антикалық классиктерден бастап, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы ғылыми жаңалықтарымен әйгілі болған ғалым ойшылдардың еңбектерімен таныс болды. Шәкәрім үшін бұл толып жатқан үйінділер болды. Әрбір ойшының көзқарасы Шәкәрім үшін өз алдына үйінді іспеттес болды. Міне сол әрбір үйіндіден Шәкәрім кішкене де болса алтын тауып, оны жинақтады.

Өзге де ойшылдар секілді Шәкәрімнің де басты тақырыбы – ол адам, адамның жаны, сол жанның тазалығы. Жан Шәкәрім үшін ең күрделі проблема, әрбір тіршілік иесінің өзіне лайық жанынан басқа бәріне ортақ, бәрін жаратушы, қадағалаушы және бәріне қозғау беруші “Құдіретті субстанция”- Жан жатыр. Шәкәрім оны түп жаратушы, тәңірі, мінсіз ие деп атап, оған философияда қалыптасқан “Бүкіл әлемдік ақыл” сипатын береді.

2. ХХ ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты, ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді. Әрине оларды дүниеге алып келген объективтік қоғамдық жағдайлар. Ресейде құлашын жайып дами бастаған капитализмнің ХХ ғасырда Батыс Европа елдері сияқты империализм сатысына көтерілгенін, отаршылдық қысымның күшейгенін атап өтер едік. Соған сәйкес Ресейдің орталық аудандарында революциялық шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыстар күшейді.

Сол кездегі қазақ зиялыларын ойландырып толғандырған ежелгі проблема – отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақтарды өз алдына тәуелсіз ету, халықтың санасын ояту.

Осы мақсатқа бағытталған әрекеттердің бір нәтижесі – 1909 ж. Уфа қаласында жарияланған М.Дулатовтың “Оян қазақ” поәмасы. Поәма

“Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты!

Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп

Қазағым, енді жату жарамасты”

деген ұран сөздермен басталады. Поәманың атына ішкі мағынасы сай, халыққа көзіңді аш, оян, айналаңды жайпап, жаушы барады, енді намыстанып, егеменді болмасаң бәрінен айырыласың деп, санасын ащы сөздермен оятып тұр.

Ахмет Байтұрсынов қазақтың көрнекті ағартушы демократы, ақын, жазушы, әйгілі қоғам қайраткері, ғалым, философ. Оның ғылыми ізденісінің негізі – ол әдеби шығармашылық, тілді зерттеу оның қоғамдағы қызметі, қоғам өмірі мен адамдар іс-әрекетін ұйымдастырудағы рөлі.

А.Байтұрсынов өзінің философиялық көзқарасын “Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде жинақтап, баяндап берген. Оны ең басты қызықтырар мәселе тіл білімінің философиялық проблемасы, әдебиеттану, жалпы тіл өнері.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920). Оның философиялық мазмұнында жазылған атақты “Адасқан өмір” поәмасы болып табылады. Осы поәмасында автор адам өмірінің мәні туралы, қоғам мен оның дамуы жайлы, болмыстың жалпы негізі жайлы, танымның адам мен қоғам дамуындағы рөлі жайлы терең ойға беріледі. Бүкіл осы философиялық проблемалардың жиынтығын ғылыми тұрғыдан емес, көркем ойдың логикасы көмегімен және шындықты эстетикалық тұрғыдан көрінді.

3. Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ философиясы Марксистік кеңес философиясының бір бөлігі ретінде дамыды.

Кеңестік Қазақ философиясының дамуы Ұлы Отан соғысынан кейін дамыды. Бұл кезеңдегі философия Кеңестік философияның шеңберінде яғни оның методологиясы шеңберінде дамыды. Кеңес Дәуіріндегі Қазақ философиясы осы кезеңдегі орыс философиясы секілді Марксистік-Лениндік принциптерді басшылыққа алып, қоғамдық ой материализм мен атеизмнің шырмауында қалып қойды.

КСРО- ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстандағы қоғамдық ой, өтпелі кезеңге тән идеялық бірлікті қажетсінуді бастан кешуде. Бұл жөнінде қазіргі таңдағы қазақ ойшылдары мен зиялы қауым арасында идеялық алуан түрлілік байқалуда. Зиялы қауымның бір бөлігі қоғамды рухани адасушылықтан алып шығар жалғыз жол ол қазіргі замандағы жаһандастыруға төтеп берер жаңарған “Қазақ идеясын” қалыптастыруда деп білсе, екіншісі, дүние жүзілік дамудың қуатты ағымында тұншығып қалмас үшін прогресспен ілесе жүруді ұсынады.

Бақылау сұрақтары:

1. Шәкәрімнің танымдық көзқарасын қандай танымдық бағытқа жатқызуға болады?

2. Отандық философиядағы «батысшылдар» көзқарасын сипаттаңыз


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: