Лекция № 27 Тақырыбы: Әлеуметтік философия

Жоспары:

1.Қоғам өмірінін әлеуметтік саласы:

а/Қоғамның әлеуметтік кұрылымы түсінігі.

б/Философиядағы этнос мәселесі.

в/Отбасы әлеуметтік топ ретіндс.

2.Қоғамның саяси саласы.

а/Саяси қатынастар ұғымы.

б/ Қоғамдық билік және оның түрлері

в/ Мемлекет қоғамының саяси жүйесінің өзегі ретінде.

Лекцияның мақсаты: Қоғам өміріндегі негізгі жүйелермен танысу

1.а/ Қоғамның әлеуметтік құрылымын әдетте ірі әлеуметтік топтарға,
орташа және ұсақ әдеуметтік топтарға бөлу қабылданған. Ірі
әлеуметтік топтарға жататындар бүкіл қоғам (ел) шеңберінде өмір сүретін
топтар: ру, тайпа, халық, ұлттық қауымдастықтар, топтар, кәсіптік және
басқа да әлеуметтік топтар, жас шамасына қарай (жастар жергілікті т.б.)
жіктелулер жатады.

Бір кәсіпорынның қызметкерлерінің өндірістік бірлестіктері, адамдардың территориялық (ауыл, селолық, қалалық т.б.) бөлінуін орташа (иемесе жергілікті) топтарға жатқызады.

Сондай-ақ толып жатқан ұсақ топтар да бар.Оларға - отбасы, бастауыш өндірістік топтар (бригадалар), мектеп сыныптары, жерлестік, достастық топтар т.б жатады. Орташа және ұсақ топтармен нақты социологиялық зерттеулер айналысады.

Қазірі әлемнің этносферасы аса күрделі: оған қарқынды өсу тән болғанымен,
сонымен бірге ол кайшылыққа да толы. Онда сан мыңдаған, ал кейде жүздеген адамды ғана
қамтитын архаикалық - этникалық қауымдастықтармен қатар, қазіргі заманға тән
этностар бірге өмір сүреді.

Дүние жүзіндегі барлық этностар әлеуметтік, саяси және экономикалық дамуы әр түрлі деңгейдегі және көбіне полиэтникалық болып келетін (көп ұлтты) екі жүзден астам елдің құрамына кіреді.'І'ек жиырмадан аз мемлекеттер ғана салыстырмалы түрде моноэтникалық (бір ұлтты) деп есептелінеді, өйткені ондағы этникалық аз ұлттар тұрғылықты халықтың 5 %-дан азын құрайды. Демек, моноэтникалық мемлекеттер де этникалық тұрғыдан абсолютті біртекті болып табылмайды. Дәстүрлі көзқарас бойынша жердің бүкіл тұрғылықты халқы үш нәсілге бөлінеді: ақ, сары, қара, яғни еуропеоид, моңголоид, негроид. Ал соңғы зсртеулер бойынша адамдар тоғыз нәсілге бөлінеді, оның үстіне отыз екі топтың берілген схемаға енбейтіні анғарылды. Өзге топтар нәсілдік белгілеріне қарай екі жүз. Қазіргі адамзат қоғамының арғы тегі - өмірдің ең бірінші формасы ретіндегі алғашқы адамдар тобыры. Ру - бір атадан немесе анадан тараған қандас, туыс адамдардың кішігірім тобы. Рудың арғы тегі алғашында әйел (матриархат дәуірі).одан кейін еркек адам(патриархат) болды. Ру - белгілі бір ортақ шаруашылық және қорғаныс мүддесі бір, табиғаттың стихиялы дүлей күштеріне бірлесе қарсы тұратын туыс адамдар тобы. Рудың өндірістік негізі еңбек құрал жабдықтарын бірлесе иемденіп бірлесе пайдалану. Ру - алғашқы тапсыз қоғамның бастапқы өндірістік және экономикалық ұжымы. Оны тегі бір, әдет – ғұрпы, тұрмыс жағдайы мәдени кейпі бір ұйым деп атауға болады. Рудың қоныс мекені сондай-ақ аң аулау, жеміс-жидек жинау және басқа да өндірістік қызметтерді іске асыратын жерлсрі ортақ болады. Рудың экономикалық өмірінің негізі - алғашқы қауымдық меншік.

Өндіргіш күштердің дамуымен бірге ру ішінде еңбекті ұйымдастырудың жаңа формасы пайда болды. Жеке адам немесе ру тұтас еңбектің бір түрімен – егіншілікпен, мал өсірумен иемесе жеке-дара бұйымдарды жасап шығарумен, яғни қол өнермен айналыса бастады. Ол бүкіл еңбек бөлінісінің жаңа формасының - қоғамдық еңбек бөлінісінің шығуына, сондай-ақ рулар арасында жаңа қатынастардың –экономикалық қатынастар мен өнім алмасу қатынастарының тууына алып келді.

Рулық қауымдасықтың дамуының барысында жаңа рулар пайда болып, олардың санының көбеюіне байланысты жаңа қауымдастық -тайпалар пайда болды. Бірнеше рулар бірігіп бір тайпа құрды.Рулардың тайпаға бірігуі қандас туыстық және ортақ территориялық негізде жүзеге асты.

Бір тайпаға біріккен рулар өздерінің экономикалық және басқару дербестігін сақтап қалды, тек бүкіл тайпа үшін үлкен маңызы бар кейбір жұмыстар ғана тайпалық басқару органы болған тайпа кеңесі мен жиналысының шешуіне берілді (тайпа жиналысына оның барлық мүшелері қатысты; ал тайпа кеңесіне ру ақсақалдары катысқан) тайпаларды басқыншылардан қорғау мүддесі әскер басшыларын сайлау қажеттігін туындатты.

Тайпалар одағының құрылуы әлеуметтік қауымдастықтың тайпалық дамуының жоғары формасы болып табылады. Тайпалық одақ таптық қоғам пайда болғанға дейінгі қоғамдық ұйымдасудың ең жоғарғы формасы болды. Ал таптар пайда болғаннан кейін ел басқару формасы таптық және территориялық бөліну принципіне негізделетін болды.

Ру-тайпалық басқару ісі барған сайын күрделене түсті. Басқарудың жаңа формасы қажет болды. Сонымеп қатар жеке рулар мен тайпалардың арасында мүлік теңсіздігі шыға бастады. Сөйтіп, ру-тайпалық қоғамдық қатынастар ыдырап, таптық қоғамның қалыптасуы басталды. Адамдар енді қай руға, қай тайпаға жататынына қарай бөлінбей, ең алдымен қай тапқа жататынына қарай бөлінетін болды.

Таптық мүдделері бір-біріне қарама-қарсы, бірақ бір өндіріс процесінің төңірегінде топтасқан тілі, территориясы бір, мәдени, әдет-ғұрып ерекшеліктері бірдей адамдар енді халықтық деп аталатын әлдеқайда мол аламдарды қамтитын, күрделірек қауымдастық құратын болды. Ұлт дегеніміз - тілі, территориясы, экономикасы, мәдениеті және психологиясы ортақ, тарихи тұрғыда қалыптасқан адамдардың үлкен тұрақты тобы. Бұл анықтамада ұлттың төрт негізгі белгілері атап көрсетіліп отыр. Бірінші орында тілдің ортақтығы мен территорияның ортақтығы көрсетілген. Бірақ бұл ортақтықтарды ұлттың басты, шешуші белгісі ретінде қабылдауға болмайды, өйткені ұлттың қалыптасуындағы шешуші маңызды бір белгісі - ол экономикалык өмірдің бірлігі мен ортақ психология. Тіл мен территория ортақтығының бірінші, екінші болып тұрғандығы - олардың тарихи тұрғыдан бұрын пайда болғандығын және ұлттың бұрынғы қауымдастықтармсн сабақтастық байланысын көрсету үшін қажет.

В) Отбасы адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін әлеуметтік топ болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Отбасы - еркек пен әйелдің табиғи жыныстық және басқа да қажеттерін (рухани, этникалык, эстетикалық т.б.қажеттері) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіруші, дамытушы әлеуметтік топ.

Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша – отбасы ішкі қатынастары, құрылымы мен формасы тарихи тұрғыда өзгеріп отыратын әлеуметтік топ болып табылады. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады: репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру); қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау) балаларды оқыту, тәрбиелеу; эмоциялық (ерлі-зайыптылардың бірін-бірі сүюі); әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, жақсы мінез-құлыққа т.б.баулу). Отбасының өзінің тарихи өзгерісінс байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады. Қазіргі кезде қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Құқықтық институт ретінде отбасы -туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысқан адамдардың тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттср берілген.

2. а) Саясат деп әлеуметтік топтар, ұлттар немесе мемлекеттер аралысындағы қарым-қатынасты айтады. Бұл қарым-қатынастар осы топта арасындағы билік үшін күреске байланысты. Сондай-ақ, мемлекеттің қоғамды басқарудың мазмұнын, түрлері мен тәсілдсрін білдіреді. (саяси қатынастар болуы үшін немесе жүзеге асыу үшін саяси сана - сезім болуы шарт. Саяси сана дегеніміз - бұл ірі әлеуметтік топтардың негізгі мүдделерін білдіретін сезімдердің, дәстүрлердің идеялар мен теориялардың жиынтығы. Олар бір-біріне және қоғамның саяси институттарына қатысты. Саясаттың маңызды аспектілері: саяси бағыт пен саяси мақсаттарды іске асыратын практикалық іс-әрекеттер, әлеуметтік топтардың, ұлттар мен ұлыстардың, мемлекеттердің, мемлекетаралық бірлестіктердің мақсаттары мен мүдделер;, саясаттың субъектілсрі болып табылатын – азаматтар, көшбасшылар, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, мемлекеттердің бірлестіктер;, мемлекет ісіне азаматтардың саяси және мемлекет қайраткерлерінің, қоғамдық ұйымдардың қатысуы;ғылымның әлеуметтік заңдарға сүйене отырып, саяси-іс-әрекеттердің мәнін ашып көрсету шамасы; адамдармен жұмыс істеу, олардың мүмкіндіктерін іскерлік қабілеттері мен адами қасиеттерін ескере білу өнері.

Ал саясаттың маңызды қызметіне - саяси қатынастарды ұйымдастыру, саяси сананы қалыптастыру, билеуші топтардың және әлеуметтік топтардың қоғамдық-саяси ұйымдастырылуын қалыпқа келтіру жатады.

Саясат болғаннан кейін, біз саяси іс-әрекетті айналып өте алмаймыз саяси іс-әрекет сыртқы және ішкі саясат болып екіге бөлінеді. Саясаттың құрылымы - ол мемлекет пен қоғамдық ұйымдар.

Б). Қоғамның саяси өмірдегі, оның азаматтарының саяси сана -
сезімдерінің оянуында әртүрлі әлеуметтік топтардың, таптардың өз мүдделерін
білдірулері, қоғамдық-саяси ұйымдардың рөлі ерекше. Қоғамдық - саяси
ұйымдар қандай да әлеуметтік немесе саяси топтардың мүдделерін қорғау
арқылы мсмлекеттік билікке ықпал етіп, қоғамдық-саяси өмірді жандандыра
түседі. Осындай әрекеттер, қоғамда саяси күресті туындатады. Әрбір қоғамдағы
саяси күресте саяси партияларсыз мүмкін емес. Партия мемлекетке қарағанда ол
қоғамдық ұйым болып табылады. Бұл әрекеттер әлеуметтік топтардың
мүдделерін білдіреді. Партиялардың өздерінің әрекеттерін реттеп, мүдделерін
білдіретін жарғылары мен бағдарламалары болады.

Қазіргі кезде саяси партиялар электораттың дауысын өз кандидаттарын билік құрылымдарына сайлау үшін құрылған дауыс жинау институтына айналып барады.

В)Мемлекет дегеніміз - ел территориясында тұратын
халыққа өз билігін жүргізетін қоғамның біртұтас саяси ұйымдасуы. Ол міндетті түрдегі
құқықтық бұйрықтар шығарады, оның басқару және мәжбүрлеу аппараты, өзінің
дербестігі болады. Мемлекетті, оны мемлекеттік емес ұйымдардан
ажырататын сипаттары болады. Тарихтан мемлекеттің бірнеше түрлері белгілі.
Мемлекеттің типтерін айқындауда экономикалық қатынастарды негізге
алатын, қоғамдық-экономикалық-формациялық ұғымдағы көзқарас (Маркс,
Энгельс, Ленин) мен өркениеттілік ұғымдағы көзқарастар (Еллинек, Крюгер, Гэлбрейт, Тойнби) өмір сүріп келеді. Қоғамдық-экономикалық формациялық -
көзқарас бойынша мемлекеттер, құл иеленушілік, феодалдық,
капиталистік, социалистік болып әртүрлі тарихи кезеңдерге бөлінеді. Ал өркениеттілік ұғымдағы

көзқарас бойынша - мемлекеттср - ежелгі шығыс, ежелгі афиналық, ежелгі римдік, орта ғасырлық, қазіргі заманғы мемлекеттер болып бөлінеді.

Мемлекеттің өз функцясы бар. Ол ішкі және сыртқы функциялар. (Мемлекеттің функциясы дегеніміз - оның іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары. Мұнда мемлекеттің әлеуметтік міндеттері іске асырылады). Ішкі функцияларға экономикалық, әлеуметтік, халықты бақылау, құқық қорғау, экологиялық функциялар кіреді.

Сыртқы функцияларға - өзге мемлекеттермен қарым -қатынас, елді сыртқы агрессиядан қорғау.

Мемлекеттің түрі ретінде - басқару түрін (монархия немесе республика) территориялық ұйымдасу түрін (унитарлық, федеративтік) сондай-ақ қандай да бір мемлекетте орнаған саяси тәртіптің түрін (тоталитарлық, демократиялық) айтамыз.

Мемлекеттің пайда болуы жөнінде әртүрлі көзқарастар мен теориялар бар. Олар: табиғи-құқықтық (келісімділік.Ж.Ж.Руссо) материалистік (Маркс, Энгельс Ленин).органикалык (Аристотель, Спенсер) Психологиялық (Петрашевский), зорлық-зомбылық теориясы (Дюринг, Гумплович, Каутский).

Бақылау сұрақтары

  1. Постиндустриалды қоғам термині
  2. Қоғам өмірінің негізгі салалары
  3. Саясат философиясы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: