р/с | Саяси түсініктер | Аңықтамалары |
Саяси тәртіп (режим) | саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс – тәсілдер жиынтығы. | |
Скиперт | монархиялық биліктің нысаны, Ол қымбат тастармен неше түрлі өрнектермен әсем бедерлермен безендіріледі | |
Регент | монархиялық елдерде монархтың (хан, патша, король т.т.) жасы толмағандығына, ұзақ науқасқа шалдығуы немесе орнында болмауына байланысты мемлекеттік уақытша басқаруға тағайындалған адам | |
Милитаризм | жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат | |
Диктатор | заңмен санаспай күштеу мен қудалауға сүйенетін билеп төстеуші | |
Авторитаризм | жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. | |
Волюнтаризм | саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты. | |
Диссидент | үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоғам өмірінің әр түрлі, әсіресе саяси жақтарымен келіспей ашық қарсы шыққан адамдарды айтады. | |
Монархия | мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін. | |
Тоталитаризм | әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. |
8) Мәнжазба тақырыптары
1. Саяси режим саяси билікті жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдер жиынтығы.
2. Саяси-құқықтық режим қамтамасыз ететін қоғамдық институттар.
3. Әр түрлі саяси режимдер жағдайында ақпарат құралдарының рөлі.
4. КСРО кезіндегі саяси режим: ерекшеліктері, дамуы, дағдырыс пен ыдырауы.
5. Қазіргі Қазақстанда саяси режимнің конституциялық бекітілу процесі.
9) Әдебиеттер
1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004
2. Арендт Х.Истоки тоталитаризма. М.,1996
3. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М.,1993
4. Даль Р.О демократии. М.,2000
5.Медушевский А.Н. Демократия и авторитаризм: российский конституционализм в сравнительной перспективе. М.,1998
6. Назарбаев Н. Критическое десятилетие. Алматы, 2003
1) №10 Сабақ
Тақырып Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
2) Сабақ мақсаты: Саяси жаңарудың қоғамның дамуындағы маңызың көрсету. Қоғамды демократияландыру мемлекеттің дамуындағы қажетті алғышарттардың бірі екенін дәлелдеу.
3) Семинар жоспары:
1. Демократияның тарихи формалары.
2. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары.
3. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
4. Демократияның Қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалары.