Туристік мекемелер

Туристік мекемелерге туристік базалар, туристерге қызымет көрсетьетін бағыттардағы туристік тұрақ жайлар, альпинистік лагерлер, қонақжайлық кәсіпорындары (саяхатшылар мен экскурсанттарды орналастыруға арналған қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдер) жатады. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның туристік торлардың мекемелері шамамен 50 мыңға дейін адам қабылдай алады. Туристік базаларда ұйтайтын ғимараттар, кино және ойын залдары, кітапхана, медициналық қосын, жабдықталдған жағажайлары, спорт құралдарын жалға беретін қосыны бар. Көптеген мекемелер жыл бойы жұмыс істеп біршама жақсы қызымет көрсетеді. Қазақстанда жақсы дамыған Шыңбұлақс ыяқты тау шаңғысы шипажайы мен жеке спорттық клубтардың құрамына қонақ үй-мейманхана кешенінен басқа жабдықталған күрделілігі әр түрлі аспалы арқанды жолдармен, спорттық құралдарменжабдықталған. Қапшағайдағы, Ертістегі басқада аумақтардағы желкенді қайық спорт клубтары қымбат бағалы яхталармен, оларды жөндеу құралдарымен, айлақтармен, туристерді орналастыратын қонақүйлермен жабдықталған.

Спорттық туризм кәсіпорындарында аңшылық шаруашылық аумағында аңшылар мен балықшылардың азаматтық және әскери қоғамдары құратын аңшылар мен балықшылар үйлері ерекше орын алады. Олар кәсіпорындар мен қоғамның қорының есебінен қаржыландырылады. Олардың кейбірлерінің біршама жақсыжабдықталға шағын қонақ үйден, орман қыстаулары, орман мен су арқылы қозғалуға жарамды көліктер сыяқты материалдық-техникалық базасы болады. аңшылық маусымында оларда аңшылар мен балықшылар орналасады.

Теңізге шығатын су жолдары жақсы дамыған ТМД мен алыс жақын шет елдерде біршама жақсы жабдықталған материалдық-техникалық базасы бар туристік теплоходтар ерекше орын алады. Онда қауызы, мейманханасымузыка салондары ойынжайы бар жоғары сыныпты жүзбелі қонақ үйлер болады.

Қазақстандағы туристік мекемелер торы негізінен халық тығыз қоныстанған тау алды аудандарымен Еліміздің солтүстігіндегі қарағайлы орман шоқтары мен көлдері бар аумақтарда ірі қалалар мен шипажайлы аймақтарда шоғырланады.

Экскурсиялық қызымет көрсетуді қамтамасызететін мекемелерге экскурсиялық-туристік бюролар жатады. Олардың материалдық-техникалық базасы шағын кеңселік бөлмелерден, кітапхана және әдістемелік бөлімнен тұрады.

Рекреациялық торды рекреанттармен қамтамасызетумен туристік фирмалар айналысады. Олар тұтынушылармен жақсы байланыс орнату үшін құжаттық байланыс құралдармен (заманауи ақпараттық жүйеге ене алатын компьютер, телефакс, телекспен), тартымды жұмыс бөлмелерімен жабдықталуы тиіс.

Туристік торлардың басты қасиеті оның барлық жерлерге таралуы. Туризм ресурстарына елдің барлық аумағы жатады. Барлық торды бір-бірімен туристік бағыттар байланыстырады.

Туристік мекемелердің ішінде рекреациялық бақтар ерекше орын алады. Олардың ең ірілері ұлттық табиғат бақтары. Қазақстан аумағында ғы олардың саны 12. Болашақта олардан басқа серуендік пейзаждық, саңырауқұлақ-жидек теретін, ат, аңшылық, табиғи-тарихи (Сайрам-Өгем, Ордабасы, Таңбалы) рекреациялық бақтар құру жоспарлануда.

Қазіргі кензеңде аквобақтар, диснейлендтер, сыяқты басқада көптеген көру және көңіл көтеру индустриясы кәсіпорындары қарқынды дамуда.

Бүгінгі таңда ірі өндірістік қалалар маңында бұқаралық сипаттағы демалыс түрлеріне саяжайлық рекреация жатады.

13.3 Рекроеациялық инфрақұрылымдарды орналастырудың түйінді мәселелері

Рекроеациялық инфрақұрылымды орналастыруды оңтайлдандыру бірнеше деңгейде нақтылауды қажет етеді. Жоғары деңгейдегі нақтылау рекреациялық инфрақұрылымның жекелеген өңірлерде даму қарқыны мен үлесін анықтау, оны дамытудың мақсатын, нормативтерін, халықтың рекреациялық қажеттілігін өтеуді қамтамасызету және аумақтық еңбек бөлнісінің ең жоғарғы тиімділігін мәселелерн қарастырылады. Өңірерде рекреациялық инфрақұрылымның даму қарқыны осы екі бірлікт мақсатқа қолжеткізуді қамтамасызетуі тиіс.

Рекреациялық қызыметкөрсетудің өңірлік нормативтері рекреациялық инфрақұрылымды орналастыру факторларын жан-жақты оқып-үйрену, рекреацияның даму үдерісін анықтайтын факторлар негізінде белгіленуі тіс. Ммәселенің түйінін шешудің перспективті жолы аумақтық түзетулер енгізуге арқылы бюджетті тиімді нормативтеуді пайдалану болып табылады.

Рекреациялық шаруашылық пен шипажайларды дамытуды өңірлдік жоспарлау кезінде экономикалық, әлеуметтік міндеттерді шешу барысында байқалатын қызыметтік және кеңістіктік тәуелділіктің күрделігі өңірлік зерттеу әдістерін жеьтілдіруді қажет етеді. Бұл деңгейде жүйелілік талдау, математикалық үлгілеу, экономикалық-математикалық әдістер қолданылады.

Екінші деңгейдегі нақтылау аумақтық таксономиялық бірліктер шегінде рекреациялық инфрақұрылымдарды тиімді орналастыруға жауап береді. Бұл мәселе бірқатар жеке мәселелерді дербес шешуді қажет етеді.Бірінші кезекте өңірдің құрамдас бөліктері қалалар мен ауылдық елді мекендерде, шипажайлардың сәулеттік жобалау аудандарында рекреациялық инфрақұрылым нысандарының торларын орналастырудың әдіснамасыжасау жетекші орын алады. Бұл міндетті дұрыс шешу үшін аталған аумақта тұрақты және уақытша тұратын тұрғындардың рекреациялық инфрақұрылым нысандарын пацйдалану сипатын анықтау қажет.

Рекреациялық инфрақұрылым нысандарын тиімді орналастыру мәселелері оларды орналастыру қағидаланын негіздеуді талап етеді. Рекреациялық инфрақұрылымдарды аумақтық ұйымдастыруға халықтың қозғалыстары, тұратынорындарын ауыстыруы, өндірістіңк және қоғамдық іс-әрекеттерінің сипаты, қозғалғыштығы, демалысқа, оқуға, мәдени дамуға деген қажеттіліктері туралы ақпараттар негіз болады. Жергілікті халықтың өмір сүру нышандарын оқып-үйрену негізінде рекреациялық инфрақұрылымдарды орналастыру қызыметкөрсетуге кететін уақыт пен шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым нысандарын орналастыруды оңтайландыру міндетін шешуді бұлай қою мақсат пен қызыметтің, оңтайлылықтың өлшемдерін таңдауды қажет етеді. Оңтайлылық өлшемдері-бұл рекреациялық инфрақұрылым нысандарының әлеуметтік-экономикаслық қызыметтерін сапалы орындауының санмен алынған көрсеткіштері. Тұрғындар үшін ең жоғары қолайлылық көрсеткіші рекреациялық қызыметті алуға кеткен ең аз уақыттың жиынтығы болып табылады.

14- дәріс. Бағдарламалық туризм және олардың түрлері

  1. Бағдарламалық туризмге түсініктеме
  2. Бағдарламалық туризмнің түрлері
  3. Туризм сферасында бағдарламалық туризмнің жетістіктері

Туристік өнімді әлемдік нарыққа ұсыну үшін жарнама қажеттілігі туындайды. Бұл мәселені шешу үшін болашақта Қазақстанның ұлттық каллориті бар жарнамалар жасалынуға тиісті:

брошюра (кітаптар) - олар көркем безендірілген, тартымды әрі қызықты болуы керек. Олардың кейбіреуі кең таралымда болуы мүмкін. Мысалы, туристік агенттіктерде. Олар қонақтар назарын өзіне аудара алатындай болғаны жөн және мынадай мәліметтер жинақтауы қажет: туристер нені тамашалап, нені бастан өткере алады; межелі орынға қалай жете алатындығы туралы; нені алдын-ала ойластыру керектігі жөнінде; мәселен, бөлмеге, рұқсатнамаға, арнайы құрал-жабдықтарға тапсырыс беру керектігі жайлы түсініктеме алады. Демалыс орнындағы жағдайлар мен қолайлы қызмет салалары, төмен құны туралы қысқаша мәліметті де брошюра мен буклеттерден алуға болады [66].

Туристер арасында шетелдік қонақтар көп болса, әр тілдегі басқа да брошюралар жалпы мәліметтерден хабардар етеді: сол аймақты қысқаша сипаттау; жан-жақты мәліметі бар карталар; ережелер мен ұсынымдар тізімі – қонақтардың өз уақытын анағұрлым мәнді де пайдалы өткізуіне игі әсерін тигізеді.

Қорыта айтқанда ұлттық саябақтардың еліміздің экологиялық және танымдық туризмді дамытудағы алар орны ерекше. Туризм енді дамып келе жатқан біздің елде ұлттық саябақтар санын көбейтіп, оны дұрыс ұйымдастырып, қолға алынса осы саланың өзінен-ақ экономикаға біраз табыс түсері анық.

Тірек сөздер: Бағдарламалық туризм, туристік өнім, туристік кәсіпкерлік, туристік орталық, туристік фирма, туристік агенттік, туристік кластер, туризтік қызмет, туристік маусым, туристік статистика, туристік жарнама

15- дәріс. Аймақтық туризм

  1. Аймақтық туризмің мәні
  2. Аймақтық туризмнің қазіргі уақыттағы өзекті мәселелері
  3. Туризмді аймаққа бөлу.

Ландшафтардың көп түрлілігі, бай мәдени мұра – өз кезегінде аудандар тұрғындарының тұрмысы мен игілігін арттыруға жәрдемдесетін, олар арқылы ерекше қорғалынатын аумағы бар аудандар экономикасына үлкен үлес қосуға болатын экотуризмінің фундаментін қалыптастыратын факторлар.

Туристік рекреациялық зона- көбіне ұзына бойы орналасқан, көрікті, көгалды жерлердегі, тау іші және тау етегі аумақтардағы, көл, бөгендер, теңіз және мұхит жағалауларындағы, темір және автомобиль жолдарының бойындағы, рекреациялық мүмкіндіктерге ие (жағажай, емделу және демалыс орындары т.б) қосымша туристік қызмет орындары және экскурсиялық орындар бар адамдардың танымдық, демалыстық, емделу-сауықтыру қажеттіліктерін қамтамасыз ететін аумақтар. Туристік-рекреациялық зоналарға мысал ретінде Іле Алатауы бойын, Шортанды –Бурабай аумағын, Ресейдің (Анападан Адлерге дейін)және Грузиялық (Леселидзеден Батумиге дейін) Қара теңіз жағалауы, Қырым жағалауларын т.б. айтуға болады.

Туристік аудан немесе туристік орталық-өзінде және төңірегіндегі орналасқан туристік ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет кешені қалыптасқан аумақ, табиғи нысан, қала. Туристік ресурстар мен нысандар туристік аудандардың немесе орталықтардың төңірегіне шоғырланып орналасады.Олар: туристік базалар, қонақ үйлер, пансионаттар, туристік және экскурсиялық нысандар тамақтану және сауда, спорт орындары т.б. Туристік орталықтарға Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи, Ялта, Бұхара, Сергиев Посад, Алматы, Псков, Самарқанд, С уздаль,Бакуриани, Юрмала қалалары, Эльбурс маңы жатады. Туристік аудандар туристік-рекреациялық зоналар бойында да орналасады. Оған мысал Ресейдің Қара теңіз бойындағы (Краснодар өлкесі) Сочи ауданы және Қырым туристік-рекреациялық зонасындағы Ялта туристік ауданы.

Тірек сөздер: аймақтық туризм, аймақаралық туризм, туристік рекреациялық ресурс, рекреациялық ресурстарды бағалау, туристік аудандастыру.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: