Пальпация

Объективті тексеру

Status praesens

· Жалпы жағдайы – орташа деңгейлі ауырлықта

· Төсектегі қалпы – белсенді

· Ақыл – есі – анық

· Бет әлпетi –қалыпты, өзгермеген;

· Басы мен мойнының анатомиялық даму өзгерістері жоқ, бассүйектері мен бет сүйектерінің көлемі сақталған, пальпация жасағанда ауырсынусыз. Мойын пішіні өзгеріссіз, қалқанша без үлкеймеген, кеңейген қантамырлар мен пульсациялар жоқ;

· Ауыз қуысын қарау – қалпы, бұрыштары симметриялы, ерні қалыпты қызғылт түсті, аузының шырышты қабаты қызғылт, ойылулар жоқ, тілі құрғақ, жабынсыз;

· Дене бітімі – дұрыс, нормостеник, дене температурасы 37,5°С;

· АҚҚ: 110\70 мм.сын.бағ

· Тері жабындары:

1. түсі – сәл бозарған

2. терінің эластикалығы мен қатаюы төмен

3. ылғалдылығы орташа

4. эритема, дақ, розеола, папула, көпіршіктер, язва жоқ;

5. тыртықтар жоқ;

6. шашы қалыпты, жасына сай.

· Тері асты май қабаты: жақсы дамыған, біркелкі емес, көзге көрінетін ісінулер жоқ

· Лимфа түйіні – жақасты, мойын, шүйде, бұғана үсті, қолтықасты, шынтақ, шап лимфа түйіндері пальпацияланбайды;

· Сүйектері: сүйектері қалыпты, деформация білінбейді, пальпация, перкуссия кезінде ауырсыну сезімі жоқ;

Тыныс алу жүйесі:

· Тыныс алу сипаты – мұрынмен, еркін, тынысы қалыпты, мұрын пішіні өзгермеген, мұрын ішіндегі қалқанының қисаюы байқалмайды;

· Кеуде пішіні – қалыпты, тыныс алу актісіне бірдей қатысады.

· Тыныс алу түрі – қалыпты бірдей; Тыныс алу жиілігі – 18 рет/мин, тыныс алу режимі дұрыс;

Аускультация

Қалыпты өкпелік дыбыс, тыныс шулдары везикулярлы;

Патологиялық сырылдар, сықыр, плевра үйкелісі естілмейді;

Жүрек – қантамыр жүйесі:

· Патологиялық пуьсациялар (ұйқы артериясының пульсациясы, «Каротидтер биі», «мысық пырылы») байқалмайды. Бауырлы және эпигастральды пульсациялар байқалмайды.

Аускультация

· Жүрек ырғағы – қалыпты синусты ырғақ

· ЖЖС (ЧСС)= 76 рет/мин

· Тондары анық қалыпты

· Патологиялық шулар естілмейді

Пульс және артериялық қан қысымын өлшеу

PS=76 рет/мин

АҚҚ=110/70 с.б.б.

Пульс толық қалыпты ырғақты

Асқорыту жүйесі:

· Тәбеті – төмен, өткір майлы тағамдарға жиіркену;

· Ауызда дәм сезінуі қалыпты;

· Жұтынуы бос, ауырсынусыз;

· Қыжылдау – тамақтың түрі мен және қабылдау мерзіміне байланысты;

· Кекіру – бос, қышқыл;

· Гиперсаливация, жүрек айну;

· Іштің кебуі, ауруы; ауырсыну – эпигастрийдің оң жартысында Шоффар аймағында орналасады және оң аймақтарға таралады – бұл ұйқы безінің басының зақымдануые көрсетеді. Әдетте ауырсыну сезімі – майлы, қуырылған, өткір тағамды ішкеннен 40-60 мин өткеннен кейін ауыру күшееді;

· Нәжісі – ретсіз, кейде іштің қатуы байқалады, нәжіс сипаты – қалыпты, түсі қоңыр, қорытылмаған тағам қалдықтары;

· Іші – қалыпты, тыныс алу актісіне қатысады, іштің, теріасты веналарының кеңеймеген;

· Ауыз қуысы – тілі – құрғақ, жабынсыз,таза, язва, сезаттар жоқ; ауыздың шырышты қабаты, қызыл иегі, қызғылт, қан құылулар жоқ;

Пальпация

· Беткей пальпация жасағанда – ішті сағат тіліне қарсы бағытта салысырмалы және ориентарлы пальпация жасағандаауырсыну байқалған жоқ, құрсақ бұлшықеттері қатаймаған, жарық,тыртықтары жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы – теріс;

· Образцов – Стражеский бойынша терең сырғанату әдісімен пальпация жасағанда – барлық ішектері – қалыпты, ауырсыну жоқ, жылжымалығы, консистенциясы қалыпты, шұрылдар естіледі.

· Іштің терең пальпациясында ұйқыбез басының зақымдануына тән белгілер:

1. Шоффар зонасындағы ауырсыну – кіндіктен өткізген вертикальды және горизонтальды сызықтар аралығында оң жақтағы тік бұрыштың биссектрисасының ішкі жағындағы аймақ;

2. Дежарден нүктесіндегі ауырсыну – кіндікті оң қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары орналасатын нүктеде.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: